Несиелік тәуекелді басқару туралы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҮНЫ::

МАЗМҮНЫ:

МАЗМҮНЫ:: Кіріспе
МАЗМҮНЫ::

І-тарау. Шағын және орта бизнесті несиелеудің теориялық негіздері

1. 1. Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні 1. 2. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелеу механизмі 1. 3. Шағын жоне орта бизнесті несиелеудегі шетел тәжірибссі

МАЗМҮНЫ::

П-тарау. Кдзақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелеу тәжірибесі

2. 1. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу жағдайы 2. 2. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу процесі 2. 3. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуде несиелік тоуекелдерді төмендету тосілдері

МАЗМҮНЫ::

ІН-тарау. Шағын және орта бизнесті несиелеуді дамыту

3. 1. Шағын жоне орта бизнесті несиелеу проблемалары жоне оларды шешу жолдары

МАЗМҮНЫ:: Қорытынды
МАЗМҮНЫ:: Пайдаланған әдебиеттер
МАЗМҮНЫ:: Қосымшалар

5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Қаржы кафедрасы

Бітіру жұмысы

Тақырыбы: Неселік тәуекелді басқару.

Мазмұны

Кіріспе

I. Негізгі бөлім. Несиелік тәуекелді басқару теориялары

I. 1. Несиелік тәуекелдің мәні

I. 2. Несиелік тәуекелді басқару әдістері

I. 3. Несиелік тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі

II. Бөлім. Қазақстан Республикасындағы Екінші Деңгейлі Банктердің

несиелік тәуекелді бағалаудағы тәжірибелері

II. 1. ҚР ЕДБ-дің неселік портфелін басқару

II. 2. Проблемалық несиелермен банктің жұмысы

II. 3. Несиелік тәуекелді басқаруды жетілдіру жолдары

II. 3. 1. ҚР-дағы несиелік бюро ұйымы

II. 3. 2. Потенциалды қарыз алушыны таңдаудағы “алты си ережесі”

Қорытынды

Кіріспе

“ Несиелік тәуекелді басқару ” атты курстық жұмысымның негізгі мақсаты  ҚР-ның нарықтық экономикаға көшуінен банк экономикамыздың дамуына күшті әсер ететін сектор болғандықтан, негізгі несиелік операциясының жүргізілуі тәуекелдігімен байланысты болғандықтан несиелік қызметті реттеу және қадағалау, басқару, банкті болатын банкроттықтан сақтап қалу үшін теориялық және тәжірибілік деңгейде мүмкіндігінше белгілі бір іс-шаралар жиынтығын ұсынып, банкке халықтың сенімділігін арттыру, нәтижеде банкті экономикамыздағы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады.

Ал мұның негізгі өзектілігіне тоқтала кетсем, банк несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі (несиелік мониторинг) мен несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар мен тексерулер процесі (несиелік авторизация) болып табылады.

Несиелік тәуекелді басқару үшін банк алдында көптеген мәселелер тұрады, ол мәселелер:

  • несиелік қызметті ұйымдастыру;
  • несиелік портфелдің сапасын неғұрлым жақсарту немесе басқару;
  • қарыз алушының қаржылық жағдайы туралы ақпарат алу;
  • несиелік мониторинг;
  • несие тәуекелі пайда болған жағдайда шығындарды азайту;
  • несие үшін төлейтін сыйақы мөлшерлемесі (несие бағасын белгілеу) ;
  • проблемалық несиелерге қарсы шаралар жүргізу, оны қалпына келтіру;
  • неселерді авторизациялау (несиелік шешімдерді қабылдауда құзыретті бөлу), т. б. мәселелер.

Осы мәселелерге қарсы тұру үшін банк мынадай шаралар жасау керек:

  • несиелік қызметті жүргізуге мамандандырылған белсенді мамандарды таңдау;
  • несиелік тәуекелге қарсы провизиялар құру;
  • қарыз алушыға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды анықтай отырып, уақтылы қарсы шаралар қолдану;
  • қарыз алушымен тығыз қарым-қатынаста болу, оның берген мәліметінің дұрыстығын дәлдеп тексеру;
  • несие бағасын белгілеу мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосындысынан тұрады;
  • банк несие саясатын жүргізуде проблемалық несиелерді болдырмауға тиіс, бірақ болған күннің өзінде тек потенциалды қарыз алушыға несие беруі мүмкін немесе ресурстар мен активтерді тиімді орналастыру, т. б.

Курстық жұмыс негізінен екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлім несиелік тәуекелді басқару теориясы, яғни теориялық жағы қамтылған. Ол мынадай сұрақтарды қамтиды: несиелік тәуекелдің жалпы мәні мен несиелік тәуекелді басқару әдістері және несиелік тәуекелді басқарудағы шетел тәжірибесі.

Ал екінші бөлім ҚР-ғы ЕДБ-дің қазіргі уақытта несиелік тәуекелді басқарудағы тәжірибелері қалай жүзеге асырылып жатқандығы қарастырылған. Мұнда мынадай сұрақтар қамтылады: ҚР-ғы ЕДБ-дің несиелік портфелін басқару, проблемалық несиелермен банктің жұмысы, несиелік тәуекелді басқаруды жетілдіру жолдары. Мұның өзі қосымша мынадай сұрақтардан тұрады: ҚР несиелік бюро ұйымы мен потенциалды қарыз алушыны таңдаудағы “алты си ережесі”.

I. Несиелік тәуекелді басқару теориялары

I. 1. Несиелік тәуекелдің мәні

Кез-келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне алып келеді. Несиелік тәуекелді минимизациялау несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет болып табылады. Несиелік тәуекелге әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Соған сәйкес несиелік тәуекелдің анықтамаларына тоқталып кетейін.

Несиелік тәуекел қарыз алушының банкпен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекел немесе қарызды өтемеу тәуекелі бұл қарызгердің несиелік келісімдегі мерзім мен жағдайларға сай кредиторға деген өзінің міндеттемелерін орындамаудың ықтималдығы.

Қысқартылған формада несиелік тәуекел қаржылық мәміле бойынша

серіктес келісім-шартта бекітілген шартты орындауға жағдайының болмауы, нәтижеде активті ұстаушы қаржылық шығынға ұшырайды.

Несиелік тәуекел бірқатар себептерге байланысты туындайды:

  • қарызгердің жауапкершіліксіздігі;
  • қарызгердің өз кінасынан емес, адекватты болашақ ақша ағымдарын жасауға қабілетсіздігі;
  • банк басшылығындағы есептің дұрыс жүргізілмеуі, іскерлік және экономикалық ортадағы болжанбаған жағымсыз өзгерістер;
  • саяси тұрақсыздық;
  • қарызгердің іскерлік репутациясындағы теріс жағдайлар;
  • несиеге берілген кепілдеменің сапасына (өтімділігі мен рынокта сатымдылығы) және болашақ құнына сенімсіздігі.

Несиелік тәуекел банктегі жағдайдың нашарлауы немесе оның басты клиеттерінің банкротқа ұшырауы нәтижесінде де пайда болады.

Несиелік тәуекелдің 3 түрін бөліп көрсетуге болады:

  1. Бұрмалау тәуекелі банкирлердің немесе клиенттедің заңды

бұзу ықтималдығы, ал ол өз кезегінде банкке айлакерлік шығын әкелу, ұрлау немесебасқа заңсыз іс-әрекеттер жасау салдарынан зиян келтіруі мүмкін.

Бұрмалау тәуекелі банкте кездесетін несиелік тәуекелдің негізгі түрі болып табылады. Банк басшысымен немесе қызметкерімен жасалған айла немесе шығын әкелу банк жағдайын қатты әлсіретуі мүмкін, ал кейде тіпті банкротқа ұшырауға алып келеді.

Бұрмалау біздің республикамызда 1991-1994 жж. банктердің үмітсіз қарыздануының ең көп тараған себеп-салдары. Елдегі экономикалық тұрақсыздық жағдайы да, ақша-несиелік саясаттың тұрақсыздығы кезіндегі қаржы салаларындағы бақылаудың жоқтығы да, Ұлттық банктің тегін немесе жеңілдік несие есебінен айналыс сферасын несиелеу де әсер етті.

Сонымен қорыта келгенде бірінен соң бірінің жағдайлары төмендеп және банкротқа ұшырып жатқан ЕДБ-дің өзіне ауыр тиді. Егер де 1995 ж басында елде 200 коммерциялық банктер болса, бүгін олардың саны 35 болып отыр.

  1. Шетелдік несиелер тәуекелі70-ші жылдары дамушы елдердің

жаппай тоқырауымен байланысты болып келген. АҚШ-та ол бірқатар ірі банктердің банкротқа ұшырауының себебі болды.

  1. Ішкі қарыздардың төленбеу тәуекеліқарызгердің төлем

қабілеттілігіне әсер ететін барлық факторларды есепке алудың қиындығымен байланысты.

Несиелік тәуеклдің пайда болуы несиені бергеннен басталады да, несиені алғанға дейін сақталады. Сонымен қатар ішкі себептерді де айтуға болады: 1. қызметкерлердің төменгі деңгейде мамандандырылуы;

2. қызметкерлердің өз міндеттерін дұрыс орындамауы, т. б.

Несиелік тәуекелдің негізгі мақсаттары мен жалпы принциптеріне тоқталсам:

  • банктің табыстылығын кеңейту, яғни әрбір несие белгілі бір тәуекел шегінде пайда әкелуі тиіс;
  • қайтарымдылық және ақылық;
  • несиелік өтініштерді бағалау;
  • қайтарылуы бойынша күмәні бар несиелерді басқару;
  • рыноктық қатынастардың қалыптасуынан клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын нығайту;

Банктік қызметте несиелік тәуекелдің мынадай деңгейлері қарастырылады:

  • жеке келісім бойынша несиелік тәуекел  қарыз алушы нақты несиелік

келісім-шартты орындамауынан туындайтын шығындар;

  • барлық портфелдің несиелік тәуекелі  барлық несиелік портфелдің келісім-шарты бойынша тәуекелдер көлемі.

Тәуекелдің деңгейін тиімді басқару көптеген мәселелерді шешу керек.

Әрбір банк өз тәуекелін минимизациялауды ойлау керек, ол мемлекеттің банк жүйесінің дамуын нығайту үшін қажет. Тәуеклді минимизациялау  шығындарды төмендетуге күрес. Несиелік тәуекелді минимизациялау үшін банкке қызмет процесінде төлемдерді қайтармау тәуекелінің дәрежесіне әсер ететін факторлар:

  • рынок конъюктурасындағы жағымсыз өзгерістерге сезімтал келетін

қандай да бір саладағы банктің несиелік қызметі концентрациясының жоғарғы дәрежесі;

  • қаржылық қиындық көріп жүрген клиеттерге қатысты қамтамасыз

етілмеген және үмітсіз несиелердің, басқа келісім-шарттың үлес салмағы;

  • кредит беру сияқты банктің саясаты мен стратегиясына жиі өзгерістер

енгізу;

  • ірі, жаңа клиеттерге берген несиелердің үлес салмағы;
  • қысқа уақыт ішінде жаңа банктік қызметтердің өте көп түрін тәжірибеге енгізу.

Несиелік тәуекел  берілген несиенің түрі мен жылдамдығының қамтылуына байланысты: қамтылған, қамтылмаған; несие берушінің ерекшелігіне байланысты: мемлекеттік, банктік, коммерциялық, сақтандыру компаниялары мен жеке тұлғалардың кредиттері; дебиторлар түріне қарай: ауылшаруашылық, өнеркәсіптік, комуналдық, персоналдық; пайдалану бағытына қарай: тұтынушылық, өнеркәсіптік, инвестициялық, маусымдық.

Несиелік тәуекел қарызгердің түріне байланысты болады. Мөлшеріне байланысты банк клиенттері 3 топқа бөлінеді: шағын, орта, ірі.

Шағын және орта қарызгер өте икемді, сондықтан олар рынок қажеттіліктеріне тез бейімделе алады. Олардың ұйымдық құрылымы жеңіл және соның өзі оларға жоғары пайда алуға, өзінің іскерлік белсенділігін тез өзгертуге мүмкіншілік береді. Алайда мұндай қарызгерлердің кемшілігі, олар әдетте шағын ғана жеке капитал ұстайды, ал ол деген алдын-ала ойламаған экономикалық және саяси өзгерістерге, қатаң бәсекенің орын тебуі көбінде банкроттыққа алып келеді.

Ірі қарызгер өте инертті. Олар рынок қажеттілігі мен нақты тұтынушы қажеттілігіндегі өзгерістерге тез бой бермейді, өзінің іскерлік бағытын жиі өзгертпейді, жеткілікті дәрежеде капиталы болады, соның арқасында сыртқы қоршаған ортадағы жағымсыз жағдайға төтеп бере алады.

Банктер несие берген кезде несиенің қайтарылуына сенімді болуы керек. Олардың өздері несие берушілерге қарағанда тәуекелден қашады, сондықтан өздерінің тәуекелге баруын шектеуге тырысады.

ҚР-ның банктік жүйесіндегі несиелік тәуеклдің жоғарғы деңгейі жеке айналым қорларының жеткіліксіздігі, төлемсіздік, дебиторлық және несиелік қарыздарға тән болатын көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайымен сипатталады.

I. 2. Несиелік тәуекелді басқару әдістері

Рыноктық қатынастардың қалыптасуы кезінде ҚР экономикасында

капиталы жеткіліксіз әртүрлі меншік формасына негізделген кәсіпорындар пайда болуынан алған ссудаларын өтеу бойынша банк алдында өз міндеттемелерін орындауда 1990 жылы практикаға ссуданы қайтаруды қамтамасыз ететін жаңа форма пайда болды, ол қарыз алушы ссуданы өтей алмауынан туындайтын жауапкершілікті сақтандыру. Ссуданы сақтандыру  ҚР сақтандыру туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Несиелік тәуекелді өз еркімен сақтандыру туралы сақтандыру компаниясымен келісімге отыру арқылы қарыз алушыға берілетін ссуданы банк өзі дербес сақтандыруы мүмкін.

Сақтандыру обьектілері коммерциялық және банктік несиелер, несие бойынша міндеттемелер мен кепілгерліктер бола алады.

Сақтандыру органымен белгіленген тәртіпке сәйкес қарыз алушы сақтандырушымен сақтандыру келісімін несиелік келісімнің қызмет ету мерзіміне дейін бекітеді, мұндағы ескерілетін жағдай: несиенің қамтамасыз етілуі, несиелендіру шараларын іске асыру бойынша тәуекел деңгейі мен қарыз алушының несиелік қабілеті белгілі мерзімде несие өтелмесе сақтандырушы несие берген банкке орнын толтыру үшін берілген төлемді жүргізеді. Өтеу мөлшері несиенің проценті мен өтелмеген несие сомасының 50-90% қамтиды.

Жауапкершіліктің нақты мөлшері сақтандыру келісім - шартында белгіленеді, егер қарыз алушы төлем мерзімі жеткннен кейін 20 күн кешіктірілсе сақтандырушының жауапкершілігі туындайды. Осы кезде сақтандырушы банкке (несие берген) сақтандыру өтемін сақтандыру мерзімі өткеннен кейін 20 күн ішінде жүргізілуі тиіс.

Банкке барлық сақтандыру өтемі төленгеннен кейін сақтандырушыға төленген сома шегінде банк-кредитордың барлық құқығы беріледі.

Сақтадырушы сақтандыру өтемін төлеуден бас тарта алады, егер сақтанушы:

  1. Сақтандыру тәуекелі туралы маңызды роль атқаратын жағдай туралы мәлімет дұрыс болмаса;
  2. Сақтандыру шарты бойынша оған жүктелген мідеттемені орындамаса.

Несиелерді өтеу бойынша жауапкершілікті сақтандыру операциясы

сқтанушы үшін ақылы.

Сақтандыру төлемінің мөлшері несиені өтеуге жататын сома негізінде, нақты сақтандыру түрі бойынша сақтандыру төлемінің тарифтік мөлшері мен сақтандырушының жауапкершілігі шегінде анықталады. Соңғысы сақтандыру сомасына процент түрінде бекітіледі. Тәуекел деңгейіне байланысты әр түрлі нақты жағдайларда көтерілетін және төмендейтін коэффициент қолданылады.

Несиелік тәуекелді сақтандыру барлық қатысушыларға өзара тиімді болып табылады. Кәсіпорын  қарыз алушы (сақтанушы) несиені өз уақытында өтемесе банк несиенің қайтатынына кепіл алады (бірақ ол сақтандыру мәмілесінің тікелей қатысушысы болмайды), сақтандырушы сақтандыру тарифі түріндегі қызметі үшін сыйақы алады.

Жоғарғы тәуекел кезінде сақтандырушы үшін сақтандырудың бұл түрін

көбіне сақтандыру компаниялары жүргізеді. Егер осылармен іскерлік қарым- қатынасқа түссе банктер қаржылық жағдайы мен құрылтайшылық құжаттарына талдау жүргізе оырып мынадай құжаттарды талап етеді:

  1. Сақтандыру операциясын жүргізуге арналған лицензия;
  2. Құрылтайшылық келісім-шарт;
  3. Қарыз алушының несиені өтемеу жауапкершілігін сақтандыру туралы ереже;
  4. Баланс;
  5. Қаржы нәтижесі туралы есеп;
  6. Банк пайдасына несиені өтемеу тәуекелін сақтандырудың типтік келісім-шарты.

Сақтандыру компаниясының қаржылық жағдайын талдауда жарғылық

капиталына, сақтандыру жағдайын, мерзімін, қашан және қалай сақтандыру өтемі жүргізілетініне көп көңіл бөлу керек. Көбінесе келісім-шарт пунктіне көңіл бөлу керек: сақтандырушының міндетіне, сақтандырушының қойған шарттарына, банк несиесін өтеу бойынша міндеттемелерге.

Сақтандыру келісім-шарты бекітілгеннен кейін сақтандырушы қайта сақтандыруды жүзеге асыра алады, егер сақтанушы келісім- шартын берсе. Қайта сақтандыру бойынша сақтандырушы өз жауапкершілігінің бір бөлігін басқа сақтандырушыға беруіндегі мақсат  сақтандыру компанияларының тәуекелді әртараптандыруы (диверсификациялау), яғни сақтандыру операцияларының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен ірі сақтандыру жағдайынан сақтану үшін. Өкінішке орай ҚР несиені сақтандыру онша дамымаған.

Несиелік тәеклді реттеудегі мемлекеттің рөлі маңызды болып табылады. Мұнда мемлекет өз қызметін ҚР Ұлттық Банкімен ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі арқылы жүзеге асады. Ескере кететін жағдай, 2003 жылғы 31 желтоқсандағы ҚР-сы Президентінің №1720 “ҚР-ның мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру туралы” жарлығына сәйкес бірқатар өзгерістер болды: ҚР-ның Ұлттық Банкінің реттеу және қадағалау қызметі жаңа құрылған Агенттікке жүктелген болатын.

Бұл Агенттік ҚР-ғы ЕДБ-дің қызметін, банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, қызметіндегі тәуекелді азайту арқылы салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады. Соның ішінде несиелік операцияларын реттеу мен қадағалаудың бірнеше себебі бар:

  • Банктің жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
  • Банктер қызметінің сенімділігін қамтамасыз ету. Мысалы бір қарыз алушыға берілетін несие сомасын шектеу. Мұндағы басты мақсат несиенің бір қарыз алушының қолында шоғырланбауын қамтамасыз ету және несиелік тәуекелді төмендету болып табылады.
  • Жалпы экономикаға әсер етуіне байланысты несиенің кейбір түрлерін шектеу немесе қолдау көрсету.

Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциалдық нормативтер 2002 ж 3 маусымдағы Ұлттық Банк Басқармасының №213 қаулысымен бекітілген “Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы” ережеге сәйкес жүргізіледі, оларға мыналар жатады:

  1. жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;
  2. меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;
  3. бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;
  4. өтімділік коэффициенті;
  5. ашық валюталық позиция лимиті;
  6. негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған

банк инвестициясының ең жоғарғы мөлшерінің коэффициенті.

Осы нормативке сәйкес несиелік тәуекелді басқару үшін мына

бөлімдер арнайы көрсетілген: “Меншікті капиталдың жеткілікті коэффициенті” және “Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері”.

Меншікті капиталдың жеткілікті коэффициенті

Меншікті капитал (К)  бұл I діңгейлі капилал мен II деңгейлі капитал

(I-деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі. Меншікті капиталдың 2 коэффициенттердің көмегімен есептеледі:

  1. Банктің бірінші деңгейлі капиталының, оның барлық активтерінің

сомасына қатынасы 0, 06-дан кем болмауға тиіс:

К1 = КI - ИК / А

мұнда К1 бірінші деңгейлі капиталдың құрылуы:

• төленген жарғылық капитал;

• қосымша капитал;

• өткен жылдардағы бөлінбеген табыс;

• материалдық емес активтер;

• өткен жылдардағы зиян;

• ағымдық жылдардағы шығыстардың ағымдық жылғы табыстан

артық сомасы.

ИК  банктің акцияға жұмсаған инвестициялары және басқа заңды

тұлғалардың субординарлық қарызы;

А  банктің жиынтық балансына сәйкес барлық активтерінің сомасы.

Банктің меншік капиталының, оның тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтеріне қатынасы 0, 06-дан кем болмауы керек.

  1. Банктің меншікті капиталының, оның тәуекел дәрежесіне

байланысты өлшенген активтеріне қатынасы 0, 12-ден кем болмауы керек:

К2 = К / Ар - Пс

Мұнда К банктің меншікті капиталы;

Ар  тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтер және баланстан тыс міндеттемелер сомасы.

Пс  арнайы резервтер (күмәнді және үмітсіз несиелер бойынша құрылған провизиялар) қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер сомасы (яғни тәуекелді есепке алып, өлшенген активтер сомасының 1, 25% асатын сомасы) .

Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері

Бір қарыз алушы  ҚР-ның заңдарында немесе жасалған келісім-шартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын талаптары бар әрбір жеке және заңды тұлға.

Бір қарыз алушыға келетін, тәуекелдің мөлшері мыналардың сомасынан тұрады:

  1. банк балансында есепке алынатын, қарыз алушыға қатысты банк талабы;
  2. соңғы бес жыл ішінде банк балансынан шегерілген, қарыз алушыға қатысты банк талаптары;
  3. ҚР заңдарында немесе жасалған келісім-шартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын (несиелік тәуекелмен байланысты) талаптар.
  4. шегерілген (-), қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомалары, оның ішінде:

 банк қарамағына берілген депозиттегі ақшасы, ҚР үкіметі және Ұлттық Банктің шығарған мелекеттік бағалы қағаздары, құйма бағалы металдары, Standart & Poors және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің <<A>> рейтингін иеленетін банк кепілхаттары;

ҚР Үкіметі және Ұлттық банкіне қатысты талаптары;

Standart & Poors және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің <<BBB>> рейтингінен төмен емес ұзақ мерзімді қарыздық рейтингі бар банктердің ашқан корреспонденттік шоттарына қатысты талаптары.

Бір қарыз алушыға келетін тәуекл мөлшері қарыз алушының міндеттемелері бойынша тәуекел мөлшерінің (Т) банктің меншікті капиталына (К) қатынасы арқылы есептеледі:

К3 = Т / К

мұнда Т тәуекел мөлшері (несие лимиті) ;

К банктің меншікті капиталы;

К3тің мәні мынадай екі жағдайда қарастырылады:

  • банкпен ерекше қарым-қатынастағы қарыз алушылар үшін  0, 10-нан аспауға тиіс;
  • басқа да қарыз алушылар үшін 0, 25-тен аспауы тиіс (соның ішінде 0, 10  баланстан тыс міндеттемелермен қамтамасыз етілмеген бланктік несилер, сондай-ақ офшорлық аймақ аумағында тіркелген ҚР-ның бейрезиденттерге берілген несиелер бойынша) .

I. 3. Несиелік тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі

Шет елде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар мен банктерге келісім-шарт негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға фирма <<Дан энд Брэд форд >> 3 млн-ға жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларда жариялайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Банктердің несиелік тәуекелдерін басқару (Алматы қ. «ЦентрКредит Банкі» АҚ мысалында)»
Несиелік тәуекелді басқару саясаты
Несиелік тәуекелдерді басқару әдістері
Банктердің несиелік тәуекелін басқару
Банктік тәуекелдерді басқару туралы ақпарат
Банктік тәуекелдердің экономикалық мазмұны
Несиелік тәуекелдерді басқару есебі
Қаржы тәуекелі және оны басқару
Несиелік тәуекел
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz