ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Депортация


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Депортация

Жоспар

Кіріспе3

І-тарау. Қиыр Шығыс өлке халықтарын Қазақстанға күштеп қоныс аудару тарихы:

  1. Қазақстандағы ұйғыр, дүнген халықтарының қоныс аударуы9
  2. Корейлер қасіреті12
  3. Қазақстандағы неміс халқының келу тарихы. 17

ІІ тарау. Қырым Кавказ және Еділ бойы Халықтарын қуғындау:

2. 1 Қазақстандағы Солтүстік Кавказ халықтарының диаспорасы………. . 25

2. 2 Қазақстандағы Қырым татарлары, гректер, грузин - месхитиндер, армиян, балғар халықтарының диаспораларының ашылуы . . . 35

Қорытынды. 41

Әдебиеттер тізімі42

Кіріспе

Қазақстандағы диаспораның қалыптасуы туралы әңгімені бастамас бұрын «диспопра» туралы ұғымға түсінік берген жөн. Бұл ұғым біздің дәуірімізден бұрын 722 жылы және 586 жылы Палестинадағы ежелгі еврей мемлекеттері -Израиль және иудия патшалықтарын Ассирия мен Вавилон жаулап алғаннан кейін еврейлер дүние шашырап кетуіне орай туған. Еврейлер барған жеріндегі жергілікті халықтардың тілін қабылдап қана қоймай, өздерінің тілін, дінін, мәдениетін, салтын сақатап қалған. Сондықтан бұл құбылыс «диспора» деген грек сөзімен аталған. «шашыраңқы» немесе «елінен жерінен ажыраған» деген мағына береді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ жеріндегі диаспоралардың тарихын таразыға салып, ғылыми тұжырымдар жасасақ «Диспора дегеніміз - халықтың белгілі бір бөлігінің өзі қалыптасқан елден тыс жерде отанымен бірізден сезімін сақатуда болатындар». Осы тұжырымның төңірегіне тоқталатын болсақ, кейбіреулер қазақстанда ұлт деңгейіне көтергісі келетіндердің бәрі диаспора болып шығады. Ғылымға сүйенсек, орыстардың санының көптігіне қарасақ та, өздерінің тарихи отаны бар. Украйндар да, немістер де, кәрістердің де, татарлар да, өзбектер де солай. Ұйғырлар мен курдтердің төл мемлекеті болмағанымен, олардың маңдайына жазған тарих-тағдырдың өз сыбағасы бар. Сол себепті олар да диаспор шеңберінен шыға алмайды. Сондықтан қай жағынан алғанда да еліміздегі диаспора өкілдерін ұлттар деңгейіне көтеруге ешқандай негіз жоқ түйіндеуге болады.

Әсте, бұл еліміздегі диаспора өкілдерін ешқандай құқықтық жағынан кемістушілік емес. Ондай болса, Қазақстанда ұлттық-мәдени орталықтар құрылып, диаспоралардың жан-жақты дамуына мемлекет тарапынан қамқорлық жасалмаста еді ғой. Республикада этноцентристік немесе этнократиялық әрекеттің жүргізіліп отырмағаны да мәлім. Мұндай әрекетке бармақ түгілі, қазақ этносы толыққанды тарихтың өң бойвнда өзіне келген зардаптардан әлі айығып болған жоқ. Сол себепті де қазақ ұлтына белгілі - бір деңгейде басымдық беріліп отыр деудің өзі артық болар еді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Тарихымызда бұрын біржақты қарастырлып келген, өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға келу, қоныс аудару тарихы Кеңес өкіметі тұсындағы тоталитарлық жүйенің дамуымен тікелей байланысты. Сондықтанда әлеуметтік -саяси сипаты мен мәнін ғылыми айналымға түспеген құжаттар мен деректер негізінде көрсете отырып, оны жаңа тарихыи көзқарас тұрғысынан бағалау зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылды. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттері қойылып отыр:

- Қазақстандағы ұйғыр, дүнген диаспорасы

- Корейлер қасіреті. Қазақстандағы кәріс диаспорасы

- Қазақстандағы неміс диаспорасы

- Қазақстандағы Солтүстік Кавказ халықтарының диаспорасы

- Қазақстандағы Қырым татарлары, гректер, грузин - месхитиндер, армиян, балғар халықтарының диаспоралары

Тағы бір айта кететіні, диаспора өкілдерінің қазақ даласына жаппай қоныстана бастағаны соңғы бір ғасырдың иелігіне тиеді. Оның ар жағында ресей патшасының отарлау саясатына қатысты қазақ даласына қарашекпенділердің келе бастағаны мәлім. Алайда, қазақ даласына жаппай қоныс аудара бастауы Қазан төңкерісінен кейін ғана күрт өсті. Қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ жерін паналап, тұрақтап қалғандар сол уақыттың құрбандары. Одан кейін Мәскеуден жергілікті халықты ассимляциялау саясатының шеңберінде тың көтеру, кәсіпорындар салу тәрізді түрлі шаралардың ықпалымен келгендер жеткілікті болды. Осының бәрі жинақтала келіп жергілікті ұлттың азшылықта қалуына әкеліп соқтырды. Санының аздығы қазақта әсте этнос құқығынан айыруға немесе саны көп диаспораны этнос деңгейіне көтеруге ешқандай мүмкіндік бермейді. Осы жерде ерекше атап өтетін, біздің қозғаған мәселемізге төрелік болатын бір дәйек бар. Ол қалай болғанда да, қандай жағдаймен болсада қазақ жеріне қоныс аударған диаспора өкілдерінің бүгінгі қазақстан халқын құрып отырғандығы. Бұл туралы Ата Заңымызда да айқын жазылған «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы». Міне «Қазақстан көп ұлтты мемлекет» дегендерге беретін негізгі жауаптың бірі осы.

Қазақстан халқының 56 пайызын қазақ этносы құрайды. 28 паиызы орыс диаспорасының еншісінде. Басқа ұлт өкілдерінің еншісіне 16 паиыз ғана тиеді.

Алдымен «этнос» (немесе халық) дегеніміз - өзінің дамуының бастапқы кезеңінде аумағының бірдейлігі, бірдей тілге негізделген мәдениетінің, шаруашылық - тұрмыстық ерекшеліктері болуы, өзіне тән бірқатар белгілері бар тарихи жағынан қалыптасқан әлеуметтік топ . Енді осы талаптар төңірегінен тұжырымдасақ, Қазақстандағы этнос белгісі тек қазақ ұлтының шеңберіне ғана сәикес келеді. Қазақ этносы бабалардың бүгінгі күнге жеткен бір тұтас ұлан - ғасыр далада халық ретінде қалыптасты, жетілді. Тіпті оны Ата Заңымыздың басталуындағы Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, баиырғы қазақ жерінде мемлекеттікқұра отырып . . . деп жазылған преамбула да айғақтайды. Қазақ этносының қадам заманнан бері Қазақстан аумағын еркін жүріп, ең жайлағандығына қатысты басты темірқазығының бірі де осы. Бұл біріншеден. Екіншіден, қазақ тіліне негізделген шоқтығы биік қазақ мәдениетінің. Үшіншеден, сан ғасырлар боиғы дала мәдениетінің өркениетіне көрсететін қазақтардың шаруашылық - тұрмыстық өзіндік ерекшеліктері болғандығын тарихатан хабардар кез-келген адамның мойындайтыны да белгілі. Сонымен, Қазақстандағы қазақ этносына қатысты бір дәйекті ұшын осылайша қайыруға тура келді.

Қазақстанда тұратын қалған «129 диаспораларының бірде біреуін әлеуметтік қауымдастық қатарына жатқызуға болмайды». Өйткені, біз Қазақстандағы басқа ұлттардың қауымдастығын қаншама ұлт деңгейіне көтергіміз келгенімен, жоғарыда этнос ұғымына берілетін қасиеттер мен ғылыми тұжырым оған мүмкіндік бермейді.

Еліміздің Конститутциясы жоғарыда айтқандай, «Біз Қазақстан халқы» деп басталады. Ал еліміздегі диаспоралардың ана тілін, мәдениетін өркендетуге үлкен септігін тигізп отырған қоғамдық - консультативтік орган Қазақстан халықтарының Ассамблеясы деп аталады. Бұл атау мемлекеттің Негізгі Заңына сәйкес келмейді. Елімізде ұлттар емес диаспоралар бар. Қазақстанда қазақ ұлты және басқа ұлт өкілдері тұрады. Ал қоғамдық - консултативтік органды Қазақстан халқының Ассамблеясы дегеніміз заңдылыққа сәйкес келеді. Оның үстіне бұл Ата Заңда таңбаланған нормамен сәйкестендірледі. Қорыта келгенде Қазақстанда қазақ ұлты және басқа өкілдері тұрады, орынсыз басқа ұлт өкілдерін қолпаштап Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерін «этнос» қатарына көтеру ғылымға сәйкес келмейді және әділетсіздік. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатында арнайы комиссарлар Кеңесі, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі мен Жоғарғы Кеңесі Президумы құжаттарының құпиясын ашу жүргізілді.

Құпиясы ашылған құжаттар 1936 жылдан 1955 жылға дейінгі елеулі уақыт аралығын қамтиды. Бұл кезең өзіне жаппай саяси репрессияның басталуын, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында халықтардың елден қуылуын, «хрущевтік жылымық» деп аталатын кезеңнің басында-ақ тоталитарлық жүйенің адамдар үстінен жаппай қылмыстық эксперименттер жасауда біршама тәжірбиесі болды: күштеп коллективтендіруді ұйымдастыру, бай мен кулакты жою, халықтық қарсылықты басып тастау, жасанды аштықты ұйымдастыру, бостандық сүйгіш халыққа қарсы зұламат, зияткер және басқа да зиялы қауымды іріктеп жою.

Тоталитаризмнің бұнымен қатар аса ауыр қылмысының бірі халықтарды өз елі мен жерінен қуу - олардың этно - әлеуметтік және аумақтық бірлігін күш көрсетумен қирату.

1930-1950 жылдар аралығында 3 миллионнан астам адам елден қуылды, оның ішінде 1 миллионы Қазақстанға қоныс аударылды.

Қазақтардың елден қуылған адамдарды қалай қабылдағаны жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өз сөзінде былай деген болатын: «Қазақтар мәжбүрлікпен қоныс аударушыларды қандай кеңпейілдікпен қарсы алғандары бәрімізге белгілі. Коллективтендіру мен ұлы жұттан қансыраған, аштықта өмір сүрген олар соған қарамай тағдыр талқысында қалған ададармен соңғы бір үзім нандарын бөлісіп, оларға ажылу, бастарына баспана берді. Мұның бәрін олар қадір-қасиетпен, риясыз жасады. Сол қиын кезде олар өмір сүруге, аяғынан тұрып кетуге көмектескендердің бәрі күні бүгінге шейін көрсеткен көмектері үшін қазақтарға айтар алғыстары шексіз.

Осылардың бәрімен мен тек айтылған сөздерді естумен ғана таныс емеспін. Әлі есімде, шамасы мен алты немесе жеті жастарда болатынмын. Бір күні әкем үйге бейтаныс адамдарды - ер адамды, әйелі мен үш баласын алып келді. Олардың үстіндегі кйімдері жұпыны, жуылмаған және өздерінің тамақ ішпегендері көрініп тұр. Әйелдің көзінен үмітсіздік байқалады, балалары жылаған. Кейіннен білгенімдей, бұлар балқарлар екен - сол жылы аудандық арнайы комендатура неге екенін, ертеректе кабарда -Балқардан жөнелтілген бірнеше жанұяны «асыра лақтыруды» және алыстағы бір ауылға, біздің Шамалған ауылына қоныс аударуды шешіпті. Оларды ат үсті - кімді сарайға, енді біреуін сүт фермасына орналастырды. Азды -көпті қанағат етерлік өмір жағдайын жасауды «құзырлы ұйымдардың» ойластырмағаны түсінікті. Бірақ, жергілікті тұрғындар басқаша шешіп, қоныс аударушыларға өз баспаналарын ұсынды.

Біздің де жанұямыз аштықтың алдында өмір сүрді: егер сиырдан сүт шықса, онда ол күні үйде мереке болатын.

Жаңа таныстарға біз бұдан басқа ештеңе ұсына алмадық. Бірақ, осы қарапайым дастарқан, ыстық пеш, жылу және ата-аналарымыздың ықласы олардың өмір сүруіне, балаларын құтқаруға көмектесті.

Әкем сол отбасының басшысы Хазретпен тез достасып кетті, оның жұмысқа орналасуына көмектесті, бір-екі айдан соң балқарлармен олардың ана тілінде еркін сөйлесе алатын болды.

Бұл республикаға қоныс аударушы халықтарды қазақтардың қалай қарсы алғаны туралы мәселеге орай.

1930-1950 жылдары он беске жуық этностар жаппай қуғындауға ұшырады, олардың ішінде поляктар, гректер, болгарлар, қырым татарлары, қабардалықтар, балқарлар, шешендер, ингуштар, қарашайлықтар, черкестер, қалмақтар, немістер, кәрістер және т. б. болды. Олардың миллионнан көбі Қазақстаннан екінші отандарын тапты. Бұл халықтардың әрқайсының қуғындауға ұшырау тарихына жеке-жеке тоқталамыз.

І-тарау. Қиыр Шығыс өлке халықтарының Қазақстанға күштеп қоныс аудару тарихы

  1. Қазақстандағы ұйғыр, дүнген халықтарының қоныс аударуы

Мыңдаған жылдардан бері ұйғыр мен қазақтың ата-бабалары түркі өркениетінде бірлесе үлес қосып келе жатқан халықпыз. Кезінде ұйғыр мемлкеті болған. Бірақ тарих керуені бір халықтарды судай сапырылыстырды, мемлекеттері бірде өрбіп, бірде күштілердің көшіне ілесіп, өз дербестігінен айырылып қалды. Сондай ескі тарихта ізі сайрап жатқан ұлт - ұйғырлар, құрдымға кеткен мемлекет Ұйғырстан. Тағдыр тәлкегінен ХІХ ғасырдың соңында Қытай империясынан қуғын көрген біраз ұйғыр отбасы қазақ жеріне қоныс аударды.

1881 жылы Ресей Қытаймен Құлжа қаласында «теңқұқыөқсыздық келсімін» жасасты: Қытай провинциясы Синньцзян іс-жүзінде орыс ротектараты болып қалды.

Шығыс Түркістан халқына уақытша қытай үстемдігінен босатылып, тәуелсіз Түркістан мемлекетін құруына мүмкіндік туды.

Халықтың өзі үшін бұл бақыт бола қоймады: қытайлармен қанды күрес жекелеген мұсылман халқы, көш басшылары мен үміткерлері арасындағы қанды күрес сияқты сипат алды.

Күрес тек ислам туының астында жүргізілді, ұлттық сана -сезім болған жоқ, тұрғындар өздерін өз қалаларының аттарымен атады, қашғарлық, турфандық және т. б. бұдан басқа қытай тілінде сөйлей алатын ХҮІІІ ғасырда Қашқариядан Іле алқабына қоныс аударған қытайлар, олар ислам дінін қабылдаған дүнгендер немесе «тараншы» деп аталды.

Көтерліс жеңілген соң қашқарлықтардың бір тобы ұйғырлар мен дүнгендер Қазақстан мен Қырғыстанға босты.

Қазқстанға ұйғыр және дүнген босқындары 1883 жылы Қытайдан 9572 ұйғыр отбасы және 1147 дүнген отбасы қоныс аударды.

Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныстануы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңге 1877 жылдың аяғы мен 1878 жылдың басы жатады Бірінші кезеңде негізінен дүнгендердің үш тобы келді. Бірінші топ 3314 адам Нарын шекара пункті арықылы өтті. Олар 1877 жылдың 27 желтоқсанында тоқмаққа келді. Екінші кезеңде ұйғыр - дүнген аралас 1881 жылдың ақпанынан 1884 жылдың басына дейін жетісуға келген 9572 ұйғыр отбасы, 1147 дүнген отбасы болды. Ал, 1897 жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер 14130 адам, ұйғырлар 55 адам болды.

Қазақстанға дүнгендер мен ұйғырлардың қоныс аударуы екі кезеңге бөлінеді.

Олардың қоныс аударуы мынадай ретпен жүргізілді: 4477 ұйғыр отбасы Жаркент ауданына, Шарын мен Өсек ауданының бойына қоныстанды, қалған үлкен бөлігі - 5275 отбасы Верный уезіне, Шелек және Талған өзендерінің арасына қоныстанды. 1897 жылы қоныс аударушылар санағы бойынша 14130 дүнген, 55999 ұйғыр болды.

Бір оқырманның еске салатынымыз ұйғырлар батыстағы Қазақстан шекарасына дейін бұрын ешқашан жеткен жоқ.

Ұйғырлар мен дүнгендер дәнді дақылдар өсірлетін шұрайлы жерлерге қоныстандырылады: бұл жерлер қазақтардантартылып алынды. Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылық тұрмысында егістің түсімі басым болды. Ұйғырларда суармалы жер 30 694 десятина жайылым жер десятина болды: дүнгендерде тисінше 11025 десятина және 4386 десятина қазсқатнға дүнген қоныс аударушылар өздеріне «тараншы» атауын аса бір сәттілікпен қабылдай қойған жоқ.

Қазақ жеріне қоныс аударған ұйғырлар 1959 жылғы санақ бойынша 60 мың адам. 1989 жылғы санақта - 185 мың адам өсім, Қытайдан 3 есеге көбейді, олардың 40 мың адамы Алматы қаласында тұрады немесе 23 пайызы. Ал 1999 жылы Қазақстанда 210 339 ұйғыр болды.

Қорыта келгенде. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде қазақстандық ұйғырлар бізбен бірге өмір сүруде. Ұйғырлардың қазақтарға діні мен тілі, діні мен иманы ұқсас түркі халықтарының ежелгі өкілдері. Олар еңбекқор, өзіндік ұлттық дәстүрлерін сақтаған, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын бауырмал адамдар. Нарыққа ерте ілескен дүнген, ұйғыр халықтары сауда - саттығын жасайды, жер еміп еңбек етеді, өнерін өркендетеді.

1. 2 Қазақстандағы Кәрістердің Қазақстанға келу тарихы

Бүгінгі Қазақстандық корейлердің негізгі бөлігі кезінде Қиыр Шығыс өлкесінен жер аударылды. «неліктен деген сауалға КСР Одағы Халық Комиссарлары Кеңесі мен БК (б) П Орталық Комитеті бірігіп шығарған «Корей халқының Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарынан көшіру туралы» қаулысы (1937 жылдың 21 тамызы ) бір ауыз сөзбен : «Қиыр Шығыс өлкесіне жапон шпионажының еніп кетуіне жол бермеу мақсатында» деп жауап береді».

Мәселенің байыбына баруға, мұндай мәлімет жеткіліксіз. Сондықтан, сол жылдардың қосымша деректеріне жүгінелік. И. Сталиннің өзі редакциялаған, 1938 жылы «БК (б) П Орталық Комитеті ұнатқан «БК (б) П тарихында» мынадай жолдар бар: «1932 жылы Жапония тарапынан соғыс қаупі күшейді. Жапон импералистері Қытайға соғыс жарияламастан және өздері шығарған «жергілікті жанжалдарды» зымияндықпен пайдалана отырып, ұрланып келіп Маньчжурияға әскерлерін кіргізді. Жапонияның ашықтан - ашық көздеген мақсаты -қытайды өзіне бағындыру, сөйтіп ол жерден европалық -америкалық импералистік белді мемлекетті қуып шығару болды».

Бірақ Жапония советтік Қиыр Шығысты басып алу мақстаын да алдын ақойған болатын. Әрине, КСРО мұндай қауіпті еске алмай отыра алмады, сөйтіп, Қиыр Шығыс өлкесіндегі отан қорғау ісін барынша нығайта бастады» .

Егер сталиндік оқулық тұжырымына қарасақ, корейлерді Қиыр Шығыстан жер аудару еліміздің, тіптен корейлердің өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған тәрізді де болып көрінеді. Бірақ жоғарыдағы ресми қаулы бұл науқанның «жапон шпионажының еніп кетуіне» жолбермеу үшін жасалып отырғанын анық атап көрсетіп отыр емес пе. Айта кеткен жөн, Корея мемлектеінің өзі ол кезде жапондар қол астында болғандықтан, жекелеген корейлерді Жапонияның барлау - шпиондық жұмыстарында пайдаланғаны белгілі.

Осы мәселені кеңінен зерттеген қазақстандық тарих ғылымының докторы Г. В. Кан бұл туралы былай деп жазады: «Это был наказание за предательство отдельных людей, от которых не застрахован ни один народ, это было наказание за национальную принадлежность к возможным сторонникам возможного противника».

Тарихшы Г. В. Кан өзінің басқа бір зерттеуінде мәселенің байыбына бару үшін корейлерді жер аудару туралы 1937 жылдың 21 тамызында қабылданған жоғарыдағы қаулыдан басқа, дәл осы күні өмірге келген тағы бір құжатқа - шабуыл жасаспау туралы совет-қытай келісім шартына назар аударуды ұсынады және осыған байланысты өзі төмендегідей қорытынды жасайды: « . . . Это были две стороны одной медали. Депортацию корейцов под предлогом «пресечения прониковения японского шпионажа» следует рассматривать так один из моментов «большой полтитики», как демонстрацию Советским Союзом».

Осылайша, жоғарыдағы 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулыға сәйкес Қиыр Шығыс өлкесінің 23 ауданынан Оңтүстік Қазақстан облысына, Арал теңізі және балқаш көлі аудандарына, сондай-ақ, өзбек КСР -не корейлерді жаппай, шұғыл көшіру басталды. Бұл іс қысқа мерзімде - 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуы тиіс болды. Қағаз жүзіндегі қаулыда үкімет пен партия көшірлетін корейлерге өздерінше «қамқорлық» жасап бақты. Оларға өздерімен бірге заттарын, тіптен дүние - мүліктерін ала кетуге рұқсат етілді.

Қаулыда 5-ші бабында «Қайта қоныстанатын корейлерге шетелге кетуді қалайтын болса кедергі жасамау, шекарадан өтудің оңайтылған тәртібіне жол беру» қажеттгігі атап көрсетілген. Қаулы сондай-ақ, көшкен кезде корейлер қалдырып кетуге мәжбүр болған дүние -мүліктің және егін алқабының шығынының оларға қайтарылатынын да атап көрсетті.

1938 жылы Қазақстандағы кәрістердің саны - 98454 адамға жетті.

1959 жылы - 74 мың адам. 1999 жылы - 99657. Кәрістерге орыс шенуеніктерінің сенімсіздік көрсетуін алғаш рет 1905 жылы унтербергер білдірді. Ол кәрістерге қарсы сенімсіздіктің тұтастай дәлеледер жинағын келтірді. Олардың бастылары:

1) Кәрістер діни нанымдылық, дәстүр, әдет-ғұрып, экономикалық өмір жағдайындағы дүниеге көзқарасы бойынша орыстардан бөтен; Ресей бодандығына өткен және православие дінін қабылдағанның өзінде де олар орыс халқымен сіңісіп кете алмайды, Жапония немесе Қытаймен соғыс бола қалған жағдайда олардың адалдығына сенуге болмайды, тыңшылық әрекеттің жазылуына олар қолайлы жағдай тудырады.

2) Кәрістерге жерді жалға беру жолы арқылы ауыл шаруашылығын жүргізу жолдары орыс қожайындарын азғындыққа ұшыратады.

3) олар жерге қоныстана отырып орыстарға арналған жерлерді басып алады, бұл тынық мұқиты жағалауындағы олардың жағдайын әлсіретумен тең сияқты.

1937 жылы Қиыр Шығыстағы Кәріс қауымы 200 мың адамды құрады, олардың ішінде қиыр шығыстық кәрістер - 110280 адам; орыс-бодандары 27, 2 мың адам, жапон бодандары 67, 8 мың адам.

1937 жылғы тамыз айында Сталин елдің шығыс аудандарының НКВД жетекшісі генерал Г. С. Люшковпен болған әңгімесінде «кәрістердің көші-қон мәселесін күшейту жөніндегі» ұсынысын айтты. Кеңес мемлекетінің басшысы құжаттарда белгілегендей, «кәрістерге» сенбейтінін айтты. Кәрістер мен бірге жіберлетін жапон тыңшыларының арасында тығыз байланыс болуы мүмкін деп есептеп, олар шекаралық аймақта тұрған кезде кәрістерге сенімсіздік білдірді.

Қиыр Шығыстағы 200 мың кәріс халқының тағдырын анықтаған 1937 жылғы 21 тамыздағы КСРО ХКК мен БКП ОК - тың аса құпия қаулысының толық мазмұнын қарастырайық.

КСРО халық Комиссарлар Кеңесі мен БКП Орталық Комитетінің 1937 жылғы 21 тамыздағы N 1428 -326 қаулысында кәріс халқын қиыршығыстық өлкелердің шекаралы аудандарынан қоныс аударту туралы КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен БКП (б) Орталық Комитеті қаулы етеді: Қиыршығыстық өлкелердегі жапондық тыңшылардың өтіп кетуінің жолын кесу мақсатында:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРІНЕ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚТАР
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
Қазақстан тарихы пәні
Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару
Қазақстанға халықтардың күштеп жер аударылуы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы депортация
Қазақстанда неміс тілін коммуникация құралы ретінде сақтау мәселелері
Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты
Шешен мен ингуштардың Қазақстанға депортациясы процессі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz