Ш.Л. Монтескьенің саяси-құқықтық теориясы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің жалпы және этникалық психология кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы : Ш. Л. Монтескьенің саяси-құқықтық теориясы

Орындаған: Ержанова М.

Қабылдаған: Көмекбаева Л.

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Ш. Л. Монтескьенің саяси-құқықтық теориясы
  3. Қорытынды

Европадағы ағартушылықтың басты идеяларының бірі адам құндылықтарын қадірлеумен қатар, социалистік идеялар да ұлы ойшылдар қозғаған тақырыптардың біріне айналды. XVIII ғасырдың өн бойында социалистік мұратты білдіретін әдеби шығармалар оған дейінгі бүкіл дәуірге карағанда көбірек жазылды. Бұлардың қатарына француз ағартушылары Г. Мореллидің "Табиғат кодексі немесе оның зандарының нағыз рухы", Г. Маблидің "Азаматтардың қүқықтары мен міндеттері туралы", Г. Бабефтің "Теңдік" және тағы басқа еңбектерді қосуға болады.

Ағартушылык ойдын дамуына энциклопедистердің де қосқан улесі аз болған жок. . Энциклопедистер атауының пайда болуына жазушы әрі философ Дени Дидро бастаған бір топ ағартушылардың 1751 жылдан бастап "Ғылым эніщююпедиясын" шығаруы себеп болды. Оның авторлары қатарында Вольтер, Руссо, Монтескье және басқа да белгілі ойшылдар болды. Олар сол дәуірдегі ғылыми білімдер мен алдыңғы катарлы озық идеяларды бір жүйеге келтіруді және мазмұндауды, оны оқырманға көптеп таратуды мақсат етіп қойды.

Энциклопедистер халықтың табиғи құқықтарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік баскару тәсілін өзгертуге, заңдарды реттеуге көп көңіл бөлді. Олар бүкіл француз қоғамы (ұлты) сословиеге бөлінген артықшылығы мен қүқықтары шектелген "азаматтардан" емес, алдында тең қүқылы, тең міндеттері бар ерікті азаматтардан түруға тиіс деп жариялады.

Француз ағартушылары өз еңбектерінде коғам мен табиғаттың арақатынасы, қоғамның қозғаушы күші, теңсіздіктің себептері, діни наным, адам қүндылықтары сияқты сұрақтарга жауап іздеді. Олар қоғам дамуының нәрін парасаттылык пен саналылық, білімділік пен адамның жан-жақты қалыптасуымен байланыстырып, "әлемді пікір билейді" деген қорытындыға келді.

Француздың ұлы ойшылы және әдебиетшісі Франсуа Мари Аруэ Вольтер европалык Ағартудың жұрт таныған дем берушісі және көсемі болып табылды. Ол арнайы саяси-қүқықтық еңбектер жазған жоқ. Бірак оның шығармаларында мемлекет, саясат, кұкық және заң туралы көзқарастар көрініс тапты. Сол дәуірдегі феодалдық қоғамның әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық кайшылықтарын батыл сынға алған Вольтердің сол қоғамға дейінгі ойшылдардың көзкарастарынан басты ерекшелігі - бостандык, рухы, гуманизм және әділдік болды. Оның пікірі бойынша әлеуметтік зорлық түп-тамырымен жойылуы тиіс, ал оның ең басты көріністері адамгершілікке жатпайтын күштеу әрекеттері, үстемдік, қараңғылық және сананы тұншықтыру.

Әлеуметтік зорлық пен қараңғылықтың басты тірегі мен жауапкершілігін Вольтер шіркеуден іздеді. Оның шығармашылык еңбегінің көп бөлігі де шіркеуге қарсы аяусыз күреске арналған. Өзінің соқыр сенімі мен жауыздық әрекеттерің жүргізген құдайды ол тиранға теңейді. Шіркеу қызметкерлерін арам-тамақтар мен қаңғыбастар ретінде карғайды, діни қуғындау мен фанатизмді аяусыз сынға алады. Ол католиктік шіркеуге қарсы "сүмырайды таптаңдар" деген ұран көтерді және құдайдың барлык уақытта табиғат құбылысы мен адамның әрекетіне араласу жөніндегі шіркеу ілімін әшкереледі, дегенмен ол атеист болған жок- Ол дінді халық үшін, халықты бағынышты жағдайда ұстау үшін қажет деп есептеді.

Вольтер барлык бостандыктың өмірлік бастауы болып табылатын ар-ождан және сөз бостандығын діни караңғылық пен сенім тұншықтыруда деп есептеді. Вольтердің "егер құдай болмаса, оны ойлап табу қажет болар еді" деген канатты сөзі де бар.

Вольтер сонымен бірге демократиялық идеяларды да жактай койған жок. Бостандык пен білімді және адамгершілікті жоғары бағалаған ол еңбекші халыктың ауыр тұрмысы мен оны жақсартудың жолдарын және коғамды демократиялық негізде қайта құру мәселелерін қарастырмады. Демократия мен халық билігін тобыр билігі ретінде есептеді. Бірақ табиғи құқықтар, бостандық, теңдік оның қызу қолдаған мәселелері болды.

Мемлекеттік басқару формасында абсолютті моңархияға бүйрегі бұрған Вольтер революцияльіқ ескіні етер қажеттігін де жоққа шығармайды. Бірақ ол абсолютті монархияның "ағартушылық" болғанын қалайды. Король тағыңда "ағартушы монарх" отырғанда ғана саяси құрылыс игілікті болып табылады. Білімді және ақылды патшаға, сонымен бірге, кайырымды, кешірімді және жомарттық касиеттер де кажет. Терең білімді, адамгершілігі мол билеуші ғана елдегі әлеуметтік-экономикалык және құқықтык кайшылыктарды жоюға кабілетті, яғни Вольтердің ойынша абсолюттік монархиялы билік өз күшін әлі де әлеуметтік игілік үшін жұмсай алады. Вольтер философ билеген абсолютті монархияның осындай әрекеттер жасай алатынына сенеді.

Шарль Луи Монтескье - француз ағартушылығының көрнекті өкілдерінің бірі, танымал заңгер және саяси ойшысы. Ол құқықтану, саясатпен қатар философия, этика, әлеуметтану, тарих, саяси экономия, жаратылыстану ғылымдары, әдебиет пен өнер және дін мәселелеріне арналған көлемді шығармалар қалдырды. Оның мемлекет, саясат және құқықтануға арналған бастыүш еңбегі: "Парсы жазбалары" (1721), "Римдіктердің қуаттылығы мен құлауының себептері туралы пікірлер" (1734) және жиырма жыл бойы жазған "Заңдар рухы туралы". Францияның феодалдық-абсолюттік тәртібі аяусыз сыналған "Парсы жазбалары" бір жылда сегіз рет жарық көрді. "Римдіктердің қуаттылығы мен құлауының себептері туралы пікірлерінде" Монтескьенің ағартушылық және антидеспоттық идеялары Ежелгі Римнің қоғамдық, саяси және рухани өмірінің тарихи зерттеу тәжірибесімен және дәлелдерімен бекітіледі. Кең көлемде және жан-жақты жазылған "Зандар рухы туралы" еңбегі Монтескьені саяси және құқықтық ойдың бүкіл әлемдік тарихындағы танымал классиктердің қатарына шығарды. Сол кездегі қоғамдық құрылыс пен шіркеудің қарсылығына тап болған бұл шығарма тиым салынған кітаптар тізіміне енгізілді.

Монтескьенің саяси-құқықтық теориясының басты тақырыбы және онда қорғайтын басты құндылығы - саяси бостандық. Оның аталған шығармасында бостандықты қамтамасыз етудің қажетті шарттары ретінде әділ заң мен мемлекеттік құрылымның тиімді жұмыс істей алуын қамтамасыз ете алатын зандар қарастырылады. Монтескье барлық заңның бастауы жеке оқиғалардан туындайды, соның салдарынан жеке заңдар басқа заңдармен байланысады және жалпы заңдармен өзара тәуелділікте болады дейді. Табиғи заңдар адамдардың тіршілік әрекетіне байланысты олардың ішкі өмірі негізінде қалыптасады, яғни адам табиғатының қасиеттеріне қарай табиғи зандар пайда болады. Монтескье бұндай зандарға адамдардың бейбіт тұруға ұмтылысын, өзіне қажетті азық-түлікті табуын, адамдардың бір-біріне көмегін және олардың қоғамдағы тыныштық өмірін қосады. Француз ойшылы Гоббстың адамдардың әуелгі кезден-ақ бір-біріне дұшпандық ниетте және бірін-бірі билеуге ұмтылғандығы туралы қателігін арнайы атап көрсетеді.

Монтескьенің ойынша адамдар алғашқы кезде әлсіз, қорғансыз, батылдығы жеткіліксіз болған және басқалармен бейбіт қарым-қатынаста болуға, тең өмір сүруге ұмтылған. Адамдар қоғамға біріккен кезден бастап қана өздерінің әлсіздігі туралы ойларды ұмыта бастаған, олардың арасындағы тендік жойылып, жеке адамдар және халықтар арасында соғыс әрекеттері басталған. "Осындай соғыстардың пайда болуы деп жазды ол, адамдар арасында заң шығаруды қажет етті". Халықтар арасындағы қарым-қатынасты белгілейтін, (халықаралық құқық) билеушілер мен басқарушылар арасындағы қатынасты айқындайтын (саяси құқық) және барлық азаматтар арасындағы қатынастарды белгілейтін (азаматтық құқық) зандар пайда болды. Бір қоғамда және сол қоғамдағы заңдармен өмір сүретін адамдардың қажет етуі себепті мемлекет құру қажеттілігі туыңдайды. Зандардың шығуына қажетті қатынастарға әр халықтың өзіндік сипаты мен ерекшелігінің ықпалы бар екендігіне де Монтескье назар аударады. Сирек жағдайда болмаса бір халықтың заңы екінші халыққа жарай бермейді. Бұл туралы кейіннен қазақтың ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлиханов та "Сот реформасыны ңжазбасы" туралы еңбегінде айтады. Монтескье, сонымен бірге, мемлекет белгілеген заңдардың табиғаты мен принципі оның географиялық жағдайы мен ерекшелігіне, жер көлемі мен табиғатына (ыстық, суық, шөл, тропиктік), топырақ құрамына, тұрғындардың өмір салтына (егіншілер, малшылар, көшпелілер т. б. ), халықтың санына, елдің байлығына, әдет-ғүрыптарына сәйкес келу қажеттігін атап көрсетеді. Монтескье зандардың шығуына азаматтық жағдайда құрылған үкіметтің билік етуі мен табиғаты шешуші ықпал ететіндігін айтады.

Монтескье басқарудың республикалық, монархиялық және деспоттық формасын көрсетеді. Басқарудың аталған түрлеріндегі заң шығару принциптерімен бұл заңдардың кімге тиімді екендігін, сондай-ақ бұл заңдар жағдайында халықтың теңдігі мен бостандығы қандай дәрежеде болатындығын дәлелдеуге тырысады. Басқарудың әр формасы өз құрылысын сақтауға қабілетті заңдар шығаратындығына назар аударады. Монтескьенің пікірінше, басқару түрінің өзі мемлекеттің жер көлеміне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Ол биліктің үлкен мемлекеттер үшін деспоттық, орта мемлекеттер үшін монархиялық, шағын елдер үшін демократиялық түрі тиімді деп есептейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монтескьенің еңбектеріндегі құқықтың өзекті мәселелерін, нысандары мен бағыттарын, ерекшеліктерін зерттеу
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдер жайлы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫ
Франциядағы XVIII – XIX ғасырдың басындағы ағартушылық ілімдер
ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
Шарль Луи Монтескьенің мемлекет және құқық туралы ілімдері
МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
Монтескьенің саяси - құқықтық көзқарастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz