Мұнай-газ, химия өнеркәсібі.Қазақстан мұнайын игерудегі экспорттау бағыттары.Қазақстандағы мұнай-газ ісімен айналысатын шетел компанияларының қызметтері



1. Мұнай мен газ өндіріс және пайдалану
2. Химия өнеркәсібі
3. Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы
4. Қазақстанның мұнай өңдеудегі негізгі экспорттау бағыттары, мұнай мен газды игетудегі шет ел компанияларының қызметі
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер
Мұнай мен газдың аралас қоспасы кеніштегі қайта өңдеу кешендерінің біріне түсіп, газ бен мұнай ағымдарына бөліну процесстерін өтеді. Мұнай бен газды бөлу (сепарациялау) қос сұйықты салқындату және гравитациялық тәсіл арқылы жүзеге асырылады.
Кейбір ұңғымалардың өнімі сондай-ақ сынақ сепараторына жіберіледі. Осындай үнемі бақылау мұнайгаз ұңғымаларының өндірістік көрсеткіштерін өлшеу үшін және жұмыс қысымын анықтау үшін қажет. Осындай өлшемдер инженерлерге кеніштегі өндіру көлемін жақсартуға мүмкіндік береді.
Барлық қайта өңдеу кешендеріне өндірістік процесстерді басқаратын қазіргі заманғы жүйе орнатылған, ол операторларға жұмыс қондырғыларын қадағалауға, ҚӨҚ-ның басқа кешендерімен ақпарат алмасып отыруға, газдың таза ауаға кетуін және өрт бола қалған жағдайда бірден анықтау жүйелер жұмысы кіретін барлық процесстерді басқаруға мүмкіндік береді. Онда қандайма болмасын жағдайда тиімді іс-қимыл жасай алатын, апаттарды жоя алатын қызметкерлер және өрт стансалары бар.
Мұнайдан бөлінген соң, газ бірнеше технологиялық фазалардан өтеді. Бұл фазаларды жазбастан бұрын, газдың өзі жөнінде біраздап білгеніміз маңызды. Істің мәнісі мынада: бөлінгеннен кейін газдың физикалық жағдайы оны тікелей пайдалануға мүмкіндік бермейді, өйткені оның құрамында азғантай сұйықтар бар, мысалы мұнай мен су, сондай-ақ ластанғыш заттар, атап айтқанда токсикалық күкіртсутектері мен көмірқышқылы диоксиді, олар газдың алдын-ала тазартылмай пайдалануға мүмкіндік бермейді. Мұндай газ қышқыл немесе күкірті бар деп аталады. Қышқыл газ кері сорылып, компрессорлар арқылы қысымның бірегей деңгейіне дейін келтіріледі, содан кейін ол тазартуға, сатуға немесе қайтадан жер қабатына айдауға мүмкін болады. Сонымен қатар, барлық өндірістік кешендерде буды қалпына келтіру компрессорлар жүйесі бар, факельдегі жанып жатқан газдың көлемін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Өндіріліп жатқан қышқыл газдың бөлігі одан әрі қайта өңдеу мен тазарту үшін бірден Орынбор қаласына жөнілтіледі. Өз кезегінде, Орынбордағы зауыт тазартылған құрғақ газдың аз ғана бөлігін кері, Қарашығанаққа жібереді, ол резерв ретінде пайдаланылады.
Орынборға жіберілетін қышқыл газдың басқа бір бөлігі құрғатылады. Қышқыл газдың жалпы көлемінен 40 пайызға жуығы өте жоғары қысыммен жұмыс жасайтын 3 ерекше турбиналық компрессорлар көмегімен қайтадан жер қабатына айдалады. Газды қайта айдау жер қойнауындағы жоғары қысымды ұстап тұрады, мұның өзі ҚӨҚ-на кеніштегі сұйық көмірсутектерін өндіруді жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. Газдың қалған 10 пайызы күкірттен айыру қондырғысында қайта өңделеді, мұнда қышқыл газдан күкіртсутектері мен басқа да зиянды қоспалар шығарылады. Осы процесс кезінде үнемі отын газы өндіріледі, ол жергілікті тұрғындардың және кеніштегі қажеттіліктеріне жұмсалады. Күкіртен айырылған құрғақ газ турбиналық отын ретінде энергия көзі мен тұрмыстық жылыту жүйелерінде бу қазандықтарында, және басқа да өнеркәсіп мақсаттарында пайдаланылады.
Жоғарыда аталған технологиялық процесс кезінде күкіртің қандайма болмасын өндірісінің немесе сақталуының толығымен жоқ екендігін атап өту қажет. Газды күкірттен айыру процессі газды қайтадан айдау процессі кезінде тепе-теңдікке келтіріледі, өйткені оның кезінде жер қабатына қышқыл газдың пайдаланылмаған көлемдері мен технологиялық пайдалануға жатпайтын газ айдалады. Бұл процесс өзімен тиімді экологиялық шешімді көрсетеді, мұнай өндіру деңгейін көтереді, толығымен алғанда кәсіпорынның өндірістік шығындарын азайтады.
ҚӨҚ-ның кешендерінің әрқайсысында сондай-ақ мұнайдың технологиялық кептірілуі жүзеге асырылады. Осы процесс кезінде пайда болатын барлық су одан әрі мұнайдан тазартылып, содан кейін кеніштегі арнайы ұңғымалар көмегімен қайтадан жер асты қабатына айдалады. Кептірілген мұнайдың бір бөлігі Орынбор қаласына жөнелтіледі. Мұнайдың қалған бөлігі газ қалдықтарынан түбегейлі тазартылу үшін, сондай-ақ мұнайды халықаралық экспортқа шығару параметрлері деңгейіне жеткізу үшін қайта өңделеді. Бұдан кейін осы мұнай Қазақстан жеріндегі тұрба құбырына айдалып, ҚӨҚ-тың тұрбақұбыры Каспий тұрбақұбыры консорциумы жүйесімен қосылатын Атырау қаласына жөнелтіледі. Сөйтіп, Қарашығанақ мұнайы Ресейдегі Новороссийск портына шығуына мүмкіндік алады. Ақсай мен Новороссйиск арасында мұнай ағымының қозғалысын сақтап тұратын бірнеше насос стансалары бар. Барлық тұрба құбырлары ағып кету ақауларын анықтайтын қазіргі заманғы жүйелерімен жабдықталған, сол арқылы операторлар дәлме-дәл қай жерде мұнайдың ағып кеткенін сол бойда біле алады. Новороссийскіге жеткесін мұнай үлкен танкерлерге тиеледі, ол содан кейін Европадағы немесе басқа жерлердегі мұнай қайта өңдеу зауыттарына жөнелтіледі. Бұл зауыттарда мұнайдан химиялық заттардан немесе пластмассалардан жасалған өнімдерден ұшақ жанармайларына дейін алады, осы өнімдердің бірқатары кейін Ақсай қаласына келіп түсуі де мүмкін.
Мұнай мен газды қайта өңдеуден басқа ҚӨҚ үлкен көлемде электрқуатын өндіреді, оның 20 меговаттан астамы жергілікті тұрғындар қажетілігіне жіберіледі.
1. «Қазақстанның физкалық географиясы» 9-сынып, оқулық.
2.Google.kz
3.www.malimetter.kz

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География жіне табиғатты
пайдалани факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Мұнай-газ, химия өнеркәсібі.Қазақстан мұнайын игерудегі
экспорттау бағыттары.Қазақстандағы мұнай-газ ісімен айналысатын шетел
компанияларының қызметтері

Орындаған: Қаратай М.А
Тексерген: Акашева А.С

Алматы, 2011 жыл.

Жоспар

1. Мұнай мен газ өндіріс және пайдалану
2. Химия өнеркәсібі
3. Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы
4. Қазақстанның мұнай өңдеудегі негізгі экспорттау бағыттары, мұнай мен
газды игетудегі шет ел компанияларының қызметі
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер

Мұнай мен газ өндіріс және пайдалану

Мұнай мен газдың аралас қоспасы кеніштегі қайта өңдеу кешендерінің біріне
түсіп, газ бен мұнай ағымдарына бөліну процесстерін өтеді. Мұнай бен газды
бөлу (сепарациялау) қос сұйықты салқындату және гравитациялық тәсіл арқылы
жүзеге асырылады.
Кейбір ұңғымалардың өнімі сондай-ақ сынақ сепараторына жіберіледі. Осындай
үнемі бақылау мұнайгаз ұңғымаларының өндірістік көрсеткіштерін өлшеу үшін
және жұмыс қысымын анықтау үшін қажет. Осындай өлшемдер инженерлерге
кеніштегі өндіру көлемін жақсартуға мүмкіндік береді.
Барлық қайта өңдеу кешендеріне өндірістік процесстерді басқаратын қазіргі
заманғы жүйе орнатылған, ол операторларға жұмыс қондырғыларын қадағалауға,
ҚӨҚ-ның басқа кешендерімен ақпарат алмасып отыруға, газдың таза ауаға
кетуін және өрт бола қалған жағдайда бірден анықтау жүйелер жұмысы кіретін
барлық процесстерді басқаруға мүмкіндік береді. Онда қандайма болмасын
жағдайда тиімді іс-қимыл жасай алатын, апаттарды жоя алатын қызметкерлер
және өрт стансалары бар.
Мұнайдан бөлінген соң, газ бірнеше технологиялық фазалардан өтеді. Бұл
фазаларды жазбастан бұрын, газдың өзі жөнінде біраздап білгеніміз маңызды.
Істің мәнісі мынада: бөлінгеннен кейін газдың физикалық жағдайы оны
тікелей пайдалануға мүмкіндік бермейді, өйткені оның құрамында азғантай
сұйықтар бар, мысалы мұнай мен су, сондай-ақ ластанғыш заттар, атап
айтқанда токсикалық күкіртсутектері мен көмірқышқылы диоксиді, олар газдың
алдын-ала тазартылмай пайдалануға мүмкіндік бермейді. Мұндай газ қышқыл
немесе күкірті бар деп аталады. Қышқыл газ кері сорылып, компрессорлар
арқылы қысымның бірегей деңгейіне дейін келтіріледі, содан кейін ол
тазартуға, сатуға немесе қайтадан жер қабатына айдауға мүмкін болады.
Сонымен қатар, барлық өндірістік кешендерде буды қалпына келтіру
компрессорлар жүйесі бар, факельдегі жанып жатқан газдың көлемін барынша
азайтуға мүмкіндік береді.
Өндіріліп жатқан қышқыл газдың бөлігі одан әрі қайта өңдеу мен тазарту
үшін бірден Орынбор қаласына жөнілтіледі. Өз кезегінде, Орынбордағы зауыт
тазартылған құрғақ газдың аз ғана бөлігін кері, Қарашығанаққа жібереді, ол
резерв ретінде пайдаланылады.
Орынборға жіберілетін қышқыл газдың басқа бір бөлігі құрғатылады. Қышқыл
газдың жалпы көлемінен 40 пайызға жуығы өте жоғары қысыммен жұмыс жасайтын
3 ерекше турбиналық компрессорлар көмегімен қайтадан жер қабатына
айдалады. Газды қайта айдау жер қойнауындағы жоғары қысымды ұстап тұрады,
мұның өзі ҚӨҚ-на кеніштегі сұйық көмірсутектерін өндіруді жоғары деңгейге
жеткізуге мүмкіндік береді. Газдың қалған 10 пайызы күкірттен айыру
қондырғысында қайта өңделеді, мұнда қышқыл газдан күкіртсутектері мен
басқа да зиянды қоспалар шығарылады. Осы процесс кезінде үнемі отын газы
өндіріледі, ол жергілікті тұрғындардың және кеніштегі қажеттіліктеріне
жұмсалады. Күкіртен айырылған құрғақ газ турбиналық отын ретінде энергия
көзі мен тұрмыстық жылыту жүйелерінде бу қазандықтарында, және басқа да
өнеркәсіп мақсаттарында пайдаланылады.
Жоғарыда аталған технологиялық процесс кезінде күкіртің қандайма болмасын
өндірісінің немесе сақталуының толығымен жоқ екендігін атап өту қажет.
Газды күкірттен айыру процессі газды қайтадан айдау процессі кезінде тепе-
теңдікке келтіріледі, өйткені оның кезінде жер қабатына қышқыл газдың
пайдаланылмаған көлемдері мен технологиялық пайдалануға жатпайтын газ
айдалады. Бұл процесс өзімен тиімді экологиялық шешімді көрсетеді, мұнай
өндіру деңгейін көтереді, толығымен алғанда кәсіпорынның өндірістік
шығындарын азайтады.
ҚӨҚ-ның кешендерінің әрқайсысында сондай-ақ мұнайдың технологиялық
кептірілуі жүзеге асырылады. Осы процесс кезінде пайда болатын барлық су
одан әрі мұнайдан тазартылып, содан кейін кеніштегі арнайы ұңғымалар
көмегімен қайтадан жер асты қабатына айдалады. Кептірілген мұнайдың бір
бөлігі Орынбор қаласына жөнелтіледі. Мұнайдың қалған бөлігі газ
қалдықтарынан түбегейлі тазартылу үшін, сондай-ақ мұнайды халықаралық
экспортқа шығару параметрлері деңгейіне жеткізу үшін қайта өңделеді. Бұдан
кейін осы мұнай Қазақстан жеріндегі тұрба құбырына айдалып, ҚӨҚ-тың
тұрбақұбыры Каспий тұрбақұбыры консорциумы жүйесімен қосылатын Атырау
қаласына жөнелтіледі. Сөйтіп, Қарашығанақ мұнайы Ресейдегі Новороссийск
портына шығуына мүмкіндік алады. Ақсай мен Новороссйиск арасында мұнай
ағымының қозғалысын сақтап тұратын бірнеше насос стансалары бар. Барлық
тұрба құбырлары ағып кету ақауларын анықтайтын қазіргі заманғы жүйелерімен
жабдықталған, сол арқылы операторлар дәлме-дәл қай жерде мұнайдың ағып
кеткенін сол бойда біле алады. Новороссийскіге жеткесін мұнай үлкен
танкерлерге тиеледі, ол содан кейін Европадағы немесе басқа жерлердегі
мұнай қайта өңдеу зауыттарына жөнелтіледі. Бұл зауыттарда мұнайдан
химиялық заттардан немесе пластмассалардан жасалған өнімдерден ұшақ
жанармайларына дейін алады, осы өнімдердің бірқатары кейін Ақсай қаласына
келіп түсуі де мүмкін.
Мұнай мен газды қайта өңдеуден басқа ҚӨҚ үлкен көлемде электрқуатын
өндіреді, оның 20 меговаттан астамы жергілікті тұрғындар қажетілігіне
жіберіледі.

Химия өнеркәсібі
Химия өнеркәсібі саласы дүние жүзінде тұңғыш рет Германияда 19 ғасырдың
аяғында дүниеге келді. 20 ғасырдың 50 — 70-жылдардың басы химия
өнеркәсібінің дәуірлеген “алтын ғасыры” болды. Бұл кезеңде мұнай-газ
шикізатын пайдаланушы өндірістің өркендеуімен байланысты осы сала әлемде
неғұрлым жоғары қарқынмен дамыды. Әлемнің өңдеуші өнеркәсібінде химияның
үлесі 20 ғасырдың 2-жартысында 8 — 9%-дан 12 — 15%-ға дейін өсті. Қазіргі
кезде химия өнеркәсібі әлемді негізгі 4 аймаққа бөліп тұр. Олар — АҚШ,
Батыс Еуропа, ТМД елдері, Жапония. Мұнда кенішті химия, минералдық
тыңайтқыштар, негізгі химия өнімдерін, әсіресе, органикалық синтез өндіру,
полимерлік материалдар шығару ерекше орын алады. 20 ғасырдың 90-жылдарының
ортасында химия өнеркәсібінің әлемде өндірілген химия өнімдерінің 20%-ы
АҚШ-тың үлесіне тиіп, экспорттық өнімнің 24%-ын құрады. Батыс Еуропаның
барлық елдері химия өнімінің 24%-ын, Жапония 15%-ын берді. Бірақ 90-
жылдардың аяғында АҚШ пен Жапонияда химия өнімін өндіру төмендеп,
біріншілік Батыс Еуропа елдеріне ауысты (Химия өнеркәсібінің 40%-ы).
Қазіргі кезде Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері синтетикалық және
жартылай синтетикалық бұйымдар өндіруге мамандануда. 21 ғасырдың бас
кезінде химиялық шикізат және негізгі химияның аса маңызды өнімдерін —
күкірт қышқылын, минералдық тыңайтқыштар өндіру іс жүзінде тұрақталды, ал
синтетикалық каучук өндіру қарқыны баяулады. Мұның себебі, өнім бірлігіне
жұмсалатын көптеген химикаттар шығынының азаюына байланысты технологиялық
үдерістердің жетілдірілуінде. Сонымен бірге қалған полимерлік
материалдарды, ең алдымен синтетикалық шайырлар, пластмассалар, химиялық
талшықтар өндіру жедел қарқынмен дамып отыр. Кеңес өкіметі химия
өнеркәсібін жедел дамытуға айрықша мән берді. 1 бесжылдық кезеңінде (1929
— 32) химия өнеркәсібінің қазіргі салаларын (синтетикалық аммиак және оны
азотты тыңайтқыштарға қайта өңдеу, органикалық шала өнімдер, күрделі
анилин бояғыштар, синтетикалық каучук, пластмассалар, жасанды талшық, шина
өнеркәсібін) дамытуға материалдық-техникалық негіз жасалды. 30 — 40-
жылдары қазіргі заманғы қуатты химия өнеркәсібі пайда болды. Соғыстан
кейінгі жылдары мұнай-газ шикізатынан синтетикалық этил спиртін өндіру
игерілді. Органикалық синтез заттарын өндіруде мұнай-химиялық шикізатының
үлес салмағы басым болды. КСРО минералды тыңайтқыштар өндіру жөнінен
әлемде 1-орынға, аммиак пен күкірт қышқылын өндіру жөнінен 2-орынға (АҚШ-
тан кейін) шықты. Қазақстанда химия өнеркәсібі жеке сала ретінде алғашқы
бесжылдықтар кезінде қалыптасты. Кеңестік дәуірге дейінгі кезеңде
Қазақстанда Шымкент дермене (сантонин) зауыты (1883), сабын қайнататын,
желім қайнататын ұсақ кәсіпорындар жұмыс істеді. 1930 — 40 жылы Ақтөбе
химиялық комбинат, “Аралсульфат” комбинат, ірі фосфорит кені — “Қаратау”
комбинат, Қарағанды синтетикалық каучук, Қостанай синтетикалық талшық
зауыттары салынды. 1950 — 60 жылдары Қазақстанда осы заманғы химиялық
индустрияның негізі қаланды. Жамбыл суперфосфат, Гурьев химиялық
зауыттары, Шымкент гидролиз және фосфор тұздары зауыттары, Ақтөбе
ферроқорытпа, Шымкент газ-бензин зауыттары іске қосылды. Қазақстан
анорганикалық және органикалық тектегі пайдалы қазынды кеніштеріне бай.
Олар химия өнімінің алуан түрлерін алу үшін шикізат көзі болып табылады.
Сала үшін 1992 — 94, 1998 жылдар неғұрлым дағдарысты кезең болды. 1999
жылдан 2004 жылға дейін химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі айтарлықтай
өсті. 2005 жылы химия өнеркәсібі орындары 54,3 млрд. теңгенің өнімін
өндірді. Қазіргі кезде “Қазфосфат” ЖШС-нің бөлімшесі республикада химия
өнімін өндіруші аса ірі кәсіпорын болып табылады, ол 2005 ж. 83,4 мың т
өнім шығарды, мұның өзі 1995 жылғыдан 1,7 есе, ал 2000 жылғымен
салыстырғанда 5,4 есе көп. 90-жылдардың ортасынан бастап елде илеуіштер,
хромды ангидрид, хром тотығын өндіру қолға алынды. 2005 жылы олардың
көлемі 1995 жылғы деңгейден 1,8 — 2,4 есе асты. 1995 — 2005 жылы
республиканың 5 мұнай-химия кәсіпорны қызметін қалпына келтірді. Бұл
кәсіпорындар таяу шет елдердің өнімдеріне ұқсас полистирол, полипропилен,
резина-техникалық бұйымдар, шина өнімдерін шығарады. 2003 жылы Ақтау
пластмасса зауытында өндіріс жолға қойылды. 2005 жылы пластмассадан
құбырлар мен шлангалар өндіру 2000 жылғымен салыстырғанда 12,9 есе
көбейді. 2005 жылы “Интеркомшина” АҚ камералар, резина бұйымдарын, шиналар
шығару өндірісін іске қосты. Резина-техникалық бұйымдар шығаратын
“Сараньрезинотехника” ААҚ мен “Қарағандырезинотехника” ЖШС кәсіпорындары
тапсырыскерлермен тікелей шарттар бойынша тұрақты жұмыс істеп келеді.
Қазақстан химиясының құрылымында полимерлік химияға қарағанда негізгі
химияның үлесі басым. Еліміздің негізгі химиясы қышқыл, химиялық
қосылыстар, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар өндіреді. Химия-
фармацевтика өнеркәсібі, негізінен алғанда жаңадан құрылып, басқа
салаларға қарағанда жылдам дамуда. Ең үлкен “Химфарм” зауыты Шымкентте
орналасқан. Ол Қазақстандағы дәрі-дәрмектің 35 бөлігін шығарады. Алматы,
Қаскелең, Семей және Павлодарда ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Полимерлер
алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе газ жатады. Ақтау
зауыты полистирол, Атырау зауыты полиэтилен мен полипропилен шығарады.
Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталықтары — Саран (металлургия
үшін конвеер таспаларын шығару) және Шымкент (автомобиль мен а. ш.
техникасы үшін шина жасау). Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп
ұсақтайды да Таразда фосфор тыңайтқышын шығарады. Азот өндірісі Ақтау мен
Теміртауда; күкірт қышқылы ауыр металдардың металлургияның орталықтарында
(Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер); уран алатын орталықтарда (Степногор,
Ақтау), фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтарында (Тараз) шығарады.
Хром қосылыстары зауыты Ақтөбеде орналасқан. Оның өнімдерін негізгі
тұтынушылар — түсті металлургия, тері илеу және лак-бояу өнеркәсібі, ал
шет елдерде АҚШ-тың, Ресейдің, Ұлыбританияның кәсіпорындары.
Іштей химия және мұнай-химия өнеркәсібі болып бөлінеді.
1. Химия өнеркәсібіне жататын салалар:
• кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт,
т.б.)
• негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер,
жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі)
• жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және
пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль,
нитроэмаль, т.б. өндіру)
• химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар,
синтетикалық бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-
фармацевтика
2. Мұнай-химия өнеркәсібіне жататын салалар:
• синтетикалық каучук
• негізгі органикалық синтез өнімдерін өндіру
• резина-асбест өнеркәсібі жатады.
Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы
Осыған орай химия өнеркәсібінің салалық құрылымы 4 топқа бөлінеді, олар:
• кен-химия өнеркәсібі (шикізат — фосфорит, ас және калий тұздарын,
күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы өңдеу)
• негізгі химия өнеркәсібі (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар,
сілтілер, т.б. өндіру)
• полимерлік материалдар өнеркәсібі (синтетикалық шайырлар мен
пластмассалар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук, синтетикалық
бояғыштар өндіру);
• тұтыну қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім (фармацевтикалық
дәрі-дәрмек, жуғыш заттар, фотохимия, парфюмериялық-косметикалық
тауарлар) өндіру. Химия өнеркәсібінің құрамында барлығы 200-ден астам
кішігірім сала мен өндіріс бар, ал оның өнімдерінің түр-түрінің атауы
1 млн-ға жетіп отыр.

Қазақстанның мұнай өңдеудегі негізгі экспорттау бағыттары, мұнай мен газды
игетудегі шет ел компанияларының қызметі

Бүгінде ҚазМұнайГаз – Қазақстан экономикасына елеулі әсер ететін
еліміздегі ең ірі мұнай-газ компаниясы. Ең алдымен біз мұнай өндіру
көлемін ұлғайту, құрлықтағы және теңіздегі өндірістің тиімділігін арттыру
бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Теңіздегі жобалар іске асып жатқандықтан,
Компания теңіз қайраңында шикізат өндіру операциялары барысында қызмет
көрсету саласын және инфрақұрылымын дамытуға күш салып отыр.
Ел үшін стратегиялық маңызы бар жаңа маршруттар жасай отырып, біз
көмірсутегін көп бағытта тарату жүйесін дамытып келеміз. ҚазМұнайГаздың
қатысуымен елімізде бірнеше мұнай-химия зауытын салу жобасы жүзеге
асырылып жатыр, бұл зауыттар негізгі шикізат ретінде Батыс Қазақстандағы
кен орнында өндірілген газды пайдаланбақ.
Қазақстан экономикасының басқа да жапсарлас салалары бір мезгілде қарыштап
дамымайынша, мұнай-газ кешені де дұрыс дамымайды. Осы күні мұнай
құрылғыларын шығаруға байланысты біздің тапсырыстарымызды 20-ға жуық
отандық зауыт орындауда, компания отандық машина жасау саласына осылайша
қолдау көрсетіп отыр. ҚазМұнайГаз-дың даму қарқыны еліміздің мұнай-газ
саласына ғана емес, бүкіл Қазақстанның экономикасына әсерін тигізетіні
сөзсіз.
Компания Қазақстанның мыңдаған азаматын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Сонымен қатар біз ғылыми жобаларды қаржыландырып, кеніштерді игерудің,
мұнай өндірудің инновациялық технологияларын жүзеге асырып келеміз.
Қазақстанның қазіргі даму стратегиясы ҚазМұнайГазды еліміздің мұнай-газ
кешенінің ажырамас бөлшегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ұлттық
жүйемен басқарудың қажетті компоненті, сыртқы экономикалық іс-әрекеттің
белсенді өкілі ретінде қарастырады.

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде 120-ға жуық құрылым анықталған.
Олардың арасында көмірсутегі шикізатының үлкен қоры болуы  әбден мүмкін.
Мамандардың болжамы бойынша, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің
көмірсутегі ресурстары 12-17 миллиард тонна болады.
Солтүстік Каспий жобасының аясындағы алғашқы барлау бұрғылау жұмыстарының
алғашқы нәтижелері – Каспийдің қазақстандық бөлігінің болашағы зор деген
қорытынды жасатып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий теңiзiнiң Қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасында мұнай газ кешенін мемлекеттік реттеу
ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері
Мұнай сферасындағы маркетинг
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқарудың теориялық негізі
Нарықтық экономика жағдайындағы өнім сапасын арттыру және маркетинг
Қазақстан мұнай-газ ресурстарының тиімділігін арттыруды көтерудің негізгі жолдары
Әлемдік мұнай нарығының даму үрдістері
Пәндер