Шыңғыс ханның мирасқорлары


Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Шыңғыс ханның мирасқорлары
а) Шағатай ұлысы
ә) Шағатай мемлекеті
б) Жошы ұлысы
2. Саяси және мемлекеттік құрылысы
а) Құрылтай
б) Яса
в) Ұлыстардың мемлекеттік-әкімшілік құрылысы
ІІІ Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Бұл рефератта негізінен отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империя құрған Шыңғыс ханның ұрпақтары туралы, оның әрбір ұлына үлес бөліп бергені баяндалады, оның ішінде: кіші ұлы Төлей Шыңғыс-ханның негізгі жұртын - Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129 мың адамдық әскерінің 101 мыңын алды. Монғолиядан батысқа қарай жаулап алынған ұлан-ғайыр аумақ үлкен ұлдарына бөлінді, бұл орайда олардың әрқайсысына тұрақты армиядан 4 мың адамнан бөлініп берілді.
Шыңғыс-ханның үшінші ұлы Үгедейге Батыс Монғолия мен ұлысының орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды. Өзін ұлы хан деп жариялағаннан кейін (1228/29-1241) Үгедей Орхонда, Қарақорымда тұрды.
Шыңғыс-ханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай және «Қойлық пен Хорезм шекарасынан Саксин мен Булгардың татар аттарының тұяғы тиген жерлерге дейінгі» ұшы-қиырсыз аймақты алып жатты, сөйтіп Жетісудың солтүстік бөлігін және Төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтиды.
Сонымен Қазақстан аумағы монғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен бөлігі - Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі - Үгедей ұлысына кіргені айтылады. Одан басқа Қазақстан Алтын орданың құрамында болғаны, олардың саяси мемлекеттік құрылысы, құрылтай туралы, яссы туралы біраз мәліметтер бар.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ұлыстардың құрылуы . Отпен өрттеп, қылышпен қырып, орасан зор империя құрған Шыңғыс-хан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: кіші ұлы Төлей Шыңғыс-ханның негізгі жұртын - Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129 мың адамдық әскерінің 101 мыңын алды. Монғолиядан батысқа қарай жаулап алынған ұлан-ғайыр аумақ үлкен ұлдарына бөлінді, бұл орайда олардың әрқайсысына тұрақты армиядан 4 мың адамнан бөлініп берілді. Шыңғыс-ханның үшінші ұлы Үгедейге Батыс Монғолия мен ұлысының орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды. Өзін ұлы хан деп жариялағаннан кейін (1228/29-1241) Үгедей Орхонда, Қарақорымда тұрды.
Шыңғыс-ханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, «ұйғырлар өлкесінің шекарасынан Самарқанд пен Бұхараға дейінгі жерлерді», яғни Шығыс Түркістанды, Жетісу мен Мауараннахрдың денін қамтыды. Жамал Қаршидің деректері бойынша, Шағатай иеліктерінің негізгі бөлігін құраған өлке Аларғу елі деп аталды; оның басты қаласы Алмалық болды. Оның мирасқорларының ордасы, Жувейни деректері бойынша, түрікше Ұлығ-Иф деген атпен, яғни «Үлкен үй», ал нумизматика деректері бойынша Орду әл-Азам деген атпен мәлім болған. Шағатай мен оның мирасқорлары иеліктерінің құрамына Балх және Хорасан өлкелері де кірді.
Шыңғыс-ханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай және «Қойлық пен Хорезм шекарасынан Саксин мен Булгардың татар аттарының тұяғы тиген жерлерге дейінгі» ұшы-қиырсыз аймақты алып жатты, сөйтіп Жетісудың солтүстік бөлігін және Төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтиды. Рашид ад-Диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы Ертісье болған, бірақ басқа деректемелер бойынша ол Сарысуға жақын маңда, «қыпшақтар елінде» жерленген. Ертісте, Алакөл көлінің маңында, Плано Карпинидің дәлелдеуі бойынша, XІІ ғасырдың орта шенінде Жошының баласы Орда-Ежен тұрған. Алтын Орданың құрылуына байланысты Жошы ұлысының саяси өмірінің орталығы Төменгі Еділге ауысты.
Сонымен Қазақстан аумағы монғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен бөлігі - Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі - Үгедей ұлысына кірді.
Шыңғыс-ханның тірі кезінде ұлдарына бөліп берген жерлер олар үшін тек қана пайда көзі болды, бірақ империя басшысына бағынышты болып қала берді. Ол өлгеннен кейін жағдай өзгерді. Монғол державасының ұлан-ғайыр кеңдігі, ұлыстардың иелері тұрған жерлерінің Орхондағы жалпы империя орталығынан шалғайлығына байланысты жергілікті жерлердегі билік қана шын мәнінде билік болып қалды. Үлесті жүйенің әулеттік бастамасы, ұлыстардағы іс жүзіндегібиліктің Шыңғыс-ханның ұлдары ұрпақтарына ауысуы ұлыс қаруында елеулі әскери күші бар Шыңғыс-хан ұрпақтарын өз әулеттерін толығымен дербес етіп алуға, ал ұлыстарды тәуелсіз иеліктерге айналдыруға итермеледі. Ұлыс билеушілерінің қолына біртіндеп билік толығымен көшіп, империя бірнеше дербес мемлекетке ыдырады. Оның ыдырауының негізгі себептері халық бұқарасының монғол езгісіне қарсы күресі, көптеген елдер мен халықтарды қарудың күшімен өзіне қаратып алған империяың іргесінің берік еместігі, қырық құру болып, үнемі жалғасқан өзара қырқыстар, экономикалық байланстардың, мәдени-тарихи дәстүрлердің болмауы еді.
Шағатай ұлысы. Шағатай әкесі мен ағасы Жошы өлгеннен кейін хан тұқымындағы үлкені ретінде зор беделге ие болды. 1228-1229 жылдары ол Үгедейді ұлы хан деп жариялаған ханзадалардың басшысы болған еді. «Ясыны, биліктер мен қағидаларды, патшалықты сақтаудың амалдарын» жетік білген Шағатайдың билігі зор болғаны соншалықты, тіпті ұлы хан Үгедейдің өзі де ағасының мақұлдауынсыз қандай болса да маңызды шешімдер қабылдамайтын болған.
Ұлы ханның келісімі бойынша Шаатай тұңғыш баласы Мүтіген балаларынң үлкені Қара-Хулагуды өзінің мирасқоры етіп тағайындады. 1241 жылы Үгедей, одан кейін көп кешікпей Шағатай да өлді. Монғол империясындапатшалар арасындағы бес жылға созылған дүрбелең кезең басталды. 1246 жылы ғана құрылтайда Үгедейді үлкен ұлы Күйік ұлы хан болып жарияланды. Күйіктің бұйрығы бойынша Шағатай ұлысына Қара-Хулагудың орнына жаңа ханның жақын досы Шағатайдың баласы Есу-Мөңке қойылды. Бірақ көп кешікпен Күйік өлгеннен кейін (1248ж. ) Үгедей мен Төлей ұрпақтарының арасында билік үшін күрес басталды. Батыйдың қолдауымен 1251 жылы Төлейдің үлкен ұлы Мөңке империяның басшысы болып жарияланды.
Жаңа ұлы ханның билік басына келуі жазалаудан басталды; Шағатай мен Үгедей тұқымынан шыққан ханзадалар Мөңкеге қарсы қастандық жасады деп айыпталып өлтірілді немесе жер аударылды, сөйтіп Шағатай тұқымының мәні біраз уақытқа дейін жоққа сайылды. Бірақ ұлыстар формальді түрде өмір сүре берді: Күйіктің жесірі оның Емелдегі ордасына қалды, ал осының алдында қайтыс болған Қара-Хулагудың жесірі Орқына ұлы ханның келісімімен Шағатай ұлысының билеушісі болды. 1254 жылы ол Шағатай ұлысының әміршісі ретінде ұлыхан Мөңкенің інісі Хулагудың Иранға бара жатқан әскерін Алмалықта қарсы алды.
Іс жүзінде XІІІ ғасырдың ортасында империя Төлей мен Жошы ұрпақтарының арасында бөлісілген болатын. Ұлы хан Мөңке мен Жошы ұлысының басшысы Батыйдың ықпалы жүретін шекаралар, Рубруктың дәлелдеуі бойынша, Талас пен Шу өзендерінің арасындағы жазықта өткен. Сөйтіп, Жетісу, XІІІ ғасырдың 50-жылдарында ұлы ханға бағынған, ал Жошының үлесіне жатпайтын Мауараннахр уақытша Жошы тұқымының ықпалына кірді.
XІІІ ғасырдың 60-жылдарында Монғолия империясының бірлігіне ақырғы соққы берілді. 1259 жылы Мөңке өлгеннен кейін оның екі інісі Арығ-Бұға мен Құбылай арасында таққа отыру жолындағы күрестен туған өзара қырқысқан соғыс басталды. 1260 жылы олардың екеуі де бір мезгілде ұлы хан деп жарияланды.
Екі хан да Шығыс Түркістанды, Жетісуды және Орта Азияны өздеріне бағындырып алуға ниеттенді. Құбылай Жетісуға өзінің қойған адамы Шағатай ұрпағы Әбішкені Шағатай ұлысында билікті алу үшін жіберді, алайда жол бойында Әбішкені Арығ -Бұғаның жауынгерлері қолға түсіріп, өлтірді. Арығ-Бұға өз кезегінде Шағатайдың немересі Алғұйды «Шағатай ұлысының патшасы боласың және сол маңдарды Құбылай ханның әскерлерінен және Шағатай үйінің әскерлерінен қорғайсың деп жарлық» беріп батысқа жіберді.
Алғұй қысқа мерзім ішінде атасының иелігінде болған жерлердің бәрін өз билігіне бағындырды. Жошы ұрпағы Беркеханнан Отырарды жеңіп алып, ол бұрын Алтын Ордаға кірген Хорезм мен Ауғанстанның солтүстік бөлігін де басып алады. Бастапқыда ол Арығ-Бұғаның атынан қимылдап, кейіннен одан бөлініп кетті. 1264 жылы Арығ-Бұғаны Құбылай талқандап, империя ханы болып жарияланды. Батстағы ұлыстар оған бағынбады: Ирандағы Хулагу, Жошы иеліктеріндегі Берке, Алғұй және содан кейін Шағатай ұлысындағы Хайду іс жүзінде тәуелсіз әміршілер болды.
Алғұй өлгеннен кейін Шағатай ұлысындағы саяси жағдай тағы да шиеленісті. Талас-тартыстар салдарынан блік Шағатай ұрпағнан Үгедей ұрпағына, оның Берке хан қолдаған немересі Хайдудың қолына көшеді.
Шағатай мемлекеті. Хайду тұсында Шыңғыс ұрпақтарының Орта Азиядағы мемлекеті біржола қалыптасты. 1269 жылдың көктемінде Талас жағасында құрылтай болып, онда ұлы ханның иеліктеріне тәуелсіз Хайду билеген (1269-1301) мемлекет жарияланды. Жаңа мемлекеттің жері соғыстардағы таблыстарға немесе жеңілістерге байланысты біресе кеңейіп, біресе тарылып отырды. Оған Оңтүстік Қазақстанның Жент пен Үзкент жазираларын қоса алғанда Сырдария бойындағы жерлері мен Жетісу кірді. Шығыс Түркістанда бұрын шағатай ұрпақтарына қараған аумақтың бір бөлігі Құбылай иелігіне көшті. Хайдудың үлкен ұлы және оның Орта Азиядағы тағын алған Шапардың Емелде - өзінің ата-бабасының иеленген жерлерінде хан болып жариялануына қарағанда, Үгедей мен Шағатай ұрпағы ұлыстарының арасындағы шекаралар анық белгіленбеген.
XІV ғасырдың басында Шағатай әулетінің Орта Азиядағы және Жетісудағы ролі қалпына келді. Хайду өлгеннен кейін көп кешікпей, 1306-1307 жылдар шамасында мемлекеттік билік Барақ ханның баласы, Шағатайдың шөбересі Туваға ауысты.
В. В. Бартольдің бағалауы бойынша ол «Шағатай державасының негізін салушы» болған.
Шыңғыс-ханның тұсында-ақ монғол феодалдарының арасында қарама-қарсы екі саяси бағыт байқалған еді. Біріншісі жаулап алушылардың көшпелі тұрмыс пен қырдағы патриархаттық дәстүрлерді сақтауын, бағындырылған елдердің халқын қырып жіберуге дейін аяусыз, жыртқыштықпен тонауын және жаулап алынған аумақтарды мал жайылымына айналдыруды жақтады. Екінші бағыттың өкілдері жергілікті феодалдық үстем тапқа, жаулап алынған отырықшы-егіншілікпен айналысатын елдердің дәстүріне сүйене отырып, хан билігі күшті мемлекет құру мақсатын көздеді. Бірінші бағытты неғұрлым табандықпен жүргізушілер Шыңғыс-хан, ал оның ұрпақтарынан - Шағатай мен Күйік
(1246-1248) болды, оларды Шағатай ұлысының әміршілері, Орқына-хатун, Барақ жәнебасқалары қолдады.
Үгедей (1228/29-1241), Мөңке (1251-1259) хандар және ұлыс ханы Жошы орталықта күшті билік болуын және тізе бүккен халықтармен қатынастарды біраз ретке келтіруді жақтады. Сөйтіп, аталған екі бағыт өкілдерінің арасындағы тартыстың мәні жаулап алынған аумақтардың халықты қанау әдістері туралы мәселеге, сондай-ақ «бағындырылған елдің феодалдық үстем тобымен жақындасу туралы, олардың феодалдық мемлекеттілігін, идеологиясын және мәдени дәстүрлерін қабылдау туралы мәселеге» келіп тірелді.
Экономикалық күйзеліс, Монғол империясының, оның ішінде Шағатай ұрпақтары мемлекетінің ыдырауы қалайда екінші әдісті таңдап алуды өктем талап етті. XІV ғасырда Шағатай ұлысы хандардың іс-әрекетінде орталықтану және Мауараннахр халқымен жақындасу жағына қарай бетбұрыс айқындала түсті. Бұл тұрғыда Туваның баласы Кебек хан (1318-1326) неғұрлым елеулі қадам жасады. Көшпелі дәстүрлерден қол үзіп, ол Іле аңғарынан Мауараннахрға қоныс аударды, кейбір қалаларды қалпына келтіруге жәрдемдесті. Ол ақша реформасын жүргізді, ұлысты басқару жүйесін едәуір өзгерткен әкімшілік реформасын да жүргізген сол деп ұйғарылды.
Кебек ханның мирасқоры, оның інісі тармашырын (1326-1334) орталықтандыру саясатын жалғастырады. Кебек сияқты, ол да Мауараннахрда тұрды, Ала ад-дин деген есімге ие болды, исламды Шағатай ұрпағы мемлекетінің ресми дініне айналдырады. Алайда жоғарыда аталған бағыттарды жақтаушылардың арасындағы күресе жалғаса берді. Исламды қабылдауға және көшпелі әдет-ғұрыптарды елемеуге әскери-көшпелі шонжарлар наразы болып, бұл наразылық ашық көтеріліске ұласты. Тармашырын өлтірілді. Он жылдам астам уақытқа созылған феодалдық әуре-сарсаң қайта жалғасты.
1346 жылы көшпелі феодалдармен күресте Кебек-Тармашырын тұқымын жалғастырушы Қазан хан қаза тапты. XIV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі түрік-монғол әскери-көшпелі шонжарлары мен жергілікті феодалдарының өкілдері басқарған оннан астам иелікке ыдырап кетті. Қашқадария алқабында - барластар, Ходжент аймағына - жалайырлар, Солтүстік Ауғанстанда - арлаттар, Әмударияның жоғарғы сағасында - қаушындар күшейді; бұл рулардың әрқайсысының басшысы өз өлкесінде дербес әмірші болды. Оның үстіне 1346 жылдың өзінде Шағатай ұрпағы мемлекетіне Моғолстан деп аталған солтүстік-шығыстағы аумақ бөлініп шықты.
Жошы ұлысы. Қазақстан Алтын Орданың құрамында . Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы өз ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге күш салды; 1227 жылғы қыста оның өлуі ғана әкесі екеуінің арасындағы соғысқа кедергі болған еді. Жошының мирасқоры оның ұлы Батый болды. Батый қолының Руське және Еділден батысқа қарайғы басқа да жерлерге жасаған қанды жорықтары Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан, орталығы төменгі Еділде орналасқан ұлан-байтақ мемлекетке айналдырды. Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің Алтын Орда деген атауы орнықты. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астана Сарай-Беркеге Еділ бойымен (Сарай-Батудан жоғарырақ) көшірілді.
«Алтын Орда» ұғымы біртекті емес: бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады.
Батый (1227-1255) зор беделге ие болды және іс жүзінде империяны өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге - оның көптеген ұлдарының ұлыстарына ыдырады. Өз кезегінде Алтын Ордада ұлыс жүйесі қалыптасты. Әбілғазды (XVІІғ. ) деректемеге сүйенбей келтірілген аңыз бойынша Батый «солтүстік елдеріне» - Шығыс Еуропаға (1236-1242) - жасаған жеті жылдық жорықтан оралғаннан кейін өзінің інісі Орда-Еженге былай деген: «Бұл жорықта сен біздің ісіміздің аяқталуына жәрдемдестің, сондықтан он мың отбасынан тұратын халық саған беріледі»; енді бір аудармада «сол сенің әкең тұрған жерде», яғни Ертістің жоғарғы ағысында деген сөздер қосылған. Әдет-ғұрыпқа бағып, Батый өзінің басқа бауырларына да үлес берген.
Орда-Ежен ұлысының әміршілері іс жүзінде тәуелсіз болды және өздерін Алтын Орда хандарына бағынышты деп мойындаса да, олардың құрылтай жиналыстарына бармады. «Әуел бастан-ақ, - деп жазады Рашид ад-Дин, - оның орнындағы Орда тұқымының қайсы біреуінің Батый тұқымынан тараған хандарға барған кезі болған емес, өйткені олар бір-бірінен шалғай орналасқан, сонымен қатар өз ұлысының тәуелсіз патшалары болып табылады. Бірақ оларды Батыйдың орынбасары кім болса соның өзінің патшасы әрі әміршісі санау әдеті болған және олардың есімдерін бұлар өз жарлықтарының жоғарғы жағына жазып отырады»/ Орда-Ежен ұлысына Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігіндегі жерлер, Ертіс бойындағы кең-байтақ аймақ, Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер кірді. Ұлыстың аумағы біртіндеп кеңейе берді. XІІІ ғасырдың екінші жартысында-ақ Орда-Еженнің немересі Қонышанның тұрған жері деректеме бойынша Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында болған; ұлыстың саяси орталығы осы жерге ауысқан еді. /
Іс жүзінде XІІІ ғасырдың ортасынан бастап Орда-Ежен ұлысы дербес мемлекет болып, шығыс деректемелеріне ол Ақ Орда деп аталған. Оған билік жүргізгендер хан атағын иеленіп, олармен Батый хан және оның мирасқорлары ғана емес, сондай-ақ бүкіл империяның жоғарғы хандары да санасып отырған. Рас, кейде Алтын Орданың хандары Ақ Ордада таққа отырғандарға ел билеуге жарлық беріп отырған, бірақ мәселе осымен тынып, мемлекет істеріне нақты араласу болмаған. Алтын Орданың хандары Иран әміршілерімен үнемі дұшпандық қатынаста болғанымен, Ақ Орданың хандары XІІІ-XIV ғасырлар шебінде Хулагу ұрпақтарымен дипломатиялық байланыста болып, елшілер алмасып отырды.
Орда-Ежен ұлысынан батысқа қарай Шайбани иелігіндегі жерлер жатты. Шайбани ұлысының бөлінуі туралы Махмұд ибн Уәли былай деп хабарлайды: « . . . Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның баласы Шайбани хан жеті жылдық жорықта астар, орыстар, черкестер және бұлғарлар елдерін жаулап алған кезде ептілік көрсетіп, ағасы Батый ханның сыйлық ретінде төрт омақ алды». «Зубдат әл-асарда» осы «омақтардың» аттары келтірілген, олар: қосшы, найман, бұйрақ және қарлұқ тайпалары. Шайбани үлесінің аумағы туралы Әбілғазы былай деп хабарлайды: «Шайбани жазда Орал бөктеріндегі, Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең-байтақ жерлерде, ал қыста - Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерін бойлап және Сырдарияның төменгі ағысында көшіп жүрген.
XІІІ ғасырдың екінші жартысында - XIV ғасырдың басындағы Алтын Орданың тарихы орыс князьдықтарымен, Иранның Хулагу әулеттерімен болған үздіксіз соғыстарға толы; бұлардан Берке (1257-1266) мен оның мирасқорлары Азербайжанға және Оңтүстік Каспий маңындағы басқа да жерлерді иелену құқығына таласты. Меңгу-Темір тұсында (1266-1280) Алтын Орда Монғол империясының орталығына біржола оқшауланып, тұңғыш рет өз атынан теңге соға бастады, Орта Азия мен Жетісуда Шағатай ұрпақтарының билігін нығайту үшін ұлы ханға қарсы күресінде Хайдуды қолдап отырды.
Өзбек ханның (1312-1342) және оның баласы Жәнібектің (1342-1357) тұсында Алтын Орданың күш-қуаты барынша кемелі кезіне жетті. Өзбек хан Орда-Ежен ұрпақтарын бұрынғы вассалдық тәуелділігіне қайтаруға тырысып, Сығанақта өзінің баласы Тыныбекті хан тағына отырғызды; алайда ол көп кешікпей өлтіріліп, билік Орда-Еженнің ұрпақтарына қайта көшті.
Саяси және әлеуметтік құрылы сы. Монғолдардың жаулап алуы бағындырылған елдер халықтарының әлеуметтік-экономикалық құрылысын тұтас алғанда өзгертпегенімен, олардың қоғамдық-саяси өмірі мен тұрмысына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Отырықшылық-егіншілік өңірлердегі дінбасылары, көпестер, ірі феодалдар және көшпелі түрік шонжарлары монғол хандары мен феодалдарының тірегіне айналды, ал еңбекшілер екі жақты экономикалық және саяси езгіге ұшырады.
Монғол империясы хандық құрушы Шыңғыс ұрпақтарының бірлесіп билейтін меншікті жері деп саналды. «Сырттай қарағанда басқару мен бүкіл ел хандық дәрежесі бар бір адамға ғана сеніп тапсырылған сияқты көрінгенімен, - деп жазды Жувейи, - шындығында бүкіл ұрпағы мен немере ағалары жерді және қоғамдық дәулетті ортақтаса пайдаланды».
Шыңғыс ұрпақтарының басшысы державаның ең жоғарғы әміршісі болып табылатын ұлы хан болды. Ол өзінің жоғарғы билігінің бірден-бір атрибуты болған «қаан» («қаған», «хақан») деген атаққа ие болды. Ұлы ханның мемлекет басшысы ртіндегі құқықтары әскери, заң шығару және әуімшілік билігін қамтыды. Жоғарғы өкімет билігінің бірлігі идеясы империя өмір сүрген алғашқы ондаған жылдарда теңге соғудан көрініс тапты. Түрлі қлыстардың қалаларында, оның ішінде Орта Азия қалаларында да шығарылған теңгелер, әдетте, анонимді түрде болды, оларда ұлы хан есімінің немесе өзінің таңбасының ойылып жазылуы едәуір сирек кездесетін. Алтын Ордаға келген шет жерлік елшілердің Қарақорымға жіберіліп отырғанына қарағанда, шетел мемлекеттерімен келіссөз жүргізу құқығы ұлы ханда болған.
Құрылтай . Монғол империясының саяси өмірінде Шыңғыс ұрпақтарының және көшпелі монғол шонжарларының жалпы империялық жиналысы - құрылтай (хирултай, хирулта) зор рөл атқарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz