Халықаралық валюта жүйесі жайлы



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1. Халықаралық валюталық жүйесінің қалыптасуы және оның даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Халықаралық валюта жүйесі: мақсаты, міндеті және қызметтері ... ... .10


II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСIНIНІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2.1 Қазақстан Республикасы валюта жүйесінің жалпы жағдайы мен белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Қазақстан Республикасы төлем балансы және оның құрылымы ... ... ... 21


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта және ен басты элементтердің бірі төлем балансы жатады.
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар , халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды.
1. Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы, Қазақ университетi.
2. Байгiсиев Майдан-Әли / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
3. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. - Алматы: “Экономика” 2000ж.
4. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001, - 466 б.
5. С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2004ж. – 248 бет.
6. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
7. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
8. Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
9. С.Б.Мақыш “Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер” // ҚазҰУ хабаршысы. №5, - 2006 ж.
10. Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2005 ж.
11. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
12. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996.
13. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 3

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Халықаралық валюталық жүйесінің қалыптасуы және оның даму
кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Халықаралық валюта жүйесі: мақсаты, міндеті және қызметтері
... ... .10

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСIНIНІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..14

1. Қазақстан Республикасы валюта жүйесінің жалпы жағдайы мен
белгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Қазақстан Республикасы төлем балансы және оның құрылымы
... ... ... 21

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

КIРIСПЕ

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге
даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш
күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен,
халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының
интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Халықаралық валюталық
жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын
тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың
жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы
халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық
капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық
жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және
халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық
валюта және ен басты элементтердің бірі төлем балансы жатады.
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi
сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және
мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi
даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап
ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк
ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық
рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық
валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы
елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар , халықаралық
экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық
валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң
экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта
өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.
Сондықтан мен курстық жұмыс тақырыбын “Халықаралық валюта жүйесi
және валюта курсы” деп алдым.
Бұл курстық жұмысымды жазудағы негiзгi мақсатым мен мiндеттерiме мыналар
жатады:
1) халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының
себептерiн талдау;
2) халықаралық валюталық жүйенiң эволюциясын зерттеу, оның әр түрлi
кезеңдегi ерекшелiктерiн талдау;
3) халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықту;
4) халықаралық валюталық жүйенiң , сондай-ақ аймақтық валюталық жүйенiң
негiзгi ерекшелiктерiн бағалау;
5) халықаралық валюталық жүйенің негізгі элементтері болып табылатын
валюталық бағам мен төлем балансын жан-жақты талдау;
6) Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi
жағдайы қарастыру болып табылады.

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Халықаралық валюталық жүйесінің қалыптасуы және оның даму кезеңдері

Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс белгiлерiне
байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк шаруашылықтың
негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.
Дүниежүзлiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында оның
құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық
қайшылықтар орын алды. Дүниежүзлiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi
жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн
жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Жаңа дүниежүзлiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен
жүргiзiледi:
1-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың
түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс
сақталады.
2-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен
аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.
3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.
Дүниежүзлiк ваюталардың жүйенiң мынандай эваолюциялары белгiлi:
1. Жаңа валюталық жүйенiң құрылуының алғы шарттары.
2. Париждiң валюталық жүйесi.
3. Генуэз валюталық жүйесi.
4. Бреттон – Вудс валюталық жүйесi.
5. Ямайск валюталық жүйесi.
6. Европалық валюталық жүйесi.
1929-1936 жылдарда дүниежүзлiк валюталық дағдарыстың басты
ерекшелiктерi келесiдей:
– циклдiк сипат: валюталық дағдарыс дүние жүзлiк экономикалық
және ақша несиесiмен байланысты болды;
– құрылымдық сипат: дүниежүзлiк валюталық жүйенiң алтын девиздiк
стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;
– ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзiне дейiн болуы.
БҰҰ–ның Британ–Вудстағы 1944 жылы болған валюталық қаржылық
конференциясында дүниежүзлiк сауданың ұйымдастырудың, валюталық,
несиелiк және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелерi
бекiтiлiп үшiншi валюталық жұйе дүниеге келдi.
60 жылдардың аяғынан бастап, Бриттан – Вудс валюталық жүйенiң
дағдарысқа ұшырауы. 1976 жылғы қаңтардағы ХВК - ға мүше елдердiң
Кинготондағы келiсiмi ХВК – дың жарғысына өзгерiстер енгiзе отырып,
төртiншi валюталық жүйенiң келесiдей бағыттарын бекiттi:
• Алтын – девиз стандартты орнына СДР стандарты енгiзiлдi;
• Елдерге кез-келген валюталық бағам режимiнiң таңдауға құқық
берiлдi.
СДР-дiң қызметт етуiнiң мынандай басты мәселесi болды:
1. эмиссиялау және басу;
2. қамтамасыз ету;
3. бағамды анықтау әдiсi;
4. СДР-дiң пайдалану ауқымы;
Европалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану процесiн
ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң даму
себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас
орталықтардың дүниежүзлiк нарықтағы өзара қарсы күресi және валюталық
тұрақсыздағы жатады . Европалық экономикалық қоғамдастық – бұл батыс
европа елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру тобын
бiлдiредi, ол 1957 жылы наурызда алты елдiң: ФРГ, Франция, Италия,
Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерiнiң арасыында жасалған
келiсiм шартында қабылданып, 1958 жылдың 1 каңтарында басты қызмет
етедi.
Батыс еуропалық интеграция өзiнiң iрi ерекшелiктерiмен
ажыратылады:
Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы көмiрдiң ортақ нарығынан басталады және
шаруашылық кешен интегралданғанға дейiн 6 ел және 12 саяси одақ
болса, бiрiншi уақытта 15-16 мемлекетке жеттi.
Екiншiден, ЕҚ – ның институционалдық құрылымы мемлекеттiң құрылымына
жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
• Еуропалық кеңес;
• Министiрлер кеңесi – заң шығарушы орган;
• ЕҚ комисиясы – атқарушы орган
• Еуропалық парламент – кеңес берушi орган. Бұл орган ЕҚ және министiрлер
кеңесiнiң қызметiн бақылайды, ЕҚ бюджетiн бекiтедi.
ЕҚ соты – құқықтық нормаларын сақтамаудың қадағалау ұйымы.
Үшiншiден, интеграцйиялық процестiң материялдық негiзi болып, ЕҚ –
тың бюджетiнiң бiр бөлiгiнен құралған көп бiрлескен қорлар қызмет
етедi.
1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Еуро қолма – қолсыз төлемдер
үшiн мемлекеттердiң жаңа қағаздарын орналастыру енгiзiлiп, эволюциялық
одаққа мүше елдердiң ұмтық ақша бiрлiктерi 2002 жылы 1 шiлдесiнен
бастап өз қызметтерiн жойды делiнген.
ЕВЖ, алтындынақты резервтiк активтер пайдаланды:
Бiрiншiден, Еуро – алтынмен жартылай қамтамасыз етiлген;
Екiншiден, ЕҚ – қа бiрлестiгi үшiн 207 кг мөлшерiнде бiрлескен
алтын қоры құралған.
ЕВЖ-дегi мемлекет аралық аймақтықты реттеу орталықты банктерге
уақытша төлем балансындағы тапшылықты жабуға және валюталық
интеграцияға байланысты есеп айырысулар үшiн несие беру жолымен
жүзеге асырылады.
Екiншi дүниежүзлiк соғыста Еуропа мемлекеттерiнiң қираған
экономикасын қалпына келтiру және тұрақтандыру мәселелерiн шешу
мақстында Бреттон-Вудстағы өткен халықаралық валюта қаржылық
конференциясында 2 ұйым: Халықаралық валюта қорын (ХВҚ) және
халықаралық қайта құру және даму банкi ( ХҚҚДБ) құру туралы қаулы
қабылданды. Қор әлемдiк валюта жүйесiнiң тұрақтылығын қолдау үшiн,
ал банк оған қатысушы елдердiң ұзақ мерзiмдi экономикалық дамуын
ынталандыру үшiн құрылған .
ХВҚ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының маманданған органы ретiнде өз
жұмысын 1947 жылы наурызда бастады. Оның штаб-пәтерi Нью-Йоркте
орналасқан, басқарушы органы барқрмалар кеңес қатысушы елдердiң қаржы
министiрлерiнен немесе орталық банктердiң басқармаларынан тұрады, кеңес
жыл сайын шақырылады. Атқарушы органы директат. алғашқы кезде бұл
қорға 49 ел мүше болып кiрiп, оның капиталы 8 млд доллорды құрады.
Қазiргi кезде мүшелерiнiң саны иөрт есе көбейiп, ал капиталы
шамамен 18 есе өстi.
ХВҚ-ның негiзгi қызметтерi төмендегiлер:
Халықаралық сауданың немесе валюталық ынтымақтастықтың дамуына
көмек көрсету.
• Валюталық паритеттiң тұрақтылығын сақтау және валюталық шектеудi
жою;
• Төлем балансының теңелуi үшiн кез-келген қатысушы елге несие
ресурстарын беру;
Қорға мүше болып кiру – мемлекеттiң ХҚҚДБ-ге және оған туыстас
басқада валюта несие ұйымдарына кiруiнiң мiндеттi жағдайы.
Халықаралық қайта құру және даму банкi БҰҰ-ның маманданған
және оның шешiмдерiне тәуелсiз орган ретiнде өз жұмысын 1946 жылы
маусымда бастады . Банктiң өз жұмысын кеңейту барысында туыстас төрт
бөлiмшелер ұйымдастырылады: халықаралық салық корпарациясы ,
халықаралық даму акциясы, халықаралық инвестицияладрды, таластарды
реттеу орталығы және инвестициялықты қорғау жөнiндегi көп жақты
агенттiк. Қазiргi кезде осы ұйымдар бiрiгiп әлемдiк банк (ӘБ) тобын
құрайды, оның штаб пәтерi Вашингтонда орналасқан, ал ХҚҚДБ – осы топтың
орталық буыны – оны әлемдiк банк деп атайды.
Әлемдiк банк топтың ең қуатты бөлiмшесi, ол 240 млд доллардан
акциялық капиталды иемденедi, қазiргi кезде оның құрылтайшылар саны
180 мемлекетке жеттi. Банк басқару органы – басқармалар кеңесi –
қатысушы – елдердiң қаржы министiрлiгiнен немесе орталық банктерден
басқармаларынан тұрады. Оны президент басқарады. Банктiң күнделiктi
атқарушы директорлар кеңесi басқарады, кеңес штап пәтрiнде орналасқан
ол жетңi саиын кеңес отырысын өткiзедi. Кеңес 24 адамнан тұрады,
олар-iрi акциянерлердiң бiр-бiр өкiлi және 19 аймақтың өкiлдерi.
Халықаралық қаржы коорпарациясы 1956 жылы мемлекеттiк кепiлдiк
алмай-ақ дамушы елдердiң экономикасындағы жеке сектордың жұмысын
анықтау үшiн құрылған.
ХВҚ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының маманданған органы ретiнде өз
жұмысын 1947 жылы наурызда бастады. оның штаб-пәтерi Нью-Йоркте
орналасқан, басқарушы органы басқармалар кеңес қатысушы елдердiң
қаржы министiрлерiнен немесе орталық банктердiң басқармаларынан тұрады,
кеңес жыл сайын шақырылады. Атқарушы органы алғашқы кезде бұл
қорға 49 ел мүше болып кiрiп, оның капиталы 8 млд доллорды құрады.
қазiргi кезде мүшелерiнiң саны иөрт есе көбейiп, ал капиталы
шамамен 18 есе өстi.
Инвистициялардың кепiлдiгi жөнiндегi көп жақтық агеттiк 1988
жылы дамушы елдердiң шетел жеке инвистициторларына инвестициясынан
саяси қауыптен қорғану үшiн құрылған. Атап айтқанда: экспропорция,
яғни жеке меншiктi айыру қаупi , келiсiм жағдайларды бұзу қауiптiлiгi
т.б. 15-20 жыл бойы сақтауға кепiлдiк бередi. Агентiк мүшелерi болып
тек ХҚҚДБ берген несиелер мемлекеттiң төлем қабылеттiлiгiне
сүйенедi.

1.2 Халықаралық валюта жүйесі: мақсаты, міндеті және қызметтері

Валюта ( италиян сөзi , сөзбе - сөз – құн ) – елдiң ақша бiрлiгi ,
оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары
арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. Осы халықаралық
немесе ұлттық валюта қатынастарының негізінде валюталық жүйе ұғымы пайда
болады.
Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық
келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру
және реттеу формасын бiлдiредi .
Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының
қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк
шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан
қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiреді. Валюталық қатынастардың
жекелеген элементтері ерте Грецияда және Римде вексель түрінде пайда болды.
Яғни, оларда алғаш рет вексель жәрменкелері пайда болып, аудармалы вексель
бойынша есеп айырысулар жүргізілді.
Шаруашылықтың интернационалдануы және әлемдiк еңбек бөлiнiсiн
интенсивтендiрілуі халықаралық нарықтың құрылуына себепшi болды.
Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi рыноктағы өркендеген салалардың
өнiмiн сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын
жетiлдiру – мiне осылардың бәрi әлемдiк сауда саттық байланыстардың
кеңесiне әсер еттi. Яғни, сыртқы сауда жағдайларын, әр елдің валютасының
құнын анықтау қажеттігі туындады. Алғашында мұндай айналыстарға елдер
немесе аумақтар бойынша алтын қолданылса, ал осы заманғы күрделенген төлем
жүйелерінің және төлем тәртіптерінің пайда болуына байланысты бұл валюталық
қатынастар одан сайын күрделене түсті.

Әлемдегi елдердiң қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал
және несие жылдан – жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы
өндiрiс процесiнде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдiк
нарыққа ұласады және де әрбiр егемен мемлекеттiң заңды төлем
құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында,
әдетте, шетел валютасы қолданылады. Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа
интеграциялауына ақша капиталының бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел
валютасына және керiсiнше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта
есеп айырылысу және несие – қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың ұлттық және әсемдiк
экономиксының дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арсындағы күштердiң
шектi қатынастарына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық
байланыстарда, оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен
экономика, дипломация мен комерция, өнер кәсiптiк сауда мен өндiрiс
бiр – бiрiмен өзара бетеме байланысуы валюталық қарыс – қатынастардың
ұлттық және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi.
Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк
нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай
капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше. Ол
көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және
қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндiрiстiң
сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы; шетелдiк ғылым
деңгейiне, халық аралық сауданың дамуына, шетел капиталы ағымына арта
түседi. Сондықтан да бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң
арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi.
Халықаралық сауданың дамуына, валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен
валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процентiне керi әсерiн тигiзедi.
Дүниежүзлiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында оның
құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық
қайшылықтар орын алды. Дүниежүзлiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi
жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн
жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
1. Ұлттық валюталық жүйе;
2. Дүниежүзлiк валюталық жүйе;
3. Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе.
Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын
, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын және
оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтық бiлдiредi
. Ұлттық валюта елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета)
және қолма-қолсыз формада (банктік шоттағы ақша қалдығы) бола алады. Оның
эмитенттері Орталық және коммерциялық банктер. Ұлттық валюталық жүйе елдің
ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының
және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына
байланысты анықталады. Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен
тығыз байланысты. Дүниежүзлiк валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына
қарай құрылған .
Дүниежүзлк валюталық жүйенің мақсаты бұл халықаралық несие қаржы
институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз
ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқұқтардың
нормалар кешенiн құрайды. Бұл ереже шарттардың негізгі міндеті –
халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы
фирмалардың іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі
халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға
мүмкіндік туғызуы қажет.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес рөл атқарады. Ол
өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-
есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша
айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйе мен ұлттық валюталық жүйе
арасындағы тығыз байланыс, сыртқы экономикалық қызмет көрсететін Орталық
банктер арқылы жүзеге асырылады.
Дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң негiзгi элементтерi болып төменде
көрсетiлгендер саналады:
• Резервтiк валюталар, халықаралық есептесулерге арналған валюталық
бiрлiктер;
• Валюталардың өзара айырбасталу шарттары;
• Валюталық паритеттердiң үйлестiрiлген тәртiбi;
• Валюталық бағамдау тәртiбiнiң ережесi;
• Валюталық шектеулердi мемлекет аралық реттеу;
• Халықаралық валюта өтiмдiлiгiн мемлекет аралық реттеу;
• Халықаралық есептесулердiң негiзгi факторларын үйлестiру;
• Дүниежүзiлiк валюта рыноктары мен алтын рыноктарының режимi;
• Мемлекетаралық валюталық реттеудi жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар.
Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк
валюталық жүйе тереңдiгiне құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе
– бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта
аймағында ұйымдастырылуы – эконномикалық формасындағы катынастырды
бiлдiредi.

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСIНIНІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасы валюта жүйесінің жалпы жағдайы мен белгілері

Қазақстанның ұлттық валюта жүйесi қазiргi кезде өзiнiң қалыптасуы және
даму дәуiрiн бастан кешiрiп отыр. Дегенмен оның негiзгi тенденциялары мен
қағидалары жеткiлiктi түрде анықталды деп айтуға толық болады. Бiздiң
мемлекет дүниежүзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға бағыт алып, 1992 жылдың
15 шiлдесiнде Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше болып кiрдi.
Ұлттық валюта жүйесi дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң құрылымдық
принциптерiне сәйкес қалыптасты. Қазақстан Республикасының қазiргi
валюталық жүйесi мен оның негiзгi элементтерiн мұқият қарастырып көруге
мүмкiндiктер жеткiлiктi деп есептеймiз.
Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзiн осы мемлекеттiң заңымен бекiтiлген
ақша бiрлiгi құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12
қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде
1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге енгiзiлдi.
Қазақстанның дүниежзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның
халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсендi түрде қатысуын
талап етедi. Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы негiзгi валюталық саясаты теңге
құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркiн ауысатын валюталарға
айырбастауды мейлiнше ырықтандыру. Мұның өзi бiр жағынан балансталған,
екiншi жағынан шетелдiк тауарлар мен валюталар үшiн ашық ұлттық рыноктың
болуын талап етедi. Теңгенiң еркiн ауысатын валюталармен салыстырғандағы
бағамының орнықтылығы Қазақстан экономикасы үшiн дүниежүзiлiк рынокқа
шығудың тиiмдi жолы.
Нарыққа өту кезеңiнде қазақстан егемендi ел ретiнде өзiнiң саяси
дамуы кезеңiнде валюталық саясат жүргiзуi керек. Қазақстанның алдында
шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық
шаруашылығын қайта құру оны нарық рельстерiне түсiру мәселелерiн
бiрге шешу мiндеттерi тұрады.
Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде Халықаралық валюталық қорға мүше
болып кiргеннен бастап өзiнiң валюта қатынастарын “Ямаика” валюта
жүйесiнiң құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес
қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың
14 сәуiрiнде “Валюталық реттеу туралы” ҚР-ның алғашқы заңы
қабылданды. Ол кезде Қазақстан Кеңес экономикасы аймағында болғандықтан
шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын.
Қабылданған заң бойынша валютаны ырқына жiберу деңгейiне сәйкес келiп
кейбiр жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына
тiптi қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда
Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан заң қабылданды.
Жоғарыда аталған заңға қоса, “Қазақстан республикасының ақша
жүйесi туралы” 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; “Қазақстан
Республикасының ұлттық банкi туралы” 1995 жылдың 30 наурыздағы заң
“Асыл тастар және қымбат бағалы метелдармен байланысты қатынастарды
мемлекеттiк реттеу туралы” 1995 жылдың 20 шiлдедегi заң, сонымен
қатар ҚР Президентiнiң Жарлықтары үкiмет қаулылары мен ұлттық банк
басқалырымен нормативтiк актiлерi жатады.
Қазақстан заңдары бойынша валюталық обьектiсi болып шетел
валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды,
аффинирленген алтын мен басқа металдарды республикаға әкелу, алып
кету және жiберу тәртiбiн белгiлеу болып есептелiнедi.
Қазiргi кезде АҚШ долларының тиiмдi бағымының индексi номиналды
және нақты түрде есептеледi.
Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері:
1) Ұлттық валюта. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу
түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-
ден бастап ұлттық валюта – теңге енгiзiлдi. Ал 1999 жылы ұлттық
валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде
дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-
күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.
2) Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а)
еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық)
валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін
айырбасталатын валюта болып табылады.
3) Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын
құрамына байланысты өзара қатысы. Сондай-ақ 1970 жылдардан бастап Еуропа
елдерінде және 1991 жылдан бастап Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша
валюта паритеті тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) – арнаулы ақша өлшемімен
немесе басқа халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес.
Сонымен валюталық паритет дегеніміз – валюталық бағамның негізі болып
табылатын заңлы тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас.
Мұнда егер ұлттық валюта теңгеге, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал
дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға
немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен
валюталық бағамды анықтауда негізі ретінде қызмет ететін және валюталар
бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге пайдаланылатын
халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын әлемнің алдыңғы
қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталарын сипаттайды.
(мысалы, АҚШ доллары мен еуро ақша бірліктері).
70 жылдардан бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталуға
көшті. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бөліктерінің сомасын
сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен
анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.
Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi – валюталық бағам болып
табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң
халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен
өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы
бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр
түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен
формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра
байланысты негiзделедi.
Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi
көптеген факторларға байланысты өзгередi. Валюталық бағамның
қажеттігі:
• Тауар және қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы
барысында өзара валюталарды айырбастайды. Ипортер ұлттық валютаны
шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына алмастырады;
• Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды және құндық көрсеткіштерді
салыстыру;
• Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы счеттарын үздіксіз қайта
бағалап отыруға.
4) Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы элементі. Валюталық
шектеу резиденттерi мен резидент еместердiң валюталар және
басқадай валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларын заңды түрде
немесе әкiмшiлiк түрде тиым салуын, шектеуiн бiлдiредi. Валюталық
шектеу, валюталық бақылаудың құрамдас бөлiгi болып табылады. Валюталық
шектеу валюталық заңдылықтармен бекiтiледi .
Валюталық шектеудiң мақсаттары келесiдей :
• төлем балансын теңестiру;
• валюталық бағамды қолдау;
• ағымдағы және стратегиялық мiндеттердi шешу үшiн мемлекеттiң
қолында валюталық бағалықтардың шоғырлануы;
Валюталық шектеу келесiдей қағидаларға сүйенедi :
• валюталық операцияларды Орталық және өкiлеттi банктерде
орталықтандыру;
• валюталық операциялар жасау үшiн рұқсат қағазының берiлуi ;
• валюталық шоттарды жартылай немесе толық жабу;
• валюталардың қайтарымдығын шектеу.
5) Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері,
СДР есепшоттары, еуро) ХВҚ резервтік бағыты және елдің сыртқы қарыздарын
өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігі
нреттеу.
6) Халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу
формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
7) Валюта нарығы мен алтын нарығының ережелері;
8) Валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы. Оларға
елімізде: Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, валюталық бақылау ұйымдары және
т.б. жатады.
Ұзақ тарихт даму нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі
элементеріне келесілер жатады:
1) Әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық
валюталық өлшем);
2) Валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
3) Валюталық паритет пен валюталық бағам тәртібін үйлестіру;
4) Валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
5) Халықаралық валюталардың өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (СДР-
ді, еуроны);
6) Несиелік айналым қорларының халықаралық айналымын үйлестіру;
7) Әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
8) Мемлекетаралық реттеу институттарының статусы – 1944 жылдан бастап
Халықаралық валюта қоры бекітілді.
Өз кезегінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын талдау
Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйедегі орны және оның экономикадағы маңызы
Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономиқалық мәні
Әлемдік қаржы нарығы туралы
Қазақстан республикасындағы валюталық реттеуді жетілдіру жолдары және оның даму перспективасы
Ресми алтын валюта қорының құрлымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Ақша рыногының теориялық негіздері
Еуропалық валюта жүйесі
Пәндер