Қазақстанның Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

  1. Кіріспе.

Қазақстанның Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі.

  1. Негізгі бөлім

1) Сот жүйесіне қарсы қылмыстар.

2) Соттардың қызметін қамтамасыз ету.

  1. Қорытынды

Кіріспе

Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 15-тарауы «Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар» мәселесін қамтиды.

Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргiзуге кедергi жасау (339-бап. )

1. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне қандай да болмасын нысанда араласу -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Iстi жан-жақты, толық және объективтi тергеуге кедергi жасау мақсатында қандай да болмасын нысанда прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзушi адамның қызметiне араласу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, немесе онсыз осындай мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге асырушы адамның өмiрiне қол сұғу (340-бап. )

Судьяға, алқабиге, прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүзеге асырушы адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына, алдын ала тергеу жүргiзiлуiне, не үкiмдi орындауға, соттың шешiмiне немесе өзге сот актiлерiне байланысты аталған тұлғалардың заңды қызметiне кедергi жасау, не iстеген қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған олардың өмiрiне қол сұғу -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, не өлiм жазасына кесiледi, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сот төрелiгiн жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргiзуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi (341-бап. )

1. Iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға, алқабиге, сол сияқты олардың туыстарына қатысты өлтiремiн деп, денсаулыққа зиян келтiрумен, мүлкiн бүлдiрумен немесе жоюмен қорқыту -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Алдын ала тергеу жүргiзiлуiне, iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына, не үкiмнiң орындалуына, соттың шешiмiне немесе өзге сот актiлерiне байланысты прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзетiн адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына қатысты жасалған дәл сол әрекет -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өмiрi немесе денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолдана отырып жасалған әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамдарға өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi күш қолдана отырып жасалған әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық Кодекстің 342-бабына сәйкес, Сотты құрметтемеу: 1. Сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрiнген сотты құрметтемеу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады. 2. Судьяны және (немесе) алқабидi қорлаудан көрiнген дәл сол әрекет - екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

Судьяға, алқабиге прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзушi адамға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жала жабу Қылмыстық Кодекстің 343-бабымен реттеледі: 1. Iстiң немесе материалдардың сотта қаралуымен байланысты судьяға немесе алқабиге қатысты жала жабу - екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Алдын ала тергеу жүргiзiлумен, сот сараптамасы жүргiзiлуiмен не үкiмнiң орындалуымен, соттың шешiмiмен немесе өзге сот актiсiмен байланысты прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзушi адамға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жасалған дәл сол әрекет -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан әрекеттер -төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ал Кодекстің 350-бабы бойынша, көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығару төмендегідей жауапкершілікке тартады: 1. Судьяның (судьялардың) көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығаруы -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Бас бостандығынан айыруға соттың заңсыз үкiм шығаруымен байланысты немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстық кодекстің 356-бабына сәйкес, Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету: 1. Судьяға, сот приставына, сот атқарушысына, жәбiрленушiге, куәгерге, қылмыстық процеске басқа да қатысушыларға қатысты, сол сияқты олардың туыстарына қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету, егер бұл әрекеттi аталған мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе оның қызметтiк жұмысына байланысты белгiлi болған адам жасаса - екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады. 2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстық Кодекстің 362-бабы «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн орындамауға» қатысты жауаптылықты реттейді. 1. Заңды күшiне енген сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн қасақана орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергi жасау - екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Өкiмет өкiлi, мемлекеттiк қызметшi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының қызметкерi, сол сияқты мемлекеттiк мекеменiң коммерциялық немесе өзге де ұйымның қызметкерi жасаған дәл сол әрекеттер - екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалау ережелерiн қасақана бұзуы, сол сияқты қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерiнен өз бетiмен кетiп қалуы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейiн таңдап алған тұрғылықты жерiне әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару мақсатымен белгiленген мерзiмде бармауы -
бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы конституциясындағы сот билігі және сотпен қорғану құқығы
Судьялардың мәртебесі
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
ҚР-ның сот жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сот билігі жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Сот билігі
Судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz