Францияның кітап басу ісі


Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе «Алғашқы баспалардың пайда болуы»
  2. Негізгі бөлім:

Ι - тарау. Франция кітап басу ісінің қалыптасуы мен дамуы

  1. Кітап шығарылымының құрылымы
  2. Энциклопедиялық кітаптардың шығуы
  3. Негізгі баспаханалар

ΙΙ - тарау . Қазіргі заманғы француздың кітап басу ісі

  1. Интернеттен - 2005-2007 жылдар аралығындағы Францияның кітап әлемі туралы жаңа мәліметтер

III. Қорытынды: Дәл қазіргі ахуалы, әлемдегі орны, кітап импорты мен

экспорты

Кіріспе

«Қолжазба кітаптар сопыханаларда дайындалып, сақталынатын XII ғасырдың соңына дейін және қолжазба кітаптарды шығаратын орталық қалаларға ауыстырылған кезеңде, яғни кітап басуға кірісу (XVғ. -дың 70-жылдары) XIII ғасырдың басынан бастап қолға алынды. Жазылып алынатын және даталы кодекстердің дені XI-XIIғ. ғ пайда болды. Сопы елдерінің солтүстігі мен шығысындағы шеберханалары маңызға ие болды. Манускрипторлардың үлкен орталығы сопы Клюнидыңкі еді. Мон-Сен-Мишель аббаттығының «Кітаптар қаласы» аталатын жерінде айрықша хаттың анықтылығын сәндік безендірудің қарабайырлығымен үйлестіретін, кітаптық көркемдеудің сопылық үлгісі дүниеге келді. Француз тіліндегі алғашқы хаттық құжат деп «Страсбургские клятвиді» (842) атау белгіленген.

Солтүстік француз тілінде XII - XIII ғасырда кеңінен тараған әдебиет пайда болды. Қалалықтар мен бектердің арасында сауаттылықты көтеру өз кезегінде кітапқа деген дүнияуи сұранысты арттырды: серілер романдары, тарихи хроникалар мен поэмалар, театрландырылған қойылымдар мен лирикалық шығармалар, труверлердің әндері және т. т. Бізге жеткен XII-XIII ғасырлардағы қолжазба кітаптар он мыңдап есептеледі. XIII-ғасырда Сен-Дени аббаттығында «Большие французские хроники» деп аталатын шығармаға латын тілінен француз тіліне аударма жасалып, кең танымалдылыққа ие болған. Ал XIV ғасырда антикалық авторлардың туындылары, схоластардың еңбектері, XII ғасырдағы Библия, «шіркеу әкелерінің» шығармалары француз тіліне аударылды.

Ортағасырлардағы университеттер ( Париж бен Монпельедегі) кітапқа деген сұранысты арттыруда үлкен рөл атқарды. XIII ғасырдан бастап олар ғылым мен мәдениеттің орталығы болды. Қалалық қолөнер шеберханаларында негізінен сағатшылар (имандық) даярланды. XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап және XV ғасырда олардың шаруашылығы халықтық сипат алды. Францияда қолжазба кітаптардың қалалық қолөнер шаруашылығындағы қарқынды дамуы XV ғасырда тәмамдалды. Кодекстерді халықтық технологиямен дайындаудың бірлестігі мануфактуралық типті өндіріс орындарында кітап өндірісінің айтарлықтай өсуі мен оның бағасының арзандауына әсер етті. Шаруашылық өсімі, оқу жүйесіндегі табыстар XV ғасырда кітап ісінің дамуына ықпал жасады. Көшірмешілердің, түптеушілердің, иллюминаторлардың саны арта түсті. XV ғасырдың 60-жылдары Парижде 10 000-дай көшірмеші жұмыс істеді. Дәл осы уақытта бірінші баспа кітаптарын ( Германия және Италиядан) әкелушілер пайда бола бастады. XV ғасырда кітапқа деген өсу үстіндегі қажеттілік францияда кітап басуға алып келді. Сорбоннаның екі ректоры - Жана Хейлен және Гийома Фишенің шақыруымен 1470 жылы Париж қаласына Ульрих Геринг, Михаил Фрибургер мен Мартин Кранцтар ат басын арнайы бұрды. Дәл сол жылы осы тұлғалардың қатысуымен итальяндық гуманист Гаспарена де Бергамның хаттарының жинағы - бірінші кітап болып жарық көрген еді. 1476 жылы Францияда Библияның алғашқы баспасы шықты .

1476 жылы париждық кітап саудасымен айналысушы Паскье Боном «большие французские хроники» деп аталатын еңбегінің түпнұсқасын нақты жаңғыртумен қайта басып шығарды. Бұл француз тіліндегі Парижде пайда болған бірінші баспа болатын.

Екінші кітап басудың үлкен орталығы Лиона қаласында болды. Мұнда Гийом ле Руа(Кениг) және Иоганн Трексельдер еңбек етті. XV ғасырда кітаптар, сондай-ақ, Тулуза, Альби, Пуатьеде, сонымен қатар нормандия мен Бретан қалаларында басылып жатты.

XV ғасырдағы ең жолы болған, көпшілік тұтынып, рухани азық ететін баспа Библия еді, онымен қоса теологиялық трактаттар, «шіркеу әкелерінің» шығармалары, дұға етушілер, және де шіркеуге қызмет ететін кітаптар, сондай-ақ антикалық классиктердің мәтіндері, заңдық трактаттар, латын тілінің грамматикасы жинақталған - донаттар, бектер мен манаптардың романдары, моральдық туындылар болды.

XVI ғасырда Францияда цензура енгізіліп, протестанттық әдебиет нысанаға алынады. 1545 жылы алғашқы француздық тиым салынған кітаптардың индексі көрсетілді.

Ренессанс дәуірі әдебиет ғұмырына гуманизм негізінде кірпіші қаланған зайырлы дағды алып келді. Рим және грек ақындарының, грамматиктердің, шешендер мен философтардың көлемді ғылыми түсіндірмелерімен берілген шығармаларының көптеген басылымдары жарыққа шықты. Ғылыми шығармашылыққа деген қызығушылық одан сайын арта түсті. Сол секілді жаратылыстану ғылымдарының трактаттары да дүниеге келді. Гуманистік-филологиялық басылымдардың саны жүзжылдықтың бастапқы уақытындағымен салыстырғанда 8 есеге өсті.

XVI ғасырда Францияның баспагерлік шығармашылығының «алтын ғасыры» болды. Оның дамуы үшін кітап әлеміндегі гармоникалық бірлікке жетуге ұмтылған Жоффуа Торидің «Цветущий луг» («Шанфлери») трактаты аса кең көлемде әсер етті. XVI ғасырдағы баспагер-гуманистерінің арасында Этьенн династиясының аты жер жарды. Фирманың негізін қалаушы Анри Этьенн (1470-1521) 1502 жылы Аристотельдің «Этикасын» шығарды. Ал оның ұлы - өзінің жан-жақтылығымен көзге түскен Робер Этьенн (1503-1550) 1531 жылы құнды филологиялық еңбек « Сокровища латинского языканы» шығарған болатын. Анри П. Этьенн (1531-1598) әкесінің еңбегін одан әрі жалғастырып, «Сокровища греческого языка» атты дүниені құрастырып, тағы бір маржанның санын арттырды. Этьенндердің фирмасы 1654 жылға дейін 1500-дай баспаны шығарып тұрды.

Лион қаласымен XVI ғасырдағы ірі баспагер-гуманистердің бірі Этьенн Доленің (1509-1546) қызметі тікелей байланысты. 1538 жылы Доле өзінің жеке баспасын ашты. Оның баспасынан 70-тей кітап басылды. Оның ішіне Рабле, Маро, Эразм, Кальвин, Софокл, Гален, Теренция, Цицерон, Вергилия және с. с. туындылары кіреді. 1539 жылы лиондық тоқымашылардың көтерілісі кезінде Доле олардың талаптарына қолдау көрсеті мақсатында сөз сөйледі. Алайда әлденеше рет қамауға алынды. 1546 жылы қиын талпыныстардан соң ол асылып, содан өзінің кітаптарымен бірге өртенген.

XVII ғассырда Францияда алғашқы мемлекеттік баспа пайда болды. Ол 1640 жылы Лувр қаласына орналастырылып, Ришельенің бұйрығы бойынша «королевская типография» деген атауға ие болады. Онда литургиялық (тектану) кітаптар, патшалық эдиктер, өзінің жоғары сапасымен және асқан жақсы безендірілуімен айрықшаланатын ғылыми әдебиеттер басылды.

XVII ғасырдағы ірі баспагерлердің бірі Антуан Витре болды. Оған он томдық көптілді Библияның баспасы меншіктелген.

XVII ғасырдағы кітаптардың арасында негізгі орын алатын діни әдебиеттер болды. Содан соң тарихи еңбектер, генеалогиялық трактаттар мен геральдикалық шығармалар белең алды. Абсолюттікке қарсы қозғалыс уақтысында («Фронда») Фрнацияда саяси кітапшалар мен «мазаринадтар» деп аталатын памфлеттер кең таралды.

XVII ғасырда Францияда кезеңдік баспа туындады. 1631 жылдың 1-ші мамырында Теофраст Ренодо негізін қалаған «Газеты» -дың алғашқы нөмірі жарыққа шықты.

XVIII ғасырдың басында француздық баспа көптеген әр алуан заңдармен реттеліп отырды. 15 Людовик Франциядағы бірінші 123 баптан тұратын цензуралық кодекс - «Регламентті» басты. Елдегі баспалардың саны 250-мен шектелді. Прогрессивтік әдебиеттің туындылары тиымдарға тап болды.

XVIII ғасырда кітап қиындық және қарсылыққа толы кезең - буржуазиялық революцияның қарсаңында көпқырлылық танытты. Ағарту жұмыстары жазушы және ғалымдар - Монтоскье, Вольтер, Дидро іспетті Франция және оның шекарасынан да асып кең танымалдылыққа ие болған ұлы ойшыл, философтардың шығармаларында көрініс тапты. Осы кезеңдегі жаратылыстану ғылымдары басылымдарының ішінде 44 томдық Бюффонның «Естественная история» атты еңбегі ерекшеленеді. XVIII ғасырдың екінші жартысында әр түрлі сапарлардың сипаттамалары енгізілген географиялық әдебиетке деген қызығушылық пайда болды» /1/.

Негізгі бөлім: Кітап шығарылымының құрылымы

«Соғыстан соң кітап өндірісі Францияда жылма-жыл өсті. 1946 жылдың өзінде баспалардың соғысқа дейінгі деңгейі басымдыққа ие болып, 8892 баспаға толды. 1948 жылы кітаптардың санының жоғарғы көрсеткіші - 14 143-ке, содан соң бірден төмендеу байқалды. Алайда одан әрі 50-жылдары кітап өндірісінде тың өсім болды. 1969 жыл мен 1980 жылдардың арасында Франциядағы кітап өндірісінің көлемі 50% өсті. Жыл сайын 30 000-ға жуық кітап атаулары шығарылады, олардың ішінде 45%-жаңа баспалар. Францияда әр жыл сайын шығатындардың саны 50-жылдардың ортасынан бастап әлемде нақтылы 6-орынға шықты, СССР, Япония, Англия, ФРГ, АҚШ-тан кейін. Ал соңғы жылдары бұл көрсеткішті ҚХР, СССР Англия, ФРГ, АҚШ ысырды. Жалпы таралым 1986 жылы шамамен 360 млн. дананы құрады.

Франциядағы ең көп баспаға ортақ сипаттағы (көркем, ғылыми-белгілі, тарихи, философиялық), оқытушылық (ағартушылық), энциклопедиялық және анықтамалық баспалар жатады. Балалар және жасөспірімдер кітаптары соңғы жылдары бағыт-бағдарлы француз баспаларының арасында (атаулары мен таралымына қарай) төртінші орын алады.

Балаларға арналған француз баспалары көркем безендірілуімен және полиграфиялық орындауларға байланысты жоғары сапасымен өзгешеленіп отырады. Халықаралық сыйлықтар мен мадақтаулар мен балалар кітаптарының конкурстары үшін көптеген француз баспалары белгіленіп қойылады. Соңғы жылдары энциклопедиялық және анықтамалық баспалардың үлесі артуда.

1937 жылы көптомдық әлі де аяқталмаған қалпындағы «Французская энциклопедия» (21 томдық) баспасы басталған-тын. XVIII ғасырда 1939 жылы шыққан «Французская энциклопедия» баспасы толығымен кітап пен баспа ісінің (La Civilisation ecrite P., 1939) сұрақтарымен айналысты. 1951 жылы 17 томдық «Клярте» энциклопедиясы жарық көрді. «Бордас» оқу әдебиеттерінің баспасы «Новая энциклопедия Бордас» 12 томдық энциклопедияның шығарылымының күрделі де ірі бастамасына бағыт алды. Баспа мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған. Баспаның таралымы болжанған сұраныс пен әдебиеттің түріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, тарихи шығармалар шығарылымдарының таралымы 4 мыңнан 15 мың данаға дейін, медициналық - 9-10 мың дана, техникалық(белгілі) - 3000-5000 дана, ең маңызды дегендері - 2000 дана, философиялық шығармалар (автордың беделі мен танымалдылығына байланысты) - 2000-3000 дана, романдардың таралымдары болса, 3000-нан 30 000 данаға дейін (танымал автордың) басылады. Францияда өзге капиталистік елдердегідей мынандай ереже жұмыс істейді: төмендегілерге арналған арнайы әдебиет атаулардың жалпы шығарылымында шектелген таралыммен шығады. Осылай ғылыми-техникалық әдебиет 1981 жылы атауларына байланысты үлесі 5%-ды құрап, өзінің үлесі таралым бойынша - 1-1, 3% болды.

Соңғы кезеңдерде Францияда көркем әдеби шығармалардан басқа авиация және косманавтика баспалары, әр алуан сапарлар мен спортқа арналған кітаптар үлкен сұранысқа ие болды. Сондай-ақ медициналық әдебиетке, музыкаға арналған кітаптар мен биографиялық баспаларға да сұрансы өсті. Буржуазиялық интеллигенцияны экзистенциалистердің философиялық шығармалары, философиялық-діни ағымдар қызықтырды. Буржуазиялық баспагерлер бұрынғыдай эротикалық және детективті-эротикалық романдармен жирентпеді. Жасы, ақыл-ойы кемелденген оқырманды, балаларды да арасында комикстер (банд дессине) назар аударды. Әсіресе, 18 бен 24 жас аралығындағы жастар (31%) комикстерді оқыды. Комикстердің арасында қылмыс пен зорлау, порнографияға кісен салынбайды, дегенмен бұл жанрдың табиғатын олар анықтамайды.

Тәжірибелік басшылықтар үлкен сұранысқа ие. Қалай гүл өсіру немесе суретке қалай түсу, шаңғыны дұрыс тебу және т. т. өзге әдебиеттің бұл категориясына туристік анықтамалықтар, географиялық карталар, атластар кіреді.

Француз нарығындағы елеулі жетістік соңғы кездері көптеген баспаханалар әбден шығаратын ғылыми фантастика болып отыр. Сонымен қатар, аударма әдебиеттің баспаларының саны өсті. Аударманың жартысына жуығы - көркем әдебиеттің туындылары. Соңғы 10-15 жыл уақыт аралығында орыс тілінен аударылған ауармалары атап айту қажет. Орыс классиктерінің шығармаларының жанында совет авторларының да: А. Толстой, В. Маяквский, Ильф және Петров, Ш. Айтматовтардың туындылары да жарық көріп тұрды. Ең бір айтарлықтай үлкен жетістік Франциядан шыққан біздің еліміз туралы альбомдар: «Москва», «Московский кремль», «Музеи Москвы», «Эрмитаж».

Соңғы жылдары Францияда қалталық пішімдегі кітаптар - «ливр де пош» туындыларына сұраныс өте көп болды. Қалта пішімінің баспалары Францияда бұрын да шығып тұрған. Бірінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңында да «Фламмарион» бағасы 50 сантим тұратын «Избранная коллекция» сериясын шығарған. Осы ізбенен Файярдан «Современная библиотека» шықты. Сәл кешірек «Книга будущего», «Современная иллюстрированная книга» және т. б. сериялары жарық көрді.

Жаңа дәуір Галлимардың «ливр де пош» -нан және 1953 жылы Ашеттен бастау алады. Әр жыл сайын қалталық пішімді кітаптардың серияларының саны өсу үстінде болды. 1979 жылдан шыққан Францияда шыққан қағаз қапсырмадағы әрбір үшінші шығарылым болды. Барлық айналымның 50% баспалардың жұмсақ мұқабада іске асуы мынандай фирмаларға жүктелді: «Ле ливр де пош», «Жэ лю», «Фолио», «Пресс-Покет». Қалталы кітаптардың маңызы тегінде әр алуан: романдар, әдебиеттануға байланысты еңбектер, тарихи эсселер және т. б. Сонымен Галлимар Малларме, Гарсиа Лорк, П. Элюар және т. б. қаламгерлердің шығармаларынан тұратын поэтикалық серияларды шығарды. «Медитация» сериясында тарихи эсселер басылады. Ғылыми зеррттеулерден тұратын әңгімелер «Я прочел» баспасынан шығып тұрды. Анықтамалық әдебиеттің қалталы сериялары болған. «Промо» сериясы ғылым және техника жайлы кітаптардан құралған. «Ливр де пош» жұмсақ мұқабадағы кітаптардың шығарылымына мамандандырылған француздың ірі баспаларының бірінде (1983 жылдан бастап) «Тексты и дебаты» қоғамдық-ғылыми және әдеби сериялар шығып тұрды. Әрбір сериясы ғалымға, философқа, философиялық немесе әдеби ағымға («Дидро», «Гегель», «Сюрреализм» және т. б. ) арналған. Бұл баспалар зиялы қауым мен студент жастардың арасында беделді еді.

Францияда кітап оқу қолы бос аймақтарда 7-ші орынды алады. Соңғы жылдары кітап оқудың белсендендіру шаралары жүзеге асады: балалардың оқу конференциялары өтіп, бірінші басқыштағы мектептердегі кітапханалардың саны артып, бұқаралық кітапханалардың ауқымы кеңейеді. Кітап-баспаханалық сектордағы кәсіпорындарға жеңілдетілген банктік несиелер беріледі. Францияда 1981 жылдың тамызынан кітаптардың кесінді бағалары туралы заң қолданысқа енді. Бұл шаралар ел баспаларының сауда айналымының өсіміне септігін тигізіп, кітаптардың бағасының өсіу сәл тоқтатыла тұрды. 1985 жылы «Юманите диманш» былай жазды: « Француздардың қандай кітап оқитындары белгісіз ақиқат. Алайда кітап жеңе алмайтын кедергі - бағаға жақындады. Кітаптар бағасы бұрынғыдай өте жоғары деңгейде қалып қойды» /2/.

Энциклопедиялық кітаптардың шығуы

«XVIII ғасыр энциклопедиялық баспалардың шығуымен байланысты. Олардың арасында Дидро мен Д´аламбердің «Энциклопедия, или толковый словарь наук, искусств и ремесел» деген - фрацуздық ағарудың орасан күрделі әдеби, философиялық және саяси ескерткіші алдыңғы орында еді. Бірінші томы 1751 жылы шықты. Барлық шығарылымы 36 том болған ауқымды еңбек 1776 жылы жазылып бітті. «Энциклопедия» XVIII ғасырдағы негізгі қолданбалы буржуазиялық ойдың ұмтылыстарының ұжымдық іске асуы болатын. Бұл баспа бүгінгі таңда да маңызын жоймағандықтан, «Энциклопедияны» қайта қайта шығару қабылданды.

Ұлы француз буржуазиялық революциясы жылдарында кезеңдік баспаның ролі күшейді. Тек 1789 жылы Парижде 150-ден жоғары, одан кейінгі жылдары саны 300-ге жеткен газет шығып тұрды. 1791 жылы Эбердің атақты революция кезінде халықтың мұңын жоқтаған «Отец Дюшен» атты газеті пайда болды. Ж. П. Мараттың халықтың құқықтары мен демократияның орнауы жолында аянбай күрескен «Друг народа» деп аталатын газеті айтарлықтай маңызды еді. Қараша халық жеккөрінішті Бурбондарды, феодалдық жүйелерді әжуа ететін карикатуралар мен шарждарда көрінетін сайқымазақ суреттер кең жайылды.

XVIII ғасырдағы рөлі басым фирма Дидоның баспалық фирмасы болды. Фирманың негізін қалаушы - Франсуа Дидо (1689-1757) өзінің шығармашылығын 1713 жылы бастаған-тын. Ал оның ұлы Франсуа Амбруаз Дидо (1730-1804) жаңа қаріп ойлап тапқан және баспагерлік техникаға тың жаңалықтар енгізген белгілі баспагер ретінде танылды. 16 Людовиктің тапсырысымен Дидомен орындалған француздық классиктердің сериялары атақты еді.

1769 жылы Пьер Руссо мен Морис Вейссенбрухтар «Типографическое общество» деп аталатын бірлестіктің негізін қалады. Бұл бірлестік 25 жыл уақыт аралығында бүткіл Еуропа бойынша француз философтары, тарихшылары мен публицистерінің туындыларын таратты.

XIX ғасырдың басында баспагерлік техниканың іске асуы француз кітабының демократиялануына септігін тигізді. Баспалардың таралымдары көбейіп, бағасы түсті. Қағаз мұқабалы кітапшалар таралды. Аристократтық оқырманның орнына білімсіздеу әскери шонжар, зиялы қауым, негізгі бейнеде «жаңа сынып» - буржуазия келді.

1847 жылы Францияда баспагерлердің және (Серкль де ля Либбери) кітап сатушылардың қоғамының негізі қаланды. Ол баспагерлер мен қағаз фабрикаларының иелерінің, кітап сатушылардың арасындағы өзара қарым-қатынасты реттер отырды. Қоғам «Журнал книжной торговли» деп аталатын (Журнал де ля Либбери) журналды шығарды. 1854 жылы оған француз «Библиография Франции» (Библиография де ля Франс) баспасының ағымдағы құрамының негізгі органы өтті.

Осы ғасырдың 30-40 жылдары Францияда үйлестірілген очерктік әдебиет жинақтары( «Новая картина Парижа», «Революционный Париж»), физиологиялық деп аталатын - «тұрмыстық халықтың өмірінен сипатталатын очерктер(«Французы, изораженные ими самими», «Бес Парижа», т. б. ) кең таралды.

XIX ғасырда шетелге тек кейбір көне баспагерлік, оның ішінде Дидо мен Панкуканың баспаханалары бар, фирмалар өтіп кетті. Франсуаның ұлы Фирмен Дидо (1790-1876) баспагерлік іске таптаурын дайындықтың нақты, дәлме-дәл баспаханалық теріммен болатын көшірмелері мен әбден жетілген баспаханалық станок ойлап тапты.

Шарль Луи Панкук (1780-1844) ботаника мен медицина ғылымдарынан құнды кітаптарды шығарудан бастап, өзгеше баспагерлік ресімдеумен шығатын көптомдық баспаларды жарыққа шығарды. Панкукуаның баспагерлік шығармашылығындағы шедеврі болып «Полное собрание сочинений» 4 томдық Тацитасы есептеледі. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы көрнекті баспагерлердің ішінде француз романтиктерінің туындыларын шығарған Левассердің есімі және каталогтық әдебиет пен оқу кітаптарының шығарушы маманы болған А. Мамның аты бізге белгілі. Пьер жюль Этцель Бальзактың «Человеческая комедиясын» басушы баспагер ретінде танымал. Этцелмен И. С. Тургенев сияқты ірі жазушылар қызметтес болған.

XIX ғасырдағы ірі баспаханалардың қатарына 1826 жылы Луи Ашетт негізін қалаған «Ашетт» фирмасы суырылып шықты. Біртіндеп фирма отбасылық қоғамдастыққа айналып, 1846 жылдан бастап «Луи Ашетт и К» деп атала бастады. Саудадағы жетістік баспаханаға «Библиотека французских железных дорог» деп аталатын әдебиет, тарих, ғылым және өнердің серияларынан құралған 800 томдық цикл алып берді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Библиотеки» сериясы да сәтті шықты. «Библиотеки» сериясы Гостав Доренің ұйымдастыруымен шығатын баспадан жарық көрді.

1838 жылы Ж. Шарпантьенің (1805-1851) буржуазиялық оқырманға арналған салыстырмалы түрде қымбат емес, ыңғайлы кітап үлгісін жасаған баспаханасының негізі қаланды. Таптаурынды пайдаланып, Шарпантье 400 романды томына арзан - 3, 5 франкқа таратты.

50-60 жылдары көрнекті радикалды баспагер Жан Лакруа (1834-1903) болды. Ол Гюго және өзге де қаламгерлер мен қуғындауға ұшыраған қоғам қайраткерлерінің шығармаларын шығарды. Басты жетістігі Лакруаның - 10 жыл уақытқа шығаруға Гюгодан рұқсат алған «Отверженные» романы.

30-жылдардың екінші жартысына қарай кітап ісінде баспагер Поленнің арқасында «революция» орын алды. Ол бірінші болып Францияда келісімді бағада үлкен таралыммен кітап саудасын ашты.

XIX ғасырдың соңында баспаханалық процестердің механизациясын жылдамдығын анықтау құбылыстары байқалды. Кітаптың шығарылымы көбейді. 1874 жылы францияда 14 000 атау шықты. Дәл сондай көрсеткіш одан кейінгі жылдарда да байқалды.

XIX ғасырдың аяғында техника, жаратылыстану және әлеуметтану ғылымдары бойынша баспалардың саны артты. Париждік Коммуна, оның қысқа да айтулы өмір сүрген уақытында француз кітабы мен баспасының сипатын өзгертті. Коммуна кітап ісінің ілгері жылжуына аз-кем қамқорлық танытқан жоқ. Кітапты халыққа қолжетімді ету үшін халықтық оқу залдары пайда болып, кітаптар мен газеттердің бағалары арзандатылды. Париждің саяси және мәдени өмірінің жауынгер күшейткіші кезеңдік баспа, кітапшалар, версальдар мен ренегаттарды айрықшалайтын үндеухаттар болды. «Папаша Дюшен» (Пер Дюшен) газетінің таралымы 60 000 данамен таралып, үлкен жетістіктерге жетті.

XIX ғасырдың 70-жылдары Францияда марксистік идеялар кеңінен таралып, Карл Маркстің (1872) «Капиталының» алғашқы аудармасы мен басқа да шығармаларын, Энгельс, француз әлеуметтанушыларының еңбектері жарыққа шығады. 19 ғасырдың соңғы онжылдығында балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап баспасы жаңа өрлеу кезеңін бастан кешірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі замандағы Францияның кітап басу ісінің ерекшеліктері
Германияның баспа саласы
Кітап тарату ісі
Кітап жайлы
Франция мемлекеті туралы
Француз буржуазиялық революциясы
Қазақ баспа ісінің өткені мен бүгіні
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Саяси дағдарыстар. Үшінші Республиканың сыртқы саясаты
Қазақ баспаларының қызметін нарықтық экономика және мемлекеттік реттеу мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz