Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер


Жоспар
І. КІРІСПЕ. . 3
ІІ. Негізгі бөлім
«Қаржылық есеп» пәнінен
2. 1. Негізгі құралдардың ұғымы және жіктелуі. Матералдық емес активтер және олардың сипаттамасы . . . 4
2. 2. Негізгі құралдар қозғалысының есебі . . . 5
2. 3. Негізгі құралдардың бағалануы. Материалдық емес активтерді бағалау және тану . . . 6
2. 4. Негізгі құралдардың есебі . 7
«Кәсіпорын қаржысы» пәнінен
2. 5 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер . . . 16
2. 6. Материалдық емес активтердің амортизациясы . . . 17
2. 7. Негізгі құралдар және материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу . . . 21
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ. . 25
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. …26
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. "Негізгі құралдарға" - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жаб-дықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал - саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Барлық "негізгі құралдар" өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарыңда пайда-ланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арнайы үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
"Негізгі құралдарды" халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласыңдағы топқа жатады.
2. 1. Негізгі құралдар ұғымы және жіктелуі.
Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құралдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі.
- жер;
- үйлер;
- ғимараттар;
- машиналар мен жабдықтар;
- табыстау қондырғылары;
- көлік құралдары;
- басқа да негізгі құралдар;
- бітпеген құрылыс.
Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды, өйткені олар;
- тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) -уақытша қолданылмайды;
- қоймада тұрады (қорда) - жөнделген, жоқтатылған, апат жағдайында қолданыстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды;
- жалға берілген немесе алынған - басқа ұйым тапсырған немесе басқа ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар.
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажеті шарт болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі» БЕС мен 16 «Негізгі құралдар» ҚЕБХС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:
- бастапқы құн немесе өзіндік құнмен - активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы;
- ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;
- өткізу құнымен (әділ бағаның) - мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;
- жойылу құны - шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында ұйым актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;
- амортизациялық құнмен - жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;
- баланстық құнмен - жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтерлік баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал - активтің баланстық құны оның орнын толтыратын құннан артқан сома.
2. 2. Негізгі құралдар қозғалысының есебі. Негізгі құралдар құралына объектілердің есепке алу пайдаланудың нормативтік мерзімі көрсетілетін «негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісімен» (№НҚ-1 ф. ) рәсімделеді. АЭСА мекемесі пайдалы қызмет ету мерзімін (негізгі құралдарды қолданудан экономикалық пайда алу көзделетін кезең нормативті қызмет мерзімін) ұйым белгілеген нормаларға сәйкес негізгі құралдардың тозуы есептелетін кезең және жойылу құнын ( пайдалы қызмет мерзімі біткен соң, күтілген шығыны істен шыққан соң есептеп шығарылып, негізгі құралдарды жоюда пайда болатын қалдықтар, қосалқы бөлшектердің болжанатын бағасы) өз бетінше белгілейді.
АЭСА мекемесінде негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі негізінде бухгалтерияда мүліктік карточка ашылып, негізгі құралдардың таңдамалы есебі жүргізіледі. Негізгі құралдардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік нөмірмен беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік-сериялық жүйе бойынша жасалынады. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісінде келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады, ал істен шықққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» (№НҚ-6) тіркеледі. Істен шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды «Архив» картотекасы бөліміне қояды. Негізгі құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі барлық нақты болған қажетті шығындар, соның ішінде сатып алынғанда өтелмеген салықтар мен алымдарды төлеу (үйлер мен жаңа автомобильдерді алу кезінде төленген ҚҚС, сатып алу келісімшартын жасаған кезде төленетін мемлекеттік баж салығы және т. б. ), жеткізу, монтаж, пайдалануға беру, құрылыс кезінде берілген кредит үшін проценттер, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс істейтін жағдайға келтіруге тікелей байланысты басқа да кез келген шығындар кіретін бастапқы баға бойынша кіріске алу сәтінде негізгі құрал-жабдықтар кіріске алынады.
АЭСА мекемесінің жер учаскесінің бастапқы құнына шотта көрсетілген сатып алу бағасы, жылжымайтын мүлік бойынша агенттерге комиссиялық сыйақылар, сатып алу - сату шартын рәсімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне төлеу, мұндайда туындайтын салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалану үшін дайындауға кететін шығындар (үйді бұзу кезінде алынған материалдарды өткізуден түскен кірістерді шығарып, шегеріп, ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т. б. ) кіреді; сатып алынған жабдықтың бастапқы құнына алу бағасы, тасу шығындары, соның ішіндегі тасымал кезіндегі сақтандыру, монтаж, пайдалануға берілетін жабдықтың жарамдылығын тексеру мақсатымен сынақ өткізу кіреді, үйлер мен ғимараттарды салғанда бастапқы құнға құрылыс жөніндегі шығындар: материалдар, еңбекті төлеу, қосымша шығындардың тиісті үлесі, архитекторлардың, заңгерлердің қызметіне төлеу, құрылыс кезінде сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылысқа берілетін кредиттер бойынша проценттер, құрылысқа рұқсат алу үшін шығатын шығындар.
АЭСА мекемесінде қажетті болып саналмайтын шығындар (тасымал кезінде алынған зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан жасалған жөндеу және т. б. ) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдық шоттағы шығындар ретінде ескеріледі.
АЭСА мекемесінде негізгі құралдар қоймада резерв ретінде тұрады, белгіленген тәртіппен тоқтатылып қойылады. Баланста саналатын негізгі құралдар тәртібін іс жүзіндегі заңдарға сәйкес ұйымның басшысы белгілейді және бекітеді.
2. 3. Негізгі құралдарды бағалау. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті сатуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, соңдай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады) . Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:
а) жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу - сату жөнінде келісімшартгы ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бүзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі (кіргізіледі) .
ә) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына: Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдық-тардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі) .
Мысалы: кәсіпорын жер учаскесін және сол жерде орналасқан үй мен қоса 5 (бес жүз мың) теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға тиіс. Кәсіпорынның оларды сатып алу барысында төленген шығыңдары 25000 (жиырма бес мың) теңге (салық сомасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттік пен шарт жасауға қатысқан заңгердің қызметінің төлемдері сомасы) . Үйді бұзуға кеткен шығын 4 (қырық мың) теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 2 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 (он бес мың) теңге. Осы мәліметтерді қорытындылайтын болсақ, сатып алынған жердің бастапқы құны 56 (бес жүз* алпыс мың) теңгені құрайды (5+25000+4-2+15000=56 теңге) . Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:
- үлес қосушылар мен құралтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлес ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;
- ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;
- ұйымдар негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік (сараптамалау) жолымен.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
а) негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда тағы да басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
ә) Қазақстан Республикасы Үкіметтің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
2. 4. Негізгі құралдардың есебі. Кәсіпорындар өздерінің пайдалануындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде, сатқанда, ұрланғанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де кәсіпорындар өздерінің балансынан негізгі құралдарды есептен шығара алады. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың іске жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жөндеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін анықтау үшін, соңдай-ақ негізгі құралдарды есептен шығаруға қажетті құжаттарды толтыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия құрылады. Бұл комиссияның қүрамында мынадай қызметкерлер болуы тиіс:
- кәсіпорынның басшысы немесе оның орынбасары (комиссияның төрағасы ретінде) ;
- бас бухгалтер немесе бухгалтерияның басқа қыз меткері;
- негізгі құралдың сақталуына жауапты адам;
- негізгі құрал қызмет ететін бөлім немесе цех басшысы;
- мемлекеттік көлік инспекциясы өкілі (егер келік құралын есептен шығаратын жағдайда) ;
- тағы да басқа жұмысшы-қызметкерлер болуы мүмкін.
Бұл жоғарыда аталған адамдардың құрамында құрылған комиссия ұйымда мынадай жұмыстар мен міндеттерді атқарады:
- есептен шығарылатын негізгі құралдарды толық тексеріп, сонымен қатар оның техникалық құжаттары мсн төлқұжаттарында көрсетілген бухгалтерлік есептің деректерімен танысу арқылы объектіні қалпына келтіруге болатындығын немесе болмайтындығын, яғни ол негізгі құралдардың алдағы уақытта пайдалануға жарайтындығын
немесе жарамайтындығын анықтайды.
- Объектіні есептен шығарудың нақтылы себебін анықтайды (сапалық тозғандығы, табиғи тозғандығы, апат болғандығына байланысты, дұрыс пайдаланбағандықтан, ұрланғандықтан немесе жоғалғандықтан, қайта құруға байланысты, табиғи апаттар жағдайынан, тағы да басқажағдайлардан) .
- Негізгі құралдар белгіленген уақыттан бұрын, яғни тиісті белгіленген пайдалану мерзімінен бұрын істен (есептен) шығарылатын жағдайда оның себебін анықтайды. Олардың істен шығарылуына кінәлі тұлғаны (адамдарды) заңдарға сәйкес тиісті жауапқа тарту керектігіжөнінде ұсыныс жасайды.
- Есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жа райтын бөлшектерін, детальдарын, материаддарын анықтап, олардың бағасын белгілейді.
- Есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерінің, материалдарының, сонымен қатар олардың ішінде қымбат және түсті металдардың дер кезінде жинап алынуын, олардың саны мен салмағын дұрыс анықтап, тиісті орындарға (қоймаларға) тапсырылуын қадағалап отырады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ-3 "Негізгі құралдарды есептен шығару актісі" немесе үлгілі түрі НҚ-4 "Көлік құралдарын есептен шығару актісінің" тиістілері толтырылады.
Бұл жоғарыда айтылған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:
- объектінің салынып біткен (өндірістен шығарылған) уақыты (күні, айы, жылы) ;
- ұйымға келіп түскен, кіріске алынған уақыты(күні, айы, жылы) ;
- пайдалануға берілген уақыты (күні, айы, жылы) ;
- объектінің бастапқы құны (қалпына келтіру құны) ;
- бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептелген тозу сомасы;
- жөндеулердің жүргізілген уақыты (күні, айы, жылы) ;
- көлік құралын есептен шығарарда, сонымен қатар көліктің жүрген жолы (км) көрсетіледі; негізгі құралдардың істен шығарылу себебі жәнеоның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;
- аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі құралдарға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;
- сондай-ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданылатын шараларды актіге жазады.
Комиссия жұмысының нәтижесінде жасалған негізгі құралдарды есептен шығару актісін кәсіпорынның басшысы бекітеді. Акт екі (2) дана етіліп толтырылады. Актінің бірінші данасы негізгі құралдарды есептен шығару үшін ұйымның бухгалтериясына табыс етіледі, ал актінің екінші данасы негізгі құралдарға жауапты адамға беріліп, негізгі құралдарды бұзғаннан алынатын іске жарайтын бөлшектерді, детальдарды, металл сынықтарын тағы да басқаларды қоймаға тапсыру үшін негіздеме болады. Негізгі құралдарды есептен шығару актісі бекітілгенге дейін негізгі құралдарды бұзуға, бөлшектеуге рұқсат етілмейді. Негізгі құралдарды бұзғаннан, есептен шығарудан алынған іске жарайтын бөлшектер комиссияның бағалаған бағасы бойынша бухгалтерлік есепке алынады.
Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт еткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын "табиғи" және "сапалық" тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады (туындайды) .
Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдың тозуы дегеніміз, олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрылым төмендейді (арзандайды) . Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың машина-лардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған (пайдаланған) машиналар мен көліктерінің, құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі құралдардың орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми-техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланылып келген негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуына әкеліп соқтырады. Барлық ұйымдар қандай меншікте болса да (мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, тағы басқалары) өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай негізгі құралдардың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелмейді:
- жерге;
- кітапхана қорларына;
- фильм қорларына;
- архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;
- өнімді малдарға;
- мұражайлық құндылықтарға (заттарға) .
Сонымен қатар амортазациялық аударым мынадай жағдайларда есептелмейді:
- Қайта құру, жаңарту (реконструкция) және техникалық қайта қорландыру (перевооружения) жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта;
- негізгі құралды уақытша тоқтатып қойған мерзімде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz