Коммерциялық емес заңды тұлғалар


Коммерциялық емес заңды тұлғалар.
1. Мекеме
2. Қоғамдық бірлестіктер
3. Қоғамдық қор
4. Тұтыну кооперативі
5. Діни бірлестік
Кіріспе
Басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сиппатағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
Қазақстан республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы, Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен мемлекет құрған және егер заң актілерінде қосымша қаржыландыру көздері белгіленбесе, тек мемлекеттік бюджеттің немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінің есебінен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады. Мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, билік ету құқығы белгіленген тәртіппен берілген мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы бола алмайды.
Мемлекеттік мекеменің шарттық міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мекемелердің және мемлекеттік мекемелердің оларға бекітіліп берілген мүлікке құқықтары Азаматтық кодекстің 202-208 баптарына сәйкес белгіленеді.
Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктер болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері танылады.
Қоғамдық бірлестіктерге қатысушылардың осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бойынща жауап бермейді. Съездің немесе жалпы жиналыстың шешімі бойынша таратылған қоғамдық бірлестіктің мүлкі оның жарғысымен көзделген мақсаттарға жұмсалады. Сот шешімі бойынша таратылған қоғамдық бірлестіктің мүлкі осы Кодекске немесе өзге заң құжаттарына сәйкес пайдаланылады.
Азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әулеметтік, қайрымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады. Қоғамдық қор заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкілдік етеді, оның дербес балансы және банктік шоты бар. Қоғамдық қорға оның құрылтайшылары берген мүлік қордың меншігі болып табылады. Қоғамдық қордың мүлкіне қор құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ. Қоғамдық қордың қаржы көзі құрылтайшыларының ақшасы, сондай-ақ басқа мүлкі, демеушілік, ерікті түрде жиналған жылулар және өзге де заңды түсімдер болып табылады. Қоғамщдық қорды басқару тәртібі мен оның органдарын құру тәртібі оның құрылтайшылар бекітетін жарғысында белгіленеді. Қор өз мүлкінің пайдалануы туралы есептерін ресми баспасөз басылымдарында жыл сайын жариялап отыруға міндетті.
Қоғамдық қор сот шешімі бойынша мынадай жағдайларда:
... жалғасы1) егер қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшін оның мүлкі жеткіліксіз болса және оның қажетті мүлікті алу ықтималдығы нақты болмаса;
2) егер қордың мақсаттарына жету мүмкін болмаса, ал қор мақсаттарына қажетті өзгерістер жасау мүмкін болмаса;
3) қор өз қызметінде жарғымен көзделген мақсаттардан бас тартқан жағдайда;
4) заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылады.
Қоғамдық қор таратылғаннан кейін қалған мүлік оның жарғысында көзделген мақсаттарға жұмсалады.
Қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп танылады. Заң актілерінде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды тұлғалар кіре алады. Тұтыну кооперативінің мүшелері жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейін пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай ішінде жабуға міндетті. Бұл міндеттерді орындамаған ретте кооператив несие берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін. Тұтыну кооперативінің мүшелері оның міндеттемелері бойынша кооператив мүшелерінің қосымша төлемеген бөлігі шегінде жәрдем беру жөнінен ортақ жауапты болады.
Тұтыну кооперативінің жарғысында, Азаматтық кодекстің 41-бабының 5-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, кооператив мүшелері жарналарының мөлшері туралы; кооператив мүшелерінің құрамы мен жарна төлеу тәртібі және олардың жарна төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзіреті және олардың шешімдер қабылдау, соның ішінде шешімі бірауыздан немесе білікті көпшілік дауыспен қабылданатын мәселелер жөнінде шешімдер қабылдау тәртібі туралы; кооператив мүшелерінің өздері шеккен залалдарды жабу тәртібі туралы ережелер болуға тиіс.
Тұтыну кооперативінің тапқан табыстарын оның мүшелері арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға беріледі. Тұтыну кооперативі таратылған немесе кооператив мүшесі одан шыққан жағдайда ол тұтыну кооперативінің мүлкінен өз үлесін өз жарнасына қарай бөліп алуға құқылы. Тұтыну кооперативінің мүлкінен оның қосқан жарнасына қарай үлесін төлейді.
Тұтыну кооперативінің құқықтық жағдайы, сондай-ақ оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Азаматтық кодексте сәйкес заң құжаттарында белгіленеді. Селолық тұтыну кооперативтері тек өз мүшелерінің ғана емес, селолық жерлерде тұратын басқа адамдардың да материалдық және өзге қажеттерін қанағаттандыру үшін құрылуы мүмкін. Селолық тұтыну кооперациясының ерекшеліктері осы бапқа сәйкес арнайы заңда белгіленеді. Өзара сақтандыру қоғамдары - тұтыну кооперативтері қызметінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.
Рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде, заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі діни бірлестік деп танылады.
Республикадан тыс жерлерде басқару орталықтары бар Қазақстан республикасындағы діни бірлестіктер әділет органдарында тіркеуге жатады
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz