Халықаралық валюталық-қаржылық және несиелік ұйымдар



Кіріспе
1.Халықаралық валюталық қор, оның құқықтық жағдайы
2.Бүкіл әлемдік банктер тобы. Олардың құқықтық жағдайы
3.Халықаралық даму ассоциясы
4.Халықаралық қалпына келтіру және даму банкісі
5.Көпжақты инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі агентілік

Қорытынды

Қолданылған әдебиет
Халықаралық ұйымдардың дүниеге келуі мен дамуы халықаралық экономикалық қатынастарының интенсивті дамуға ауысуының әлемдік құбылысқа айналуының тікелей нәтижесі мен соның көрінісі. Әр елдің егемен болуы үшін еш елдің заңдары халықаралық дауларды шешуге негіз бола алмайды деген сөз. Бұл салада түсініктеме беру, келісім, ынтымақтастық және т. б. сол сияқты түрлерде жүргізілетін іс-қимыл керек. Осы жағдайларға сәйкес халықаралық ұйымдар түріндегі институттар пайда болады.
Қазіргі заманда дүние жүзінде саяси және экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік бахуаттылықты қамтамасыз етуге арналған мыңдаған халықаралық ұйымдар бар. Олар бүкіл әлемдік, болмаса аймақтық, үкіметаралық болмаса қоғамдық ұйымдар болуы мүмкін. Бірақ олардың санының күрт өсуі көптеген сұрақтарды, әсіресе экономикалық мәселелерді, халықаралық реттеудің керектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыста барлық халықаралық ұйымдардың іс-әрекетін қарастыру мүмкіншілігінің жоқ болу салдарынан Қазақстанмен ынтымақтастық қарым-қатынастағы Халықаралық валюталық қордың қызмет аясы мен жалпы мақсаттары жайында әңгіме қозғалған.
Халықаралық валюталық-қаржылық және несиелік ұйымдар валюталық-есептік қарым-қатынастардың қызметін реттеуге мүмкіндік береді; мемлекеттер арасында валюталық-қаржылық қатынастарды орнату үшін форум ретінде танымал(бұл қызмет күшейіп келеді); даму тенденциялары бойынша ақпаратты зерттейді, сарптайды және жалпылайды, дүниежүзілік шаруашылықтың маңызды мәселелері бойынша ұсыныстарын жасайды.
Халықаралық валюталық қор – халықаралық макроэкономиканы реттейтін ықпалды халықаралық ұйым, мамандандырылған үкіметаралық мекеме. Бұл қорды құрудың негізгі мақсаты мүше елдердің қаржылық тәртібін күшейту мен валюталық бағамдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету болады. Валюталық бағамдардың тұрақтылығын мүше елдер бағаларды тұрақтандырып, төлем балансының теңдестігін қамтамасыз ететін ақша-несие саясаты арқылы қамтамасыз ету керек.
Сонымен ХВҚ екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына қарай іс-әрекет ете бастады. Қазір бұл халықаралық қаржы ұйымына айналды. Оның негізгі мүддесі - қаржылық тұрақтылық пен валюта айырбастау бағамын қолдау және мүше-елдердің валюталық ынтымақтастығын күшейту. ХВҚ құрудың басты мақсаттары 30-ы мен 40-шы жылдары орын алған валютаның айырбасталмауы, сауда және төлемдерді шектеу, шетел валюталар нарығының тұрақсыздығын жою қажеттігі болатын.
1. http://www.krugosvet.ru/articles/63/1006379/1006379a1.htm

2. http://www.mvf.ru/o_fonde.php

3. Герчикова И. Н. «Международные экономические организации: регулирование микрохозяйственных связей и предпринимательской деятельности». Учеб. пособие – М.: Издательство АО «Консалтбанкир», 2000. – 624 с.

4. Киреев А. П. Международная экономика. В 2-х ч. – ч II. Международная макроэкономика: открытая экономика и макроэкономикое программирование. Учебное пособие для вузов. – М.: Международные отношения, 1999. – 488с.

5. www.konpax.net

6. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы / Жалпы редакциясын басқарған Р. Е. Елемесов. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 389 б.

7. http: // www.sakhorov.ru

8. http: // www.top.rbc ru/index./2007/

9. http://usinfo.state.gov/russian

10. Темиргалиев Б. Б. Основы внешнеэкономической деятельности Республики Казахстан (Издание 2-е, переработанное и дополненное) – Алматы, 2003 г. – 504 с.
11. http://www.rucbr.ru/bank1
12. http://rusref.nm.ru/indexpubpakhomov.htm
13.http://www.almaty.marketcenter.ru/News/News.asp?NewsID=3972&View=Yes&NewsList=Yes

14. http://www.aikyn.kz/site.php?lan=kaz&id=151&pub=3932
15.http://oko-planet.spb.ru/?open&h=1&p=5_3&type=viewmes&site=1B2B6
16. Алма Мухамеджанова, «Инфляцияны ауыздықтау және қарыз алуды шектеу шаралары қажет». Айқын газеті, №11, 02.11.2006.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1.Халықаралық валюталық қор, оның құқықтық жағдайы
2.Бүкіл әлемдік банктер тобы. Олардың құқықтық жағдайы
3.Халықаралық даму ассоциясы
4.Халықаралық қалпына келтіру және даму банкісі
5.Көпжақты инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі агентілік

Қорытынды

Қолданылған әдебиет

Кіріспе

Халықаралық ұйымдардың дүниеге келуі мен дамуы халықаралық
экономикалық қатынастарының интенсивті дамуға ауысуының әлемдік құбылысқа
айналуының тікелей нәтижесі мен соның көрінісі. Әр елдің егемен болуы үшін
еш елдің заңдары халықаралық дауларды шешуге негіз бола алмайды деген сөз.
Бұл салада түсініктеме беру, келісім, ынтымақтастық және т. б. сол сияқты
түрлерде жүргізілетін іс-қимыл керек. Осы жағдайларға сәйкес халықаралық
ұйымдар түріндегі институттар пайда болады.
Қазіргі заманда дүние жүзінде саяси және экономикалық тұрақтылық пен
әлеуметтік бахуаттылықты қамтамасыз етуге арналған мыңдаған халықаралық
ұйымдар бар. Олар бүкіл әлемдік, болмаса аймақтық, үкіметаралық болмаса
қоғамдық ұйымдар болуы мүмкін. Бірақ олардың санының күрт өсуі көптеген
сұрақтарды, әсіресе экономикалық мәселелерді, халықаралық реттеудің
керектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыста барлық халықаралық ұйымдардың іс-әрекетін қарастыру
мүмкіншілігінің жоқ болу салдарынан Қазақстанмен ынтымақтастық қарым-
қатынастағы Халықаралық валюталық қордың қызмет аясы мен жалпы мақсаттары
жайында әңгіме қозғалған.
Халықаралық валюталық-қаржылық және несиелік ұйымдар валюталық-есептік
қарым-қатынастардың қызметін реттеуге мүмкіндік береді; мемлекеттер
арасында валюталық-қаржылық қатынастарды орнату үшін форум ретінде
танымал(бұл қызмет күшейіп келеді); даму тенденциялары бойынша ақпаратты
зерттейді, сарптайды және жалпылайды, дүниежүзілік шаруашылықтың маңызды
мәселелері бойынша ұсыныстарын жасайды.
Халықаралық валюталық қор – халықаралық макроэкономиканы реттейтін
ықпалды халықаралық ұйым, мамандандырылған үкіметаралық мекеме. Бұл қорды
құрудың негізгі мақсаты мүше елдердің қаржылық тәртібін күшейту мен
валюталық бағамдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету болады. Валюталық
бағамдардың тұрақтылығын мүше елдер бағаларды тұрақтандырып, төлем
балансының теңдестігін қамтамасыз ететін ақша-несие саясаты арқылы
қамтамасыз ету керек.
Сонымен ХВҚ екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына қарай іс-әрекет ете
бастады. Қазір бұл халықаралық қаржы ұйымына айналды. Оның негізгі мүддесі
- қаржылық тұрақтылық пен валюта айырбастау бағамын қолдау және мүше-
елдердің валюталық ынтымақтастығын күшейту. ХВҚ құрудың басты мақсаттары 30-
ы мен 40-шы жылдары орын алған валютаның айырбасталмауы, сауда және
төлемдерді шектеу, шетел валюталар нарығының тұрақсыздығын жою қажеттігі
болатын.

1.Халықаралық валюталық қор, оның құқықтық жағдайы

Халықаралық валюталық қор, ХВҚ (International Monetary Fund, IMF) –
Халықаралық макроэкономиканы реттейтін ықпалды халықаралық ұйым.
ХВҚ – ның жарғысына 44 елдің өкілдері 1944 жылы Бреттон-Вудсте қол
қойды. Қазіргі уақытта ХВҚ мүшелерінің саны 185 елді құрап отыр.
Халықаралық валюталық қор халықаралық валюталық саясат пен айырбастау
бағамдарын бақылау арқылы әлемдік валюталық тұрақтылықты қадағалайды.
Сонымен қатар ХВҚ мүше-мемлекеттерінің халықаралық валюталық қатынастардың
іс-әрекеттеріне бақылау жасап, керек болған жағдайда оларға несие түрінде
көмек көрсетеді.
Әуел баста ХВҚ белгіленген валюталық бағам жүйесін бақылайтын механизм
ретінде құрылды, бірақ ақырын негізгі мақсаты халықаралық экономикада
тұрақтылыққа жету болып табылатын халықаралық ұйымға трансформацияланды.
ХВҚ қызметі экономикалық іс-әрекетті реттеуге деген монетарлы
көзқарасқа негізделеді. Бұған ұйымның келесі негізгі функцияларын жүзеге
асыру арқылы қол жеткізіледі:
Бақылау (surveillance) — мүше елдердің валюталық бағам орнату саясаты
және осымен байланысты макроэкономикалық саясатты бақылауды жүзеге асыру
құқығын қарастыратын ХВҚ-ның қызметі. Әр бір ел ХВҚ-дың сұрауы бойынша
өзінің экономикалық іс-әрекетіне бақылау жасауға мүмкіндік беретін керекті
ақпараттарды ұсынуға міндетті. Ол әдетте шынайы ақшалай, бюджеттік және
сыртқы секторлар туралы, сонымен қатар үкіметтің құрылымдық саясаты
(жекшелендіру, еңбек нарығы, қоршаған орта) туралы бөлшекті ақпараттан
тұрады. Бақылаудың негізгі мақсаты валюталық бағамның тұрақтылығына әсер
ету мүмкіндігі бар потенциалды қауіпті макроэкономикалық дисбаланстарды
дер кезінде анықтау және дүниежүзілік ең жақсы тәжірибені қолдана отырып ел
үкіметіне оларды жою туралы кеңес беру болып табылады. [1]
Қаржылық көмек (financial assistance) – төлем балансын қаржыландырумен
қиындық көріп отырған және осы қиындықтардан өтуге деген ниетті көрсететін
реформалар бағдарламасын ХВҚ-ға ұсынған мүше елдің ХВҚ-дың қаржылық
ресурстарын қолдануы. ХВҚ-дың қаржылық ресурстары өз ресурстарынан
(квотаға сәйкес ХВҚ-дың жарғылық капиталына әр бір мемлекеттің
салымдарынан), ХВҚ-дың ресурстарын пайдаланғаны үшін пайыздық кірістерден
және бірқатар қарыздық құралдардан тұрады. ХВҚ несиесі шетел валютасын
ұлттық валютамен сатып алуды білдіреді; несиені қайтару – керсінше айырбас.
ХВҚ несиелері бөлшектеп (транштармен) беріледі. ХВҚ- дың қаржылық
ресурстарын пайдалану ХВҚ-мен келісілген экономикалық реформалар
бағдарламасының іске асу мөлшеріне байланысты бөлшектеп берілуін көздейді.
Несиелік транштер (екіншісінен бастап) осы бағдарламада белгіленген
критерийлерді орындағаннан кейін ғана алынуы мүмкін. Бұл ХВҚ транштерінің
қасиетін қаржыландырудың шарттылығы деп атайды. ХВҚ-дың қаржылық
ресурстарына қол жетудің барлық түрлері ХВҚ эксперттерінің және мемлекет
үкіметінің өзара бірігуі арқылы төлем балансымен байланысты қиындықтарды
жеңуге бағытталған экономикалық реформалар бағдарламасы шеңберінде
жасалынатын белгілі шарттарды орындауға негізделген.
Техникалық көмек (technical assistance) – ХВҚ-ға мүше елдерге ақша,
валюталық саясат пен банктік қадағалау, бюджеттік және салықтық саясат,
статистика, қаржылық және экономикалық заңдарды жасау мен кадрларды
дайындау саласында көмек көрсету. Техникалық көмек орталық банктер мен
қаржы министірлігіне және статистикалық органдарға ондай көмекті сұраған
елдерге миссияларды жіберу, бұл органдарға 2-3 жылға эксперттерді жіберу,
дайындалып жатқан заңдық құжаттарға тексеру жұмысын жүргізу арқылы жүзеге
асады.
Арнайы қарыздану құқықтарын шығару, АҚҚ (special drawing rights, SDR)
– 1969 жылы ХВҚ құрастырған және мерзімді түрде мүше елдер арасында олардың
ХВҚ-ғы квоталарына пропорционалды үлестірілетін халықаралық резервтік
активтерді қарызға алудың арнайы құқықтары. Халықаралық экономикада АҚҚ
дүниежүзілік резервтердің 2% құрай отырып, келесі функцияларды: 1) алтын
мен шетел валютасымен қатарлас халықаралық резерв 2) ХВҚ және кейбір басқа
халықаралық ұйымдар қолданатын есептесу бірлігі 3) кейбір елдерде валютаны
бекітетін валюта 4) бірқатар жекеменшік қаржылық құралдардың диноминаторы
қызметін іске асырады. [1]
Қордың мақсаттары:
• Қаржылық салада халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
• Халықаралық сауданың кеңеюі мен балансталған өсуіне, сәйкесінше мүше
елдердің экономикалық жағдайының жақсаруы мен жұмысбастылықтың
өсуіне жәрдемдесу;
• Мүше елдердің валюталық саясаттын координациялау мен келісу,
валютылық бағамдарды және валютаның қайтымдылығын қолдау арқылы
халықаралық валюта жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету; валюталық
салада мүше елдер арасында реттік қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
• Валюта бағамдары мен тепе-теңдігін анықтау; валютаның бәсекелестік
құнсыздануына жол бермеу;
• Мүше елдер арасында ағымдағы операциялар бойынша және валюталық
шектеулерді жойған кезде көпжақты төлеу жүйесін құруда көмек
көрсету;
• Төлем баланстарын реттеу мен валюта бағамдарын тұрақтандыру үшін
шетел валютасында қарыз бен несие ұсыну арқылы мүше елдерге көмек
көрсету;
• Мүше елдердің халықаралық төлем баланстары тұрақсыздығының деңгейін
төмендету және ұзақтығын қысқарту;
• Мүше елдерге қаржылық және валюталық сұрақтарда кеңестік көмек
ұсыну;
• Мүше елдердің халықаралық валюталық қарым-қатынаста өзін-өзі ұстау
кодексін орындауға бақылау жүргізу.
Халықаралық валюталық қор халықаралық валюталық жүйенің
институционалды негізі болып табылады. Ол мүше елдер арасында валюталық
есеп қарым-қатынастарын реттеу үшін құрылған.
ХВҚ-ға мүшелік елдің Халықаралық қайта құру және даму банкіне (ХҚДБ,
МБРР) кіруге алғышарт болып табылады.
Қор ХҚДБ-мен, ДСҰ-мен, Халықаралық есеп айырысу банкімен тығыз қарым-
қатынаста.
ХВҚ-дың қызметтерін қысқаша төмендегіше суреттеуге болады:
1. Халықаралық өтімді қоры жеткіліксіз, болмаса төлем қабілеті төмен мүше
елдерге өтімді қаржылық құралдар беру;
2. Сауданың еркіндігін күшейтіп, келісімдер еркін түрде жүргізілуі үшін
мүше-елдердің сауда мен төлем жүйесін қадағалап отыру. [2, 115 б]
ХВҚ-ды басқару Келісім баптарына сәйкес жүргізіледі. ХВҚ-дың басқару
құрамына Басқарушылар кеңесі, Уақытша комитет, Даму комитеті, Атқарушы
комитет, Басқарушылар және персонал кіреді.
ХВҚ-дың ең жоғарғы басқару органы - әр бір мүше-ел басқарушы мен оның
орынбасары арқылы таныстырылған, Басқарушылар кеңесі (Board of Governors)
болып табылады. Әдеттегідей, олар қаржы министрлері мен орталық банктердің
басқарушыларынан құрылады. Кеңесті жүргізу ісіне Қордың қызметі бойынша
кілтті сұрақтарды шешу кіреді. Олар: Келісім баптарында ішкі өзгертулер,
мүше-елдердің кіруі мен шығуы, олардың капиталдағы үлесін орнату мен қайта
қарау, орындаушы директорларды таңдау. Әдетте, басқарушылар сессияға жылына
бір рет жиналады, бірақ кез келген уақытта отырыстар ұйымдастырып, почта
арқылы дауыс берулеріне болады. ХВҚ-да салмақталған дауыс саны қағидасы
жұмыс істейді: дауыс беру арқылы мүше-елдің Қор қызметіне әсер ету
мүмкіндігі олардың капиталдағы үлесімен анықталады. Әр мемлекет капиталдаға
салым көлеміне байланыссыз 250 базалық дауысты және сол салым соммасының
әр бір 100 мың АҚҚ үшін қосымша бір дауысты иемденеді. Бұндай тәртіп
дамыған мемлекеттерді көпшілік шешімді дауыстармен қамтамасыз етеді.
Әдетте, шешімдер Басқарушылар кеңесінде қарапайым көпшілік дауыс арқылы
(жартысынан аз емес), ал оперативтік немесе стратегиялық сипатқа ие маңызды
сұрақтар бойынша арнайы көпшілік (сәйкесінше мүше-елдердің 70 немесе 80%
дауыстары) арқылы қабылданады. АҚШ пен ЕО дауыстарының үлес салмағы
қысқартылғанына қарамастан, олар максималды көпшілікті (85%) қажет ететін
Қордың кілтті шешімдеріне тыйым сала алады. Бұл АҚШ батыстың алдағы
мемлекеттерімен қоса ХВҚ-ғы шешім қабылдау процесіне бақылау жасап, олардың
қызметін өз мүдделерін ойластыра келіп бағыттауға мүмкіндігі бар екенін
білдіреді. Ал дамушы мемлекеттерге келсек, олар да үйлесіп қызмет ететін
болса теориялық тұрғыда өздерін қанағаттандырмайтын шешімнің қабылдануын
болдыртпауы мүмкін. Бірақ әр ұлтты көп мемлекеттерге келісімге келу қиын.
2004 жылдың ақпанында Қор басқарушыларының кездесуінде ХВҚ-дың шешім
қабылдау механизімінде дамушы мемлекеттер мен ауыспалы экономикасы бар
мемлекеттердің тиімдірек қатысу мүмкіндіктерін кеңейту туралы айтылды.
ХВҚ-дың ұйымдастырушылық құрылымында Халықаралық валюталық және
қаржылық комитет – ХВҚК (International Monetary and Financial Committee,
IMFC) маңызды орын алады. (1974 жылдан бастап 1999 жылға дейін оның орнында
Халықаралық валюталық жүйе сұрақтары бойынша әлемдік комитет болды.) Ол ХВҚ-
дың 24 басқарушысынан тұрады және өздерінің сессияларына жылына екі рет
жиналады. Бұл комитет Басқарушылар кеңесінің кеңестік органы болып табылады
және директивті шешімдер қабылдау үшін құзыреті жоқ. Бірақ ол маңызды
функциялар атқарады: Атқарушы кеңестің қызметін бағыттайды; ХВҚ-дың қызметі
мен халықаралық валюталық жүйенің іс-әрекетіне байланысты стратегиялық
шешімдерді өндіреді; Басқарушылар кеңесіне ХВҚ Келісімдерінің баптарына
жөндеулер енгізу туралы ұсыныстар жасайды. [2]
Осыған ұқсас қызметті даму бойынша Комитет те атқарады – ДБ
(Дүниежүзілік банк) және Joint IMF – (World Bonk Development Committee)
Қорының басқарушылар кеңесінің біріккен министірлік комитеті. Басқарушылар
кеңесі өзінің көптеген құзыреттерін Атқарушы кеңеске (Executive Board)
делегерлейді, яғни саяси, оперативті және әкімшілік сұрақтар шеңберін
қамтитын, оның ішінде мүше-елдерге несие ұсыну және олардың валюталық бағам
саясатына бақылау жүргізу, ХВҚ-дың жұмысын атқару үшін жауапкершілік
жүктелген директорат болып табылады. ХВҚ Атқарушы кеңесі Қордың
қызметкерлер штатын басқаратын (2004 жылдың қыркүйегіндегі мәлімет бойынша
– 140-тан астам елдерден 2700 адам шамасында) реттеуші-директорды
(Managing Director) бес жылдық мерзімге таңдайды.Ол Европалық мемлекеттер
өкілінің бірі болу керек. Реттеуші-директор (2004 жылыдың мамырынан бастап)
- Родриго Рато (Испания), ал оның бірінші орынбасары (2001 жылдан бастап) -
Энн Крюгер (США) болды.
Қазіргі уақытта ХВҚ құрамына 185 мемлекет кіреді.
Жарғылық капиталы 212,8 млрд. АҚҚ құрайды (қаржылық 2004 жылдың соңына
қарай 1 АҚҚ шамамен 1,45 АҚШ долларына тең болды). Мүше-елдердің салымдары
есебінен құрастырылады. Олар әдетте квотасының 25% АҚҚ-мен немесе басқа
мемлекеттердің валютасымен, ал қалған 75% ұлттық валютамен төлейді. Квота
көлеміне қарай ХВҚ-дың басқарушы органдарында мүше-елдер арасында дауыстар
үлестіріледі. Ең үлкен квота иегері АҚШ – 17,14% дауыс, Жопония - 6,15%,
ГФР - 6,01%, Ұлыбритания және Франция - 4,96%, Ресей - 2,75% дауыс.
Ең көп дауысы бар мемлекеттер: АҚШ – 17,78%; Германия – 5,53%; Жопония
– 5,53%; Ұлыбритания – 4,98%; Франция – 4,98%; Сауд Аравиясы – 3,45%;
Италия – 3,09%; Ресей – 2,9%.
ЕО-ға кіретін 15 мемлекеттің ХВҚ дауыс үлесі – 28,8%, ал өнеркәсібі
дамыған 29 мемлекет (Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін
мемлекеттер, ОЭСР) 63,4% дауысты иемденеді. Ал Қор мүшелерінің 84%-дан
астамын құрайтын елдердің үлесі 36,6% ғана.[2]

2.Бүкіл әлемдік банктер тобы. Олардың құқықтық жағдайы
Бүкіләлемдік банк (ББ) – халықаралық әмбебап ұйым. Ол 1944 жылы
шілдеде БҰҰ-ның Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған
шешімге сәйкес келісім бойынша құрылған. Бреттон-Вудсте (АҚШ) 1945 жылы
желтоқсанда өз күшіне енген. ББ формальді түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының
(БҰҰ) арнайы қаржы мекемесі болып саналады. ББ тобына Халықаралық қайта
жаңғырту және дамыту банкі (ХҚДБ), Халықаралық Даму ассоциациясы (ХДА),
Халықаралық Қаржы корпорациясы (ХҚК), Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты
Агенттігі (ИККА) және Инвестициялық Дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық
орталық (ИДРХО) кіреді. ББ мүшелінгінде 184 мемлекет бар.
Бүкіләлемдік банк қызметінің негізгі бағыты ғаламдық масштабта
кедейлік деңгейін төмендету және мемлекеттерге әр түрлі салада техникалық
көмек: білім беру мен денсаулық сақтаудан бастап, қаржылық тұрақтылыққа
дейін көмек көрсету. Әлемдік банк әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіндегі
дамушы елдердің үкіметтеріндегі мектеп және денсаулық сақтау мекемелері
құрылысына, халықты сумен және электр қуатымен қамтамасыз етуде, аурумен
күрес және қоршаған ортаны қорғауда қаржылық күшейтуді қамтамасыз ететді.
ББ мақсатына мыналар жатады:
Мүше мемлекеттердің экономикасын дамытуға, оған қоса дамушы елдердегі
өндірістік дамуды ынталандыруға көмек көрсету;
Жеке шетелдік инвестицияларға кепілдік ұсыну жолымен немесе ұсынылған
жеке инвесторларға займ және өзге де капитал салуға қатысу арқылы
ынталандыру;
Халықаралық сауда өсімін теңестіруге және төлем баланстары теңдігін
қолдауға;
Барынша пайдалы әрі күттірмейтін жобаларды жүзеге асыруға займ ұсыну
немесе олардың кепілдігі.
ББ және Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) бір-бірімен өте тығыз
байланысты. ХҚДБ туралы Келісімнің 1 бөлімі, ІІ бабына сәйкес банк мүшелері
тек ХВҚ-ның мүшесі бола алады.
2001 жылғы сәуірде ХВҚ мен ББ атқарушы директорлары қаржыны жылыстату
ғаламдық масштабта, ірі және шағын қаржы нарығында да көңіл бөлуді қажет
ететін проблема екендігін мойындады. Қаржыны жылыстату ұлттық экономикалық
даму және қаржы институтын қалыптастыру үдерісіндегі елдердің экономикалық,
саяси және әлеуметтік күйреу салдарына әлеуетті түрде әкеп соғатындығын
ескере отырып, қаржыны жылыстату дамушы елдерге айтарлықтай экономикалық
шығын әкелуі мүмкіндігі туралы айтады.
2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғадан соң, ХВҚ мен ББ атқарушы
директорлар Кеңесі қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы
іс-қимылды күшейту жөніндегі жоспарды қабылдады. Мұнан өзге, 2002 жылдың
тамызында басқарушылар Кеңесі ФАТФ-тың 40+8 ұсынымын қылмыстық жолмен
келген кірістерді жылыстатуды (заңдастыруды), лаңкестікті қаржыландыруды
заңдастыруға қарсы салада халықаралық стандарттарды қабылдады.
2002 жыл ағымында ХВҚ мен ББ ФАТФ-пен, Эгмонт тобымен, банктік
қадағалау жөніндегі Базель комитеті және қаржыны жылыстату және 2002 жылғы
қазандағы ФАТФ-тың пленарлық отырысында бекітілген лаңкестікті
қаржыландыруға қарсы күрестерде іс-қимылын бағалаудағы өзге де әмбебап
толық масштабты әдістемелерін әзірлейтін халықаралық органдармен тығыз
қарым-қатынаста болды.
ХВҚ мен ББ көрсетілген әмбебап әдістемелер бойынша 12 айлық
эксперименттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында 33 елге (ФАТФ және ФТАҚ
- 8) бағалау жүргізді.
2004 жылғы наурызда ХВҚ мен ББ Кеңесі эксперименттік бағдарламаның
нәтижесін қарап, оның сәтті әрі халықаралық қауымдастықтың қаржыны
жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күшті екпінін бар екендігін
осы эксперименттің арқасында мойындады.
Біруақытта келесідей шешімдер қабылданды:
1) қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар
жөнінде ХВҚ мен ББ қызметтерінің бөлігін тұрақты жұмыс ету;

2) ФАТФ-пен ынтымақтастықты жалғастыру;

3) ФАТФ ұсынымындағы 2003 жылы маусымда қаралған негізде бағалау
әдісін мақұлдау;

4) осы бағыт бойынша алдағы уақытта жұмыс жүргізу үшін қосымша
ресурстар бөлу.
Бүкіләлемдік банк өзінің қызметі аясында сондай-ақ, мүдделі ұлттық
мемлекет органдарының қызметкерлеріне түрлі оқыту үлігісін ұйымдастыру
арқылы және көрсетілген салада халықаралық сарапшыларды тарту арқылы жеке
сектор ұйымдастыра отырып, мүше мемлекеттерге қылмыстық жолмен келген
табыстарды заңдастыруға қарсы іс-қимыл саласында техникалық көмек
көрсетеді.
Мұнан өзге, Бүкіләлемдік банк шеңберінде қаржыны жылыстату
проблемасына арналған, қылмыстық жолмен түскен табыстарды заңдастыруға
қарсы іс-қимылдардың жалпы жүйесіне, қаржы барлау бөлімшелеріне және т.б.
арналған анықтамалық материалдар таратады. Бүкіләлемдік банк сондай-ақ,
қатысушы мемлекеттердің қаржы секторының қызметіне бағалау жүргізеді. Оның
шеңберінде, атап айтсақ, қылмыстық жолмен келген табыстарды жылыстату және
лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық стандартқа сай
ұлттық жүйеге сәйкес бағалау жүргізіледі.

1996 жылдан бастап, Бүкіләлемдік банк сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен
күрестің 600 бағдарламасын және басқару тиімділігін жоғарылатудағы 100-дей
ел клиенті жүзеге асырды. Бұл бастамаларда әр түрлі шаралар қарастырылған:
мемлекеттік қызметшілердің кірісін көрсетіп декларация толтырудан бастап,
мүлік және судьялардың жоғары біліктіліктен өтіп, журналистерге журналистік
зерттеулер жүргізу әдістерін оқытулар жүргізіледі. Қазіргі таңда жаңа
жобалардың төрттен бірі мемлекет кірісі мен қаржы реформасына қатысы бар
компоненттен тұрады.
Дүниежүзілік банк — [World Bank] — Бүкіләлемдік банк тобы, Әлемдік
банк, Халықаралық қайта қүру мен даму банкі [МБРР; International Bank for
Reconstruction and Development, IBRD] — даму процесіне жәрдемдесетін аса
ірі әлемдік үйымдардың бірі. 1945 жылы қүрылып, қүрамында 154 мемлекет
болған. 2004 ж. Бүкіләлемдік банктер тобы мүшелерінің саны 184 мемлекетке
жетті. Банктің негізгі мақсаты мүше елдердің экономикасын қайта қүру мен
дамытуға, өндірістік мақсаттарға капитал қүю арқылы көмектесу. Сонымен,
Бүкіләлемдік банк - дамушы және өтпелі экономикасы бар елдер үшін әлемдік
ірі қаржы қорының және білімнің көзі. Бүкіләлемдік банк өзінің қаржы қорын,
қызметкерлерін және бай тәжірибелерін эр елдегі кедейшілікпен күресте,
экономикалық өсімді және өмір сүру сапасын көтеру үшін пайдаланады. 2002
жылы Бүкіләлемдік банк клиент-елдерге 19,5 млрд. долл. қарыз берген. Ол 100-
ден аса дамушы елдердегі кедейшілікпен күреске баса көңіл бөліп, жәрдем
береді. [1]
Дүниежүзілік банк - БҰҰ жүйесіндегі бірнеше халықаралық қаржы
ұйымдарынан тұратын топ. Оған Дүниежүзінің қайта құру және даму банкі
(ДҚҚДБ), Даму жөніндегі халықаралық ассоциация, Инвестициялық кепілдік
бойынша халықараралық агенттік, Инвестициялық қайшылықтарды реттеудің
халықаралық орта және Халықаралық қаржы корпорациясы кіреді. Штаб-пәтері —
Вашингтон қаласында орналасқан. Банктың қызмет түрлеріне әр түрлі
мемлекеттерде экономика реформаларды жүргізуге көмектесу, нарық
бәсекелестігін дамыту, кәсіпорын және қаржы секторларын реформалау,
әлеуметтік қорғау жүйесін орнықтыру, айналадағы ортаны қорғау, экономиканың
әр түрлі салаларының жұмысын жақсарту, т.б. жатады. Қазақстан Республикасы
Дүниежүзлік банкке 1993 жылдан мүше.
Әлем банкінің, Халықаралық қаржылық компанияның және
ПрайуотерхаусКуперс-тің жаңа бірлескен есебінде көрсетілгендей,
мемлекеттер үкіметтері салық салу жүйесін реформалауды жалғастыруда. Есепке
енгізілген 183 мемлекеттің 123-і салық заңнамасына елеулі өзгерістер
енгізді, бұл өзгерістер салық салу базасын ұлғайту мақсатында кіші және
орта бизнестің салықтық ауыртпалығын төмендетуге және бүкіләлемдік
экономикалық дағдарыстың салдарын жеңілдетуге бағытталған.
2012 жылғы салық төлемдері атты ағымдағы есепте 2010 жылдың мамыр
айынан 2011 жылдың мамырына дейін 33 елде салық төмендетіліп, оларды төлеу
процедурасы ықмшамдалғандығы айтылады. 23 елде жүзеге асырылған
реформалардың кең тараған түрлерінің бірі – салық заңнамасының талаптарын
қамтамасыз ету мақсатында онлайн-жүйелерді кеңінен қолдану болып отыр.
Электронды төлем мен құжаттарды ұсыну қағаз құжаттардың көлемін азайтады,
тәуекелдерді талдау негізіндегі және анағұрлым бағытталған аудиттік
тәсілдерді қолдануға жағдай жасайды және заңнамалық талаптардың орындалуын
қамтамасыз етеді, және парақорлықты жоюға мүмкіндік береді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайлары
Халықаралық валюталық қор
Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттарының даму жағдайы
Ақшаның қажеттілігі, мәні және қызметтері
Ұлттақ валюта нарығы
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе
Әлемдік қаржы орталықтарының ролі мен іс-әрекеті
Ақша оның қажеттілігі және функциялары
Экономикалық ұғымдар
Пәндер