ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы буржуазияның қалыптасу процесі



М А З М Ұ Н Ы

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І . Тарау. Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік . экономикалық жағдайы.
1.1 Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы өлке халқының қарқынды
өсуі және көші . қон өсімінің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2.Қазақстандағы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы халықтар арасындағы егіншілік кәсібінің белең алуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Қазақстанның ХХ ғасыр басындағы өнеркәсібінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ . Тарау. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы буржуазияның қалыптасу процесі.
2.1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстан өлкесіндегі қатынас жолдары мен сауданың жай . күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы жұмысшылар кадрларының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3.ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісу. Стольпин аграрлық реформасының зардаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Кіріспе.
Зерртеудің өзектілігі: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы буржуазияның қалыптасу процесі XX ғасырдың басында Ресей империясының ішкі губернияларынан күрт өскен көші-қон ағыны нәтижесінде де, әсіресе қоныстанушылардағы едәуір табиғи өсім есебінен де Қазақстан халкының одан әрі тез өскенінің байқалуы, 1897—1917 жылдарда ғана, яғни Ресей империясының Бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта, Қазақстан халқының саны (оның қазіргі аумағына жақын аумақта), біздің есептеулеріміз бойынша 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7 пайызға көбейуі және осы онжылдықта Ресей империя-сындағы қазақтар саны күрт құбылып отыруы: егер 1897-1915 жылдарда олардың саны 3881,8 мың адамнан 4753,6 мың адамға дейін, яғни 22,4 пайызға өссе, 1917 жылы олар небәрі 4061,3 мың адам болды, яғни 1915 жылмен салыстырғанда олардың саны 22,3 пайыз кеміген, ал 1897 жылмен салыстырғанда, яғни 20 жыл ішінде небәрі 180,5 мын адамға, яғни 4,5 пайызға өскен. Осының салдарынан Ресей халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 3,02 пайыздан 1915 жылғы 2,69 пайызға дейін және 1917 жылы 2,3 пайызға дейін кеміп кеткен және байырғы халықтың басым бөлігі шоғырланған Қазақстанда бұл ауытқу айқын көрінді: 1897 жылы олкеде (қазіргісіне жақын аумақта) қазақтар 3384 мың, 1915 жылы — 4205,2 мың, ал 1917 жылы — 3615,1 мың адам болуы осы жұмыстың басты өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы буржуазияның қалыптасу процесі кезінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскені, бұл орайда негізгі өсім 1915 жылға дейін болуы, ол кезде қазақтар қатары 821 мындай адамға, яғни 24,3 пайызға көбейгені, қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кеткені, қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен, яғни бала тууының адам өлімінің басымдық деңгейінен төмен болуымен түсіндіріледі. Өлкенің негізгі
демографиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасау бұл мәселе бойынша айқын мысалдар береді. Негізгі алты облыс бойынша 1897—1906 жылдарда жалпы алғанда 1 мың адамға халықтың табиғи өсімі 11,3 пайыздан, ал 1907-1916 жылдарда - 15,3 пайыз; Ақмола облысы бойынша алғанда, қоса алынған орыстар мен украиндардың үлес салмағы 1897жылғы 33,0 пайыздан 1917 жылғы 55,7 пайызға дейін өскен, осы екі онжылдық ішінде халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. Қазақтар басым болған облыстарда табиғи өсім едәуір төмен: Жетісуда — 25,7%, Сырдарияда — 25,6%, Оралда — 20%, Семейде — 15,6%. Ал Торғай облысында орыстар мен украиндардың үлес салмағы қоса алғанда 1897 жылғы 7,7 пайыздан 1917 жылғы 37,6 пайызға дейін өскен, халықтың табиғи өсімі бұдан едәуір жоғары — 35,1 пайыз болды. Бұл сарын өлкенің отырықшы және көшпелі халқының табиғи өсімі деңгейін салғастырған кезде бұдан әлдеқайда айқын көрінеді. Оның барлық облыстарында көшпелі халық қазақтар болатын, бұған Жетісу облысы ғана қосылмады. Пішпек және Пржевальский уездерінде көшпелі халық негізінен қырғыздардың болуы осы жұмыстың мақсаты мен міндеті болып табылады.
Зерттеудің тарихнамасы: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы буржуазияның қалыптасу процесі кезінде өлкенің басқа аймақтары бойынша байырғы халықтың да, келімсек халықтыңда аумақтық орналасу ерекшелігі жалпы қалыптасқан тарихи-демографиялық жағдайлармен, көші-қон үрдістерімен және табиғи өсім деңгейімен анықталуы. Атап айтқанда, оның өте әркелкілігі болды. Сөйтіп, XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында 70% болатын қазақтардың негізгі көпшілігі өлкенің екі аймағында, оның оңтүстігі мен батысында шоғырлануы, Оңтүстік облыстарда — Сырдария және Жетісу облыстарында 1897 жылы 1,2 миллион қазақ (тиісінше, 709 мың және 515 мың қазақ) тұрды. Мұның өзі өлкедегі бүкіл байырғы халықтың 36,0%-ы (тиісінше 20,8 және 15,2%) болуы осы жұмыстың тарихнамасы болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Бекмаханова Н. Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1991 ж.
2. Жамбылов Д. «Тәуелсіздік және саяси сана» Алматы,1999ж.
3.Мәлімбаев С., «Патшалық Ресейдің отарлық саясаты» Алматы,1994ж.
4.Мадашев Х «Қазақ халқының арғы бергі тарихы» Алматы, 1995ж.
5. Мағауин М. «Қазақ тарихының әліппесі» А, 1995ж
6. Қазақстан тарихы. 1 том. Алматы, 2001 ж.
7. Қазақстан тарихы. 3 том. Алматы, 2001 ж.
8. Қазақстанның көне тарихы. Алматы, 1993 ж.
9. Қозыбаев М. Қазақстан тарихы очерктері. Алматы, 1994 ж.
10. «Қазақ совет энциклопедиясы», І,ІІ-том.
11.Қозыбаев М., «Жауды шаптым ту байлап» Алматы, 1994ж.
12. Сабырханов А., «Ұлы бетбұрыс»Алматы, «Мектеп»1981ж
13.Тлепов Ж. «Елім деп еніреген ерлер жыры» Алматы, 1995ж.
14. Тынышбаев М «Ақтабан - шұбырынды» А, 1993ж.
15. Тынышбаев М. «История казахского народа» 1993ж.
16.Әбдіжапар Әбдәкімұлы. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997ж.
17. Нұралин Н. «Қазыналы қо налар». Алматы, 1983ж.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І - Тарау. Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік – экономикалық
жағдайы.
1.1 Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы өлке халқының қарқынды
өсуі және көші – қон өсімінің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Қазақстандағы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы халықтар
арасындағы егіншілік кәсібінің белең
алуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

1.3. Қазақстанның ХХ ғасыр басындағы өнеркәсібінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 10
ІІ - Тарау. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы буржуазияның қалыптасу
процесі.
2.1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстан өлкесіндегі қатынас жолдары мен сауданың
жай –
күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы жұмысшылар кадрларының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.3.ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы жер пайдалану жүйесі және аграрлық
мәселенің шиеленісу. Стольпин аграрлық реформасының
зардаптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
IV Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
23

Кіріспе.
Зерртеудің өзектілігі: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы буржуазияның
қалыптасу процесі XX ғасырдың басында Ресей империясының ішкі
губернияларынан күрт өскен көші-қон ағыны нәтижесінде де, әсіресе
қоныстанушылардағы едәуір табиғи өсім есебінен де Қазақстан халкының одан
әрі тез өскенінің байқалуы, 1897—1917 жылдарда ғана, яғни Ресей
империясының Бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі
онжылдықта, Қазақстан халқының саны (оның қазіргі аумағына жақын аумақта),
біздің есептеулеріміз бойынша 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни
25,7 пайызға көбейуі және осы онжылдықта Ресей империя-сындағы қазақтар
саны күрт құбылып отыруы: егер 1897-1915 жылдарда олардың саны 3881,8 мың
адамнан 4753,6 мың адамға дейін, яғни 22,4 пайызға өссе, 1917 жылы олар
небәрі 4061,3 мың адам болды, яғни 1915 жылмен салыстырғанда олардың саны
22,3 пайыз кеміген, ал 1897 жылмен салыстырғанда, яғни 20 жыл ішінде небәрі
180,5 мын адамға, яғни 4,5 пайызға өскен. Осының салдарынан Ресей халқының
құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 3,02 пайыздан 1915 жылғы
2,69 пайызға дейін және 1917 жылы 2,3 пайызға дейін кеміп кеткен және
байырғы халықтың басым бөлігі шоғырланған Қазақстанда бұл ауытқу айқын
көрінді: 1897 жылы олкеде (қазіргісіне жақын аумақта) қазақтар 3384 мың,
1915 жылы — 4205,2 мың, ал 1917 жылы — 3615,1 мың адам болуы осы жұмыстың
басты өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы
буржуазияның қалыптасу процесі кезінде қазақтар саны небәрі 231 мың
адамға, яғни 6,8 пайызға өскені, бұл орайда негізгі өсім 1915 жылға дейін
болуы, ол кезде қазақтар қатары 821 мындай адамға, яғни 24,3 пайызға
көбейгені, қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес
салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп
кеткені, қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші
кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен, яғни бала тууының адам өлімінің
басымдық деңгейінен төмен болуымен түсіндіріледі. Өлкенің негізгі
демографиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасау
бұл мәселе бойынша айқын мысалдар береді. Негізгі алты облыс бойынша
1897—1906 жылдарда жалпы алғанда 1 мың адамға халықтың табиғи өсімі 11,3
пайыздан, ал 1907-1916 жылдарда - 15,3 пайыз; Ақмола облысы бойынша
алғанда, қоса алынған орыстар мен украиндардың үлес салмағы 1897жылғы 33,0
пайыздан 1917 жылғы 55,7 пайызға дейін өскен, осы екі онжылдық ішінде
халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. Қазақтар басым болған облыстарда табиғи
өсім едәуір төмен: Жетісуда — 25,7%, Сырдарияда — 25,6%, Оралда — 20%,
Семейде — 15,6%. Ал Торғай облысында орыстар мен украиндардың үлес салмағы
қоса алғанда 1897 жылғы 7,7 пайыздан 1917 жылғы 37,6 пайызға дейін өскен,
халықтың табиғи өсімі бұдан едәуір жоғары — 35,1 пайыз болды. Бұл сарын
өлкенің отырықшы және көшпелі халқының табиғи өсімі деңгейін салғастырған
кезде бұдан әлдеқайда айқын көрінеді. Оның барлық облыстарында көшпелі
халық қазақтар болатын, бұған Жетісу облысы ғана қосылмады. Пішпек және
Пржевальский уездерінде көшпелі халық негізінен қырғыздардың болуы осы
жұмыстың мақсаты мен міндеті болып табылады.
Зерттеудің тарихнамасы: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы буржуазияның
қалыптасу процесі кезінде өлкенің басқа аймақтары бойынша байырғы халықтың
да, келімсек халықтыңда аумақтық орналасу ерекшелігі жалпы қалыптасқан
тарихи-демографиялық жағдайлармен, көші-қон үрдістерімен және табиғи өсім
деңгейімен анықталуы. Атап айтқанда, оның өте әркелкілігі болды. Сөйтіп,
XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында 70% болатын қазақтардың
негізгі көпшілігі өлкенің екі аймағында, оның оңтүстігі мен батысында
шоғырлануы, Оңтүстік облыстарда — Сырдария және Жетісу облыстарында 1897
жылы 1,2 миллион қазақ (тиісінше, 709 мың және 515 мың қазақ) тұрды. Мұның
өзі өлкедегі бүкіл байырғы халықтың 36,0%-ы (тиісінше 20,8 және 15,2%)
болуы осы жұмыстың тарихнамасы болып табылады.

І - Тарау. Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік –

экономикалық жағдайы.
1. Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы өлке халқының қарқынды өсуі және
көші – қон өсімінің негізгі бағыттары.
Өлкенің басқа аймақтары бойынша байырғы халықтың да, келімсек
халықтыңда аумақтық орналасу ерекшелігі жалпы қалыптасқан тарихи-
демографиялық жағдайлармен, көші-қон үрдістерімен және табиғи өсім
деңгейімен анықталды. Атап айтқанда, оның өте әркелкілігі болды. Сөйтіп,
XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында 70% болатын қазақтардың
негізгі көпшілігі өлкенің екі аймағында, оның оңтүстігі мен батысында
шоғырланды. Оңтүстік облыстарда — Сырдария және Жетісу облыстарында 1897
жылы 1,2 миллион қазақ (тиісінше, 709 мың және 515 мың қазақ) тұрды. Мұның
өзі өлкедегі бүкіл байырғы халықтың 36,0%-ы (тиісінше 20,8 және 15,2%)
болды.
1917 жылы да бұл аймақтағы казақтардың үлес салмағы нақ сол деңгейінде
қалды деуге болады - 34,3% (тиісінше 24,4 және 13,9%). 1,1 миллионнан 1,2
миллионға дейін қазақтар тұрған батыс аймақта (яғни Торғай және Орал
облыстарында, Ішкі Ордада және Маңғыстау өлкесінде) олар 1897 жылы - 34,8%,
ал 1917 жылы — 35,4% болды. Байырғы халықтың жалпы санының 17—18%-ы. (1)
Шығыс және Орталық Қазақстанның үлесіне тиді, бұл аймақтардың аумағы
негізінен Семей облысының құрамына кіретін еді, онда 1897-1917 жылдары 500
мыңнан астам қазақ тұрды. Солтүстік Қазақстанда, яғни Ақмола облысында
өлкедегі қазақтардың жалпы санының небәрі 13 пайызы тұрды, дегенмен олардың
саны осы 20 жыл (1897-1917) ішінде 100 мындай адамға, 389-дан 482 мың
адамға дейін көбейді. Өлкенің негізгі аймақтарының көп ұлтты халқының
құрамындағы қазақтардың үлес салмағы осылайша аумақтарға біркелкі
орналаспауына сәйкес анықталды. Бұл орайда өзінің ежелгі аумағында Ресейге
қосылудан басталып, жиырмасыншы ғасырдың басында күшейген қазақтар үлес
салмағы кемуінің жалпы сарыны (1897 жылғы 81,7%-дан, 1917 жылғы 59,8%-ға
дейін) өлкенің бар жерінде,
соның ішінде, қазақтар тығыз орналасқан. Мысалы, Сырдария облысында
байырғы халықгың үлес салмағы 1897-1917 жылдар аралығында 29,1%, 88,8%-дан
59,7%-ға дейін, Жетісу облысында - 35,2%, 77,6%-дан 42,4%-ға дейін, Семей
облысында - 21%, 88,3%-дан 57,3%-ға дейін, Торғай облысында - 22,4%, 90,6%-
дан 58,2 %-ға деиін, Орал облысында — 18,8%, 71,3%-дан 52,5%-ға дейін
қысқарған. (2)
Осы 20 жыл ішінде жинакы тұратын Ішкі Орда (12,2%-ға, 96,5%-дан 84,3%-ға
дейін) және Маңғыстау уезінде де (7,3%, 93,0%-дан 82,7%-ға дейін)
қазақтардың үлес салмағы едәуір азайды. Осы екі әкімшілік бөліністе ғана
қазақтар басым көпшілік болды, ал Ақмола және Жетісу облыстарында олар
жартысынан әлдеқайда аз болып шықты (тиісінше 40,5% және 42,4%). Үш
облыста: Сырдария, Торғай және Орал облыстарында олар жартысынан сәл көп
болды (тиісінше 59,7%, 58,2% және 52,5%). Қазақтардың үлес салмағы үштен
екіге біршама жоғары болуы Семей облысында ғана байкалды — 67,3%. Акмола
облысының Петропавл және Көкшетау уездерінде және Орал облысының Орал
уезінде қазақтардың үлес салмағынын кысқаруы ерекше айқын көрінді. Олар
мұнда 1917 жылы бүкіл халықтың небәрі ширегін ғана құрады (25,0%, 24,1%
және 25,3%), ал Қостанай уезінде қазақтар оның барлық халқының үштен
бірінен сәл асты (35,3%).
Қазақстанның байырғы халқы үлес салмағының азаюына ғасырдың басыңда
орыстардың, украиндардың және баска да ұлт өкілдерінің империяның ішкі
аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де
қатты әсер етті.
Бұл орайда аймақтың алты облысында халықтың күрт өсімі 1897—1917 жылдарда
1 301,4 мың адам болды, яғни онын табиғи өсіміне (1 446,1 мың адам) теңелді
деуге болады. Осы жылдар ішінде Қазақстанға империяның шет аймақтарына
қоныс аударушылардың 24,9%-ы, яғни шамамен төрттен бірі көшіп келді.
Аймаққа столыпиндік аграрлық реформа нәтижесінде 1906-1912 жылдарда келген
360,7 мың келімсектер бойынша деректерге талдау жасау, олардың 80,6%-ы
Украинадан шыкандар, ал калған 19,4%-ы Ресейдің онтүстігінен келгендер
екенін көрсетеді. Украинадан келгендер арасында Полтава, Харьков, Киевжәне
Чернигов губернияларының, ал Ресейдің оңтүстігінен келгендер арасында
Воронеж және Саратов губернияларының тұрғындары басым болды.
Бұл орайда осы қоныс аударушылардың негізгі көпшілігі Ақмола және
Торғай облыстарына, бастапқы кезде ғана олардың бір бөлігі өлкенің басқа
облыстарына қоныстанды. Мысалы, 1897-1916 жылдарда қоныс аударған 1 301,4
мың адамнан Ақмола облысына 731,5 мың адам, яғни 56,2%-ы және Торғай
облысына 199,0 мың адам, яғни 15,3%-ы келді. Сондықтан Ақмола облысында
күрт өсу қарқыны табиғи өсу деңгейінен 2,2 есе асып түсті (1897-
1916жылдарда 325,2 мыңныңорнына 731,5 мың). Коныс аударушылардың жалпы
көлемінен Семей облысына 130,1 мың адам (10,0%), Жетісуға 118,5 мың (9,1%),
Оралға - 82,0 мың (6,3%) және Сырдарияға - 40,0 мың (3,1%) адамнан келеді.
Осының, сондай-ак келімсек халыктың жоғары табиғи өсімінің
нәтижесіндеорыстарсаны 1897жылғы451,2мыңнан 1917жылы 1091,9 мыңға дейін,
яғни 2,4 есе есті, ал олардың үлес салмағы 11,4% орнына 18,4%-ға жетті. Осы
уакыттың ішінде украиндар саны 79,3 мың адамнан 653,3 мың адамға, яғни 8,3
есе, ал олардың үлесі 2,0%-дан 11,0%-ға дейін көбейді. (3)
Сонымен коса алғанда орыстар мен украиндар 1917 жылы Қазақстанда 1745 мың
адамнан асты және өлкенің бүкіл халқының үштен бірінен сәл кем — 29,4%-ы
болды. Орыстар мен украиндар үлес салмағы санының бұл тез өсу сарыны XX
ғасырдың одан кейінгі жылдарында одан да жоғары қарқынмен дамуын
жалғастырды.
Коші-қон өсімінің негізгі бағыттарына сәйкес орыстар мен украиндардың
аумақтарда орналасуы да біркелкі болмауымен ерекшеленді. Олардың үштен
бірінен астамы — 33,6%-ы Қазақстанның солтүстігінде, Ақмола облысына
шоғырланды: 1917 жылы 344,5 мың украин жөне 241,8 мың орыс болды. Олар
тиісінше облыстағы бүкіл халықтың 29,6%-ы және 20,8%-ы, қосып алғанда
жартысынан астамы - 50,4%-ы болды. Орыстар мен украиндар ең көп қоныстанған
жер Қазақстанның батысы болды, олар 1917 жылы тиісінше 495,8 мың және 210,2
мың адам, ал қосып алғанда — 706 мың адам, яғни осы аймақ тұрғындарының
41,0%-ынан астамы болды. Оның үстіне Орал облысында орыстар -359,2 мың, ал
украиндар - 25,8 мың болып, олар бүкіл облыс халкының тиісінше 41,4%-ы және
3,0%-ы, ал қосып алғанда 44,4%-ы болды. Торғай облысында орыстар - 136,5
мың, ал украиндар - 184,6 мың адам еді, олардың үлес салмағы тиісінше 16,0%-
ға және 21,6 %-ға, ал қосып алғанда облыс халқының 37,6%-ына жетті. Орталық
және Шығыс аймақтарда (яғни, Семей облысында) орыстар мен украиндар саны
едәуір көбейді: 68,3 мыңнан 196,5 мың адамға дейін, яғни 2,9 есе кәбейіп,
олар бүкіл облыс халқының бестен бірінен астамын құрады: қосып алғанда
олардың үлес салмағы 1897 жылғы 10% орнына 1917жылы21,1%-ға жетті.
Шығыс аймақта қоныстанушы халық негізінен Жетісу қазақтары және
шаруалардың болмашы саны есебінен 92,8 мыңнан 256,4 мың адамға, яғни 2,7
есе өсті. Ал олардың үлес салмағы небәрі 12,1% болды, бұл негізінен Жетісу
облысының орыстары мен украиндары есебінен: 191 мың адам және облыс
халқының 20,8%-ы еді. Қоныс аударушылар ен аз қоныстанған облыс болып
Сырдария облысы қала берді, онда 1917 жылы 75,4 мың орыстар мен украиндар
болып, олар облыс халқының небәрі 5,9%-ын құрады. Қоныстанушылар арасында
орыстар екі есе дерлік басым түсті, бұған Ақмола жөне Торғай облыстары
қосылмайды, оларда 1917 жылы тиісінше украиндар 344,5 мың және 184,6 мың
адам болды, ал осы облыстар халқының құрамындағы олардың үлес салмағы
тиісінше 29,6 және 21,6%-ға жетті.
Сонымен, XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар мен украиндар бүкіл өлке
халқының 87%-ынан 95%-ына дейін құрады, онда бұлардан басқа татарлар,
өзбектер, дүнгендер, мордвалар және басқалар да тұрды. 1897 жылғы халық
санағы бойынша Қазақстанда шамамен 55 мың татар, 55 мың ұйғыр, 30 мың
озбек, 15 мың дүнген, 10,5 мың мордва және т.б. тұрған. XX ғасырдың
басында олардың саны біршама көбейді, мысалы, 1917 жылы елкеде енді 93
мыңға жуык татар, 25 мың мордва және т.б. болған. Татарлардың едәуір
көпшілігі Ақмола (20 мың), Семей (38,3 мың), Орал (14,5 мың) және
Жетісу(13,0 мын) облыстарында тұрды, өзбектер негізінен оңтүстікте, ал
ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу облысында мекендеді. Мордвалардың негізгі
бөлігі Ақмола облысында (22,2 мың), әсіресе оның Көкшетау (18,3 мың) және
Петропавл (3,9 мың) уездерінде тұрды.

1.2.Қазақстандағы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басынд халықтар
арасындағы егіншілік кәсібінің белең алуы.
Қазакстан тұрғындарының 90%-ынан астамы ауылдық жерлерде қоныстанды.
Олардың басты кәсібі ежелден көшпелі мал шаруашылығы болатын. XIX ғасырдың
аяғы - XX ғасырдың басыңда егіншілік халықтың көп бөлігінің негізгі
кәсібіне айналады. Онымен қоныс аударушы шаруалардан басқа қазақтар да
айналысты, олар 1897 жылғы санақ бойынша өлкедегі бүкіл егінші халықтың
55,4%-ы болды. Село тұрғындарының басым көпшілігі - 23 бөлігіне жуығы
қазақ шаруалары және қоныс аударушы шаруалар кедейлер мен батырақтар еді.
Таптық жіктеліс қоныс аударушылар деревнясында ғана емес, сонымен қатар
казақ ауылында да күшейді: жер мен мал ірі феодалдардың, байлар мен
кулактардың қолына шоғырланды. XX ғасырдың басында өлкедегі төрт далалық
облыстың 10 уезіңде жылқының 88%-ынан 91 %-ына жуығы ауқатты шаруалар мен
байлардың иелігінде болды. Ішкі ордадағы бір ірі феодал 700 десятина жерге
егін салып, сату үшін мал өсірген, 20-30 тұрақты және 300-400 маусымдық
жұмысшы жалдаған. (4)
Ірі байлар ағайынды Баймұхамедовтердің 3,5 мың десятина жері, ал
Дербісалы Беркімбаевтың 20 мың десятина жері болған және т.б. Күйзелген
шаруалар ауыл шаруашылық батырақтарының қатарын толықтырып, табыс іздеп
шетке кетті. Өлкеде село тұрғындары мүлдем басым болған жағдайда дегенмен
де қала халқының өсуге бейімділігі байқалды. 1870-1897 жылдар ішінде барлық
қалаларда қала халқы үш есе дерлік, 1897 -1914 жылдарда бір жарым еседен
астам көбейді. Қазанға дейінгі кезенде мұнда 28 кала, оның ішінде бесеуі
ғана: Шымкент, Әулиеата (Тараз), Түркістан, Перовск (Ақмешіт) және Жаркент
ежелгі қалалар болды, қалған 23 кала олкенің Ресейге қосылуы барысында
немесе одан кейін пайда болған. Дегенмен де Қазан революциясына дейін мұнда
халық саны 50 мың адамнан асатын бірден-бір ірі қала болған жоқ. Тек төрт
кала ғана бұл цифрға жақындады: 1915 жылы Оралда -47,5 мың, 1911 жылы
Петропавлда - 43,2 мың, 1913 жылы Верныйда - 43,2 мың және 1911 жылы
Семейде - 34,4 мың адам тұрды. 1914 жылы өлкенің қалған 19 қаласының
әрқайсысында халық саны 10 мын адамға да жетпеді. Қалалардың көпшілігі
әкімшілік орталықтар ретінде пайда болды. Бірте-бірте, әсіресе XIX ғасырдың
аяғы - XX ғасырдың басында біршама ірі қала-ларда - сауда және мал
шаруашылығы мен егіншілік өнімдерін ұксату орта-лыктарына айналған Оралда,
Петропавлда, Верныйда, Семейде, Қостанайда, Шымкентте, Әулиеатада және
баскаларында енеркәсіптік даму үрдісі басталды. Қалалардың халқы
негізінен кеші-кон үрдісі есебінен өсті. Қазақстан қалаларында көбінесе
орыстар, қазақтар мен татарлар тұрды. 1897 жылы қала тұрғындары арасындағы
орыстардың үлес салмағы Орал облысыңда г- 82,8%, Торғай облысында - 76,2%,
Ақмола облысында - 56,4%, Семей облысында 54%, осы төрт облыс бойынша
барлығы 66,7% болды. Осы облыстардағы қала тұрғындарының арасында қазақтар
- 16%, татарлар - 14,3%, басқалары 3%-ын құрады.(5)
Қала халкының өлеуметтік құрамы да әр түрлі еді. Зерттеушілердің есептеу
бойынша, Орта Азия мен Қазақстанның тоғыз облысындағы кала тұрғындарының
20%-ына жуығы ауыл шаруашылығымен және ауыл шаруашылық кәсіпшілігімен
айналысқан (шаруалар, батырақтар және басқалар). Әкімшілік, сот және
полиция әскери шенділерінің үлес салмағы 7,1%-ға, дін қызметшілері — 1,7%-
ға жетті. Ен ірі әлеуметтік топ сауда буржуазиясы болды — 20,3%, бірақ
бұған саудада жұмыс істейтіндердің бәрі, соның ішінде жалдама жұмысшылар да
енген. Рантьенің үлесі 2,1% болды. Негізінен өнім өндірмейтін еңбекпен
айналысқан бұл әлеуметтік топтар 31 %-ды кұрады. Орта Азия мен Қазақстанның
қала халқының қалған бөлігі (48,8%) кәсібінің тегіне қарай былайша бөлінді:
тау-кен, кен өндіру және тамақ өнеркәсібінде — 33,1 % (негізінен жұмысшылар
мен қызметшілер), малайлар, күндіктер — 9,6%, баскалар — 6,1%.(6)
Дегенмен, революцияға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық
бейнесін оның орасан кең аумағында бытырап жатқан осы азын-аулақ қалалар
анықтаған жоқ. Шынына келгенде, Казақстанды Ресейдің капиталистік даму
жолынан етіп үлгірмеген, өзінің өнеркәсіп пролетариаты болмаған немесе жоқ
деуге болатын, басым тұрғыда мал шаруашылығын, патриархаттық-рулық тұрмысты
сақтап қалған ұлттық шет аймақтары қатарына жатқызған РКП(б) Xсьезінің
анықтамасымен келісуге болады.(7) Дегенмен де, Қазақстанда капиталистік
өндіріс әдісінің элементтері әлсіз болса да дамыды. Бұл оның неғұрлым
алдыңғы қатарлы Ресейге қосылуының ең басты әлеуметтік-экономикалық
салдарынын бірі болды.
Ғасырдың басыңдағы Казақстаңдағы әлеуметт демократиялық жағдайға қысқаша
талдау жасаудан оның өлкедегі отаршылдық жағдайды бейнелегені көрінеді:
халықтың көп ұлтты құрамының қалыптасу үрдісі күшейді, байырғы халықтың
үлес салмағы кеміді және сонымен бірге келімсек халықтың, негізінен алғанда
орыстар мен украиндардың үлесі ұлғайды; қалалар мен олардағы халықтың
бірсыпыра өсуі байқалып отырды.

1.3. Қазақстанның ХХ ғасыр басындағы өнеркәсібінің дамуы.
XVIII ғасырдың 30-жылдарының басында басталған Қазақстанды Ресейге
қосудың аяқталуы 1861 жылғы крепостниктік құқық жойылғаннан кейінгі Ресейде
капитализмнің қаулап өсуімен тұстас келді. Ресейдегі капитализм тарихының
танымал білгірі В.И.Ленин былай деп атап өтті: Ресейде капитализмнің басқа
аумақтарға кеңеюге ұмтылысы біздің шет аймақтарға ерекше айқын әсер етті
және өлі де әсер етіп келеді, ол аймақтарды отарлау орыс тарихынын
реформаға дейінгі, капиталистік кезеңінде кеңінен жүргізіле басталды.
Еуропалық Ресейдің оңтүстігі және оңтүстік шығысы, Кавказ, Орта Азия, Сібір
орыс капитализмінің отарлары ретінде қызмет етіп, капитализмнің терең және
кеңінен дамуын қамтамасыз етуде.
Ресей капитализмінің отары ретіндегі революцияға дейінгі Қазақстанда
негізінен өнеркәсіптің екі саласы, жергілікті жерде шикізаттар саласы
дамыды. Бұлар тау-кен өндіруші және кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл
шаруашылык, көбінесе мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп. Таукен
өнеркәсібі кенді Алтайда және Орталық Қазақстанда дамыды. Онда түсті
металдар мен көмір кен орындары игеріле бастады. Әрине бұл өнеркәсіптің
жоспарлы дамуы болған жоқ. Кен орындары жеке кәсіпкерлерге сатылды, олар 20
жылдай пайдаланып, кен қоры азайысымен, ол кен орындарын тастап кетті. 30-
жылдарда Алтайда А.Демидовтың зауыттары мен кеніштері пайда болды, ол
қайтыс болғаннан кейін олар кен құрамынан күмістің табылуы себепті
Кабинеттің (патша әулетінің) меншігіне көшті. Бұл кәсіпорындарда басы-
байлы шаруалардың еңбегі пайдаланылды, артта қалған техника, міндетті күш-
көлік міндеткерлігі қолданылды, сондықтан да олар реформадан кейінгі
кезеңде құлдырауға ұшырады, ал XIX ғасырдың аяғына қарай жекелеген
әрекеттерге (1887 жылы Зырянда байыту фабрикасын салу, неғұрлым жетілген
өндіріс техникасы мен технологиясын қолдану жөне т.б.) карамастан жұмысын
мүлде тоқтатты.''
Орталық Қазақстанда көмір және түсті металдар кен орындарын пайдала-ну
неғұрлым табысты болды, оларға XIX ғасырдың 30-жылдардың басынан орыс
көпестік капиталы назар аударған болатын, бұған мұнда патша әулеті
монополиясының болуы да ықпал етті. (8)
1834 жылы көпес С.И.Попов Қарқаралы уезінде Богословск күміс-қорғасын
және басқа да бай кен орындарын игере бастады. 1839 жылы ол қорғасын мен
күміс балқытуға арналған Благодатно-Степановский (Куфский) зауытын, ал 1849
жылы Александровск (Баянауыл) зауытын салды. Жиырма жылдан сәл астам уақыт
пайдаланғаннан кейін екі зауыт та өз жұмысын тоқтатты. С.И.Поповтың
мұрагерлері 1858-1859 жылдары Новониколаевск күміс-қорғасын зауытын
(Богословск кен орыны негізінде) салды, ол 1877 жылға дейін жүмыс істеді.
XIX ғасырдың 40-жылдарында көпестер Н.Ушаков, А.Рязанов, Зотов жергілікті
байлардан Карағанды көмір кенішін, Успенск мыс кеніші бар Нілді алкабын,
Жезқазған және Спасск-Воскресенск кенді аудандарын арзанға сатып алып, мыс
өндірумен айналысты. Н.Ушаков 1857 жылы Спасск мыс зауытының негізін
қалады. С.А.Попов (С.И.Поповтың немересі) 1887-1888 жылдары Қарқаралыға
жақын жерде Косьмо-Демьяновск, Балқаш көлінің жағалауына жақын жерде
Степановск зауыттарының негізін қалады, олар араға үзіліс салып, біріншісі
1913 жылға дейін, екіншісі 1907 жылға дейін жұмыс істеді.
Бұл кәсіпорындардың бәрін көсіпкерлер жеткілікті каражаттары мен
тәжірибесі болмай, өндіріс техникасы төмен және білікті жұмысшылары жок
жағдайда салып, пайдаланды. Олардың иелерінің көпшілігі оңай пайданы қуып
кетті де, акыр аяғында күйзеліске ұшырады. (9)
XX ғасырдын басында жалпы кен өнеркәсібінің кәсіпорындары, алғашқы
кезекте мыс өндіретін кәсіпорындар шетелдік кәсіпкерлердің акционерлік
қоғамдарының қолына көшті. Олардың арасындағы тұңғыш кәсіпорындардың бірі —
1904 жылы Лондонда бұрын Рязанов пен Козицинаға тиесілі болып келген, XIX
ғасырдың екінші жартысында өлкедегі мыс балқыту өнеркәсібінің ошағы болған
кәсіпорындарды, рудниктер мен кен орындарын пайдалану мақсатымен құрылған
Спасск кен рудаларының акционерлік қоғамы. Қоғам орыс кәсіпкерлерінен
Спасск мыс балқыту зауытымен қоса Спасск-Воскре-сенск мыс кенішін және
Успенск мыс кенішін, Саран және Қарағанды тас көмір кен орындарын, екі
темір кенішін сатып алды. Коғам аралас құрамды — ағылшын-француз қоғамы
болды және франция президенті М.Ф.Карнонын ұлы, француз капиталисі Клод
Эрнест Жан Карноның байланыстары мен ықпалы аркасында құрылған еді. Ол
патша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің, интеллигенцияның қалыптасуы
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Қазақстанның өнеркәсіптің дамуы
Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық саясат
XX-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялылары
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Қазіргі замандағы қазақ философиясы
Сауда жүйесі
Пәндер