Адам, табиғат және климат


Жоспар

Кіріспе

І. Табиғат және климат

ІІ. Адам және климат

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Табиғатты қорғау ерте заманнан басталған. Көне заманның өзінде халықтар табиғат қорының сарқылатындығын білгеннен кейін табиғаттан тек қана ала бермей, оның орнын толтырып, қайтадан орнына келтірудің керектігіне көздері жетті. Ол кезде адамдар тек жер өңдеп қоймай, оған тыңайтқыш беруді, пайдалы өсімдіктерді себуді, бағалы жануарларды асырып, көбейтуді үйренді. Бұл табиғатқа өзгеріс енгізгенмен адам пайдасына жұмсалып кеткен қор қайтадан орнына келмейтін. Ал біздің заманымызда табиғат қоры одан әрі азая түсуде. Табиғат байлығынан алынатын қорғаудың мөлшері, осы қайтадан қалпына келтіру мөлшерінен әлдеқайда көп. Мұның себебі табиғатты қалпына келтіру идеясы барлық елде мемлекеттік шеңбердегі проблема деңгейіне көтерілмей отыр.

Табиғатты қорғаудың қажеттілігі кейбір мемлекеттерде оның байлығының азайғандағы айтарлықтай біріне бастағанда туған. Табиғаты бай жерлерде адам санының көбеюі, ол жерлердегі пайда болған шаруашылықтарда адам әрекетінің кең өріс алып, аумағының артуы табиғи байлықтың азаюуна әкеледі. Бұл адамды табиғат қорғау шараларын ойластыруға мәжбір етті.

Қоршаған ортаның адам денсалығына әсерін айта отырып, экологиялық порблеммалардың таза түрде кездеспейтінін ескеру қажет. Олар әрқашанда тікелей немесе жанама түрде саясатпен, экономикамен, жаңа технологиялармен, әр адамның экологиялық сана сезімінің жетілген деңгейімен байланысты келеді.

Табиғат байлығын тиімді пайдалану, қоршаған орта, жер, су тазалығын сақтау, олардың зиянды заттармен ластануына жол бермеу - көкірегі ашық әр адамның парызы.

І. Табиғат және климат

Атмосфера - ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико - химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекеленген компоненттердің қатынасы оның радиацияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда Жер бетіндегі орташа жылдық температура +15С емес -18С болар еді.

Атмосфераның маңызды қасиеттеріне, оның жылдам араласу мен үлкен ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады. Мұхитпен жанасуы нәтижесінде мұхит атмосферадағы көміртегінің қос оксиді (СО) мен күкірт оксидін (СО2), күкіртті газ және басқа қосылыстарды сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін өсімдіктер сіңіреді және зат алмасудың топырақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен оның ластануды тарату, сонымен қатар локальді ластануды ғаламдық ластануға айналдырушы фактор болып табылады. Адам атмосфераның әр түрлі параметрлеріне және қасиеттеріне, оның химиялық құрамына, электромагниттік фон және т. б. әсер етеді.

Биосфераның атмосфера қабатының шегі шартты түрде алғанда 2000 километрге дейін жетеді, тіпті 10 - 12000 километр биіктікте биосферада газдардың жекелеген молекулалары кездеседі. Ауа массасының 80 проценті және бүкіл су буы биосфера айналасындағы қабат - тропосфераға, яғни полюстер үстінде 8 - 10 км, ал экватор үстінде 16 - 18 км биіктікте шығарылған ауа қабаты болады.

Атмосфераның қазіргі газды құрамы едәуір дәрежеде жер бетіндегі тіршілік өмірдің дамуының нәтижесінде қалыптасқан. Басқаша сөзбен айтсақ, олардың тегі биогендік заттардан тұрады.

Биосфераның бастапқы атмосферада болмаған молекулалық оттек жердің жасыл желегінің тіршілік қызметі нәтижесінде жинала бастаған. Көне заманда (Азол дәуірінде) биосферада ешқандай оттек болмаған. Тіршілік түрлері оттексіз өмір сүрген. Олар анороботты организмдер болатын. Олардың кейбір түрлері күні бүгінге дейін жер шарында кездеседі.

Жоғары биіктеген сайын да атмосфера айтарлықтай көп өзгеріске ұшырай қоймайды. Атмосфераның бүкіл қабаты 78, 09 процент азоттың, 20, 95 процент оттектің 0, 93 процент аргонның, 0, 03 процент көмірқышқыл газының, сондай-ақ, аздаған мөлшердегі басқада газдардың механикалық қоспасынан тұрады. Атмосфераға әрдайым 3 - 4 процент мөлшерінде шаң-тозаң түйіршіктері, су буы және әдетте, ластағыш заттар болады.

Шынына келетін болсақ, биосферада ауасыз тіршілік болуы мүмкін емес еді. Бірақ сонымен бірге сусыз, қоректік және басқа да заттарсыз атмосферада болмақ емес, ауаның тіршілік үшін маңыздығын айтып жеткізу қиын. Сондықтан да кейде бір нәрсе өте қажет болып тұр «ауадай қажет болып тұр» деп суреттейді. Адамзат баласы тамақсыз бірнеше апта, сусыз бірнеше күн, ауасыз бірнеше минут өмір сүре алады, ал атмосфералық қорғанышсыз бірнеше секунд та тіршілік ете алмайды.

Орта есеппен алғанда адамзат баласы тәулігіне өкпесі арқылы 10-12 мың литрден астам (10-14 килограмға жуық) ауамен дем алады. Сонда адам 500 литрден астам оттекті 1, 5-2 килограм су мен тамақты бойына сіңіреді. Демек, адамзат баласына минут сайын ауа - онда өте таза ауа қажет.

Биосфера атмосферасындағы газдардың қазіргі ауа қатынасы бұрынғы замандағыдай емес. Өйткені, атмосфералық процестерге (газ шығару, техникалық қоқыстар т. б. ) адамзат баласының аралаусымен байланысты оттек қорының азаюы жүріп жатыр. Ал оттектің тіршілік өмірде алатын орнын, атқарар ролін егжей - тегжейлі айтып жатудың қажеті болмас. Ол барлық тіршілік иелері мен жердің жасыл желегенің өсіп - дамуына қажетті экологиялық факторлардың бірі. Оттектің басқа элементтермен қосылуы тотық , немесе биологиялық жану деп аталады. Тотығу реакциясы кезінде биосфераға белгілі мөлшерде жылу бөлініп шығарылады. Атмосферадағы оттек топырақ пен судағы тіршілік иелері мен өсімдіктердің және бүкіл биосферадағы жан - жануарлардың тыныс алуын қамтамасыз етіп отырады. Клеткалардағы қоректік заттарды оттектің тотықтыру тірі организмдердің өсіп - өнуіне қажетті энергия болып есептеледі. Оттек көп мөлшерде жұмсалып отырады. Таскөмірді, мұнайды, газдарды жағу кезеңі жыл сайын биосфераға жердің жасыл желегінің бөліп шығаратын оттекті 10 процентіне дейінгі көлемі бостан - босқа шығын болып кетіп отырады.

Биосферадағы жасыл өсімдіктердің азая түсуі (орман - тоғай алқаптарының оталуы, жойылуы, құрылыс, транспорт жолдарын салу және т. б) салдарынан биосфераға тарайтын оттек мөлшері жылдан-жылға кеми түсуде. Дүние жүзілік мұхиттың мұнайы мен басқа да алуан түрлі қалдықтармен ластануынан оттектің ықпалды проценттерінің - балдырлардың, фитопланктондардың азаюы, ал содан кейін біртіндеп жойылып кетуі ғажап емес. Сондықтан да мұхиттың жасыл балдырларының тағдыры осы кездегі бүкіл әлемдік экологиялық проблемалардың бірі болып отыр. Оттекті транспорт пен өнеркәсіптің тұтынуы да шапшаң өсіп келеді. Мұны мына мысалдардан байқауға болады. Мәселен, жеңіл автомобиль 1000 км жер жүрген уақытта бір адамның жылдық нормасына тең оттекті жағып жібереді. Осы замандағы авиа лайнердің бір сағат ұшуына шамамен алғанда 1807 мың адамның бір сағат мөлшерінде пайдалануына жететіндей оттекті қажет етеді.

Әрине, биосферадағы оттектің жалпы қоры орасан зор (1, 2. 10. ) тоннадай. Бірақ шексіз емес. Сондықтан да болашақта техникалық процестік шапшаң қарқынмен даму жағдайында ол бірнеше процентке қысқаруы мүмкін. Ал адам организміне оттек концентрациясының бір - екі процентке төмендеуінің өзі едәуір әсер етеді.

Дүние жүзіндегі ең үлкен мәселенің бірі - адамзат баласының тұрмыс қажетімен байланысты пайда болатын улы газдардың бірі - көмірқышқыл газының мөлшері. Оның көлемі жылдан - жылға көбейе түсуде. Атмосферада көміртек қос қышқылының мөлшері 1860 жылдан 1955 жылға дейін 15 процент көбейген. 1958 жылдан 1962 жылға дейін не бары төрт жыл ішіндегі өсім бір проценттен асты. Жанатын қазбалар барған сайын көп жағылуда, сондықтан да 2000 жылға қарай атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 1950 жылғымен салыстырғанда 25 процентке артуы мүмкін. Әдетте ірі-ірі қалалардың үстінде 1500 - 2000 метр биіктікте газдар мен түтін күйі, ұсақ микроскопикалық бөлшектерден тұратын қарақошқыл шаң - тозаң немесе қара қошқыл күйе сияқты көріністі әркім байқаған шығар. Мұндай қауіпті көріністерді үлкен қалалардың үстінен байқауға болады. Лос-Анджелес және басқадай ірі қалалардың үстінен қарақошқыл күйені байқауға болады. Қалалардың үстіндегі қауіпті көріністерді көру үшін, Американың үлкен қалаларына - Лос-Анджелеске барудың қажеті жоқ. Қазақстандағы Алматы қаласына самолетпен ұшып келе жатқанда немесе таудың басына шығып, қала үстіне көз жіберіп қарасаңыз, қаланың үстін 1500 - 2000 метр биіктік шамасында газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл тұман бұлт басып тұрады. Мұны смог деп атайды (ағылшын сөзі - түтін деген мағына береді) . Мұның: Алматыны онтүстігінен созыла құрсаулаған биік тау шыңдары мен жоталары қалаға оңтүстіктен және солтүстіктен соғатын ерсілі - қарсылы соғатын желді қалаға жібермей тұрады. Қала үстіндегі смог қалаға күн сәулесінің ультракүлгін спектрін өткізбей қояды. Анықталға деректер бойынша, жаз айларында ультрокүлгін сәулелерінің мөлшері 20-30 процентке дейін, қыс кезінде 40-50 процентке дейін кемитіні байқалып отыр. Сонымен бірге күн сәулесінің спектрлік құрамы тым өзгеріп кеткен. Қала үстіндегі түтін мен шаң - тозаңдардан, неше түрлі улы газдардан пайда болған смог, әсіресе организмге ең пайдалы ультрокүлгін сәулені тұтып қалады. Ол күн сәулесінің электромагниттік сәулелерінен пайда болады. Ультрокүлгін сәуле организмге қажетті мөлшері жетіспесе, онда тірі организмдердің барлық түрлері ауруларға шалдығады. Ультрокүлгін сәулеге тікелей байланысты болады.

Біздің Алматы қаласының жанындағы биік тауларында және қаланың өзінде ультрокүлгін сәулелер бұрынғы кезде мол болғаны байқалады. Ал осы уақытта оның мөлшері күрт төмендеп кеткен. Біздің жүргізген ғылыми - зерттеу жұмыстарымыздың қорытындыларына қарағанда қалада және оның маңайындағы жерлерде ультрокүлгін сәулелердің мөлшері 2-3 проценттен аспайтыны белгілі болып отыр. Ал қаланың ішіндегі оның мөлшері 0, 1-0, 5 проценттей-ақ. Өйткені қаланың ауасы мөлшерден көп ластанып кеткен. Алматыдағы қалалық санитарлық эпидемия станциясының мәліметтеріне қарағанда, қаланың кейбір аудандарындағы ауаның ластылығы нормадан 20-30 есеге дейін асып жататынын көрсетеді. Биосферада 2500 млрд. тоннаға жуық көмірқышқыл газы бар. Ол жанартаулардан, ыстық көлдерден, жан - жануарлар тыныс алғанда, неше түрлі отқа жанатын заттарды жаққанда биосфераға бөлініп шығып, тарап отырады. Биосферадағы табиғи көміртектің мөлшері 0, 03 процент. Бұл мөлшер өсімдіктердің фотосинтез процесін жүргізуге жеткілікті. Бұдан көп мөлшерде болса, онда өсімдіктер уланып кетеді.

Өнеркәсіп пен транспорт оттекті жағып ғана қоймайды, сондай-ақ биосфераға жылына 20 млрд. тонна көмірқышқыл газды шығарады. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты көмірқышқыл газдың мөлшері барған сайын арта түсіп отыр. Соңғы 100 жылдың ішінде көмірқышқыл газынан мөлшері биосферада 15 процент өсті, ал 2000 жылға дейін бұл көрсеткіш 25 процентке, яғни бүгінгі 0, 03 проценттен біз өмір сүріп отырған ғасырдан соңында 0, 04 проценке жететіні сөзсіз. Көмірқышқыл газының биосферада көбеюіне байланысты ғылымда екі түрлі көзқарас бар. Көмірқышқыл газы мөлшерден тыс биосферада көбейетін болса, онда күн сәулесінің жерге түсу мүмкіндігі азаяды да, ауа райы суық болып кетеді. Жер - көкті мұз басып қалады. Бұрынғы кезде болған мұз дәуірі қайтадан оралуы мүмкін.

Ал екінші көзқарасқа келетін болсақ, «жылу эффектісі» немесе «оранжереялық эффект» деп аталатын құбылыс пайда болады. Осындай ғылыми пікірлер ғалымдар арасында кең тарап отыр. Өйткені биосферадағы көмірқышқыл газының қалың қабаты жер бетіндегі электр станциялардың және басқадай жылу бөліп шығаратын өнеркәсіп орындарына, энергиясы космос кеңістігіне тарамай тек жердің үстіңгі қабатына жинала бергендіктен ауа райы мөлшерден тыс жылынып кетіп, жер шарындағы мәңгі қарлар мен мұздардың еріп кетуіне мүмкіншілік туатыны байқалады. Сондықтан да теңіз, мұхит суларының деңгейі көтеріліп, топан суы қаптап кететіні белгілі болып отыр. Көмірқышқыл газының шоғырлануы жылына 0, 2 процентке артып отырады. Мұның өзі 1900 жылдан 1945 жылға дейін биосфераның орташа температурасының 0, 1-0, 8 С-ге дейін көтерілуіне әкеп соғып отыр. Биосферадағы орташа температураның қабаттағы табиғат процестерінің барысында елеулі өзгерістер тууы мүмкін. Мысалы, 1930 жылы биосфераның жақын қабатының орташа температурасы 0, 4 С көтерілген кезде Арктикадағы мұздардың ауданы 10 процентке дейін қысқарды.

Ғалымдардың есебі бойынша 2000 жылға қарай биосфераны температурасы «оранжереялық эффектінің» 0, 5 -1С артады деп сендіреді. Биосфераның шамасы 2 С қызуының өзі Антарктидада және Гренландияның мұз құрсауының еруіне алып келуі мүмкін. Ал мұның өзі мұхит деңгейінің көтеріліп, оның су мол жиналған ойпаң жерлердің астында қалатын жағдайлары туады. Биосферада мұндай көріністер жиі-жиі кездесіп отырады. Мұның өзі климаттың өзгеруіне алып келіп отырады.

Биосфераның ластануы көмір мен мұнайды жағып жұмыс істейтін зауыт пен фабрикалардан пайда болады. Біздің ғасырда өнеркәсіп шапшаң өсуі улы қосылыстардың көлемін өсіре түсуде. Өнеркәсіп пен жылу электр станцияларының пештерінде отын еш уақытта да толық жанып кетпейтіні ғалымдарға белгілі. Демек, жану уақытында механикалық ластағыштар - түрлі көлемдегі жанбай қалған бөлшектер, күл мен күйе бөлініп шығады. Цемент зауыттарында биосфераға көмірқышқыл газының тотығымен қатар темір, мыс және т. б. металдар тотықтарын таратса, ал алюминий өнеркәсібі биосфераны улы фтор қосылыстарымен ластайды.

Автомобильдер де ауаны едәуір дәрежеде ластайтыны кейінгі кезде байқала түсті. Олар шығаратын газдардың негізгі құрамдас бөлігі - көмірқышқыл газының тотығы, ол иісті улы газ ретінде де белгілі. Мұнымен бірге автомобильдер азот тотығын, бірқатар көмірсутектерін және қорғасын қосындысын бөліп шығарады.

Іштен жанатын двигательдердің сыртқы ортаға шығаратын газдарының құрамында 200-ден астам органикалық және органикалық емес қосылыстар болады. Олардың басым көпшілігі уы тіпті аз шоғырланған кездің өзінде, айналадағы ортаға өте зиянды. Мұндай газдар биосфераға таралып отырып, кейбір жағдайларда өзара реакцияға түседі де, жаңа улы қосылыстар пайда болады. Бұл қосылыс орасан үлкен күйзеліске адамзат баласын ұшыратып кетіп отырады. Міне, 1952 жылғы аса зардапты Лондонның түтінді тұманы туралы американ ғалымы Л. Баттон былай суреттейді:

3 декабрьде Лондон күні тамаша болды. Метеорологтардың хабарлауы бойынша түнге қарай қалаға суық ауа қаптай бастады деді. Солтүстіктен самал жел соқты, аспанда ағылшын пейзажына тән ұлпа бұлттар көрінді. Солтүстік теңіз жақтан таза ауа самал жел соқты. Қарттар мен науқастар мұны жұтып, тамаша ауаға рахаттанып қуанды.

4 декабрьде антициклон оңтүстік - шығысқа біраз ығысты, ал жел солтүстіктен емес, солтүстік - батыстан соға бастады, әрі оның күші азая түсті. Бұлт бүкіл аспанды бүркеді. Ауада түтін иісі сезіле басталды.

Көптеген мың мұржалардан жоғары қарай көмірдің жанып бітпеген қалдықтары - жанғыш газдар, күйі, күлдер жаймен көтерілді. Күйенің ірі бөліктері көшеге түсті, кетіп бара жатқан адамдардың үстіне жабысты, ал неғұрлым ұсақтары ауада қала берді.

5 декабрьде жоғары қысым аумағының орталығы Лондон үстінде ойысты. Жел тынып қалды. Қала тұмандалып, автокөліктер жүрісі қиындады. Түтіннің иісі сағат сайын күшейе түсті. Атмосфераның бір километр биіктікке дейінгі төменгі қабаты тұтастай түтін мен ылғалға толып кетті. Келесі күні қалың тұман аспанды мүлде торлап алды. Түске қарай ауаның температурасы -2 градусқа дейін төмендеген, оның ылғалдылығы 100 процентке жетті. Ондаған метрдің өзінде де ештеңе көрінбейді. Жаяу адамдар тротуарда соқыр кісідей сипап сенделді, автомашиналар алысқа түсетін жарығын жағып, таспақадай баяу жылжыды.

Қала үстіндегі ауа табжылмай қала берді де, түтін мен тұманда улы заттар молыға түсті.

Лондон жеке өзінен шыққан қалдықтарының бұлтына шомды. Адамдардың көзін ауыртып, жасын ағызды. Әрбір тыныс алған сайын бұзылған ауа өкпеге толды.

Келесі екі күн ішінде ауа райы жақсармады, түтінді тұман сол күйінде тұрып қалды. Қарттар, өкпесі ауру адамдар, жүрек ауруы барлар тыныстауға мүлде дерлік жарамайтын ластанған ауадан ауыр зардап шекті. Тіпті кейбір жас адамдар шыдамын тауысты: тыныс мүшелерінің зақымы бар адамдарға оттек жетпеді, астмамен ауырғандар үшін түтінді тұман нағыз жан азабы болды. Лондон ауруханалары зардап шеккендерге толып кетті. Сол күндері Лондонның түтінді тұманы төрт мың адамның өмірін алып кетті. Ондаған мың адамдар ұзақ ауырды, өзінің денсаулығы мен жұмыс қабілетін қалпына келтірді.

Амал қанша, түтінді тұман дүние жүзінің көптеген ірі қалаларының күнделікті ісіне айналған. Бұл Лос-Анджелестің жиі қонағы, Токиода, 1970 жылы августте 8 мың адам лас ауадағы күн көзінің ықпалымен болған химиялық процестерінен болған түтінді тұманнан елеулі зиян шекті. Мұндай көріністер таң қаларлық оқиға емес. Жиі-жиі кездесетін осы заманның қайғылы жағдайлары.

Ауадағы СО және СО2 . Көміртегі тотығы автомобиль двигательдері пайдаланатын газдың (сондай-ақ жарық пен пеш газының) аса улы автомобильдердің газдары СО-ның атмосферадағы табиғи мөлшерін арттырады. СО адамдар мен жануарлардың техникалық функциялары мен іс-қылықтарына үлкен әсер етеді.

Адам және климат

Адам табиғаттың өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағадйының әсерімен болды. Адамның тегі тек биологиялық жағынан ғана емес соынмен қатар тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. әлеуметтік ортаға белгілі ие болуы нәтижесінде болды. Сонымен адамдардың жалпы дамуында өзара байланыс биологиялы тіршілік иені болып туады. Алайда өз дамуын барысында ол әлеуметтік тіршілігіне айналады. Адам мен табиғат тығыз байланысты, өйткені біз табиғатты қалай пайдаланамыз, табиғатты қалай қорғаймыз, сондай да табиғат ауасы, климаты өзгереді.

Мысалы: атмосферада көміртегінің қос тотығының (СО2) шоғырлануының антропогенді артуына, оның жердің жылу режимі үшін және барлық органикалық тіршілік үшін аса маңыздылығына байланысты мәселелерге көп көңіл бөлінуде. Себебі бұл жағдай климаттың өзгеруіне әкеледі : егер полюс мұздары ери бастаса, сулардың мұхит деңгейінен көтерілуінің нәтижесінде барлық жағалаудағы ойпат жерлер су астында қалар еді, ал полюсте енді ешқашан да мұзды жамылғы түзелмес еді. Бұл кері айналмастық мынадан шығады: ашық теңіздің қою түсті үстіңгі беті мұз сауытқа қарағанда күн сәулелерін аз шағылдырады, оның орнына оларды сіңіреді. Су қаттырақ ысып, оның қайтадан қатуы қиынырақ болар еді. Бұл жағдайды климатологтар ең кері байланыс әрекеті ретінде қарастырады. Шын мәнінде әзірше СО2 атмосферадағы табиғи айналымы туралы мәліметтер өте аз.

Қазір ғалымдар ең алдымен атмосферадағы СО2 деңгейі мұхиттардың геоқоймасының атмосфераның химиялық қасиеттерімен анықталады дегенге тіреледі. Алайда СО2 молекуласы мұхитқа түспестен бұрын орташа шамамен 6 жыл өтеді; әрі мұхит суларының араласуы да өте баяу жүреді! Сондықтан да қазіргі уақытта ауада СО2 құрамы артқанда болатын климаттық өзгерістердің сипатын әлі алдын - ала болжап айту мүмкін еместігін мойындаған дұрыс.

Соңғы үш он жылдық бойында атмосферадағы СО2 мөлшері жыл сайын шамамен жарты процентке артып отырғаны анықталды. Осы уақыт аралығында өндірістің қарқынды дамуына қарамастан, әлемдегі орташа температура шамамен 10 С-ге төмендеді. Мүмкін бұл мынамен түсіндіріледі: аэрокірнелердің (және басқа ұсақ дисперсті тозаңдардың) атмосферадағы жоғарғы құрамы күн радиациясының қарқындылығын едәуір кемітті, алайда осыған байланысты күтілген ауа райының салқындауы жартылай СО2 деңгейінің көтерілуінің нәтижесінде орны толды.

СО2 туралы пікірталастарда сан түрлі есептеулер мен ұйғарымдар айтылады. Шынында, Жапонияның метеорологиялық зерттеулер институтының мәліметтері бойынша 1980 жылы бүкіл жер шарындағы осындай ауа райы, сірә, жер атмосферасын көміртегінің қос тотығымен және шаңмен ластаудың артуына байланысты болған. 1989 - 90 жылдың қысында Европаға келген дауылдар да, сірә, басталып та кеткен климаттық өзгерістердің анторпогенді сипаты туралы айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Еуразия климаты
Ландшафтардың геологиялық, геоморфологиялық факторлары
Табиғи - аумақтық кешендер
Еуразияның климаттық белдеулері
Құрлықтағы географиялық белдеулер
Қоршаған ортаны қорғау міндеттерімен мақсаттары. Атмосфера экологиясы. Атмосфералық ауа жағдайы және оны негізгі ластаушылар
Мектеп географиясында қалыптастырылатын дағдылар
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz