Төлем балансы туралы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
A. Төлем балансы, сауда тапшылығы. Валюта бағамы: еркін және тағайындалатын валюта бағамдары. Баға мен ақша көлемінің тепе . теңдігі
Тағайындалатын валюта бағамы әдісі
B. Төлем балансының теориялары
3.1 Төлем балансы
3.2 Төлем балансын мемлекеттік реттеу әдістері
C. Қазақстан Республикасының төлем балансы (1996 жылығы)
ІІІ. Қортынды
Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем баласының ішіне елдің барлық жасаған қарым – қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс - әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.
Елдің экспорттық операциялары (тауар экспорты, қызмет экспорты) елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансының активті (оң), ал кем болған жағдайда ( теріс) сальдолы деп атаймыз. Оң төлем балансы импортқа қажет шетел валютасымен қамтамасыз етіледі.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1. ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
2. капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар – тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капитал қозғалысы;
3. тұрақтырандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюталық қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
4. қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі;
Төменде берілген негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қарайық. Бұл кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасының сальдосы 1998 ж. теріс болды, ал қалған жылдары оң сальдо байқалады. Демек, 1998ж. елдің экспорт операциялары импортқа қарағанда аз болып, шетел валютасының тапшылғы пайда болды. Бірақ елдің теріс сальдосының нәтижесі экономикаға қатты әсер еткен жоқ, себебі тапшылық көлемі үлкен болған жоқ және де ол ұзақ уақыт бойы қайталанған жоқ.
1. Мамыров Н. Қ., Тілеужанова М. Ә.
Макроэкономика: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2003 – 432 бет;
2. История мировой экономики. Хозяйственные реформы 1920 – 1990 гг. Под редакцией профессора А.Н. Марковой. – М., «Закон и право» Издательское оъединение «ЮНИТИ»,1995.
3. К. Н. Сагадиев, М. У. Арынбекова, Ш. Е. Жаксыбекова. «Интеграция экономики Казахстана в мировое хозяйство». Ғылым, 1996.
4. Мамыров Н.Қ. Мадиярова Д.М.,
Қалдыбаева А. Е., 1998 ж. «Экономика» баспасы, 1998 ж;
5. «Международные валютные и кредитные отношения капиталистических стран». Учебник / Под ред. проф. Л.Н. Красавиной. – м., «Финансы и статистика». 1986.
6. Петро М. «Международные экономические, валютные и финансовые отношения». – М., «Прогресс – Универс»,1994.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
A. Төлем балансы, сауда тапшылығы. Валюта бағамы: еркін және
тағайындалатын валюта бағамдары. Баға мен ақша көлемінің тепе –
теңдігі
1. Тағайындалатын валюта бағамы әдісі
B. Төлем балансының теориялары
3.1 Төлем балансы
3.2 Төлем балансын мемлекеттік реттеу әдістері
C. Қазақстан Республикасының төлем балансы (1996 жылығы)
ІІІ. Қортынды

Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы
ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем баласының ішіне
елдің барлық жасаған қарым – қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық
мәні енеді. Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына
– операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық
іс - әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.
Елдің экспорттық операциялары (тауар экспорты, қызмет экспорты) елдің
импортынан артық болған жағдайда төлем балансының активті (оң), ал кем
болған жағдайда ( теріс) сальдолы деп атаймыз. Оң төлем балансы импортқа
қажет шетел валютасымен қамтамасыз етіледі.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1. ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік
және жеке тұлғалардың);
2. капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар – тікелей
және қоржындық, қысқа мерзімдік капитал қозғалысы;
3. тұрақтырандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ
(халықаралық валюталық қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы
көздері;
4. қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің
өзгерісі;
Төменде берілген негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қарайық. Бұл
кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасының сальдосы 1998 ж.
теріс болды, ал қалған жылдары оң сальдо байқалады. Демек, 1998ж. елдің
экспорт операциялары импортқа қарағанда аз болып, шетел валютасының
тапшылғы пайда болды. Бірақ елдің теріс сальдосының нәтижесі экономикаға
қатты әсер еткен жоқ, себебі тапшылық көлемі үлкен болған жоқ және де ол
ұзақ уақыт бойы қайталанған жоқ.
Төлем балансының экономикаға әсері валюта бағамына әсер етуі арқылы
жүреді. Шынында да сальдоның өз алдына тек сандық сипаты және
статичтикалық мәні болады, оның еш экономикалық мәні жоқ. Ал валюта бағамы
елдің тауар айналымын жүргізеді. Ол елдің ішіндегі өзінің 5 функциясын
(қызметін) роындауына бағамымен әсер етуінде. Себебі қазіргі заманда
әлемдік экономикаға қатысу елдің жалпы дамуының негізгі алғышарттарының
бірі. Сондықтан да валюта бағамын толығымен қарастырайық.

Атауы 1998 ж 1999 ж 2000 ж 2001 ж
1. Ішкі жалпы өнім, 1733,3 2016,5 2596,0 3285,4
млрд.тг.
2. Экспорт,млн. АҚШ долл. 5870,6 5988,5 9615,4 8646,9
3. Импорт, млн. АҚШ долл. 6671,5 5648,3 6849,8 6363,0
4. Сауда баланс сальдосы ҚР-800,9 343,7 2765,6 2283,9
5. Теңгенің бағамы (кезең 83,8 138,2 144,5 153,2
аяғында)
Кезең бойынща орташа 78,3 119,5 142,1 146,7

Егерде Қазақтан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен басқа елде,
мысалы Ресейде сауда жасасаңыз ол төлем бола алмайды. Себебі Ресейде сауда
мемлекет белгіленген өзіндік валюта бар. Ал ертеде Ресей азаматтары ҚР
аумағында сауда жасауға ниет білдірсе, онда ол төлем құралы ретінде теңге
валютасын қолдануы керек. Мысалы, Қазақстандық бір компания Ресейдің бір
резидентіне қант сатты дейік. Ресейдегі қант сатып алушы Қазақстандық
жабдықтаушыға қанттың құнын теңгемен төлуі қажет, себебі Қазақстандық
жабдықтаушы өз елінде теңгемен салық, жалақы және т.б. төлемдер төлуі
қажет. Ал сатып алушының қолында өзінің ұлттық валютасы ғана бар. Осындай
себептерден валюталарды айырбастау қажеттілігі туындайды. Ондай
қажеттілікті валюта нарығы арқылы қанағаттандырады. Оның ең басты алғышарты
екі әр түрлі ұлттық валюталарды қолдану мәселесі болып табылады. Мысалы,
Қазақстандағы валюта нарығында адам демалуға, жұмыс бабымен, оқуға бара
жатқан кез – келген елдің валютасына теңгені айырбастай алады, ал шет ел
азаматтары теңгеге өз валютасын айырбастауына мүмкіндігі дар. Ал
айырбастағанда валюта белгілі бір қатынаспен, бағаммен айырбасталады.
Валюта бағамы деп бір елдің валютасын екінші елдің валютасына
айырбастағандағы валюталардың қатынасын атаймыз. Мысалы: 153 тг = 1$ , 70
тг =1$DM, 4тг = 1RR
Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір – біріне қарама - қарсы екі
әдіс бар:
1. валютаның еркін айналымындағы бағамы;
2. тағайымдалатын валюта бағам әдісі.
Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың
әсерінен қалыптасады.
Теңгенің рубльге айырбасталына алынатын бағам жағдайын қарастырайық:

Бірінші жағдай. Рубльге деген сұраныс төмендейді. Соның арқасында
Қазақстандықтарға рубль арзандап, онымен бірге Ресей тауарлары да
арзандайды. Сондықтан Қазақстандықтар Ресей тауарларына деген сұранысты
өсіреді, ал ол өз барысында сол тауарларды сатып алуға қажет рубльге деген
сұранысты өсіреді.
Екінші жағдай. Рубль ұсынысы азаяды. Қазақстатндық тауарлар арзан болып,
оған деген сұраныс жоғарылап, теңгеге деген сұраныс та жоғарлайды.
Сонымен сұраныс пен ұсыныс арақатынасының жалпы әдісі осы түрде болады
және жоғарыда көрсетілген кесте бойынша бір теңге бес рубльге тең болады.
Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді.
Оларға:
• Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушылардың
талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы,
Америккандық машиналардың беделі артса, онда тұтынушвлар оны алуға
тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға
Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп,
арзандайды.
• Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдің
ұлттық табысына қарағанда, өсімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда,
ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс
деңгейіне қатысты болады.
• Бағаның саластырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде
қалыпты болса, онда Қазақстандықтар Ресейліктердің салыстырмалы арзан
тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал
Ресейліктердің керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтасы азайып,
рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені
құнсыздандырады.
• Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі. Мынандай жағдайды
қарастырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында Қымбат ақша
саясаты жүргізіледі. Нәтижесінде инфляцияны есптей отырып алынған
нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары
болады. Соның арқасында қазақстан инвестициялауға өте тиімді елге
айналады, ал ол инвесторларды (елдің экономикасы тұрақты болған
жағдайда) теңгені алуға итермелейді.
• Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына
қарағанда жылдам өсу қатқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа
елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен
мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жағдайда теңгесі бар
тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауға
ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарлатып, оны теңгге
қарағанда қымбаттатады.
Ал бұл әдістің тиімділігіне келетін болсақ, онда оны жақтаушылардың
айтатын дәлелі: Бұл әдісте валюта бағамы автоматты түрде түзетіліп, соның
арқасында төлем балансының тапшылығы мен қалдықтары жойылады. Бұны сұраныс
пен ұсыныс функцияларының көмегімен көрсетуге болады.
Тепе – теңдік валюта бағамы 1rr = ах 1 тг. Жағдайда орнайды және де теріс
сальдо балансы жоқ деп есептейміз. Бұл жағдайда Қазақстанның қажет ететін
рублі мен Ресейлік қажет ететін теңге көлемі бір – біріне тең деп санаймыз.
Енді белгілі – бір факторлардың әсерінен Қазақстандықтардың рубльге деген
сұранысы D – дан D’ – ге артты дейік. Қазақстандық экспорттық опрерациялар
елге аА көлемде рубльді әкеледі, ал импорттық операциялар аС көлемінде
қажет етеді. Сонда алғашқы бағам бойынша төлем балансының тапшылығы АС
қисығына тең болады. Бағам нарық заңдарымен қалыптасатындықтан ол 1rr= а^х
1 тг. бағамға ауысады. Ал бұл бағам бойынша Ресейліктерге Қазақстандық
тауарлар арзан болып, Қазақстандықтарға керісінше қымбаттап, Қазақстанның
экспорты тиімді болып, теңгеге деген сұраныс артады, ал Қазақстатндағы
рубльге деген сұраныс азаяды. Сондықтан төлем балансы автоматты түрде
түзетіледі.
Еркін айналым кемшіліктетрі:
• Белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік және қауіп сауда
жүргізуде қиынщылықтар туғызады. Мысалы, Қазақстандық кәсіпкер АҚШ –
тан 90 мың долларға машина алуға шартқа отырады. Ол есептегенде
долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты төлем
уақыты келген кезде доллар 150 тг. болды. Сонда кәсіпкер екі есе
ақша төлейтін болды.
• Сауда жағдайы. Елдің экономикася халықаралық нарық валютасының
бағамы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тәуелді
болады.
• Тұрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз әсер етеді.

Тағайындалатын валюта бағамы әдісі. Бұл тәсіл жоғарыда қарастырған
тәсілге қарама – қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолдануы мемлекеттің валюта
бағамын тұрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады.
Мысалы, жоғарыдағы жағдайда валюта жетіспеушілігі автоматты түрде жойылады,
ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жоюы керек. Осы мәселе
тағайындалатын валюта бағамының ең күрделі сұрақтарының бірі. Оны жою жалпы
келесі әдістермен жасалады және олар қазіргі замандағы барлық қолдана
алады:
• Резервтерді қолдану. Бұл валюта бағамын тұрақтанлырудың ең бір жеңіл
тәсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен әсер ету
механизмі. Ал валюта қоры қалай жиналады? Мысал қарастырып отырған
еліміз алдыңғы жылы оң сальдолы болып, біраз валютаны иемденіп
қалды. Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам
ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бұл тәсілдің тиімсіз жағы:
егерде теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің
валюта қоры таусылып, бұл саясаттан бас тартуға мәжбүр болады.
• Сауда саясаты. Ол емлекеттің бағамды бір қалыпты ұстау мақсатында
импортты (яғни шет ел валютасына деген сұранысты) шектеу, керісінше
экспортты (өз валютасына деген сұранысты) ынталандыру саясаты.
Импортты квота , қосымша салық салу арқылы шектеуге болады. Ол
жеңіл, бірақ бұл қолдан жасалған шектеулер экономиканың дамуына
кедергілер жасайды.
• Валюталық бақылау,оңтайлындару. Тағы да бір балама валюталық
бақылау. Оның мәні келесіде: мемлекет өзінің шетке тауар шығаруына (
экспорттаушыларына) шетел валютасын тапсыруға міндеттейді. Алынған
азын – аулақ шетел валютасын импорттаушыларға бөліп береді. Сонда
импорт көлемін елдің эуспорт көлеміне байланысты етеді. Бұл жүйенің
келесідей кемшіліктері бар:
➢ Сауданың бұзылуы;
➢ Кемсітушілік;
➢ Таңдаманың шектеулілігі;
➢ Қара базар.

• Ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын
жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.
Енді валюталық бағамдарға келетін болсақ, соңғы жылдары валюталық
бағамдардың үш түрі қолданылады:
• Алтын стандарт. 1879-1934 жылдар аралығында әлемде алтын стандарт
жүйе қолданылды. Оның барысы мен құлдырауы тағайындалатын валюта
бағамының барлық жақсы және жаман жақтарын көрсетеді.
Ақшаның алтын стандартталуы болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп
саналады:
1. ұлттық валютаның құрамындағы алтын салмағын белгілеу қажет;
2. алтын қорымен ішкі ақша арасында тепе- теңдік қажет;
3. алтынның экспорты мен импортына кедергі болмау қажет.
Әр ел валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайды және алтын салмағының
қатынасы валюталық бағамды білдіреді. Мысалы, АҚШ – тың доллары = 25 грамм,
фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.
Бұл жерде алтындық қатынасты есептегенде біз оруыштың құнын, тасымалдау
шығындарын, сақтандыру шығындарын есептейміз. Бірақ бұл шығындар үлкен
емес. Біз 50 грамм алтынға бұндай шығындарды 3 цет деп есептейік. Бұндай
жағдайда американдықтар бір фунт үшін 2,03 долар төлейді. Бұл жағдайда
бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы басталады. Бұл нүктені
алтынның экспорт нүктесі деп атлады.
Алтын Америкаға ағылу үшін бағам 1,97 – ге дейін түсуі керек. Бұл
бағамнан төмен бағам қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға ағылады. Ал бұл
нүкте алтынның импорттық нүктесі деп аталады.
Бұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Фунт пен доллардың
тепе- теңдік жағдайы белгілі бір себептердің әсерінен британдық фунтқа
сұраныс артсын. Соның нәтижесінде Америка үшін бағам алтынының экспорттық
нүктелерінен артып, алтынның елден ағылуы пайда болсын. Алтын стандартының
алғашқы заңыңа сәйкес елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі тең болып,
Америкада ақша көлемі қысқарады, ал Британда ақша көлемі керісінше
үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты азайтады және оның
нәтижесінде ұлттық өндірістің, жұмысшылар саныныңғ баға деңгейінің
төмендеуіне әкеліп соғады. Оған қоса ақша жиынының азаюы пайыздық
мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді. Ал Британдық керісінше сұраныс деңгейіннің,
ұлттық табыс деңгеінің, жұмыс істеушілер санының, баға деңгейінің өсуі
байқалады. Ал банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі керісінше төмендейді.
Осыдан барып, фунтке деген сұраныс төмендеп, керісінше долларға деген
сұраныс артады. Себебі арзан Американдық тауарлар Боитандық салыстырмалы
қвмбат тауарларынан т иімді көрініп, доллар қажет бола бастайды және үлкен
пайыздық мөлшерлеме инвесторлардың қызығушылығын туындайды. Осындай
себетерден фунтқа деген сұраныс қайта түседі. Бұл жүйенің нашар жағы:
Жұмыссыздық деңгейнің өсуі, жалпы сұраныс деңгейінің төмендеу жағдайына
ұшырауы. Төлем балансы жағымсыз болған жағдайда елдегі алтын басқа елдерге
көшуінен туындайтын жоғарыда айтылған жағдайлардың әсерінен ел
экономикасының құлдырау қаупі бар.

Бреттон – Вуд валюталық жүйесі. 1944 жылы АҚШ- тың Нью – Хэмпшир штатының
Бреттон- Вуд қаласында болған халықаралық басқосуда (саммитте) әсер
етілетін байланған валюталық бағам жүйесі туралы келісімге қол қойылды.
Жаңа жүйе алтын стандарттың тиімді жақтарымен оның келенсіз әсерін жоятын
жүйе болуы керек. Ол конференцияда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды.
Ол бұл жүйені қадағалау мен оған әсер ету қызметін 1971 жылға дейін
жүргізіп келеді.
Бұл жүйенің пайда болуына не әсер етті? Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген тауарлардың бәсекелестік
мүмкіндігін жақсарту мақсатында девальвацияға (ақшаның құнсыздануына)
ұшыратты. Себебі ел валютасы басқа елдерге қарағанда арзан болса, онда
тауарлар да арзан болды. Мысалы, а және б елдері бар және а елі өз
валютасының құнын б елінің валютасына қарағанда арзан етіп, өзінің
тауарларына сұранысты үлкейтті. Соның нәтижесінде таза экспорт ұлғайып,
елдің өндіріс көлемі мен жұмыс орындары арта түсті. Бірақ өнімде а және
б елдері жалғыз емес және олардың көбі өзін а елінің жағдайына
жеткізгісі келеді. Сондықтан бұл жүйенің ең басты мақсаты – дүние жүзіндегі
валюта бағамының тұрақтылығын сақтау болды. Әр ел өзінің ұлттық валютасын
алтынмен немесе доллармен бағалап, онының тұрақтылығын сақтауға міндетті
болды. Бағамды ХВҚ –ның рұқсатынсыз (10 –ға ғана) өзгертуге мүмкіндік
берілді. Валюта бағамын өзгертпей ұстауға алтынның немесе басқа да қордың
болуы қажет. Валютаны қалыпты бағамда ұстау келесі көздерден жүргізіледі:
1. Қорлар. Алдыңғы жылдары қалыптасқан оң сауда балансының көмегімен
жиналған шетел валютасының қоры. Басқаша айтқанда көмекші қор;
2. Алтын қоры. Елдің үкіметі өзінің алтын қорын қажет елдің валютасына
сатып, оны өз елдің валютасына жәрдем ретінде қолдануы;
3. ХВҚ – дан қарыз алу. Бреттон – Вуд валюталық жүйесіне еңген әр ел
өзінің ЖҰӨ- іне, халық санына, сауда көлеміне байланысты жыл сайын
төлем жасап тұруы келісілген еді. Сол төлемдерден жинақталған қордан
әр ел өзіне қажетті мөлшерде қарыз алуға, оны өз валютасымен қайтаруға
құқығы бар. Олардан алынған шетел валютасы ішкі нарықта сатылып,
қосымша ұсыныс қалыптастырады.
Бұл жүйенің кемшілігі бар,. Ерергде елдің сальдосы оң, теріс болып
өзгеріп отырған жағдайда бір жылдағы тиімділік екінші жылдағы шығындарды
жабады. Ал теріс сальдо бірнеше жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің
қоры таусылып қалады немесе қарыз алуға мәжбүр болады.
Бұл жүйедегі алтын стандарты мен еркін баға жүйелерінің жақсы жақтары
тән. Ол тұрақты валюта бағамын қамтамасыз етіп, әлемдік саланы
ынталандырады. ХВҚ – ның көмегімен валюта бағамын тұрақты ұстап тұруда
қиыншылыққа ұшырамауын қамтамасыз етті.
Бұл жүйе неге жойылып кетті? Онының себебі бұл жүйедегі халықаралық
валюта ретінде алтын немесе доллар қолдануы қажет болды. Алтынды қолдану
көптеген қиыншылықтар тудырғандықтан доллар баршаға танымал дүниежүзілік
валютаға айналды. Оған келесі жағдайлар әсер етті:
1. АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан экономикасы ең сау ел болып
шықты.
2. алтынның үлкен қорырн құрап алды.

Осы себептен доллар ең мықты валютаға айналып, дүниежүзілік ақша рөлін
атқарды. Доллар бұл рөлді атқару үшін ең алдымен алтынға тұрақты бағаммен
жеңіл аударылуы керек. Сондықтан да доллар Бреттон – Вуд жүйесінің ортақ
ақша рөлін, онымен бірге жалпы жүйенің тіршілігін жойды. Ол Американың
бірнеше жылдар бойы теріс сальдоны иемденіп, одан шығу жолдарын таба
алмауынан 1971 ж. 15 тамызда доллардың алтынға айналғыштығын (37 жыл бойы
35 доллар 1 унция алтынға тең болды) тоқтатты.
3 Бұл жүйені реттеу ауытқулы валюта бағамы деп атаған дұрыс болды.
Қалыпты валюта бағамын кейбір кезде Орталық банк интервенция жасау арқылы
ауытқуларды реттеп, елдің саясатын көздейді. Ел экономикасының өзгеруі
бағамды реттеу қажет етеді. Ал тапшылық немесе артықшылық пайда болмауы
үшін әдетте бағамға ұсыныс және сұраныс арақатынасынан қалыптасқан
нүктеге дейін еркін өзгеріп, автоматты түрде жоюға мүмкіндік туғызады.
Сонының нәтижесінде Бреттон – Вуд жүйесіне қарағанда бағам ауытқулары
айқын көрінеді. Бірақ азын – аулақ болып тұратын ауытқулар елдің сауда
қатынастарына кедергі жасайды. Сондықтан да Орталық банк анда- санда
шетел валютасын сатып алып, оны ішкі нарықта сатады. Екі мысал
келтірейік:
1. 1987 жылғы Үлкен жетілік интервенциясы (басқыншылығы). 1987 ж. АҚШ,
Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада елдері долларды
тұрақтандыруға келісім жасасады. Америкада байқалған капжылдық теріс
сальдоның салдарынан доллардың құны төмендеп, дамыған елдердің
экономикасына кері әсер етеді деп танылып, дамыған елдер оны сатып алуға,
яғни қосымша сұраныс тудыруға келісті.
2. 1994 жылғы интервенция. 1994 жылы доллардың құны көп жылғы сальдо
әсерінен төмендеді. Бағалы қағаздарды интервенциялауға басқа елдердегі
доллардың сатылуыда әсер етті. Оны шешу үшін АҚШ – тың қарамағында 16
Орталық банктердің долларды сатып алуы көзделіп, іске асырылды. Бұндай
әрекеттің нәтижесінде доллардың арзандау қарқыны төмендеді.

Шынында бұл жүйе жоғарыдағы мысалдардан да күрделі әдістермен жүргізілді.
Оның жақтаушылары да, қарсыластары да бар.
Жақтаушылардың келтірілген дәлелі:
➢ Сауда көлемінің өсуі. Бұл жүйе кезіңде сауда нақты көлемінің өсуі
байқалды:
➢ Келеңсіз жағдайлардың басқарылуы. Экономикалық қиыншылықтарды
өткізу жеңілденді.

Қарсыластары бұл жүйенің келесідей кемшіліктерін айтуда:
➢ Ауыспалылықпен бейімделу. Валюталық бағамы экономикалық көрсеткіштер
бірқалыпты болған жағдайдың өзінде де өзгеріп отырады;
➢ жүйелі еместігі. Белгіленген нормалардың болмауынан әр ел бағамды
өзгерту туралы шешім қабылдайды.

Сонымен бұл жүйе қазіргі кездегі қолданылып келе жатқан бірден – бір
жүйе.
Жоғарыда айтылған бағам қалыптастыру түрлеріне байланысты мемлекеттің
саясаты мен әрекеттері де әр түрлі болады.

I. Ақша мен валюта бағамының тепе- теңдік формуласы. Ол үшін келесі
формулалар мен түсініктерді анықтайық.

1) Ақша нарығының тепе- теңдік формуласы:
Мұнда: MD – ақшаға деген сұраныс;
Р – баға:
Q – көлем.
V(i) – ақша айналымының жылдамдығы; пайыз мөлшерлемесі (i) –
ге тәуелді.
М – ақша ұсынысы

2) Сатып алу мүмкіндігінің паритеті теңдеуі:
Мұнда: Р – ішкі баға;
Е - бағам; P* - сыртқы нарықтағы шетел валютасымен
көрсетілген баға.

Мұнда: I(i*) – елдегі (шетелдегі) пайыз мөлшерлеме
E+1 – келесі кезеңдегі бағам.

Мысалы:
Мына формуланы табамыз MV(i)=EP*Q Тағайындалатын валюта бағам
жүйесінде бізге Е – ге байланысты М – нің мәнін табу керек. Яғни:
M=((EP*Q)V(i))

Ал бағам еркін тағайымдалатын болса, бізге М – ге байланысты Е – нің
мәнін табу керек, яғни: E=((MV(i))(P*Q))
Басқаша айтқанда, бағамды Орталық банк белгіленген жағдайда Е экзоогенді
айнымал шама болып Орталық банктің тағайымдалумен анықталады, ал М болса
экономикадағы жағдайдан құралып, эндогендік шама болады. Баға еркін
тағайындалатын жағдайда керісінше екеуі орындарын ауыстырады.

II. Тағайындайтын және еркін айналым бағам кезіндегі ақша саясаты.
1) Тағайындалатын бағам кезінде Е–ні Орталық банк тағайындап, оның
арзандауына кедергі жасауға тырысады. Сол мақсатта ол өзінің валюта қорын
сата бастайды. Ол бұл әрекетті М – нің бастапқы қалпына келгенге дейін
жасауы керек. Ең сонында Орталық банк алғашқы М- нан ауытқу көлеміне те ң
мөлшерде валюта сатуға мәжбүр болады.
Мұнда: B* – валюта қорының мөлшері
DGC-Орталық банктегі мемлекеттік облигациялар мөлшері.
2) Уақыт өткеннен соң Орталық банк өзінің валюта қорының азйғандығын, ал
ішкі облигациялардың керісінше көбейгендігін байқайды. Бұған қоса ақша
базасының (Mh) өзгемелігі анықталады:
Сонымен жоғарыдағыдан анықтаймыз Орталық банк ақша мөлшеріне әсер ете
алмайды, яғни М эндогенді.
Бұл жерде алмастыру коэффициенті (ОС) түсінігін аша кету керек. Ол
орталық банктің облигациялар мөлшеріне кетірген валюта мөлшерінің қатынасын
анықтайды. Оның қысқаша формуласы:

Біз қарастырған формулада оның мәні 1-ге тең. Ал әдетте оның мәні -1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының төлем балансы және оның құрылымы
Ағымдағы операциялар балансы
Қазақстан Республикасындағы төлем балансын талдау
ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ҚҰРЛЫМЫ
ҚР Ұлттық төлем балансы және оның ерекшеліктеріне талдау
Мемлекеттің төлем балансының экономикалық мәнін ашу
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық қатынастар
Қазақстан республикасындағы валюталық реттеуді жетілдіру жолдары және оның даму перспективасы
Төлем балансының есеп айырысу балансынан айырмашылығы
Халықаралық валюта жүйесі жайлы
Пәндер