Химияны оқытуда аяушылық технологиясын қолдану және оның артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І.Әдеби шолу. Аяушылық технологиясы туралы түсінік және оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Аяушылық технологиясының негізі мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Дифференциалдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.4 Осы технология арқылы жүргізілетін ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.5 Технологияның көптүрлілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
1.6 Тұлғалық бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ІІ. Тәжірибелік бөлім. Аяушылық технологиясының элементтерін
мектепте химия пәнін оқытуда пайдалану мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... .33
2.1 Маңызды s.элементтер және олардың қосылыстары.
s . элементтердің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.2 Натрий және калий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.3 Мыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.4 Темір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
2.5 Оқушылардың білімін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.
Алдыңғы қатарлы тәжірибелерді жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Оқушылардың жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, мұғалімдер олардың осы талпынысын дамытуға көп көңіл бөлуде.
Педагогикалық теория мен практикада ең күрделі және негізгі проблема- лардың бірі – жеке тұлға, оның дамуы, қалыптасуы және әлеуметтенуі. Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады. Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Сондай технологиялардың бірі – «аяушылық технологиясы» деп аталады.
Аяушылық технологиясын қолданып химия пәнінен сабақ бергенде мына ерекшеліктерді ескерген жөн:
- оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.
- жоғары жетістікке талпыну;
- алынған мәліметті бір- біріне лезде кідіріссіз жеткізу;
- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
- оқушылардың білім көрсеткіштерінің әртүрлі деңгейде болуы;
- тапсырмалардың әртүрлілігі;
Жұмысты орындау барысында жаңа педагогикалық технологияларға арналған Ресейде, Қазақстанда шығарылған еңбектер( оқулықтар, ғылыми – әдістемелік конференциялардың материалдары) қолданылды. Мектепте химия пәнінен сабақ беру барысында осы технология бойынша сабақ жоспарлары жасалып, құрылған жоспарлар бойынша қажет дидактикалық және көрнекілік әдістемелер жасалынды.

1. Чошанов М.А. Дидактический конструктирование гибкой технологии обучения. Педагогика, 1997.- №2.-С.17-20.
2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. М., 1989.
3. Кларин М.В. Инновация в мировой педагогике.-Рига, 1995.
4. Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процесса. – Волгоград,1995.
5. Лихачев Б.Т. Педагогика. – М.,1992.
6. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.,1998.
7. Саавельев А.Я. Технология обучения и их роль в реформе высшего образования в России. 1994.- №2.-С.29-37.
8. Бордовская Н.В, Реан А.А. Педагогика.- М., 2002.
9. Под.ред.. Степанова Е.Н. «Т.Ц. Сфера». – 2003.
10. Бондаревская Е.В. Гуманитическая парадигма личностно – ориентированного урока // Завуч. 2001. №3.
11. Горелик И.Ф, Степанова Е.Н, Характерные черты личностно – орентированного урока // Завуч. 2001. №6.
12. Машарова Т.В. Педагогическая технология : личностно ориентированного обучение. М.,1999.
13. Роджерс К. Становление личностни. М., 2001.
14. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М., 1998.
15. Строкова Т.А. Педагогическая поддержка и помочь в современной образовательной практике// Педагогика. – 2002.-№4.
16. Богданов Н.А. Возможности реализации личностно – орентированного подхода при обучении биологии в профильной школе. Сборник материалов Vмеждународного методологического семинара, 22-24 ноября 2005 года, Выпуск 4, Часть 1 Санк-Петербург. – СПб.: Изд-во «Тесса», 2005.- с.289-291
17. Кабаян Н.В., Кабаян О.С. Использование личностно – ориентированных технологий в учебно – воспитательном процессе по биологии. Сборник материалов VІІ международного методологического семинара, 20-22 ноября 2007 года, Выпуск 6, Санк-Петербург. – СПб.: Изд-во «Тесса», 2007.- с.111-114.
18. Хьелл., ЗинглерД. Теорий личности. СПб., 1997.
19. Якиманская и., Якунина О. Личностно-ориентированного урок: планирование и технология поведение // Директор школы.-1998.-№3.
20. Ярулов А.А. О построении учебных занятий на основе индивидуально – ориентированного подхода // Завуч. -2000.-№3.
21. Викторова Л.П. Ценности личности в методолгии естественнонаучного университетского образования.
22. Химия 10-шы сынып оқулығы. Н.Нұрахметов, Қ.Бекішов, Н.Заграничная. Мектеп баспасы. Алматы.,2006 - 336б.
23. Оңғарбаева Ж.., Баешова А К. Аяушылық технологиясының элементтерін мектепте химия пәнін оқытуда пайдалану мүмкіндіктері // Азаматтық қоғамның жарқын қалыптасуына Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ғылым әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясының тезистер жинағы.-Алматы., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,18-21сәуір,2011.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия факультеті
Жалпы химия және химиялық экология кафедрасы
Бітіру жұмысы
Қорғауға жіберілді:
Жалпы химия және химиялық экология
кафедрасының меңгерушісі
х.ғ.к., доцент
Төреғожина Ж.Р.
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА АЯУШЫЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН
КЕМШІЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
050112 – Химия білім беру мамандығы бойынша
Орындаған 4 курс студенті Оңғарбаева Жадыра
Алғабасқызы
Ғылыми жетекшісі
х.ғ.д., профессор
Баешова А. Қ.
Норма бақылаушы
аш.ғ.к., доцент
Рыспеков Т.Р.
Алматы,2011
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы 52 бет көлемінде жазылған екі бөлімнен(теориялық және
практикалық), , оның ішінде сурет, кесте, 33 атаудан тұратын әдебиеттер
тізімі бар.
Жұмыстың өзектілігі: Қоғамның экономикасын әлемдік деңгейге көтеру
білім беру жүйесін дамытуға тәуелді. Мұны Қазақстан Республикасындағы –
білім және ғылым атты ақпараттық-статистикалық материалдар жинағына енген
Елбасының ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері
анық деген ойы нақтылай түседі. Осы ретте Қазақстан Республикасы, әсіресе,
тәуелсіздік кезеңінен соң әлемдік деңгейден артта қалмау үшін білім беру
жүйесінде – әлемдік білім деңгейіне көтерілу, оқытудың жаңа әдістерін
қолдану сияқты маңызды, әрі түбегейлі жаңаша міндеттер қойып отыр. Ел
президенті Н. Назарбаев Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде
сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз деп қолдау көрсетті.
Сондықтан осындай талаптарға сай оқушыларға білім беру еліміздің
мемлекеттік білім беру саясатының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: еліміздегі химияны оқытудағы аяушылық технологиясын
пайдалана отырып теориялық және практикалық білімдерін ұштастыра білетін
жеке тұлғаны қалыптастыру.
Зерттеу нысандары: орта мектепте химия пәнін оқыту үдерісі.
Зерттеудің пәні: орта мектеп химия курсын оқыту кезінде аяушылық
технологиясын пайдалану үрдісі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
• мектеп химия курсын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері және оқыту
мазмұнын құрастыру тәсілдері анықталды;
• орта мектепте оқылатын химия пәні бойынша кәсіби бағыттағы тапсырмалар
жүйесі құрастырылып, оларды оқыту үрдісінде пайдалану әдістемесі
жасалды.
ГЛОССАРИЙ
Технология сөзі – techne-өнер, шығармашылық, logos- ілім деген
мағынаны білдіретін грек сөзі.
Білім беру технологиясы - оқу процесін жоспарлау, оқушылардан тест
алу және білім беру жүйесі ретінде мектеп іс-әрекетін басқару үшін жүйелі
тәсіл мен ілеспелі тәжірибелік білім жиынтығын құру.
Дифференциация - біртұтасты бірнеше бөліктерге, формалар және
сатыларға бөлу, бөлшектеу деген мағынаны білдіреді.
Жеке тұлға - қоғам мүшесі ретінде, өзіндік өмір сүру бейнесіне сай
жеке құқыққа, танымдық қасиетке ие, өздігінен іздену арқылы білім мен
білікті жетілдіріп, ұдайы даму үстінде болатын жан.
Бақылау - кең келемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді.
Бақылау оқыту процесінде оқушы-лардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін
атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау - оқытудың қүрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау,
бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным
әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай
дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік
пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І.Әдеби шолу. Аяушылық технологиясы туралы түсінік
және оның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...4
1.1 Аяушылық технологиясының негізі мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ..4
1.2
Дифференциалдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Жеке тұлғаға бағдарланған
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.4 Осы технология арқылы жүргізілетін
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.5 Технологияның
көптүрлілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..24
1.6 Тұлғалық
бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...29
ІІ. Тәжірибелік бөлім. Аяушылық технологиясының элементтерін
мектепте химия пәнін оқытуда пайдалану мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ... .33
2.1 Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары.
s - элементтердің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.2 Натрий және
калий ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 36
2.3
Мыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.4
Темір ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.5 Оқушылардың білімін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
Кіріспе
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де
батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс
қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп
қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты.
Мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның қалыптасуын
қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын
қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып
табылады.
Алдыңғы қатарлы тәжірибелерді жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-
тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын
қамтамасыз етуі керек. Оқушылардың жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі
келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, мұғалімдер олардың
осы талпынысын дамытуға көп көңіл бөлуде.
Педагогикалық теория мен практикада ең күрделі және негізгі проблема-
лардың бірі – жеке тұлға, оның дамуы, қалыптасуы және әлеуметтенуі. Білім
беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ
жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін
анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру
мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі
көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны оқыту формасы мен
әдістері бойынша анықталады. Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық
әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар
– жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Сондай технологиялардың бірі
– аяушылық технологиясы деп аталады.
Аяушылық технологиясын қолданып химия пәнінен сабақ бергенде мына
ерекшеліктерді ескерген жөн:
- оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.
- жоғары жетістікке талпыну;
- алынған мәліметті бір- біріне лезде кідіріссіз жеткізу;
- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
- оқушылардың білім көрсеткіштерінің әртүрлі деңгейде болуы;
- тапсырмалардың әртүрлілігі;
Жұмысты орындау барысында жаңа педагогикалық технологияларға арналған
Ресейде, Қазақстанда шығарылған еңбектер( оқулықтар, ғылыми – әдістемелік
конференциялардың материалдары) қолданылды. Мектепте химия пәнінен сабақ
беру барысында осы технология бойынша сабақ жоспарлары жасалып, құрылған
жоспарлар бойынша қажет дидактикалық және көрнекілік әдістемелер жасалынды.
1. ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1 АЯУШЫЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аяушылық технология басқа технологиялармен салыстырғанда мейлінше
үнемді, оқушылар мен оқытушылардың энегияларын үнемдеуге бағытталған, міне
сондықтан аяушылық технологиясы деп аталады. Оның негізін қазіргі заманда
жеңілдетілген, аяушылыққа бастаған, жеке тұлғаға бағытталған,
дифференциалданған және т.б оқытудың көптеген бағыттарын, жүйелерін,
модельдері мен өзгерістерін дамытатын жеке тұлғаға бағдарланған оқыту
идеясы құрайды.
Бұл технологияда оқыту мен тәрбиелеу оқушыдан дамиды. Ол өзінің
талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған педагогикалық
процестің дәл ортасында. Яғни, мектеп пен мұғалім оқушының талаптарын
жүзеге асыру мақсатында оқушының маңында жүруге тиіс. Оқушы өз бетінше
оқу пәндерін таңдауға, оларды игеру деңгейін (бастауыш, орта, жоғары)
бекітуге, өз талаптарына, күші мен мүмкіншіліктеріне сай оқуда өзінің
ырғағы бойынша жылжуға, баға үшін не мүлдем бағасыз оқуына, өзіне көмекші
ретінде мұғалімдерді шақыруға мүмкіншілігі бар. Оқыту мерзімдері де
шектелмеген. Бір сөзбен айтқанда, жеке қызығушылығы, таңдауы және жекелеген
жауапкершілігі үстемдік етеді. Аталмыш технологияның мәнісі осында.
Кеңестік жүйеде бұл технология біздің мектеп үшін мүлдем жарамсыз
еді, алайда нарық әлемінде оны жүзеге асыурға болады. Сонымен қатар, дәл
осы нарықтық қатынастар көмегімен аяушылық технологиясы өмірге оралды,
осында ол өзінің дамуына қажетті жерді тапты. Дифференциалданған қоғамда
міндетті түрде мектептен өз таңдауларын жүзеге асыруды талап ететін
тұтынушылар қатары пайда болады. [1]
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы жайлы жаңа
тапсырмаларды шешу тәсілдері барысында, 90-жылдардың басында айтыла
бастады. Оның жасаушылары өз көзқарастарын тез арада Батысқа бұрды және
сонда жеке тұлғаға бағдарланған оқытуды меңгерді. Социализмнің күйреп
жатқан шағында негізгі және салмақты шешімдер қабылдауға ешкім де дайын
емес еді. [2]
Бірақ, буржуазиялы қоғамның жеке тұлғаға бағдарланған педагогикасы
мұндай қақтығыстарға төтеп бере алды. Тек бірнеше жылдан соң ғана біз оның
ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін, қолданылу аясын түсіне бастадық.
Бүгінде аяушылық технологиясы отандық педагогика саласында толыққанды
дәрежеге ие және де басқа технологиялар сияқты сұранысқа ие болды.
Оның ерекшеліктерін талқылап алайық. Дербес оқыту оқушының даралық
біліміне негізделеді және оның сұраныстарын жоғары дәрежеде қанағаттандыру
мақсатында қолданылады. Бұл жағдайдың 1-ші бөлімі бізге жақсы таныс. Егер
мұғалім оқушыны неғұрлым көп бақылауға алып тәрбиелеуге тырысса, ол сол
оқушы туралы соғұрлым көп білуі тиіс. Отандық педагогикада оқушыны көп
қырлы, дамыған тұлға етудің басты қажетті атрибуты болып оның дұрыс
тәрбиеленуі жатады. [3]
Жеке тұлғаға бағдарланған педагогиканың негізгі мәні оның 2-ші
бөлімінде, яғни баланың қажеттіліктерін, талаптарын қанағаттандыру
мақсатында тануда көрінеді. Оны былайша түсінуге болады: өзінің оқу
мақсатын оқушы өзі анықтайды, ал біз, педагогтар оның ниетін іске асыру
жолында көмекші реттінде ғана жумыс.
Сізге аяушылық технологиясын кәдімгі академиялық оқытудың оңайлатылған,
жеңілдетілген жолдармен алмастыру екендігі түсінікті болды. Ғылымдардың
терең және түсінуге қыйын мазмұнын Аяушылық технологиясы білімнің әртурлі
саласын үйренумен алмастыруға тырысады, бұл кезде ителектті дамытуды, ақыл-
ойды тәрбиелеуді, рухани негізді қалыптастыруды міндетіне алмайды.
Әрқашанда мектеп ақыл-ойды қалыптастыруға міндетті болатын. Ал еңбек
сабақтарында түйме қадау, құстардың суретінн салу, ноталарды көшіріп жазуы
музыкаға қабілетті жоқ оқушылардың еңбек сабақтарында бос отыру, тағы
басқа мектепке енгізілген керек емес сабақтар ақыл-ойды қалыптастыруға
қызмет атқарама ма? [4]
Бұрын мектепке білім алу үшін келетін, бұл білімді ол басқа ешжерде ала
алмайды. Ал тамақ дайындау, іс тігу, тоқу, үй жинау, жәшіктер жасауды оқушы
басқа жақта да үйрене алады.
Педогогикаға және мектепке жеңілдету вирусы жұққанша балаларды терең
және шындап ойлануға үйренетің. Уйрену еңбегін басқа ешқандай еңбекке
ауыстыруға және оны жеңілдетуге болмайтын. Миды жаттықтырмай ойлануға
үйретуге болмайды. Ал егер ойланудың орнына, ақыл-ойды қалыптастырудың
орнына мектеп ойындармен, пікір-таластармен шұғылданса, балаларда ойлау
қабілетінен басқа әртурлі қасиеттер дамиды.
Аяушылық технологияға қарсы педагогтар осылай ойлайды. Ал бірақ бұл
технологияны білу қажет, себебі ол нарыққа қажет. Аяушылық технологиясының
тетіктерін қарастырар алдында оқушыға ойындар, пікір-таластар, еңбекке
балу, жеке тұлғаға бағыттап оқыту қажет екенін дәлелдеп көру қажет [1].
Мысалы, американдық ғалымдар даралауды (индивидуалдау) а) оқудағы
тәуелсіздікте; б)оқыту жылдамдығын түрлендіруде; в) оқытудың мақсаттары мен
әдістерін өзіндік қолдануда көрінетін оқу стратегиясы ретінде қарастырады.
Француздық педагогикада даралық және дараланған ұғымдарының аражігі
айқын жіктелген. Немістік педагогикада даралау дифференциалдаудың дербес
көрінісі ретінде қарастырылған. Ағылшын зерттеушілері тапсырмаларды беруде
оқушының қабілеттерін ескерген жөн деп есептейді. Даралауды іске асыруда
қол жеткізген табыстарға сүйеніп алдағы оқыту қызметін дұрыс жоспарлау
керек.
Индивидуалды әдістеме дараланған күйде – жеке оқушылардың
ерекшеліктерін ескеріп және оқытуды дифференциалдауда – даралық
ерекшеліктері шамамен бірдей дамыған оқушыларды топшаларға бөлу негізінде
жүзеге асырылуы мүмкін.
Сонымен, индивидуалды әдістеменің яғни, жеке тұлғаға
бағдарланған оқытудың 1-ші бөлімі өзгеріссіз қалмақ. Кейінгісі – не үшін? –
деген сұраққа жауап беруге байланысты болады. Оған көмектесу үшін жалпы іс-
әрекеттің педагогикасы жауап береді; ал, бейімділікті, қабілеттерді,
оқушының дарынын дамытуда арнайы дербес педагогикалық әдістеме жауап бере
алады. [5]
Ал, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мен тәрбиелеу технологиясында
оқушыны танып-білу не нәрсеге бағытталады деген сұраққа қалай жауап беріп
көрейік?
1.2 ДИФФЕРЕНЦИАЛДАУ
Әлемдік және отандық педагогикада жекелеу, яғни өзгеше қасиеттермен
ерекшелену дифференциалдаумен (бөлшектенумен) тығыз байланыста. Кейінгі
түсініктер бойынша дифференциалдау әр оқушының мектепте не бір сынып ішінде
оқитын топтардың немесе оқушылардың жеке ерекшеліктерін,
бейімдеушіліктерін, қызығушылықтарын және т.б ерекшеліктерін есептеуге
бағытталған ұйымдастырушылық және әдістемелік әрекеттерді қамтиды. Не үшін?
Ерекшеленген бірлестіктердің оқытуын ұйымдастыру мақсатында оларды сыныптар
(топтар, кіші топтар) бойынша, бағдарламалар бойынша және т.с.с бөлу үшін.
Дифференциалдау оқушылардың оқытуда маңызды кейбір ортақ
қасиеттерінің (қызығушылықтарын, бейімдеушіліктерін, дарындылықтырын,
қабілеттерін және т.б) бар екендігін мойындауға негізделген.
Дифференциалдаудың практикалық мақсаты – оқушылардың белгіленген
қасиеттеріне бейімделу мақсатына жетудің жолдарын тудыру. Мысалы,
математикаға бейім оқушылар үшін – арнайы бағдарламалар бойынша процесті
ұйымдастыру. [1]
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде жекелеу - ең алдымен оқу процесін
ұйымдастырудың формасы ретінде қарастырылады, сонымен бірге оны әдіс, тәсіл
тіпті технология ретінде де қарастырады. Мұнда елеулі айырмашылық біреу
ғана – бөлінгендерді кез-келген белгілері бойынша топтарға немесе шағын
топшалар бойынша ерекшелеу (бөліп алу). Ең негізгі көрсеткіш ретінде оқу
үлгерімі, оқу сипаты (оқытудың қарқындылығы, потенциалды мүмкіншіліктер)
және нақты қасиеттер – бейімдеушіліктер, қызығушылықтар, пәнді үйрену
қабілеттіліктері және т.б олардың ары қарайғы дамуы – дифференциалды
оқытудың мақсаты болып табылады.
Ертеректе дифференциалды оқытуды орта мектептегі жоғары сыныптардың
бағдарламалары мен оқу жоспарын бөлу деп түсінген. Мектепті өзгертудің
жолдарын іздеуде біздің өткен ғасырдағы әріптестер үлкен үмітті осы
дифференциалды оқытуға жүктеді, себебі ол барлығын бірдей оқытудан басқа,
білімнің гуманистік бағытын күшейтеді, оқуға салынған артық салмақты
төмендетіп, оқушылардың ерекшеліктерін, мүмкіншіліктерін және
қызығушылықтарын ескеруді қамтамасыз етеді деп сенді.
Қазіргі педагогикада дифференциалдауда оқу процесінің кез-келген
параметрінің өзгеруі деп түсінуге болады. Дифференциалдауды: 1) оқушылардың
барлық мүмкін болатын жеке қасиеттерін есепке алу; 2) оқу бағдарламалары
мен жоспарлары; 3) Ұйымдастырушылық формалар, әдістер; 4) оқу орындарының
деңгейлері мен типтері; 5) онда жұмыс жасайтын педагогтарды; 6) оқу
процесінің материалды техникалық қамтамасыз етілуі; 7) оқу процесін
қаржыландыру, оқу ақысы және басқа да көрсеткіштер негізінде жүргізеді. Іс
жүзінде нарықтық әлемдегі барлық білім дифференциалданған болады. [6]
Біз сыныпты дифференциалдау туралы айтамыз, яғни қарапайым (арнаулы емес)
мектепте тапсырылған өнімді алу және оқыту мақсатына тиісті жағдайларды
жасау үшін мұғалім не істеу керектігі туралы айтылады. Сыныпты
дифференциалдауды жүзеге асыруда оқушыларды топтар мен топшаларға бөлуде
оқитын балалардың жеке даралық қасиеттерін ескеріп қана қоймай оларды
оқытатын мұғалімдерді де қарау керек, себебі оқыту – міндетті қарым-
қатынасты яғни оған қатысатын субьекттердің өзара құбылысын қарастыратын
процесс. Практикада дифференциялдық топшаларға бөлу даралық ерекшеліктер –
дайындық деңгейі, өзіндік сенімі, назары, түйсігі, қабылдауы, оқу
қызметінің ерекшеліктері негізінде жүзеге асады. Мұндай топшалар әрқашан
бірыңғай емес, олардың алдыға қойылған мақсаттарды игере алатындай дәрежеде
болмауы мүмкін, сондықтан ұстаздар оқушылардың аса биязы ерекшеліктерін
назардан тыс қалдырмаулары керек. Мен қарастырған оқыту диагностикасы
педагогты оқытудың көрінбейтін аймақтарын түсінуге бағыттайды.
Дифференциалдаудың мақсаты мен мәнін тек оқытушы ғана түсінеді. Бірақ
топшалар ерекшеленген. Оларға оқу процесін ұйымдастыруды және оның мазмұнын
қайта жасауды қамтитын көлемі бойынша және күрделілігі әр түрлі қызметтер
жасалады. 1) Ұйымдастыру формаларының өзгеруі; 2) оқылатын материалдың
деңгейін таңдау; 3) вариативті оқу жоспары, сан қырлы бағдарламалар және
оқулықтар бойынша жасалған оқыту мазмұнын іріктеу; 4)оқу процесіне қажетті
әдістемелік құралдар жасалуы тиіс.
Бұл жерде дифференциалды оқыту жеке тұлғаға бағдарланған оқытуға жақын
келеді. Оны сонымен қатар жеке тұлғаға бағдарланған оқыту деп те атауға
болады. [7]
Дифференциалдау мен даралаудың арақатынасы қандай? Даралау көбіне
әдістемелік тұрғыға сай келсе, дифференциалдау – оқыту процесінде жеке
тұлғаның даралық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Кейде даралауды оқытудың
мақсаты ретінде, ал дифференциалдауды сол мақсатқа жетудің жолы ретінде
қарастырады.
Отандық мектептер дифференциалдық оқытуды ұйымдастыра ала ма? Иә,
ұйымдастыра алады, алайда біз қалағандай жоғары дәрежеде емес. Дегенмен,
дифференциалды оқыту туралы әңгімелер педагогикалық беттерден түскен емес.
Дарынды балалардың топшалары жеке пәндерді тереңдетіп оқыту үшін жасалуда.
Ауылдық шағын комплектілі мектептерде дифференциалды оқытуға көшу қиынға
түсуде. Ол үшін арнайы даярланған мұғалімдер, бағдарламалар, ғимараттар
және қаржыландыру жолдары қажет. Бір сөзбен айтқанда, баланың
қабілеттіліктерін ескере отырып оған көмек беру көбіне нәтижесіз аяқталуда
[1].
Бүгінде дифференциалды оқыту нарықта жаңа қарқынмен дамуда.
Дифференциалдаудың негізгі деңгейі мен сипатына байланысты арнайы оқу
орындары дамуда.
Дифференциалды оқыту төмендегілерді қарастырады:
1) Әр түрлі деңгейге байланысты ұйымдастыру формалары өзгерту;
2) Материалды (пәнді) оқытудың деңгейлерін таңдау;
3) Оқытудың мазмұнын іріктеу, вариативті оқу жоспарларын, әр деңгейдегі
бағдарламалар мен оқулықтар құрастыру;
4) Оқу процесіне сәйкес келетін әдістемелер жасау;
5) Барлық жауап дұрыс.
Дифференциалдау мына негізде жүзеге асырылады:
1) Оқу-тәрбие процесінің кез-келген параметрін өзгерту;
2) Оқушылардың даралық ерекшеліктерін есепке алу;
3) Оқу бағдарламаларын және жоспарларын түрлендіру;
4) Білімнің барлық мүмкін болатын деңгейлерін ерекшелеу;
5) Оқу орындарының типтерінің өзгеруі;
6) Ұйымдастыру формаларының, әдістерінің өзгеруі;
7) Онда қызмет жасайтын педагогтарды таңдау, сұрыптау;
8) Оқу процесін материалды-техникалық жабдықтау;
9) Процесті қаржыландыру, оқу ақысын өтеу;
10) Барлық жауап дұрыс.
Индивидуалды-дифференциалданған оқыту
Батыстық теоретиктер оқытуды ұйымдастырудың өзгертілген нұсқасын
ұсынды. Даралауды индивидуалды дифференциалдаумен біріктіре отырып, олар
индивидуалды-дифференциалдау деп аталатын серіктестік және аяушылық
технологиясының арасында ағымдық жағдайға ие оқыту түрін тапты.
Индивидуалды-дифференциалды оқыту арқылы мұғалімнің оқушылардың топтарына
бағыт-бағдарымен, көлемімен, мазмұнымен, әдістерімен ерекшеленетін оқытудың
дәстүрлі емес ұйымдастырылуын талап ететін өзге әдістемесін түсінуге
болады. Атап өту керек, белгілі регламенттеуге сүйенбейді, түрлі мазмұн,
деңгей, әдістер, міндеттілік, бірдейлілік, бірсарындылық жойылады. Іс
жүзінде бір мектепте, бір сыныпта әркім өзінің қажеттіліктері мен
мүмкіншіліктеріне сай деңгейде оқи алады, әркім өз мақсатын көздейді.
Қызығарлықтай емес пе?
Практикалық тұрғыда осындай оқытуды сыныпта 20-30 оқушымен мұғалім қалай
ұйымдастыра алады, соны шешуіміз керек. Өйткені, одан бағдараламалық
материалдарды сәтті игеруге, әр баладан танымдық күштер мен
қабілеттіліктерді дамытуға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттер жүйесі
талап етіледі. Осы талаптардың ішінен автоматты түрде дифференциалдау,
оқушылардң жеке қабілеттерін есепке ала отырып жаппай жүргізуді ұйымдастыру
формалары, әдістердің және жалпы оқу бағдарламаларының негізінде оқу
материалын түрлендіру алынып тасталынады.
Индивидуалды-дифференциалды оқытудың практикада іске асырылуы әзірге
мардымды нәтижелер бере қойған жоқ. Сыныптарды тек оның жеке элементтері
ғана іске асырылуда. Сонымен, оқытуды дифференциалдау баланың пәнге деген
қызығушылығын арттырып қана қоймайды. Нәтиже оқушының қызығушылығының,
бейімділіктерінің, қабілеттерінің, дайындық деңгейінің және басқа да
маңызды факторлардың қалыптасуына байланысты болады. Ал мысалы,
тереңдетілген оқыту болса дифференциалдау қарастырылған жүйеге мүлдем
келмейді.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда ең алдымен танымдық қызметтердің
формалары мен әдістері, яғни үрдістің технологиялық жағы өзгеруі тиіс
екендігі түсінікті. Қызмет формаларының келесідей түрлері бар: жалпы
даралық сипаттағы; жалпы ұжымдық сипаттағы; топтық ұжымдық сипаттағы;
дифференциалды-топтық; индивидуалды; жұптық. Дифференциалдаудың негізінде
үштік шарт қалыптасқан: 1)оқытумен қамтылған оқушылар саны; 2)қарым-
қатынас(коммуникация); 3)басқарушылық іс-әрекеттер. Осы қызметтердің
әртүрлілігін қарастырайық. Жалпы дарындық сипаттағы форма бірдей дәрежедегі
дайындық деңгейіндегі оқушыларға арналған. Барлығы бір темпте жұмыс
жасайды. Барлығына бірдей оқу материалы ұсынылады. Мұғалім оқу материалының
мазмұнын түсіндіргенде жеке оқушылардың көбінесе (топшалардың)
ерекшеліктерін ескереді. Бұл оқыту қызметі ұжымдық емес, себебі әр оқушы іс
жүзінде сыныптастары мен мұғалімнің аз ғана көмегімен өзі меңгереді.
Жалпы ұжымдық сипаттағы формасы қойылған мақсатқа жетуде оқушылар бір-
біріне көмектесу арқылы оқу материалын меңгереді. Оның басты белгілері –
мақсаттың, бағалаудың, оқытушы мен оқушы арасындағы бірлестігінің болуы.
Бұл жалпы форма ұжымдық ақылдасу мен ортақ шешім қабылдауды қажет ететін
проблемаларға толы оқу материалы болғанда ғана тиімді.
Ұжымдық сипаттың топтық формасы проблеманы шешуде өзара әрекет жасауға
негізделген және практикалық сабақтарда бұл форма рационалдаудың
элементтерін дифференциалды топшаларда әр типті тапсырмаларды орындауға
мүмкіншілік жасайды.
Дифференциалдық топтық жұмыс-оқу қызметін оқушылардың шынайы
мүмкіншіліктерін, олардың танымдық қызметінің даралық ерекшеліктерін ескере
отырып ұйымдастыруды қарастырады. Тапсырмалар көлемімен емес
құрастырылуымен ерекшеленеді. Белгілі тапсырмаларды орындау барысында әр
топшаның өзіндік жұмыс істеу ырғағы қалыптасады.
Даралық форма – бұл оқу тапсырмаларын өз бетінше орындау болып табылады.
Оқытушы күрделілігі әр түрлі тапсырмалар жүйесін жасайды. Оқушылардың өзара
ақылдасуы мұнда болмайды. Бұл форманың өзгешелігі болып оның топ ішіндегі
жұмыс темпін төмендетпей жеке оқушылардың оқу қызметін қалыптастыру болып
табылады.Ол дарынды балалар мен әлсіз оқушыларға арналған.
Жұптық форма – бұл бір тапсырманы білім деңгейі әр түрлі екі оқушының
шешуі. Мұндай әріптестік білім деңгейін бақылауда, дағдысын тексеруде
тиімді. Жұптық жұмыста ешкімнің білім деңгейі төмендемейді деп саналады.
Оның тиімді жақтары - білімді тереңдетеді және қорытындылайды, әлсіз оқушы
жолдасынан материалды жылдам игереді.
Аталған формалар оқу үрдісінде жиі қолданыла бермейді. Оқу қызметінің
формаларының бірлестігі төмендегілерге байланысты.: 1)оқыту мақсатына;
2)білімнің көзіне; 3)әдістерге; 4)оқушылардың жас ерекшеліктері мен
дайындық деңгейіне; 5)оқу материалының күрделілігі мен жаңалықтарына;
6)оқушылардың мүмкіншіліктеріне; 7)оқу қызметінің жағдайларына[1].
1.3 Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту
Батыста педагогикалық ойлауды дамытудың өзіндік қорытындысы ретінде
жеке тұлғаға бағдарланған оқыту орын алды. Ол түрлі өзгерістерге ұшырай
келе 1)білім берудегі еркін таңдау, яғни азаматтардың өз таңдауына ерік
беру; 2)азаматтардың талаптарын, сұраныстарын қамтамасыз ететіндей дәрежеге
жетуі, яғни нарықтық жағдайдағы білімнің қалыптасуы; 3)адам ең басты
құндылық ретінде қарастырылатын ізгіліктендіру идеяларын тарату; 4)өмірлік
мақсаттарын, стратегиясын, ниетін жүзеге асыруға мүмкіншілік алатындай
әрбір адамның талаптарына толығымен жауап беретін өзіндік технология болып
қалыптасты. [8]
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту оқу-тәрбие процесінде оқушыны саналы,
белсенді, тең дәрежедегі құқылы етуді бекітеді. Ол өзінің мүмкіншіліктеріне
сай дамиды, ал оның мақсаты – әр оқушыны өнерпаз етіп тәрбиелеу. Осының
барлығы жеке тұлғаға беғдарланған гуманистік педагогиканың принциптерінде
ғана жүзеге асырылады. Оның айрықша принциптері:
• психологиялық, физикалық, интеллектуалды, моральдық және басқа да
даралық артықшылықтардың ақпарат көлемін игеруде, белгілі білімнің,
білік пен дағдының қалыптасуының орнына ығысуы;
• кез-келген оқу немесе өмірлік жағдайларда дәйекті, жүйелі таңдау жасай
алатын еркін, өз еркімен қорытынды жасап әрекет жасауға дайын тұлғаны
қалыптастырудың күшін жинақтау;
• оқу-тәрбие процесін қайтадан сәтті бағдарлау үшін тиісті қаржылық және
ұйымдастырушылық жағдайлармен қамтамасыз ету; [9]
Гуманистік жеке тұлғаға бағдарланған педагогика мектептің және
оқытушылардың оқушыларға бейімделуін, олар үшін жайлы атмосфера құруды
талап етеді.
Гуманистік педагогиканың батыстық практикасы жеке тұлғаға бағдарланған
қызметтің нақты формалары мен әдістерін ұсынды. Олар:
1) оқу-тәрбие қызметініңі дифференциалдануы;
2) оқыту мен тәрбиелеу процестерін индивидуалдау;
3) әр тәрбиеленушінің қабілеті мен бейімділігінің дамуы үшін қолайлы
жағдайлар тудыру;
4) біртекті белгілері бойынша қосылған топтарды, сыныптарды қалыптастыру;
5) оқу-тәрбие қызметінің қолайлылығы;
6) қоғамдық қауіпсіздік, оқушыларды қорғау;
7) оқушыға, оның күшіне, мүмкіншіліктеріне сену;
8) оқушыны қандай болса сол қалпында қабылдау;
9) оқыту мен тәрбиелеуді жетістікке жетелеу;
10) оқу процесінің, мектептің мақсаттық бағытын өзгерту;
11) әр оқушыны дамыту деңгейінің тиянақтылығы;
12) оқытудың сырттай болуына мұғалімдермен рухани кездеспеуге жол бермеу;
13) ұстаздың ішкі тұлғалық нұсқауларын бағдарлау;
14) гуманитарлық білімді күшейту. [10]
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының идеяларын қалыптастыруда
американдық психолог, педагог К.Роджерс айтарлықтай үлес қосқан. Оны
дәстүрлі оқытудың көптеген тұжырымдары қанағаттандырмаған, мысалы:
• Ұстаз біліммен сусындаған, ал оқушы тек сол білімді игеруді күтеді.
• Басты элементтер – сабақ және емтихандар. Сабақ – басым форма, ал емтихан
игерілген басым білім деңгейін анықтайды.
• Мұғалім жетекші, ал ол оқытатын оқушылар соған бағынушы. Екеуі де оқу
жоспарына бағынады. Бақылау әрдайым төменге бағытталған.
• Мұғалім – процестің маңызды фигурасы. Мейлі ол ойсана немесе әміршіб
болсын, сонда да – ол орталықта.
• Оқушылар мен ұстаздар арасында аз сенім өте аз мөлшерде. Мұғалім оқушының
әрдайым бақылаусыз өз бетімен жұмыс істей алатындығына сенбейді. Ал оқушы
ұстаздың құзыреттілігіне және әділетті екендігіне сенбейді.
• Мұғалім озі оқытатын оқушыларды басқару, жетекшілік ету, қорқыныш
сезімінде ұстау керек деп сенеді. Қазір бұрынғыдай жазалаушылықтар жоқ
болғанымен,бұқаралық сынау айту, мазақ ету одан да күшті әсер етеді. Ол
қорқыныш білім деңгейлеріне аяқ басқан сайын үдей түседі, нәтижесінде
оқушы көп нәрсені жоғалтады.
• Оқитындар білімнің не мақсатын, не мазмұнын, не әдістерін анықтамайды
және оқытушыны таңдауға құқығы жоқ. Мұғалім де сол сияқты дауыс бере
алмайды.
• Мектеп жеке тұлғаны қалыптастыру үшін емес, интеллект қалыптастыратын
орын.
Дәстүрлі білім беру моделінің орнына К.Роджерс PCA (Person Centered
Approach – жеке тұлғаға шоғырландыру) деп аталған 9 негізгі тұжырымдамадан
тұратын жаңа модель ұсынды:
1. Ең негізгі шарт: айтарлықтай сыйлы және оқушыларын да түсіну үшін,
олардың әрқайсысының өзі үшін оқып жүргендігін білу үшін оларды дәл
өзіндей сыйлайтын фацилитатордың (жеңілдеткіш, үдеткіш) болуы. Егер осы
шарт орындалса РСА моделінің қалған аспектілері де орындалатын болады.
2. Фацилитатор өзгелермен оқыту мен тәрбие беру жолдарын бөліседі.
3. Мұғалім өзінің тәжірибелерімен жетекшілік етеді
4. Оқитындар өзінің жеке бағдарламасын өз бетімен немесе басқалармен
бірлесе отырып дамытады. Ол жеке өздік оқу бағытын таңдайды және сол
таідауына жауапкершілікпен қарайды.
5. Сыныпта бірте-бірте оқытуды жеңілдететін климат орнайды. Бастапқыда
барлығына фацилитатор жетекшілік жасайды. Кейін уақыт өте келе оқушылар
өздері соны қолдайтын болады. Өзара оқыту басым бола бастайды.
6. Барлығы мазмұны екінші жоспарға қалған ағымдық оқу-тәрбие процесін
қолдауға бағытталған. Нәтиже оқып жатқан оқушылардың алға басқан айқын
қадамдарынан көрінетін болады.
7. Өзіндік тәртіп сыртқы тәртіпті алмастырады.
8. Оқушылар топтағы өзге мүшелерден және педагогтан ақпарат ала отырып өз
білімдерін өздері бағалайды.
9. Мұндай жайлы, қолайлы жағдайларда оқу-тәрбие процесі мейлінше жылдам
және терең үдеуге бет алады және өмірмен тығыз байланыста яғни оқытудың
бағыты жеке таңдау болатындай, ал жеке тұлға (оның сезімдерімен,
бейімділігімен, интеллектісімен) толығымен өзіндік дамуынна
бағытталған.
Гуманистік жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиелеуде оқушыға оқу барысында
қызмет ететін көптеген жаңа элементтер бар. Ол өз бетімен:
• өзіндік жеке шығармашылығы үшін бар мүмкіншіліктерді табады;
• өз ойын анық білдіре алатын;
• өзіне сенімді қалыптастырады, өз іс-әрекетінің қабылдануына қол
жеткізеді;
• білім алудың қызықты екендігіне көз жеткізеді;
• мектепке баратын уақытты тағатсыздана күтеді;
• оқытушыларды дәл өздері сияқты жақсы көреді және сыйлайды;
• мектепте өзінің қызығатын нірсесіне орын табады;
• өз білімін дамытады;
• кейбір нәрселер оқуға қиын және көп күшті қажет ететіндігін анықтайды;
• мұндай оқу үлкен қанағатқа жеткізетіндігін түсінеді;
• дағдыны меңгере отырып, басқалармен бірлесіп тапсырмаларды шешеді.
Мектепте оқытудың басымдылықтары осы жаңа модель бойынша ұйымдастырылып,
қалыптасқан. Осы модель бойынша жұмыс істеуге құштар педагогтардың қатары
аз екендігін білеміз.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытуды іске асыру үшін арнайы дайындалған
мамандар қажет. Авторитарлық стильді ұстанған тәрбиешінің орнына сыныпта
фацилитатор пайда болады. Әрине, фацилитатор болу әркімнің қолынан келе
бермейді. Фацилитаторлыққа үміткер әрбір педагог К.Роджерстің қалыптасқан
сұрақтарына жауап бере үшін өз мүмкіншіліктерін алдымен байқап алғаны жөн.
1. Сіз дамушы жеке тұлғаның ішкі әлеміне еніп төрелік етпестен, сынау
айтпастан бұрын оның әлеміне жай ғана баға бере аласыз ба?
2. Сіз оқушылар алдында толығымен ашылып ақжүрек қасиетіңізбен өзара
ашық қарым-қатынасқа түсе аласыз ба? Б,Бұл қарым-қатынас екі жаққа да
пайда ікелетіндей болуы керек. Жас балалармен қарқынды топтық қарым-
қатынаста өзіңізді еркін ұстай аласыз ба?
3. Әр тұлғаның қызығушылығын оята аласыз ба?
4. Жас балалардың бойындағы құнды қасиеттерін – өзіне деген қызығушылық
пен қоршаған ортаға қызығушылығын сақтауға себепкер бола аласыз ба?
5. Жас балалардың қызығушылықтарын оятатын адамдарды, кітаптарды және
басқа да көздерді тану үшін қолайлы жағдайлар тудыртатын шығармашылық
іс-әрекеттерді жасай аласыз ба?
6. Оқушылардың аяқталмаған ойларын қолдап, оларды қабылдай аласыз ба?
7. Өз тәрбиеленушілеріңізді идеяға сезімімен еніп сол сезімді іліп
әкететіндей интегралды тұтас тұлға етіп жасай аласыз ба?
Егер кімде-кім оыс сұрақтардың көбісіне “иә” деп жауап берсе –дейді
К.Роджерс – онда ол жас жеткіншектердің толық дамуына себепкер бола алады
және өз тәрбиеленушілерінің оқуын біршама жеңілдетеді[13].
Оқу қызметінің формаларын таңдау неге тәуелді:
1) Оқу мақсаттарына;
2) білім көздеріне;
3) қолданылатын әдістерде;
4) оқушылардың дайындық деңгейіне және жасына;
5) оқу материалының күрделілігі мен оның жаңалығына;
6) оқушылардың оқу мүмкіншіліктеріне;
7) оқу жағдайларына;
8) мұғалімнің дайындығына;
9) сабақтардың өткізілу уақытына;
10) барлық жауаптар дұрыс.
Гуманистік педагогика төмендегілермен ерекшеленеді:
1) жеке тұлғаның көп ақпарат көлемін игеруінің, белгілі білім, білік,
дағды аймағын қалыптастыруының орнына олардың психикалық, физикалық,
интеллектуалды, адамгершілігін және басқа да тұлғалық қасиеттерін
дамытумен;
2) түрлі өмірлік қиыншылықтарды шешуде еркін, өз бетінше ойлайтын және
әрекет ететін тұлғаны қалыптастыруда зейінді арттырумен;
3) оқу-тәрбие процесін қайта бағдарлау үшін сәтті жетістіктерге жету үшін
тиісті ұйымдастырушылық және қаржылық жағдайлармен қамтамасыз етумен;
4) қойылған мақсатқа жоғары дәрежеде жетуде қолданылатын әдістермен;
5) мектептің және мұғалімдердің оқушыларға ыңғайлануы, оларға қолайлы
жағдай туғызумен;
6) барлық жауап дұрыс.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда ендірілетін жаңалықтар дұрыс қойылған
ба?
1. Оқу-тәрбие жұмысын дифференциалдау.
2. Тәрбиелеу мен оқытуды индивидуалдау.
3. Әр тәрбиеленушінің бейімдеушіліктері мен қабілеттерінің дамуы үшін
қолайлы жағдай туғызу.
3. Бірдей белгілері бойынша біртекті (гомогенді) топтарды қалыптастыру.
4. Оқу-тәрбие қызметінің қолайлылығы.
5. қоғамдық қауіпсіздік, оқушыларды қорғау;
6. оқушыға, оның күшіне, мүмкіншіліктеріне сену;
7. оқушыны қандай болса сол қалпында қабылдау;
8. оқыту мен тәрбиелеуді жетістікке жетелеу;
9. оқу процесінің, мектептің мақсаттық бағытын өзгерту;
10. әр оқушыны дамыту деңгейінің тиянақтылығы;
11. оқытудың сырттай болуына мұғалімдермен рухани кездеспеуге жол бермеу;
12. ұстаздың ішкі тұлғалық нұсқауларын бағдарлау;
13. гуманитарлық білімді күшейту.
14. Мектептен сабақтағы үлгермеушілік үшін шығарылу.
РСА-моделінің қай тұжырымдамалары сізге ұнайды?
1. Фацилитатор өзін және тәрбиеленушілерін силайды;
2. Фацилитатор өзгелермен оқыту мен тәрбие беру жолдарын бөліседі;
3. Мұғалім өзінің тәжірибелерімен жетекшілік етеді;

бірлесе отырып дамытады;
5. Сыныпта бірте-бірте оқытуды жеңілдететін климат орнайды;
6. Өзара оқыту басым бола бастайды;
7. Оқыту мазмұны екінші жоспарға өтеді;
8. Нәтиже оқып жатқан оқушылардың өзіндік дамуы үшін алға басқан айқын
қадамдарынан көрінетін болады;
9. Оқушылар топтағы өзге мүшелерден және педагогтан ақпарат ала отырып өз
білімдерін өздері бағалайды.
10. Оқыту процесі оның өзінің жеке бастамасымен алға жылжиды;
11. Жеке тұлға (оның сезімдерімен, бейімділігімен, интеллектісімен)
толығымен өзіндік дамуына бағытталған. [14]
Дұрыс па, бұрыс па?
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда оқушы:
1) оқыту мазмұнын таңдауға қатысады;
2) шығармашылықпен айналыспайды;
3) өз ойын ашық білдіреді;
4) үлгерімі бағаланады;
5) өзіне деген сенімді қалыптастырады;
6) өз іс-әрекетінің қабылдануына қол жеткізеді;
7) нені оқыған қызық, соны анықтайды;
8) мектепке баратын уақытты тағатсыздана күтеді;
9) оқытушыларды дәл өздері сияқты жақсы көреді және сыйлайды;
10) мектепте өзінің қызығатын нәрсесін қоя тұрғанды жөн көреді;
11) өз бетімен оқудың дағдыларын дамытады;
12) қоғамдық орындарда өзін ұстаудың дағдыларын қалыптастырады;
РСА-моделінде ең басты екпін мазмұнға, жетістікке, бағаға емес мүлдем
басқаша қойылғанына көңіл аудардыңыз ба? Осыған байланысты мына жағдайларды
ойланып көріңіз.
1. Бүгінде мұғалімдер білім беру мен тәрбиелеуге жаңа гуманистік
модельдерді енгізулері қажет, ал тексеру бұрынғыдай оқу үлгеріміне
сүйенеді. Мұғалім тексерушілердің қатаң сөгісіне алынады, мұнда олар
мұғалімнің оқыту әдістері мен формаларын таңдауда ерікті және нәтиже
ең соңында шығатындығын ұмытып кетеді.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы бойынша білім беруде нені
тексеруге алу қажет, егер ол белгілі бір соңғы нәтижелерді білім түрінде,
білік түрінде бере алмаса. Иә, айтпақшы бағалау айтарлықтай қажет емес.
2. Батыстық үлгідегі жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының әр
пунктін біздікімен арақатынасын айыруда бұл технологияның жақсы
жақтары ғана қалмақ. Батыстық қоғам ауқатты халық үшін өз таңдаулары
бойынша тәрбиеленуіне жол бере алуы мүмкін. Сірә, бізге бұл модельді
жақтау әзірге қолайсыз. Жетілгендіктің сипаты – сараптай алушылық,
саналылық, талдай алушылық.
Мұндай жағдайда шетелдік модельдерден алуға болады. [15]
Оқытуды оңайлатумен жеделдететін оқу-тәрбие процесін ізгілендіру, оны
оқушыға қарай бұру, ондаған айқын тәсілдерді ендіру – отандық үлгідегі жеке
тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының маңызды аспектілері болып
табылады. Мұнда екпін мүлдем басқаша қойылған.
• Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мақсаты – құндылықты-мәнді сфераның
дамуын екпінді ету.
• Жеке тұлғаны қалыптастыру концепциясынан және оның дамуын мақұлдау
концепциясынан шегіну.
• Оқушы – үйренудің емес, өмірдің субьектісі.
• Мұғалімнің жұмысы – жеке тұлғаның тілек-талаптарын қанағаттандыру.
• Педагогтардың жұмысында әділеттілік болу қажет.
• Оқушының даралығына көрсеткішті қызығушылық емес, әсер етуші көмек.
• Қозғалмалы күштер – даралық пен тұлғаның өзара әрекеті.
• Оқушылармен диалогты қарым-қатынасты күшейту.
• Оқушылармен рухани қарым-қатынас жасау.
• Оң кері байланыс терістен басым болады.
• Іс-әрекеттің маңызды даралық мақсаты.
• Білімдегі белгілі бөгеттерден өтудің жолы.
• Өзіңнің бағдарыңды таңдау
• Мұғалім тарапынан қолдау, оң бағалау.
• Таңдау мүмкіншілігі.
• Жеке жауапкершілік.
• Педагогтардың оқушылармен дербес араласуы.
• Оқушылардың даму динамикасы мен жеке қасиеттерін зерттеу.
• Жеке тұлғаны дамытудың беталыстарын қолдау.
• Теріс беталысты жеңуге көмек көрсету. [16]
Батыстық нұсқаны біздікімен салыстыра отырып айтарлықтай айырмашылықтарды
көреміз, ал кейбір пункттары бойынша – технологияның принципті түйіндерінен
толығымен шегінушілікті байқаймыз. Ал бұл технология барлық қажетті
жағдайлар жасалғанда ғана толық көлемде жұмыс істейтін болады.
1.4 Осы технология арқылы жүргізілетін ойындар
Ойын – жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясында айтарлықтай орын
алмайтын әдіс. Қинала, ойлана отырып ойнау барысында оқушылар өздері
таңдаған бөлімдер мен курстарды тани бастайды, жеке даралық қасиеттерін,
қабілеттіктерін және талантын дамытады, жеке меншіктен арылады. Кейде
ойындарда толық курс мазмұндалады. Оларды өту қиынға соқпайды. Алайда,
нәтижелер... Ойын әдістерінің барлық ұырларын қарастырайық.
Ұзақ өмір сүретін, яғни ұзақ қызмет жасайтын әдістер де бар. Мысалы,
ауызша оқыту әдістері. Олны 20-шы жылдары жоққа шығарды және оның түбірін
алмастыруды талап еткен болатын. Оның орнына аталуы бойынша жаңа атқа ие
болған, негізі бір әдістер ұсынылды.
Педагогикалық арсеналда барлығына жақсы мәлім бірақ, тұрақты қолданысқа
енбеген әдістер де бар. Олар мектепте практикада периодты түрде алынады,
және дәл солай периодты түрде қайта өз орнына оралады. Ұмыт болған
әдістерді қайта жандандыруға түрткі болатын нәрсе - аса тиімді жаңа
тапсырмаларды шешу болып табылады. [17]
Мұндай ерекше әдістердің ішінде педагогикалық оқу әдістемелерінде өткен
ғаысрдың 40-70 жылдарында бір ретте сөз етілмеген тәрбиелік және
дидактикалық ойындар бар. 80-жылдарда жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда
айтарлықтай жаңа емес идеялардың қайта тууы олардың еркін тұлғаны
қалыптастырудағы ең қажет әдістер екендігі жарияланды. Кейбіреулер бұл
ойынды өзіміз ойлап тапқан жаңа әдіс ретінде ұсынды.
Ойын әдістерінің тамыры өркениеттің ертедегі қабатынан бастау алған.
Олардың (б.э.дейінгі IV-II) ертедегі грек технологияларында кеі қолданыс
тапқаны туралы жазба деректер де бар. Дауласатыны жоқ олар одан бұрын да
пайдаланылған, себебі балалардың ойыны – барлығының қасиеттерін игерудің
шынайы тәсілі. Ойын әдістеріне деген қызығушылықтың ашық жарқылын біз
педагогиканың дамуының барлық аралығында кездестіреміз.
Аса жарқын көрінісі XVII ғасырда И.Базедов (1723-1790) және оның ізін
жалғастырушылар – педагог-филантроптар партада бірнеше сағат отырудың
орнына ойын ойнау тәсілдерін ұсынған уақытта көрінді.Оқу уақытының көптеген
мөлшерінде оқушылар тұрған, жүрген, жүгірген, ойнаған, бірақ сонымен қатар
оқыған. Мысалы география пәні алаңда жер қабатының құрлықтары мен суларын
дәл орналастырып, жартышарлар ретінде оқытылды. Жартышарлар дөңес етіп
орналасқан, жіне олардың үстімен саяхат жасауға болады. Тілдің көмегімен
есте сақтауға болатын барлық пәндер география, тарих, арифметика,
грамматика барлығын Базедов балаларға рахат алуға болатын қозғалмалы
ойындарға айналдырды.Тіпті сауаттылыққа үйрететін – әліппені ол ойындар
жүйесінде ұйымдастырды. П.Ф. Каптерев айтқандай, балалар оның әдісімен
ешқандай күштеусіз, зорлық-зомбылықсыз күнделікті дайындықпен көңілді,
сонымен бірге үлкен жетістіктермен оқыды.
Біздің уақытқа қарай ойын әдістері құбылмалы жетістіктермен
қолданылды. Оларды бірде қолпаштайды, бірде олар туралы мүлдем ұмытылып та
кетеді. Тіпті П.Ф.Каптерев те ойын әдістерін бағалауды соңына дейін
аяқтамады. Ол балалардың ойыны көп уақыт мөлшерін қажет еткенімен жеке
тұлғаны дамытуда өте маңызды және ол ойындар баалалардың физикалық, рухани
күштерін әртүрлі бағыттарда жаттықтырып отыратындығын мойындаған. Бірақ,
ойын арқылы оқытудың тиімділігін бағалауда ол оны педагогикалық процесте
қолданылуын теріске шығарады. Ойын және ғылым – әр түрлі нәрселер және
оларды біріктіру тек жасанды күйде бола алады. Ғылымды меңгеру маңызды
жұмыс, ал ойын мүлдем басқа нәрсе. Ғылыми мәліметтерді игеруді жеңілдету
үшін, олардың ғылымға деген қызығушылығын ояту және оқуға ынталандыру үшін
білім көздері ғылымның өзінен табылуы тиіс. [18]
Жаңа замандағы мамандардың тұжырымдарына құлақ асып көрелік. Ю.П.Азаров
балалардың ойынын ойнайтындар сол ойынға бар энергиясын, сабырын, ақылын
салып ойнауын талап ететіндігін айтады. Ол көбіне қарқынды жұмыс және күш
салудың арқасында ғана қанағаттанарлық нәтижеге жеткізеді.
В.А.Сухомлинский әлемді тануда ойынның маңызды роль атқаратындығын
ескертті. Оның табиғат аясындағы мектебі -оқу-тәрбие процесін
белсендедіруде, шығармашыл тұлғаның әлеуметтенуі мен қалыптасуында мақсатты
түрде ұйымдастырылған танымдық мүмкіншіліктерді практикалық тұрғыда жүзеге
асыру болып табылады.
Қорытынды сөзде айтарымыз, ойын – өмірдің ажырамас бөлігі, дамушы тұлғаның
органикалық қажеттілігі. Оның тәрбиелеу мүмкіншіліктерінен бас тарту ақылға
сыймайтын еді. Оқытуды ойынға айналдырмай мектептерде ойынды ғылымға
айналдыру бір басқа, бірақ оны оқу –тәрбие процесінің мақсаттарына жету
жолдарын оңайлату үшін қолдану – қисынды ғана емес, сонымен бірге өте қажет
нәрсе.
Өйткені, ойындар мектептегі оның дәстүрлі ауызша оқыту – кітапқа
бағдарланудың ақауларының алдын алуда әсершіл құрал ретінде қарастырылады.
Оқытуға деген айтарлықтай сенім ойын үрдісінде проблемалық жағдаяттың пайда
болуында, танылатын обьектілерде оқушылардың белсенді өзара әрекетін талап
ететін интеллектуалды қиыншылықтарда, қарама-қайшылықты жеңуде білетін және
білу керек нәрселер пайда болғанда туындайды. Проблемелар қабысқанда
ойынның өзі проблема бола бастайды; жақсы ойын оқу-тәрбие процесін белсенді
етуде қажетті әрекет етуші құрал ретінде танылады.
Педагогикалық қадағалау оқушылардың интеллектін азат етуде және
кейбір психологиялық тосқауылдарды өзгерген тұлғааралық қарым-қатынастың
әсерімен ойын процесінде алдын алуда куә бола алады. Педагог-оқушы қарым-
қатынасы бір-біріне қарсы ойнауда, жаңа ақпаратты игеруге қолайлы атмосфера
тудырып бір-біріне көмек бергенде ойыншы-ойыншы қатынасына жол береді.
Дидактикалық ойындар түрлі принциптер мен әдістемелерге сүйенеді.
Қазіргі мектепте басқаларына қарағанда мыналар қолданылады: 1) шынайылықты
модельдеу, 2) рольдік қызмет, 3) ойын ережелеріне сәйкес жарысып ойнау, 4)
белгілі бір сюжет бойынша ойналатын ойындар. Барлық ойындарды ұйымдастыруда
жалпы принцип ретінде оларды өмірлік жағдайлардың мазмұнына енуі болып
табылады. Танымдық ойындардың ұраны: қалай ойнаймыз, солай іс-әрекет
жасаймыз. [19]
Қазіргі сыныптық ойындар арнайы жабдықталуды қажет етеді, мысалы –
үйірмелерде оқушылардың өздері де дайындай алатын таратпа материалдар.
Ойындарға жабдықтарды, құралдарды жасау соңғылардың қызметіне басты
бағыттау бола алады. Қазіргі жаңа ойындарды материалды-техникалық жабдықтау
аса маңызды мәнге ие болуда, ол фактор ойын әдістерінің қолданылуы және
тиімділігінде белгілі шартқа ие болады. Сондықтан да өзіндік ойын банкін
жасап шығару мектептегі сыныптардың жаңа оқу құралдарымен толықтырудың
маңызды бағыты ретінде қарастырылады.
Әлемдік практикада компьютерлік техника негізінде сыныптарда жаңа
электронды ойындарды қолдануға беталыс күшеюде. Оның кейбір негізін
салушылары жақын арада олар мектептегі ғылымды түбірімен өзгертеді дейді,
себебі ойын формасында ақпараттың барлығын болмаса да көп бөлігін түсіре
аламыз. Ойын әдістерінде де көптеген жетіспеушіліктер бар деген
тұжырымдармен асығыс түрде келіспей-ақ қоялық.
Бұл жерде сыныптарда 20 жыл бойына қолданылып келе жатқан электронды
ойындар туралы сеніммен айтуға болады. Мысалы, 60-жылдардың соңында АҚШ-та
пайда болған Адам курсын оқытуда Карибті аңду ойыны туралы. Оның
көмегімен ертедегі адамдар мен жабайы жануарлардың жүріс-тұрысы мен мінез-
құлқы оқытылады. Ойын эскимостардың солтүстік кариб бұғыларына аңшылығына
еліктеп көрсетеді. Бастапқыда ойын қарапайым үлгіде көрсетілді, кейін оны
компьютермен әрледі. Оның тиімділігіне баға беру қайшылықты; оны өздерінің
оқу процесінде қолдана білген көптеген педагогтар ол білім нәтижелерін
төмендетпейді деген шешімге келуде.
Орегон ойынында XVIII жүзжылдықтың ортасында АҚШ-та болған тарихи
жағдайлар сипатталады. Оқушы Жабайы Батысты жаулап алушы пионер-келімсектің
рөлін ойнайды. Ойынның шартында бастапқы ресурстар беріледі: тек оларға
оқушы сүйене алады. Ойын барысында қабылданған шешімге тәуелді түрде
бастапқыда берілген ресурстар өзгеріп, кедергілер туындайды. Ойынның бір
эпизоданан үзінді:
1847 жыл. Шаршаған бұқалар Канзас штатының арбаларын сүйреуде. Әзірге
бәрі ойдағыдай, 1 күн ішінде сіз 15 мильге жылжи аласыз. Өзенді меңгеру
барысында сіз өзіңізге қолайлы орынды таңдайсыз, алайда су сіз ойлағаннан
да терең болып шықты.Сіздер отырған фургон суға толып барады, киім-кешек
пен тағамдар су астында қалуда. Бағыңызға орай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz