Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі еңбек көші-қонының құқықтық механизмдері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық құқық кафедрасы

Курстық жұмыс

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі еңбек көші-қонының құқықтық механизмдері

Орындаған:

ХҚ факультетінің

Күндізгі бөлімінің

1 курс магистранты

Маханбетов Е. С.

Ғылыми жетекші:

Сайрамбаева Ж. Т

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

з. ғ. к., доцент Айдарбаев С. Ж.

. . .

« » мамыр 2009 ж.

Алматы

2009

МАЗМҰНЫ

Қабылданған қысқартулар тізімі . . . 3

Кіріспе . . . 4-7

1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі еңбек көші-қонының құқықтық механизмдері . . . 8-28

1. 1 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбек көші-қоны мәселелері бойынша ынтымақтастықтың пайда болуы және даму этаптары . . . 8-14

1. 2 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбек көші-қоны мәселелерін құқықтық реттеу . . . 15-22

1. 3 Еңбек көші-қонының өзектілігі мен үрдісін реттеу . . . 23-28

Қорытынды . . . 29-31

Библиография . . . 32-33

Қабылданған қысқартулар тізімі

ҚР - Қазақстан Республикасы

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

ХЕҰ - Халықаралық Еңбек Ұйымы

ХКҰ - Халықаралық Көші-қон Ұйымы

КО - Кеңес Одағы

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ПАА - Парламентаралық Ассамблея

ЕО - Еуропалық Одақ

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еңбек көші-қоны бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Қызмет көрсету, өнім өндіру үшін және олармен алмасуда қолданылатын ақпараттық және тасымалдаушы желілердің қауырт дамуымен сипатталатын қазіргі әлемдік экономикада халық қозғалысының белсенділігі артып келеді. Адамдардың халықаралық қозғалысы қазіргі әлемнің өзіне тән сипатына және жаһандану процесінің айнымас бөлігі болып табылады.

Адам құқықтары саласында халықаралық нормаларға сәйкес Тараптар еңбекші-мигранттардың құқықтарының бұзылуы, жыныс, жас, нәсіл, тіл, этникалық және әлеуметтік ата-тегінің, азаматтық, отбасылық және мүліктік жағдайының белгісі бойынша, сондай-ақ кез келген басқа да белгі бойынша кемсітудің кез келген нысандарына жол берілуі. Еңбек көші-қонының дамуы, көшіп-қонушылар құқығының қорғалуын қамтамасыз ету, көші-қон үдерістерін экстремизм мен терроризм мақсатында пайдаланумен байланысты қауіптерге қарсы тұру.

Сонымен бірге, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шеңберіндегі еңбектенуші- көшіп-қонушылар жанұясының мүшелерінің міндеттері мен құқықтарына қатысты нормаларға сәйкес жүзеге аспауы. Бұл тұста мүше-мемлекеттер ұсынған нормалар еңбектенуші- көшіп-қонушылар мен олардың жанұяларының құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияның жаңа жобасында реттелу жоспарланып отыр, қазіргі таңда бұл еңбек, көші-қон және халықтың әлеуметтік қорғалуы бойынша үкіметаралық Кеңесші кеңеспен қаралып жатыр.

Мемлекеттің көші-қон саясаты еңбек күшінің экспортер-елдеріне қатысты қаншалықты көлеңкелік халықаралық еңбек нарығының кеңеюін ушықтырушы фактор болып табылады, себебі квоталау мен лицензиялаудың мемлекеттік жүйесі көлеңкелік жұмысшылар секторына мемлекеттің талаптарына жауап бермейтін жұмысшыларды ұсынады.

Бұл тұста, көптеген мемлекеттердегі көлеңкелік секторды бақылау бойынша келесідей батыл шаралар белгіленді: квоталауды, лицензиялауды, репатрияцияны, депортацияны ұйымдастыратын қатаң көші-қон бақылауы; жасырын жұмысшылар күшін пайдаланатын жұмыс берушілірге айыппұл санкцияларын қолдану; халықтың жұмыспен қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың жетілдірілуі, заңсыз көші-қонға жол бермеуге бағытталған сәйкес халықаралық келісімшарттардың жасалуы.

Жаһандану үрдісіндегі көші-қонның қоғамдық даму үрдісіндегі өзектілігіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының баяндауы бойынша, халықаралық көші-қонды дамытудың өзгешелігі, әлемдік жүйедегі көші-қонның негізгі элементі болуы, сауда, қаржы сияқты әлемдік деңгейде назар аудару керек. 1

Ең басты мәселе болып, адам құқығының қағидасына сәйкес көші-қонға байланысты еркін қозғалу туралы барлық адам құқықтары халықаралық келсімдерде бекітіліп көрсетілген.

Ғылым мен практикада еңбек көші-қоны жөнінде көптеген ой-пікірлер, көзқарастар кездеседі.

Кеңейтілген тұжырымдамада еңбек көші-қоны - негізгі қозғаушы күші жұмыс іздеу болатын, тұрақты мекен жайын ауыстыруын қарастыратын, жұмысқа тұру мақсатындағы халықтың қозғалысы деп қарастырлады. Кейде еңбек көші-қоны түсінігіне коммерциялық қызметпен байланысты көші-қон формаларын да жатқызылады.

Тар мағыналы тұжырымдамада еңбек көші-қоны - халықтың тұрғылықты жерін өзгертпейтін, жұмысқа тұру мақсатындағы уақытша қозғалысы деп қарастырлады.

1949-жылы Халықаралық Еңбек Ұйымының конвенциясы « еңбек етуші -мигрант » терминіне бір елден екінші елге жұмыс істеу мақсатындағы көшіп-қонатын тұлға деп анықтама берген. 2

Еңбек көші-қоны экономика мен қоғамды дамытатын, мәдениетті байытатын, жұмыскерлерді тартатын әлеуметтік және экономикалық күш болуы мүмкін. Бұл процестің позитивті импульсін сезінген дамыған елдердің көші-қон саясаты соңғы екі он жылдықта айтарлықтай өзгерді.

Халықаралық жүйеде дамытудың талабы, көші-қонға көзқараспен артықшылықтарын өзгертуіне мемлекеттердің көші-қон саясатына қызығушылықтарымен қабілеттіліктерімен жетістіктерін тепетеңдігін ұстануы. Халықаралық қатысушы субьектілердің осы үрдісті реттеу және дамыту мақсатында, халықаралық құқықтық механизімдердің аймақтық деңгейдегі ерекшелігі. Аймақтық деңгейдегі белгілі бір мемлекеттердің көші-қонға байланысты мәселелерді шешуге нәтижелігі болып табылады. Аймақтық халықаралық механизмі халықаралық құқықтағы ережелермен қағидалар және әмбебап халықаралық құқықтық құжаттарға негізделуі.

Тақырыбтың зерттелу деңгейі. Тақырыбты зерттеу кезінде еңбек көші-қоны мәселелеріне байланысты Ресей мен Қазақстан республикасының ғалымдарының көптеген әдебиеттер мен монографиялар, мақалалар пайдаланып зерделенді. Қазақстан республикасының заң әдебиеттерінде халықаралық көші-қон құқығын реттеу үрдісінің құқықтық мәселелеріне байланысты әдебиеттерде қаралмаған. Көші-қонды реттеу мәселесі: конститутцияда, әкімшілік, қылмыстық, халықаралық экономикада және еңбек құқықтарының шеңберінде көрсетіледі. Осы тақырыбқа орай Қазақстан республикасының авторларының еңбектерін атап өтуге болады; Копабаев О. К. Сарсембаев М. А. Сабикенов С. Н. Айдарбаев С. Ж.

Теориялық практикалық жағдайларын зерттеу кезіндегі нәтижесі, реттемелерін құрастырлуы Ресей ғалымдарын атап айтатын болсақ; Алексеева И. Пискуна О. Садовской Е. Ю. Колосова Ю. М. Шумилова В. М.

С. В. Рязанцевтің ТМД еңбек көші-қонның өзектілігінің үрдісін реттеу деген мақаласында еңбекші көші-қондардың құқықтары мен міндеттеріне байланысты қарастырылған.

Зерттеу обьектісі. Халықаралық құқықтағы еңбек көші-қонының құқықтық мәселелерінің үрдісін реттеу.

Зерттеу пәні. Халықаралық құқықтағы мәселелердегі еңбек көші-қонының жаңа әлемдік деңгейдегі әдістермен халықаралық құқықтық ынтымақтастықты дамыту.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты халықаралық құқықтық реттеудегі ХЕҰ аясында қабылданған бағдарламада көші-қондық үрдісті жан-жақты толық дамыту бағыттары құқықтық институттың базасын дамыту, көші-қонның қызметтің жұмысшыларын оқыту және тәжірибе алмастыруға жіберу.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер қойылып, шешіледі

  • Еңбек көші-қонның құқықтық механизмдердің реттеу процестерінің кешенді теориялық сараптама жасау.
  • Еңбек көші-қонның процестерінің қазіргі әлемдегі даму заңдылықтарын және оны реттеудің институтционалдық негіздерін анықтау.
  • Еңбек нарығындағы жасырын көші-қон процестерін заңдастыру жөнінде ұсыныстар жасау.
  • Халықаралық құқықтағы еңбек көші-қонның өзекті мәселелерге байланысты интеграциялық бірігу.
  • Мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту.
  • Ұлттық заңнамаларды дамыту және қабылданған келісімдерді тәжірибеде дұрыс қолдану.

Зерттеу жұмысының эмпирикалық негізін жинақталған практикалық материалдар, халықаралық конференциялар мен кезеңдік басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар, келісімдер құрайды

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Халықаралық құқықтық реттеуде еңбек көші-қонның кешенді және жан-жақты зерттеліп, зерттеуден алынған нәтижелермен қорытындылар жалпы алғанда жүйелігі және логикалық құрылымымен сипатталады. Сонымен қатар көп көлемде халықаралық келсімдер мен конвенциялар талданған.

Жұмысты зерттеу бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  1. Еңбек көші-қонның халықаралық құқықтық реттеу процесі, әмбебап реттеу негізі ( БҰҰ, ХЕҰ, ХКҰ, ) ерекше сипаттары, аймақтық деңгейде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шеңберіндегі келсім шарттар мен келсімдерқазіргі таңдағы тиімді әрекеттердің бірі, еңбек көші-қонның халықаралық процестегі интегрцияның жаһандануы.
  2. Еңбек көші-қонның әлеуметтік экономикалары дамыған мемлекеттердің даму ролі Қазақстан республикасының БҰҰ-ның Еңбекші мигранттардың және отбасы мүшелерінің құқығын қорғау туралы Халықаралық конвенциясына тез арада қосылуын жоспарлау.
  3. Еңбек көші-қонның деңгейін жоғарлату мен біліктілігі жоғары еңбек ресурстарын тартудағы көші-қон саясатының бағыттарын күшейтуге мүмкіндік беретін еңбек көші-қонын реттеуді институционалдық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. Жұмыстың теориялық маңыздылығы халықаралық құқықтағы еңбек көші-қонын тереңдетіп зерттеп, сараптама жүргізіліп келешекте халықаралық құқық саласының көші-қонды дамыту болып табылады.

Тәжрибелік маңызы; еңбек көші-қонын реттейтін нормативтік-құқықтық базаны нақтылайтын ұсыныстар және оларды нормативтік-құқықтық базада, нақты өкілетті органдардың іс-әрекетінде пайдалану ТМД шеңберіндегі еңбек мигранттарын қабылдау процедурасының сапасын арттырады және снымен қатар, отандық еңбек ресурстарының мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың сыннан өтуі. Курстық жұмыс Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында орындалды

Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне бағынған. Курстық жұмыс қысқартулардан, кіріспеден, үш бөлімнен құралатын бір тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімі мен 33 беттен тұрады.

1. 1 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбек көші-қоны мәселелері бойынша ынтымақтастықтың пайда болуы және даму этаптары.

Халықаралық деңгейдегі мемлекеттердің ынтымақтастығы еңбек көші-қонының мәселелерін қарастыру кезінде негізгі мәселелер бойынша, яғни сауда, инвестиция, экономикалық ынтымақтастық, көші-қон. Осыған байланысты мемлекеттердің ынтымақтастығы аймақтық механизмдердің қалыптасуы осы немесе сол аймақта мемлекеттердің ынтымақтастығын қабылдау формасы болып табылады.

Аймақтық деңгейдегі интеграцияның жалпы негізгі ерекшелігі мемлекеттердің шекарасы, тарихы жағынан жақындығы, өндірістік экономикасы, көлік-коммуникациясы, әлуметтік-демографиясы, ғылыми-техникалық қабілеттіктері, және жалпы экономикасы мен сыртқы саясатының қызығушылығының жақындығы.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) негізгі қызметтерін атқаратын құжат, бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы мемлекеттердің басшыларымен 22 қаңтар 1993 жылы қабылданған.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құру туралы Келісім 8 желтоқсан 1991жылы қабылданған, бұл Келісімде 7- бапта Жоғарғы Келісуші Тараптардың мойындауы, бірлескен салалық қызметтерін тепетеңді түрде жалпы үйлестіруші Достастық институтына қатысты. Осы баптың тармақшасында Көші-қон саясаты саласындағы өзара іс-қимылдардың үйлестірілуі мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған. 3

Бұл келісім ең алғашқы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ынтымақтастығын құру туралы Келісім болып табылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысының 4- бабы әлеуметтік және көші-қон саясатына арналған. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер келесі әлеуметтік және экономикалық бағыттар бойынша қызметтестікті жүзеге асырады: нарықтық қатнастардың негізінде ортақ экономикалық аймақты қалыптастыру және тауарлар, қызметтердің, капиталдардың және жұмыс күшінің еркін орын ауысуы; әлеуметтік саясатты бақылаумен ұйымдастыру; ортақ әлеуметтік бағдарламаларды дайындау. Жарғының 19- бабында Достастыққа мүше мемлекеттердің экономика және әлеуметтік сала бойынша, нарықтық қарым-қатнас кезінде жұмыс күшінің экономикалық кеңістіктегі бағыты. 4 Жарғының 5-бабы негізгі құқықтық базаның мемлекет аралық қатнастың Достастық шеңберіндегі көпжақты және екі жақты шарттардың әртүрлі сала бойынша мемлекет мүшелерінің қарым-қатнасы. 5

Бұрынырақ Достастық аймағы бойынша еркін қозғалу мәселелерін реттеу мақсатында 1992 жылы Бішкек қаласында (Қырғызстан республикасы) ТМД мемлекеттері азаматтарының оның мүшелерінің аймақтарында рұқсатнамасыз (визасыз) еркін қозғалуы туралы Келісімге қол қойылды. Ол ТМД мемлекеттерінің аймағында рұқсатнамасыз, тек жеке тұлғаны немесе азаматтығын куәландыратын құжаттың көмегімен кіру-шығу еркіндігі құқығын жүзеге асырды.

1992 жылдың 13 қарашасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-елдердің рұқсатнамаларын өзара мойындау туралы Келісімге қол қойылды. Ол үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың сол аймақта кіріп-шығып, жылжуы үшін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттер тарапынан жасалған. Аталмыш Келісімнің 1 бабында, тараптардың құзіретті органдарымен шетел азаматтарына берілген кіру, шығу және транзиттік рұқсатнамалар тараптармен мойындалады деп мәлімделген. Тараптардың бірімен оның аймағына кіріп, мекендеп, шығуы үшін берілетін аталмыш рұқсатнамалар, оның иелеріне өзге елдердің аймағы арқылы белгіленген орынға немесе үшінші елге шығу бекетіне кедергісіз жылжуына құқық береді.

Ескертетін жайт, аталған келісімдер шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларды ТМД аймағы бойынша еркін орын ауыстырту қатысты ТМД мүше-елдердің заңдарын жақындатудың бірінші талпынысы болды. Сонымен бірге Келісімнің 2 бабында рұқсатнамалардың өзара құпталуы туралы шетелдік азаматтардың өз аймағы арқылы тасымалдық жүрісінің тәртібі мемлекеттің ұлттық заңнамасымен анықталады деп нұсқау беріледі.

Келісімнің ережелерінде сондай-ақ, бекітілген тәртіп бойынша бір немесе бірнеше мемлекеттің аймағына кіру тыйым салынған шетел азаматтарының орталықтандырылған есебін жүргізу туралы келісім мәлімделді. Сонымен қатар, рұқсатнамалық құжаттарды, консулдық алымдар бойынша тарифтерді рәсімдеу тәртібі туралы ақпараттық алмасу жүргізу мен бір-біріне төлқұжат-рұқсатнамалық құжаттардың үлгілерін ұсыну шешілді.

Сонымен қатар, аталмыш халықаралық келісімшарттың белгілі бір артықшылықтарына қарамастан, кейбір мемлекеттер нәтижесінде бұл Келісімнен шығу туралы мәлімдеді. Қазақстан Келісімнен шығуы туралы 2000 жылдың 10 қазанында ТМД Атқарушы Комитетінен алынған нота арқылы хабарландырды. Нәтижесінде мемлекеттер жылжу мәселелерін азаматтардың өзара рұқсатнамасыз жол жүрулері жайлы екі жақты келісімдер жасасу арқылы шеше бастады.

Жоғарыда аталған келісімдерден басқа, 1997 жылғы ТМД мүше-мемлекеттер азаматтарының ТМД-ға кірмейтін мемлекеттерге кіру және шығу тәртібі туралы Келісімді атап өту керек.

Аталмыш Келісім ТМД-ға кірмейтін мемлекеттер шегараларындағы өткізу бекеттері арқылы ТМД-ға кірмейтін мемлекеттерге Достастыққа мүше-мемлекеттер азаматтарының кіру-шығуының тәртібін реттейді.

Келісімге қол қойған мемлекеттер азаматтары Достастыққа кірмейтін мемлекеттерге кіріп, олардан өткізу бекеттері арқылы шетелге шығатын жарамды және тиісті тәсілмен рәсімделген ұлттық төлқұжатпен немесе оларды алмастыратын құжаттың көмегімен шығуға толық құқылы. Сондай-ақ тараптар құжат үлгілерімен алмасып, және олардың берілу тәртібі мен мұндай құжаттардың түпнұсқалығын анықтау бойынша бақылау әдістері туралы бір-бірімен қажетті ақпараттармен алмасып отырады. Сонымен қатар Достастық аймағына кірмейтін мемлекеттердің өткізу бекетіне қажетті құжаттарсыз келген Келісімге мүше-мемлекеттер азаматтары өздері азаматы болып табылатын Келісім тарапының келісімінсіз, кері қайтарылмайды немесе Достастыққа кірмейтін мемлекет билігіне беріле алмайды.

Келісім ережелеріне сәйкес, тараптар рұқсаттама бөлімдерінің тізімімен ауысу, бір-бірін жаңа тармақтардың ашылуы мен олардың мәртебесінің өзгерісі, қызмет ету тәртібі жайлы жылдам ақпараттандыру жайында уәделесті.

Келісім көптараптық ынтымақтастық негізінде мемлекет аймағына кіру мен шығу үдерістерін реттеуге, сондай-ақ бақылаусыз көші-қоннан мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде халықаралық ынтымақтастық еңбек көші-қонының да мәселелерін реттеуі. 1993 жылдың 24 қыркүйегінде қол қойылған Экономикалық одақ құру жайлы Келісімшарт ТМД кеңістігінде жүзеге асыруы бойынша шаралардың кешенді жоспарлары өңделген арнайы келісімдер жасау жолымен сатылы интеграцияны нығайтты.

1994 жылы 15 сәуірде ТМД мүше-мемлекеттер еңбек көші-қоны мен еңбектенуші-көшіп-қонушылардың әлеуметтік қорғалуы аймағындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. 6 Аталмыш Келісім мемлекеттермен еңбек көші-қоны мен еңбектенуші- көшіп-қонушылар мен олардың жанұясының мүшелерін әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында жасалған, және босқындар мен ырықсыз көшірілгендер, қысқы мерзімге келген еркін кәсіп иелері мен әртістерге, сондай-ақ білім алу мақсатында келген тұлғаларға бұл келісім қолданылмайды. Бұл Келісім мүше-мемлекеттермен бекітіліп, өз күшіне енді. Кіріспесіне сәйкес Келісім Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Халықаралық Еңбек Ұйымы, сонымен қатар 1993 Экономикалық одақтың құрылуы туралы Келісімшартты құрайтын нормалар мен ұстанымдарға негізделіп жасалды.

Келісімге сәйкес еңбектенуші- көшіп-қонушы - шыққан мемлекетінің аймағында тұрақты мекендейтін, еңбекке орналастырушы мемлекетте заңды негізде ақы төленетін қызмет түрімен айналысатын тұлға. Сондай-ақ жұмысшы-көшіп-қонушылардың еңбек қызметі еңбекке орналастырушы мемлекеттің еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушімен жасасқан еңбек келісімшартымен рәсімделеді. Еңбектенуші- көшіп-қонушыларды жұмысқа тарту тәртібі оларға біліктілік және басқа да талаптар екіжақты келісіммен қарастырылмаған жағдайда, қабылдаушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес орнатылады. Қабылданатын еңбектенушілердің саны екіжақты келісім негізінде анықталады.

Келісімнің нормаларымен сондай-ақ мүше-мемлекеттермен білімі туралы құжаттар, білімді иемдену туралы құжат, біліктілік мен разряд туралы, еңбек стажы туралы құжаттардың өзара құпталуы жайлы ережелер анықталады. Сондай-ақ еңбектенуші- көшіп-қонушылардың еңбекке орналасу, әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру, кәсіби аурулар мен басқа денсаулығына келген зақымнан келтірілген зиянды өтеу тәртібі мәселелері ұлттық тәртіп бойынша жүзеге асады.

Шегаралық аймақтардағы еңбектенуші- көшіп-қонушылардың еңбек қызметінің дамуын ескеріп, 2005 жылдың қарашасында Келісімге мүше-мемлекеттермен 1994 жылдың 15 сәуіріндегі Келісімге өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі туралы хаттама толтырылды, жекелегенде «шегаралық еңбектенуші- көшіп-қонушы» терминінің регламентациясын реттейді, сондай-ақ шегаралық еңбектенуші- көшіп-қонушылардың еңбек қызметі екіжақты келісімшарт пен мемлекетаралық келісімдердің негізінде жүзеге асатындығы жөніндегі ережені бекітеді. 7

Сонымен бірге, Келісімде еңбектенуші- көшіп-қонушылар жанұясының мүшелерінің міндеттері мен құқықтарына қатысты нормалар жоқ. Бұл тұста мүше-мемлекеттер ұсынған нормалар еңбектенуші- көшіп-қонушылар мен олардың жанұяларының құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияның жаңа жобасында реттелу жоспарланып отыр, қазіргі таңда бұл еңбек, көші-қон және халықтың әлеуметтік қорғалуы бойынша үкіметаралық Кеңесші кеңеспен қаралып жатыр .

ТМД аймағында көші-қон үдерістерді реттеудің маңызсыз емес бағыттарының бірі заңсыз көші-қонды ескерту бойынша мемлекетаралық ынтымақтастық болып табылады.

Заңсыз көші-қон барлық халықаралық қауымдастық үшін тұтастай қиындық туғызады. Заңсыз көшіп-қонушыларды тасымалдау ұйымдасқан қылмыстық синдикаттарға қомақты табыс әкелетін, көптеген қылмыстық ұйымдар үшін есірткінің, автокөліктің, қарудың контрабандасы сияқты кәсіп түріне айналған жаһандық бизнеске айналды. Венада орналасқан көші-қондық саясатты дамыту бойынша Халықаралық орталық мәліметтеріне сәйкес, қылмыстық сектордың әлемдік табысы осы қызмет аясында 5-тен 7 миллиардқа дейін, ал кейбір жылдары 9, 5 миллиардқа дейін жеткен. Трансұлттық қылмыстық қауымдастықтар жыл сайын заңсыз жасырын көшіп-қонушылардың миллионнан астам адамын шығарады. 8

Транзит елдері бірінші кезекте, өз аймағына заңсыз кіруді болдырмау үшін шаралар қолданады. Транзит елдерінен заңсыз шығатындармен күресу - тек пайда әкелмейтін қызмет емес, сонымен бірге айтарлықтай шығынды талап ететін қызмет түрі. Беталыс елдердің заңсыз көші-қон күресі оларды ұстап алып, отанына кері қайтару үшін шығу және транзит елдерінде, және заңсыз көшіп-қонушылардың бір транзит елінен екіншісіне жылжу желісінде жүзеге асады.

ТМД-ға тән жасырын көшіп-қонушылардың келесідей топтарын бөліп қарауға болады:

  • ілгеріректе бұрынғы КСРО-ның әртүрлі оқу орындарында білім алып, оқудан кейін өз елдерінде аяқ алған қолайсыз әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси жағдаятқа байланысты отандарына қайтқысы келмеген шетелдіктер;
  • бұрынғы КСРО-ның аймағында келісімшарт негізінде жұмыс істеп, мерзімі біткен соң, қазіргі таңда жасырын бизнеспен айналысатын шетелдіктер;
  • Достастық мемлекеттеріне жеке шақырулар бойынша келіп, кейін сол аймақта заңсыз мекендеуді көздейтін шетелдіктер;
  • ТМД мемлекеттерінің мемлекеттік шегаралары туралы заңды бұзып, Достастық мемлекеттерінің аймағына заңсыз енген шетелдіктер;
  • ТМД мемлекеттерінің аймағына мерзімі өткен немесе жалған құжатты пайдаланып төлқұжаттық-рұқсатнамалық тәртіпті бұзып, заңсыз кірген шетелдіктер;
  • Достастық мемлекеттерінің аймағында Батыс Еуропа, АҚШ және Канадаға келесі заңсыз шығуды күту мақсатында мекендеп, босқын мәртебесін алуды көздейтін шетелдіктер. 9

Барлық көрсетілген факторлар мүше-мемлекеттерден тетікті жасап, керекті халықаралық-құқықтық құралды жүзеге асыруды талап етті.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекеттердің заңсыз көші-қонмен күресте ынтымақтастығы жөніндегі Келісім 1998 жылдың 6 наурызында ТМД мемлекеттерімен жасалды. 10

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көші-қон
Қазақстан мен Ресей арасындағы Көші - қон мәселелері
Заңсыз иммигранттар
Көші-қон саясаты
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастығы
Қайтымсыз көші - қон
Қазақстан Республикасына шетел жұмысшыларын жұмысқа тарту мәселесі: халықаралық құқықтық қырлары
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы
Халықтың көшіп-қонуын мемлекеттік реттеудің экономикалық мәселелері
Көші - қонның шарықтау шегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz