Шешім қабылдау процесі


ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
А. Шешім қабылдау процесі
Ә. Оның нұсқалары
Б. Тәсілдер
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық экономикаға көшкен кезде басқару жүйесін жаңаша қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені кез-келген мекеменің немесе кәсіпорынның тиімді қызмет етуі, көп жағдайда басқару шараларына байланысты. Соңғы уақытта экономика саласының сөздік қорына “менеджер”, “менеджмент”, және “маркетинг” ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда “басқа біреу арқылы өз мақсатына жету” болып шығады екен. Түпкілікті нұсқасына жүгінер болсақ, “менеджмент” (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің “манус”, яғни “қол, күш” деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми-практикалық мәнін білдіретін болған. Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік береді:
- Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
- Билік және басқару өнері;
- Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
- Басқару органы, әкімшілік бөлігі.
Басқаруда, сондай-ақ адамдардың басқа да іс-әрекет салаларында өнерді, тәжірибені, теориялық білімді практикалық мақсатта қолдана білу істің ажырамас бөлігі болып саналады. Әсіресе, басқару шешімдерін қабылдағанда және жүзеге асырғанда бұл айқын көрінеді. Айтар болсақ, шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген немесе тиімді сипаты болады. Мәселен:
Интуитивтік шешім - бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға “келісу” және “қарсы болу” жағын қарастырып жатпайды. Мұны адамның өз таңдауы біледі.
Пайымдауға негізделген шешім - бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрынғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжау үшін білімін пайдаланады. Сөйтіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарды таңдайды.
Шешімді қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. “Жағдай” ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.
Жағдайдың өзі тұтастай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын немесе оның жекелеген өндірістік бөлімшелерін, жұмыскерлер тобын, жекелеген орындаушыларды қамтуы мүмкін. Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінің де өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсінбеу көбінесе басқару шешімін қабылдау уақытына байланысты.
Басшы қалыптасқан жағдайды жете ұға білуі тиіс. Жағдайды бағалау процесінде қабылданатын шешімнің мақсаты қалыптасады - бұл міндетті шешу процесінің бірінші кезеңі. Мақсат дегеніміздің өзі басқаратын обьектіге қолайлы, әрі қажетті ықпал ету болып саналады, соның нәтижесінде қалыптасқан жағдай тиімді болып саналады.
Проблема мен мақсат дұрыс тұжрымдалған жағдайда міндеттің шешілуі 50 пайызға қамтамасыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті - өндірістік-техникалық, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта басқару жүйесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды дер кезінде айқындау.
Басшы кез келген проблеманы ең алдымен ұйымдық, басшылық тұрғысында қарастырады. Басшының басқару обьектісі проблемаларын шешудегі ерекше көзқарасының өзі, міне осында. Проблеманы тұжырымдау көп жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне, осы жұмысқа мамандарды, шаруашылық белсенділерін жұмылдыра білуіне байланысты.
Нақты мәселені, міндеттің не себепті қойылғандығын қарастырған кезде басшы жағдайды - оның пайда болу себептерін, орындауды неғұрлым тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктерін т. б. айқындайды.
Шешімді ойдағыдай орындай үшін мақсаттың дәл, әрі айқын болуының айрықша маңызы бар. Кейде біртұтас мақсатты айқындау оңайға түспейді, өйткені өндірісте күн сайын көптеген міндеттер туындап жатады. Сондықтан басты буын принципі бойынша міндетті негізгі мақсатқа бағындыру қажет.
Шешім қабылдау мақсатында мәлімет жинау үшін қолда бар типтік мәліметтерді пайдаланады, арнайы жасалған форма бойынша сұрау салады, жекелей бақылау жүргізеді, мамандармен және қарапайым жұмыскерлермен әңгіме өткізеді, қалыптасқан жағдаймен танысады, эксперттердің пікірін тыңдайды. Егер мүмкіндік болса, социологиялық зерттеу жүргізеді.
Шешімдердің нұсқалараны тұжырымдау - бұл проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдауға мүмкіндік береді. Бір вариантты ғана ойластырып қою, әдетте, қолайлы шешімді қамтамасыз етпейді. Мұндай жағдайда болжалдау дегеніміз, ұсыныс түрінде келіп түскен міндеттерді алдын ала, сынама вариантта шешу. Алдын ала түскен вариантты шешу, әдетте, міндетті тұжырымдау кезеңінде пайда болады. Барлық варианттарды, тіпті алғашында орындауға болмайтын сияқты вариантты да қарастыру керек. Ол үшін осыған ұқсас сияқты вариантты да қарастыру керек. Ол үшін осыған ұқсас міндетті шешкен кезде жинақталған тәжіибені пайдалану қажет. Шешілетін варианттарды таңдау үшін сандық талдауды да эвристикалық тәсіл деп аталатынды да қолданады.
Күрделі мәселелрді шешкенде, көптеген факторлар болғанда, ал шешімнің дұрыс болмауы қосымша шығынға ұшыратындықтан, міндетті шешудің қазіргі математикалық тәсілдерін пайдалану пайдаланц ұсынылады.
Маркетинг принциптер негізінде кәсіпорынды басқарудың нарықтық экономикасына көшкенде, шешім қабылдар алдында нақты жағдайға талдау жасалады да, мұндайда кәсіпорыннң қандай жағдайда екендігі анықталып, болжалдау жүргізіледі, сыртқы орта ықпалы анықталады.
Осыдан кейін маркетингтік минтез жүргізіледі. Мұның мәнісі мақсат ұсыну, мақсатты бағалу тек содан кейін ғана шешім қабылдау.
Шешімнің қолайлы вариантын таңдау .
Шешім варианттарының бірнешеуін ойластырғаннан кейін, әр вариантты жеке қарастырады. Шешім қабылдаудың бұл сатысында әр түрлі варианттардың қиындық дәрежесі мен орындау мүмкіндігін айқындау қажет. Ең тәуір вариантты таңдау басқару шешімінің жауапты кезеңі. Іске аспайтын варианттарды шығарып тастайды да, ақырғы таңдауға неғұрлым жүзеге асатын вариант шешімдерін қалдырады. Қолайлы шешім вариантын ақырғы таңдау жөніндегі бұдан кейінгі жұмыстарды оңайлату үшін не істеу керек? Ол үшін әрбір вариантты мұқият ойластыру қажет.
Шешім варианттарын ойластыру дегеніміз не? Бұл, біріншіден шешімнің барлық құрамдас бөлігін, әсіресе мақсаты мен міндетін мүмкіндігінше толық тұжырымдайды. Екіншіден, қойылған мақсатқа жетудің негізгі бағыты, жолы мен амалы, сондықтан қолда бар еңбек, материалдық, қаржы және басқадай ресурстар, ғылыми идеялар, жаңалықтар, өнертабыстары зерттеледі, әсіресе уақыт факторы ескеріледі. Үшіншіден, басқарушы және басқарылатын жүйлердің, әсіресе осы шешімді жүзеге асыратын кезде басқару мен байланыс арасындағы әрекеттестік пен үйлесімді ойластырады. Төртіншіден әр вариант бойынша іс-әрекет нәтижесінің мүмкіндігі бағаланады.
Қабылданатын шешімнің нәтижелік критерийін таңдау - күрделі, әрі жауапты кезең. Критерий дегеніміз, қабылданатын шешімнің әр түрлі варианттарының тиімділігін салыстыруға мүмкіндік беретін көрсеткіш немесе бірнеше көрсеткіш.
Мақсатты тұжырымдау мен критерийді таңдау арасында басқару шешімі үшін әрқашанда тікелей байланыс болуы керек. Критерий көиегімен қойылған мақсатқа жетуге жұмсалатын шығын деңгейі аныұталады. Соынмен критерийді таңдау мен басқару шешімін ойластыру жөніндегі жұмыстың әзірлік кезеңі анықталады.
Шешім қабылдаудың дәстүрлі формасымен қоса, басшы шешімді орындаушылармен, оны жүзеге асырудың нақты бағдарламасын да жасайды.
Проблеманы жедел шешудің кең тараған тәсілдерінің бірі идеяны ұжымдық генерациялау - «ми шабуылы» тәсілі. Мұның мәнісі, эксперттер негізінде және проблемадағы әр түрлі көзқарасты ескере отырып проблеманы дәл тұжырымдау, оны шешу амалдарын қарастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz