Құқықтық қатынастар ұғымы және негізгі белгілері



І.Кіріспе.
Құқықтық қатынастар ұғымы және негізгі белгілері.
ІІ.Негізгі бөлім.
а)Құқықтық қатынастардың құрамы.
б)Құқықтық қатынастардың алғы шарттары
ІІІ.Қорытынды.
Адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы қарым-қатынастардың әртүрлі жақтарын және сыртқы көріністерінің өзіндік нысандары болады.
Олар моральдік,саяси,ұлттық,діни,соған қосымша құқықтың болуы мүмкін.Әрбір қоғамдық қатынастар қиын және көпжақты құбылыстар,оларға әртүрлі қоғамдық мүдделердің бөлімдері және қажеттіліктері қосылуы ықтимал.Кейбіреулері құқықтық реттеумен қамтылса,басқалары қамтылмайды.Мысалы,отбасы өмірінде заңды нысандарға көшетін әдеттегідей,материалдық қарым-қатынастар адамдардың дінге,өзіне қатынасы,құқықтық реттеу аясынан сыртта болады.Соған байланысты,қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей толық көлемде заңды нысандарға көшпейді.
Құқықтық қатынас адамдар арасындағы құқық нормаларымен белгіленген анық қатынастарды көрсетеді.Барлық қоғамдық құбылыстар объективті түр-
де заңды бола алмайды.Қатынастар құқықтық сипатты тек сол кезде алады,егер әңгіме әлеуметтік маңызы бар актілерді жүргізуге арналса.Ал,ой мен сезімге сәйкес олардың қимылын көрсетпейтін болса,олардың заңды табиғаты туралы айтып та қажеті жоқ.
Құқықтық қатынастар-құқыққа байланысты,құқық негізіндегі қатынастар.Олар:
1)Құқықтық қатынас-бұл қоғамдық қатынас,былайша айтқанда,адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен,мінез-құлқымен тікелей байланысты.Меншік иесінің өз заттарына қақысы бар,
бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады; 2)Адамның мінез құлқына құқықтық пайда болады.Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұлтартпас байланыс бар,
өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады.Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа
ие болуы мүмкін.Мысалы,құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады; 3)Құқықтық қаты-
нас-бұл субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс.
1.Мемлекет және құқық теориясы
(Ағдарбеков Т.)
2.Мемлекет және құқық теориясы
(Сапарғалиев)
3.Құқық негіздері
(Баянов)
4.Құқық негіздері (Ө. Қопабаев, Қ.Айтхожин)

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе.
Құқықтық қатынастар ұғымы және негізгі белгілері.
ІІ.Негізгі бөлім.
а)Құқықтық қатынастардың құрамы.
б)Құқықтық қатынастардың алғы шарттары
ІІІ.Қорытынды.

Адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы қарым-қатынастардың
әртүрлі жақтарын және сыртқы көріністерінің өзіндік нысандары болады.
Олар моральдік,саяси,ұлттық,діни,соған қосымша құқықтың болуы мүмкін.Әрбір
қоғамдық қатынастар қиын және көпжақты құбылыстар,оларға әртүрлі қоғамдық
мүдделердің бөлімдері және қажеттіліктері қосылуы ықтимал.Кейбіреулері
құқықтық реттеумен қамтылса,басқалары қамтылмайды.Мысалы,отбасы өмірінде
заңды нысандарға көшетін әдеттегідей,материалдық қарым-қатынастар
адамдардың дінге,өзіне қатынасы,құқықтық реттеу аясынан сыртта болады.Соған
байланысты,қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей толық көлемде заңды
нысандарға көшпейді.
Құқықтық қатынас адамдар арасындағы құқық нормаларымен белгіленген анық
қатынастарды көрсетеді.Барлық қоғамдық құбылыстар объективті түр-
де заңды бола алмайды.Қатынастар құқықтық сипатты тек сол кезде алады,егер
әңгіме әлеуметтік маңызы бар актілерді жүргізуге арналса.Ал,ой мен сезімге
сәйкес олардың қимылын көрсетпейтін болса,олардың заңды табиғаты туралы
айтып та қажеті жоқ.
Құқықтық қатынастар-құқыққа байланысты,құқық негізіндегі
қатынастар.Олар:
1)Құқықтық қатынас-бұл қоғамдық қатынас,былайша айтқанда,адамдардың
арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен,мінез-құлқымен тікелей
байланысты.Меншік иесінің өз заттарына қақысы бар,
бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады;
2)Адамның мінез құлқына құқықтық пайда болады.Құқықтық норма мен құқықтық
қатынас арасында бұлтартпас байланыс бар,
өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда
болады.Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа
ие болуы мүмкін.Мысалы,құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма
тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады; 3)Құқықтық қаты-
нас-бұл субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар
арасындағы байланыс.
Субъективті құқыққа ие болушы соны пайдаланатын тұлға,ал құқықтық міндет
жүктелген,сол міндетті орындауа тиіс тұлға.Құқықтық қатынаста хақысы бар
және міндеті бар тұлға болады:адам,ұйым,мемлекеттік орган; 4)Құқықтық
қатынас-ерікті қатынас.Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі
қажет(мүліктік қатынастар).Ал кейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың
еркіне байланысты пайда болады(қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі
бойынша қозғалады); 5)Құқықты қатынасты
мемлекет қорғайды.Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз
ете отырып,мемлекет құқықтық қатынастарды да қорғайды.Мемлекет қорғайтын
құқықтық қатынастар қоғамдағы құ-
қық тәртібінің негізі болып саналады.
Құқықтық қатынастардың түрлері: 1)Реттейтін
құқықтық қатынастар-субъектілердің заңға сәйкес мінез-құлқы,былайша
айтқанда,құқықтық нормалар негізінде және соған сәйкес мінез-құлық.Мұндай
құқықтық қатынастар құқық тәртібінің негізін құрайды.Бұларға
ататындар:мемлекеттік,мүліктік,отба сы,еңбек,т.б.құқықтық қатынастар.
2)Қорғайтын құқықтық қатынастар-субъектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан
пайда болады.Оның мақсатықоғамдық тәртіпті қорғау,кінәліні жазалау,сөйтіп
әділдік орнату. 3)Абсолютті құқықтық қатынас-
тарда тек бір тарап болып саналады.Мысалы,бұларға меншікке байланысты
қатынастар жатады. 4)Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық
оған қатысушылар белгілі(сатушы мен сатып алушы)болып келеді.
Сонымен,құқықтық қатынастар дегеніміз - қатысушыларының субъективтік
құқықтары мен заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге)сәйкес
туындайтын,ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.
Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық
субъектілерінен,субъективтік құқықтан,заңды міндеттен,құқықтық қатынас
объектісінен(затынан) тұрады.
Құқық субъектісі-заңи және жеке тұлға.Заңды тұлғаларға
жататындар:мемлекеттік органдар,қоғамдық бірлестіктер,т.с.с.Меншік,
шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол
мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін,өз атынан мүліктік және
мүліктік емес жеке
құқықтар мен міндеттерге ие болып,оларды жүзеге асыра алатын,сотта талапкер
және жауапкер бола алатын ұйым заңи тұлға деп аталады.Қазақстан
Республикасының азаматтары,шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да
жеке тұлғалар болып саналады.Шын өмірде,барлық жеке адамдар және ұйымдар
құқықтық қатынастардың субъектісі бола бермейді,оны әртүрлі объективтік
факторлармен:физиологиялық,психолог иялық, экономикалық түсіндіріледі.Жас
балалар,ұйымдар өз өмір сүруін тоқтатса,
шын мәнісінде құқықтық қатынасқа араласа алмайды,егер құқықтың субъектісі
болмаса,міндетті субъекті де жоқ және міндеттіліктің өзі де жоқ-біреу
туралы міндетті болуға болмайды.
Құқықтық қатынастың қатынасушыларына тек сол субъектілер жатады,егер
олар объективтік құқық аясында болса.Олардың көпшілігі құқықтық мемлекетте
болады.Басқа адамдар әр түрлі себептерге байланысты құқықтық реттеу аясына
қосылмаса,әр түрлі жақсылық жасайтын қоғамдық ұйымлардың және мемлекеттің
қарауында болады.
Құқықтық қатынастар,субъектілердің қатынасу өлшеміне,олардың құқықтық
қабілеттілігіне байланысты.
Құқықтық қабілеттілік-субъектінің заңда бекітілген құқықты және заңды
орындау қабілеттілігі.Ол адамның туылған күнінен басталып,өлгеніне дейін
сақталады,құқықтық қабілеттілік адамның табиғи қасиеті емес,объективтік
құқықпен пайда болады. Онда субъектінің ие болатын заңды құқығы және
міндеттері жиылады,бірақ ол жағдай оның шын мәнісіндегі,ондайға ие болуға
қабілеттілігін көрсетпейді. Сондықтан,құқықтық қатынастың шын қатынасушысы
болу үшін құқықтық қабілеті болуы қажет.
Әрекеттілік-объективтік құқық нормасымен мойындалған,өзінің саналы
қимылымен заңды құқықты және міндеттерді субъектінің өз еркімен іске асыру
қабілеттілігі,әрекеттілік жалпылама және арнайы бөліктерден
тұрады.Жалпыламаға,мысалы заңды келісімдер жатса,арнайыға тек қатаң
белгіленген келісімдер жатады. Табиғи себептерге байланысты құқық
қабілеттілік пен әрекеттілік әр уақытта бір-біріне сәйкес келмейді.Барлық
адамдар құқықтық қабілетте болады,бірақ оның барлығы бір мезгілде
әрекеттілікте болмайды.Керісінше,барлық әрекеттілігі бар,адамдардың
құқықтық қабілеттілігі болады.Сондықтан,құқықтық қабілеттілік көбіне
кеңірек түсінік,себебі көпшілік адамдардың ортасына таралады.Жекелеген
адамдардың өзіндік табиғатына берілгендік және олардың өмірлерінің
жағдайына байланысты болады.
Әрекеттіліктің көлемі және мазмұны көптеген факторлармен байланысты:
1)Құқықтық қабілеті бар субъектінің жасына байланысты.Барлық
мемлекеттердің заңдары азаматтың кәмелеттік жасын анықтайды,себебі сол
жасқа толғаннан кейін жеке адам әрекеттілік жағдайда болады,яғни өзінің
қимылымен толық көлемде азаматтық құқыққа ие болады және өзі үшін азаматтық
міндеттерді белгілейді(азаматтық әрекеттілік).Тең жағдайда адамның заңмен
саяси есейгендік жасы белгіленеді,сол арқылы азамат саяси құқыққа ие
болып,соған сай міндеттерді атқарады (мысалыға,мемлекеттік органдарға
сайлауға және сайлануға құқығы бар,депутат болса халықтың алдында есеп
беруге міндетті).Барлық елдерде тұрмыс құру жасы белгіленген.Субъектінің
жасына байланысты оның әрекеттілігі толық немесе тежеулі
болады.Мысалы,кәмелетке толмағандар келісімді тек ата-аналарының рұқсатымен
жасайды.
2.Субъектінің әрекетіне ықпал жасайтын олардың денсаулығы.Азамат
психикалық ауруына немесе кемақылдылығына байланысты өзінің іс-қимылының
маңызын түсінбей және оны басқара алмайды,соттың шешімімен әрекетсіздігі
мойындалады.Ондай адамдардың құқығы және міндеттері олардың күтушілерімен
орындалады.Заңға байланысты алкогольмен не болмаса, есірткіні мөлшерден тыс
пайдаланатын адамдардың әрекеттілігі шектеледі.
3.Әрекеттілікке,белгілі мөлшерде субъектінің туысқандығы ықпал
жасайды.Оған ең алдымен неке-отбасы қатынастары жатады.Өркениетті елдерде
заңмен,туысқандардың бірімен-бірінің қосылып,тұрмыс құруына тиым салынған.
Кейбір елдерде ерлі-зайыптыларға бір мекемеде жұмыс істеуге рұқсат
берілмеген, әсіресе бір-біріне бағынышты жағдайда.
4.Әрекеттіліктің мазмұнына ықпал ететін факторларға субъектінің
заңды бұлжытпай орындаушылығы жатады. Қылмыс жасаған адам жазасын өтеу
кезінде,өзінің көптеген азаматтық,саяси және басқа құқықтарды және
міндеттерді, яғни құқықтық қабілеттілігін іске асыруға мүмкіндігі болмайды.

5.Әрекеттіліктің мазмұны субъектінің дінге сенуіне де байланысты
болады.Дінге сенушілік еркіндігі жарияланып, кепілдікке алынған құқықтық
мемлекетте, діни сенімдердің себептеріне байланысты сенушілер мемлекеттің
азаматтары ретінде әртүрлі құқықтар мен міндеттерден бас тартуы мүмкін.
Жеке адамға құқықтық қатынастың субъектісі ретінде – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Қылмыс құрамы жайлы
Қылмыс және қылмыстық құқық
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Саясат тарихы туралы ақпарат
Мемлекеттік қаржы қызмет
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыстық құқықтық ұғымы, белгілері
Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
Пәндер