Әдеби тіл және жалпыхалықтық тіл жайлы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3.5
І тарау
1.1 Әдеби тіл және жалпыхалықтық тіл жайлы ғалымдардың негізгі көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.21
1.2 Оралхан Бөкейдің әдеби тілге қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21.25
II тарау
2.1 «Атау кередегі» бірқатар тілдік тұлғалардың мағыналары ... ..25.61
а) Көркем әдебиет шығармаларының тіліндегі кірме сөздер
ә) «Атау кередегі» бейвербалды амалдар мен фразеологизмдер
б) «Атау кередегі» теңеулердің қолданылуының маңызы
в) Шығармадағы метафора, яғни сөзді құбылтып қолдану
г) Шығармадағы метонимия мен метатеза құбылысы
ғ) «Атау кередегі» эмоционалды.экспрессивті лексиканың көрінісі
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62.63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64.65

Бүгінгі таңда қазақ әдеби тілі мен жалпыхалықтық тілдің арасындағы сабақтастыққа көп көңіл бөліну үстінде. Себебі, жалпыхалықтық тіл көркем әдебиеттің қайнар көзі болып табылады. Ақын-жазушылар өз шығармаларында әдеби тілді де жалпыхалықтық тілді де өз ойларын жеткізу үшін ұтымды пайдалануға тырысады. Бұл талпыныстардың кейде сәтті шығатындары да бар, кейде олар шығарманың мазмұндық құрылымына нұқсан келтіріп тұрады. Сондықтан, жалпыхалықтық тіл мен әдеби тілдің арасындағы нәзік сабақтастықты үзіп алмай, олардың орнын тауып пайдаланғанның табысты болары анық.
Тілдік қордың толығуы, тілдік бірліктердің молаюы сияқты процесс осындай байланыстардың арқасында жүзеге асады. Сондықтан, жекелеген жазушылардың, ақындардың өз шығармаларында тілдік бірліктерді қалай қолдана алатындығына қарай олардың жеке стильдік ерекшеліктері сараланады, автор ретіндегі шеберлігі айқындалады.
Қазақ әдебиеті соңғы жылдары тек толысу, даму белесінде болғаны мәлім. ХХ ғасырда негізі қаланып, жүйелі түрде қалыптасса да, әлем әдебиетінің кез келген озық үлгілерінен кем түспейтін туындылар жазылып, талай елдердің тілдеріне аударылды, талай адамдар сүйсіне оқитын болды. Осының бәрі шындығына келгенде, жазушылардың жеке шығармашылық ерекшеліктеріне қатысты екенін ескергеніміз жөн.
Жергілікті тіл ерекшеліктері мен аймақтық лексиканы әдеби тіл деңгейіне дейін көтеріп, оқырмандарына жол тапқан ақын-жазушылар жетерлік. Оралхан Бөкей, Дүкенбай Досжан сияқты ғалымдарды міне, осы тұрғыдан келгенде бағалауымызға негіз бар. Әсіресе, Оралхан Бөкейдің бұл саладағы жетістіктері өте мол. Жазушының өткен ғасырдың 70 жылдары прозада қарымды еңбек етуі қайталанбас дүниелердің қазақ әдебиетіне қосылуына себеп болды. Оның шығармаларының тілдік ерекшеліктерін танып-білу де өз алдына бір әлем. О. Бөкей қазақ тілінің құнарын, шұрайын мейлінше сарқа пайдаланған жазушы болып есептеледі. Бұл кезінде көптеген ғалымдардың назарына да іліккен. Академик Р. Сыздық пікір білдіргендей, «Авторлық даралықты, жазушының өз қолтаңбасын танытатын стильдік амалдың бірі – кейіпкерлерді сөйлету, ойлату тұстары. Бұл саладан қарағанда, О. Бөкей тілге аса бір ұқыптылықпен қарайтын, сәйкестік, орындылық дегендерге интуициясы мен білігі күшті қаламгер екендігі көрінеді» [ Сыздықова Р. Ғ. «Қазақ әдеби тілінің тарихы.» Алматы, Ана тілі, 1993].

1. Аханов К. Жалпы тіл білімі. –Алматы, 2003
2. Ахманова О. С. Общее языкознание. –Москва, 1973
3. Әуезов М. Абай жолы, 2-том. Алматы, Жазушы, 2006
4. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 19-том. –Алматы: Жазушы, 1985
5. Балақаев М. Б. Қазақ тілінің мәдениеті –Алматы, 1971
6. Балақаев М. Қазіргі қазақ әдеби тілі және оның нормалары. Алматы, Ғылым, 1984
7. Бөкей Екі томдық таңдамалы шығармалар. 2-том. -Алматы, Жазушы, 1996
8. Жансүгіров І. Поэмалар. –Алматы, Жазушы, 1989
9. Исхан Б. М. М. Әуезовтің лингвистикалық ой-тұжырымдары. –Алматы, 2000
10. Кенжеахмет С. Жеті қазына, 3 кітап. Алматы, Ана тілі, 2003
11. Қазақ тілі энциклопедия. –Алматы, 2003
12. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә., Қазіргі қазақ тілінің фразеологиясы мен фразеологиясы. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006
13. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. Алматы, Ғылым, 1969
14. Қарақалпақша-русша сөзлик. -Москва, 1958
15. Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі. -Алматы, Хант, 2005
16. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. –Алматы, 1976
17. Қоңыров Т. Эпитет, Метафора. –Алматы, 1989
18. Мырзабеков С. Баяндама. Жинақ: Қазақ әдеби тілі тарихының проблемалары. –Алматы, 2000
19. Мүсірепов Ғабит Таңдамалы шығармалары. –Алматы, 1987
20. Оңдасынов Н. д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік (Қазақ тіліндегі араб сөздері), 1-том. –Алматы: Мектеп, 1984
21. Сауранбаев Н. Т. Қазақ тілінің проблемалары. Таңдамалы еңбектерінің жинағы. –Алматы, 1982
22. Сыздықова Р. Сөз қолданысы және әдеби норма. –Алматы: Жазушы, 1983
23. Сыздықова Р. Ғ. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, Ана тілі, 1993
24. Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. –Алматы, Санат, 1995
25. Сыздық Р. Сөз өрнегі. –Алматы, 1996
26. Узбекча-русча луғат. –Москва, 1959
27. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Мектеп, 1964
28. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории языка – Алма-Ата, 1959
29. Балли Ш. Общая лингвистика и вопросы французского языкознания.- Москва, 1956
30. Баскаков Н. А. Введение в изучение тюрских языков.- Москва, Высшая школа, 1962
31. Вайга Э. А. Стилистика. Лексика. Слова. – Москва, 1987
32. Гвоздев А. Н. Эмоциональная лексика в русском языке. – Москва, 1987
33. Геворкян К. У. Кинесический язык. – Москва, 1963
34. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на материялах произведении М. Ауезова) – Алма-Ата: Наука, 1989
35. Ломоносов М. Избранные в 5-томах.- Москва, Наука, 1968
36. ЛЭС,- Москва, 1987
37. Русские писатели о языке. Хрестоматия. Под общей редакции Докусова А. М.- Ленинград, 1954
38. Рустемов Л. Казахско-русский толковый словарь. Арабско-иранских заимствованных слов.- Алматы, Мектеп, 1989
39. Қазақ әдебиеті, №46 (618) 1-бет, Ахмеди Ысқақов. Әдеби тіліміздің дамуы

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 3-5
І тарау
1.1 Әдеби тіл және жалпыхалықтық тіл жайлы ғалымдардың негізгі көзқарастары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-21
1.2 Оралхан Бөкейдің әдеби тілге қосқан үлесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21-25
II тарау
2.1 Атау кередегі бірқатар тілдік тұлғалардың мағыналары ... ..25-61
а) Көркем әдебиет шығармаларының тіліндегі кірме сөздер
ә) Атау кередегі бейвербалды амалдар мен фразеологизмдер
б) Атау кередегі теңеулердің қолданылуының маңызы
в) Шығармадағы метафора, яғни сөзді құбылтып қолдану
г) Шығармадағы метонимия мен метатеза құбылысы
ғ) Атау кередегі эмоционалды-экспрессивті лексиканың көрінісі
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .62 -63
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .64 -65
Кіріспе
Бүгінгі таңда қазақ әдеби тілі мен жалпыхалықтық тілдің
арасындағы сабақтастыққа көп көңіл бөліну үстінде. Себебі, жалпыхалықтық
тіл көркем әдебиеттің қайнар көзі болып табылады. Ақын-жазушылар өз
шығармаларында әдеби тілді де жалпыхалықтық тілді де өз ойларын жеткізу
үшін ұтымды пайдалануға тырысады. Бұл талпыныстардың кейде сәтті
шығатындары да бар, кейде олар шығарманың мазмұндық құрылымына нұқсан
келтіріп тұрады. Сондықтан, жалпыхалықтық тіл мен әдеби тілдің арасындағы
нәзік сабақтастықты үзіп алмай, олардың орнын тауып пайдаланғанның табысты
болары анық.
Тілдік қордың толығуы, тілдік бірліктердің молаюы сияқты процесс
осындай байланыстардың арқасында жүзеге асады. Сондықтан, жекелеген
жазушылардың, ақындардың өз шығармаларында тілдік бірліктерді қалай қолдана
алатындығына қарай олардың жеке стильдік ерекшеліктері сараланады, автор
ретіндегі шеберлігі айқындалады.
Қазақ әдебиеті соңғы жылдары тек толысу, даму белесінде болғаны
мәлім. ХХ ғасырда негізі қаланып, жүйелі түрде қалыптасса да, әлем
әдебиетінің кез келген озық үлгілерінен кем түспейтін туындылар жазылып,
талай елдердің тілдеріне аударылды, талай адамдар сүйсіне оқитын болды.
Осының бәрі шындығына келгенде, жазушылардың жеке шығармашылық
ерекшеліктеріне қатысты екенін ескергеніміз жөн.
Жергілікті тіл ерекшеліктері мен аймақтық лексиканы әдеби тіл
деңгейіне дейін көтеріп, оқырмандарына жол тапқан ақын-жазушылар жетерлік.
Оралхан Бөкей, Дүкенбай Досжан сияқты ғалымдарды міне, осы тұрғыдан
келгенде бағалауымызға негіз бар. Әсіресе, Оралхан Бөкейдің бұл саладағы
жетістіктері өте мол. Жазушының өткен ғасырдың 70 жылдары прозада қарымды
еңбек етуі қайталанбас дүниелердің қазақ әдебиетіне қосылуына себеп болды.
Оның шығармаларының тілдік ерекшеліктерін танып-білу де өз алдына бір әлем.
О. Бөкей қазақ тілінің құнарын, шұрайын мейлінше сарқа пайдаланған жазушы
болып есептеледі. Бұл кезінде көптеген ғалымдардың назарына да іліккен.
Академик Р. Сыздық пікір білдіргендей, Авторлық даралықты, жазушының өз
қолтаңбасын танытатын стильдік амалдың бірі – кейіпкерлерді сөйлету, ойлату
тұстары. Бұл саладан қарағанда, О. Бөкей тілге аса бір ұқыптылықпен
қарайтын, сәйкестік, орындылық дегендерге интуициясы мен білігі күшті
қаламгер екендігі көрінеді [ Сыздықова Р. Ғ. Қазақ әдеби тілінің тарихы.
Алматы, Ана тілі, 1993].
Оралхан Бөкей Алтай өңіріндегі көпке танылмай, ұмытылып бара жатқан
сөздерді әдеби тілге әкеліп қосты. Рас, кейбір жазушылар оның бұл қадамынан
мін тауып, кемшіліктерін көрсетіп те жатты. Алайда сөздің бейнелілігін неше
түрлі көркемдік тәсілдермен жеткізу, шығармада әр жолда тірі сурет жасау –
Оралханның әдебиет белесінде жеткен шынайы табысы. Оны ешкім де жоққа
шығара алмаса керек-ті. Сондықтан, Оралхан Бөкейдің әр шығармасын жеке
алып, оның барлығын тілдік тұрғыдан талдаудың берері мол екендігі анық. Осы
тұрғыдан алғанда, Оралхан Бөкейдің Атау кере шығармасын талдауды негізгі
нысана ретінде алып отырмыз.
Атау кере повесті жазушының дара қаламгерлік шеберлігін,
қолтаңбасын танытатын озық шығарма. Ондағы сюжет желісі де негізінен адам
мен қоғам болмысына қатысты, екі арадағы байланыс, табиғат мәселесіне
арналады. Мұндағы кейіпкерлер жүйесінің әрқайсысында өзіндік ойлау
ерекшелігі, өзіндік ойлау стилі бар. Осылардың бәрін Оралхан Бөкей Атау
кереде жеткізуде халықтық тілдің қазынасынан емін-еркін пайдаланған. Сол
себептен, Оралхан Бөкейдің Атау кересі тілдік тұрғыдан біршама зерттеу
еңбектерге арқау болды. Шығармадағы тілдік құбылыстардың, сөз
тіркестерінің, фразеологизмдердің жеке-жеке зерттелуге тұрарлық дүние
екендігін де айта кеткеніміз жөн.
Осының бәрін зерттеп-зерделеп, тіл білімінің саласына ендірудің
маңызы зор болары анық деп білеміз.
Зерттеу жұмысында Оралхан Бөкейдің Атау кере повесіндегі әр
түрлі тілдік амалдардың берілуі сөз болады. Ондағы метафоралар мен
метонимиялар, бейвербалды амалдар мен фразеологизмдер арнайы тақырыптарға
топтастырылып зерттеледі. Сонымен қатар, Оралхан Бөкейдің аталмыш
туындысындағы экспрессивтік-эмоционалдық тілдік бірліктер талданады.
Диплом жұмысының жалпы сипаты
Әдеби тіл мен жалпыхалықтық тілдің ара-жігін ажыратпай, кез келген
сөздерді ретсіз қолдану жазушының шығармашылық қабілетінің төмендеп, оны
талғамсыздыққа ұшыратады. Әрі бұл шалағайлықтар оқырманның да көркем
шығарманы қабылдамауына әкеліп соқтырады. Сондықтан әдебиет – ардың ісі
болғандықтан, ондағы үлкен жауапкершілікті түсіне білу керек.
Оралхан Бөкей осындай жауапкершілікті терең түйсіне білген
жазушы. Сондықтан,оның шығармаларындағы әдеби тіл мен жалпыхалықтық тілді
зерттеудің қажеттілігі бүгінгі таңда артып отыр.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының алға
қойған мақсаты мен міндеттерін былайша саралауымызға болады:
- Оралхан Бөкейдің Атау кере шығармасындағы тілдік құбылыстарға
көз жеткізу;
- Атау кередегі әдеби тіл мен жалпыхалықтық тілге қосқан автордың
үлесін даралау;
- Шығармадағы тілдік ерекшеліктерді (кірме сөз, метафора, метонимия,
метатеза құбылыстары) табу.
Диплом жұмысының дерек көздері: Диплом жұмысына Оралхан Бөкейдің
Атау кере туындысы, академик Рабиға Сыздықтың Қазақ әдеби тілінің
тарихы және т.б. еңбектерінде, М. Балақаевтың зерттеулерінде, сонымен
қатар, басқа да қазақ ғалымдарының еңбектері пайдаланылды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысында ғылыми жаңалық
ретінде мына мәселелерге көз жеткіздік:
- Атау кередегі кірме сөздердің өзгеше формада кездесетіндігіне;
-Шығармадағы тілді құбылыстардың, дара қолданыстардың мол болып
келетіндігіне.
Осылардың бәріне алғаш рет ғылыми түрде талдау жасалып, баға
берілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау
1.1 Әдеби тіл және жалпыхалықтық тіл жайлы ғалымдардың негізгі
көзқарастары
Соңғы жылдарда қазақтың жалпыхалықтық тілі мен әдеби тілі
тарихына қатысты жеке мәселелерді қарастыру едәуір қолға алынғанымен,
әрине, бұл ізденістер түйткілдерді түбегейлі шешіп тастауға әлі де
жеткіліксіз [Русские писатели о языке. Хрестоматия. Под общей редакции
Докусова А. М. –Ленинград, 1954].
Жүздеген жылдық тарихы бар лингвистикалық мектептері бар орыс тіл
білімінде сонау М. В. Ломоносовтан бастап көтерілген бұл мәселе қазіргі
кезге дейін толық шешімін таппаған.
Орыс тіл білімінде бұл проблема М. Ломоностовтың Значение
церковнославянского языка в развитии русского литературного языка деген
мақаласында: Как материи которые словам человеческим изображаются
различность по мере разной своей важности так и российский язык через
употреблении книг церковных по приличности имеет разные степени; высокий
посредственный и низкий сие происходит от трех речений российского языка,
деп түсіндіреді [ Ломоносов М. Избранные в 5-ти томах. –Москва: Наука,
1968, 120 б].
Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму жолдары мен кезеңдері, әдеби
тілдің туу, қалыптасу, даму процесінде әр дәуірдегі бай ауыз әдебиетінің,
жазба әдебиетінің, ақын-жазушылардың, сондай-ақ кезеңдердегі түрлі жазба
әдеби тілінің ролі, қазіргі әдеби тілдің нормалары және олардың әлеуметтік
мәні мен стильдік тармақтары, қазақ әдеби тілінің жалпыхалықтық сипаты,
жалпыхалықтық тілдің басқа түрлерімен қарым-қатынасы сияқты әдеби тілдің
басты-басты мәселесі. [ Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 19-
том. –Алматы: Жазушы, 1985].
Әр түрлі пікірлерді сұрыптай келе, әдеби тілдің ең басты белгісі
– оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы. Бұл – бір. Қызметі
жағынан сол халық өмірінде ұйымдастырушы қоғам мүшелерінің басын қосушы
сипаты, жалпыға ортақ қасиеті болуға тиіс. Бұл – екінші меже. Әр нәрсенің,
әр құбылыстың затын, мән-мәнісін салыстыру арқылы, өзге нәрселердің, өзге
құбылыстардың қарама-қарсысына қою арқылы танылады. Әдеби тілді таныту үшін
оның қарама-қарсысына қойылатын басты құбылыс – ауызекі сөйлеу тілі. Бұл
тілді әдеби деп тануға қажет үшінші шарт. Әдеби тіл – қоғамның қолданылу
практикасында сыннан өткен, нормаланған барша үлгілерге ортақ болуы шарт.
Бұл – төртінші сипаты [ Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. Алматы,
Ғылым, 1969, 39 бет].
Әдеби тіл – таза әдебиет арқылы жүйесі қалыпқа түскен, стильдік
тармақтары сараланған, қоғамдық қызметі әр алуан қатынас құралы. Ол – сөз
шеберлерінің өңдеуінен өткен жалпыхалықтық тіл. Әдеби тіл – белгілі бір
халыққа жаппай ұғымды, жаппай түсінікті тіл. Соңғы көзқарасты
қолдаушылардың пікірінше, әдеби тіл жазу болғанға дейін қалыптаса алады.
Академик Н. Сауранбаевтың сөзімен айтатын болсақ, ...Әдеби тілді
жалпы түрде халықтық тіл деп анықтау да айқын, дәл емес. Жалпы халықтық
тіл деген ұғым әдеби тіл деген ұғымнан әлдеқайда кең, басқаша құбылыс [
Сауранбаев Н. Т. Қазақ тілінің проблемалары. Таңдамалы еңбектерінің
жинағы. –Алматы, 1982, 324 бет]. Қарапайым ауызекі сөйлеу тілінің (яғни
халық тілінің) сөз байлығы ауыз әдеби тіліне қарағанда, жазба әдеби тілінің
сөз байлығынан гөрі барынша бай да, құнарлы болып келеді, өйткені оның
құрамында әдеби тілдің нормаларына жатпайтын диалектизмдер (наречиелер,
говорлар, көпшілікке белгісіз жергілікті ерекшеліктер, кәсіби сөздер,
т.т.), қарапайым сөздер (одағай, ірі, бейәдеп, қолайсыз және әр адамның
өзінің қалауына қарай қалай да болса солай айтыла беретін әралуан кездейсоқ
сөздер т.б.), историзм (көне сөздер, ескі сөздер, кірме сөздер, анахронизм,
реликт сөздер), варваризм (әлдеқалай бұзылып айтылатын, қате айтылатын
сөздер), арготизм, неологизм (жаңа сөздер, өзгертіліп айтылатын сөздер)
т.б. элементтер қаптап жүреді. Олар айтылу иініне қарай, жұмсалу мағынасы
мен морфологиялық тұлғасы жағынан өрескіленіп, көзге ұрып тұрады.
Әлдеқандай функциональдық-стильдік қажеттілікке байланысты бұл аталып
отырған және олардан басқа да сөздер мен сөзорамдары халық тілінің
қойнауында қорланып, қатпарланып жатқан қазына ауызекі тілде де, жазба
әдеби тілде де үнемі көрініс беріп отырады, бірақ солардың бәрін байқап,
біле бермейміз. Олардың көзге түспей, назарға ілінбей жүргендері қаншама.
Н. Т. Сауранбаев былай көрсетеді: Шын мағынасындағы әдеби тілмен
салыстырғанда, жалпыхалықтық қарапайым тіл – көркемдік, стильдік, дәлдік,
орамдылық жағынан сұрыпталмаған, шындап жетілмеген, олпы-солпы жақтары көп
тіл. Сондықтан да, А. М. Горький қарапайым халықтық тілді бір сөзбен
речевой хаос деп дәлі анықтаған: әдеби тіл, халықтық тіл, бірақ оның
шеберлер арқылы сұрыпталған түрі [ Сауранбаев Н. Т. Қазақ тілінің
проблемалары. Таңдамалы еңбектерінің жинағы. –Алматы, 1982, 324 бет].
Көркем әдебиет шығармаларының тілі, әдетте, әдеби тілдің
нормалары бойынша жазылатын болғандықтан, сол тілдің тиісті нормалық
ережелердің аясынан шықпағаны мақұл, бірақ ол халық тілінің материалдарын
да пайдаланбай отыра алмайды. Әр автордың творчестволық лабороториясынан әр
сөз бен сөз тұлғасының, сөз тіркесінің қалай шыңдалып, өңделіп, құбылып,
жаңарып шығуы сол автордың шеберлік өнеріне байланысты. Сөз шеберлерінің
сомдап шыққан жаңа тұлғалы сөздерімен жаңа мағыналы сөз орамдары әдеби
тілді құнарландыра түсу үшін бәйгеге түспекші. Сөзді баптап -, бәйгеге салу
– жазушының ісі, оны бағалап, иінін түсіндіру – зерттеуші тілшілердің
жұмысы, іске асыру, ұшпаққа шығару – қалың қауым оқушының үлесі, яғни
күнделікті қолданылып жүрген тіл практикасы, таразысы - әдеби тілдің
нормалары. Сонымен бірге, жазушы халықтың қарапайым сөйлеу тілінің құнары
мен нәрін жинап, әсем де айшықты болып келетін сөз өнерінің саналуан
үлгілерін жасайды, қарапайым сөз тіркестерінен келістіріп, көркемдеп,
өзінше бір реңк алатын жаңа өрнектер мен сөз орамдарын сомдайды, сөз саптау
әдісінің сапалы да сәнді, ұғымды да мәнді етіп, әрлеп, көркемдеп келтіреді.
Әдеби тіл дегеніміз – жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа
түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл. Оның өзіне
тән нормалары болады: лексикалық норма, орфоэпиялық норма, грамматикалық
норма т.б. Әдеби тілдің нормасынан ауытқу екі түрлі болады: 1) жөнімен
ауытқу және 2) жөнсіз ауытқу [ Балақаев М. Б. Қазақ тілінің мәдениеті
Алматы, 1971, 13 бет]. Бұл М. Балақаевтың пікірі, Р. Ғ. Сыздықтың пікірі
бойынша, барлық ауытқулар, соның ішінде сөз қолданыстарға уәжді (мотивті
немесе жөнімен) және уәжсіз (мотивсіз немесе жөнсіз) ауытқулар деп
қарастырылады. Бұл тек көркем сөз стилінде ғана емес, барлық стильдерде
болатын құбылыс. Бірақ, көркем әдебиет тілінде уәждірек ауытқулар жиірек
кездеседі және олардың өздері әр сипатты болады... Сөз қолданыстағы жалпы
әдеби тіл нормасынан ауытқу, біріншіден, әдеби тілден тыс тұрған
элементтерді, диалектизмдерді, қарапайым жай немесе дөрекі сөздерді,
жаргондарды т.б.
Көркем әдебиет шығармаларының тілін зерттеудің негізгі мұраты –
тілдің өзін емес, сол тілдің қолданылу мүмкіншілігін көрсету [ Сыздық Р.
Абайдың сөз өрнегі. –Алматы, Санат, 1995, 5 бет].
Қазақ тіл білімінде бір кезде дәуірлеп тұрған, айтып ауыз
толтырарлықтай қомақты табыстарға жеткен қазақ диалектологиясында артық-кем
айтылып жүрген, тіпті жазылып та қалған әрқилы пікірлер болды. Мысалы,
жергілікті ерекшеліктерді қолдану баспасөз бетінде де айыпқа саналып жүрді.
Дегенмен,соңғы уақыттарды тек диалектизмдер ғана емес, жалпы кейбір
сөздердің қолданылуы жайында жағымды пікірлер айтылып, қалыптаса бастады.
Р. Сыздық, мысалы, әдеби тіл нормасынан ауытқыған кейбір сөздер мен сөз
формалары туралы былай деген екен: ...олардың едәуірі тіпті диалектизм де
емес, керек десеңіз көне де емес, күнделікті қолданыста сирек ұшырасатын,
сол себептен де мағынасы ұмыт бола бастаған сөздер. Және бір (өкініштісі)
ерекшелігі – олардың әлі де бірде бір рет регистрацияға (сөздіктерге)
ілінбей келуі [ Сыздықова Р. Сөз қолданысы және әдеби норма. –Алматы:
Жазушы, 1983, 97 бет]. С. Мырзабеков Тілімізде
диалектінің өзі болмаса да соған ұқсас элементтердің (негізінен лексика-
фонетикалық) барын жоққа шығара алмаса керек. Тек осыған бояуды көбірек
жағып, диалекті деп ат-тонымызды ала қашып жүрген кейінгі кезде қалам
қайраткерлері (тіпті баспасөзде) де көбірек пайдалана бастағанын проза
тіліне байланысты өткен конференцияларда да жиі естідік, - деп өте бір
орында ескертіп қойған еді. [ Мырзабеков С. Баяндама. Жинақ: Қазақ әдеби
тілі тарихының проблемалары. –Алматы, 2000, 140-141].
М. Әуезов бір сөзінде былай деп еді: Біздің кейбір ғалымдарымыз
қазақта диалекті бар дегенде, Жайық пен Алатау қазақтарының солтүстік,
шығыс облыстарынан бөлек айырмыстарынан грамматикалық өзгеше құрылыс
белгісіне қарап айырмайды. Қазақстанның сол өлкелеріндегі сөздіктер
айырмыстарын ғана айтады. Бұл, біздіңше, диалектілік айырым емес. Сөздік
қордың айырмасы әдеби тіл тұтасып, бірыңғай болып қалыптасқан орыс тілінде
де бар [ Исхан Б. М. М. Әуезовтің лингвистикалық ой-тұжырымдары.
–Алматы, 2000. 267 бет]. Б. Ихсан сөзімен айтқанда, М. Әуезов қазақ
тілінде ұшырасып қалатын жергілікті тіл басқашалықтарының бар екенін
жоққа шығармайды және олардың сол кездегі қазақ ақындарының бәріне мәлім
болмағандығын ескертеді.
М. Әуезовтің лингвисткалық ой-толғамдары туралы арнайы еңбек
жазған ғалым Б. Исхан мынадай пікір айтады: әдеби тіл ауытқыған, яғни
олардың ішінен орын таба алмаған (орныға қоймаған) сөздерді шетқақпай
жасамай, іске жарату қазақ тілінің бүкіл сөз байлығын қағазға түсіріп,
көркем әдебиет, тағы басқа әдебиеттерде толық пайдаланып болмаған кезде
пайдалы шара болмақ. Ондай жалпы халыққа танылып болмаған сөздерді
жатырқауымыз (М. Әуезовтің ойы бойынша) астамшылық дейді. Одан әрі автор М.
Әуезовтің ойын былайша жалғастырады: осы орайда да, тілдік қоры әлдеқашан
қатталған, барынша мол зерттелген, барлық тіл байлығын, қазақ тіліне
қарағанда, мейлінше игерілген орыс тілінің озық үлгісін алға тарта
сөйлейді. Біздің тілдің өсуі мен баюы ол дәрежеге жетуден тым жырақ жатыр,
тіліміз орыс тілімен салыстырғанда, сол барлық ойдағыдай игерілген жоқ. Ал,
олар болса, әдеби тілімізді байыта түсетін мүмкіншіліктер [
Исхан Б. М. М. Әуезовтің лингвистикалық ой-тұжырымдары. –Алматы, 2000.
267 бет].
Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры мен грамматикалық құрылысын
байытып, жетілдіру саласында істелетін жұмыстар мен зерттелетін мәселелер
аз емес. Ең алдымен, аталып өтетін бар проблема мынада: ауызекі сөйлеу тілі
мен ауыз әдеби тілінің барлық байлығы мен грамматикалық ерекшеліктері әлі
де болса, түгелімен хатқа түсіп, белгілі бір регистрациядан өтіп біткен
жоқ.
Біз төменде осы аталып отырған әдеби тіл мен көркем әдебиет тілінің
арақатынасын айқындайтын, олардың бір-бірімен өзара өзектес болып келетін
байланысын байқап, байыптау үшін кейбір грамматикалық тұлғалардың көркем
шығармаларының тілінде қолданылып, көріну тәсілдері туралы әңгіме етеміз.
Алдын-ала бір айта кетейік дегеніміз – төменде сөз болып отырған
грамматикалық тұлғалар (морфемалар, аффикстер, жұрнақтар, қосымшалар) -
әдетте әдеби тілде де жұмсалып жүрген форманттар, айырма, бірақ, мынада:
біз келтіріп отырған грамматикалық көрсеткіштер арқылы жасалған сөздер осы
күйінде тұрып, дәл қазіргі әдеби тілімізде қолданылмайтын сияқты, өйткені,
олар әдеби тілдің стильдік нормаларына тиісті дәрежеде жауап бере алмайтын
тәрізді.
Асылы, қазақ тілінің о бастағы дамуы халықтық поэзия үлгісінде
болғаны ешбір дау туғызбасқа керек-ті. Онан кейінгі дәуірлерде, жазба проза
шыққан дәуірде де, сол прозаның өзі де халықтық тіл байлығын пайдаланды.
Солардың арасында диалектілік ерекшеліктер де кездеседі. Оларды қазақ әдеби
тілінің тарихи дамуы тұрғысынан қарастыру, сонымен орайлас зерттеу
принциптері сақталмай жүр. Бұл тұста , ең алдымен, қазақ әдеби тілінің,
оның ішінде қазақ жазба әдеби тілінің қалыптаса бастау дәуіріндегі тіл
ерекшеліктері ескерілмейді. Өткен ғасырдың аяқ шені мен Қазақ төңкерісінің
алғашқы жылдарында жазба әдебиет онша дами қоймаған кезде халық тілінің бай
қазынасының баспасөз бетіне түсуіне мүмкіндігі аз болды. Ал, Қазақ
төңкерісінен кейінгі жылдары өте қолайлы болғанмен де, халық тілінің
байлығы түгел әдеби тілден орын алды дей алмаймыз. Диалектілік ерекшеліктер
мен әдеби тіл байлықтарының өзара қарым-қатынасқа түсетін кезінің өзі осы
жаңа дәуір болды. Қазіргі кезде көз тоқтатып қараған кісіге әдеби тілге
еніп жатқан жаңа сөздердің қатарында диалектілік ерекшеліктердің де бар
екенін байқау қиын емес. Одан қалса, халық тілінде қолданылатын афоризмдер
мен бейнелі сөздер, сөз тіркестері де баспасөзге түгелдей түсіп болған жоқ.
Ал, әдеби тілге енген асар, нөпір, мұрындық болу, мұңлық, талма-тал түс,
атыз, мамыр, наубай, наубайхана тәрізді сөздер мен сөз тіркестерін кейбір
тілшілердің айтуларына қарап диалектизмдер қатарына жатқыза беруге
болмайды. Сол сияқты әр түрлі сөйленістерге телініп жүрген кәсіби лексикаға
да осы тұрғыдан қарау мақұл болар еді.
Бір жағынан, халық тілі мен әдеби тілдің, екінші жағынан,
диалектілік ерекшеліктердің арақатынасы айқындалып болмағандығына тағы
мынандай мысалдар келтіруге болады. Ет асқанда қазанға салынатын нанды
Қазақстанның әр түкпірінде ғана емес, баспасөз бетінде де әр түрлі атайды.
Мысалы, нан, жұқа нан, іңкәл, қайыс нан, қамыр, жайма, құлақ нан. Ал, үйдің
төбесіне көлденең салынатын ағашты үрлік, көшер, білік деп те айтып жүр.
Әрине, бір ғана нәрсенің былайша әр түрлі аталуы жазушының, не айтушының
қай облыстан екендігіне байланысты. Бірақ, қазіргі кезде осындай атаулардың
ішінен біреуін ғана алып, мынау әдеби тілдің нормасы деу қиын, бірақ
болашақта біреуін ғана қабылдау керек [ Балақаев М. Қазіргі қазақ әдеби
тілі және оның нормалары. Алматы, Ғылым, 1984, 75б].
Ал, орыс тілінен қазақ тіліне сөз ену жағдаяты одан өзгешелеу.
Мұнда көршілестік қарым-қатынас халықтардың саяси-әлеуметтік жағдайына
негізделген тілдік ауыс-түйіс ерекше орын алады.
Орыс халқы мен қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени-ағарту
істері негізіндегі тығыз байланысы қазақтардың өз еркімен орыс
патшалығының, Ресей империясы құрамына енуінен кейін (1731 жылдардан кейін)
күшейгені белгілі. Сол тұста қазақ елінде ел билеудің хандық формасы
біртіндеп ыдырай бастап, патшалық тәртіп бойынша жаңадан әкімшілік ел билеу
орындарының құрылуы, сонымен байланысты қазақ тіліне мынандай сөздердің
енуі, сол өзгерістердің айғағы болса керек: болыс (волость, волостной),
ыстаршын (старшина), песір (писарь), шенеунік (чиновник), өрендік
(урядник), жандарал (генерал), сот (судья, суд), ауылнай (аульный), атпекет
(адвокат), уез, өйез, ояз (уезд, уездной управитель), поштабай (почтовый),
сияз (сьезд), шен (чин), шар салу (избирательный шар);
Кірме сөздерді қабылдауда, олардың жұмсалуында екі түрлі бағыт
байқалады. Біріншісі - өмір қажеттілігінің баурайында өзінен-өзі, оқта-
текте түрлі-түрлі тұрпатымен тіл қорына елеусіз, пассив сөздер қатарында
жұмсалатын кірме сөздер. Екіншісі – саналы таңдау, талғау талқысынан өтіп,
жалпыға бірдей елеулі актив сөз қорына қосылатын кірме сөздер. Алдыңғысына
доға, қамыт, бәтеңке, піркеншік сияқты фонетикалық тұрқы өзгерген сөздер
жатады, соңғысына қалаулы терминдер не олардың эквивалент баламалары жатады
[ Балақаев М. Қазіргі қазақ әдеби тілі және оның нормалары.- Алматы,
Ғылым, 1984, 75б].
Сөз – көркем әдебиет тілінің көріктеу құралы, көркем суреттің
бояуы. Сөздің ондағы нәрі, көріктеу қызметі қаламгерлердің соларды жұмсай
білу шеберлігінде танылады. Сондықтан, көркем әдебиет тілінің де бас арқауы
– сөз. Көркем әдебиетті сөз шеберліктің, көркем суреттің бейнелеуші
материалы болатындықтан, оны ақын, жазушы ұқыптылықпен қадағалап, талғап
қолданады. Сол үшін олар бір жазғандарын қайта-қайта түзеп, көшіріп
азаптанады.
Әдеби тілдің дәрежесі халық тілі байлықтарын жазба әдебиетке
енгізу мөлшерінің аз-көптігімен өлшенеді. Ең оңайы тілдегі бар байлықтарды,
олардың әдеби тілге енген-енбегенін жекелеген ақын-жазушылар туындыларының
сөз байлықтарынан түгел қамтып, кейбір болжам жасауға болады. М. О. Әуезов
Абай шығармалары тілінің сөз байлығы туралы былай дейді: Абай
шығармаларында қазақ тілінің байлығы бар қалпында, Пушкин шығармаларына
орыс тілінің байлығын кіргізгендей болған... Абай шығармаларының көлемі аз
болғандықтан және әдебиет бір жанрды, көбінше поэзия түрінде ғана
жазғандығынан дейміз. Бір ғана жанрда, саны осыншалық мол емес шығармалар
шеңберінде Абай өзі білген қазақ тілінің де барлық қорын пайдаланып
болмаған [ Балақаев М. Қазіргі қазақ әдеби тілі және оның нормалары.
Алматы, Ғылым, 1984, 118б].
Сөзді көркем әдебиетте бейнелеудің, образды ойды жеткізудің бояуы
ету үшін сөзбен салған суреттің тігісі жатық болуы – ақын-жазушының сөз
қолданыс шеберлігі. Бітпейді іштегі ғашықтық жарасы, Қараңғы түнде тау
қалғып, ұйқыға кетер балбырап (Абай), Жанымның жарық жұлдызы (Қ.
Аманжолов) сияқты көркем үлгілер – ерекше сөз қолданыстар.
Жазба әдебиетке дейін дәл осылардай болмағанмен, соларға жақын
метафоралық сөз тіркестері болуы мүмкін, бірақ олар ол кезде халық әдебиеті
үлгілерінің аясында жұмсалатын. Бұлар қазір де ақын-жазушылар тілінің
нәрлілігін көрсетеді. Ол тек дарында сезімтал, суреткер тіліне ғана тән.
Ақын-жазушының басқа да сөз жұмсау даралықтары тіл шеберлігімен үйлесіп
жатса, әдеби тілге, ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз байлықтарын орынды
қолданса, солардың нәтижесінде, қаламгердің тіл жұмсауда өзіндік
шеберліктері байқалып жатса, әрине, олардың сөз зергері болғандағысы. Ақын-
жыраулардың сөз қолданыс ерекшеліктері тілдің әдебилігінің бірден-бір
белгісі болуы екіталай. Себебі, әдеби тіл деген ұғым тек өлең, жыр
материалдарын ғана қамтымайды.
Жазушы, ақынның сөз қолданыс ерекшеліктері олардың өзіндік
стильдерін қалыптастырады. Мысалы, Б. Майлиннің синтаксисінде тұжырымдап,
дәлме-дәл құрастырған сөйлемдер арасында көріктеу, көркемдеу тәсілдері,
әсіресе метафоралық тіркестер көп қолданылады. М. Әуезовтің
синтаксисінде ой қазбаланып, жан-жақты қамтылу көзделетіндіктен, сөйлемдері
күрделенген, зілді келеді, мақал, мәтел, теңеу, метафора сияқты көріктеу
амалдарының қатарында бірыңғай мәндес сөздерді ұластырып, жұмсау жиі
кездеседі. Мысалы, Қораның ішінде Құнанбайды қоршаған кәрі-жас
Ырғызбайлардың киім сәні бөлек-ті және қаладағы саудагер, имам, қалпелердің
сәлделі шапанды, құндыз бөрікті, байлық, барлық көріністері де басқа... Ол
екеуі қажып-талған түрлерімен, ашаң, жүдеу жүздерімен өзгеше сұп-сұр,
көнетоз, жыртық киімдерімен, ерекше бір азап дүниесінен келгендей [ Әуезов
М. Абай жолы, 2-том. Алматы, Жазушы, 2006, 11 бет ]. Сөз өнеріне ұқыпты
қарайтын Ғ. Мүсіреповтің синтаксисінде шашау шыққан сөздер болмайды, бәрі
логикалық байланыста, әрқайсысы өз орнында тұрады. Сол кітаптың 38, 39
беттерінде автор самаурынды пысылдақ сары, сары бие деп атайды.
Тілді жақсы біліп, көп жазатын кейбір жазушыларымыз қазақша
жатық, көркем тілде жазу үстінде қазақ тілін байытамыз деп, көпшілікке
түсініксіз жергілікті диалектизм, жасанды сөздерді қолдануға әуес, бұл да
жазушының өзіндік ерекшеліктерінің бірі болса керек. Олар мақсатқа
қаншалықты лайық, орынды-орынсыз екені - өз алдына мәселе. Қалай да солар
жазушының сөз қолдану ерекшелігіне жатады.
Қазақ тілінің өзге түркі тілдерінен бөлініп, өз алдына дербіс
тіл болып құралу, дамуымен байланысты тілінің де бірыңғай халық тілі болып
қалыптасу кезеңі, екіншісі – қазақ халқының буржуазиялық ұлт болып құрала
бастаған кезінен бастап, әлеуметтік ұлт болып қалыптасқанға дейінгі
аралықта бірыңғай ұлт тілі болып қалыптасқанға дейінгі кез. Осы соңғы екі
кезең тұсында да қазақ халқының өзіне тін әдеби тілі болды.
Жалпы халықтық тіліміздің, қала берді оның әдеби формасының
ертерек замандардағы жалпы даму аңғарын тым келте шолумен ғана тынып, оның
ескі, яки, көне кезеңдерінің қандай-қандай дәуірлерге бөлінетінін сөз етпей-
ақ, тікелей жаңа әдеби тіліміздің құралу, даму және қалыптасу мәселесін
бағдарлауға көшсек, бұлардың да ұзын-сонар тарихы бар. Соны қысқаша ғана
шолып өтейік.
Бүкіл қазақ жерінің орыс мемлекеті құрамына енуімен байланысты,
қазақ халқының басы құралып, экономикасы жаңаша дами бастады. Халықтың тек
экономикалық тұрмысы ғана емес, қоғамдық-әлеуметтік және рухани өмірі де
жаңарып, бір тұтастық ыңғайға көшті. Осылардың нәтижесінде қазақ халқы
бірыңғай ұлт болып құралу арнасына түсті де, оның тілі бірыңғай ұлттық тіл
болып қалыптаса бастады [ Қазақ әдебиеті, №46 (618) 1-бет, Ахмеди Ысқақов.
Әдеби тіліміздің дамуы].
Әдеби тілдің тарихын баяндамас бұрын, әдеби тіл деген
категорияның өзі туралы түсінікті анықтап алу қажет. Өйткені, әдеби тіл
дегеннің мазмұны, сипаты жөнінде тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы
лингвистикада анық айқын үзілді-кесілді пікір жоқ екені айтылып келеді. Бір
қатар ғалымдар әдеби тіл дегеніміз – жалпы халықтық тілдің өңделіп,
қырланған түрі деп таныса, енді бірсыпырасы жалпы хатқа түскен туындылардың
тілі әдеби тіл деп табады.
Әдеби тіл дегеніміз – жалпы халықтық тілдің қалыпқа түскен,
белгілі бір дәрежеде өңделген ерекше бір түрі. Әдеби тілдің тарихы – жазба
ескерткіштердің тарихы. Әдетте жазусыз әдеби тіл болуы мүмкін емес.
Жазу - әдеби тілдің ең маңызды және қайткенде де болуға тиісті белгісі.
Тіл білімі тұрғысынан алғанда, әдеби тіл деп тек көркем әдебиетте ғана
емес, ғылыми зерттеулердің, саяси трактаттардың, газет-журналдардың тілін
де, қысқасы, жазба тілді атаймыз. Міне, осы пікірлес ғалымдар белгілі бір
тілді әдеби тіл деп тану үшін жазудың болуы шарт, яғни хатқа түскен
нұсқалары өте аз немесе жоқ жерде әдеби тіл де жоқ деп кесіп айтады.
Қазақ тіл білімінде де әдеби тіл деген ұғымға тиянақты, бір
анықтама берілмей келеді. Жалпы, күні бүгінге дейін қазақ әдеби тілі,
қазақ жазба әдеби тілі, кітаби тіл, қазақ ауыз әдебиеті тілі, жалпы
халықтық тіл дегендер бір-бірінен ажыратылып, әрқайсысы нақты мағынаға ие
болған жоқ. Өйткені, қазақ тілінің бізге мәлім тарихының өн бойындағы сыры,
ерекшеліктері, масштабы (жұмсалу өрісі) толық зерттеліп біткен жоқ.
М. Балақаев: Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл
байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп, екшеледі. Жазуы болмаған
халықтың тілі әдеби дәрежесіне көтеріле алмайды - деп. Ғ.
Мұсабаев та айтқан: Әдеби тіл ең әуелі-ақ жазуға сүйенеді. Ол жазу
стилінсіз әдеби тіл болмақ емес, - дейді. Бірқатар зерттеушілер қазақтың
әдеби тілін ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан басталады деп, мұны ұлы ағартушы
–демократтар Абай мен Ыбырайдың есімдерімен байланыстырады.
Әдеби тілдің ең басты белгісі – оның өңделген, сұрыпталған,
нормаланған тіл болуы, бұл – бір қызметі жағынан, сол халықтың өмірінде
ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық
қасиеті болуға тиіс. Әдеби тілді тану үшін оның қарама-қарсысына қойылатын
басты құбылыс – ауызекі сөйлеу тілі. Әдеби тіл – қоғамның қолдану
тәжірибесінде сыннан өтіп, нормаларын қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған
және ол нормалар барша үлгілерге ортақ болуы шарт.
М. Әуезов: қазақтың әдеби тілін Абайдан басталады дейтін
тілшілерге дау айтамыз. Бұхар, Махамбеттерде қазақ әдеби тілінің үлгі-
өрнектері жоқ деуге бола ма? – дейді.
І. Кеңесбаев та: Абайға дейін де қазақ әдеби тілінің ұрығы
себілген болатын... Олар жаңа туа бастаған жазба әдебиеттің кейбір
өкілдерінің (Махамбет Өтемісов, Ыбырай Алтынсарин сияқты) шығармаларынан
табылады, - деп жазды.
Әдеби тіл деген ұғым – қазақ тілі үшін де тарихы, құбылмалы
түсінік. Қазіргі қазақ тілі үшін оның жазба түрінің болуы, сан салалы
стильдерге тарамдалуы, қоғам өмірінің барша саласына түгел қызмет етуі –
заңды шарттар. Ал, бұл шарттарға қазақ әдеби тілі әрдайым, барлық
кезеңдерге бірдей жауап бере алмаған. Әдеби тілді зерттеу сол халықтың
рухани-мәдени дүниесінің тарихын танып-білумен тығыз байланысты.
Қазақтың жазба әдеби тілі тұтқиылдан, айталық, Абай мен
Ыбырайдың шығармалары туған күннен немесе кейбір зерттеушілер жазғандай,
Түркістан уәлаяты газетінің алғашқы нөмірлері шыққан күннен басталған
емес. Мұның алдында да әдеби тіл үлгісі болған. Ол қазақтың төл әдеби тілі
болып, бір жағынан, ауыз әдебиеті тілінен, екінші жағынан, жазба әдеби
тілден ерекшеленетінін көреміз.
Сонымен қатар, өткен дәуірдегі қазақ қоғамы өмірінде және бір
әдеби тіл болды. Ол – бірқатар түркі халықтарына ортақ Орта Азиялық жазба
әдеби тіл – түркінің локальдық (жергілікті қазақтық) түрі. Бірақ мұның
қолданылу асяы өте шағын болды, бұл іс қағаздары мен эпистолярлық жанрға,
одан кейін мұсылманша діни әдебиетке қызмет етті. Бұл тілдің элементтерін
ХІХ ғасырдағы тұңғыш қазақ баспасөзі мен публицистикасы, ішінара көркем
әдебиеті (кітаби ақындар) пайдаланды. Бұл тілді кезінде қазақ топырағында
кітаби тіл де, осы тілде (дәлірек айтсақ, осы тілдің элементтерін қосып)
жырлаған ақындарды кітаби ақындар деп атағаны мәлім. Қазақ мәдениетіне
қызмет еткен кітаби тіл таза шағатай тілі (түркі) емес, сол тілдің және
татар жазба әдеби тілі мен қазақ тілдерінің элементтерін араластырып
пайдаланған қоспа дүние – локальдық құбылыс болғандықтан, ол тіл
шұбарлығы сипатын алды.
Қазақтың ауызша әдеби тілі мен жазба әдеби тілі болды. Соңғысы
алдыңғысының жалғасы ретінде дамып, ХІХ ғасырдың І жартысында әбден
қалыптасып, қоғамға қызмет ете бастады. Ол қазақтың қазіргі әдеби тіліне
келіп ұласты.
Әдеби тіл дегеніміз – белгілі мөлшерде сұрыпталып, тілдік
нормалық бағыты анықталған, қолданылу қызметі әр алуан, стиль жағынан
саралануға бейім, тілдің диалектілер мен қарапайым сөйлеу тілінен жоғары
тұрған түрі [ ЛЭС, -Москва, 1987, 270 бет].
Әдеби тілдің негізінде сөз шеберлерінің жөндеуінен, елегінен өткен,
солар шығармашылық жолмен дамытқан жалпыхалықтық тіл жатыр. Әдеби тілді
жалпыхалықтық тілге бүтіндей қарама-қарсы қоюға болмайды. Әдеби тіл халық
тілінің негізінде жасалады. Ол халықтың сөйлеу мәдениетінің зор табысы
ретінде қаралады. Әдеби тіл мен Көркем әдебиет тілі деген ұғымдар
бірдей емес. Әдеби тіл тек көркем әдебиет тілін емес, халық тілін де
қарастырады.
Сөз шеберлерінің халық тілін жөндеп сұрыптауы негізінен екі бағытта
жүргізіледі.
1. Тілдің ғасырлар бойы даму процесінде оның ішкі даму
заңдылықтары арқылы қалыптасқан жүйелілігіне сүйену. Сөйтіп, жалпыхалықтық
сипат алған, өмірге аса қажетті, неғұрлым айқын сөз үлгілерін сұрыптап алу.
Оған, мысалы, айтылуы, қолданылуы әбден тұрақты қалыпқа түскен сөздер,
фразеологизмдер, жалғаулар мен сөзжасам жүйесі, сөздердің тіркесі, сөйлем
құрау жүйесі, үндестік заңы, ықпал заңдары сияқты тұрақтанған жүздеген тіл
құбылыстарын жатқызуға болады.
2. Халықтық тіл дәстүрлерін бекіте отырып, сұрыпталынып алынған сөз
үлгілерін әрі қарай жетілдіру, сөйлеудегі, сөз қолданысындағы
шашыраңқылықты, ретсіздікті жою. Бұл – тілдің әр түрлі деңгейінде жүзеге
асырылып отырады [ Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің
фразеологиясы мен фразеологиясы. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006, 24 бет]
1. 2 Оралхан Бөкейдің әдеби тілге қосқан үлесі
1960-1970 жылдардағы қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған
жазушылардың бірі Оралхан Бөкей. Қазақстан республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы О. Бөкейдің тұңғыш жинағы Қамшыгер
деген атпен жетпісінші жылы жарық көрді. Еңбектері көпшілік жүрегінен
мәңгілік орын алған жазушы О. Бөкей сан қырлы тақырыптарды үзбей қалам
тербеген. Жазушының прозалық, драмалық туындылары, көркем публицистикасы
әдебиетіміздің алтын қорына асыл қазына болып құйылды. Оның шығармалары
дүние жүзі әдебиетінің тұнығынан жүзіп ішкен орыс, француз, ағылшын, неміс,
жапон, араб, қытай һәм басқа да ұлы тілдерге аударылып басылып, биік
өкрениетті бүкіл дүние оқырмандарының талғам таразысына өтті, шынайы рухани
сұранысына айналды. О. Бөкей шығармашылығы туралы қазақтың маңдай алды
жазушылары, сыншыларынан бастап, алыс жақын шетел қаламгерлері де бірсыпыра
еңбектер жазды. Бұл тұрғыдан келгенде, М. Қаратаев, Р.
Нұрғалиев, Н. Ғабдуллин, Д. Исабеков, Р. Сыздықова, Ә. Кекілбаев,
С. Қирабаев сынды сыншы әдебиетшілеріміздің зерттеу еңбектері жазушы
талантының қыр сырын тануға өз септіктерін тигізгені аян. Академик
Р. Сыздықова О. Бөкей тілін зерттей келе, Соңғы отыз жылда көркем
әдебиет дүниесінде қалам тартып келе жатқандардың бірқатарында, соның
ішінде біз тілін әңгіме етіп отырған Оралхан Бөкеевте де қазақ тілінің сөз
мұрасын сарқа пайдалану айқын сезіледі, [17. Сыздық Р. Сөз өрнегі.
–Алматы, 1996] дейді.
Жазушы шығармашылығы әдебиетшілер мен тілшілер еңбектерінде
негізгі зерттеу нысанасына алынғанымен, олардың таза ғылыми тұрғыда
зерттелуін бірді екілі ғылыми жұмыстардан көре аламыз. Бұл ретте
А. Сембаеваның Көркем шығармадағы эмоционалды экспрессивті
лексика (О. Бөкей шығармалары бойынша) атты ғылыми еңбегі игілікті істің
бастамасы ғана.
Оралхан Бөкейдің әдеби тіл мен жалпыхалықтық тілді сабақтастыруға
деген талпынысы, осы бағыттағы ізденістері оның шығармашылығында өзіндік із
қалдырған. Шығыс Қазақстан өңіріне тән көптеген сөздердің жігін бұзбай
әкеліп, әдеби тілге жымдастырып сіңіріп жіберуде суреткер үлкен еңбектер
жасап, алғаш әдеби тілге өз туған жеріндегі жергілікті тілдік
ерекшеліктерін қосуға аянбай тер төкті. Бұл орайда Оралханның соны
тіркестері, сөйлем құрылысындағы жаңалықтары әдебиет саласындағы тың
бастаманың негізін салды десек артық айтқандық емес. Әрине, бастамалардың
барлығы сәтті бола бермесі анық. Онда да өзгелерден оза шауып кеткен басы
артық тұстары немесе кейін қалып қойған кемшін жақтары кездеспей қоймайды.
Бұлардың барлығын көзден таса қылмай, елеп-екшеп, зерттеп-зерделеп отыратын
тілші ғалымдар, әдебиет сыншылары бар. Жазушының көркем әдебиет бетіндегі
сөздерді пайдаланудағы тәжірибесін сын тезінен өткеріп отыратын ғалымдардың
пікірлері осы айтылған сөзге дәлел бола алады.
Оралхан Бөкейдің қаламгерлік шеберлігін танып, оның
шығармаларындағы ерекшеліктерге қатысты пікір айтқан аға буын өкілдері көп
болған. Мәселен, Ғабит Мүсірепов Оралхан Бөкейдің сөз қолданысы жайлы
мынадай пікір білдіреді.
Оралхан Бөкеев үлкен үміт күттіретін жас жазушыларымыздың бірі.
Өнімді де ұтымды жазады. Тақырып шеңбері кең, айтар ойлары бар жазушы.
Жақынды оқырман қауымының тілегіне орай, Қазақстан Ленин комсомолының
сыйлығын да алды. Бірақ өзінің тіл қорына Алтай, Қытай қазақтарының ескіріп
топастана бастаған тілдері әсер еткен бе, қалай, Оралханның тілінде
шұбарлық түйіртпектері бар. Мысал келтірейік:
Пошымы, нәшіні, албаты, кейуана, мүрлеу, бебжік, мауырт,
сіңіртік, паруай... Менің ойымша, бұл сөздердің бірде-бірі бүгінгі өскен
әдебиетімізге де, тілімізге де орналаса алмайтын болар.
Сол шұбарлық Оралханның сөйлем құрауына да теріс әсерін тигізіп
отырады. Мысалы:
Сұрқай сұсты...
Сұп-сұры бұлт сықастыра...
Садақбайдың ала-сапыран паруай жүзіне...
Ауыл жақты қарауылдай байырқалап...
Олардың сұп-сұры жүзі, арбиған арық қолдар мен сіңіртік сирақтар,
көлгірсіген аппақ кебіндері...
Мен бағанағы әйелім әзірлеген кеспені еске алдым. Оны біз жездем
жолдаған қаздың етіне пісіріп едік...
Жесір әйелдің мұңдықты басы қалды...
Алдыңғы сөйлемдердің одағайлығы өзінен-өзі айқын тұрғандықтан,
мен соңғы екі сөйлемге тоқталғым келеді.
Кеспені қаздың етіне пісірген едік деуге болмайды, Оралхан.
Қазды жездең жібергенмен де болмайды. Кеспені етке салады. Сонда ол кеспе
салып пісірген қаздың еті деген тамақ болады. кеспе, іңкәл, құлақнан,
күлшетай деп аталатын нандардың бәрі де етке пісірілмейді, етке салынады.
Жесір әйелдің мұңдықты басы қалды деуге де болмайды. Ең алдымен,
мұңдықты емес, мұңды деп жазу керек. Сонда сөйлем жесір қалған мұңды
әйелдің деп басталады. Екінші, сіздің сөйлем құрауыңызда әйелдің өзі емес,
басы ғана қалған болып тұр. Сіздің айтайын дегеніңіз, ері өліп жесір
қалған мұңды әйел жалғыз қалды емес пе?
Біздің басылып шыққан кітаптарды кезінде оқи қою, әсіресе
қолжазба күйінде оқып, өңдеуге жәрдемдесу сиреп бара жатқан әдет. Писатель
пописывает, читатель почитывает [ Мүсірепов Ғабит Таңдамалы шығармалары.
–Алматы, 1987, 577 бет].
Ғабит Мүсіреповтің қазақ әдеби тілінің қалыптасуына сіңірген
еңбегі өте зор. Ол өз кезіндегі қазақ тілінің аясында орын алып отырған
жөнсіздіктерді дер кезінде байқап, сынап, тілдегі шалағай тіркестерден,
нәрсіз сөздерден құтылуға ақыл-кеңестерін де беріп отырған. Жазушының О.
Бөкей тіліндегі Пошымы, нәшіні, албаты, кейуана, мүрлеу, бебжік, мауырт,
сіңіртік, паруай деген диалектілік элементтерді келтіріп отырғаны тегін
емес. Мойындауға тұрарлық бір жайт, диалекті сөздердің аса бір ұтымды
шыққандары болмаса, көбісінің әдеби тіл нормасына ене алмайтындығы. Ендеше,
аталған шығармалардағы ауызекі сөйлеу тілін әдеби тіл нормасына ендіруге
деген О. Бөкейдің шалыс қадамын аға жазушы дұрыс аңдап, дұрыс кеңес беріп
отыр.
Қазақ тілінің әдеби нормасының бұзылмай сақталуына тер төккен
қаламгер жалғыз Оралхан Бөкей ғана емес, сол кездердегі көптеген ақын-
жазушылар тілінде түсініксіз сөздердің, мағынасыз ұйқастардың, диалектілер
мен варваризмдердің көп кездесетінін өзінің Авгейдің ат қорасынан
бастайық атты мақаласында терең талдап көрсетеді. Шындығында қазақ тілінің
әдеби қалыпқа еніп, нормалануымен бірге оның осы дәрежеге жетуі жолында
қиындықтар өте көп ұшырасқан. Жазушының сондықтан, Авгейдің ат қорасынан
бастайық деп, тіл біліміндегі күрделі мәселелерді көтеріп отырғаны тегін
емес. Авгейдің ат қорасы – грек мифологиясында кездесетін жайт. Миф бойынша
Гераклдің мойнына Авгейдің жылқының қиына толған қорасын тазалап шығу
міндеті жүктеледі. Мұндағы ой астары – неше түрлі шұбалаң сөздер мен
сұрықсыз сөйлемдерге толған әдебиет пен баспасөз бетін осындай
қолайсыздықтан алып шығатын ер бола ма деген тілек. Бұл тілектің, ең
алдымен, сол кездегі жазушылар мен тілшілерге қойылғаны белгілі.
Оралхан Бөкейді әдеби тілдің баюына үлес қосқан жазушы ретінде
танитынымыз, жоғарыда айтылған кемшілікті тұстары болғанмен, оның көркем
проза тіліне суретті сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін, перифразалық
тіркестерді қосқандығынан. Жазушының бұл саладағы жетістіктеріне қатысты
академик Р. Сыздық мынадай пікір білдіреді: Соңғы 20-30 жылдарда көркем

ішінде біз тілін әңгіме етіп отырған Оралхан Бөкейде, қазақ тілінің сөз
мұрасын сарқа пайдалану тенденциясы айқын сезіледі. Осы ниетпен сирек
сөздерді, мағынасы күңгірт тартып ұмыт бола бастаған көне сөздерді,
қолданылу аймағы тар жергілікті сөздерді және жазушы өзі ұсынар жасанды
сөздерді еркін және молынан кәдеге асырып жатқан әрекет-бағыт байқалады.
Әрине, сирек, көне, жаңа, жергілікті болған соң, мұндай сөздердің
көпшілігі қалың жұртшылыққа бірдей түсінікті болмай, көбінесе бейтаныс,
тіпті әдеби тілге жат болып та көрінуі мүмкін. Осындай көпшілік оқырманға
бейтаныс немесе шала таныс сөздер қатарынан табылатын бір алуан элементтер
О. Бөкей тілінде де бар. Олар: ар-үр секіру, озаңдаған дауыс, озаңдау,
лақса, селбесу, аңқос, қоймірет, ұлы жіңгір, айқұлақ ерке, айқұлақтана
шабу, дәреттену, пәрек, аталақтау, жөш, аңсырау, бақида, қолаба, ләуқи,
қапшаағй қимылдау сияқтылар. Сірә, бұлардың бірқатары: албаты, лақса,
қолаба, әспенсу, қаңғылестеу, озаңдау, ләуқи, аталақтау, асай-мұсай, бәкін-
шүкін, ар-үр секілділер қолданылу өрісі шектеулі жергілікті сөздер болар,
ал қоймірет, ұлы жіңгір, селбесу, айқұлақ, ерке, перен, жөш, мағұлымдау
тәрізділер сирек кездесетін өте бір образды элементтер болар (мүмкін,
алдыңғы топтағы сөздердің де бірқатары осы топқа қосылар) деген ғалым ойы
Оралхан Бөкейдің әдеби тілге қосқан үлесін бағалау деп айтсақ артық
айтқандық болмас деген ойдамыз. Оның жазушының әдеби нормада бар, бірақ
сирек қолданылатын сонырқау, алқау, қамсаулау, қадаушабыр, шата, маңғыстау
(мал жөнінде айтылғанда), тымсақ, кісікиік сияқты сөздерді қолданған
құптағандығы да әділ баға бергендігі деп түсінгеніміз жөн. Алайда, ғалымның
Оралхан Бөкей тіліндегі өзгеше құбылыстардың барлығын бірдей қолдап,
соларға ақ жол тілеген деп айтуымызға да мүлдем болмайтын тәрізді. Ғалым
тілдік құрамды толықтыру вариант, дублеттердің есебінен емес, көркем тілдік
өрнектермен баиитындығын айта келіп, О. Бөкей шығармаларындағы аңсау
дегенді аңсырау, еңсегей дегенді аңсағай, арланды деудің орнына арсынды деп
қолдануын жөн көрмейді. Бірақ, негізінен жазушының сөз қолдану ерекшелігі
көптің көкейінен шыққанын жасырмай айтып кетеді.
ІІ тарау
2.1 Атау кередегі бірқатар тілдік тұлғалардың мағыналары
Атау кереде мағыналары көмескілене бастаған, өздері қолданысқа
аз түсетін сөздер де кездеседі. Олардың тілдік тұлғаларын, мағыналарын
ашуды осы тарауда қарастыратын боламыз.
Мәселен, повесте жады сөзінің жұмсалып тұрған сыңайы ерекше
көзге түседі: Осы жады сөзінің бойында көптеген түркі тілдеріне ортақ болып
келетін тарихи-фонетикалық сөздер жатыр. Ол сыр қазақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz