«Саятшылық» концептісі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Глоссарий

Ұғым өз бойына мәнді, маңызды белгілерді жинайды және ақиқат болмысты бейнелейді. Құрылымында тек мазмұндық элементтер болады. Ұғым берілген дүниені толықтыратын белгілер мен қасиеттерінің жиынтығы.

Концепт термині латын тілінен енген conceptus - «ой», «түсінік», «ұғым» деген мағынаны білдіреді. Концепт - адамдардың білімі мен тәжірибесін қамтитын таным және ақпараттық құрылымдағы ментальдық қордың бірліктерін танытатын термин. «Концепт» термині ғылымдар тоғысында жиі талдауға түскені соншалық, лингвистер әр қырынан қарастырғанда әртүрлі толықтырулармен жан-жақты анықтай түскен. Концепт - когнитивтік тіл білімінің негізгі категорияларының бірі. Концепт ретінде адамның әлем туралы мәдени - ұлттық дүниетанымын білдіретін тілдік бірліктер танылады. Концепт арқылы тіл мен адам ойының арасындағы байланыс жүзеге асырылады.

Концептілік жүйе дегеніміз - концептілік құрылымдардың реттелген формасы. Концепт ұғымының теориялық негіздері Н. Д. Арутюнова, Е. С. Кубрякова, Ю. С. Степанов т. б.

Мәдениет - адамдардың өмірі мен іс-әрекетінен олардың материалдық және руани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі бір тарихи даму дәрежесі. Мәдениет дегеніміз - белгілі бір этникалық топтың өмір тіршілігінен туындай отырып, олардың ғасырлар бойы жинақтаған шығармашылық мұрасы, қоғам мен жеке адамның рухани ізденісінен, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандарынан қалыптасқан көрсеткіші. Осындай ұғымды білдіретін тіліміздегі «мәдеиет» сөзі араб тілінен «қала, қалалық» деген мағынаны білдіретін маданият сөзінен келген.

Саятшылық - құс салып, аң аулау мен кәсіптенген аңшылық. Саятшылық - адамзаттың ең көне күн көріс қарекетінің бірі болған. Уақыт өте келе кәсіпке ұласып, орта ғасырдың соңына дейін шаруашылықтың негізгі бір түріне айналды. Саятшылық - халқымыздың рухани - мәдени өміріндегі ең көне, маңызды өнердің бірі.

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы: « Саятшылық» концептісі

Диплом жұмысының көлемі: 45 бет.

Диплом жұмысында пайдаланылған әдебиеттер саны: 30

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде қазіргі қазақ лингвистикасындағы концепт туралы айтылса, екінші бөлімінде мәдениеттегі саятшылық өнерінің орны және саятшылық концептісіне енетін мақал-мәтелдер, фразеологизмдер мазмұны қамтылған.

Жұмыстың нысаны: Тарихи деректер, көркем шығармалар мен сөздіктерге, сүйене отырып, саятшылыққа қатысты атауларды анықтау.

Диплом жұмысында қолданылған тірек сөздер: концепт, концептология, фразеологизм, мақал-мәтел.

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері: зерттеудің мақсаты - қазақ тіліндегі «саятшылық» концептісіне қатысты атауларға талдау жасай отырып, кешенді түрде қарастыру.

Диплом жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: саралау, талдау, концепт пен ұғым ерекшелігін анықтау.

Диплом жұмыстың дерек көздері: зерттеу еңбектері, «саятшылыққа» қатысты түрлі ғылыми зерттеулер, танымдық еңбектер, мақалалар. М. Қашқаридың «Түрік сөздігі» Т. I-III-Алматы: Ханат (1998) . Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1-10 томдар (1974-1986) ; Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі - Алматы 1996; Ж. Бабалықов, А. Тұрдыбаевтың «Қырандар» А., 1983; Б. Кәмәләшұлының «Қазақ халқының дәстүрлі құсбегілігі мен атбегілігі» А., 2006; Қ. М. Исабеков «Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы» А., 2007.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 5.

  1. Тіл біліміндегі «концепт» туралы зерттеулер . . . 7.

.

1. 2 «Ұғым», «концепт» термині және зерттеу бағыттары . . . 7.

1. 2 Концептік талдаудың әдістері мен ұстанымдры . . . 12.

2. Саятшылыққа қатысты атаулардың семантикалық топтары

2. 1 Саятшылыққа қатысты фразеологизмдер . . . 15.

2. 2 Саятшылықта қлданылатын құрал-жабдық атаулары . . . 18.

2. 3 Қыран құстардың ұшуын білдіреін сөз тіркестері . . . 21.

2. 4 Қыран құсқа қойылатын аттардың жасалу жолдары . . . 23.

2. 5 Қазақ тіліндегі бүркіт жасына байланысты атауладың ерекшелігі . . . 28.

2. 6 Саятшылыққа қатысты сөздердің этнолингвистикалық сипаты . . . 33.

Қорытынды . . . 43.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 45.

КІРІСПЕ

Қазіргі тіл біліміндегі когнитивті бағыттың басты мәселесі санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін табу. Бұл процесс жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Бұл қызметті жүзеге асыратын когнитивтік бірлік- концепт. Алғашқыда концепт тілді логикалық талдау тұрғысынан тану бірлігі ретінде анықталып, ұжымның, тұлғаның мәдени, рухани ой-санасын, менталитетін тануда қарқынды қызмет атқарады. Сөйтіп, руан мәдениетті танытатын тірек сөздерді концепт деп атау қарастырылды.

Концепт-адамның танымдық және ойлау әрекетінің нәтижесі, ол дерексіз семантикалық құрылым. Сондықтан оны сөзбен байланыстыру керек. Сөз тілдің элементі ретінде белгілі бір синонимдік қатарға енетіндіктен, концепт бірнеше сөздермен арақатынаста болады. Әрбір концепті толық түрде көрсету үшін орталық тілдік бірлік болады. Оны зерттеушілер «концепт атауы деп атайды».

Тілдегі концептілер ұлттың, халықтың мәдениетіне, әдебиетіне, ғылымына, тарихына, тәжірибесіне, дініне тікелей тәуелді болып келеді. Ол қатып қалған семиотикалық жүйе емес, керісінше, белгілі бір ұлттың мәдениеті негізінде уақыт пен кеңістікте өзгеріп отырады.

Халқымыздың рухани-мәдени өміріндегі ең көне, маңызды өнердің бірі-саятшылық өнері. Саятшылық өнерді халқымыз ежелден жоғары бағалаған. Бұл өнер о баста тіршіліктің негізгі көзі болған. Адамзаттың ең көне және ең алғашқы күн көріс қарекетінің бірі болғанымен, уақыт өте келе кәсіпке ұласып, орта ғасырдың соңына дейін шаруашылықтың негізгі бір түріне айналды.

«Қоғамдағы адамдарды белгілі бір мамндықсыз тіршілік етуі мүмкін емес екенін ескерсек, кәсіп-әлеуметтің тіршілік тірегі, күн көрістің көзі болып табылады», - дейді Т. Өмірзақов.

Уақыт өте келе кәсіптің бұл түрі өнердің бір саласына айналған. Саятшылық өнердің арқасында адамдар табиғаттың сырын ұғынып, онымен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, эстетикалық ләззат алған. Топпен шыққан аңшылыққа, әсіресе қыран құс салып салбұрынға қатысу - жігіт ағасының ең үлкен ермегі болған.

Қазақ халқының өзге ұлттардың өнерінен айқындап, ерекшелендіріп тұратын өнері - саятшылық өнер. Халқымыз саятшылық өнерді сан ғасыр өтсе де, көзінің қарашығындай сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізіп, табыстап отыр. Бүгінгі ғылым мен технианың қарыштап ілгері дамығанына қарамастан жыртқыш қыран құстарды баптап, аңшылық құрып, табиғаттың тепе-теңдігін сақтаған құсбегілер бар, бірақ олардың қатары санаулы. Құсбегілік - құдіретті, сиқырлы, мағынасы терең де қызықты, қиын өнер. Бұл өнерге қатысты айтылатын атаулар, жасалатын ырым-жоралғылардың да өзіндік ерекшеліктері бар.

Халықпен біте қайнасқан бұл өнер қазақ халқының бүкіл болмыс-бітімін, даму деңгейін, наным-түсінігін көрсетеді. Осы өнерге қатысты туған бүгінгі күні қолданыста бар және қолданыстан мүлдем шыққан, қолдану аясы тар, атаулар мен тұрақты тіркестер тілімізде мол кездеседі. Саятшылық өнер көне замандардан басталып алғандықтан, бүгінгі қазақ тілінің ауызекі, жазба әдебиетінде кездесетін жүздеген тұрақты тіркестері мен атаулары қазақ тілінің сөздік қорының ең байырғы әрі құнарлы құрамы болып табылады.

Қазақ тіліндегі саятшылыққа қатысты атаулар халқымыздың дүниетанымдық ерекшеіктерін танып білуге мүмкіндік береді. Саятшылыққа қатысты атаулар ұлттық рухани мұраны өз бойына сақтап келеді. Осы атаулардың тілдік қабаттарын зерттеудің маңыздылығы өте зор.

Ұлттық сөздік қордың кең қабатын құрайтын фразалық тіркестер құсбегілік, аңшылық кәсіпке байланысты тілімізде молынан кездеседі. Фразеологиялық тіркестердің мол ұшырасуы халықтың тіл байлығынан, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан мағлұмат береді. «Әр халықтың ұлттық тұрмыс-тіршілігіне сай, наным-сеніміне қарай, табиғат құбылыстарының түрлі әсеріне байланысты туған фразеологизмдер сол халықтың күн көріс тұрмысынан, әдет-ғұрпынан хабардар етеді», - дейді Г. Н. Смағұлова [1. 46 б] .

Диплом жұмысының бірінші тарауында «концепт» пен «ұғым» терминдерінің мәні мен ерекшеліктері қамтылған. Екінші тарауда саятшылыққа қатысты атаулардың семантикалық топтары қарастырылған.

1 . Тіл біліміндегі «концепт» туралы зерттеулер.

1. 1 «Ұғым», «концепт» термині және зерттеу бағыттары.

Адамзат қоғамы дамып, өндірі, мәдениет, ғылым өрбіген сайын, адамның танымдық, ұғымдық ой-өрісі арта түсетіні заңды құбылыс. Санада қалыптасқан ұғымды танытудағы шеңбері де кеңейе түсетіні де белгілі. Сондықтан қазіргі тіл біліміндегі когнитивті бағыттың басты мәселесі санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін табу. Бұл процесс жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Бұл қызметті жүзеге асыратын когнитивтік бірлік - концепт.

Концепт ұғымы қазіргі тіл білімінде ХХғасырдан бастап белсенді қызмет атқара бастады. Алғашқыда концепт тілді логикалық талдау тұрғысынан тану бірлігі ретінде анықталып, ұжымның, тұлғаның мәдени, рухани ой-санасын, менталитетін тануда қарқынды қызмет атқарады. Сөйтіп, рухани мәдениетті танытатын тірек сөздерді (тірек-ұғым) концепт деп атау қарастырылды.

Концепті зерттеуге когнитивтік лингвистикада басты назар аударылады. Концептің табиғатын тануға деген кез-келген ұмтылыс онымен сабақтасып, астарласып жататын ұғымдардың, терминдердің бар екендігін көрсетеді олар ең алдымен: концепт, ұғым, мағына.

Оларды дифференцациялау мәселесі - бүгінгі тіл білімінің ең көп пікір-талас туғызатын мәселесінің бірі. Бұл мәселемен айналысқан ғалымдар қанша болса, сонша көзқарас та бар. Соңғы он жыл ішінде бұл мәселеге деген көзқарас едәуір өзгерді.

Мәселен, Ю. С. Степанов: «Концепт пен сөз мағынасы біріңғай, бірақ, өзге байланыстар жүйесінде қарастырылады. » деп есептеледі [2, 146 б] .

Соңғы жылдары когнетивті лингвистика саласында бірнеше еңбек жазған Маслова «Концепт объективті шындықтан алынған біршама тұрақты танымдық ұйытқы» деп санап, оның себебін концепттің мағынаға қарағанда шынайы өмірмен тығыз байланыста болуынан деп түсінеді. «Дегенмен концептті тануға апаратын жол сөз, сөйлем арқылы жатыр», деген қорытындыға келеді. [3, 296б]

Н. Д. Арутюнова, А. Н. Мороховский, Д. С. Лихачев, В. В. Колесов т. б. Н. Д. Арутюнова: « Мәдени концептілер- бұл ең алдымен философиялық мәдени терминдердің қарапайым сәйкестігі. Осы ұғымды білдіретін тіл бірліктері ғылыми, философиялық, мәдени ұғымдарды таныта отырып, жалпыға ортақ күнделікті қолданыстағы мағыналардың таңбасы бола алады», -түсіндіреді. [4, 117б] . Мысалы, тіл иесі күнделікті қолданыстағы (тағдыр, ақиқат, ар, ождан, еркіндік т. б. ) сөздерді нақты дефинация арқылы таныта алмайды. Сондықтан бұл создер ұжымдық санада қалай танылса, қай қырынан басым түссе, сол мәнді танытатын (көбіне әлеуметтік, мәдени мазмұн) тіл бірліктері арұылы ұғынылады. Бұл ұғымдық мән субектінің жеке өмірлік тәжірбиесі, жинаған ақпараты арқылы бірнеше тіл бірліктерімен корініс табады. А. К. Мороховский зерттеулерінде концепт ұғымы мен оның қалыптасуы тілдің семантикалық мазмұны арқылы анықталады. Ғалым тілді үш түрлі семантикалық топқа ажыратады: 1. Мәдени сөздер; 2. Ғылыми сөздер; 3. Идеологиялық сөздер. [5, 296] Топтастырудағы басты себеп: біріншіден, оладың мағынасы белгілі бір мақсатқа бағытталады, екіншіден, олардың қолданылу орны, аясы бар. Мәселен, ғылыми концептілердің атауын береді. Мәдени сөздер - әлеуметтік ортада қалыптасады, мақсаты - социумда мазмұндық сипат алған концептілерді рухани санада тіл арқылы бекіту, нақтылау. Идеологиялық сөздер жеке тұлғлар санасында қалыптасып, социумға қолданысқа ұсынады, мақсаты - бейнелерді танытуда айқын көрінеді. Концепт табиғаты жөніндегі ғылыми зерттеулерінде А. Вежбицкая: «Концепт идеалды дүниенің объектісі ретінде танылып, субъектінің дүние туралы түсінігінде қалыптасады», - деген тұжырым жасаған. [6, 79 б] . А. Вежбицкаяның С. А. Аскольдов - Алексеевтің: «концепт санадағы актілердің мазмұны» [6, 29 б], - деген пікірімен сабақтас. Демек концепт тілге дейінгі санадағы ой-әрекеті арқылы пайда болып, ондағы мазмұнды танытатын бірлік ретінде ұғыныла бастады. Бұдан кейін зерттеушілер (В. В. Колесов, Д. С. Лихачев, Е. С. Кубрякова, Р. И. Павиленис т. б. ) концептіні ментальды түсінік ретінде тани бастады.

Д. С. Лихачев зерттеулерінде концепт ұғымының тұлғалық санасында шоғырланып, өзара байланыс жасай отырып, концептілік отау құрайтынын дәлелдейді. Бұл отауды «концептосфера» деп атап көрсетеді. [8, 79б] Кейінгі зерттеулерде концептосфераның қызметі концептілік жүйеге айналады. Ғалым зерттеулерінде концептосфера концепт - 1 және концепт - 2 арқылы құрылған. Олардың тілдік көрінісі көп жағдайда фразеологизм болып табылады. Н. К. Ряпцева концепт қасиеттерін былай анықтайды:

- адам санасындағы ақпарат тұлғаның тәжірибесі, танымы, қабылдауы арқылы толығып, өзгеріп отырады;

- концепт логикалы ұйымдасқан динамикалық құрылымнан тұрады. Оның базистік элементі - негізгі құрылым болып танылса, прототиптік мазмұндары көмекші элементтер болып саналады.

- концепт (санадағы ескі және жаңа ақпараттар) уәжделенген және өңделіп ұсынылған өнім ретінде танылады. [9, 74 б] .

Концепт - лингвистикалық категория. Бірақ басқа лингвистикалық терминдермен балама қолдануға болмайды. Концепт когнетивтік тіл білімінің басты термині ретінде қарала бастағаннан-ақ мағына мен ұғым, лингвомәдени бірлік терминдерімен ауыстыра қолдану жағдайы кездесе бастады. Сондықтан зерттеушілер ең алдымен осы ұғымдардың ара жігін ажыратып көрсеткенді жөн көрді. Ю. Степанов: «Мағына тек тіл жүйесінде ғана анықталатын тіл білімінің термині, ал ұғым тіл білім мен логика саласындағы логикалық қатынастар жүйесінде анықталады», - деп көрсетеді. [10, 35 б] .

Қазіргі тіл білімінде дәстүрлі терминге айналған “концепт” атауы терминдік жүйеде өзіндік мазмұнға ие болып отыр. Концепт термині латын тілінен енген concеptus - “ой”, “түсінік”, “ұғым” деген мағынаны білдіреді. Концепт - когнитивтік тіл білімінің негізгі категорияларының бірі. Концепт ретінде адамның әлем туралы мәдени-ұлттық дүниетанымын білдіретін тілдік бірліктер танылады. Концепт арқылы тіл мен адам ойының арасындағы байланыс жүзеге асырылады. Концепт - жеке тұлғаның тілдік санасының элементі, ал сана - мәдениет айнасы. Санаға ақпарат түседі, өңделеді, жүйеленеді және сақталады. Сана тілдесімге түсушілерге қарым-қатынастың белгілі бір жағдаятына ақпаратты беру үшін тілдік құралдарды таңдауды анықтайды. Сөз белгісінің өзгермейтін семантикалық тірегі концепт - сөзде құпия таңбаланған ұлттың сананың өзіне ғана тән бір бөлігі.

Концепттілерді зерттеуге әлемдік лингвистикада бірінші болып көңіл аударған А. С. Аскольдов болды. Ғалым: “концепт - ойдағы құрылым, яғни белгілі бір затты ойлану кезінде оны сол тектес басқа бір заттармен ауыстырады”, - деп, концептінің танымдық әдіс ретінде негізгі қызмет орынбасушылық қызмет екенін көрсетеді.

А. С. Аскольдовтың ойларын жалғастырушы Д. С. Лихачев концептіні мағынаның алгебралық мәнері деп ұсынды. Ғалым: “Ауызша және жазбаша тілде адамдар концептіге, яғни мағынаның алгебралық мәнеріне сүйенеді, себебі адам мағынаны, оның барлық күрделілігімен қамтуға үлгере алмайды. Кейде мағынаны қабылдай алмайды, ал кейде өзінің біліміне, жеке тәжірибесіне, белігілі бір ортаға жататындығына, мамандығына және т. с. с байланысты оған өз бетінше талдау жасайды”, - дейді. [9, 7 б]

Тілдегі концептілер ұлттың, халықтың мәдениетіне, әдебиетіне, ғылымына, тарихына, тәжірибесіне, дініне тікелей тәуелді болып келеді. Ол қатып қалған семиотикалық жүйе емес, керісінше, белгілі бір ұлттың мәдениеті негізінде уақыт пен кеңістікте өзгеріп отырады. Концептілер адамға берілген ақпараттың концептуалдану процесінде жаңа мағынаға ие болуы арқылы құралады. Ал концептуалдану адамның танымдық әрекетінің маңызды процестерінің бірі. Ол адамға берілген ақпаратты өңдеп, адам санасында жаңа концептілердің, концептілік құрылымдар мен концептуалдық жүйенің жасалуына әкеледі.

Концепт термині ұғым сөзіне синоним ретінде де қолданылған болатын, дегенмен қазіргі кезде бұл екі терминнің ара жігі ашылып келеді. Концепт мазмұны ұғымға қарағанда кең. Ұғым тек ақиқат болмысты бейнелесе, концепт құрылымы бойынша күрделі, ол этникалық бөлікті де, дүниетанымды да, бейнелілікті де, ұғымды да қамтиды. Концептілер үнемі тәжірибеге негізделеді.

Концепт - адамның танымдық және ойлау әрекетінің нәтижесі, Ол дерексіз семнтикалық құрылым. Сондықтан оны сөзбен байланыстыру керек. Сөз тілдің элементі ретінде белгілі бір синонимдік қатарға енетіндіктен концепт бірнеше сөздермен арақатынаста болады. Әрбір концепті толық түрде көрсету үшін орталық тілдік бірлік болады. Оны зерттеушілер «концепт атауы» деп атайды.

Бірақ қазіргі таңда екі ұғымның да өзіндік ерекшелігі байқалуда. Егер ұғым танылатын объектінің мәнді мазмұнды қасиеттерінің жиынтығы болса, ал концет - ұлттық болмысқа негізделген ментальді білім жиынтығы. Оның мазмұн межесі - объект туралы ұжымдық, тұлғалық санадағы барлық біліми ақпараттар шоғыры болса, тұрпат межесі - тіл бірліктерінің жүйеленген көрінісі (лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық т. б. ) . Концептіні таныту мақсатында кез-келген тілдік бірлік, лексикалық мағынасы бар сөздер қолданылады. Ал концепт ретінде барлық ұғымды ала алмаймыз, тек белгілі бір мәдениетті тануда қолданылатын және автор үшін маңызы зор деп танылатын күрделі ұғымдарды, ең бастысы жалпыадамзаттық, жалпыхалықтық, жалпыұлттық құндылықты таныта алатын ұғымды тани аламыз. Мысалы, қазақ халқы үшін киіз үй, шаңырақ, қамшы, жазық дала, көш, бөрік, бесік, домбыра, тұмар т. б. сөздер лингвомәдени бірлік ретінде ұлттық-мәдени концепт деп таныла алады. Ал орыс халқы үшін баспалдақ, қоңырау лингвомәдени бірлік ретінде мәдени концепт деп танылады.

Концепт пен ұғымның басқа да өзгешеліктері бар: ұғым өз бойына мәнді, маңызды белгілерді жинайды, ал концепт - бұнымен қоса, мәнді емес қасиеттерін де қамтиды. Ұғым құрылымына қарағанда концепт құрылымының шеңбері едәуір кең. Концепт пен ұғымды оның құрылымдары арқылы ажыратуға болады. Ұғым құрылымында тек мазмұндық элементтер болады, оған концептілік құрылымдағы барлық компонент ене бермейді. Концептінің әрқашан эмоционалды, экспрессивті, бағалауыш сәулелері көрінеді (В. А. Маслова) [3, 45б] . Яғни концепт бойынан адамның объект (дүние) туралы жағымды, жағымсыз бағасы, әсері, эмоциясы, ойы, танымы көрінеді.

А. П. Бабушкин концепт пен ұғым терминдерін ұқсас деп танып, ғылыми саладан оның бірін, яғни “ұғымды” ығыстырып шығаруды ұсынады. “Қазіргі таңда тілші ғалымдар “ұғым” терминін классикалық мәнінде қолдана бермейді, оның орныныа концепт деп аталатын ойлау конструктісін қолданғанды жөн көреді” [11; 14б] . Н. Н. Болдырев, керісінше, екі терминнің де қолдану аясы бар деп есептеп, оларды былай ажыратады: “Егер ғылыми танымда ұғымның көлемі (берілген дүниені толықтыратын белгілер мен қасиеттерінің жиынтығы) және мазмұны (ондағы бір немесе бірнеше объекті белгілерінің біріккен жиынтығы) болса, ал концептіде ұғымның мазмұндық бөлігі ғана көрінеді.

Қазіргі тіл білімінде “концепт” ұғымы кең мағынада қолданылады және тілдің семантикасын бейнелеуде немесе тілдің мағынасын айқындауда концептілік құрылымға сүйенеді.

Сонымен, концепт пен ұғым ғылымда екі түрлі термин. Ұғым - логика мен философия термині, ал концепт - математикалық логика, мәдениеттану, когнитивтік тіл білімі термині. Концет пен мағына біржақты ұғымдар емес. Концепт дүние туралы тұрақты мәлімет жинайды, ал өз мағынасымен концептінің бір элементін ғана танытады. Дегенмен концептіні анықтауды оны танытып тұрған мағыналар мен сөйлемдерге, дискурсқа сүйенеміз. Концепт объектінің схемасы арқылы да танылады. Бірақ ол мазмұн - жадыда саналы түрде автоматты сақталған форма. Концепт - сөзден туындайтын идеялардың санада өңделіп, болжам ұсыну бірлігі. Концепт - бұл жалпы мағына емес, ол жалпы түсінік. Концептіні барлық жағдайда бейне деп тани алмаймыз, себебі, ол бірде бейне ретінде, бірде жалпы идея ретінде танылады. Дегенмен сөздің мағынасы концепт қалыптастырушы материал ретінде қызмет атқарады. Сондықтан да концепт терминіне түсінік беруде санадағы ментальді бейнелерден бұрын сөздің мағынасы бірден тілге тиек болады. Концепт терминін анықтау сөз мағынасының қалыптасуына үңілуден туындайды. В. Виноградов зерттеулерінде сөз мағынасы ұғым белгілермен сәйкестендіріліп, “ақиқаттың үзігі” формасында танылған. Г. В. Колшанский, Б. А. Серебренниковтердің зерттеулерінде де сөз мағынасын санадағы мазмұнның бейнеленуімен таныту басым көрінеді. Демек сөз мағынасы санадағы ұғымның мазмұнына қызмет етеді. Сөз мағынасы сана әрекеті арқылы танылатын ойлау субстратының бір элементі деп тануға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық
Сұлулық
Қазақ әйелі концептісінің этномәдени сипаты
СОЛТҮСТІК ӨҢІРІНІҢ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТІЛДІК- КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ
Сөз образдар дүниенің тілдік бейнесін жасауға қатысатын тілдік бірліктер
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты
Тұлғааралық махаббат
Аңшылық кәсібінің мәдениеттегі орны
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz