Республикамызда мұнайгаз өндірісінің дамуы



КІРІСПЕ

1 РЕСПУБЛИКАМЫЗДА МҰНАЙГАЗ ӨНДІРІСІНІҢ ДАМУЫ
(1991.2007 жж)

1.1 Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының жалпы даму тарихы
(1991.2007жж)



ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тақырыптың өзектілігі. Жер көлемі жөнінде әлемдегі ең ірі мемлекеттің бірі саналатын Қазақстан сондай – ақ орасан зор табиғат байлығы мен адам ресурстарына да ие. Еліміздің басшылығы осы ресурстарды тұрғындардың әлауқаты деңгейін көтеру бағытында пайдалану үшін табанды жұмыс жүргізеді.
Қазақстанда мұнай өндіру тарихы 1899 жылдан бастау алады. Ең алдымен, Қазақстандағы мұнай өндіру өнеркәсібі бастауында мұнай және газ жобалары экономикаға құйылар инвестицияның өсуіне ықпал ететін өз мәніндегі катализаторға айналады. Арада жүз жыл өткен соң, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “..мұнай ұлттық индустрияның тек маңызды саласына айналған жоқ, ол мемлекет тәуелсіздігінің символына, жарқын болашаққа деген үмітке айналады. Бүгінде Қазақстан мұнайы Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс істеуде ” деген тарихи мәні бар сөзін айтты [1]. Шынында да тәуелзіздік жылдарында мұнайгаз саласы өз дамуында таңқаларлық прогреске ие болды. Бұл табыс ең алдымен еліміз басшылығының тұрақты да белсенді, әрі дәйекті саясатының , оның ішінде шетелдік инвестиция тартуға жұмсаған күш – жігерінің арқасында мүмкін болды.
Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі–дүниежүзілік энергетиканың негізі. Мұнай өнеркәсібінің ерекше үлкен маңызы бар. Мұнай мен табиғи туындылардың Жердің бетіне шығатыны туралы жергілікті халыққа ежелгі кезден белгілі болды. Бұған Майтөбе (масляный холм), Қараарна (черное русло), Майкөмген (место захоронения масла), Қарашүңгіл (черная впадина), Жақсымай (хорошее масло), Қарамай (черное масло), Қаратоң (черный затвердевший грунт), Мұнайлы (нефтяное) және басқалары сияқты көптеген орографиялық және гидрографиялық объектілер: шатқалдардың, бұлақтардың, құдықтардың және т.с.с. қазақша атаулары соған айғақ..
Мұнайгаз және энергетика кешені Қазақстандық экономика дамуының басты стратегиялық ресурсы болып табылады және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясының жүзеге асырылуында өзекті рөл атқарады. Білікті мамандар мен сарапшылардың пікірінше, еліміздің мұнай-химия саласын дамыту дегеніміз – экономиканың екінші тынысын ашу деген сөз. Бұған дейін Қазақстан экономикасы нақ осы қуатты мұнай-газ секторының арқасында жедел көтерілгені белгілі. Біз соның нәтижесінде басқа салаларды да едәуір дамыта алдық. Демек Қазақстанға осы жеделділікті одан әрі ұстап тұруы үшін аталған сектордың өнімдерін одан әрі тереңдетіп өңдеу мәселесін қолға алатын уақыт жетті.
Осыдан келе мынадай ой түйіндейміз, біріншіден, қарастырып отырған Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі мәселесі көп жылдар бойынан бергі енді ғалымдардың назарына ілініп, оның тарихи аспектісі ашыла бастады, бұл тақырыптың тарих ғылымында теориялық және практикалық және еліміздің экономикасын көтеруде зор маңызы бар, өз зерттеуін күтіп тұрған мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеліп отырылған тақырыптың өзектілігінің айғағы.
1 Назарбаев Н. Казахстан-2030: Барлық қазақстандықтардың дамуы,
қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы. Қазақстан халқына Президенттің жолдауы. – Алматы: Білім, 1997. – 176 б.
2 Чуланов Г. Промышленность дореволюционного Казахстана (Историко – экономический очерк.). – Алма-Ата: АН Каз. ССР, 1960. – С. 102
3 Шаукенбаев Т. Экономика нефтяной промышленности Казахстана. –Алма-Ата: Казахстан, 1974. – С. 167
4 Темиргалиев К.Е. Борьба за нефть Казахстана. Партийное руководство развитием нефтяной промышленности. – Алма-Ата: Казахстан, 1982. – С. 179
5 Козыбаев М. Казахстан – арсенал фронта. – Алма-Ата: Казахстан,1970.-С. 476
6 Есалиева М.М. Рабочие кадры нефтяной промышленности Казахстана: дисс. к.и.н.: – Алматы, 1995. – С. 158
7 Кожыбай И., Джакиев К. «Ембі мұнайы 100 жылда (1899-1999)» . – Атырау, 1999. – 95 б.
8 Алтаев А. Ш. Социальное развитие рабочих промышленности Казахстана (1970-1990гг) : дис. д.и.н.: – Алматы, 1996. – С. 322
9 Ташенев М.Ж. Рабочий класс Казахстана в 1960-1985 гг. (на примере промышленности): дис. д.и.н.. – Екатеринбург,1997. – С. 471
10 Садыков Т.С. Жезқазған өнеркәсіп аймағының қалыптасу және даму тарихы (XIX ғ. ортасы-XXғ): т.ғ. д. дис.: – Алматы, 1999. – 0599РК
11 Асылбеков М.Х., Козина В.В. Казахи (Демографические тенденции 80-90-х гг.). – Алматы: Оркениет, 2000.- С. 102
12 Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095 Жарлығы // www.akorda.kz
13 Казахстан в цифрах . – Алматы, 2003. с.- 341
14 Назарбаев Н. Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации. Қазақстан халқына Президенттің жолдауы. Алматы: Атамура , 2005. – С. 48

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ

1 РЕСПУБЛИКАМЫЗДА МҰНАЙГАЗ ӨНДІРІСІНІҢ ДАМУЫ
(1991-2007 жж)

1.1 Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының жалпы даму тарихы
(1991-2007жж)

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Жер көлемі жөнінде әлемдегі ең ірі мемлекеттің
бірі саналатын Қазақстан сондай – ақ орасан зор табиғат байлығы мен адам
ресурстарына да ие. Еліміздің басшылығы осы ресурстарды тұрғындардың
әлауқаты деңгейін көтеру бағытында пайдалану үшін табанды жұмыс жүргізеді.
Қазақстанда мұнай өндіру тарихы 1899 жылдан бастау алады. Ең алдымен,
Қазақстандағы мұнай өндіру өнеркәсібі бастауында мұнай және газ жобалары
экономикаға құйылар инвестицияның өсуіне ықпал ететін өз мәніндегі
катализаторға айналады. Арада жүз жыл өткен соң, Қазақстан Республикасы
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “..мұнай ұлттық индустрияның тек маңызды
саласына айналған жоқ, ол мемлекет тәуелсіздігінің символына, жарқын
болашаққа деген үмітке айналады. Бүгінде Қазақстан мұнайы Қазақстан
халқының игілігі үшін жұмыс істеуде ” деген тарихи мәні бар сөзін айтты
[1]. Шынында да тәуелзіздік жылдарында мұнайгаз саласы өз дамуында
таңқаларлық прогреске ие болды. Бұл табыс ең алдымен еліміз басшылығының
тұрақты да белсенді, әрі дәйекті саясатының , оның ішінде шетелдік
инвестиция тартуға жұмсаған күш – жігерінің арқасында мүмкін болды.
Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі–дүниежүзілік энергетиканың негізі. Мұнай
өнеркәсібінің ерекше үлкен маңызы бар. Мұнай мен табиғи туындылардың Жердің
бетіне шығатыны туралы жергілікті халыққа ежелгі кезден белгілі болды.
Бұған Майтөбе (масляный холм), Қараарна (черное русло), Майкөмген (место
захоронения масла), Қарашүңгіл (черная впадина), Жақсымай (хорошее масло),
Қарамай (черное масло), Қаратоң (черный затвердевший грунт), Мұнайлы
(нефтяное) және басқалары сияқты көптеген орографиялық және гидрографиялық
объектілер: шатқалдардың, бұлақтардың, құдықтардың және т.с.с. қазақша
атаулары соған айғақ..
Мұнайгаз және энергетика кешені Қазақстандық экономика дамуының басты
стратегиялық ресурсы болып табылады және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясының жүзеге асырылуында өзекті рөл
атқарады. Білікті мамандар мен сарапшылардың пікірінше, еліміздің мұнай-
химия саласын дамыту дегеніміз – экономиканың екінші тынысын ашу деген сөз.
Бұған дейін Қазақстан экономикасы нақ осы қуатты мұнай-газ секторының
арқасында жедел көтерілгені белгілі. Біз соның нәтижесінде басқа салаларды
да едәуір дамыта алдық. Демек Қазақстанға осы жеделділікті одан әрі ұстап
тұруы үшін аталған сектордың өнімдерін одан әрі тереңдетіп өңдеу мәселесін
қолға алатын уақыт жетті.
Осыдан келе мынадай ой түйіндейміз, біріншіден, қарастырып отырған
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі мәселесі көп жылдар бойынан
бергі енді ғалымдардың назарына ілініп, оның тарихи аспектісі ашыла
бастады, бұл тақырыптың тарих ғылымында теориялық және практикалық және
еліміздің экономикасын көтеруде зор маңызы бар, өз зерттеуін күтіп тұрған
мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеліп отырылған тақырыптың
өзектілігінің айғағы.

1 РЕСПУБЛИКАМЫЗДА МҰНАЙГАЗ ӨНДІРІСІНІҢ ДАМУЫ
(1991-2007 жж.)

1.1 Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының жалпы даму
тарихы (1991-2007 жж.)

Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі–дүниежүзілік энергетиканың негізі.
Мұнай өнеркәсібінің ерекше үлкен маңызы бар.
Адам мұнайды өте ертеден білген. Оны жарық, жылыту, дәрі дайындау үшін
пайдалануға болатынын Геродот пен Плутарх та айтқан. ХІХ ғасырда алдымен
керосин шамның, одан соң іштен жанатын двигательдің ойлап табылуы оны
өндіруді арттыруға түрткі болды. ХХ ғасырда бастапқы энергетика
байлықтарының басқа бірде-бір түрі адамзаттың экономикалық және әлеуметтік
дамуына мұнай секілді үлкен ықпал ете алмады.
Мұнайды дүние жүзінің 80 елінде өндіреді. Бірақ бұл саланың
географиясын “бірінші одаққа” жаятын елдер анықтайды. Олардың көпшілігі
үшін мұнай өнеркәсібі халықаралық маманданудың маңызды, кейде бірден-бір
саласы болды.
Күні бүгінге дейін еліміздің әр қиырындағы мұнай және газ өндірісі
кеніштері мен жаңадан салынып жатқан мұнай, газқұбырлары салынып жатыр.
Осыдан он жыл бұрын еліміз тарихта тұңғыш рет төл тәуелсіздігін
жариялап, өз алдына дербес өмір сүре бастағанда, Жетісу өнірінен–ару Ақ
Жайыққа қазалы Маңғыстау жерінен сонау Алтай тауларына дейінгі жерге ғана
емес, сол бір қасиетті қара жердің астындағы бар байлығына да ие болып
қалған едік қой. Дегенмен, сондай мол байлыққа ие болу деген бар да, оны
ұқсатып, ел игілігіне айналдыра білу деген мәселе тағы бар ғой.
Еліміз осындай үлкен таңдаудың алдында тұрып, Қазақстанның санды жас
тәуелсіз мемлекет үшін қазіргі таңдағы басты міндет төл тәуелсіздігіміздің
тұғырын биіктетіп, ел экономикасының күш–қуатын арттыра түсу деп білді де,
келешекте осынау биік мақсат–мұратты жүзеге асыруға бірден–бір қолайлы
стратегиялық бағыт–бағдар- мұнай мен газ өндірісі саласын өркендетуді қолға
алды. Ол кезіндегі мұнай мен газ өндірісі еліміздің бүтіндей энергетикалық
алыбымыздың 13 бөлігі мазут пен көгілдір отынды (газды) пайдалану арқылы
жасалып келгендігін ескерсек, онда бұл көрсеткіш 37% дейін жетіп жығылар
еді[20. 54б].
Қазақстан Республикасы да әлемдегі ежелден мұнай өндіруші елдер
қатарына жатады. Оның тарихы 1899 жылы Атырау облысының Қарашұңғыл елді
мекеніндегі С. Леман экспедициясы қазған №7 ұңғыдағы (барлығы 21 ұңғы
бұрғыланған) 40 метр тереңдіктен жеңіл мұнай атқылауынан бастау алғаны
белгілі. Сөйтіп 1997 жылға дейін Қазақстан қойнауынан 617 миллион тонна
мұнай, 110,969 миллиард текше метр жаңғыш газ өндірілді. Еліміз өз
тәуелсіздігін алғаннан кейін жүргізілген барлау жұмыстары оның алынбаған
қорлары әлі де мол екендігін анықтап берді. Барлау жұмыстарының алғашқы
кезеңінің өзінде 5,3 миллиард тонна қара алтын қорының барлығы айқындалып,
мұның өзі елімізді мұнайдың дәлелденген қоры жөнінен әлемдегі он екінші
орынға шығарды. Сонымен қатар 2015 жылға таман мұнай өндірудің көлемі
бойынша әлемдегі алғашқы ондық елдерінің қатарына қосыламыз деген болжам да
бар [23.45-52бб].
Ал, осы мұнай-газ өнеркәсібінің тарихы тіпті тереңнен бастау алады.
XVI ғасырдың аяғында Патшалық Ресей Қазақстанның байтақ еліне назар аудара
бастады және XVIІ ғасырда империяның шығыс шекараларын нығайту, оңтүстік
елдерге сауда жолдарын іздеу мақсатында көпестер отрядын, әскери
типографтар мен табиғат зерттеушілерді оқтын-оқтын жіберіп тұрды. Атырау
облысының аймағындағы мұнай туралы алғашқы мәліметтер 1717 жылы І Петрдың
Жарлығымен Ембі өзенінің төменгі ағыны арқылы Хиуаға әскери-топографиялық
экспедицияны ұйымдастырған Бекович-Черкасскийдің жазуларында, одан кейін
1869 жылы географ Н. Северцевтің жарияланған есебінде (Ш.Есенов және
басқалары, 1968) анықталды.
1768 жылы ұйымдастырылған ғылыми экспедицияның (С. Гмелин, И. Лепехин,
П. Паллас) есептерінде Батыс Қазақстанның геологиясы мен пайдалы қазбалары
– көмір, мұнай, жанғыш жіктастар мен минералдық заттар туралы кейбір
мәліметтер бар. 1874 жылы Қарашүңгілдегі, Доссор мен Иманқарадағы мұнайдың
шығуын зерттеген Ресейдің Геологиялық комитетінің тау-кен инженері
Д.Кирпичников: Мұнайдың қорлары бар екені сөзсіз, алайда, ауызсу, елді
мекендермен қатынасу жолдары, пішендікке ыңғайлы шабындықтар мен дала
болмағандықтан, бұл байлақты пайдалану өту қиын деп жазған.
Сол кездегі білімді адамдардың бірі Григорий Силыч Карелин 1827 жылы
Қазақ даласының батыс аймағына барып, топографиялық түсіруді жүргізді,
өңірдің флорасы мен фаунасын зерттеді. Осы жерде Бөкей ханның баласы Жәңгір
ханмен кездесті. Г.С. Карелин Жәңгір ханға қатты әсер қалдырды және Жәңгір
хан оған кеңесші болып жұмыс істеуді ұсынды. 1832 жылы Карелин Каспий
теңізінің солтүстік-шығыс бөлігін зерттеу бойынша ірі экспедицияның
жетекшісі болып тағайындалды. Экспедиция журналының кіріспесінде ол:
Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларына географиялық тұрғыдан лайық
назар аударылған жоқ. Бұл елсіз далаға жолшыбай болмаса, теңізшілер де
сирек келетін. Кемінде 900 шақырым жердегі Гурьев пен ескі Маңғышлақ
арасындағы жерге бірде-бір табиғат зерттеуші де келген жоқ. Жері байтақ
болғандықтан, Орта Азиямен болашақта сауда жасауға және саяси
қатынастарымызға негіз болатын жерге қатыстылығының біз үшін маңызы зор
деп жазды [19.47-56бб].
Содан бері, қазақ даласында бірнеше мұнай-газ саласындағы мекемелер мен
қызметкерлер өз жұмысын атқарды. Мысалы: Орал-Каспий мұнай қоғамы (ОКМҚ),
Ембі-Каспий, Ағайынды Нобельдердің серіктестігі, Ембі, Орал мұнайы
және басқалары ең ірілері болды. 1894 ж. петербургтық кәсіпкерлер тобы
мұнай кен орындарын іздеуге және барлауға концессия алды.
Мұнай өндіру тарихында 1912 жылғы 10 сәуірдегі үкіметтік актімен құрылған
Ембі мұнай-кәсіпшілік және сауда акционерлік қоғамы (1911-1919 жж.)
ерекше орын алады. Оның құрылтайшылары толық стат кеңесшісі Э.Л.Нобель,
стат кеңесшісі Т.В.Белозерский және текті құрметті азамат И.И.Стахеев (ҚР
ОММ, 681-қор, 1-тізімдеме, 13-іс) болды. Мұнай-кәсіпшілік акционерлік
қоғамының барлық қаржы операциялары Орыс-Азия банкі арқылы жүргізілді.
Қазақ даласындағы мұнай-газ өндірісі сонымен қатар, Кеңес үкіметі
тұсында өз дамуын тапты. Батыс Қазақстанның жер қойнауын кешенді зерттеу
бойынша республикалық ғылыми зерттеулердің қалыптасуында академик
Қ.И.Сәтбаевтың бастамашылығымен 1949 жылы Гурьев қаласында жүргізілген
ҚазКСР ҒА-ның көшпелі сессиясының маңызы зор болды. Сол кезде оның
басшылығымен, мұнай геологиясы, игеру, бұрғылау техникасы мен технологиясы
саласындағы белгілі ғалымдар мен мамандардың қатысуымен көмірсутегіні іздеу
мен барлаудың, өндіру мен тасымалдаудың негізгі проблемалары қаралды. Мұнда
В.Федынскийдің, Н.Байбақовтың, П.Авровтың, Б.Дьяковтың, П.Неволиннің,
Ю.Васильевтің, Н.Чарыгинның, С.Оруджевтың, П.Еникеевтің, С.Өтебаевтың,
Н.Калининнің, Ж.Досмұхамбетовтың, Н.Имашевтың, Г.Хәкімовтың және
басқаларының еңбектерін атап өткен жөн.
1956 жылы, тұтастай алғанда, республиканың минералдық-шикізат ресурстарын,
оның ішінде көмірсутегі шикізатын одан әрі өсіруге бағытталған геологиялық-
барлау жұмыстарының бүкіл кешенін орталықтандырылған жоспарлау және
мақсатты жүргізу бойынша Қазақ КСР Геология министрлігі ұйымдастырылды [22.
12б].
1958 жылдың аяғында ҚазКСР-дің Геология және жер қойнауын қорғау
министрлігі Гурьев қаласында Батыс Қазақстанның барлық мұнай өңдейтін
бұрғылау кәсіпорындарын біріктірген Батыс Қазақстан геологиялық басқармасын
құрды. БҚГБ өз қызметінің уақытында Каспий ойпаңындағы (Теңізден басқа),
Маңғыстауда және Бозащы түбегіндегі ең маңызды мұнай-газ кен орындарын
ашуға тікелей қатысты.
1959-1960 жылдары Кеңқияқта (Ақтөбе облысы) және Прорвада үлкен мұнай
кен орны анықталды. 1960 жылдың 11 тамызында Прорвадағы алғашқы терең
ұңғымадан мұнай мен газ фонтаны атқылады. Орал-Ембі өзен аралығында
геологиялық-барлау жұмыстарын күшейту нәтижесінде Мартыши (1962), Оңтүстік
Батыс Қамысты (1962), Жаңаталап (1964), Гран және Октябрьское (1969) жаңа
кен орындары ашылды. Ембіде мұнай өндіру 1968 жылы 2 млн. тонна, ал 1972
жылы – 3 млн. тонна болды.
60-шы жылдардың басында роторлық бұрғылаудың орнына анағұрлым жылдам
турбиналық бұрғылау енгізіле басталды, бұрғылау станоктардың паркі ұлғайды,
3,0-4,0 мың метрге дейінгі тереңдікті игеруге мүмкіндік берген олардың
техникалық мүмкіндіктері айтарлықтай өсті, бұл, ең алдымен, терең, тіреу
және параметрлік ұңғымаларды бұрғылау, кешенді зерттеудің барлық
кезеңдерінде барлаудың геофизикалық әдістерді (сейсмикалық-барлау,
гравибарлау, ГЗС пен каротаждың барлық түрлері) қолдану арқылы Каспий маңы
ойпаңын аймақтық зерттеуден көрінді [24.13-19бб].
Міне, осындай даму тарихы бар қазақ елінің мұнай-газ өндірісі
тәуелсіздік жағдайында да өз даму тарихына ие.
Еліміздегі кен байлықтың бірі мұнай мен газ өнеркәсібінің қарқынды
дамуы айырықша екенін жақсы білеміз. Шетел инвесторларын Қазақстанға
өндіріске, мұнай-газ саласына ауқымды инвестиция салуда. Мұнайгаз саласы
Атырау өңірінде ғана емес, ел эканомикасының өркендеуіне тың серпін берген
бірнеше жоба іске асырылды. Әрине, айтуға жеңіл болғанымен Теңіз
Новороссиск бағытындағы мұнай құбырын тарту үшін қаншама келіссөздер
жүргізілді. Осы жобаның қазақ мұнайын Қара теңізге тіке шығаратын төте
дәліз болатыны біраз елдің қызығушылығын тудырады. Ал, Теңіз кен орын мол
көлемде инвестиция құйған Шеврон секілді әлемдік тәжірибиесі бар
компанияның біздің еліміге бет бұруында.
Қазіргі кезде Каспий қайраңын игеру бағытында мүдделестік танытқан
шетелдік компаниялар мұнай мен газ дайындау зауытын тұрғызуды қолға алды.
Таяудағы жылдарда теңіз мұнайын игеру басталмақ.
Атасу-Алашанқай құбырының іске қосылуы да қазақ мұнайының және бір
бағытқа тасымалдауына кең жол ашты. Міне осындай жобаларға инветиция салған
шетелдік енвесторларға мұнай мен газ секілді байлықты игеріп қана қоймай,
елдің әлеуметтік дамуына, инфра құрылымдарды жетілдіруге барынша қолдау
білдіруді тапсыруының маңызы айрықша.
Еліміз осы зор көлемдегі шетелдік инвестицияларды игеру арқылы өзінің
өндірістік әлеуетін күшейте бастады. Тек 1992-2001 жылдар ішінде мұнай-газ
саласына 8 млрд. доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылды.
Ресми айғақтарға сүйенсек, республика мұнай қоры жағынан әлемде 13-ші
орын алады екен. Шетел инвесторларының Қазақстанға қызығушылығы жоғарылай
бермек. Ал, республиканың мұнай компаниялары өздерінің стратегиялық
серіктестеріне жайлы инвестициялық климат жасауды қолдайды [23.10-12бб].
1993 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы 40 жыл мерзімде
американдық Шеврон компаниясымен инвестициялық келісім шарт жасасты. Бұл
аса бай кен орны – Теңізді игеруге бағытталды. 1997 жылдың қарашасында
Қарашығанақ газ конденсаты өнімін бөлісу туралы АҚШ-пен ұзақ мерзімге
келіссөз жасалды. Арнайы құрылған Қарашығанақ интеграциялық ұйымына
Аджип (Италия) 32,5%-бен Тексако (АҚШ) 20%-бен, Лукойл (Ресей) 15%-
бен компаниялар енді. Инвесторлар Қарашығанақты игеру мен барлауға 11 млрд.
доллар беруді жоспарлады. 1997 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы
Қытай ұлттық мұнай компаниясымен Ақтөбемұнай акциясының 60%-ын сату
туралы шарт жасады.
Сөйтіп: мемлекетіміздің алдында қазірде әрекет етуші инвестициялық
жобаға мемлекеттік тұрғыда қатысуды кеңейту мақсаты қойылды. Жалғыз
мемлекеттік Қазақойл компаниясы елімізде өндірілетін мұнайдың 15-16%-ын
ғана бере алады.
2001 жылы Қазақстан мұнайгаз саласы өзінің жеке дамуының 10 жылдығын
атады. 55 мұнай кен орындарында тәулігіне 109485 тонна мұнай өндіріледі.
Республика аумағында ірі мұнай қорының болуы шетел инвесторларының табысты
қызметін қамтамасыз етеді. Алынған инвестицияның басым бөлігі Қазақстан
экономикасының минералды – шикізат қорын дамытуға бағытталған. Тек 2001
жылдың жарты жылдығында кенді пайдалануға 1920,1 млн. доллар жұмсауды оның
80%-ын тікелей шетеледік инвесторлардың түсті, 20%-ы отандық компаниялар
үлесінде. Қазақстан сарапшыларының анықтауышна, кен көздерінің пайдалану
компанияларының белсенді инвестициялық қызметі республиканың әлеуметтік-
экономикалық жағдайына жағымды әсер етеді. Қазақстан Республикасының
статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, кенді
пайдалану объектілеріне 2001 жылдың 1 шілдесіне дейін тартылған жұмысшы
саны 179337 болған, оның 177572-сі Қазақстан жұмыс күштері (жұмысшылар мен
білікті мамандар) қазіргі уақытта [25. 17б].
Қазақстан экономикасының негізгі өзегі – мұнайгаз кешені. Бұл сала
еліміздің стратегиялық дамуында үлкен маңызды орында. Мұнай ұлттық
экономиканың әрі қарай дамуының басым бағыттарын айқындайды.
Қазіргі таңда осы саладағы негізгі компаниялар мен олардың өнім
өндірудегі үлесін мына кестеден байқауға болады:
мекемелер қаңтар маусым желтоқсан Жыл
басынан
бері
1 2 3 4 5
ННК Казахойл 529.0 559.9 556.1 6570.1
ПО Өзенмұнайгаз 335.2 353.0 354.8 4169.8
ОАО Казахойл-Эмба 193.8 206.9 201.3 2400.3
ННК Казахойл 1134.6 1159.7 1154.1 13743.0
СП Тенгизшевройл 1043.6 1045.1 1046.1 12480.9
СП Арман 15.8 25.2 24.9 272.3
СП Эмбаведьойл 1.2 0.9 1.5 12.0
СП Гюрал 0.9 0.8 0.9 10.0
СП Казахойл-Тельф 11.1 17.9 14.2 173.0
СП Казтуркмунай 25.5 27.8 18.4 273.5
СП Карақұдықмунай 19.9 25.3 28.8 305.7
СП Матин 16.3 15.6 18.3 202.2
СП Тенге 0.4 1.1 0.9 13.4
Прочие предприятия 1637.0 1654.7 1967.9 19649.3
АО Мангистаумунайгаз 364.3 369.0 369.7 4409.0
АО Актобемунайгаз 235.6 261.3 339.1 3258.2
АО Карачаганак Петролеум 455.5 368.2 472.1 3999.2
Оперейтинг
СП Харрикейн Кумколь Лтд. 284.7 308.1 355.1 3607.0
СП Тургай Петролеум 80.5 118.2 173.2 1500.2
АО Каражанбасмунай 93.0 69.6 133.9 1248.4


1 2 3 4 5
АО НПЦ Мунай 1.5 2.1 0.6 17.2
АО Анако 9.1 8.2 9.5 102.9
СП Казгермунай 43.4 74.2 50.5 808.7
СП Светландойл 0.2 0.7 0.5 4.5
СП Сазан курак 14.0 12.7 14.2 166.4
СП Куатамлонмунай 14.7 16.7 14.8 201.4
ЗАО Алмаз Интернейшнл 0.8 0.4 0.9 12.0
Трейдинг Компани
Тексако Норс Бузачи Инк. 10.8 16.5 26.7 226.2
СП Партекс (Казахстан) Корп.
- 5.6 5.4 62.7
СП Алтиес Петролеум Инт. 3.0 3.2 1.7 29.1
Барлығы 3300.6 3374.3 3678.0 39962.4

Қазмұнайгаз ұлттық компаниясы – геологиялық барлау, бұрғылау, өндіру,
тасымалдау, көмірсутегі ресурстарын қайта өңдеу сияқты мәнді мәселелерді
шеше алатын көптармақты, күрделі құрылым, әлемдік банктің мәліметтері
бойынша Қазақстан Республикасы инвестициялық қатынас жағынан әлем елдерінің
арасында 20-шы орында. Ресми мәліметтерге сүйенсек тек 1999 жылы Қазақстан
Республикасына 1,5 млрд. АҚШ доллары тартылған. Ал еліміздің
тәуелсіздігінің 10 жылы ішінде оның көлемі 10 млрд. долларға өсті.
Еуропалық қайта құру мен даму банкі инвестиция тарту көлемі жағынан
еліміздің ТМД елдері ішінде Польша мен Венгриядан кейін үшінші орынды
иеленетінін анықтаған.
Ірі мұнай компаниялары, атап айтқанда Шеврон, Эксон, Амоко және
басқа әлеуметтік компаниялардың инвестициялық ресурстарының басым бөлігі
көмірсутегі орындарын барлау мен өңдеуге және мұнайгаз қайта өңдеу
жұмыстарына жұмсалды. Мәселен, 60 жылдардың аяғы мен 70 жылдардың басында
ОПЕК елдерінің мұнай өнеркәсібінде аса мәнді құрылымдық өзгерістер жүрді.
Бұл мұнай өндіруге мемлекеттік бақылау қойылуымен тығыз байланысты. Ирак,
Венесуэла, Иран, Индонезия, Кувейт, Катарда - 100%, Ливияда - 80%, Сауд
Арабиясында - 60% болды. Бұл саладағы мемлекеттік сектордың маңызды міндеті
- ұлттық мұнай компанияларының қызмет ауқымын кеңейте түсті.
Яғни бүгінгі таңда еліміздің мұнайгаз кешенінің қарқынды дамуы аймақтық
салаларда әлеуметтік-экономикалық түбегейлі өзгерістердің болуына ықпал
етеді. Ол факторлардың сыртқы инвестиция арқылы шешімін табуы осы
аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық түбегейлі өзгерістердің болуына ықпал
етуі сөзсіз.

Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасы құрылымындағы мұнай-газ
секторы:

Еліміздің мұнайгаз кешенінің меншікті ішкі құрылымы бар, оның құрамында
мынадай құрылымдық элементтерді бөліп көрсетуге болады:
• өндіру;
• тасымалдау;
• мұнай мен газды өңдеу.
Өндіретін және тасымалдайтын кәсіпорындар үшін қажетті мұнайгаз
жабдығын, сондай-ақ сауданың көтерме-сауда желісін (автомобильге май құю
станцияларын және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі: тарихи аспектісі (1991-2007 жж. )
Мұнай өндеу қалдықтары
Кәсіпорынның тиімділігін көтерудің теориялық аспектілері
Мұнайгаз саласындағы басқару негізіндегі теориялық аспектілер
Дағдарыс жағдайында мұнай өнімдері нарығының жағдайы мен даму болашағын талдау
Қазақстанның мұнай-газ потенциалы
Әлемдік мұнай нарығының даму үрдістері
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі
Нарықтық экономикалық дамудың циклдік ерекшеліктері
Мұнай және мұнай өнімдерінің биологиялық әсері
Пәндер