Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті басқару


Студенттердің ғылыми жұмысының республикалық конкурсы
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті басқару
Девиз: Жаңашылдық - тиімділік кепілі
Алматы, 2009 жыл.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Инноватика теориясының қалыптасуы және оның қазіргі кездегі концепциялары . . . 8
2. Ұлттық инновациялық жүйенің даму болашағы . . . 9
3. Қазақстандағы инновациялық саланың бүгінгі жағдайына сараптама . . . 14
4. Шағын инновациялық бизнестің дамуын талдау . . . 21
5. Инновациялық саланың дамуына кедергі жасайтын мәселелер және оларды шешу жолдары . . . 27
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 35
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік - экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды-шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ қазіргі өсім сапасы қанағаттандырарлық дәрежеде емес, себебі ол жоғары технологиялар есебінен жүзеге асырылмай жатыр. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине ең алдымен минералды-шикізаттық, ғылыми-технологиялық және адами ресурстарды толық қолдану есебінен экономиканың одан әрі қарай дамуына алғышарттар құрайды.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы экономикасының тиiмдiлiгi негiзiн табиғи және еңбек ресурстарымен қатар ғылыми-техникалық әлеует қалыптастырып отыр. Экономикада ғылым мен техниканың жетiстiктерi инновациялық кәсiпкерлiк арқылы өндiрiске енгiзiлiп рынокқа бәсекеге қабiлеттi жаңа өнiмдер шығарылады. Инновация дегенiмiз - нарықтық бәсеке негізінде және мемлекеттiң қолдауы арқасында жүзеге асырылатын инновациялық үрдiстердiң соңғы тиiмдi нәтижесi. Осы аталған соңғы нәтиже мiндеттi түрде белгiлi бiр «пайдалы инновациялық тиімдiлiкпен», яғни, экономикалық, ғылыми -техникалық, әлеуметтiк, экологиялық тиiмдiлiкпен сипатталынуы тиiс.
Инновациялық-инвестициялық проекттер бойынша тиiмдi шешiм қабылдау Қазақстанның болашағына зор әсер етедi. Ғылыми-техникалық әлеует - кез келген мемлекеттiң ұлттық байлығының негiзгi саласы. Барлық дамыған елдер тәжіребиесi көрсеткендей, экономикалық дамудың негiзгi жолы - ғылыми-техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар экономиканың құлдырауына төтеп берiп, ұлттық экономиканың тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылатады. Сондықтан бүкiл дүние жүзiндегi кәсiпкерлер инновацияларды басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңiл бөледi.
Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды - инновациялық даму Стратегиясында өңдеуші және ғылыми сыйымды жоғары технологиялық индустрияға аса зор көңіл бөлініп жатыр. Елдің экономикалық тәуелсіздігі технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні, инновация мен өзгерістердің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Қазіргі заманғы техника өндіріс технологиясынан бөлек ажыратылып қарастырылмайды. Ол тек нақты технологиямен қатар қолданылады және сол арқылы көрініс табады.
Ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, кострукторлық және жобалық ұйымдары ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі болды. Мұның өзі дүниежүзілік бәсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел жүзеге асуын талап етеді. Сыртқы әлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейд, сондықтан индустриалды - инновациялық қызмет өмір сүрудің және дамудың маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт - индустриалды - инновациялық қызметтің елдің экономикасының өсуін және экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып табылады. Индустриалды - инновациялық қызмет - бұл ғылыми-техникалық идеяларды, ұсыныстарды, өнер табыстарын іс жүзінде қолдануға және таратуға болатын деңгейде жеткізу қызметі. Индустриалды-инновациялық қызметті басқару мақсаты - жаңа идеяларды қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады. Инновациялық үрдістерге тән жоғары дәрежедегі динамикалық, анықсыздық, қарсы факторлардың көп болуы менеджментті күрделендіреді. Сондықтан индустриалды-инновациялық қызметті басқаруда жағдайдың күрделілік сипатын, бәсекені, тәуекелді ескеру қажет.
Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйе (ҰИЖ) қызмет атқаруда. Ескі ҰИЖ-ге мемлекеттік сектордағы ғылыми-техникалық ұйымдардың көпшілігі, әскери индустрия кешенінің ғылыми-техникалық орталықтары мен ұйымдары жатады. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік т. б. орталықтарды жатқызуға болады. Аталмыш ҰИЖ субъектілері нарықтық экономиканың ұйымдық және жүйелік принциптері негізінде қызмет атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады.
1. Инноватика теориясының қалыптасуы және оның қазіргі кездегі концепциялары
Нарықтық экономикадағы ғылыми қызмет нәтижелерін пайдалану мүмкіншіліктерінің мол болуы, «инновация» деген экономикалық және жалпы ғылыми категориясын өмірге әкелді. Қоғамдық қатынастардағы пайда болған осы құбылысты, «жаңалық енгізу» деген техникалық мағынаны білдіретін «инновация» сөзімен атала бастады. «Инновациялық қызмет туралы» заңның түсініктерге арналған 1-бабы бойынша, «инновация - жаңа немесе жетілдірілген өнім, жаңа немесе жетілдірген техникалық прогресс, жаңа ұйымдастырушылық техникалық, қаржылық - экономикалық немесе басқа да өнеркәсіп немесе қоғамды басқару салаларына прогрессивті ықпал ететін, әр түрлі қоғамдық қатынастар салаларындағы шешімдер ретіндегі жүзеге асырылынған, инновациялық қызмет нәтижелері». Біріншіден, бұл анықтамада инновацияның құқықтық қатынастардағы түрлі көріністері көрсетілген. Екіншіден, инновация - инновациялық қызметтің нәтижесі ретінде келтірілген. Жалпы инноватика теориясының қалыптасуы - Й. Шумпетер теориясынан басталады. 1920 жылдары австриялық ғалым И. Шумпетер өзінің «Экономикалық өсу теориясы» еңбегінде экономикалық теория ғылымдырында алғаш рет инновация түсінігіне көңіл аударды. Оның айтуынша экономикалық тұрақтылықты жаңашыл кәсіпкерлер бұзады. Бұл кәсіпкерлер рынокқа жаңа өнім әкеліп, басқа кәсіпкерлерді бәсекеге шақырады. Әр кәсіпкер бәсекеден қалып қоймау үшін, өз тарапынан басқа да жаңа өнімдер ойлап табуға мәжбүр болады. Әр кәсіпорынның ішкі факторларын жаңадан біріктіру, яғни факторлар комбинациясы арқасында да жаңалық алуға болады деді. И. Шумпетер жаңа комбинациялардың бес түрін көрсетті:
- жаңа өнімді қалыптастыру;
- жаңа технология пайдалану;
- өндіріс процессін ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалану;
- сатудың жаңа рыноктарына шығу;
- ресурстардың жаңа түрлерін немесе жаңа қайнаркөздерін пайдалану.
И. Шумпетер өз теориясын Н. Д. Кондратьев толқындарымен байланыстырды. И. Шумпетерден кейін инновациялар теориясын циклдер теориясымен байланыстыра отырып Г. Менш, К. Фримен т. б ғалымдар жалғастырды. Ал МакКинзи компаниясының менеджері Р. Фостердiң «технологиялық айырылымдар теориясы» И. Шумпетер теориясынан ерекше болды. Р. Фостердің айтуынша кез келген технологияның S - сияқты белгілі бір өмірлік циклі болады. Әр кәсіпкер өз технологисының өмір циклін жақсы білуі керек, технология құлдырау фазасына жақындаған уақытта ол технологияны жаңартуға немесе ауыстыруға даяр болуы керек. Ғылыми -техникалық прогресс экономикалық өсу факторы ретiнде Солоу, Е. Домар және Р. Харрод моделдерi танымал. Технологиялық кезеңдерді инновациялармен тығыз байланыстырушы ғалымдардың бірі А. Ансофф. Ол технологиялық кезеңдердiң түрлерiн анықтап, өнім өндіру технологиясының, сұраныс және ұсыныстың өмiр кезеңдерiн бір бірімен байланысын ашып көрсетті /1, 454 бет/
«Инновация» сөзі 1440 жыл француз тіліндегі «жаңғыру және жаңа» әлде «зат жасаудың жаңа жолы» деген мағынаны білдіретін «innovacyon» сөзінен пайда болған. Инновация дегеніміз - бұрын рынокта болмаған жаңа сапалық қасиеттерге ие бұрыннан белгілі өнім немесе тіпті жаңа және жақсартылған технологиялық процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар /2, 64-67 бет/.
Р. Портер: «Ғылыми парктер» - әдемі ландшафта орналасқан, үлкен және кіші фирмаларды жоғары технологиямен қамтамасыз ету және ол жоғарғы оқу орнымен байланысты - деген, ал зерттеу парктері - ғылыми парктермен барлық жағынан тең, бірақ кең өндірістік масштабтағы қызметпен және ЖОО байланысы аз, яғни шектеулі. Технологиялық парктер - (технополистер) кең территорияны алып жатыр, оған еңбек сиымдылығы жоғары фирмалар бағытталған., ал ЖОО байланысы тұрақты емес және оның әсері бәсең.
Ю. Гаушилд және Р. Штейнкюхлер ғылыми және зерттеу парктерін бөліп қарамайды. Оның басты қағидалары «технологиялық білімнің локальды агломирациясынан» және «нау-хау» - дан тұрады деп және белгілі бір технологияға бейімдеуі күшейеді деген /1, 37-41 бет/.
« Ғылыми паркт » терминді ұйымдар басқа әйгілі атпен белгілі; мысалға: «зерттеу паркі», «инновациялық орталық», «алдыңғы қатарлы технологиялардың даму орталығы» т. б. аттармен қоғамда өзінің орнын алып, дамуда.
Ғылыми-техникалық прогресс - кез келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық даму, көркейтудің негізгі жолы - ғылыми-техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.
Инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет.
Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi жатады:
1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;
2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету;
3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу рыногын ұйымдастыру;
4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру;
5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;
6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;
7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;
8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату;
9) игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады.
Жалпы А. Флемингтің бағалы антибиотик - пеницилинді пайдалануды іске асыруы, 18 ғасырда фотосуреттің пайда болуы, телефон, радио, персоналды компьютерлердің, жердің жасанды серіктерінің пайдаға жаратылуы - бұл жетістіктердің бәрі де инновациялық прогресс нәтижелері.
Қарастырылатын түсінік - «жаңа немесе жетілдірілген өнім, жаңа немесе жетілдірген техникалық прогресс» деп берілген. Инновация тақырыбына арналған әдебиетте, инновацияның статистикалық (өнім) және динамикалық (прогресс) болмыстары көрсетілген. Инновацияны осындай жолмен қарастыру көптеген зерттеушілерге тән. Мысалға О. П. Молчанова инновацияны түсінудегі ғылымдағы екі амалдың бар екенін көрсетеді. Біріншісі, инновацияны шығармашылық процестің нәтижесі, екіншісі, осы нәтижелерді енгізу процесі. Инновацияны процесс ретінде қарастыру - оның ғылыми - техникалық нәтиже қалпынан, нарыққа шығарылатын тауар қалпына әкелетін процесс деп қарастырылады.
Заңның 1-бабы 1- тармағында «инновациялық қызмет - экономиканы және бәсекелестікті дамытуға арналған, әр түрлі салалардағы өнеркәсіп және қоғамды басқару салаларына жаңа ойларды, ғылыми білімдер, технологиялар мен жаңа өнімдерді енгізуге бағытталған қызмет» деп берілген. Инновациялық қызмет дегеніміз - бүкіл инновациялық процесс барысында атқарылатын қызметтер. Инновациялық процесс бірнеше сатыдан тұратын іс әрекеттер жиынтығы. Ол мынадай төрт негізгі сатыдан тұрады /3, 22-25б/.
Сурет 1 - Инновациялық процестің сатылары
Жалпы біз инновациялық процесстерді интегралды, параллелді және тізбекті ұйымдастыру әдістеріне бөлеміз. Тәжірибе жүзінде инновациялық үрдістерді ұйымдастыру, жоспарлау, бақылаудың көптеген әдістері бар. Жоғарыда айтылғандай жаңа өнімнің рынокқа тиімді енуі мен пайдалы болуы инновациялық үрдістердің тиімді ұйымдастырылуы негізінде болады.
Бенчмаркинг әдісін үш деңгейде енгізуге болады
1. Микродеңгейде - кез келген кәсіпорынның конкуренттік позициясын күшейту үшін пайдаланады;
2. Мезодеңгейде белгілі бір саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатымен;
3. Макродеңгейде - мемлекеттің отандық кәсіпкерлрдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру саясатына әсер ету.
Дегенмен Қазақстандағы инновациялық саланың дамуының қазіргі деңгейіне сай мемлекеттің рөлі жоғары. Осы себептен, бұл саладағы қатынастарға түсудің мемлекеттің ерекше құқық субъектісі ретіндегі алғышарттардың да болуы қажет. Яғни, оның жария және жеке құқық субъектісі ретіндегі мәселелердің заңда алдын алу қажет. Өйткені, инновациялық қызметтің қоғамдағы жүзеге асырылуы, азаматтық құқықтағы теңдік принциптеріне негізделеді. Осыған орай инновациялық заңнаманың нақты түрдегі жеке құқық және жария құқық салаларының бөлінуі қажет. Демек «инновациялық қызмет туралы» заң жеке құқық деңгейіндегі қатынастарды реттеуі қажет, ал мемлекеттің инновациялық қатынастарға түсу алғышарттары, мысалға, «Мемлекеттік инновация саясаты туралы» заңда немесе басқа да мемлекеттің инновациялық қатынастарға түсуін реттейтін заңның болуы қажет.
2. Ұлттық инновациялық жүйенің даму болашағы
Қазақстан экономикасын модернизациялау және оны Елбасы Н. Назарбаевтың соңғы жарғысында көрсетілген сыртқы нарықтарға бағыттау кезінде инновациялық жүйенің тиімділік проблемасы бұрынғыдай өзекті мәселелердің бірі болып отыр /4/. Бұл процесті жүзеге асырудың міндетті шарты ретінде инновациялық инфрақұрылым, соның ішінде даму институттарын қалыптастыру мәселесін айтуға болады.
ҰИҚ-ның мақсаты- технопарктер, бизнес-инкубаторлар салу, венчурлы қорларды ұйымдастыру. Қазіргі кезде ҰИҚ - ның құрамында 9 венчурлы қордың қаржысы бар, олардың бесеуі отандық та қалған төртеуі- шетелдік. Қазіргі кезде Қазақстанда венчурлық қор жүйесін қалыптастыру үлкен маңызға ие болып тұр, бұл әсіресе заңдық шығармашылық барысында өте тиімді.
ҰИҚ өз жұмысының төрт бағытын анықтады; мұнай-газ секторына технологиялық қызмет көрсету, информациялық технология, ауыл шарушылығы өнімдерін қайта өңдеу. Сондай-ақ биотехнология мен фармакология саласында да жұмыстар жүргізу. Бұл мақсаттарға қаржының жетпіс пайызы бөлініп отыр. Қалған ақша ұқсас технологияларға, энергетикаға, нанотехнологияға, космостық технологияға жұмсалатын болады.
ҰИҚ түрлі деңгейдегі талдау жұмсытарын жүргізу, «Озық жетістіктер орталығын құру», экономиканың нақтылы секторымен тығыз байланыс орнатып, озық жетістіктерді ғылым мен техниканы дамытуға кеңінен пайдалану мақсатында Бүкіләлемдік банкпен бірлесіп жұмыс істеуде. Бұл жоба 2005 жылы Қоғамдық форумда қабылданған болатын. «Ұлттық инновациялық жүйе» түсінігіне қатысты түрлі көзқарастардың болуын ескере отырып, ең алдымен бұл ұғымның мәнін түсіндіре кетейік. XX - ғасырдың соңында түрлі елдің ғалымдары жапондық технологиялық өрлеудің қайнар көзін түсіндіру қажет болғанда Ұлттық инновациялық жүйе (ҰИЖ) концепциясына алғаш рет назар аударған еді (К. Фримен, Р. Нельсон, Н. Розенберг, Б. Лундвана және т. б. ) . 1997 жылы экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының бұл түсінікке берген анықтамасы дәлірек болды.
Ұлттық инновациялық жүйе дегеніміз - мемлекеттің инновациялық саясаттын қалыптастыру мен жүзеге асыруға негіз болатын, дербес және өзара қарым - қатынас нәтижесінде жаңа технологияны дамыту мен таратуға жағдай жасайтын, жеке және мемлекеттік секторге қатысты институттар жиынтығы /5/.
Қазақстанда 2007 жыл ҰИЖ - ні мемлекеттің белсенді қатысуымен қалыптастыру мақсатын көздеген 2003 - 2015 жылдарға арналған Республикалық индустриалды - инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыруда 2 - кезеңнің соңғы фазасы екені баршамызға мәлім. Жалпы алғанда, сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстанның индустриалды - инновациялық саясатын жүзеге асыру мемлекет қызметінің барлық салаларына әсер етті, бұл бойынша заң қабылдау саласында түрлі жұмыстар атқарылып, бағдарламалық құжаттар мен нақты шаралар қолданылып жатыр. Республикадағы инновациялық қызметті ынталандыру бойынша үкіметтің қабылдаған түрлі шараларының нәтижесінде бұл саладағы халық белсенділігінің өсу тенденциясын байқауға болады. Дәлірек айтсақ, ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің 01. 01. 2007 ж. Берген мәліметіне сәйкес, республикадағы инновациялық белсенді кәсіпорындар саны 505 бірлікті құрады. Бұл респонденттердің жалпы санының 4, 8% - на тең (1 кесте) .
Қазақстанның ҰИЖ - гі мемлекеттік даму институттарына «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Экспорттық несие мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Технологиялық трансферт пен инжиниринг орталығы» АҚ, «Маркетингтік - аналитикалық зерттеулер орталығы» АҚ жатады. Еліміздің экономикасының барлық секторында инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру мен ынталандыру мақсатында 2006 жылы 16 наурызында ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, мемлекеттік акциялар пакетін иемдену мен қолдануға құқылы, мемлекеттік даму институттарына қатысты басқарушы холдингтік компания ретінде «Тұрақты даму қоры «Қазына» құрылды (2 сурет) .
Кесте 1 - 2004-2007 ж. ж. Қазақстан Республикадағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі
Негізі: /6/, /7/.
Сурет 2 - Қазақстан Республикасының даму институттарын басқару
2006 жылы 1 қаңтарында даму институттарының жалпы жарғылық капиталы 1 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрады. Қаржылық даму институттарының инвестициялық жобалар портфелі жалпы сомасы 4 млрд. АҚШ долларын құрайтын қаржыландыруға жіберілген 134 жобадан тұрады /8, 91 б/.
Даму институттар қызметінің нәтижесін бағалайтын болсақ, Даму Банкі құрылғаннан бері республикамызда жалпы сомасы 1970, 2 млн. АҚШ доллары, соның ішінде Банктің қатысуымен 807, 7 млн. АҚШ доллар көлемінде 84 инвестициялық жоба мен экспорттық операциялар мақұлданған. Сондай - ақ 2006 жылы 1-ші жарты жылында жалпы сомасы 196, 9 млн. доллар. Банктің қатысуымен 57, 7 млн. АҚШ доллар көлемінде 10 инвестициялық жоба мен экспорттық операциялар мақұлданғанын да айта кеткеніміз жөн. Банк тарапынан қаржыландырылатын жобаларының қатарынан Оңтүстік Қазақстан облысындағы тоқыма кластерін құру мен Ақтау қаласындағы халықаралық теңіз сауда портын дамытуды бөліп көрсетуге болады.
«Ұлттық инновациялық қор» қызметінің негізгі бағыттары отандық және шетелдік венчурлық қорларды құруға қажетті инвестициялау мен инвестиция тартуға ғана емес, сондай-ақ инновациялық жобаларды іске асырушы компанияларды қолдау, инновациялық қызметтің маманданған субъектілерін қалыптастыру (технопарктер, технологиялық бизнес - инкубаторлар) және тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жатады.
«Технологиялық трансферт пен инжиниринг орталығы» АҚ-ы («ТТИО» АҚ) ҚР Үкіметінің бекітуімен 2003 жылы тамызында құрылған. 2004 жылы желтоқсан айынан бастап «ТТИО» АҚ-ы ҚР технопарктер желісін дамытуға бағытталған компания ретінде белгіленді. Бүгінгі таңда АҚ алдыңғы қатарлы шетелдік технологияны тарту мен Қазақстандық инновациялық жұмыстарды әлемдік нарыққа шығару бойынша қызмет атқаруда.
«Технологиялық трансферт пен инжиниринг орталығы» АҚ-ның соңғы жұмыстарының бірі - технологияны трансферттеудің Қазақстандық желісін құру (ТТҚЖ) . ТТҚЖ - технологиялық алмасумен/трансфертпен айналысатын инновациялық инфрақұрылымының ұйымдар жүйесі - технологиялық ақпаратты тиімді тарату мен инновациялық, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға серіктестерді іздеуге мүмкіндік беретін инновациялық инфрақұрылымның құралы /9/.
Бұл желінің негізгі мақсаты Қазақстандағы инновациялық бизнестің дамуы мен ғылыми сыйымдылығы жоғары технологияны өндіріске енгізуді қолдау болып табылады. ТТҚЖ-ның электрондық платформасы - ашық технологиялық биржа, яғни технология трансфертін жүзеге асыру мақсатында әлеуетті технологиялық жабдықтаушылар мен тұтынушылардың мүдделі кездесулері өтетін сауда алаңы. ТТҚЖ-ң негізіне Еуропалық инновациялық релей - орталықтар желісінің (IRC) бейімделген методологиясы алынып отыр.
ТТҚЖ желісін үйлестіруші ұйым - «ТТИО» АҚ-ы. Бүгінгі таңда ТТҚЖ-не қатысудың нысаны - Желінің Мүшесі - инновациялық инфрақұрылымның кәсіпорындары және ұсынылатын немесе талап етілетін технологиялар жайлы ақпаратты жинайтын, технологияны трансферттеумен айналысатын, сондай-ақ технологиялық аудит жүргізу мен ТТҚЖ базасына енгізу үшін профильдерді толтыра отырып, аймақтық мәліметтер орталығын қалыптастыру ісімен шұғылданатын басқа да ұйымдар. Мәліметтер орталығының мазмұны үшін бұл ұйымдар толық жауапты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz