Бала тәрбиесі



Кіріспе
Негізгі бөлім
Тәрбие туралы түсінік
Тән мен тазалық тәрбиесі
Еңбек пен өнер тәрбиесі
Ақыл.ой тәрбиесі
Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі
Сыр мен сымбат тәрбиесі
Бала тәрбиесі
Тәрбиенің мақсаты мен тәрбиелік кәсіби қызметінің мотивтері
Тәрбие процесінің ерекшеліктері
Қортынды
Педагогика (грек paidagogike) – жеке адамды қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие, білім беру және оқыту туралы ғылым. Тәрбие қоғам үшін әр уақытта да керек болып келді. Онсыз жаңа ұрпаққа білімді және тәжірибиені әр қарай беруге, оларды қоғамдық өмірге тәрбиелеуге мақсат алған. Сондықтан тәрбие жөніндегі педагогикалық ойлар өте ерте кездерде пайда болды. Тіпті, ертедегі Шығыстың қолжазбаларында тәрбие мақсатына қойылатын талап жөніндегі пікірлерді кездестіруге болады. Тәрбиенің мақсаты, міндеті, мазмұны мен құралдары жөніндегі ойлар Демокрит, Платон, Аристотель т.б. ежелгі грек филосовтары еңбектерінде айтылады. Ол ойлар дербес педагогикалық теория емес, философиялық жүйелердің бөлігі ретінде қолданылды. Ежелгі грек философтарының тәрбиенің психология принциптеріне сүйенуі, ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиелерінің бірлігі, адам дамуының жас кезеңдері жөніндегі идеялары келешек педагогикалық ойдың дамуына негіз болды. орта ғасырда Еуропа халықтарының педагогикалық көзқарастарына феодалдық қоғамда үстемдік алған дін ықпалы еді (Т.Мор, Т.Кампанелла, Э.Роттердамский, Ф.Рабле, М.Монтень) адамның жан-жақты және үйлесімді даму идеялары ұсынылды.
Педагогика ғылым ретінде жаңа дәуірде ғана пайда болды. оның негізін қалаушы чехтың педагогы Ян Амос Коменский болды. Ол ХVІІ ғасырда, сауатты адамдар бірлі-жарым ғана болған кезде өмір сүрді. Оқыту мен тәрбиелеудің ол ұсынған көптеген принциптері және ережелері өз маңызын осы кезге дейін жоғалтқан жоқ. Ян Амос Коменскийдің ізін қуушылар француз философы және педагогы Жан-Жак Руссо және швейцарлық педагог И.Г.Песталоции болды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Педагогика (грек paidagogike) – жеке адамды қалыптастыру үшін белгілі
мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие, білім беру және оқыту туралы ғылым.
Тәрбие қоғам үшін әр уақытта да керек болып келді. Онсыз жаңа ұрпаққа
білімді және тәжірибиені әр қарай беруге, оларды қоғамдық өмірге
тәрбиелеуге мақсат алған. Сондықтан тәрбие жөніндегі педагогикалық ойлар
өте ерте кездерде пайда болды. Тіпті, ертедегі Шығыстың қолжазбаларында
тәрбие мақсатына қойылатын талап жөніндегі пікірлерді кездестіруге болады.
Тәрбиенің мақсаты, міндеті, мазмұны мен құралдары жөніндегі ойлар Демокрит,
Платон, Аристотель т.б. ежелгі грек филосовтары еңбектерінде айтылады. Ол
ойлар дербес педагогикалық теория емес, философиялық жүйелердің бөлігі
ретінде қолданылды. Ежелгі грек философтарының тәрбиенің психология
принциптеріне сүйенуі, ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиелерінің бірлігі,
адам дамуының жас кезеңдері жөніндегі идеялары келешек педагогикалық ойдың
дамуына негіз болды. орта ғасырда Еуропа халықтарының педагогикалық
көзқарастарына феодалдық қоғамда үстемдік алған дін ықпалы еді (Т.Мор,
Т.Кампанелла, Э.Роттердамский, Ф.Рабле, М.Монтень) адамның жан-жақты және
үйлесімді даму идеялары ұсынылды.
Педагогика ғылым ретінде жаңа дәуірде ғана пайда болды. оның негізін
қалаушы чехтың педагогы Ян Амос Коменский болды. Ол ХVІІ ғасырда, сауатты
адамдар бірлі-жарым ғана болған кезде өмір сүрді. Оқыту мен тәрбиелеудің ол
ұсынған көптеген принциптері және ережелері өз маңызын осы кезге дейін
жоғалтқан жоқ. Ян Амос Коменскийдің ізін қуушылар француз философы және
педагогы Жан-Жак Руссо және швейцарлық педагог И.Г.Песталоции болды.

Қазақтың ұлы ойшылдары Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, С.Меңдешев,
С.Сейфуллин, Б.Майлин, Т.Жүргенов, С.Көбеев, М.Әуезов, М.Жолдыбаев,
С.Мұқанов қазақ педагогикасына қажырлы еңбек сіңірді.
Тәрбие ісі ой шыңы, қыры мен сыры мол, неше түрлі тәсіл, әдістерді
қажет ететін аса күрделі процесс.
Педагогика адамды тәрбиелеу туралы ғылым ретінде анықталады.
Педагогика категориялары: жеке адамды қалыптастыру, тәрбие, білім беру,
оқыту.

Негізгі бөлім
Тәрбие туралы түсінік
Тәрбие ісі – “ой шұңқыры”, қыры мен сыры мол, неше түрлі тәсіл,
әдістерді қажет ететін аса күрделі процесс. Қазақ халқы арнайы бала
тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары (ясли, балалар бақшасы) болмаса
да , өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме,
ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Халықтық шығармалар
ішіндегі әржақты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұқсас –
бәрі-бәрі балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін шыңдап отырған.
Қазақ отбасында тәрбие ісі ғалым Ш. Ахметовтың зерттеулерінде негізінен
басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден, тәрбие басы алдымен
әдептілікке үйретуді көздеген, әке-шеше баласына “әдепті бол” дегенді басты
міндет етіп қойған. Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді
болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулыған.
Төртіншіден, адал, шыншыл болуға үйреткен. Бесіншіден, өнегелі ұстаз бен
көпті көрген қарияның сөзін тыңдап, “ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол”
дегенді, бойларына біртіндеп сіңіре берген. Алтыншыдан, үлкенді ата-ананы
сыйлап құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі
айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті азамат бол,
әсіресе қарып-қасерлердің табиғи кемдігін (мұрын пұшық, көзі қисық, аяғы
ақсақ т. б.) бетіне баспа деп үйреткен. Сегізіншіден, ел қорғаған батыр
бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді ерінбей-
жалықпай айтып қана қоймай, жеке өнегелер арқылы көрсетіп отырған.
Халықтық педагогиканың әр түрлі жақтарын сөз еткенімізді, алдымен дене
тәрбиесін бірінші орынға қоюдың өзіндік себеп, дәлелдері бар. Өйткені адам
баласы алғаш дүниеге келген күнінен бастап дене тәрбиесі қолға алынады,
содан кейін біртіндеп еңбекке, ойынға үйрету тәрбиесі жүргізіледі. Ақыл-ой
сол еңбектің нәтижесінде қалыптасып дамиды. Ал адамгершілік тәрбиесі
баланың сана-сезімі оянған кезде жүргізілетін тәрбиенің жиынтығы іспеттес.
Енді халықтық педагогикадағы тәрбиенің жекелеген түрлеріне жеке-жеке
тоқталайық.
Тән мен тазалық тәрбиесі
Адамның жеке басының қалыптасып, саналы еңбек ететін азамат болып өсуі
үшін жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі қатар қажет. Жан тәрбиесінің өзі тән
тәрбиесінен туындайтын процесс. Осыны екі ауыз сөзбен топшылаған ата-
бабамыз “тәні саудың-жаны сау” деп қоғамдағы рухани байлықты игеру үшін тән
тәрбиесінің дұрыс болуын қалаған. Баланың жастайынан дені сау азамат болуын
аңсаған. Жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде енелерінің келіндеріне
ақыл-кеңес беруі, үлкендердің сәбиді тұзды сумен шомылдырып, денесін маймен
сылауы, қол-аяғын созып, “өс-өс”деп буындарын бекітуі, шала туған баланы
түлкі тымаққа салып асырауы, оған бие сүтін беруі, қойдың құйрығын сорғызуы-
сол қамқорлықтың айғағы.
Дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, материалдық игіліктерді өндіруде
оның маңызын ерекше түсінген қазақ халқы “Денсаулық - зор байлық” деген.
Еңбек пен өнер тәрбиесі
Еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы
байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Осыны терең түйіп, ой топшылаған
халық:”Еңбек - адмның екінші анасы”, ”Еңбек түбі - береке”, “Жалқаулық
аздырады, еңбек оздырады”, ”Еңбексіз өмір-сөңген көмір”, “Еңбегі қаттының
ембегі тәтті” деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке
тәрбиелеудің мәнісі, сондай-ақ еріншектік, жалқаулық - кісінің соры, жаман
әдет, жат мінез екендігін жас буынға тәптіштеп түсіндірген.
Осы жәйтті терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген
халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс-
тіршілігінде байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді
ойластырған.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер шеберлігін мал
бағып, егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ
шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен
тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де баспанасы да малдың
өнімімен байланысты сатуға араналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, тері илеп, бас
киім мен сырт киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған.
Жастардың сол табиғаттың тылсым күшін меңгеретін өнер иесі болуын
уағыздады. Сол сияқты аңыз әңгімелер мен ертегілерде, эпостық жырларда
басты қаһармандардың дүниеге келуімен немесе үйленіп отбасын құрумен
байланысты ойын-тойларын суреттей отырып, теңге алу, жамбы ату, қыз қуу,
балуан күресі, аударыспақ, ат жарыс, жорға, жарыс т. б. ұлттық ойын-
сауықтарды, көшіп-қонумен байланысты сән-салтанатты баяндайды. Бұл жерде,
біріншіден, халықтың әдет-ғұрпынан, сән-салтанатынан білім, хабар беру
көзделсе, екіншіден, ұлт ойындары арқылы өнерді дәріптеп, жастарды
мергендікке, ептілікке, төзімділікке, ат сайысы өнеріне үйрету көздеген.
Өнерде оза шауып, бәйге алған жастарды халық ерекше қадірлеп, бәйгеден
келген атқа, күресте жеңген палуанға арнап ақындар небір керемет өлеңдер
шығарған.
Ақыл-ой тәрбиесі
Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене еңбегімен
қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет. Өйткені қоғамның дамуы еңбек
пен ғылымның ұштаса өрістеуімен тығыз байланысты. Қоғамдағы барлық байлық -
ой еңбегі мен дене еңбегінің, ғылым мен техника жетістіктернің ортақ
жемісі.
Ақыл-ой тәрбиесі, көріп-білу, жүрекпен терң сезіну- біртіндеп толыға,
молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Көрген-
білгенді ой елегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу
ынта-жігерді, күшті қажыр-қайрат пен талапты керек етеді. “Білімдіден
шыққан сөз, талаптыға болсын кез”- деп тектен-текке айтпаған.
Жастардың тілін ұстартудағы тәрбиенің бір түрі-жаңылтпаш айтқызу.
Жаңылтпаш айтуда көзделетін мақсат, біріншіден , жиналғандарды күлдіріп,
көңіл көтеруболса, екіншіден, әр сөзді тез, шебер, дәл айтуға, тіл
ұстартуға үйрету көзделеді.
Жастарға ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой-санасын өрістету ауыз әдебиетінің
айтыс жанры, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтысы ерекше рөл атқарған.
Жастарды ойланғыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуде дидактикалық ұлт
ойындарының да өзіндік орны бар. Мысалы, бас бармақтан бастап шынашаққа
саусақтардың аттарын жаңылмай жылдам ататтыру секілді санамақ ойыны немесе
ортаға шыққан адамның жаңылмай, шапшаң он ақынның, он өзеннің, онқыздың
атын атауы сияқты күлдіргі ойындар да жасөспірімнің ақыл-ойын кеңейтуде
тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ретінде қолданылған.

Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен,
қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық
қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады.
Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік,
борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды
адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге
байланысты. Осыны ұстаған қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілдікке,
ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп
қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді, қыз
балаларға ибалық жасап, үлкендерге жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді
уағыздаған. Жастардың жадына “сіз” деген сыпайылық, “сен” деген анайылық,
“Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені”, “Кішіпейілділіктен
кішіреймейсің”, “Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді”, “Құдай деген құр
қалмайды” деген қағидаларды үнемі уағыздаған.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі - қайырымдылық, достық. Халық
ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің
екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген.
Еліне қайырымды, бойындағы бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арнаған
дамады “Ел қамын жеген –ер ” деп дәріптеген. “Жақсының жаттығы жоқ”, “Жақсы
– ай мен күндей, әлемге бірдей”, “Жақсы туса-елдің ырысы”, “Жақсы келді
дегенше, жарық келді десеңщі, жақсылықтың лепесін ала келді десеңші” деген
нақылдар жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлайтын абзал азамат екенін
дәлелдейді. Ал бұған қарама-қарсы қара басының қамын халық қамынан жоғары
қоятын өзімшіл, қорқау, қорқақ, алдампаз, опасыз жандарды “Жаман қорыққанын
сыйлайды”, “Жаман адамға мал бітсе, жанын қоңсы қондырмас”, “Бір жаман мың
қолды ірітер, бір құмалақ бір сарымайды шірітер” деп әшкерелеп, жастарды
олардан сақ жүруге шақырды.
Ауыз әдебиетінің асыл үлгілерінде махабат пен зұлымдықтың, адамгершілік
пен екіжүзділіктің, кеңпейілділік пен дүниеқоңыздықтың тартысы арқылы өмір
шындығына оқушының көзін жеткізу, зор адамгершілік қасиетін мәпелеу
сезімдерін ояту көзделеді. Мұндай гуманистік қасиеттерді қастерлеу, оған
деген құштарлық сезімді ояту - этникалық тәрбиенің басты шарты. Халқымыз
өзінің өлең-жырларында, мақал-мәтелдерінде осы қағиданы тәрбиенің басты
мақсаты етіп қойған.
Сыр мен сымбат тәрбиесі
“Отан от басынан басталады” дегендей, балаға имандылық, инабаттылық,
ар, ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету
тәрбиеден туатын үрдіс. “Ананың сөзі-ақылдың көзі” деп қарау, атаның
өнегелі ісін мұра тұту, оның жолын қуу, ән мен қүйді, жыр мен термені
рухани азық ету, зергерлік, іскерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену,
ананың әлдиі, әженің бесік жыры - бәрі тәрбиенің тағылымдары. Бұл
тағылымдар бата беру, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, ат ұстау,
сәлем беру, қонақ күту, қазан ұстау, табақ тарту сияқты ұлттық салт-
дәстүрлер арқылы отбасында насихатталып келді. Ананың әлдиінде үлкен сыр
жатыр. Ана жас сәбиін бесік жырын айта отырып тербетіп, оның келешекте ел
қорғайтын батыр, еңбек сүйетін азамат болуын армандаған. Бөбек пен сәбиге
арналған ананың бесік жырлары мен “өс-өс”, “тәй-тәй” тақпақтарында, “тұсау
кесу” жырлары мен санамақ ойын өлеңдерін айтылар өсиет баланың ой-санасын
өсіруге арналған.
Бала тілі шыға бастаған кезден-ақ өзін қоршаған ортаның ішкі сырларын
отбасынның үлкендерінен сұрап-білгісі келеді.
Бала тәрбиесі
Қазақ халқының көпшілік салт-дәстүрлері баланың дүниеге келуімен
байланысты туған. Отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі - бала.
Н. К. Крупская балаға деген бауырмалдық, жылы жүректік шығыс халқына
тән қасиет екенін айта келіп: “Балаға деген сүйіспеншілікті россиялықтар
шығыс халқынан үйренсін” деп өте орынды айтқан.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары
(ясли, балалар бақшасы т.б.) болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен
бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп
отырған. Бала аяғын дерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми
тұрғыдан сезініп білмесе де, жапан дүзде жолсыз жерлермен жұлдыздаға, түрлі
белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есіту, көру сезімдері шынығып,
құралайды көзге атып түсіретін мерген болған.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің тиімді жетілуі бір мақсатқа, мазмұнға
негізделген тәрбие бағытын қолдайды. Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын
бөлуге болады:
1 Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері.
2 Іс-әрекеттерді ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе
қалыртастыру әдістері.
3 Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістері.

1 Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері.
Көзқарас, түсінік, сенімді қалыптастыру үшін тұлғаның ақыл-ойын
қалыптастыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер сенім, қажетті құлықтың
эмоционалдық жақтарын қалыптастыруда да маңызды орын алады.
Түсіндіру – тәрбиеленушіге эмоционалды - сөзді әсер ету әдісі.
Түсіндірудің әңгімелеуден айырмашылығы - берілген топқа немесе нысаналы
әсер етуде. Бұл әдісті қолдануда педагог ұжым мүшелерінің тұлғалық
сапасына, сыныптың білім ерекшеліктеріне сүйенеді.
Пікірталастар – тәрбиеленушілерді қызықтыратын әртүрлі тақырыптарға
арналған қызу пікір сайысы. Мұндай тәрбиелік әдіс орта және жоғары
сыныптарда әртүрлі қоғамдық-гуманитарлық тақырыптарда қолданады.
Өнеге-өрнек - өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс келесі заңдылыққа
негізделеді: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз
санада бекиді.
2 Іс-әрекеттерді ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе
қалыптастыру әдістері.
Тәрбие талапқа сай тұлға қалыптастыруы керек. Тұлғаның түсінігі,
нанымдары емес, істеген ісі, қылығы оның тәрбиелілігін сипаттайды.
Тұлғаның қажетті қасиеттерін қалыптастырудың біртұтас әдісі - бұл
жаттықтыру. Қоғамдық қылық тәжірибесін игеруде іс-әрекет шешуші рөл
атқарады. Жаттығу нәтижесі - тұлғаның тұрақты қасиеттері - дағдылар мен
әдеттер.
Талап - бұл тәрбиеленушінің белгілі бір іс-әрекетін тежеп не
ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі
қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін тәрбие әдістерінің бір түрі.
Үйрету - бұл пәрменді жасалатын дағдыландыру. Тез және жоғары деңгейде
керекті сапаны қалыптастыру қажеттілігі туғанда осы әдісті қолданамыз.
Тапсырма беру әдісі жақсы нәтижелер береді. Жүйелі тапсырма беру арқылы
оқушыларды дұрыс істерге үйретуге болады.
Тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мен жасанды жағдайдағы қылығын
ұйымдастыру әдісі тәрбиелеуші ситуациялар әдісі деп аталады.
3 Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістері.
Ынталандыру әдісі мақтау мен жазалау болып бөлінеді. Тәрбиеленушінің іс-
әрекетіне қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады. Мақтаудың түрлері:
қолдау, қуаттау, алғыс айту, мадақтау. Мақтау әдісі әдептілік пен нақты
мөлшерді сақтауды талап етеді.
Жазалау - қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа,
адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс.
Тәрбие мақсаты, түсінігі
Педагогтың кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат
қоюдан басталады. Педагогтың балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат
болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны
әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй
белсенділік деп түсіну керек.
Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатта
мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі.
Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағаттанушылық
тудырады.
Тәрбие мақсаты- педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау,
жобалау, дайындау- педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.
Кейде педагог балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын нақты айқындалған
мақсатсыз-ақ орындаған сияқты болады. Бірақ сол бағыт-бағдарсыз бастаған
ісінде қаншалықты сарсаңға түсіп, оңды-солды ұрынғанын, нәтижеге жете алмай
шаршап-шалдығққанында бір-ақ түсінеді. Егер түсінсе!
Шынында да, күнделікті мектептегі педагогикалық тәрбиеде болмыс
көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешілуде, кейде ол мәселе тіпті
естен шығарылады, осыдан “мақсатсыз тәрбие”, яғни жол-жөнекей тәлім етек
алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтың кәсіби қызметінің өнімі жоқтың
қасы, балалар мен ұстаздардың шығармашылық мүмкіншіліктері іске қойылмайды,
ал кәсіптік іскер не істерін білмей, ақырында түңіледі, жұмысынан
қанағаттанушылық рахат көрмейді.
Тәрбиелік істің мұндай келеңсіз жағдайлаының объективті себептері
мақсаттың әлеуметтік-психологиялық табиғатынан туындайтыны түсіне білу
қажет.
Мақсат- субъект сапасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал
байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы. Демек, мақсат-
жағдайлар себепті пайда болуынан , нақты болмыстан алынатындықтан - ол
объективті құбылыс. Мысалы, өмірінде домбыра ұстап, үніне зер салмаған
педагог балаға музыкалық тәрбие беруі мүмкін емес т. б.
Мақсат объективті себептерден бастау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік тәрбие жасау
Жас ерекшеліктеріне сай баланы сауықтыру шараларының маңызы
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеудің теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста салауатты өмір салтын ұйымдастыру
Дене тәрбиесі мақсаты мен міндеттері
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Қыз бала тәрбиесі қазақ халқында
Ислами тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Пәндер