Мемлекеттік тілді (қазақ тілін) қашықтан оқыту



1. Кіріспе

2. Республикадағы жалпы тілдік ахуалға сипаттама

3. Жобаның мақсаты мен міндеттері

4. Жобаның мақсатты аудиториясы

5. Жобаны іске асыру механизмі

6. Жобаның сметалық шығыны

7. Жобадан күтілетін нәтижелер

8. Қорытынды
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының әрбір азаматына мемлекеттік тілді үйрену міндет болып қойылып отыр. Қазақ тілін үйрену арқылы баршаға ортақ ұлтаралық тұтастыққа, өзге ұлттардың басын біріктіруші факторға қол жеткізуге болатынын уақыт дәлелдеді. Сондықтан ендігі жерде қазақ тілін үйренуге жаңа бастамалар, әсіресе қазіргі заманғы технологияларды пайдалану арқылы жасалатын әрекеттер қажет. Республика халқының үштен бірінің мемлекеттік тілді білмейтіндігі тіл үйретушілерге бұл жұмысқа үлкен дайындықпен келу керектігін көрсетеді. Ұтымды, тиімді және сапалы оқытудың қажеттілігі ендігі жерде білініп отыр.
Бұдан былай қазақ тілін дәстүрлі оқыту тәсілдерімен бірге дәстүрлі емес әдістерді де қолға алудың қажеттілігін өмірдің өзі талап етуде. Осындай тәсілдердің бірі ретінде Интернет желісі арқылы қазақ тілін қашықтан оқытуды атауға болады.
Қазір ақпараттық ғасыр. Дүниенің қусырылған кезеңі. Кеңістік, қашықтық деген дүниелер адамзат үшін кедергі болудан қалған. Енді осы ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін молынан пайдалануға еркін жол ашылды. Осы салада қапы қалмауымыз керек. Үкіметіміз қолға алып жатқан, «электронды үкімет» жобасы осы бағыттағы ізгі қадам. Әсіресе, қазір кеңінен қолданысқа енген электронды құжат айналымының берері көп. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын арттыру мәселесінің арзан, ұтымды жолының бірі осы. Бүкіл құжат үлгілері электрондық қалыпқа түскен соң оны пайдалану да, қажет уақытта тауып ала қою да, бірден-бірге жіберу де әрі жылдам әрі ыңғайлы.
Интернет сайт арқылы Қазақстан аумағында іске асыру жоспарланып отырған бұл жобаның негізгі мақсаты – қазақ тілін үйренгісі келетін барша азаматтардың өзіне қолайлы уақытта қазақ тілін үйренуіне қол жеткізуін қамтамасыз ету, тіл үйренуге қатысты өзіне қажетті сауалдарына жауап алуына мүмкіндік туғызу, мемлекеттік тілге байланысты нормативтік құқықтық актілермен, соңғы жаңалықтармен, озық оқу құралдарымен және тиімді тіл үйрену әдіс-тәсілдерімен танысуына жағдай жасау.
Бұл жобадан күтілетін нәтиже жас санатына және атқаратын кәсібіне қарамастан өздеріне қолайлы уақытта қазақ тілін үйренгісі келетін әрбір азаматтың қазақ тілінің базалық курсын бітіріп, тиісті деңгейде тілді меңгеріп шығуы.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ (ҚАЗАҚ ТІЛІН) ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖОБАСЫ

РЕЗЮМЕ

Жобаның атауы: Мемлекеттік тілді (қазақ тілін) қашықтан оқыту.

Жобаны ұсынушы ұйым: Халықаралық Қазақ тілі қоғамы, Қазақстан
Республикасы, Алматы қ., Республика алаңы, 4.

Жобаны әзірлеуші: ф.ғ.к. Нұрлан Асқаров.

Жобаның мәні: мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйретуді озық әдістемелер
негізінде Интернет желісін пайдалана отырып, қашықтан оқытуды қолға алу.

Жобаны қаржыландыру:
Жеке қаражат - 4%; заемдық қаражат – 0%; мемлекеттік қолдау қаражаты - 96%.

Жобаны іске асырудың сметалық құны – 2 млн. теңге.

Жобаны іске асыру мерзімі – 6 ай.

Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі – 3 жыл.

МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе

2. Республикадағы жалпы тілдік ахуалға сипаттама

3. Жобаның мақсаты мен міндеттері

4. Жобаның мақсатты аудиториясы

5. Жобаны іске асыру механизмі

6. Жобаның сметалық шығыны

7. Жобадан күтілетін нәтижелер

8. Қорытынды

1. Кіріспе

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
Н. Назарбаев

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының әрбір азаматына мемлекеттік
тілді үйрену міндет болып қойылып отыр. Қазақ тілін үйрену арқылы баршаға
ортақ ұлтаралық тұтастыққа, өзге ұлттардың басын біріктіруші факторға қол
жеткізуге болатынын уақыт дәлелдеді. Сондықтан ендігі жерде қазақ тілін
үйренуге жаңа бастамалар, әсіресе қазіргі заманғы технологияларды пайдалану
арқылы жасалатын әрекеттер қажет. Республика халқының үштен бірінің
мемлекеттік тілді білмейтіндігі тіл үйретушілерге бұл жұмысқа үлкен
дайындықпен келу керектігін көрсетеді. Ұтымды, тиімді және сапалы оқытудың
қажеттілігі ендігі жерде білініп отыр.
Бұдан былай қазақ тілін дәстүрлі оқыту тәсілдерімен бірге дәстүрлі
емес әдістерді де қолға алудың қажеттілігін өмірдің өзі талап етуде.
Осындай тәсілдердің бірі ретінде Интернет желісі арқылы қазақ тілін
қашықтан оқытуды атауға болады.
Қазір ақпараттық ғасыр. Дүниенің қусырылған кезеңі. Кеңістік, қашықтық
деген дүниелер адамзат үшін кедергі болудан қалған. Енді осы ақпараттық
технологиялар мүмкіндіктерін молынан пайдалануға еркін жол ашылды. Осы
салада қапы қалмауымыз керек. Үкіметіміз қолға алып жатқан, электронды
үкімет жобасы осы бағыттағы ізгі қадам. Әсіресе, қазір кеңінен қолданысқа
енген электронды құжат айналымының берері көп. Мемлекеттік тілдің қолданылу
аясын арттыру мәселесінің арзан, ұтымды жолының бірі осы. Бүкіл құжат
үлгілері электрондық қалыпқа түскен соң оны пайдалану да, қажет уақытта
тауып ала қою да, бірден-бірге жіберу де әрі жылдам әрі ыңғайлы.
Интернет сайт арқылы Қазақстан аумағында іске асыру жоспарланып
отырған бұл жобаның негізгі мақсаты – қазақ тілін үйренгісі келетін барша
азаматтардың өзіне қолайлы уақытта қазақ тілін үйренуіне қол жеткізуін
қамтамасыз ету, тіл үйренуге қатысты өзіне қажетті сауалдарына жауап алуына
мүмкіндік туғызу, мемлекеттік тілге байланысты нормативтік құқықтық
актілермен, соңғы жаңалықтармен, озық оқу құралдарымен және тиімді тіл
үйрену әдіс-тәсілдерімен танысуына жағдай жасау.
Бұл жобадан күтілетін нәтиже жас санатына және атқаратын кәсібіне
қарамастан өздеріне қолайлы уақытта қазақ тілін үйренгісі келетін әрбір
азаматтың қазақ тілінің базалық курсын бітіріп, тиісті деңгейде тілді
меңгеріп шығуы.

2. Республикадағы жалпы тілдік ахуалға сипаттама

Қазақ тілінің мәселесі туралы аз жазылып жүрген жоқ әрі мұның жуық
маңда бітер түрі де көрінбейді. Себеп көп, ал жауап жөндем емес. Көбінесе,
себептер сөз етіледі де, ал оның шешілу жолдары нақты көрсетілмейді.
Сондықтан ендігі кезекте нақты қазақ тілінің өрісін кеңейтер, қолданылу
аясын ауқымды етер шараларды, мемлекеттік тіл саясатының жаңа бағыттарын,
көкейкесті мәселелерін шешу механизмдерін көрсеткен жөн.
Әуелгі сөз қазақ тілінің құқықтық базасы жайында. Бір сөзбен қазақ
тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі статусын негіздейтін, оның қолданылу
аясын кеңейтуге мүмкіндік беретін нормативтік база бар деуге болады. Бұған
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы
Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 Өкімімен мақұлданған
Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасын, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің
қолданылу аясын кеңейту туралы 1998 жылғы 14 тамыздағы №769 қаулысын,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550
Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасындағы тілдер
туралы 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-1 Заңын, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 4 қарашадағы № 1146 қаулысымен бекітілген Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын т.б.
актілерді жатқызамыз. Яғни осы нормативтік құқықтық актілер шегінде қазақ
тілін дамытуға, оның қолданылу аясын кеңейтуге мүмкіндік бар. Көпшілік
зерттеушілер, тіл жанашырлары аталған нормативтік актілердегі кейбір
баптардың қазақ тілінің дамуына тұсау болып отырғандығын алға тартып,
соларды алып тастауды ұсынады. Атап айтқанда, бұл ҚР Конституциясының 7-
бабына қатысты. Онда 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл –
қазақ тiлi. 2. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. 3.
Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға
қамқорлық жасайды делінген. Міне, еліміздегі мемлекеттік тіл саясаты осы
үш тармақтан бастау алып жатыр. Осында көрсетілген үш тармақтан өрбитін
мәселелер Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заңда, тілдерді
дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламада, үкіметтің тағы да басқа қаулы-
қарарларында көрініс тапқан. Яғни еліміздің мемлекеттік тіл саясатында
мынадай үш басымдық көрсетілген: мемлекеттік тіл – қазақ тілі, орыс тілі –
ресми қарым-қатынас тілі және басқа тілдер. Демек, мемлекетіміз ошақтың үш
бұты секілді осынау үш ұстынды қатар ұстап, қатар дамытуды көздеуде. Бірақ,
осындай теңгермешіліктің кесірінен қазақ тілі ұтылып отыр. Дамудың орнына,
қайта кері кету процесі байқалады. Қазақ тілін тиісінше дамытамыз, қазақ
тілі өз дәрежесіне лайық қоғам өмірінің бар саласында кеңінен қолданылсын
десек, басқа жолдарды, нәтижелі механизмдерді қарастыруымыз керек.
Жоғарыда айтқандай, Конституцияның 7-бабының 2-тармағын, яғни
Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс
тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады деген бапты алып тастау
проблеманы түбегейлі шешіп бере ала ма? Енді осы мәселені байыптап көрелік.
Біздіңше, ел тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдардың басындағы кезеңде
мемлекетіміз бірден-ақ осы мәселені қолға алып, қазақ тілі төңірегінде
ұйысып, осы бағытта жаңа даму арнасына түсуі керек еді. Ол кезде халықтың
көңіл-күй ауаны да, қоғамдық ахуал да осылай жасауға мүмкіндік беретін.
Бірақ, қоғамдық даму арнасы басқа бағытта жүрді. Сол сияқты тіл саласында
толық шешімі табылмай келе жатқан мәселелер де жеткілікті.
Қазақ тілінде ақпараттық-деректік база толық емес екендігін, ғылыми
терминдердің әлі күнге бір ізге түспегендігін, оқушылар мен студенттердің,
жалпы жұртшылықтың қазақ тіліндегі қажетті оқу құралдарымен, танымдық,
ғылыми, әдістемелік, анықтамалық кітаптармен толық қамтамасыз
етілмегендігін мойындауға тиіспіз. Ұзаққа бармай-ақ, ақпараттық
кеңістігімізді алып қаралықшы. Қазақ тілінде өзіңізге қажетті ақпаратты
толық ала аласыз ба, қызықтыратын мәселелеріңізге жауап таба аласыз ба?
Ақпараттардың негізгі бөлігін орыс тілі арқылы қабылдап отырғанымыз жасырын
емес. Бұған көз жеткізу үшін кітап дүкендеріне, газет киоскілеріне бас
сұғып, теледидар мен интернетке үңілсеңіз, жоғары оқу орындарының
кітапханаларымен таныссаңыз жеткілікті. Орыс тілінің арқасында әлемдік
ақпарат кеңістігіндегі жаңалықтармен танысып отырғанымыз, ғылым-білімімізді
дамытып отырғанымыз, іс қағаздарын жүргізіп, заң шығарып отырғанымыз ащы да
болса ақиқат. Орыс тілінің дүниенің інжу-маржандарына жолымызды ашқан оң
әсерін жоққа шығаруға болмайды. Еліміз азаматтарының бірнеше тілді еркін,
жетік білуі теңдесі жоқ интеллектуалдық байлық екендігін әрі мұндай қуаттан
бас тартуға болмайтындығын айтуға тиіспіз. Мәселе, қазақ тілінің көлеңкеде
қалмайтын жағын ойластыруда. Ең алдымен, қазақ тілінің дамуына қолайлы
жағдайлар тудыру, ішкі дайындықты молайту, қолайлы алғышарттар жасау қамын
жеуіміз керек. Өмірде бос кеңістік болмайды. Қазақ тілді кеңістіктің орнын
қазір орыс тілді өнімдер толықтырып отыр. Сондықтан біз бірінші кезекте
қазақ тіліндегі төл ақпараттық өнімдерімізді көбейтуға күш салуға тиіспіз.
Осылай ғана біз қазақ тілінің қолданылу кеңістігін ұлғайтуға қол жеткізе
аламыз.
Конституцияның 93-бабында Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру
мақсатында Үкiмет, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар арнаулы заңға
сәйкес Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттiк тiлдi еркiн
әрі тегiн меңгеруi үшiн қажеттi ұйымдастырушылық, материалдық және
техникалық жағдайдың бәрін жасауға мiндеттi деп тайға таңба басқандай етіп
көрсеткен норманы өз деңгейінде іске асырсақ, көп дүниеге қол жеткізе
алатындығымызға дау жоқ. Бірақ осы бапты іске асыру жайы да көңіл
көншітерлік емес. Бұл ретте мемлекет тарапынан тиісті шаралардың қабылданып
жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Тіл саясатын жүргізуге уәкілетті арнайы
мемлекеттік мекеме құрылған, терминдер түзумен айналысатын ұйым жұмыс
істейді, мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын мемлекеттік бюджеттен арнайы
қаражат қарастырылады, мемлекеттік ведомостволардың барлығында дерлік қазақ
тілін тегін үйрету курстары, қазақ тілін іс қағаздарын жүргізуге ендірумен
айналысатын мамандар мен аудармашылар, басқармалар мен бөлімдер, секторлар
жұмыс істейді. Мұның сыртында, Қазақ тілі қоғамы, тіл жанашырларының
бірлестігі секілді бірталай қоғамдық негіздегі ұйымдардың қызмет етіп
жатқаны белгілі. Алайда көзге көрінер нәтиже шамалы. Осындай мол қуаттың
жұмсалғанына қарамастан ілгері басқан адымымыздың кері кетуден аса алмай
жатқаны нені білдіреді? Бұл – мәселенің тереңде жатқанын көрсетсе керек.
Яғни, бүгінгі жүргізіп отырған іс-қимылдарымыз тиімді емес. Олай болса,
басқа жолдарды іздеп, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолға алу кезек күттірмейді.
Енді мына жәйттерге назар аударайық. Қазақ тілі мемлекеттік тіл
ретінде нақты қандай функциялар атқаруы керек? Бірінші, халықтың қарым-
қатынас тілі (отбасында, көшеде, тұрмыстық қызмет көрсету орындарында
(дүкен, дәріхана, көлік, базар, анықтама бюролары, демалыс, т.б.), халықпен
тығыз жұмыс жасайтын мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындарда (заң
кеңесі, нотариус, мекен-жай бюросы, почта, жылжымайтын мүлік басқармасы,
төлқұжат бөлімі, т.б.), екінші, кеңселердегі іс қағаздарын жүргізу тілі,
үшінші, заң шығару тілі, төртінші, білім, ғылым, ақпарат тілі болуы тиіс.
Міне, осындағы төрт түрлі функцияны толық атқарып, барлығын қамтығанда ғана
қазақ тілі шын мәнінде мемлекеттік тіл болады. Ал қазір қазақ тілі өз
мүмкіндігіне сай бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Тілді жоғары мектепте оқытудың қазіргі заманғы әдістері (қашықтықтан оқыту, кейс технологиялары)
Қашықтан технологияларды қолдану арқылы бағалау жүргізу бойынша ұсыныстар
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ағылшын тілін оқыту
Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Электронды оқыту және қашықтықтан оқыту технологиялары
Қашықтан оқытуда видеосабақ арқылы тыңдалым дағдысын қалыптастыру
Эффектілі оқыту стратегиялары
Пәндер