Сана - психиканың жоғары формасы, сананың пайда болуы және дамуы



Кіріспе
1. Сана . психиканың жоғары формасы Сананың пайда болуы
және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Психика деңгейлерінің өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Психика және іс.әрекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Іс.әрекет құрылымы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Негізгі психикалық үдерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған әдебиет тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін емес. Психиканың пайда болуы мен дамуын зерттеу ушін биология, генетика, антропология. білімдері мен әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблемаларды шешу үшін нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, медицина әдістерін тартуды талап етеді; психикаға орай биологиялық және әлеуметтік жағдаяттар байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялык, психологиялық білімдердің басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, психологияның басқа ғылымдармен, ғылым салаларымен ара қатынас түрлерін шексіз жалғастыраберуге болады. кезегінде, психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған деректер психологиямен сыбайлас пәндер үшін өте қажет.
Психология және логика байланысы ойлау жөніңдегі психологиялық білімдер тарихында анық көрінеді, Осы ғылыми білімдердің әрбірі ойлау құбылыстарын ашуда өз зерттеу аймақтарына ие. Логиканың шұғылданатыны ақиқат жөніндегі мәселе, ойлаудың болмысқа деген танымдық қатынасы туралы проблема. Ал психологияның айналысатыны - ойлау үдерісінің жүрісі, жеке адамның ойлау іс-әрекеті, ойлау құбылысының сананың басқа да тараптарымен аралық нақты байланыс, қатынастары.
Психология және әлеуметтану бапланысы әлеуметтік психологияны жарыққа келтірді. Әлеуметтік психологияны қызықтыратын екі озекті проблема: тұлға және топ арасындағы өзара ықпалдасты қатынас; тұлғааралық байланыстар. Шағын социологиялың зерттеулер деңгейінде (кіші топ зерттеулері: отбасы, еңбек ұжымы) әлеуметтік бақыт пен әлеуметтік-психологиялық бағыт айырмашылықтарын ажырату қиынға соғады. Дегенмен, әлеуметтанудың (социологиялық) әлеуметтік психологядан бөліне көрінетін тұсы - ондағы зерітеулердің ірі де ауқымды, макроәлеуметтік деңгейде жүргізілуі, зерттеуге түскен құбыныстарды қоғам және оның құрылымдық бөлшектерінің жасауы мен әрекетке түсу заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтыныстың болуы.
Психология және педагогика байланысы ежелден келе жатқан, дәстүрлі қалыптасқан құбылыс. Барша ғүлама педагогтар адамның табиғи қасиеттерін, оның тума қажеттері мен мүмкіндіктерін түсіну керектігін, тұлғаның психикалық іс-әрекеттері және дамуына орай тетіктер мен зандарды ескеруді, солар негізінде оқыту, білім беру, тәрбиелеу маңыздылығын алға тартты.
Психология және биология байланысы. Адам дамуының табиғи және әлеуметтік жағдаяттарының ара қатынасы жөніндегі проблема-исихология үшін аса маңызды мәселелердің бірі, ол биология үшін де ізденіс азығы. Екі ғылыми білімдердің қосыла зерттеулері нәтижесінде әрбір жеке адамның даралықты дамуындағы тума берілген және өмір барысында қалыптасатын сапа-қасиеттерінің сыры ашылады.
1. Сабет Бап-Баба, 2007ж. (Бабаев). Психология негіздері: Оқу анықтамалық қолданба.
2. Алматы: Заң әдебиеті, 2007ж.
3. “Философия” Д. Кішібеков, Алматы, 2003
4. Столяренко Л.Д. «Основы психологии».- Ростов-на – Дону: «Феникс»,
2006, 170-176 б.б
5. Годфуруа Ж.. Что такое психология? Т.1. – москва: Мир, 1992, 366-373 б.б.
6. Формирование творческого мышления студента. – Владивосток: Изд. Дальневосточ.универ., 1990, 56-58 б.б.
7. Солсо Р.Л. «Когнитивная психология». – Москва: Тривала, Либерея, 2002, 475-477 б.б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Сана - психиканың жоғары формасы Сананың пайда болуы
және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
2. Психика деңгейлерінің өзара
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
3. Психика және іс-
әрекет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
4. Іс-әрекет құрылымы және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Негізгі психикалық
үдерістер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиет
тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа
ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін емес. Психиканың пайда болуы мен
дамуын зерттеу ушін биология, генетика, антропология. білімдері мен
әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблемаларды шешу үшін
нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, медицина әдістерін тартуды
талап етеді; психикаға орай биологиялық және әлеуметтік жағдаяттар
байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялык, психологиялық білімдердің
басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, психологияның басқа ғылымдармен,
ғылым салаларымен ара қатынас түрлерін шексіз жалғастыраберуге болады.
кезегінде, психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған деректер
психологиямен сыбайлас пәндер үшін өте қажет.
Психология және логика байланысы ойлау жөніңдегі психологиялық
білімдер тарихында анық көрінеді, Осы ғылыми білімдердің әрбірі ойлау
құбылыстарын ашуда өз зерттеу аймақтарына ие. Логиканың шұғылданатыны
ақиқат жөніндегі мәселе, ойлаудың болмысқа деген танымдық қатынасы туралы
проблема. Ал психологияның айналысатыны - ойлау үдерісінің жүрісі, жеке
адамның ойлау іс-әрекеті, ойлау құбылысының сананың басқа да тараптарымен
аралық нақты байланыс, қатынастары.
Психология және әлеуметтану бапланысы әлеуметтік психологияны жарыққа
келтірді. Әлеуметтік психологияны қызықтыратын екі озекті проблема: тұлға
және топ арасындағы өзара ықпалдасты қатынас; тұлғааралық байланыстар.
Шағын социологиялың зерттеулер деңгейінде (кіші топ зерттеулері: отбасы,
еңбек ұжымы) әлеуметтік бақыт пен әлеуметтік-психологиялық бағыт
айырмашылықтарын ажырату қиынға соғады. Дегенмен, әлеуметтанудың
(социологиялық) әлеуметтік психологядан бөліне көрінетін тұсы - ондағы
зерітеулердің ірі де ауқымды, макроәлеуметтік деңгейде жүргізілуі,
зерттеуге түскен құбыныстарды қоғам және оның құрылымдық бөлшектерінің
жасауы мен әрекетке түсу заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтыныстың болуы.
Психология және педагогика байланысы ежелден келе жатқан, дәстүрлі
қалыптасқан құбылыс. Барша ғүлама педагогтар адамның табиғи қасиеттерін,
оның тума қажеттері мен мүмкіндіктерін түсіну керектігін, тұлғаның
психикалық іс-әрекеттері және дамуына орай тетіктер мен зандарды ескеруді,
солар негізінде оқыту, білім беру, тәрбиелеу маңыздылығын алға тартты.
Психология және биология байланысы. Адам дамуының табиғи және
әлеуметтік жағдаяттарының ара қатынасы жөніндегі проблема-исихология үшін
аса маңызды мәселелердің бірі, ол биология үшін де ізденіс азығы. Екі
ғылыми білімдердің қосыла зерттеулері нәтижесінде әрбір жеке адамның
даралықты дамуындағы тума берілген және өмір барысында қалыптасатын сапа-
қасиеттерінің сыры ашылады.

1. Сана - психиканың жоғары формасы
Сананың пайда болуы және дамуы
Психика дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді.
І-кезең. Қарапайым сезімталдық - бұл сатыда тек өкілдерінің инс-
тинкттері, яғни белгілі орта жағдайларына бейімделудің тума формалары
қалыптасады.
ІІ-кезең. Заттап қабылдау. Бұл кезеңнің нәтижесі - дағдылар, яғни тек
өкілінің жекедара тәжірибесімен игерілген әрекет-қылықтар формасы.
III-кезең. Затаралық байланыстарды бейнелеу, яғни интеллектуалды
әрекет-қылық - заттар арасындағы байланыс - қатынастарды бейнелеуші
психикалық әрекеттердің күрделі формасы.
Қарапайым сезімдік сатыда тіршілік иесі сыртқы дүние заттарының
жекеленген қасиеттеріне ғана назар аударады, ал оның әрекет-қылығы тума
инстинкттерге (қоректену, қорғану, көбею және т.б.) байланысты келеді.
Заттай қабылдау кезеңінде болмысты бейнелеу заттарды тұтастай күйінде тану
жолымен іске асады, осыдан тек өкілі үйренуге бейімделіп, жеке-дара әрекет-
қылық дағдыларын қалыптастыру қабілеттерін ала бастайды.
Үшінші, интеллекттік кезеңінде жан иесі затаралық байланыстарды
бейнелеуге, орта жағдайларын тұтастай тануға қабілеттеніп, нәтижеде
кедергілерді айналып өту, алдағы әрекетке дайындық көріп, оны орындаудың
жаңа жолдарын ойластыру дәрежесіне көтеріледі. Бірақ ақыл-ес әрекеті
бұл кезеңде биологиялык қажеттер аймағынан шықпай, көрнекілік шеңберінде
орындалып жатады.
Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы біршама жоғары
деңгейлі (себебі Homo sapiens - ақылды адам). Адам санасы, ақыл-ойы
қажеттіктен туындаған еңбек үдерісінде, ежелгі адамның қиын тіршілік
жағдайларының шұғыл өзгерістерінде бірлікті әрекетке келуінен бірте-бірте
қалыптасып барды. Сонымен, адамзаттық материалды, рухани мәдениеті — барша
адамдардың психикалық дамуымен байланысты жүзеге келген жетістіктерінің
ұжымдық формасы.
Қоғамның тарихи даму барысында адам өз мінез-құлқы мен әрекет-
қылығының әдіс-тәсілдерін өзгертіп барады, өзінің табиғи нышандары мен
қызметтерін аса жоғары психикалың қызметтерге ауыстырады. Енді тума
қалыптасқан инстинкт не жағдай үйреткен ауыспалы дағдылар арнайы
адамиласқан, қоғамдық-тарихи шарттасқан ес, ойлау, қабылдау (қисынды ес,
дерексіз - қисынды ойлау) формаларына өтеді. Адам бұдан былай тарихи даму
үдерісінде қалыптасқан жанама құралдарды пайдаланып, сөйлеу рәміздерін
қолдану қызметтерін атқаратын дәрежеге жетті. Жоғары психикалық қызметтер
бірлігі адам санасының пайда болып, орнығуына арқау болды.
Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы келесідей
ерекшеліктерге ие: нәсілдік және табиғи түрткі (эмпирикалык) жолдармен
қабылданған әрекет-қылық формаларымен қатар адам қоршаған ортада бағдар
таңдаудың түбегейлі жаңа құралы - сөзбен ұрпақтан ұрпаққа берілетін
адамзаттың тәжірибе жоғары біліммен қаруланған адам психикасы әлеуметтік
орта жағдайында, әлеуметтік тәжірибені игеру барысында қилытпасады әрі
үздіксіз өрістеп, молайып барады. адам санасы болмыстың мәнді тараптарын
және заңдылықты өзара байланыстарын бейнелейді. Тулға өзінің тіршілігі
проблемаларын қоршаған ортаның турлі жағдайлары арасыидаі ы турақты да
заңды бай-ланыстар мен қатынастарды анықтау негізінде шешіп отырады.
Сана сипаттары: іс-әрекет мақсаттарының түсінімділігі, болашақ
оқиғаларды үғымдық жобаға келтіру, жалпы адамзаттык, түсіпіктер мен
білімдер жүйесіндегі өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері байқастыра
білу.
Сана арқасында адамға ғана дарыған қасиет - бұл оның өз әрекеттерінің
нәтижесін алдын ала көре біліп, жоспарлай алу және соларға сәйкестендіріп
әдіс, тәсілдер мен құрал-жабдықтарды таңдай білу қабілеті. Тулға өз іс-
әрекет, қызметінің бағдарламасын алғашқыда оймен жобалап, құрастырады. Бұл
іс-әрекет жағдайды тікелей қабылдаумен шектелмей, оның даму заңдылықтарын
білу негізінде орындалып жатады. Адам санасы алдағы оқиғалардың заңдылықты
қалануы болжастырады, яғни бүгінгі болмыстың ертеңгі болашағынан хабар бере
алады.
Жеке адам санасы қоғамдық санаға тәуелді. Қоғамдық сана төмендегідей
формаларда көрінеді:
1) ғылым — заңдасқан (канонды) білімдер, ұғымдар, тұжырымдар және
дүниетаным мен идеялық бағыттар жүйесі;
2) өнер - болмысты бейнелік өрнектермен рухани-тәжірибелік тұрғыдан
игерудің арнайы түрі, адамзат тіршілігінің әр-түрлі қырларының бейнеге
келтірілген моделі;
3) әлеуметтік талап, өлшем - шектеулер - қоғамдық сана аймағы, нақты
қоғамның адамгершілік, идеологиялық, саяси және құқықтық құндылықтарының
жүйесі;
4) адамдардың өз тіршілігінің экзистенциалды проблемаларына (өмір мен
өлім, ақырет, жақсылық пен жамандық, т.б.) болған қатынастарын реттеуге
қолданатын наным-сенімдері, рәміздері және әрекет-қыймыл үлгілерінің
жиынтығын бейнелеуші әлеуметтік-мәдени сана формасы.
Сенім — заттасқан дұние зерттеулері және ой қисыны (логика) негіз-
дерімен дәлелденбейтін ерекше психикалық құбылыс.
Қоғамдық сананың барша формалары бірлікті идеология құрайды. Идеология
— бұл адамдардың болмысқа, бір-біріне, қоғам өміріне болған қатынастарын
реттеуші тірек құндылықтар мен негіздемелік ұғым, пікірлер жүйесі. Сана
өзіндік сана және өзіндік жауап әрекетке келу (саморефлексия)
қабілеттерімен байланысты. Өз төңірегіндегі дүниені сезінумен адам өзін сол
дүниеге байланыстыра қабылдайды. Өзіндік сана — бұл адамның қоршаған әлемге
болған құндылықты — мәнді тұлғалық қатынастарының жүйесі.
Адам психикасының ерекшелігі ретінде сана бидоминанта тетік-тері
арқылы іске асып отырады. Бидоминанта дегеніміз тұлғаның көп турлі мендік
болмыстары (нақты мен, қияли мен, өткендегі мен, болашақтағы мен,
отбасындағы мен, ресми мен және т.б.) арасындағы ой ортақтасу
қабілеті, оның өзімен өзі қатынасқа келуі. Осы тулға бойындағы диалог
әлеуметтік өлшемдермен жанама күйге енеді. Адамның ішкі Мені -
интериоризацияланған Өзге, яғни өмір барысында тұлға бойына сіңген
әлеуметтік бастау.
Болмыс құбылыстары адамның тәжірибе, қажеттеріне тәуелді оның
санасында өзіндік қалау-таңдауға сәйкестендіріле бейнеленеді.
Ой, ойлауға қарағанда сана мәні кеңірек. Ол психикалық іс-
әрекеттердің барша формаларын қамтыған сыртқы дүниенің біртутас, бірігімді
бейнесі. Оның құрамы әлемдік бейнелердің сезімдік формаларынан (түйсік,
қабылдау, елес), рационалдық танымнан (дүниенің жалпылама - теориялық
бейнесі), сонымен бірге психикалық өзіндік реттеулердің көңіл-күй, еріктік
аймақтарынан турады.
Сана - болмыстың теориялық—құндылықты бейнесі және жалпы адамзаттың
тәжірибені меңгерудің арқасында адамның өз әрекет-қылығын өзіндік реттеу
білімдерінен құралған психика дамуындағы ең жоғары саты, деңгей.
Сана қызметі адамның қоршаған ортамен қатынас жасаудағы бел- сенділігі
мен әрекетшеңдігі нәтижесінде калыптасқан өзара сыбайлас байланысты
психикалық бейнелердің үздіксіз ағымы күйінде орындалып барады. Осыдан сана
біршама үдерістік (процессуальные) және мазмұндық ерекшеліктерге ие.
Сана үдерістік тұрғыдан адамның өз тіршілігіне қажет қоршаған ортамен
байланыстар түзудегі белсенді қозғалғыштығымен (динамика), заттық
бағдарлығымен және бейнелеудегі қателіктерден сақтаушы өзіндік бағалау
(саморефлексия) қабілетімен сипатталады.
Жеке тұлғаның төңірегіндегілермен ықпалдасты ара қатынастарының берік
тұрақтанған әдіс-тәсілдері түбегейлі бекіп, оның астар санасы мен жоғары
санасын қалыптастырады .Мазмұндық тұрғыдан адам санасы әлеуметтік - тарихи
ықпалға тәуелді. Даму (антропогенез) үдерісінде қалыптаса отырып, сананың
барша құрылымдары әлеуметтік мәдени сипат алады.
Жеке адам санасы және оның құрылымдары кіші балалық шақтан сыртқы
әлеуметтік жанамаланған іс-әрекеттер құрамын өз бойына сіңіре меншіктеумен
(интериоризация) қалыптасып барады.

2. Психика деңгейлерінің озара байланысы
Адамның психикалық іс-әрекеті және оның психикасы бірдей уақытта үш
өзара байланысты деңгейде қызмет етеді. Мүндай деңгейлер ғылымда келесідей
аталған: бейсана, астар сана және ашық сана.
Психикалық іс-әрекеттің бейсана (бессошательный) деңгейі адамға, жалпы
жануарлар әлемінде тума инстинктті - рефлекторлы қалыптасады. Бұл
деңгейдегі барша әрекет қылықтар ой тусінімінде жоқ, ойластыруға келмейтін
биологиялық тетіктер арқылы басқарылып, реттеледі. Олардың бәрі биологиялық
қажеттерден ту ындайтын әрекеттер, яғни - организмнің және тек екілінің өз
тіршілігін сақтауы, жалғастыруы (қоректену, қорғану, ұрпақ қалдыру).
Алайда, адам әрекет-қылығының (генетикалық шартты) бағдарламасы түптен
дербес емес, ол дамудың соңғы кезеңдерінде қалыптасқан ми құрылымдарының
бақылауында болады. Дегенмен, кейбір сындарлы жағдайларда (адам басына
қауіп-қатер төнгенде) бейсана психика өзінен өзі іске қосылып, тіршілік
сақтау, қорғану әрекеттерін реттеп, басқарады. Тек өкілінің (индивидтің)
бұл көңіл-күй және бей-берекет (импульс) әрекеттері аймағы ми жарым
шарларының таламус және гипоталамус бөліктерінде орналасқан.
Псйхикалық іс-әрекеттің астар сана (подсознательный) деңгейі жеке
тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген оның өз әрекет-
қылығының тұрақтанған формалары - ептіпіктері, дағдылары, здеттері,
сезімдік көрегендігі (интуиция). Тек өкілінің мұндай әрекет-қылықтарының
негізі оның алғашқы даму кезеңдерінде қалыптасқан. Бұлар қатарына бас
миының қабық асты (лимбикалық) жүйесінде құрылымдық орын тепкен импупьстік-
көңіл-күйлік (импульсивно-эмоциональные) әрекеттері аймағы да кіреді. Осы
психикалық аймақта тек өкілінің өзі сезбейтін ұмтылыстары, ниеттері,
құмарлықтары мен ұстанымдары қалыптасады. Бұлардың бәрі тұлғаның ырықсыз
аймағы, адамның екінші табиғаты немесе дағдылы жеке қылық-әрекеттерінің
кезі, бойға біткен мінез әдеттері.
Астар сана көп деңгейлі құрылым: төменгі деңгейде ол -автаматтасқан
дағдылар және олардың бірігімдері, ал жоғары деңгейде бұл - сезім
көрегендігі (интуиция).
Астар деңгейлі автоматизмдер - бұл орындалатын іс-әрекеттердің
біртекті жағдайларда бірыңғай тұрақты қайталанып отыратын көріністері, яғни
динамикалық стереотиптер. Бұл ұғым мәні — қалынты жағдайлардағы жауап
әрекеттердің үздік байланысты, шынжырлы тізбегі (көлік жүргізушінің әдепі
қызметі, отбасы, ошақ қасы міндеттерін орындау, қолдағы құрал-саймандарды
ойланын жатпастан пайдалана білу, сөйлеу мен ым-ишара әдеттері). Бұлардың
бәрі тек өкілінің өз іс-әрекетін реттеуі үшін қолданатын дайын қылық-
әрекеттерінің жиынтық топта-масы. Осы дағдыны әрекеттердің болуынан сана
жүктемесі жеңілдеп, оның бұдан былайғы шығармашыл істермен айналысуына жол
ашылады. Сана үздіксіз қайталанып отыратын біртекті әрекет, міндеттер
шешуден құлылады.
Астар санаға әрқилы психикалық бірігімдер де ысырыла, етіп жатады.
Олар - орындалмай қалған тілек, ниеттер; шектелген ұмтылыстар; әрқилы
қатерлер мен күйзелістер; амбициялар мен әсіре талғамдар (ұялшақтық,
жасқаншақтық, мансап құмарлық және т.б.). Мұндай бірігімдер тұлғаның
тұрақты әрекет-қылықтарының астар саналық бағыт-бағдарын аңдатады.
Астар сана - бұл бойға сіңген қалыптар мен ұстанымдар, жоғары
деңгейлі адамгершілік қасиеттер мен сапалар. Ашық сана мүмкіндіктері әбден
шектелген шақта астар сана әрекетке келеді (шектен тыс ашу, ыза, күтілмеген
куаныш, аса күшті психикалық жүктеме, күйзеліс жағдайларында).
Астар сананың аса жоғары аймағы - сезім көрегендігі (интуиция), аян -
бұл проблемді жағдайды бірігімді қабылдау, күтілмеген шешімдердің
жарқылы, өткен тәжірибенің суырып салма қорытылуынан болатын алдағы
оқиғаның дамуын ырықсыз жобалай білу, яғни көрегендік.
Адам психикасының санадан тыс аймағы - оның психикасының тұңғиығында
жатқан күнделікті тұрмыста белгісіз құбылыс. Ол көбіне адамның эволюциялық
даму үдерісінде қалыптасқан. Астар сана аймағына келесі құбылыстар енген:
түс көру, көрегендік, көңіл шарпуы, гипноз, сенім, қорқыныш, қияли үрей,
өзінше пайда болған қауіптер, негізсіз қуаныш. Тек өкілінің әрқилы
жағдайларда қандай да әдіспен, ойланбастан жоспарсыз әрекет істеуге дайын
болуы да психиканың санадан тыс көріністері. Астар сана аймағы өте тұрақты,
бұлжымас. Бұл деңгейдегі адам әрекет-қылығын тек қана психотерапия және
гипноз әдістерімен біршама басқаруға болады.
Ойлау аймағынан тыс үдерістер ашық санада өз жалғасын табуы мүмкін.
Керісінше, ашық санадағы психикалық әрекеттер астар санаға өтіп те жатады.
Психиканың санадан тыс аймағы өзіндік бағамға келмейді, ырықты бақылауға
түспейді. З. Фрейд пайымдауынша, бейсана аймағы ашық санамен сиыспайтын сеп-
түрткілік (мотивационный) қуат.
Әлеуметтік орта тыйымдары Фрейд пікірінше, санаға шек қояды,
жүйкелік асқыну сәттеріндегі астар саналық тосын ниеттерді басып отырады.
Дау-дамайлы қалыптан құлылу үшін адам қорғаныс әрекеттеріне өтеді, яғни
психикалық қалпын санадан ығыстырады, ауыстырады, жаңалайды не шегініске
мәжбүр болады.
Ал психоаналитик К.Г.Юнг ойы З.Фрейд тұжырымдарынан өзгеше. Ол ашық
сана мен астар сананы қарама-қарсы коймай, керісінше ашық сананы ұжымдық
бейсананың тереңде жатқан қабаттарының жалғасы, яғни архетип — адамзат
тіршілігінің бастау кезеңдерінде қалыптасқан қылықтарының елестері деп
түсіндіреді.
Юнг пайымдауынша, адам көпшілікпен араласу себепті жинақталған астар
саналық ұмтылыстары негізінде өз бойындағы мүмкіндіктерін дербес іске
асыруға талпынады. Ненің жақсы, ненің жаман екендігін бізге сыбырлап
тұратын ой не сана емес, ол көзсіз сезім, астар сана, Біздің барша
бейберекет, ырықсыз әрекеттеріміздің билігі өз психикамыздың тұңғиық
құрылымдары, тума берілген бағдарламалары мен әмбебап рәміздердің ықпалында
жатыр.
Сана құралы - ұғым, түсініктер, ал астар сана көңіл шарпулары мен
сезімдерге арқа сүйейді. Астар сана деңгейінде қабылданған нысандар мен
құбылыстарға және олардың астар санада қалыптасқан өлшем шектеріне қас-
қағымда шұғыл баға беріледі.
Астар санамен бір қатар З.Фрейд адам психикасының тұғырлы мәндік
тетіктері, яғни тұлғаның әлеуметтік ықпал жасау, өзін инабаттылық арна-
сында қадағалай білу қабілеттері ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика және сана түсінігі
Психика мен сана дамуы
Сана мен бейсана
Адам психикасы
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
Сана және санадан тыс кұбылыс
Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау
Қоғамдық сана формалары
Адам санасының қоғамдық – тарихи сипаты
Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар және жануарлардың тума әрекет қылығы
Пәндер