ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына байланысты Қазақстанның экономикалық жағдайының өзгеруі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

І тарау. ХІХ ғасырдың І - жартысындағы Қазақстаннның саяси жағдайы.

  1. Бөкей хандығының құрылуы және оның саяси жағдайы
  2. Қоқан хандығының қазақ жеріне шабуылы

ІІ тарау. ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына байланысты Қазақстанның экономикалық жағдайының өзгеруі.

2. 1. Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына қазақ халқының әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайы

2. 2. Бөкей ордасындағы Жәңгір хан саясатына қарсы қарапайым халық толқулары

ІІІ. Қорытынды

IV. Сілтемер

V. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Қазқастанның Ресеймен бірігуі аяқталып, қазақ елі жалпы Ресейлік қоғамдық еңбек бейнесіне ене бастады.

Почта, жол қатынасының адмуы, сауданың, экономиклық байланыстың орнығуы іске асты.

Қазақ елі негізінен мал өсіруші өлке болды. Егін егу шаруашылық айналымына енді - енді еніп келе жатты. ХІХ ғасырдың 30 - 60 жылдарында Қазақстанда не бары 29 мың десятина егін егілді. Оның 14 мың батыс Қазақстан аумағында болды, да қалғаны елдің басқа аудандарында еді. Егіншілік халықтың аралас шаруашылық жүргізуі себебіне дамыды. Жартылай көшпелі өмір сүріп мал өсіретін шаруалардың бір бөлігі көктем шыға жер жыртып, тұқым сеуіп, тырмалап егінді қарайтын адам қалдырып, жайлауға көшетін, сосын егін жинауға оралатын.

Қазақтар барлық аулау, тұз өндіру, аңшылық істерімен де ойласты де айналысты мол, оң терілерін, құс мамығын өңдеп сатуды жолға қойып, ұста зергерлік кәсіп өтетін қазақтар аз болған жоқ.

Қазақстанда шикізаттың мол қоры болды. ХІХ ғасырдың ортасына қарай көптеген кенорындары ашылып, мыс, қорғасын, күміс, көмір өндіру қлға алынды. Кен балқытатын, өндіретін кәсіпорындар салына бастады.

Қазақ жерінде тауар ақша қатынастары бірден - бірге дами берді. Оған жәрмеңкелік сауда жасаудың зор ықпалы тиді. Қазақстанда Қызылжар, Сейем, Ақтөбе, Көкшетау, Гурьев, Орал, сондай - ақ көрші Ресей губерниялары Омбы, Қорған, Түмен, Орынбор, Төменгі Новгорд қалалары ірі сауда орталықтарына айналған оларда жазда және күзгі кездерде жәрмеңкелер жұмыс істеді. Қазақтсан орыс кәсіпшілігі үшін мал, шикізат жеткізуші әрі өндіріс өнімдерінің тұтынушысы еді. Қазақтар жәрмеңкелер мен айырас пунктері не қой, жылқы, ұсақ және ірі қара мал мен май былғары, тері, елтірі ешкі жүнін, арқан астық жеткізді. Ресейден шұға, қағаз, қант, бояулар, жабйы аңдардың қымбат, шайын, ине алтын және күміс теңгелер алды. Сауда негізінен айырбас ретінде жүрді. Баға өлшемі үш жасар қойдың құны сом күміске теңеліп, сол бойынша басқа тауарларға тиісті баға қойылды.

І тарау. ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақстаннның саяси жағдайы.

1. 1. Бөкей хандығының құрылуы және оның экономикалық саяси жағдайы.

Кіші жүзде шаруашылықтың құлдырауы, жердің таршылығы 1801 жылы Бөкей немесе Ішкі Орданың құрылуына әкелді, ол Жайық және Еділ өзеңдерінің төменгі ағысында пайда болды. Бұл аймақ Ресей құжаттарында XVIII ғасырдың аяына дейін Астрахань даласы деп аталды. Мұнда кешпелілердің тұрақтары аз болды, онда көбінесе Астрахань татарлары, қалмақ және қазақтар тұрды. Жеке қазак қоныстары және шаруа дворлары Жайық өзені мен теңіз жағалауын бойлай орналасты. ХVШ ғасырдың соңында жердің тарылуына қазақтардың екі өзен аралығындағы ежелгі қоныстарына қызығуы күшейді. Ертеде қысқы мерзімде тек сұлтандардың жылқы үйірлерін өткізсе, енді Сырым Датұлының көтерілісін басып тастағаннан кейін көшу процесін бақылау қиын болды. Үкімет қазақ көшпелі ауылдарының талаптарына құлақ алып, ішкі территорияға көшуге рұқсат берді, өйткені бұл жерлер 1771 ж Еділ қалмақтары Жокғарияға қашқаннан кейін бос қалған еді. Ресей осы арқылы Кіші Жүздегі әлеуметгік күрестің шиеленісін басуды ойлады. Қазақтардың екі озйн аралығына тұрақты қоныстану ниеті патшалықтың отарлау саясатына сейкес келді, ол Кіші жүз күшін әлсіретті, қазақтың жарты бөлігін Ресейге толық бағындырды жөне қазақтардан салық алып, сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндік берді.

"Бөкей сұлтанның ішкі жаққа көшуі, оған ықпал еткен мәселе көптеген патша шенеуніктерінің достык кеңестері еді" деп жазды сол кездегі бір куәгер, және осы туралы ағасы Шығайдың жазбаларына қарағанда "1801 жылы Астраханның уақытша губернаторы Кнорэинг Астрахан шекара (кардон) бастығы Попов арқылы менің ағам Бөкей Нұралыұлына Жайықтың ішкі жағына біржолата ресей бодандығына өтуге ұсыныс жасады. Осы кездесуден кейін Бөкей хан мені және басқа да сұлтан тұқымынан ағайындарын ертіп өзімізге бағынышты 10 мың үйлі қазақты ертіп, бүкіл мал мен дүние-мүлкімізді алып ішкі жаққа коштік".

Саяси тұрғыдан бұл орда ерекше иелік ретінде 1812 жылы бекітілді. Осы жылы Кіші жүзде де хан болып Шерғазы сұлтан сайланса, ал Ішкі Ордада -Бөкей сұлтан болды. 1815 жылы Бөкей хан өлгеннен кейін, Жәңгір кәмелеттік жасқа келмегендіктен, орданы Шығай сұлтан биледі. Жәңгір Астраханьда тәрбиеленді, губернатор үйінде орналасты. 1824 жылы 24 шілдеде Орал қаласывда Орынбор шекаралық басқармасының қатысуымен Жеңгір хан болып жарияланды.

Әлеуметтік-экономикалық дамудағы өзгерістер. Жайықтың оң жағасына көшіп барған қазакауылдары мен руларының шаруашылық қалпы, тұрмыс салты, дәстүрлері мен әдет-ғұрпы жөнінен Кіші жүздегі ағайындарынан еш айырмашылығы болған жоқ. Олардың көпшілік бөлігі көшпелі малшылар болып кала берді, егіншілікпен құм арасындағы шағын жазиралы учаскелерде ғана айналысты. Орданың негізі қаланған бастапқы кезең осылай болды. Бірақ уақыт өте келе жаңа орында олардың дәстүрлі тіршілік болмысының сипаты біршама өзгерді және Жайықтың арғы бетіндегі казақтардың өмірінен айқын ерекшелене бастады.

Ішкі орда барлық жағынан Астрахан, Саратов, Орынбор губернияларының жерлерімен, Жайық бойындағы бекіністі әскери шеппен, солтүстік Каспий өңірі бойындағы балық кәсіпшілігі аймағымен шектесіп жатты. Ол жинақы және шағын хандық болды, оның аумағы шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жатты. Жайылым алаптарының шектеулілігі орда құрылуының ең басынан-ақ дәтүрлі кеңістік бойынша игеру әдістерініңорнына, оларды интенсивті игеру проблемасын алға койды.

Патша үкіметі Ішкі Орданы басқару және отарлық қамқорлықтың пайдасы мағынасында алғанда Қазақ даласының «үлгілі» аймағы етпекші болды.

Ішкі Ордада жер қатынастары саласында жеке және өзіндік меншіктің феодалдық институттарын нығайту үрдісі жүрді. Олар қоғамда барған сайын зор маңызға ие болып, дербес құқықтық мәртебе алды. Егер Казақстанның көшпелі аудандарында жерді басып алу, әдете, жергілікті шонжарлардың бастамасы бойынша, байлыктың солардың қолына шоғырлануы салдарынан болса және жайылымға жеке-дара меншік іс жүзінде солардың иелігімен сырттай қосылып, сыртқы ұжымдылық белгілерін жоғалтпай, көшпелі-ауылдық кауым шеңберінде болуын жалғастыра берсе, Ішкі Ордада XIX ғасырдың екінші ширегінен бастап, учаскелерді шонжарлар мен ауқатты шаруалардың меншігіне беру жоғарғы жақтың - хан билігінің бастамасымен жүзеге асырылды. Бұл жаппай және жалпы құбылысқа айналды. 1830-1845 жылдар ішінде Жәнгірхан жерді жеке меншік иеленуге 1517 акті берді. Жер қатынастарының негізіне айналған жерге жеке меншік жүйесі осылайша пайда болды және казақ қоғамында жер пайдаланудың «қауымдық-рулық» принципіне осылайша соққы берілді. Ханның туыстары, сұлтандар, билер, ақсақалдар, мырзалар және бай мал иелері бірнеше алқапты немесе су көздері бар кеңалкапты иелене алатын болды. Мәсе-лен, Жәңгірханның жеке өзінің иелігіндегі жер 400 мың десятинаға жетті. Хан өзінің бауыры Мендікерей Бөкейхановка 400 мың десятина жайылымды қалапты бекітіп берді, Балқы би Кұдайбергеновке көлемі 300 мың десятина болатын алқапты иеленуге рұқсат ететін грамота табыс етті. Хандықтың бүкіл жер алабының 85 пайызы осындай 25-30 әулеттің иелігінде болды.

Ішкі Ордада жер иеленушілер иерархиясы қалыптасты. Олардыңең ірісі ханныңезі болды, бұл иерархияның төменгі сатысында қысқы қыстауға арналған шағын жер үлесі бар, өзі жерінде тұратын шонжарларға толық дерлік тәуелді шаруа тұрды.

Бірінші кезекте, қысқы қыстауға және малдың тебіндеп жайылуына жарамды алаптар, сондай-ақ шөп шабылатын жерлер бөлініске түсті. Кысқы қыстауларда тұрғын үйлер салынды, олардың көбі жер төле және жартылай жертеле түрінде болатын. Ордада болған Т. Медведский былай деп жазған: «шеп шабатын алап жөнінде қазақтарда қауымдық иелік жоқ әрбір әулет өзіне шөп шабуға біржола бөлінген ұлтарақтай жерді пайдаланады. Сондык-тан бұл әулет өзіне нашар немесе бай үлес тигеніне қарамастан, сонда тұрактап қалады».

Біршама аумақты жазғы жайылымдар кішкене учаскелерге бөлшектелмеді. Олар аумағы үлкен алқаптарымен рулық ұжымдардың басшыларына, хан Кеңесінің мүшелеріне, билерге және жекелеген ірі байларға бекітіліп берілді. Жайылымдардың шаруашылық жағынан құны мейлінше татымсыз бөлігі ұжымдық алаптарға жатқызылды.

Хан билігіне бірінші кезекте феодалдардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа аграрлық саясат көшпелі ұжымдар ішінде де, тұтас алғанда, қоғам ауқымында да әлеуметтік қатынастар мен жіктелу үрдісін тереңдетіп, шиеленістіре түсті. Ақысын төлеп немесе жұмысын істеп беріп, бәтен жерде көшіп жүретін жерсіз отбасылар мен ауылдар санаты пайда болды. Ұлтарақ-тай жерді иеленетін, бірақ құдықтары мен су көздері жоқ, сондықтан бай көршілерінің ауылдарына «бекітіліп берілген» шаруа үйлері көбейді. Жер сауда, қиянат жасау және даулы істер объектісіне айналды. Бұл саясаттан ханның төңірегіндегілер мен жергілікті шонжарлар ұтып отырды. Еңбекші халықтың негізгі бұқарасы жер таршылығы мен ауыр қанаудың қыспағына түсті. Жәңгір ханның өз айтуына қарағанда 6-7 мың отбасының, яғни халықтың 1/3 бөлігінің жері болмаған, сондықтан олардың көбі оны көршілес орыс губерниялары мен жер иелерінен, Каспийдің балықаулаушы кәсіпшілерінен жалға алуға мәжбүр болған. "

Ордада сауданыңдамуына үш фактор: а) ауылдардың шаруашылық жағынан нығаюы мен тауар-ақша катынастарының таралуы; ә) ханның көтермелеу саясаты; б) Ішкі Орданың орыс саудагерлері мен басқа да саудагерлер үшін географиялық жағынан қолайлы орналасуы, сондай-ақ олар үшін ордадағы сауда операцияларының ерекше пайдалылығы себепші болды. Жәңгір хан жат жерлік тауарлар үшін баж төмен төленетін сауда белгілеп, орданың әртүрлі жерлерінде олар үшін маусымдық жәрмеңкелер мен сауда пункттерін құрып қана қойған жоқ, сонымен қатар жат жерлік көпестердің мүдделерін қамтамасыз етуге өз капиталымен де қатысып отырды. Атап айтқанда оныңезі жасаған сауда ережелерінде мыналар көзделді: «Сауда жасаушының капиталын қамтамасыз ету үшін, ол (хан) өзіне бағынышты ордалықпен көпестің алдын ала жасасқан мәмілесі бойынша, ордалықтың нақты малы немесе ақшасы болмаған жағдайда, көпеске өз кепілдігімен қолхат беруге міндеттенеді. Егер қазақ мерзімді уақытында төлеуге келмесе, ешқандай сөзбұйдаға салмай хан төлейді».

Өкіметорындарының көтермелеу саясаты, далада сауда жүргізудің қолайлылығы мен тиімділігі ордағатауарларымен адамдарды көп мөлшерде тартты. Хан ордасы жанында 1846 жылы өткізілген бір көктемгі жәрмеңкенін езіне ғана 1183 саудагер келді, ал олардың арасында II және III гильдияның 87 көпесі болды. Келесі 1847 жылы олардыңсаны 1500 адамға жетті. Бұл жәрмеңкенің көлемді болғаны сонша, онын аумағында саудагерлер салған 300-ге жуық тұрақты дүкен жұмыс істеді.

Ішкі Орда Ресей үшін малды және мал шаруашылығы шикізатын ірі жеткізіп

берушіге айналды. Мануфактура департаментінің журналдық жазбасына қарағанда, 1827 жылы Ішкі Ордадан 400 мындай қой, 3 мың жылқы және мал шаруашылығының жалпы мөлшері 2925 сом болатын әртүрлі өнімдері жөнелтілген.

Бөкейдің баласы, хан тағына 1824 жылы отырған Жәңгір патша әкімшілігінің толық қолдауына сүйене отырып, қоғам өмірі мен халық тұрмысының жекелеген жақтарын, сондай-ақ дәстүрлі жергілікті басқару жүйесін белсенді түрде қайта құра бастады. Ол көшпелілердің отырықшылануын, олардың хуторлар салуын, шөп шабуын және далада ағаш өсіруді, малдың жергілікті тұқымдарын жақсартуды және ауыл шаруашылық саймандар өкелуді, мектептер, училищелер, мешіттер ашуды және ауылдарда молдалар санының өсуін, сауданы және төрешілдік басқару нысанына көшуді көтермелеп отырды. Ол патшалық өкімет орындары мен жергілікті қазақ шонжарларының мүдделерін жаңа әдістермен біріктіруге күш салды.

1827 жылы Жәңгір хан Нарын құмындағы Жаскұс алқабында тұрақты хан ордасы құрылатыны туралы және орданы осы орталықтан басқарғысы келетіні туралы хабарлады. 10 жыл ішінде онда ағаштан 40 үй, ал 1846 жылға қарай 89 үй салынды. 1841 жылы ол Торғын өзенінде жазғы орданың негізін салды. Бес жылдан кейін онда ағаштан салынған 9 үй болды. Ханнан үлгі алып, сондай-ақ оның нұсқауымен сұлтандар, билер мен ақсақалдар үй салып ала бастады; шаруалардың жекелеген топтары да өздеріне жертөле салып алды. XIX ғасырдың 40-жылдарының аяғына карай орданың әр түрлі жерлерінде халықтың үштен бірінің кысқы тұрғын үйлері болды.

Патшаның жеке нұсқауымен 1829 жылы қазыналық зауыттардан ордаға 20 айғыр бөлінді. Жәңгір хан нақ сонша асыл тұқымды Кавказдан алдырды. 15 жыддан кейін жергілікті жылқының жаксартылған тұқымының саны 30 мыңға жетті. Оларды Дон және Орал қазақ әскерлеріне беріп отырды.

Медреселер және ауылдарда бастауыш мектептер салу, балаларды Астраханға, Саратов пен Казанға, Орынбордағы арнайы Ішкі Орданың балалары үшін 10 орын бөлінген Неплюев кадет корпусына оқуға жіберу Жәңгір саясатының бір белігіне айналды.

Жөңгірдің қызметі, бұрын айтылып келгеніндей, оншама бір жақты болмағанын мойындау керек. Еуропа өркениетін жақтаушы болған Жәңгір оның элементтерін қазақтардың дәстүрлі ортасына енгізуге ұмтылды. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда, ол Ішкі Ордаға (Бөкей Ордасына), көп жағынан Ресейдің орталық аудандарындағы феодалдық катынастар жүйесін көшіріп ала отырып, феодалдық тәртіптер орнатты. Аймақтың қоғамдық саяси және мәдени өмірінде де Жәңгірдің басқару құрылымын күшейту жөніндегі шараларды іске асыруы нәтижесінде өзгерістер, мысалы, жер-жерде іс жүргізуді енгізу, тіпті өзінің мұрағат қызметін құру сияқты өзгерістер пайда бола бастады. Жәңгір ханның кезінде еуропалык үлгідегі алғашқы мектептер пайда болды, мұның өзі сол кездегі Қазақстан үшін елеулі жаңалықтар еді.

Алайда бұл жаңалықтардың бәрінде терең жөне берік коғамдық-саяси негіз болмады. Тұтас алғанда, Ішкі Орданың (Бөкей Ордасының) бүкіл халқы хан мен оның төңірегіндегілер тарапынан, ал сонымен бірге патша әкімшілігі тарапынан да аяусыз каналып жатты. Сондықтан XIX ғасырдың 30-жылдарының орта шенінде - ақ елеулі саяси дағдарыс пісіп-жетіліп, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басшылық өткен белгілі көтеріліске ұласты, оның идеологиясы дәстүрлі қоғамдық құрылыстың мүдделерін қорғауға негізделді.

Жәңгірдің әдістері саяси және қоғамдық құрылыстың негіздерін қозғамайтын жаңалықтарды күштеу шараларымен енгізуге құрылды. Оларта бысты бола алмайтын еді, өйткені Ресейдің өзінде XIX ғасырдың бірінші жартысында самодержавиелік-крепостниктік құрылыс негізінде капиталистік жаңалықтарды енгізуге нәтижесіз әрекеттер жүргізілген болатын.

Саяси құрылыс. Орынбордың әскери губернаторы Волконский «сұлтандардың үлкені, парасатты, тәжірибелі және жоғары мәртебелі монархтағына берілген» деп сипаттаған Бөкей сұлтан 1812 жылғы 7 шілдеде Орал қаласына жақын жерде Орынбор әкімшілігінің жоғары шенділері және көптеген дала шонжарлары қатысқан салтанатты жағдайда ресми түрде Бөкей Ордасының хандығына көтерілді. Оның сол кезге дейін атқарып келген нақты жағдайы заң жүзінде ресімделді. 1815 жылы өлген Бекей хан ханның тағын өз баласы Жәңгірге өсиет етіп қалдырды, ал ол көмелетке толғанға дейін орданы уакытша басқаруды өзінің туған інісі Шығай сұлтанға тапсырды. 1823 жылғы 22 маусымда патша Жәңгірді Ішкі Орданың ханы деп тану туралы грамотаға кол қойды, ал 1824 жылғы 26 маусымда Оралда ертедегі рәсім сақтала отырып, патшалық өкімет орындарының бақылауымен ол хан болып жарияланып, 20 жылдан астам уақыт билік етті.

Бөкей Ордасы патша үкіметіне тәуелді және оның бақылауында болды. Ішкі саясаттың негізгі мөселелерін хан Орынбор әкімшілігімен бірлесе отырып дайындады. Мұраға қалдырылатын хан билітін, біржағынан, ру-басылар мен билер, екінші жағынан, патша үкіметінің қарулы отряды құрылды. Ханның ішкі істерді басқаруда едәуір еркіндігі мен бастамасы болды. Қаржы-салық саясаты, жер пайдалану тәртібін белгілеу, аумақтық-рулық баскару және халықтың шаруашылық құрылысы мәселелері ханның міндетіне кірді.

Ішкі Орданың саяси тарихында XIX ғасырдың екінші ширегінен басталатын кезең едәуір ерекше. Хан билігі әлсіз, дамымай қалып, кәп жағынан жергілікті бай-сұлтан топтарының қолдауымен анықталған бай-сұлтан басқару жүйесі билеушілердің отарлық бағындырудың және каржы-салық саяса-тының жаңа міндеттеріне сай келуден қалды, сөйтіп Жәңгір тұсында төрешілдік басқару нысанымен ауыстырылды. Сол арқылы дәстүрлі қазақ қоғамына жаңалықтар, рас, табиғи жолмен емес, күштеу әдістерімен енгізіле бастады.

Рубасыларын ханға жақын және оған адал адамдардың арасынан патша әкімшілігінің тағайындауы жиілей түсті. Мысалы, егер 1827 жылы ұшрудағы байбақты, ноғай және беріш руларындағы 34 старшынның үшеуі ғана хан билігімен тағайындалса, 1845 жылы осы рулардың барлық дерлік бөлімшелерінің басында «жарлық» старшындары тұрды. Жергілікті феодалдардың сот құқығы шектелді. Сотбилігі негізіненханның, хан Кеңесінің мүшелері - билердің және хан депутаттары - сұлтандардың қолына шоғырландырылды. Жергілікті рубасылар мен ақсақалдар кішігірім даулы істерді қарады, әдетте олар татуласумен аяқталатын. Өз қалауы бойыншахан ұсақ-түйек істерді де ру бастықтарының карауынан алып отырды. Бұрынғы би қазылығының аясы шектелді, ал олардың кейбіреулері сол кезде-ак мемлекеттік қызмет нысанына көшкен еді. Халыкқа алымдар белгілеу құқығы да жергілікті феодаддардың қарауынан алынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Қазақстанның солтүстік – батысында Ресей билігінің күшеюі (XVІІІ – ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегі)
Патша үкіметіне қарсы Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихы
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
19-20 ғасырдағы Қазақстан баспасөзі
Қазақстан жаңа заман тарихы
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері
Қазақстанға қоныс аударушыларды орналастыру:мақсаты, әдісі, салдары
Қазақстанның Ресей құрамына енуі. Оқу құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz