Жекеменшік экономикалық категория ретінде
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. ЖЕКЕМЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ... ... .6
1.1 Жекеменшіктің экономикалық мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Жекеменшік қатынастары және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 11
II ҚР.ҒЫ ЖЕКЕМЕНШІК ИНСТИТУТТАРЫ ЕНГІЗГЕН ТӘЖІРИБЕЛЕРІ.15
2.1 Жекеменшік институттары енгізген тәжірибелері ретінде ... ... ... 15
2.2 Қазақстан Республикасында жекеменшік дамуы ... ... ... ... ... ... ...17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық қатынасқа өтуіне байланысты нарықтық қатынастардың барлық түр-сиапттары қалыптасып, күннен күнге дамуының алғышарты жоспарланған мемлекеттік жекеменшікті жеке немесе ұжымдық жекеменшікке айналдыру қажеттігі болып табылады.
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. “Меншік” белгілі бір затты жеке мүлік адамның иеленуінен шыққан. Меншік қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншікті екі мағынада қарастыруға болады: құқықтық мағынада және экономикалық категория ретінде. Меншік құқықтық мағынада мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерге: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттігін алады. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Ендігі басты мәселе – меншіктің мәні туралы. Жалпы меншік дегеніміз не? Міне, осы сұраққа жауап іздеп көрелік.
Меншік дегеніміз - өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасындағы туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік дегеніміз – материалдық және рухани игіліктерді пайдаланумен, оларды өндіру шарттары туралы адамдар арасындағы қатынастарды білдіреді. Басқаша айтсақ, меншік бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік қатынастары иемдену, пайдалану, айналыс, тұтынудан тұрады. Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Қандай да бір материалдық игілікті өндіру – адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен энергияны иемдену болып табылады. Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп отырған. Өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болды. Осылайша, адамзат қоғамының әу басында адамдар табиғат өнімдерін өндірместен иеленді.

1. ҚР-ның Азаматтық кодексi. 2005 ж.
2. Акционерлік қоғамдар туралы 2008 жылғы 13 мамырдағы N 415-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы .
3. Указ Президента РК «О защите прав граждан и юридических лиц на свободу предпринимательской деятельности» от 27.04.98 г. / Биен, 21 мая 2003 г.
4. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. – М., 1993, гл. 25, 30.
5. Хейне П. Экономический образ мышления. – М., 1991, гл. 18.
6. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2005 г.
7. Мейiрбеков А.Қ., Әлiмбетова Қ.Ә. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008. – 252 бет.
8. С.Әкiмбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2007. – 446 б.
9. Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург – 2006г.
10. Курс экономической теории / Под ред. М.Н.Чепурина, Е.А.Киселевой. – Киров, 1994, гл.13.
11. Экономика: Учебник / Под ред. А.С.Булатова. – М., 1995, гл. 12.
12. Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общей ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. - М., 2002.
13. К.Б. Блеутаева «Кәсiпкерлiктiң жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттiң ролi» //Аль-Пари, 2008, №3-4.
14. М.Ж.Арзаева “Шағын және орта бизнестi қаржылық-несиелiк реттеудiң объективтi қажеттiлiгi” // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №3, - 2009ж.

ЖОСПАР
КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. ЖЕКЕМЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ... ... .6
1. Жекеменшіктің экономикалық мәні мен маңызы
... ... ... ... ... ... ... .6
2. Жекеменшік қатынастары және оның түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... 11
II ҚР-ҒЫ ЖЕКЕМЕНШІК ИНСТИТУТТАРЫ ЕНГІЗГЕН ТӘЖІРИБЕЛЕРІ.15
1. Жекеменшік институттары енгізген тәжірибелері
ретінде ... ... ... 15
2. Қазақстан Республикасында жекеменшік дамуы
... ... ... ... ... ... ...17
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ..24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық қатынасқа өтуіне
байланысты нарықтық қатынастардың барлық түр-сиапттары қалыптасып, күннен
күнге дамуының алғышарты жоспарланған мемлекеттік жекеменшікті жеке немесе
ұжымдық жекеменшікке айналдыру қажеттігі болып табылады.
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын
болсақ, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Қоғам өмірінде
меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. “Меншік”
белгілі бір затты жеке мүлік адамның иеленуінен шыққан. Меншік қоғамдық
негізгі бастауларға жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар
қабылдап, оны қорғайды. Меншікті екі мағынада қарастыруға болады: құқықтық
мағынада және экономикалық категория ретінде. Меншік құқықтық мағынада
мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге
ие болады. Және ол қолындағы мүліктерге: иемдену, пайдалану және оған иелік
жасау өкілеттігін алады. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық
процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау
мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Ендігі басты мәселе – меншіктің мәні туралы. Жалпы меншік дегеніміз
не? Міне, осы сұраққа жауап іздеп көрелік.
Меншік дегеніміз - өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген
өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасындағы туындайтын қоғамдық
қатынастар. Меншік дегеніміз – материалдық және рухани игіліктерді
пайдаланумен, оларды өндіру шарттары туралы адамдар арасындағы қатынастарды
білдіреді. Басқаша айтсақ, меншік бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары
мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Меншік –
бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік қатынастары
иемдену, пайдалану, айналыс, тұтынудан тұрады. Иемдену – бұл нақты қоғамдық
затты иелену әдісі. Қандай да бір материалдық игілікті өндіру – адамдардың
өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен энергияны иемдену болып табылады.
Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері
өзгеріп отырған. Өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар
материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болды. Осылайша,
адамзат қоғамының әу басында адамдар табиғат өнімдерін өндірместен
иеленді.
Мысалы: аңшылық, балық аулау, терімшілік және т.с.с. Әрі қарай,
өндірістің пайда болуы мен дамуына орай иемденуге тек табиғат өнімдері
емес, сондай – ақ адамдар өндірген өнімдер жатады. Иемдену – адамдар
арасындағы экономикалық байланыстарды бейнелейді, егер мына зат менікі
десе, онда бұл жайт қалыптасып үлгерген шаруашылық байланыстарын сипаттайды
және бұл мүлікті кімнің иемденуге құқығы бар, ал кімнің құқығы жоқ
екендігін көрсетеді. Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай
жүзеге асады...
Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке
иемдену (жеке меншік) айқын көрінеді. Егер өндіріс қоғам мүддесін көздесе,
онда қоғамдық иелену (қоғамдық меншік) орын алады. Біз меншік қатынастары
меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады дедік. Айталық,
өндіріс құралдарына меншік иесінің өзі өндіру қызметімен айналыспайтын
болсын. Ол басқа адамдардың өзінің заттарын иеленуіне белгілі бір
жағдайларда мүмкіндік берсін. Сонда меншік иесі мен кәсіпкер арасында
мүлікті пайдалану қатынастары туындайды. Кәсіпкер басқа біреудің меншігін
иелену, пайдалану мен керегіне жарату заңды құқығына ие болады. Мұндай
қатынастарға мысал ретінде жалға беру – меншік иесі мүлкін уақытша
пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге
болады. Осыған байланысты бірнеше жағдайларды мысал ретінде ұсынайық:
1- ші Жағдай. Сіздің сағат жөндейтін шеберханаңыз бар делік және
өзіңіз сағат жөндеумен шұғылданасыз. Бұнда шеберхана иесі де, шеберхананы
пайдаланушы да, еңбек нәтижесінің иесі де тек қана сіз боласыз.
2-ші Жағдай. Жаңағы, меншігіңіздегі сағат жөндейтін шеберханаңызды
өзіңіз пайдаланбай (онымен шұғылдануға уақытыңыз жоқ) жалға бердіңіз.
Жалгер өзі атқарған жұмысына жалақысы үшін шеберхана табысын иемденеді. Бұл
жағдайда шеберхана иесі – сіз, шеберхананы пайдаланушы – жалгер, еңбек
нәтижесінінің иесі – жалгер болады. Ал сізге тиесілігі жалдау төлемі.
3-ші Жағдай. Барлығы 2-ші жағдайдағыдай, бірақ жалгер өзі жұмыс
істемейді, сіздің шеберханаңызда өзінің жобасын жүзеге асыратын
жұмыскерлерді жалдайды, және жалданған жұмыскерлердің еңбек нәтижесін өзі
иемденеді. Сіз өз шеберханаңыздың ақысы үшін жалдау төлемін иемденесіз, ал
жалданған өзіне тиесілі жалақысын алады.
Бұл жағдайлардан мынаны көруге болады: меншік иесі, уақытша иесі,
еңбектің нәтижесін. Бұдан барып (жаңағы жағдайлардан) “меншік табыс әкеле
бастаған сәттен өзін экономикалық жағынан ақтай алады” деген қорытындыға
келеміз. Осы меншік қатынастарының нәтижесінде меншік иесі пайда болады.
Меншік иесінің үш түрлері бар:
➢ потенциалды меншік иесі (мұрагер)
➢ меншік иесі заттарды тұтынушы ретінде. Бұл жерде меншік иесі толық
құқыққа ие емес.
➢ толық меншік иесі. Ол заттардың толық құнының меншік иесі және
бөтенсу құқығына ие.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез –
келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың
меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, мүлікті кепілге, жалға беруге құқылы.
Осылайша менің курстық жұмысымның тақырыбын ҚР-ғы жекеменшік
институттары енгізген тәжірибелері деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі еліміздің нарықтық қатынастарға өтуіне
байланысты барлық шаруашылықтар нысаны жекеменшіктік қатынастарға өтіп,
жекеменшіктің түрлі нысандарының дамуына байланысты жекеменшік түрлері мен
олардың экономикалық құрылымын жан-жақты талдау болып табылады.
Осы тақырыпты орындау барысындағы негізгі мақсат, міндеттерімді
келесідей топтастыруға болады:
• Жекеменшікті экономикалық категория ретінде жан-жақты талдау,
экономикалық мән-мағынасын ашу;
• Нарықтық экономикадағы жекеменшік түрлері, жекеменшік қатынастарының
іске асу процесін атап өту;
• ҚР-ғы жекеменшік институттары енгізген тәжірибелері
• Жеке жекеменшік саласының бүгінгі таңдағы дамуын.
I ЖЕКЕМЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
1.1 Жекеменшіктің экономикалық мәні мен маңызы
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ,
негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Қоғам өмірінде меншікке
байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. “Меншік” белгілі бір
затты жеке мүлік адамның иеленуінен шыққан. Меншік қоғамдық негізгі
бастауларға жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап,
оны қорғайды. Меншікті екі мағынада қарастыруға болады: құқықтық мағынада
және экономикалық категория ретінде. Меншік құқықтық мағынада мүліктік
қатынастарды білдіреді. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады.
Және ол қолындағы мүліктерге: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау
өкілеттігін алады. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық

Жекеменшік – күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің
негізгі бөлігі болып табылады. Жекеменшікті қатынастардың екі тәсілдемесін
ажырата білу керек.
Бірінші тәсілдеме жекеменшікті нақты экономикалық категория ретінде
қарастырады. Жекеменшік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен
өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме жекеменшікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін
сипаттау арқылы сипаттайды. Бүкіл қоғамдық құрылыстың өзегі болып табылатын
жекеменшікті келесі 2-ші суреттен көре аламыз.
Сурет-1 – Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жекеменшіктің орны мен ролі
Жекеменшіктің экономикалық мәні келесідей түсініктер арқылы сипатталады.
• Екі жұп категорияларының өзара байланысы: иемдену және жатсыну;
• Жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;
• Өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
• Табыстарды үлестіру тәсілі;
• Субъектілік-объектілік талдау;
1. Ең алдымен, жекеменшіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің
сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір
қауымдастың өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің
механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа
шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес
формалары.
Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың
тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің
өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету – қандай да бір
объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдыруың мүмкін еместігін
білдіреді.
2. Оқшауландыру – деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды
өндіруге мамамндануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең
болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік
те соғұрлым күшті.
Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді. Бір
жағынан қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жекеменшік
салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші
жағынан, еңбектің қоғамдық спатына байланысты, олардың бәрі біртұтас
қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер
арасындағы экономикалық байланыстардың формасы – ақша айналымы арқылы
жүретін тауар айырбасы болып табылады.
3. Жекеменшік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру
тәсілі құрайды. Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және
сатылы.
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен
өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс
факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам
бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады - өндіріс құралдарын жекеменшіктеуші
қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі.
4.Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын жекеменшіктеушілер мүддесі үшін
жүзеге асырылады.
5. Жекеменшік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ,
өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Жекеменшік
объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат,
интелект, жұмыс күші болып табылады.
Жекеменшіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады.
Жекеменшік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына
байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп
қатынастарының жиынтығы.
Жекеменшік құықтарының жүзеге асуы үшін жекеменшік құқықтарының
айрықшалануы өте маңызды. Жекеменшік құқықтарының айрықшалануы – бұл
жекеменшіктің объектісін, субъектісін және жекеменшік формасына
өкілдіктерін анықтау. Жалпы экономикалық теорияда жекеменшіктің толық
құқықтар шоғыры 11 элементтен тұрады.
• Иелік ету құқығы, яғни игіліктерге айрықша нақты бақылау жасау құқығы;
• Пайдалану құқығы, яғни игіліктердің пайдалы қасиеттерін өзі үшін
пайдалану құқығы;
• Басқару құқығы, яғни игіліктерді пайдалану кім және қалай қамтамасыз
ететінін шешу құқығы;
• Табысты алу құқығы, яғни игіліктерді пайдалану нәтижелеріне иелік ету
құқығы;
• Егемен құқығы, яғни игіліктерді шеттету, пайдалану, өзгерту немесе жою
құқығы;
• Қауіпсіздікке ие болу құқығы, яғни игіліктердің сыртқы орта тарапынан
келетін залалдан қорғану құқығы;
• Игіліктерді мұраға қалдыру құқығы;
• Игіліктерді шексіз пайдалану құқығы;
• Сыртқы ортаға зиян тигізетін тәсілмен пйдалануға тыйым салу;
• Өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы, яғни игілікті қарызды өтеу
үшін өндіріп алу мүмкіндігі;
• Қалдықты сипат құқығы, яғни бұзылған құқықтылықтардың қалпына
келтірілуін қамтамасыз ететін тәртіптер мен институттардың болу
құқығы.
Жекеменшік қатынастары – материалдық және материалдық емес
ресурстарға қол жеткізуден шеттетулер жүйесі. Егер ресурстарға қол
жеткізуден шеттетулер жоқ болса, олар – ешкімдікі емес, ешкімге тиесілі
емес, немесе бәріне тиесілі, өйткені оларға еркін қол жеткізуге болады, ал
бұлар – бір нәрсе деп айтуға болады.
Жекеменшік объектілері әрқашанда шектеулі болатын экономикалық
ресурстар болып табылады. Басқаларды ресурстарға еркін қол жеткізуден
шеттету, оларға иелену құқытарын айрықшалауды білдіреді.
Айрықшалаудың мәні мен мақсаты – ресурстарға жекеменшік құқықтарын
олардан неғұрлым көп пайда табуға қабілетті, оларды жоғары бағалайтын
адамдардың алуына жағдай жасау.
1.2 Жекеменшік қатынастары және оның түрлері
Жекеменшік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән
өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие
жекеменшіктің тарихи типтері ажыратылып жүр. Қоғамдық еңбек бөлінісі
дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір жекеменшік типінің шеңберінде
иемдену тәсілдерінің айрықшылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену
нысандарын немесе жекеменшік нысандарын ажыратады. Оларға:
1) жеке иемдену нысандары;
2) ұжымдық иемдену формалары;
3) қоғамдық иемдену нысандары жатады.
Қандай да бір тип аясында қандай бір түрлер болуы мүмкін. Осылайша:
1. Жеке жекеменшік:
• Жеке;
• Жеке еңбектің;
• Жеке капталистік болып бөлінеді.
2. Ұжымдық жекеменшік.
• Серіктестіктер;
• Кооперативтік;
• Акционерлік;
• Ортақ өндіріс болып табылады.
3. Қоғамдық жекеменшік;
• Жалпы мемлекеттік;
• Муниципалдық болып бөлінеді.
Меншiктiк формасына сәйкес фирмлардың немесе кәсiпкерлiктiң үш түрiн
атап өтуге болады:
• Индивидуалдық немесе жеке кәсiпкерлiк;
• Серiктестiк немесе партнерлiк;
• Корпорация (акционерлiк қоғам).
Индивидуалдық кәсiпкерлiк деген бiр адам иелiк ететiн бизнес.
Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң иелiк етушiсi сонымен бiрге менеджер қызметiн
атқарады. Оның мүлiгi мен жауапкерлiгiнде шек болмайды. Индивидуалдық
кәсiпкерлiктiң басты кемшiлiгi – капиталының аз мөлшерде болуы.
Артықшылықтары: меншiк иесiсiнiң әрқайсысы барлық пайданы иемденедi,
өзгерiстердiң қандайын болмасын өзi жүргiзе алады. Индивидуалдық бизнесмен
заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейдi, корпорацияға
белгiленген салық төлемейдi. Бизнестiң аса кең тараған бұл формасы ұсақ
дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлiк iс-әрекеттерге тән
болады.
Серiктестiк ( партнерлiк) дегенiмiз екi және одан да көп адам иелiк
ететiн бизнестiң түрi. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын
ғана төлейдi және фирманың барлық қарыздарына шексiз жауапкершiлiк артады.
Артықшылығы: ұйымдастырылу жеңiл, қосымша қаражаттар және жаңа идеялар iске
тарту мүмкiндiгi болады. Кемшiлiктерi: шаруашылық дами түскенде қаржы
ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды iске тарту мүмкiндiгi
шектелген; фирма мүшелерiнiң барлығы бiрдей iс-әрекет мақсаттарын жетiле
түсiнбеуi.
Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн
қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға
сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы,
ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның
табыстарына корпорация салығы салынады.
Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту
мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция – үлесті
немесе жекеменшікті куәләндыратын бағалы қағаз, акция акционерлік қоғам
шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына қарай акционерлердің
дивидендтер алуға, қоғамды басқаруғақатысуға және қоғам таратылған жағдайда
оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын құжат.
Акционерлік қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық
мүлікпен жауапты болады. Акцонер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап
бермейді, тек өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне
байланысты зияндарға тәуекел етеді.
Экономикасы дамыған елдерде акционерлік қоғамдар корпорациялар деп
аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады.
Қоғамның фирмалық атауы, сондай-ақ үлгісіне қарай, ашық акционерлік қоғам
немесе жабық акционерлік қоғам деген сөздер немесе тиісінше ААҚ және
ЖАҚ аббревиатурасы болуға тиіс.
Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен
алдын ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам
акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларды
жабық әдіспен ғана орналастыруға құқылы.
Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері салатын
акцияларды сатып алуға артықшылықты құқы бар. Жабық қоғамның өз акцияларын
сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне, ал олар бас
тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуға ұсыныуға міндетті. Сатылатын
акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған
кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады.
Қоғам және оның акционерлері сатып алудан бас тартқан немесе
белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды
қоғамға және оның қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша
үшінші тұлғаларға сатуға құқылы.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің
келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы қоғам ашық акционерлік қоғам деп
аталады. Ашық қоғамның акциялары үш түрлі әдіспен, яғни жабық, жеке және
ашық орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Шаруашылық практика жекеменшік типтерінің, нысандырының және
түрлерінің мәнін ажыратуға құрылады. Бұнда жекеменшік қатынастары
шаруашылық қызметі ұйымдастырудың қандай да бір нысандарының негізі болып
табылады. Олардың арасында диалектикалық байланыс бар. Бір жағынан,
экономика құрылымы жекеменшік құрылымына әсер етеді, оның түрлерінің
көптігін жүзеге асырады. Екінші жағынан, шаруашылық жүргізу нысандары
жекеменшік объектәлерін пайдаланумен, сондай-ақ өндірістің техникалық даму
деңгейімен анықталады. Жекеменшіктің бір түрінің немесе нысанының негізінде
шаруашылық жүргізудің түрлі нысандары қалыптасуы мүмкін, ал бұл бәсекенің
негізі болып табылады.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың
тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының
белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн
қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және
оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн
емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тғыз
байланыста болады.
Бәсеке шаруашылық өмiрде басты рольде ойнайды. Ол экономикалық
еркiндiктi қамтамасыз етiп, рыноктағы субъектiлердiң қарым-қатынасын
тереңдету арқылы рыноктағы жағдайлар мен сұранысқа бейiмдi болып келедi.
Адам Смиттiң “көрiнбейтiн қол” мысалының негiзiнде бәсекелестiк теориясы
жатыр, яғни , әрбiр жеке адам немесе кәсiпкер ең бiрiншi өз пайдасын
ойлайды, сол пайдаға қол жеткiзу үшiн олар өз қызметтерiнiң бәсекелiк
қабiлетiн арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегiнде жаңа iзденiстердi,
инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашады.
Бәсеке экономикалық категория ретiнде объективтi және субъективтi
маңызда болады. Объективтi мағынада бәсеке рыноктағы ерекше жағдайларды
белгiлейдi, яғни жекелеген субъектiлер кәсiпкерлер жалпы рыноктағы
тауарлардың айналысына және оның бағасына жеке өзi әсер ете алмау сипатымен
көрiнедi. Бәсеке субъективтi тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектiлерi
арасындағы экономмкалық қатынастарды көрсетедi, яғни өндiрiс пен материалды
игiлiктердi айырбастау негiзiнде туындайды.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың
негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен
кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi
инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске
ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер
шығарудыңкөлемiн арттыруға ынталы болады.
Осы рыноктық қатынастардың бiздiң экономикада тез орын алуына жол ашу
үшiн рыноктық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz