Қазақстан туризміндегі жарнама: жағдайы, түрлері және әлеуметтік-экономикалық әсері


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы туризмдегі жарнама

Қазір әлемді жарнамасыз елестетуге болмайды деуге болады. жарнама бізді барлық жағымыздан қоршап алған. Уйде де жарнама, теледидарда да жарнама, радиода да жарнама, журналда да жарнама, газетте де жарнаманы кездестіруге болады. кейде жарнамадан адамдардың жүйкесі тозады, ал кейде кезде жарнама халықтың көңілін көтереді деуге болады. Бірақ ол жарнамаға байланысты болып келеді. Жарнама - бұл ежелден келе жатқан, адамдардың көңілін аулау үшін, адамдарды қызықтыру үшін жасалынатын құбылыс. Оның тарихы өндірістің дамуымен, тауардың алмасуымен өте тығыз байланыста болған. Қазіргі заманда жарнаманы экономикаға байланысты, информация-коммуникативтік, жалпы мәдени түрде шығарып жатыр.

Жарнама басқа маркетингтік коммуникациядағы сияқты, туристік фирмаларда да үлкен рольді ойнайды. Ол халыққа әлеуметтік-мәдени және психологиялық әсер береді. Жарнама сатылымның көлемін көбейтеді. Қазіргі заманда, біздің Қазақстанда туризм қарқынды дамып келе жатыр деуге болады. Ол қалай дамып келе жатыр? Деген сұрақ туады. Ол дегеніміз, оның бірі жарнаманың әсерінен деуге болады. Әлемдік сараптама бойынша туристік мекемелер жарнаманы көп пайдаланушылардың бірі болып табылады деп шешкен. Мысал, туристік фирмалар тапқан табыстың 5-6 пайызын жарнамаға жұмсайды. Қазақстанда, сырттан келушілер туризмін талдау көрсеткендей, туристердің 58, 4 пайызы біздің елге іскерлік және кәсіьи мақсаттармен келгенін көрсетеді. Жыл сайын сыртқа шығушылардың туризмінің көлемі артып жатыр. Егер 2000 жылы туристік фирмалар шетелге 67360 туристі жіберсе, ал 2005 жылдың қорытындысы бойынша кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 210692 туристерді құрады. Алыс шетел мемлекеттерінің ішінде Туркия - 63, 1 мың адам (30 пайыз), Қытай - 48, 6 мың адам (23, 1 пайыз), Біріккен Араб Әмірліктері - 23, 8 мың адам (11, 3 пайыз) Қазақстан тұрғындары арасында барынша танымал болып табылады. Осыған жарнаманың өз үлесін қосқандығын байқаймыз. Егер жарнама болмағанда біз ол елдің қандай екенін, оның қандай кереметтері туристерді қызықтырады т. с. с. білмейтін едік. Сондықтан тіл жетпеген жерге жарнаманы жеткізуге болады.

Бүгінгі таңда Алматылық нарықта туристік қызметтер көрсететін 200-ден астам туристік фирмалар белгілі. Бірақ олардың ірілері ғана өздерін жарнамалайды. Әрине, бұқаралық ақпараттар құралдарында жарнама беру өте қымбат болғандықтан тек мықты капиталы бар туристік фирмалар жарнама бере алады. Жарнама компанияларды ұйымдастырған кезде маркетингтік стратегияға байланысты сәйкес әрекетке бару қажет. Ол бұл компанияның мақсаты мен міндеттерін анықтайды және жарнамалық каналдардың құралдары мен түрлеріне әсер етеді.

Жанама түрде жарнаманың әсерін анықтайтын, сонымен қатар жарнамалық өнімнің сапасын анықтауға арналған тәсілдері бар:

  1. Жарнама саласында қызмет атқаратын, әртүрлі кәсіп иелерінен құралған редакциялық және көркемдік кеңестердің сараптамалық бағасы.
  2. Отандық және шетелдік сарапшылардың жарнамалық өнімді бағалауы.
  3. Сауалнама жүргізу.
  4. Жарнамалық өнім шығарушылардың арасында байқаулар өткізу тәсілі.

Тұтынушылардың сұраныстарын зерттегенде қымбат немесе арзан бағаларға қарамай, жолдаманы сатып алуға көбінесе жақындарының кепілдемелері және сол фирманың репутациялары үлкен әсерін тигізеді. Көп уақыт жұмыс істегенде көптеген туристік фирмалар көптеген жетістіктерге жетеді. Олар өз фирмаларын дамыту үшін, маркетингтік және жарнамалық зерттеулер үшін қаражат алмайды. Мысалға интернет сайт арқылы белсенді жарнама жұмыс істелінеді.

Қазақстандағы туристік фирмалар көбінесе прессадағы жарнамаларды қолданады. Олар газет, журнал т. б.

Ал енді жарнаманы таратудың да өзінің бір түрлері болады. оларды атап өтсек:

  • Теледидардағы жарнама
  • Радиодағы жарнама
  • Прессадағы жарнама
  • Афишалы жарнама
  • Почталық жарнама т. б.

Енді осы жарнамалардың түрлеріне қысқаша тоқталып өтсек.

  1. Теледидардағы жарнама. Бұл жарнаманың түрі ең қымбат болып табылады. Өйткені біз теледидардан оны көре аламыз, ести аламыз т. с. с. Оның маңыздылығыны келетін болсақ, олар:Бір уақыттағы визуалды және дыбыстық әсер ету, құбылыс қозғалыс ретінде байқалады, бұл көрермендерді қызықтырады. Таңдаулы түрде анықталған аудиторияға әсер ету мүмкіндігі. Ауқымды аудитория. Ұмытылмас бейнелерді құру үшін үлкен мүмкіндіктері бар. Адам теледидарды ешқайда асықпай, демалып отырған кезде көреді. Бір тәулікте жазылған жарнаманы бірнеше мәрте көре алады.

Бірақ, өздеріңіз білетіндей, кез келген нәрсенің жақсы жағы болса да, оның жаман жағы да болады. Жарнамада да тура осындай. Оның жаман жақтары:

  • Ол қысқа болады.
  • Барлығы оны жалпы көре алады. Сондықтан ол жаман жарнама болса оны кішкентай балдар көрсе бұзылуы мүмкін.
  • Ол көп өнерлікті қажет етпейді т. с. с.
  1. Радиодағы жарнама. Бұл жарнаманың түрі теледидарға қарағанда арзан болып келеді. Бағасы да теледидардағы жарнамаға қарағанда 5-6 есе арзан. Ғалымдардың айтуы бойынша көргеннен гөрі, адам естігенде оның есінде сол мағлұмат көпке дейін сақталады. Сонықтан радиодағы жарнама жақсы болып келеді.
  2. Интернеттегі жарнама. Бұл жарнаманың түрі қазіргі заманда қарқынды дамып келе жатыр деуге болады. Қазір көптеген ірі турфирмалар осы жарнаманың түрін көп қолданып жатыр. Бұл жарнаманың өзіндік түрлері болады. Олар:
  • Текстік жарнама. Бұл информацияның ең көп тараған түрі.
  • Графикалық жарнама. Бұл жарнаманың түрін барлық сайттарда кездестіруге болады.
  • Рич медиа.
  • Pop Up
  • Pop UNDER
  1. Прессадағы жарнама. Бұл жарнаманың түрі дәрежесі теледидар жарнамасының дәрежесіндей. Өйткені бұл жарнаманың түрін халық көп қолданады. Ол өздеріңіз білетіндей жазбаша түрде келеді және бұл жарнаманың түрі теледидар жарнамасына қарағана арзан болады.
  2. Почталық жарнама. Бұл жарнаманың түрі басқа жарнамалардың түріне қарағанда ең қарапайымы болып келеді.

Ал енді жарнама құрудағы басты қағидаларына тоқталатын болсақ:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Туризмдегі жарнама түрлері мен тарату құралдарының тиімділігі: сыртқы және интернет-жарнама Қазақстан жағдайында
Жұмыссыздықтың мәні, түрлері және әлеуметтік-экономикалық салдары: Қазақстан жағдайы мен шешу жолдары
Жарнама: мәні, жоспарлау, түрлері және Қазақстан нарығындағы дамуы
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және даму ерекшеліктері
Қазақстан туризміндегі қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелері
Қазақстан қоғамындағы дене шынықтырудың әлеуметтік-экономикалық әсері
Инфляцияның себептері, түрлері және экономикалық-әлеуметтік зардаптары: әкімшіл-әміршілдік жүйе және Қазақстан жағдайы
Теңізшевройл біріккен кәсіпорнының қазіргі даму жағдайы және экономикалық-әлеуметтік әсері
Қазақстан Республикасында туристік жарнама қызметінің теориялық негіздері мен туристік кәсіпорындардың дамуына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz