Пайыздық тәуекел


ЖОСПАР
Кіріспе
I. Пайыздық тәуекелдің теориялық аспектісі
1. 1. Пайыздық тәуекелдің мәні, құрылымы және оның ерекшеліктері
1. 2. Тәуекелдің табыстылықпен байланысы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Реферат Қазақстан банк ісі тақырыбына арналған. Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғарғы тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңестікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу болып табылады.
Банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен, әрі қарқынды дамып келе жатқан саласы болып саналады. Оның қазіргі кездегі Қазақстандағы қалыптасуы мен қарқынды түрде дамуы экономикалық қатынастарды қайта құрудың күрделі, әрі көпқырлы процесінің ажырамас және құрамдас бөлігіне айналуда.
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу - сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банк жүйесінің ахуалы Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы үшін өте маңызды. Ұлттық Банк әр түрлі әдістермен қысқа мерзімді өтімділік беру жолымен банк жүйесіне қолдау көрсетуді жалғастыратын болады (РЕПО операциялары, валюталық СВОП-тар мен ең төменгі резервтік талап кепілдігімен қаражат беру) . Қаржы Қадағалау Агенттігі мен Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктердің акционерлерін қоса алғанда, транспаренттілік пен нарыққа қатысушылардың барлықтарының арасында тәуекелдерді адал бөлу қағидаттарын қатаң ұстанатын болады.
АҚШ-тың ипотекалық нарығындағы дағдарысқа байланысты халықаралық қаржы нарығындағы тұрақсыздық белгілі бір мөлшерде қазақстандық қаржы секторына әсер етті. Екінші деңгейдегі банктердің қысқа мерзімді өтімділігіне проблемалар туындатты.
Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығы банк саласы қызметінің сенімділігіне көп байланысты. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында несиенің негізгі формасына банк несиесі, яғни, коммерциялық банк беретін несиенің әр түрімен тұрпаты жатады. Банк несиесі саласында несиелік қатынастың субьектілеріне шаруашылық органдары, халық, мемлекет және банктердің өздері жатады. Белгілі болғандай, несие мәмілесінде несиелік қатынастың субъектілері несие беруші және қарыз алушы ретінде алға шығады. Нарықтық экономикалы елдер халыққа қызмет көрсетудің қолайлы әрі пайдалы формасы ретінде тұтыну несиесі экономикада үлкен рөл ойнайды.
1. ПАЙЫЗДЫҚ ТӘУЕКЕЛДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1. 1. Пайыздық тәуекелдің мәні, құрылымы және ерекшеліктері
Банк қызметі өзінің табиғатымен тәуекелдер жүйесінің ортасы болып табылады. Банк өнімдері күрделенген сайын, тәуекел түрлері де көбейеді. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады. Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.
Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген кәсіпорын сияқты банк те жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы мүмкін. Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфельінің құрылымымен байланысты болып келеді, яғни банк ресурстарына салынған қаржылық активтердің жиынымен байланысты болады. Тәуекелді талдауды бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық. Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді. Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады. Оның басты міндеті - жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдің себептерін анықтау, содан кейін барып, барлық тәуекелдерді анықтау болып табылады.
Тәуекелді сандық талдау - бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ақшалай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау.
Сурет1-Тәуекел талдауының блок нобайы.
Тәжірибеде 3 басты портфельдік тәуекелдік түрлері белгілі: несиелік, пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекелдік.
Банк тәуекелділігі - бұл несие мекемелері жүзеге асыратын банк операцияларының ерекшелігінен туындайтын шығын қатері.
Несие тәуекелдігі - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындамауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.
Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелген сыйақысы өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуіне сипаттайды. [2]
Банк өтімділігі - бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Валюталық тәуекел - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамның өзгеруімен байланысты валюталық ысырап қатері. Валюта қатері, әсіресе, бір ғана валюта бағамының әр түрлі валюта нарықтарында сәйкеспеуінен немесе уақыттың әр түрлі сәтіндегі валюта бағамдарының айырмашылығынан пайда болатын алып -сатарлық табысты алуға ұмтылатын банктерде жоғары болады.
Пайыздық тәуекелдер - бұл пайыздық мөлшерлемелердің болжанбаған ауытқуынан ысырапқа ұшыраудың болу мүмкіндігі.
Тәуекел деңгейіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп екіге бөледі.
Сурет 2-Банктік тәуекелдіктің пайда болу көздері
Банк басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу себептеріне аса маңызды көңіл бөледі (2-сурет) . Тәуекелдің пайда болуының үш көзін атап айтып кетуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни банктің іс әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуекелді болып келеді.
Банк тәуекелдері, соның ішінде пайыздық тәуекелі бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан пайыздық тәуекелді ашып, зерттеп қарастырдым.
Пайыз тәуекелділігі Қазақстан банктері үшін қаржы құралдарының табыстылығының төмендеуі мен пайыздық маржаның азаюының жалғасуына сәйкес бірте - бірте үлкен мән артып келе жатыр. Олардың қатысушылары нарықтық қағидаларға сүйенген жұмыс жасайын қаржы нарықтарында, яғни несиелік ұйымдардың пайыз мөлшерлемесін қайта реттеуі жүргізілетін жерлерде пайда болады. Пайыз тәуекелділігінің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар пайыз мөлшерлемесінің тұрақтылығы мен динамикасы мөлшерлеменің өзгеруіне икемді келуі жағынан қарағанда банктің активтері мен пассивтерінің құрылымы және де уақыт мерзіміне байланысты актив пен пассивтің теңгерілім деңгейі болып табылады. Пайыз тәуекелділігі қарыз алушыға, несие берушіге де әсер етеді. Қазіргі жағдайда пайыз тәуекелділігін реттеудегі өзекті мәселе - жалпы нарықтық жағдайға мониторинг жүргізу қажеттілігі өсе түседі. Пайыз мөлшерлемесін қалыпқа келтіру қажеттілігі, олардың шамадан тыс қозғалуы банктік жүйе операцияларының тиімділігіне кедергі, әрі жоғары пайыз тәуекелділігінің тууына себепкер болуы мүмкінділігінен шығады.
Пайыз тәуекелділігің деңгейін бақылау және басқару үшін нақты стратегиясы жасалады. Пайыздық тәуекел - бұл несие берумен байланысты банктің тартылған қаражаттарының орташа құнының, яғни депозиттер және қарызға алынған ақшаларды несие мерзімі кезінде несие бойынша орташа проценттік мөлшерлемеге жету мүмкіндігі тәуекелі. Проценттік тәуекел тұрақты болып табыла ма, немесе оны болдырмау активтерден түсетін табыстың (несие бойынша мөлшерлеме) өзгеруін тартылған қорлардың шығындарында (яғни, банктік несие беру үшін қаражат алу құны) мерзімі және көлемі бойынша өзгерулерді толығымен баланстау мүмкін болса. Бірақ, іс жүзінде кез келген уақытта барлық кредиттерді осылайша теңестіру мүмкін емес және банктердің өздері де осындай саясатты ылғи да жүргізуге мүдделі емес. Сондықтан банктер ылғи проценттік тәуекелге ұшырайды, бірақ, бұл проценттік тәуекелді басқаруды болжайды.
Міндеттемелерді басқару банк өзінің салымшылары мен басқа да кредиторлар арасында уақыттың кез келген мерзімінде табысты орналастыра алатын қарыздық инструменттерді таңдау мен көлемінің шектеулілігімен күрделенеді, яғни несие беру және қолдағы бар қаражаттары есебінен басқа банктер немесе банктік емес несиелік мекемелер тарапынан бағалық бәсекелестікке қажетті қаражаттардың қол жетімділігімен шектелген. Пайыздық тәуекелді басқару міндетті банктің табыстылығы және өтімділігінң мақсаты шегінде осы тәуекелді минимизациялауды кіріктіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Бізге жеке сектордағы да, сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы да жүйелік тәуекелдерді басқаруды дамыта түсу қажет. Үкімет, Қаржылық Бақылау Агенттігі және Ұлттық банк тәуекелдерді басқарудың икемді де сенімді жүйесін құруы керек» деп жолдаған болатын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қайта қаржыландыру ресми ставкасын қоса алғанда, ақша нарығындағы ахуалға және инфляция деңгейіне қарай өз операциялары бойынша ставкаларды реттейтін болады. Ставкалар дәлізін белгілеу жолымен сыйақының нарықтық ставкаларына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әсер етуін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
1. 2. Тәуекелдің табыстылықпен байланысы
Тәуекел және табыстылық бір бағытта өзгереді: табыстылық көп болған сайын, тәуекел де жоғарлайды. Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді. Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.
Кәсіпкер шығын тәуекеліне қосымша табыс табу ықтималдығы бар болғасын белгісіздік жағдайда тәуекелге барады. Бірақ ол кепілдендірілмеген. Бұл жағдай табысқа немесе шығынға әкеледі.
табыс
П3
П2
П1
0 r2 r3
Тәуекел
Сурет 4-Табыстың тәуекелге тәуелділігі.
Бұл суретте тәуекелдің аз түрі (r1=0), бірақ мұнда табыс төмен (П1), ал ең жоғарғы тәуекел r3 көбірек табыс әкеледі П3. «Тәуекелге бармаған, ұтпайды » деген тұжырым еске түседі. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпкер экономикалық табыс алу үшін, саналы түрде тәуекел шешім қабылдау керек.
Банкілік қызметтердің мақсаттарының бірі - мүмкін болғанша төменгі (минималды) тәуекелмен жоғары (максималды) табыс алу. Біздің көзқарасымыз бойынша, тәуекел - табыстылық ара қатынасы үшін минимумға қол жеткізілгені немесе соған эквивалентті табыстылық тәуекел арақатынасы үшін максимумға қол жеткізгені оңтайлы жағдай болып табылады.
Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді. Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.
2007 жылы 1-ші желтоқсандағы көрсеткіш бойынша, табыс салығын өтегеннен кейін екінші деңгейлі банктердің табысы 207, 4 млрд. тг құрады. Табыстылықтың жиынтық көлемі 1618, 1 млрд. тг, ал шығындары 1410, 7 млрд. тг құрады.
2008 жылы 1-ші ақпандағы көрсеткіш бойынша, табыс салығын өтегеннен кейін екінші деңгейлі банктердің табысы 7, 1 млрд. тг құрады. Табыстылықтың жиынтық көлемі 211, 8 млрд. тг, ал шығындары 204, 7 млрд. тг құрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz