«ЦЕСНАБАНК» АҚ



I. Күнделік

II. Мінездеме

III. «ЦЕСНАБАНК» АҚ Жалпы жағдайы

IV. «ЦЕСНАБАНК» АҚ даму тарихы

V.Клиенттердің депозиттері

VI. Бағалы қағазбен жасалатын операция

VII. Банк қызметі

VIII. Банк персоналы

IX. Несиелік процесстің негізгі мәні, қатысушылары және олардың негізгі қызметі

X. «Шұғыл несие» және оның негізгі талаптары

XI.Қосымшалар
«Цеснабанк» АҚ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасымен, «Цеснабанк» АҚ-ң және Қазақстан Ұлттық Банкінің талаптарына, ішкі несие саясатының ережесіне және «Цеснабанк» АК-ң несиелік тәуекелді басқару саясаты мен басқа да ішкі құжаттарға сәйкес қызмет атқарады.
Банктің негізгі мақсаты:
- банкте несиелік операцияларды жүзеге асыру кезінде бірдей процес орнату;
- несиелік процеске қатысушы қызметкерлердің еңбегін тиімді ұйымдастыру;
- несиелендіру мен Банктің қарыз алушыларына, жалпы клиенттеріне қызмет көрсету сапалығын жоғарлату және қызмет көрсету мерзімін оптималдау;
- банктің ссудалық портфелінің сапасын және оның табыстылығын жоғарлату;
- Банктің қызмет көрсетуді және несиелендіру процесін нақты және тиімді жүзеге асыру;
- банк тәуекелін минимизациялау.
Банктің ішкі құжаттары – Ережелер, Саясат, Жалпы жағдай, Тәртіптер, Әдістер, Банктің Директорлар Кеңесі шешімі, Актив пен Пассивті басқару Комитетінің шешімі, Несиелік Комитеттің шешімі, Банктің несиелік операциясын реттеу құжаттары мен т.б.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

I. Күнделік

II. Мінездеме

III. ЦЕСНАБАНК АҚ Жалпы жағдайы

IV. ЦЕСНАБАНК АҚ даму тарихы

V.Клиенттердің депозиттері

VI. Бағалы қағазбен жасалатын операция

VII. Банк қызметі

VIII. Банк персоналы

IX. Несиелік процесстің негізгі мәні, қатысушылары және олардың негізгі
қызметі

X. Шұғыл несие және оның негізгі талаптары

XI.Қосымшалар

ЦЕСНАБАНК АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙ
Цеснабанк АҚ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының
заңнамасымен, Цеснабанк АҚ-ң және Қазақстан Ұлттық Банкінің талаптарына,
ішкі несие саясатының ережесіне және Цеснабанк АК-ң несиелік тәуекелді
басқару саясаты мен басқа да ішкі құжаттарға сәйкес қызмет атқарады.
Банктің негізгі мақсаты:
- банкте несиелік операцияларды жүзеге асыру кезінде бірдей
процес орнату;
- несиелік процеске қатысушы қызметкерлердің еңбегін тиімді
ұйымдастыру;
- несиелендіру мен Банктің қарыз алушыларына, жалпы
клиенттеріне қызмет көрсету сапалығын жоғарлату және қызмет көрсету
мерзімін оптималдау;
- банктің ссудалық портфелінің сапасын және оның табыстылығын
жоғарлату;
- Банктің қызмет көрсетуді және несиелендіру процесін нақты
және тиімді жүзеге асыру;
- банк тәуекелін минимизациялау.
Банктің ішкі құжаттары – Ережелер, Саясат, Жалпы жағдай, Тәртіптер,
Әдістер, Банктің Директорлар Кеңесі шешімі, Актив пен Пассивті басқару
Комитетінің шешімі, Несиелік Комитеттің шешімі, Банктің несиелік
операциясын реттеу құжаттары мен т.б.

ЦЕСНАБАНК АҚ ДАМУ ТАРИХЫ

1992жыл 17 қаңтар Цеснабанк коммерциялық банкі Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінде тіркелді.
1993жыл мамыр-тамыз Алматы мен Қостанай қалаларында филиалдардың
ашылуы.
1996жылы Банк Ортаазиялық – Американдық Қордың кәсіпкерлерді қолдау
бойынша шағын және орта бизнесті қаржыландыру келісімі жасалды.
1997 жылы мамыр Степногорск қаласында филиал ашылды.
1997 жылы маусым Павлодар қаласында филиал ашылды.
1998 жылы Азиялық дамыту банкінің ауыл шаруашылығы секторы үшін
несиелендіру желісі ашылды.
1998жылы Еуропа жаңғыру және даму банкінің шағын және орта бизнесті
несиелендіру желісі ашылды.
1998 жылы Әлемдік Банкпен жекешелендіруден кейінгі ауыл шаруашылығын
қолдау несие келісіміне қол қойылды.
1998-2001жылдары Дүниежүзілік Банктің Твиннинг бағдарламасына
қатысты.
Банк мамандары 3 бағыт бойынша оқып, тәжірибеден өтті: стратегия, қаржы
менеджменті және ақпараттық технологиялар.
2000 жылдан Цеснабанк АҚ Қазақстан жеке тұлғалардың салымдарына
кепілдік беру (сақтандыру) қорының мүшесі болып табылады.
2001 жылы қыркүйек Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
қорытындысы бойынша Цеснабанк АҚ Екінші деңгейдегі банктердің
халықаралық стандарттарға өту тәртібі туралы ереже талаптарын орындаған
деп танылды.
2003 жылы Ауылшаруашылығы министрлігі өткізген мониторинг нәтижелері
бойынша Банк Дүниежүзілік Банктің несие желісін жүзеге асыруға қатысушы
банктердің арасында ең таңдаулы деп танылды.
2003 жылы Қазақстан Қор биржасының Биржа Кеңесінің шешімімен банктің
акциялары А категориялы КАSЕ бағалы қағаздар тізіміне енгізілді.
2003 жыл қазан Еуропа Қайта құру және Даму банкі ең сапалы несие
қоржыны бар деп Цеснабанкті атады.
2003 жыл желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
қорытындысы бойынша Цеснабанк АҚ банктің ақпараттандыру технологиясын
автоматтандыру саласында бухгалтерлік есептің Халықаралық стандарттарына
өтті деп танылды.
2004 жыл сәуір Көкшетау қаласында кассалық есеп айырысу бөлімі ашылды.
2004жыл сәуір Қазақстан Қор биржасының Биржа Кеңесінің шешімімен
банктің облигациялары А категориялы КАSЕ бағалы қағаздар тізіміне
енгізілді.
2004жыл мамыр Цеснабанк АҚ VISA Халықаралық төлем жүйесіне
қауымдастырылған мүше ретінде қабылданды.
2004жыл мамыр Қарағанды қаласында Банк филиалы ашылды.
2004жыл маусымнан Цеснабанк АҚ Қазақстандық кепілдендірілген
ипотекалық несие қорына мүше.
2004жыл тамыз Астаналық филиалдың бөлінуі.
2004жыл қараша Moody’s Investors Service Халықаралық рейтинг
агенттігінің Цеснабанк АҚ –қа бергшен рейтингілері:
В1 деңгейінде шетелдік валютамен депозиттер бойынша ұзақ мерзімді,
Е+ деңгейінде қаржылық тұрақтылық рейтингі.
2007 жылы 20-21 мамыр айында ЦеснабанкАҚ Қазан қаласында EBRD
форумына қатысты.
2007 жылы мамырда Қарағанды филиалы өзінің 3 жылдығын атап өтті.
2007 жылы Euromoney халықаралық қаржы журналы бойынша Цеснабанк АҚ
Орталықта, Шығыс Еуропада және Орталық Азияда Best Managed Companies
2007 номинациясына ие болды.
2007жылы 25 маусым Алматы қаласында ЦеснабанкАҚ-ның жаңа филиалы
ашылды.
2007 жылы 2 шілдеде Цеснабанк 54 млн. АҚШ долларды құрайтын
синдикатталған қарыз бойынша келісімге қол қойды.
2007жылы 18 шілдеде Цеснабанк Қызылжар районындағы Бишкуль ауылында
жаңа офис ашты.
2007жылы Қазақстан бойынша 3 филиалдары ашылды: Тараз. Қызыл-Орда,
және Алматы.
2007жыл тамызда Цеснабанк АҚ Щучинск қаласында банктік қызмет
көрсету орталығын ашты.

Енді банктің белгісіне сипаттама беріп кетейік.
Цеснабанк белгісі ортасында тең қабырғалы ромб орналасқан көк
квадратқа жазылған 12 бұрышты жұлдызды білдіреді. Белгінің пропорциясын
салу кезінде PHI (1,618) саны пайдаланылды, оны басқаша құдіретті
пропорция деп атайды. Банк қызметінің негізгі принциптері банктің
логотиптің геометриясында да көрініс табады.
Квадат тұрақтылық пен сенімділіктің символы. Тұрақтылық пен
сенімділік Банк қызметінің негізгі принциптері. Банктің клиенттердің табысы
мен гүлденуінің кепілі Банктің тұрақтылығында. Барлық квадраттардың бір-
бірімен қатынасы PHI (1,618)квадратты құрайды. Алтын пропорция (PHI
=1,618) Пифагорға (VI э.б.д.)белгілі болған деп саналады. Пифагор өзінің
алтын бөлу жөніндегі білімін египеттік пен вавилондықтардан алған деген де
пікір бар. Алтын пропорция көне грек шығармаларында да бар. PHI белгілі
көне грек мүсіншісі Фидия (V э.б.д.) есімімен байланысты. Оның
шығармаларынан алтын пропорция табылған.
12 бұрышты жұлдыз үйлесімділік пен тұрақтылыққа, толыққандылық пен
ұмтылысты білдіреді. 12 саны - әлемдік сан: жылдың айлары, күн мен түн
сағаттарының саны. Он екі жылдық айналым шығыс мәдениетінде дамуды
айқындаушы болып табылады. Он екі саны тәуелсіздікті, дербестікті,
адалдықты, әділеттілікті, ұстамдылықты, берілгендікті, қиындықты жеңуге
деген ұмтылысты, жомарттылықты, қайғыға ортақтасуды, үлкен идеяларды, ұлы
жоспарларды, идеалдықты, мол мүмкіндіктерді, өмірдің заңдарын тануды
білдіреді.
Көк түс банктің негізгі корпоративті түсі болып табылады. Көк түс
ақыл-парасат пен болашақтың түсі. Банктің мақсаты толығымен өзінің
клиенттерін перспективті дамытуға бағытталған. Клиенттердің тұрмысының
жақсаруынан біз өзіміздің негізгі міндетімізді көреміз.
Ромб белгінің орталығы болып табылады. Ол үйлесімділік пен бірлікті
паш етеді. Шығыс мәдениетінде ромб бақыттың символы болып табылады. Ромбтың
жоғары және төменгі бұрыштары жоғары және төменді, әке мен ананы, рух
бірлігін және жаратылыс бірлігін білдіреді. Тігінен екі бөлінген шексіздік
және көлденеңінен екі полюс бар. Банктің несие қызметі өзінің клиенттеріне
бизнес дамуының жаңа перспективаларына жетуіне мүмкіндік береді.

КЛИЕНТТІҢ ДЕПОЗИТТЕРІ

Цеснабанк 2004жылдың мамырынан бастап халықпен көп жылғы жұмыс
тәжірибесінің негізінде және олардың тұрақты салымшыларының тілектерін
ескеріп әзірленген Отбасымыздың бәрі Цеснамен бірге арнайы депозиттік
бағдарламасын ұсынды. Қазірдің өзінде –ақ Цесна, Цесна-біркелкі
мүмкіндіктер, Цесна-Құрмет, Цесна-Плюс, Цесна-Оқушы, Цесна-Сәби, Цесна-
Студент, Цесна- Сәби, Цесна-Шаңырақ, Цесна-Табыс, және т.с.с. Цеснабанк
логотипі аббревиатурасы түріндегі ерекше атаулары бар депозиттері кеңінен
танымал болды.
Депозиттік бағдарламалардың бірегейлігі түрлі депозиттердің
үйлесімінде жатыр, олар банктің клиенттеріне өз капиталын сақтаумен
көбейтуге мүмкіндік береді.
Депозитті кезкелген жастағы адам аша алады, ұлттық, сондай-ақ
шетелдік валютамен де аша ашылады.
Депозиттік Бағдарлама клиенттерге:
- пайыздық мөлшерлемесімен (сыйақы мөлшерлемесі бөлшек сауда өнімдері мен
қызметі нарығындағы неғұрлым тиімділердің бірі болып табылады);
- депозитке салынған ақша Цеснабанк АҚ-тан алынған қарызды кепілді
қамтамасыз етуге қызмет ете алатындығымен;
- қосымша жарна мен салымнан ақшаны ішінара алу мүмкіндігімен;
- салым бойынша ай сайын, тоқсан сайын және жыл соңында сыйақы төлемдерімен
қызықтырады;
- ақшалай ұтыс ойындарымен және материалдық сыйлықтарымен;
- Цеснабанк депозитіне салынған ақша толық қауіпсіздікте болады және қалауы
бойынша кез келген сәтте қайтарылуы немесе валютаның бір түрінен екінші
түріне ауыстырылуы (айырбасталуы) мүмкін.
2004 жылы Банк лизингтік операцияларды дамытуға көп көңіл бөлді.
2004жылдың наурыз айында Банктің жаңа құрылымдық бөлімшесі – лизингтік
операциялар басқармасы құрылды.

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗБЕН ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯ

Сонымен бірге банктің бағалы қағаздармен салым көлемі 2004 ж.
2003жылмен салыстырғанда 52 пайызға өсті. Бағалы қағаздар қоржыны
диверсификацияны ескеріп құрылды. Негізінен ҚР Үкіметі мен ҚР ҰБ шығарған
өтімділігі жо,ары бағалы қағаздар алынды.

БАНК ҚЫЗМЕТІ

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі лицензиясына сәйкес Банк 2004ж. бастап
келесідей операцияларды жүзеге асыруда:
- заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардан депозиттерді қабылдау;
- банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымның корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсақтау,
айырбастау, сұрыптау, банкноттар мен тиындарды орау және сақтау;
- аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару бойынша
тапсырмаларын орындау;
- қарыз операциялары: ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шартымен
ақшалай несие беру;
- заңды және жеке тұлғалардың тапсырмасы бойынша, соның ішінде банк
корреспонденттерінің, олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуды
жүзеге асыру;
- чек кітапшаларын шығару:
- аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және олар бойынша міндеттемелерді
орындау;
- сейфтік операциялар: құжаттамалық түрде шығарылған бағалы қағаздарды,
клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау, сонымен бірге сейф
жәшіктерінің, шкафтарын және жайларын жалға беру жөніндегі қызметтер;
- банкноттарды, тиындар мен құндылықтарды инкассалау және салып жіберу;
- шетел валютасымен айырбастау операциясын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассаға қабылдау;
- ақшалай орындауды қарастырған банк кепілдемесін беру;
- банк кепілдіктерін және үшінші тұлға үшін ақшалай орындауды
қарастырған басқа міндеттемелерді беру;
- бағалы қағаздар нарығындағы операциялар;
- лизинг қызметін жүзеге асыру;
- Халықаралық төлем жүйесі мен жергілікті төлем карточкаларын шығару
және қызмет көрсету.
Есеп беріліп отырған жылда клиенттердің әр түрлі аймақтық, салалық
және әлеуметтік топтарына арналған қызмет пен бәсекеге қабілетті өнімдерді
сатуды ұлғайту саласында мынадай міндеттер шешілді:
- Банктің несие қызметін, бірінші кезекте, жеке тұлғалар мен лизингті
тұтынушылық несиелендірудің көлемін ұлғайту есебінен шешу;
- Халықаралық стандарттарға жауап беретін өнімдері және қызметтерінің
толық жиынтығынан құралатын клиенттерге жеке қызмет көрсету жүйесін
құру.
Онда келесі мәліметтер көзделуге тиіс:
- клиентке оның бизнесінің дамуы мен оңтайландырылуын және оның
тәуекелдіктерін сақтандырылуын қамтамасын ететін арнайы әзірленген
жеке сұлбалар мен технологияларды ұсыну;
- әр клиент үшін онымен жеке жұмыс істейтін және қажетті деңгейдегі
өкілеттіктері бар жеке менеджерлерді белгілеу;
- жеке қызмет көрсетудің икемді тарифтік саясатын жүргізу.

БАНК ПЕРСОНАЛЫ

01.01.2005ж. Цеснабанк АҚ қызметкерлерінің саны 478 болды. Банктің
жетістіктері – Банктің икемді қаржылық ойлауға, зор жеке әлеуетке,
клиенттердің кез келген талаптарын қанағаттандыру ынтасына ие персоналының
жоғары кәсіби командасының қызметінің нәтижесі.
Банк мамандары осы мақсатта республиканың жоғары оқу орындары,
халықаралық қаржы институттары өткізетін курстардағы оқулардан үнемі өтіп
тұрады.Онда өздерінің кәсіби деңгейлерін көтереді және жетілдіреді.
2004ж Цеснабанк АҚ-та Цеснабанк АҚ филиалдары арасында тәжірибе
алмасу жөнінде бірінші аймақаралық семинар өтті. Күміс жіп - филиалдар
мен Банктің бірлігі, бірақ ескірген стандарттар мен көзқарастардың
негізіндегі емес, бір-біріне деген ортақ проблемаға деген ынта- ықыластан
туған бірлік.
Бұдан басқа Банкте Банктік Жеделдетіп оқыту орталығы жұмыс істейді. Ол
қызметкерлерге кәсіби біліктілігін сақтауға, Банк ісін жоспарлау мен
ұйымдастыру саласындағы қабілеттерін дамытуға көмектеседі, қысқа мерзімде,
соның ішінде тренингтер жүйесі арқылы мамандарға жаңа білім береді.
Мемлекеттік тілді оқып үйренуге үлкен көңіл бөлінеді.
2004ж. Банк штатына бір ұжымда тәжірибесі толысқандармен энтузиазмға
толы жас буын қоян ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цеснабанктің бір филиалы
Коммерциялық банктің меншікті капиталын басқару
Мерзімнен бұрын өтеу
Коммерциялық банктердің табыстары мен шығыстары: басқару қағидалары және әдістері
Банктік менеджменттің сипаты
Банк маркетингінің ерекшеліктері
Шымкент қаласындағы «Цеснабанк» АҚ филиалы туралы ережелер
Банк салымдарын міндетті сақтандыру жүйесінің негізгі міндеті - халықтың банктерде салымдар мен шоттарда орналасқан жинақ ақшасын қорғау
Несие және несиелік операциялардың мәні
Дамыған елдердегі ипотекалық несиенің жіктелуі
Пәндер