ХХ ғасыр басындағы аударма



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І тарау. Аударма туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 ХХ ғасыр басындағы аудармалардың қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Аударманың қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ІІ тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ ақын . жазушыларының аудармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың аударма ісіне қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2 Спандияр Көбеев пен Шәкәрім Құдайбердіұлының аудармалары ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Кіріспе
20 ғ. басындағы қазақ демократ ақын-жазушылары да Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин сияқты, орыс халқының классикалық әдебиетінен үйренді, одан бірқатар шығармаларды қазақ тіліне аударды (мыс: «Үлгілі тәржіме», «Капитан қызы», «Жиған-терген», «Шилон тұтқыны» т. б.). Сонымен қатар, олар өздерінің шығармаларында Абай және Ыбырай үлгісін ұстанды. Яғни, 20 ғ. басындағы қазақ демократ ақын-жазушылары өздерінің революциядан бұрынғы шығармаларын сыншыл реализм әдісімен жазды: шындық өмірді көрсетті; оның жақсысын, жаңасын, өршілін дәріптеп, жаманын, ескісін, кертартпасын сынады. Бектік, феод. қоғам қалдықтарын, капит. қоғамдағы теңсіздікті, зұлымдық, қанауды даттады, оқуды, өнерді, еңбекті мадақтады, еркіндікті, бақытты өмірді аңсады.
Бұл ақын-жазушылардың біразы шығармаларының тақырыптық-идеялық өрісін кеңейтті, әдебиетке бектік-феод. капит., отарлық қанауда езіліп, еңсесі түсіп жүрген қазақ кедейі, жалшысы, жұмысшысы, әйелі туралы тақырыпты енгізді, солардың тұрмысын, ой-сезімін, мұң-арманын жырлады, солар үшін шындық, әділдік іздеді. Революция жылдарында 20 ғ. басындағы қазақтың бірқатар ақын-жазушылары қаналушылар — кедейлер мен жұмысшылар тұрмысын, олардың ой-сезімін, мұң-арманын жырлау арқылы ескілік, қанаушылық дуниесін күйретіп, қоғамдық тұрмысты қайта құруға, жақсы әділетті қоғам орнатуға болады деген идеялық тоқтамға келді.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан, соны көзімен көріп жырлаған ақындар мөн жазушылар еңбекші бұқараның қанаушы, билеп-төстеуші топқа, барлық қанаудың, тәртіпсіздік пен әділетсіздіктің негізі болған патша өкіметіне қарсы күресін, ескі тәртіпті өзгерту жолындағы, өзінің еркі, бостандығы, бақыты жолындағы күресін жырлады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әбдіманов Ө. «Қазақ» газеті.- Алматы, 1993.
2. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы: Білім, 1993.
3. Дулатов М. Шығармалары. І том. – Алматы: Жазушы, 1991.
4. Дулатов М. Шығармалары. ІІ том. – Алматы: Жазушы, 1991.
5. Кәкішев Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. – Алматы: Санат, 1994.
6. Байтұрсынов А. Ақжол – Алматы, 1989.
7. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Т.2. – Алматы: қазақ удниверситеті, 2002.
8. «Қазақ әдебиеті» газеті 28 саны. 2004.
9. Сүйіншәлиев Ә. ХІХ – ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы: 1965.
10. Шәкәрім шығармалары. – Алматы, Жазушы: 1989.
11. Байтұрсынов А. «Қырық мысал» жинағы. – Алматы: 1996.
12. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Хрестоматия. - Алматы. Білім:,1993
13. «Қазақ әдебиеті» - Кітапхана: 1994.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
20 ғ. басындағы қазақ демократ ақын-жазушылары да Абай Құнанбаев,
Ыбырай Алтынсарин сияқты, орыс халқының классикалық әдебиетінен үйренді,
одан бірқатар шығармаларды қазақ тіліне аударды (мыс: Үлгілі тәржіме,
Капитан қызы, Жиған-терген, Шилон тұтқыны т. б.). Сонымен қатар, олар
өздерінің шығармаларында Абай және Ыбырай үлгісін ұстанды. Яғни, 20 ғ.
басындағы қазақ демократ ақын-жазушылары өздерінің революциядан бұрынғы
шығармаларын сыншыл реализм әдісімен жазды: шындық өмірді көрсетті; оның
жақсысын, жаңасын, өршілін дәріптеп, жаманын, ескісін, кертартпасын сынады.
Бектік, феод. қоғам қалдықтарын, капит. қоғамдағы теңсіздікті, зұлымдық,
қанауды даттады, оқуды, өнерді, еңбекті мадақтады, еркіндікті, бақытты
өмірді аңсады.
Бұл ақын-жазушылардың біразы шығармаларының тақырыптық-идеялық өрісін
кеңейтті, әдебиетке бектік-феод. капит., отарлық қанауда езіліп, еңсесі
түсіп жүрген қазақ кедейі, жалшысы, жұмысшысы, әйелі туралы тақырыпты
енгізді, солардың тұрмысын, ой-сезімін, мұң-арманын жырлады, солар үшін
шындық, әділдік іздеді. Революция жылдарында 20 ғ. басындағы қазақтың
бірқатар ақын-жазушылары қаналушылар — кедейлер мен жұмысшылар тұрмысын,
олардың ой-сезімін, мұң-арманын жырлау арқылы ескілік, қанаушылық дуниесін
күйретіп, қоғамдық тұрмысты қайта құруға, жақсы әділетті қоғам орнатуға
болады деген идеялық тоқтамға келді.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан, соны
көзімен көріп жырлаған ақындар мөн жазушылар еңбекші бұқараның қанаушы,
билеп-төстеуші топқа, барлық қанаудың, тәртіпсіздік пен әділетсіздіктің
негізі болған патша өкіметіне қарсы күресін, ескі тәртіпті өзгерту
жолындағы, өзінің еркі, бостандығы, бақыты жолындағы күресін жырлады.
І Аударма туралы түсінік
Аударма бір тілдегі ойды екінші тілде беру аударманың шығуын ғылым
адамзат кауымының алғашкы даму дәуірімен яғни тілдің шығуымен
байланыстырады. Қарым-қатынастың құралы ретінде әр түрлі тіл пайда болуда,
Бір тілде сөйлейтіндердің екінші тілде сөйлейтіндермен түсінісу, қатысу
қаджеттілігінен аударма да туған. Аударманың бірнеше түрі бар.
1. Ауызша аудару. Әр түрлі сөйлеген сөздер, баяндамалар ізбе – із
ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдер мен қонақтардың
пікір алысуына аудармашылар көмектеседі. Рволюциядан бұрын қазақ
жерінде орыс ұлықтарының алдында жүретін аудармашы тілмаштар
болған.
2. Жазбаша аудару. Барлық хат – хабар, ресми документтер, ғылыми және
көркем шығармалар жазбаша түрде аударылады. Түпнұсқаның түрі
менмәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал –
тәсілдері бар. Мысалы, ресми документтерді аударғанда түпнұсқаны
қаз – қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және
техникалық шығармаларды аударған , белгілі пәндердің
терминалогиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді. Ал, көркем
шығармаларды аударғанда бірінші кезекте түпнұсқаның көркемдік
эстетикалық әсерін беру міндеті тұрады. Қалай болғанда да
аудармаға қойылатын ең басты талап: аударылатын тілдің өзіне тән
заңдылықтарын толық сақтай отырып, түпнұсқаның мазмұны мен түрін
лайықты біртұтастығычнда баяндау.
Қазақ тарихында аударма нұсқалары бағы заманнан бар. Ежелгі шығыс
әдебиеті мен даналық ой – пікірлерінің көне мұралары (Камила мен Димна,
Паньчатандра, Мың бір түн т.б.) Аударма арқылы әр – алцуан нұсқалапрда
халқымызға жетіп отырған. Шахнама (Фердуси) Фархад -Шырын (Мизами)
Ләйлі Мәжнүн (Науаи) т.б. шығыс данышпандарының классикалық шығармалары
немесе аудармалары назира (желісін пайдалана отырып, жаңа нұсқасын жасау)
түрінде қазақтың өз мұрасына айналған. Ал, орыс әдебиетінің қазақша
аударыла бастағанына жүз жылдан асты. Өткен ғасырдың акяқ кезінде – ақ
Л.Н. Толстойдың. И.А. Крыловтың, А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың тағы
басқа шығармалары қазақ тіліне аударыла бастады. Қазір орыс және дүние
жүзі әдебиетінің туысқан халықтары әдебиеттің бұрынғы соңғы елеулі
туындаларынан қазақша аударылмағаны кемде – кем. Орыс әдебиетінің
шығармаларын қазақша аудармаларының алғашқы үұлгісін А. Құнанбаев пен Ы.
Алтынсарин жасады. Содан бері Қазақ жазушыларының бұл өнерімен
шұғылданбағаны жоққа жуық. Олардың бұл қызметі халқымызды дүниежүзілік
мәдениетке теліп, рухани нәр беруде аударма, тіл ұстартуға, көркем ойды
ұштауға себепші болып келеді. Эпостан эпопеяға дейін көтерілген қазақ
әдебиетті басты – басты шығармалары орыс тіліне аударылып жатыр. Қазақ
тіліндегі аударма мәдениетінің дамуын, оның тарихын, теория сын,
проблемаларын зерттеу ісіде соңғы жылдары қолға алынып ғылыми негізге
қойыла бастады. Сөйтіп аударма – мәдениетпен әдебиеттің маңызды саласы,
халықтар қатынасына қызмет ететін үлкен құрал.
1.1 ХХ ғасыр басындағы аудармалардың қалыптасуы
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүріп,
қазақтың коғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне кейде
айтарлықтай белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық,
ағартушылық идеяларды уағыздаған. мол көркем мұра қалдырған Шәкәрім
Кұдайбердиев еді. Ол — әрі ақын, әрі прозаик, әрі аудармашы, философ,
тарихшы, біршама журналистикаға да араласты.
Шәкәрім революциядан бұрын сыншыл реалист ақын ретінде қалыптасты, ой
өрісі, идеялық мақсат-мұраттары жағынан демократтық-халықтық, гуманистік-
ағартушылық бағытты өмірінің соңына дейін ұстанды. Шәкәрім творчестволық
қызметтің бірнеше саласында — поэзияд прозада, аудармада, трактат жазуды
журналистикада үлкен мұра қалдырды.
Шәкәрім өмірінің есею жылдарында қалыптасқан қасиеттерінің бірі — өз
бетінен біліп өрісіп кеңейтуі, бірнеше тілдерді: араб, түрік, парсы, орыс
тілдерін меңгеріп, қазына қорына еркін бойлап, осы тілдердегі шығармалардың
кейбірі казақ тіліне аудару өнерін игеруі екенін айтқанбыз. Шығыс
классиктерінің біразының шығармаларын қазақ тіліне аударады. Пушкиннің
Дубровский атты әлеуметтік-тұрмыстық романын, Боран повесін, Толстойдың
жекелеген әңгімелерін қазақ тіліне өлеңмен аударды. Көршілес, аралас-
құралас болған орыс халқының тарихы, ғылымы, мәдениеті мен әдебиетіне деген
көзқарасы Дубровский аудармасының кіріспесінде тұжырымдалған.
Шәкәрім Күдайбердиевтің орыс, шығыс, батыс Европа әдебиетімен
творчестволық байланысы — мазмұны мен түрі өзгеше көркем құбылыс. Өйткені,
ол бұрыішаіі келе жатқан дәстүрлі казақ — орые — батыс Европа әдеби
баііланыстарын жеміеті жалғастырушы, дамытушы, байытушы, жаңа сатыға
көтеруші болды. Орыс әдебиетінің адамзат рухани дамуындагы ролі мен ұлы
жазушылар Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой туралы жылы өлең жолдарын
өрнектеді, орыс ғалымдарынын ецбектерін мүқият оқып, өзінің тарихи,
философиялық, эстетнкалық пікір-тұжырымдарында пайдаланды, казақ жаеіарын
білім-ғылымға, мәдениетке үндегенде үнемі үлгі ретінде ұсынды:
Үйренсе ғылым менен сан өнерін, Білер еді-ау өнердің не берерін.
Танысса ақын, ойшыл- адамымен, Табар еді-ау, адалдық ар көңіл.
Білсе егер Салтыков пен Толстойын, Сезсе олардың айтылған терең ойьш.
Гоголь мен Пушкиндерден ғибрат алса, Қазактың бөлер еді-ау нұрға бойын.
Лермонтов, Некрасовтай ақывдарын, Өнеге етсе солардың мақұлдарын.
Өзімшіл, надандықтан көзі ашылып, Аңғарар адал жолға жақындарын.
А. С. Пушкинніц Дубровский романын, Боран повесін қазақ тіліне
өлеңмен аударуы оның творчествосында ғана емес, қазак әдебиеті және
мәдениеті тарихында елеулі оқиға болды.
ІПушкин мұрасының қадір-қасиетіне бойлау оцай шаруа емес, білім-
дарлықты, интеллектуалдықты қажет етеді. Шәкәрім Пушкин поэзиясыи Күннің
көзіне балайды, осы бір қанатты сөзді кейінгілер де жиі қолдаиған-ды.
Пушкин мұрасының бүкіл адамзаттық рухани дамудағы, орыс халқының мәдениеті
мен әдебиеті тарихыпдағы мән-маңызы туралы толғаныстарын Шәкәрім Пушкиниің
Дубровский романын өлеңмен аударуына кіріспе өлеңінде айтқан
Дубровский әңгімесі— Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің Дубровский
атты повесінің аудармасы. Қазақша өлеңмен аударылған бұл хикая Ахат
Құдайбердиевтің айтуына қарағанда: 1903-1909 жылдары аударылса керек. Осы
пікірдің дұрыстығын 1924 жылы Семей қаласында жеке кітап болып басылған
Дубровский әңгімесЬ атты кіталтың алғы сөзі де растайды (Дубровский
вңгімесі Степная правда һәм Қазақ тілі баспасы, Семей. (1924). Мұида:
Дубровский ерте жазылған екен. Жазушының қолайы келмей, қолжазбамен ел
арасына тарап жүрген. Сондай бір қолжазба комиссиясының қолына тусіп,
кімдікі екенін білген соң, жазушының өзінен нағыз жазбасын алдырып, жаңа
жазумен көшіріп қана баспаға бердік,— делінген. Сол жарық көрген аударма
мен негізгі түпнұсқаны өзара салыстыра келгенде, екеуінен пәлендей дерлік
ойсыраған алшақтық, ауытқушылықты кездестіре алмадық. Дегенмен жарық көрген
нұсқаны (1924 ж) негізге алсақ та, қолжазбада бар, кітапта жоқ 28 жол өлең
қосылып толықтырылды. Ол жолдар мынадай:
Бай айтты: естіп едім оны мен деп,
Ұлық жоқ разбойникті қуған жөндеп.
Жастау бір справник отыр еді,
Соған айтты не қылсаң ұста сен деп.
Бай қосқан бір жұмысқа жарармыз деп,
Азар айтты тырысып қарармыз деп.
Тірі екені рас па, өтірік пе,
Әркімнен сұрастырып табармыз деп...
Кім алды, қалай алды, ұқтыр мәнін,
Қысылмақ тугіл сенің шықсын жаның.
Менің кім екенімді танимысың,
Төгілер шын айтпасаң қазір қаның...
Қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиеттерімен байланысты дамуына
Шәкәрім әкелген қазына ұлан ғайыр. Ол өз заманының ақыл-ой дамуы
дәрежесінде бола алғандықтан, бірнеше тілді: араб, парсы, турік, татар,
өзбек, орыс тілдерін жетік меңгергендіктен, көптеген халықтар ғасырлар бойы
қалыптаған рухаии қазыналарға еркін бойлап, терең білуі нәтнжесінде
бірсыпыра туындыларды қазақшаға аударып, халық игілігіне айналдырған.
Шәкәрімнің көркем аударма принциптері мен жүйесінің өзі — үлкен рухани
тәжірибе, тағылым, үлгі. Шығыс классиктерінің, атап айтқанда, Ләйлі —
Мәжнүн поэмасының Физули жырлаған нұсқасын еркін аударып, төл шығармадай
етуі, Хафиздің бірнеше өлеңдерін қазақ тіліне аударуы — бүкіл Шығыс
әдебиетіндегі назира дәстүрін Шәкәрімнің қазақ топырағында өнімді дамытуы
болды. Шығыс классикасыньщ кейбір үлгілерін назақ тіліне аудару арқылы
Шәкәрім ұлт әдебиетінің, үлт көркем сөзінің көкжиегін кеңейте түсті.
Ләйлі — Мәжнүн Шәкәрімнің шығыс алыптарымен жарысқа түскенде
көтерілген жаңа биігі, жаңа тауы десек те болады. Бұл тау қазақ даласына
түгел көрінген қарлы шыңы, қара орманы, тасқын өзендерімен, барлық
ғажайыптарымен көрінген бүкіл халқымызды қуанышқа бөлеген биік еді.
Біз кешегі аталарымыз жырлаған Қозы Көрпеш — Баян сұлудың ұлы
махаббатына тең Шәкәрім жырлаған жаңа Ләйлі — Мәжнүн махаббатын
қабылдадық.
Біз махаббат жарығын ту ғып көтере білетін, улы махаббат құмарлығын
идеал қылып алатын керемет ірілік таптық. Физули, Низами, Науаиларды өз
тілдерінде оқптын халықтардың дәрежесіне көтерілдік
Бір ғасырды Абаймен бірге аяқтап, екінші ғасырды совет ақындарымен
бірге бастаған Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі халқымыздың тарихымен біте
қайнасып жатыр. Барлық өткен жолын, көрген қызығы мен бейнесін (кіммен
кездесіп, кімнің не дегеніне дейін айтып отырған) автобиографиялық жырға
айналдырған Шәкәрім ақынның ерекше жазылған өлеңдері — поэзиямыздағы жаңа
бір жанр болып танылады.
Бір адамның (ақынның) өз басындық өлең-шежіресін оқып отырып, екі
ғасырдың түйіскен тұсындағы халық шежіресін қайталағандай
боламыз. Хроникалық хабар-есеп турінде жазылған қарапайым жырда бізге
барлық шынымен, сырымеи көрінетін ғажайып бір образ бар, ол — Шәкәрімнің өз
бейнесі мен тұлғасы.
Абай қасындағы инабатты, ұстаз кадірін білетін балғын жастан басталған
адам қимылы бір тынбайды. Оның мол білімді, жақсы үлгіні сонау араб,
европа, азия қалаларынан іздей жүріп, іштей түлеген, іштей молығып, байығаи
тұсында қазақ кауымына жаңа бір жарық көтерген күшті тұлғаның қосылғанын
көріп, сүйсінеміз.
Ол өзінің биографиялық жырында бір ауыз өтірікке саярлық асырыңқы сөз
айтпайды. Кімдер өзін алдады, қалай алданды, не үшін опық жеп, бармағын
шайнады, осының бөрін егіліп-төгіліп, ағыла-жарыла отырып жырлайды. Біз де
соның бәрін егіле-төгіле отырып тыңдаймыз. Жарықтығым-ай, жарық жұлдызым-
ай дейміз еріксіз.
Дүниенің барлық көріністерін, адам өміріндегі мың алуан құбылыстарды
бүкіл болмысымен, барлық жүйке-сезімімен қабылдай білген ақынның түйсігінде
шек жоқ. Ол жердің сырын, желдің үнін, құстың әнін, адамның арман-қиялымен,
мұңымен бірдей түсінді. Біз оның өлең ырғақтарынан өзіміздің жан
ырғағымызды таптық. Бұл — ақындықтың ең қымбат қасиеті. Оқушысын елеп
толқынымен еріксіз еліктіре алмаған ақын — ұзақ жасай алмайтын өлеңші ғана.
Қанша тіршілік-тірлігіміз күйреп, қанша сән-салтанатымыз қирап, қанша
алыптарымыз қиянатқа ұшыраса да, соның бәріне шыдалпыз. Көзіміздің жасымен,
жанымыздың дертімен болашаққа бағып, әділдік күтіппіз. Сол күткен әділдік
жеіті. Соның ақиқаттьиы — мына ортамызға қайта оралған, барлық жырымен,
ыстық демімен оралған Шәкәрім ақын.
Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі, мол әдебиет мұрасының мазмұны мен
жанрлық түрлері, бағыт-бағдарлары мен әдіс-өрнектері тірі кезінде де, кейін
де зиялылар назарында болғаны, баспа арқылы бұрынды-соңды
ой-пікір, тұжырым айтылуы келешекте ақыннын творчестволық әрі ғылыми
өмірбаяны зерттелуіне жәрдем тигізері аян. Біршама хронологиялық принцип
бойынша шолуға көшсек, Шәкәрім аты ең алды-мен Императорлың Географиялық
орыс коғамы Батыс Сібір бөлімінің Семейдегі бөлімшесінің 1902—1910 жылдар
арасындағы есебінде атаулы деуге болаіы. Онда осы бөлімшенің 131 толык
мүшелерініц қатарында Семей уезінің Бұғылы болысының қазағы Шәкәрім
Құдайбердин делін-ген де осы қоғамға 1903 жылы мүшелікке алынғаны, 1907
жылы шыққаны айтылған. Бұл аталымның ақын өмірбаяны, өмір сүрген дәуірін,
араласқан адамдарын, ортасын, осы кездегі ой-өріс, пікір-тұжырым қалпы мен
бағыт-бағдарын, тағы басқа жайларды тереңірек зерттеуге жәрдемін тигізері
хақ. Қоғамға мүшелікке алынғанда Шәкәрімнің өзі толтырған анкета, өмірбаян
қағаздары сақталуы да мүмкін. Бұл аталым сол кезде Шәкәрімнің қоғамдық ой-
пікір ағымының ортасында болғанын, қазақ, орыс, татар халықтарының көзі
ашық оқығандарымен қатар, аралас, қызметтес, пікірлес, мақсаттастығын
ацғартады.
Ш. Кұдайбердиев шығармаларын, әсіресе, Айқал журналы мен Қазақ
газеті жиі насихаттап, жоғары бағалады. Ақынның бірнеше кітаптары туралы
айта келіп, Айқап: әрбір кітап қадірін білген қазақтың алып оқуы
тиіс. Сөзі жеңіл, жазуы ұғымды— деп жазды.
Міне, бұл бағалар мен хабарлар Шәкәрім кітаптары баспалардан шығысымен
оқырман назарында болғанын аңғартады.
Айқап журналының 1914 жылғы 44-санында Абай қайтыс болуының он
жылдығына орай Семейде ұйымдастырылған кеш туралы есепте былай делінген:
Абай туғызған қазақ даласы тағы да Абай секілді білікті, онан да артық
данышпандар туғызар дегенде, тыңдаушы қазақтардың жүйесі босап, көзіне жас
алғандары да болды.
Ләйлі Мәжнүн поэмасы 1907 жылы жазылған,бірақ оның жариялану кезі
кейінірек. Дастан алғаш Шолпан журналының 1922 – 23 жылдарында жарық көрді.
Мұнда өзгелермен салыстырылып қолжазба нұсқасы беріліп отыр. Ақат
Құдайбердиевтің айтуына қарағанда поэманы журнал редакциясына тапсырған да,
жариялануына көмектескенде М. Әуезов. Поэманы 1935 жылы С. Сейфуллин жеке
кітап етіп бастырып шығарды.
Шәкәрім Кұдайбердиев 1. Н. Толстойдың Ассирийсий царь Асархадон, Три
вопроса т. б. әңгімелерін Асархадон патша Үш сауал деп қазақ тіліне
аударған. Үш сауал еркін аударылған, соңында қазақ ақыны қорытынды өлең
қосқан:
Адамшылық іздесең бұл жолға түс, Алдау қылма, біреуге қиянат күш.
Жетілсең де жемтік жеп, ел қорлатпа, Ар, нысаптың сұйгені — таза жұмыс.
Шәкәрімнің орыс классикасынан аудармасы оның ағартушылық- гуманистік,
демократияшыл көзқарастары мен таным-бағыттарына сәйкестендірілген. Осы
бағыт тұрғысындағы Шәкөрім әлем әдебиетінің кейбір үлгілеріне де үңіледі.
Өзін толғандырған бірсыпыра өмір құбылыстарының, әлеуметтік-қоғамдық
қайшылықтардын, шиеленістердің сырына бойлап, шешімін іздеген уаңыттарында
Шөкәрім бірде философ Шопенгауэрдің толғамдарына тоқтайды, бірде сонау қиыр
елде — Америкада адамдарды, негрлерді құлдану, бас еркінен айыру
сұмдықтарын бейнелеп, оны жою мүмкіндіктерін іздеп, зар қаққан американдық
жазушы Бичер Стоу Гарриеттің әлемге әйгілі Том ағайдың лашығы романьша
аялдап, көптеген ой-үндестіктер, сәйкестіктер кездестіреді. Шәкәрімнің
өлендерінде, поэмаларында тарихи, философия-лЬщ трактаттарында Шығыс пен
Батыс елдерінің талай ойшылдарының, ғалымдарының, ақын-жазушыларының
еңбектері мен шығармаларының аты ғана аталып қоймайды, сонымен бірге мазмұн-
мәні ашылып, кейде бірсыпыра пікір-ой жарыстырылып отырады. Бұл да Шәкәрім
мұрасының айтарлықтай мәнді өзгешеліктерінің бір қыры.
1904 жылы Асархидон патша ертегісі Л. Н. Толстойдың қайта қарап,
ықшамдап өндеуімен Посредник баспасынан жарық көрді, алайда қазақша
аударма текстіне қарағанда Ш. Құдайбердиев бұл ақгімені 1903 жылғы алғашқы
нусқаеынан аударғаны байқалады. - Ш. Қүдайбердиев өз аудармасыяда негізінен
түпнұсқаның ауқым калемінен ұзап кете қоймаған. Қала, жер аттары мен адам
сипаттамала-ры, олардың өзара диалогтары, ең ақыры жорық күндеріне дейін
жолма-жол шебер аударылып, түпнұсқамен астасып, дәл түсіп отырды.
Үш сауал— Бұл да ақынныц 1924 жылы қазақ тіліне аударылған. Алты
әңгіменің бірі. Жинаққа қолжазба бойынша алғаш рет беріліп отыр.
Ш. Құдайбердиев Үш сауал әңгімесін орыстың әйгілі жазушысы Л. Н.
Толстойдың 1903 жылы жарықкөрген Три сказки атты кітабынан аударған.
Л. Н. Толстой Три вопроса деген эңгімесін 1887 жылы жаза бастайды да
артынша Чертков пен Лесковке хат арқылы осыныц мазмұнын ұсынады, әйтсе де
олардыд бастырған ертегісі өзіне ұнамаған соң, 1903 жылы қайта жазып
аяқтайды.
Ш. Құдайбердиев осы Үш сауалды Л. Н. Толстойдыц Асархидон патша
әңгімесін аударудағы дәлме-дәлдік принципін ұстанбай, мейлінше еркін
аударған. Аяғына әңгіменің мазмұнын күшейте түсетіндей етіп Л. Н. Толстойда
жоқ мынадай төрт жол қорытынды өлең қосқан:
Адамшылық іздесең бұл жолға тұс, Алдау қылма біреуге қиянат-күш.
Жетілсең де жемтік жеп ел зарлатпа, Ар-ынсаптың сүйгені таза жұмыс.
Шолпан журналындағы алғашқы басылымында (№ 2—3, 1922) редакция
атынан қысқаша таныстыру беріліп, онда Ләйлі—Мәжнүн-ніц бір ғана араб
елінде емес, бүкіл дуние жүзі әдебиетінен өзініц мәнерлі сұлулығымен, терец
мағына, ғажайып фантазиясымен үлкен орын алатын ірі сөздің бірі екендігі,
мұны араб әдебиетімен жете таныстығы бар қазақтың белгілі ақыны Шәкәрім
Кұдайбердиевтің Физули Бағдадидан қазақ тіліне өлеңмен еркін аударған.
Шәкәрім дастанын оқып шыққан кісі мұны әсте аударма деп ойламай-ды,
мұның сыры ақынның поэтикалық дарыны мен сиқырлы да бейнелі сөз кестесін
шебер игере білуінде болса керек. Сонымен қорыта келгенде, Шәкәрімнің
Ләйлі — Мәжнүн дастанын атақты Физули ақын ізімен, немесе шығыс
дәстүріндегі Нәзира үлгісімен жазылған қазақтың шынайы, тел туындысы дей
аламыз.
Көрініске шоқынған, Кел, аяқшы қымыз құй, Ей, жарымыз, ай нұры,
Кел, аяқшы, қымыз құй, Тұр, аяқшы, бер қымыз, Көңіл жібі қолымнан,
Аның ерге жолдас бол, Мәжілісінде досыңның, Кешегі басшы піріміз,—
деп басталатын өлеңдер шығыстың әйгілі ақыны Хафизден аударылған. Бұлардың
ішінен Көрініске шоқынған деп аталатын бір өлең Абай журналының 1918
жылғы 3 санында басылды, ал, қалғандары бүрын еш жерде жарияланбаған. Сол
Абай журналында басылған өлеңнің алдындағы таныстару сөзінде ақын:
Баяғыда парсы жұртында әрі білгіш, әрі сопы, әрі ақын Қожа Хафиз деген
кісі болған. Сол кісінің езі мен сөзінен байқалған иманына қазақтың талапты
жастарын таныс қылмақ үшін, төменгі жырын қазақ тіліне аудардым,— деп
көрсеткен.
Өлең текстері осы жарық көрген нұсқасы мен қолжазба бойынша беріліп
отыр.
Қожа Хафиз ғазелдерін қазақша аудармасымен салыстырғанда, Шәкәрімнің
түпнұсқадан алшақ кетпей, мүмкіндігінше, дәлме-дәл аударуы, мазмұнын қаз
қалпында беруге айырықша зер салғаны аңғарылады.
Аудармашы Қожа Хафиз жырларында жиі ұшырайтын шарап деген сөзді сол
кездегі қазақ ұғымына жақындатып, қымыз деп алып, оны ақ жүректі ақыл
мен гаапағат жолы деп түсіндірсе, өлең содындағы қорытынды жолдарда өз аты
— Хафизді қосып шартты түрде қайталап отыратын (рефрен) шығыстық дәстүрді
(бұл шығыс ақындарының көбіне тән) сол қалпы саңтай бермеген.
Қожа Хафиз — парсы елінің әлемге аты жайылған атақты ақыны.
Шын аты__Шамседдин Мүхаммед. Ол 1325 жылдары шамасында түстік. Ирандағы
Шираз қаласында туып, 1389 жылы сол қалада қайтыс болған.
Шариғатта әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, өзге
дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап берер. Әитпесе,
жас баланы сатып, пайдаланып кем-кетікке беріп обалына қал демейді. Мен
соны ойлап, Еңлік — Кебекті соншалық жазалы демеймін. Шәкәрім Бұл жинаққа
сол 1912 жылғы басылымы негіз етіп алынды.
Нартайлақ — Айсұлу поэмасы 1929 жылы жазылған. Еш жерде
жарияланбаған. Текст ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және аударма саласының дамуы мен зерттелуі
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
Жұмыстың тақырыбы
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Мақаладан алынған осы үзіндіде
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
XX ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы
Мақыш Қалтайұлының шығармашылық өмірбаяны
ХХ ғасыр басындағы мысал жанры және Молда Мұса
Пәндер