Көне Египет мәдениеті


Тақырыбы: Көне Египет мәдениеті
Жоспар
Кіріспе . . . 3
Мысыр . . . 4
Құдайлары . . . 6
Реформа . . . 7
Қорытынды . . . 9
Әдебиет . . . 10
Кіріспе
Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салынды сол пирамидалар әліде кімді болсада қызықтырыды Египеттің көптеген әлі шешілмеген сырлары көп оның мәдениетінің дамуының өзі таң қалдырарлық бұның өзі оған ықылас қойып зертеуіне себепкер.
Ежелгі шығыс мәдениеті
Көне Египет мәдениеті (Мысыр)
Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық - билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғарғы өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принцептері негізінде құралды, ал өз кезегінде бұл принцептер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері - перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналдлы, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол - құдайлардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосылып айтылады. - «Алтын» нұр шашқан күн) ұлымен деп жариялады.
Перғауынның жеке-дара билік жүргізуші тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күш - өлім. Міне, сондықтан да болар - көне Египеттің мәдениеттінің ең басты ерекшелігі - ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды. Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңартылғандығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылғанда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені - одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілім пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен роль атқарады. Тереңірек ойлап қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған. Жыл сайын бауырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге қайтып оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жернде мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Ол үшін адамның денесін сақтап, тірлікте оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек, демек денені бальзамдап, оны мумияға айналдыру, не болмаса өлген адамның денесіне ұқсас етіп, оның мүсінін жасау қажеттігі туды. Сондықтан да, ежелгі Египетте мүсінші «санх», яғни «өмірді жасаушы» деп аталады. Мүсіншілер өлген адамның бейнесін жасауды тіршілікті қайта жандагдыру деп санап, бұл кәсіптерін ерекше мақтан етті. Шындығында да, өнердің бұл саласы адамдар түсінігінде сиқырлы күшке айналды. Аруаққа табыну, суретші санасына «егер дене сақталса немесе толық бейнеленсе, өлген адамның жаны оған қайтып оралады» деген түсінікті сіңіреді. Өмірдің табиғи ағысын бұзушылық болып көрінген ажалды тоқтатып, жеңіп шығуға болады деген құштарлық, өлімді жеңуге болады деген үміт оты аруаққа табынуды туғызып, ежелгі Египет өнерінің барлық салаларына өз таңбасына салады.
Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну - перғауындарды «құдай» деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай - патшалардың (перғауындардың) құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғарғаы әміршісі - құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сән- салтанатпен салынатын мұндай пирамидалар қыруар қаржыны ғана емес, ұзаққа созылған ауыр да, азапты еңбекті қажет етті. Осы бір азапты еңбек қасіретті өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.
Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салынды. Египет абыздарының қағидаларына сүйенсек, патшалар мен вельможаларға ғана емес, кез-келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған жағдайда мәңгілік өмірлік күш - «Ка-ға» (мәңгілік өмір) ие болады. Бірақ қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады, оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне көме салды. Демек, пирамидалардың салынуы - көне Египет қоғамындағы адамдар арасындағы шектен тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығын байқатады.
Б. з. д. Ш - ІІ ғ. құдай - патшаларға арналған құрылыстар - пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалған. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жұмыс күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар салу - халық қайыршылығының басты себепкері болды. Ал егер пирамидалар салуға жұмсалған қыруар қаржы мен египет халқының табанды еңбегін халық игілігіне жұмсағанда (жолдар салғанда және т. б. ) Египет сөзсіз экономикасы жоғары дамыған өркениетті елге айналған болар еді деген ой еріксіз келеді.
«Құдіретті құдай» - фараондардың о дүниеге барғанда жанға сая, басқа баспана болатын мәңгілік ғұмырдағы үйлері - пирамидалар көргенді де, көрмегенді де таң қалдыратын дәуір ескерткіштері, «әлемнің жеті кереметі» аталған өнер туындылардың бірінен саналады. Ерекше атап өтетін бір жайт, Египет сәулетшілері өз есімдерін өздері жасаған ескерткіштерге тасқа қашап жазған, демек олар өз еңбегінің нарқын түсіне білген, сондықтан да өз даңқын шығаруға, оны болашақ ұрпаққа мұра етуге арланбаған. Дұрыс та, әділ шешім, өйткені ежелгі заманды былай қойғанда, осыдан небәрі бірнеше ғасыр бұрын ғана салынған феодалдық Еурапының соборлары мен сарайларын, шіркеулері мен князь үйлерін және тағы да басқа тамаша ғимараттарды салған сәулетшілердің есімдері ілуде бірі болмаса, көпшілігі осы уақытқа дейін белгісіз күйінде қалды. Ал, бүгінгі ұрпақ осыдан бес мың жылдай бұрын тұрғызылған Египеттің ең көне пирамидасы - перғауын Джосердің пирамидасын жасваушының аты-жөнін білуі - осы ашы шындықтың айғағы болса керек. Оның сәлетшісі - Имхотептің ғалымдық, дәрігерлік, философиялық еңбекктері өз заманында аса жоғары бағаланған. Ол сонымен қатар ұрпақтар есінде ұлы балгер, сиқыршы ретінде де қалған, өйткені ғылым дамуының сонау бастауы кезеңінде ғұмыр кешкен ғалымдардың өмірі міндетті түрде балгерлікпен астасып жатқан. Имхотеп тіптен екі рет құдай деп танылған. Арада екі жарым мың жыл өткенде гректер оған «медецинаның құдайы» ретінде табынған. Оның мүсіні, сірә, ғалымдарға орнатылған алғашқы мүсін болуы да ғажап емес. Оның мүсіндері сақталынбаған, бірақ Мемфисте Имхотептің құрметіне орнатылған ғибадатхана бар.
Джосер пирамидасы көп сатылы құрылыс, ол ұзыннан-ұзақ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді. Бұл пирамиданың биіктігі - 60м. болса, одан кейінгі салынған пирамидалар одан да биік, одан да аумақты. «Сонда осындай алып құрылыстарды салу неге қажет болды екен?» - деген ойға еріксіз келесің. Біздің ойымызша, жиналған байлықты қоғам өзінің билеп-төстеушілері арқылы аспан мен жер үстіндегі өктемдігін жүзеге асыру ісіне жұмсаудан басқа амал таппады. Сонымен бірге жұмыр басты пенденің ой-қиялын өзіне табындырып қою үшін тірі құдай - перғауын о дүниеден тыныш орын алмақ та болған да Египет (Мысыр) мәдениетінің бастауында салынған бұл пирамидалар өз еліндегі ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең құдіретті ғимарат болып қала береді.
Адамзат баласын таң қалдырған талай мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген қалалар жермен-жексен болды, мейрімсіз де қатал уақыттың сынына шыдай алмаған кереметтер («Әлемнің жеті кереметі») бірінен соң бірі жоғала бастады. Ал бүгінгі күнге кереметтердің ең көнесі осы Мысыр пирамидалары ғана жетіп отыр, ендеше көне тарихтың куәгері болған бұл тамаша ғимараттар әлі де талай ұрпақтардың қызықтай берер аса құнды мәдени ескерткіштері ретінде қала бермек.
Құдайлары
Б. з. д. бір мың жылдықтың басына қарай пирамидалар салынуы тоқтатылды. Пирамидалар ендігі жерде тастан емес, шикі кесектен тұрғызыла бастады, ал мұның өзі бұрынғыдай қымбатқа түспейтін болды. Перғауын бұрынғысынша құдай саналғандықтан олардың құрметіне сансыз мүсіндер орнатыла бастады, демек перғауындарға құдай есебінде табыну көне Египеттің діни наным-сенімдерінде басты орын алды. Египетте құдайлар өте көп болған, тіпті әрбір қаланың бірнеше құдайы болған. Ең құдіретті құдай, яғни құдайлардың құдайы - «Ра» болды. Одан кейінгі басты орынға - өлім құдайы «Осирис» шықты. Египеттіктер өздері о дүниеге аттанғаннан кейін Осирис жер асты патшалығының құдайы болатындығына кәміл сенген. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы Осиристің әрі қарындасы, әрі әйелі - Исида болды. Ай құдайы екінші жағынан жазу құдайы да болып саналды, ал Маат - шындық пен тәртіптің құдайына айналды. Көне Египет кеңінен орын алған мұндай көп құдайға табынушылық мемлекетті орталықатндыру ісіне нұсқан келтіріп, басқарушы өкітетті одан әрі әлсірете түсті, тіпті мұндай жағдайда басып алған тайпаларды бағыныштылықта ұстаудың өзі қиындыққа соқты.
Реформа
Осындай сындарлы кезеңде тарих сахнасына діни реформалар перғауын Аменхотеп (б. з. д. 1419-1400 ж. ж. аралығында билік жүргізген) болып шықты. Оның басты мақсаты - бір құдайға табынуды жүзеге асыру болды, сөйтіп адамзат тарихында тұңғыш рет көп құдайға табынушылықтан бір құдайға таныушылыққа көшуге маңызды қадам жасалды. Ол жаңа мемлекеттік діни наным-сенім енгізіп, жалғыз құдайға табынушылыққа көшуге маңызды қадам жасалды. Ол жаңа мемлекеттік діни наным-сенім енгізген, жалғыз құдай «Атон» деген ат берілген Күн шарын жариялайды. Осы күннен бастап көп құдайға табынушылық жойылып, олардың иелігіндегі дүние-мүліктер тәркіленді. Бұл шынайы тарихи төңкеріс кезеңінде перғауын ІҮ Аменхотеп өз атын құдай атына сәйкестендіріп «Эхнатон» деп («Атан рухы» деген мағына береді) өзгертіп, Египеттің астанасы ежелгі Фивыдан өзі салдырған «Атон көкжиегі» деген мағына білдіретін Ахетотон қаласына көшіреді. (Бұл қаланың орныныда қазіргі уақытта Амарн атты шағын қыстақ тұр, срндықтан да Египет тарихының Эхнатонға байланысты барлық кезеңі «Амарандық» деп аталады) .
Эхнатонның жүргізе бастаған рефрмаларының абыздар тарапынан жойқын қарсылыққа ұшырап, өмірінің қысқа болуына қарамастан сол дәуірдің мәдениетінің даму барысына, оның болашағына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Ең басты - өнер саласында патша бейнесін барынша дәріптеуден бас тартылушылық пен канондар мен стильден гөрі мәдени туындылардың ішкі мазмұнына мән беру құбылысының алғашқы нышандары белгілі бола бастады. Атап айтқанда, «Амарн өнері» деген атауға ие болған бұл дәуір мәдениетінде бейнелердің нанымдылығы, жеке бейнелер мен бүкіл композицияның өзара үйлесімділігі, өнер туындыларындағы лирикалық сырластық, сезімдік қасиеттердің пайда болуы - баға жетпес мәнді мәдени құбылыстар болып табылады.
Ойымыз дәлеледі болу үшін ата-анасының алдында жұмсақ жастыққа отырып, қаннен - кіп-кішкентай жалаңаш ханшалар бейнеленген суретті алайық. Рахат та, бейғам өмірдің құшағындағы осы бір бейкүнә сәбилердің шаттық өмірін бейнелейтін бұл сурет шын мәнісінде Египеттің асқаралы өнеріндегі бұрын кездеспеген жайлар болатын.
Не болмаса Эхнатаонның әйелі Нефертитидің портретін көз алдыңызға елестетіңізші. Ғажайып та, сымбатты бұл бейненің даңқы бүгінгі заманға дейін жетіп отырған жоқ па? Әйелге тән нәзіктік пен сұлулық, тек әйел атаулыға тән аналық пәк сезім мен ішкі жан тебіренісі, ой тереңдігі мен табиғи тәкаппарлығы ғажайып бейнеден ап-айқын боп көрініп тұрғанын қалайша мойындамасқа! Ендеше, Нефертити портретінің барлық әйелдердің ішіндегі ең тамашасы деген атаққа ие болуы да - осы бір ерекше қасиеттердің құдіретті бейне бойынан табылуы болса керек.
Бұл дәуірден кейінгі кезеңдерде де Египет өнері өз дамуында айта қаларлықтай табыстарға жетті. 1922ж. дүние жүзін таң қалдырған тамаша жаңалық, яғни баға жетпес көркем өнер қазынасы сақталған перғауын Тутенхамонның мұхият жасырылған қабірі табылды. Бұл тамаша табыс - ағлышын археологы Г. Картердің «Патшалар алқабындағы» ұзақ жылдар бойы жүргізілген еңбектің жемісі болатын. Эхнатонның мұрагері болған бұл перғауын небәрі 20 жасқа жетпей дүние салған, бірақ ол өз заманында ерекше атаққа ие бола алмаса да, осы бір сәнді дүниелерді арқылы біздің заманымызда ерекше даңққа бөленді. Олай болатын себебі Египеттің бүкіл патшаларының қабірлерінің ішінде тек қана Тутенхамонның қабірі ғана тонаушылар қолына түспей, барлық қазынасымен сақталып қалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz