Шығыс Қазақстан қазіргі экномикалық жағдайы



1. Шығыс Қазақстан қазіргі экномикалық жағдайы.

2. Өскеменде Қазақстан Республикасының Президентінің жанындаға шетелдік инвесторлар кеңесінің ХVII пленарлық отырысы.

3. Үржар ауданындағы маңызды өндіріс орны

4. Кенді Алтай қорлары
5. Табиғат байлығын тиімді игерү

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Шығыс Қазақстан облысы республиканың шығысында орналасқан. Өңірдің құрамына 19 әкімшілік бірлік кіреді. Облыс аумағында 10 қала, 25 қала типтес кент, 826 ауылдық елді мекен орналасқан. халқының этникалық құрамы 2006 жылғы 1 қаңтарға мына қатынаста ұсынылған: қазақтар – 49,7%, орыстар – 44,6%, басқа ұлттар – 5,7%.
Облыс Шығыс Қазақстан Қазақстан Республикасының өнеркәсiбi дамыған өңiрлерiнiң бiрi болып табылады. Экономиканың негiзгi саласы түстi металлургия болып табылады, сондай-ақ, машина жасау және металл өңдеу, энергетика, орман және ағаш өңдеу, жеңiл, тамақ өнеркәсiптері де дамыған.
Шығыс Қазақстан 283,23 мың ш. км. аумақты алып жатыр, бұл Қазақстанның барлық аумағының 10%-дан астамын құрайды, еліміздегі халықтың жалпы санындағы тұрғындардың үлесі де осы шамалас. 1 ш. км-ге есептегендегі халықтың тығыздығы да орташа республикалық деңгейдің шамасында, яғни 5,1 адамға (Республика бойынша – 5,5) тең. Халық ең көп шоғырланған аумақтарға Курчатов қаласы (1 ш. км-ге 5100 адам) мен Өскемен қалалық әкімшілігі (1 ш. км-ге 554 адам) жатады.
2006 жылғы 1-қаңтарға облыс халқының саны 1431,2 мың адамды құрады. 2000 жылдан бергі кезең ішінде облыс халқының саны 85,6 мың адамға (5,6%) азайды.
1. Нұрғалиев Қ.Р. «Қазақстан экономикасы» Алматы 1999
2. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана за 60 лет
3. Ашимбаев Т.А. Путь к рынку

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Шығыс Қазақстан қазіргі экномикалық жағдайы.

2. Өскеменде Қазақстан Республикасының Президентінің жанындаға шетелдік
инвесторлар кеңесінің ХVII пленарлық отырысы.

3. Үржар ауданындағы маңызды өндіріс орны

4. Кенді Алтай қорлары
5. Табиғат байлығын тиімді игерү

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы.

Шығыс Қазақстан облысы республиканың шығысында орналасқан. Өңірдің
құрамына 19 әкімшілік бірлік кіреді. Облыс аумағында 10 қала, 25 қала
типтес кент, 826 ауылдық елді мекен орналасқан. халқының этникалық құрамы
2006 жылғы 1 қаңтарға мына қатынаста ұсынылған: қазақтар – 49,7%, орыстар –
44,6%, басқа ұлттар – 5,7%.
Облыс Шығыс Қазақстан Қазақстан Республикасының өнеркәсiбi дамыған
өңiрлерiнiң бiрi болып табылады. Экономиканың негiзгi саласы түстi
металлургия болып табылады, сондай-ақ, машина жасау және металл өңдеу,
энергетика, орман және ағаш өңдеу, жеңiл, тамақ өнеркәсiптері де дамыған.
Шығыс Қазақстан 283,23 мың ш. км. аумақты алып жатыр, бұл Қазақстанның
барлық аумағының 10%-дан астамын құрайды, еліміздегі халықтың жалпы
санындағы тұрғындардың үлесі де осы шамалас. 1 ш. км-ге есептегендегі
халықтың тығыздығы да орташа республикалық деңгейдің шамасында, яғни 5,1
адамға (Республика бойынша – 5,5) тең. Халық ең көп шоғырланған аумақтарға
Курчатов қаласы (1 ш. км-ге 5100 адам) мен Өскемен қалалық әкімшілігі (1 ш.
км-ге 554 адам) жатады.
2006 жылғы 1-қаңтарға облыс халқының саны 1431,2 мың адамды құрады. 2000
жылдан бергі кезең ішінде облыс халқының саны 85,6 мың адамға (5,6%) азайды

Өскеменде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік
инвесторлар кеңесінің ХVІІ пленарлық отырысы.

Ел өміріндегі елеулі жаңалық Кенді Алтайда болды. Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің ХVІІ пленарлық
мәжілісінің Өскеменде өтуінде үлкен мән жатыр. Себебі, кенді өлкенің
экономикасы күрт дамып келеді. Мұнда жалпы құны 3,7 миллиард АҚШ доллары
болатын ірі-ірі 18 жоба жасалды. Атап айтқанда, Үлбі металлургия зауытында
600 миллион АҚШ долларына қуатты арттыру, “Казцинк” акционерлік қоғамында
құны 250 миллион АҚШ долларын құрайтын екі өндірістік зауыт, Титан-магний
комбинатында да инвестициялық ірі жобалар дүниеге келді. Экономикасы
дамыған елде темір жол, су жолы, автокөлік жолдарының болашағын айқындап
алып, әлемдік деңгейдегі жобаларды жүзеге асырғанда ғана алға басатынымыз
анық.
Сондықтан болар, Өскеменде өткен Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің ХVІІ пленарлық мәжілісінде
ықпалдастық үдерістері жүйесінде Қазақстанның көліктік әлеуетін дамыту
мәселелері сөз болды. ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі
кеңесші-консультативтік орган болып табылады. Ол Елбасының 1998 жылғы
Жарлығымен құрылғаны белгілі. Ол жылына екі рет — Астана және еліміздегі
облыс орталықтарының бірінде өтіп тұрады.
Басқосудың негізгі міндеттерінің қатарына ҚР Үкіметі мен біздің елімізде
жұмыс жасайтын шетел инвесторлары арасында тікелей байланысты қамтамасыз
ету, инвестициялық қызметтерге байланысты мәселелерді шапшаң түрде шешу,
инвестициялық ахуалды жақсарту, еліміздің экономикасының әлемдік
экономикалық үдерістерге одан әрі ықпалдасуы туралы істер енеді. Мұның
алдында еліміздегі білім беру мәселесі талқыланып, бұл бағытта бағдарлы
жұмыстардың жүзеге аса бастағаны белгілі.
Бұл күндері кеңестің құрамына Қазақстан жағынан Премьер-Министр, Ұлттық
банк төрағасы, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Президенттің
көмекшісі, Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер, Индустрия және
сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлері, қос министрліктің
инвестициялар жөніндегі комитеттерінің төрағалары кіріп отыр. Өскемендегі
пленарлық мәжіліске Премьер-Министр К.Мәсімов бастаған Үкімет мүшелері
қатысты. Ал кеңес құрамына кіретін шетелдіктерді 21 компания мен ұйым
құрайды. Бұлардың қатарында Лукойл, Бриджи групп, Эни, Тоталь, Шеврон,
Тексако, Арселор Миттал, Еуропа Қайта құру және даму банкі, Дойче банк, АБМ
АМРО банк, НВ сияқты трансұлттық және халықаралық қаржы институттары бар.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті шетел инвесторларының
пленарлық мәжілісіне мұқият әзірленіпті. Университеттің бірінші қабаты
айнадай жарқырайды, мұнда “Қазцинк”, “Қазатомпром”, “Үлбі металлургия
зауыты”, басқа да кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін баяндайтын стенд ілініп
қойылған. Өскеменнің 20-шы жаңа шағын ауданының макеті де көз тартады.
Шетел инвесторлары кеңесінің ХVІІ пленарлық мәжілісін Елбасы Н.Назарбаев
ашты. Бүгінгі пленарлық мәжіліске қатысып отырған қонақтарға алғысымызды
айта отырып, ел экономикасының дамуына ерекше үлес қосқандарыңызды
бағалаймыз, тәуелсіздік алған 16 жылда ел экономикасы күрт алға дамыды.
Аманшылық болса, 2015 жылдары 300 миллиард АҚШ долларының өнімдерін шығару
көзделіп отыр. Мұның барлығы, шетел инвесторларының қаржысын тарту арқылы
қол жеткен жетістіктер. Жол, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, әлемдегі
дамыған мемлекеттерге қатынайтын көлік түрлерін бүгінгі күн талабына сай
өрістету бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі болып отыр. Ендеше, бүгін
пленарлық мәжілісте ықпалдастық үдерістері жүйесінде Қазақстанның көліктік
әлеуетін дамыту мәселелері кеңінен талқыланбақ, – деді Елбасы. Бұдан кейін
Мемлекет басшысы кеңестің құрамына енген М.Тәжин, С.Бүркітбаев,
Ғ.Оразбақовтарды таныстырып өтті. ҚР Президентінің көмекшісі Серік
Бүркітбаев кеңесте үйлестіруші қызметін қоса атқармақ.
Н.Назарбаев пленарлық мәжілісте алда тұрған міндеттерге кеңінен тоқталды.
Еліміз дамуының жаңа кезеңінде көлік инфрақұрылымын дамып келе жатқан
экономика қажеттілігіне орайластырып құру қажеттілігі тұр, деді Елбасы.
Даму стратегиясында жалпы құны 80 миллиард АҚШ доллары болатын 80-ге жуық
ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделген. Бұл орайда, кең
көлемдегі аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруда жеке меншік инвесторларды
тарту, зейнетақы қорларының қаржысын үйлестіру, жеке ірі инвестициялық
компаниялардың қаржысын пайдалану нәтижесін бермек. Осы жолы шетел
инвесторлары ел экономикасын арттыруда ерекше орын алатын жобаларға
қатысады деген ниеттеміз. Кеңес Одағы кезінде темір жол Ресейге қарай көш
түзейтін. Ал бізде бұл сала кенжелеп қалды. Тәуелсіздік алғалы елімізде ірі-
ірі темір жол жүйелері іске қосылды. “Өскемен-Шар” темір жолы Қазақстанның
инвестиялық қоры қаржысына салынып жатыр, ол мерзімінен бір жыл бұрын іске
қосылмақ. Қазір елімізде 15 мың шақырым темір жол, 100 мыңнан астам автожол
бар екен. Оның жартысын толық жөндеп алдық. Алдағы уақытта темір жол аса
маңызды рөл атқармақ. Еліміз бойынша 175 миллиард теңгенің инвестициясы
тартылды. Оның қомақты мөлшерін жергілікті бюджет қаржысы құрап отыр. Бұл
күндері корпоративті көшбасшыларды тарта отырып, белгіленген жобаларды
ақырындап жүзеге асырып жатырмыз. Мәселен, 700 шақырымдық мұнай құбырын
Каспий арқылы тарту, түркімендердің Қазақстан мен Қытайды жалғастырып
жатқан газ құбырын бірлесіп іске қосу да біртіндеп шешімін таппақ. Иран,
Ауғанстан, Тынық мұхиты аумағында да бірлескен жобаларға қатысу арқылы
Қазақстан әлемге таныла бермек. Қалай дегенде де, бүгінгі жиыннан үміт
күтетініміз өмір талабы.
Пленарлық мәжілісте ҚР Көлік және коммуникация министрі С.Ахметов
“Ықпалдастық үдерістері жүйесінде Қазақстанның көліктік әлеуетін дамыту”
деген тақырыпта баяндама жасады. Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен
бекітілген Көлік стратегиясында көлік инфрақұрылымын жетілдіру, шетелдерге
жүк және жолаушы тасымалын барынша қауіпсіз әрі сапалы жеткізу міндеті
қойылған. Сондықтан болар, бұл бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында жеке
инвесторлардың қаржысын тарту да маңызды орын алмақ. Сонымен бірге,
экспорттық әлеуетті дамыту, жүк тасымалына кететін шығынды азайту,
еліміздегі әуе, темір жол, су жолы тасымалында барынша тиімді технологияны
пайдалану көзделіп отыр. Достық стансасының “Ақтоғай-Достық” темір жол
учаскесінде жалпы көлемі 25 миллион тоннаға дейін жүк тасу мүмкіндігін
туғызу, “Өскемен-Шар” темір жол құрылысын мерзімінен бір жыл бұрын
пайдалануға беру жүзеге аспақ. Үстіміздегі жылдың 29 мамырында Маңғышлақ-
Баутино, Ералиев-Құрық арасында жаңа темір жол құрылысын жүргізуге тендер
жарияланды. Сондай-ақ, “Мақат-Қандыағаш” темір жол учаскесін электрлендіру
де шешімін табатын болады. “Қорғас-Жетіген” жаңа темір жол жүйесінің
құрылысын техникалық-экономикалық негіздеу аяқталуға жақын. Сонымен бірге,
ұзындығы 1079 шақырым “Бейнеу-Жезқазған” бағытын жобалау жұмыстары жалғасын
тауып жатыр. Көлік транзитін дамыту мақсатында Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия,
Еуропа арасында ірі-ірі жобаларды игеру мақсатында да мақсатты әрі бағдарлы
ізденістер үйлесім табуда.
Елімізде әуе қатынасы қарышты дами бермек. Аэронавигация жүйесін дамыту,
қызмет түрлерінің сапасын жетілдіруде де ауқымды міндеттер тұр. Астана
әуежайы жолаушылар тасымалдауда ірі орталыққа айналуы тиіс. “Эйр-Астана” АҚ
қазіргі заманғы әуе кемелерін жөндейтін авиа-техникалық орталық құрылымын
салуды жоспарлады. Коммерциялық негіздегі авиацияға қызмет көрсететін
орталық та Астананың ажарын аша түспек. Авиакомпаниялардағы әуе кемелерін
жаңарту да өзекті мәселе. 2015 жылы жаңа әуе кемелерінің саны 50 бірлікке
жетеді деп күтілуде.
Ең әуелі, жолаушыларға қауіпсіз әрі жайлы қызмет көрсету екенін терең
түсінеміз, еліміздегі әуе кемелері алдағы уақытта біртіндеп жаңара түпек.
Су жолы көлігін дамытуда да елеулі бетбұрыстар болады деген ойдамыз. 2010
жылы Каспий теңізіндегі жүк тасу 65 миллион тоннаға дейін артып, Қазақстан
жүгінің үлес салмағы 50 пайызға жетпек. Ақтау портының солтүстік бағыттағы
арналарда жүк тасу көлемі ұлғайып, оның қуаты (жылына 23 миллион тоннаға
дейін) екі есе ұлғаймақ. Баутино және Құрық порттарында жүк тасу мөлшері
өспек.
Мәжілісте республика көлік жолдарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының
жәйі де сөз болды. Мәселен, республикалық деңгейдегі жолдарда қазір 115
техникалық қызмет көрсететін орталықтар, 1095 жанармай құятын стансалар, 70
автотұрақ, қонақүйлер мен демалатын орындар бар екен. Бұл өткен жылға
қарағанда едәуір артық.
Еуропа Қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьердің есімі
жерлестерімізге жақсы таныс. Аталмыш банк (ЕҚДБ) — Еуропалық Одақ, АҚШ,
Жапония мемлекеттері, Еуропалық инвестициялық банкті қоса есептегенде 60
акционер — мемлекет мүшесі болып табылатын қаржы ұйымы. Қазақстан 1993 жылы
Еуропа Қайта құру және даму банкіне мүше болып кірді. 1994 жылы ЕҚДБ Алматы
қаласында Орталық Азия мемлекеттері аумағындағы алғашқы тұрақты өкілдігін
ашты. Ал 2000 жылдың наурыз айынан бастап Астанада банк өкілдігінің
бөлімшесі іске кірісті. Банк президенті Жан Лемьердің іскерлігі нәтижесінде
жалпы құны 3,4 миллиард долларды құрайтын 81-ден астам инвестициялық жоба
қаржыландырылды. Пленарлық мәжілісте Ж.Лемьер осы жайларды айта келіп,
бұдан былай көлік, байланыс, коммуникация жүйелерін батыл қаржыландыра
беретінін тілге тиек етті.
Пленарлық мәжіліс арасында Елбасы “Би Джи Групп” компаниясының бас атқарушы
директоры Фрэнк Чапмэнмен, “Тоталь” компаниялар тобының бас атқарушы
директоры Кристоф де Маржеримен кездесіп, әңгіме-дүкен құрды. Олар
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына қосылу
стратегиясын қызу мақұлдайтындарын, қазірдің өзінде Қазақстанды бүкіл әлем
жұртшылығының тани бастағанын айтты. “Тоталь” компаниясы да елімізде 1993
жылдан бері жұмыс жасап жатыр. Олар Қашаған, Құрманғазы мұнай кен орындарын
дайындауға белсене араласады, экономиканың мұнай-газ секторындағы жобаларды
белсенді түрде қаржыландырып отыр. Ал “Бритиш Газ” (Би джи) компаниясы төрт
бағытта жұмыс жасап жатыр, олар – газ әзірлеу және өндіру, сұйытылған
табиғи газ өндіру, электр қуатын өндіру, тарату және тасымалдау. Аталмыш
компания елімізде еңбек ете бастаған он жылда мұнай-газ саласын дамытуда
белсенді орын алды. “Арселор Миттал” директорлар кеңесінің төрағасы Лакшми
Низас Миттал мырза Өскеменге бірінші рет табанын тигізген екен. Атақты
миллиардерді Өскеменнің көркі мен табиғаты қызықтырған көрінеді. Ол бұл
өлкедегі қазынаның әлі ел экономикасының артуына лайықты үлес қосатынын
айтып берді.
Бұрындары экономикасы дамыған елдерге қалай жетуші едік. Ендеше,
тәуелсіздік алғаннан кейін жол, көлік, шетелдерге тікелей қарым-қатынасты
төтелей шешетін кез жетті. Бүгінгі жиынның маңыздылығы сонда, шетел
инвесторлары бұл бағытқа қаржысын аямай салатын болды. 2015 жылы елімізде
экономика үш жарым есе өспек. Жүк және жолаушы тасымалын жетілдіре беру де,
халыққа сапалы әрі мінсіз қызмет көрсетуде үйренетін үрдістер көп.
“Самұрық”, “Қазына” холдингтері атқаратын істер ауқымды. “Қазына”
шетелдердің акциясын неғұрлым көбірек сатып алса айымыз оңынан тумақ. Ал
олар “мә, ала ғой” деп тұрған жоқ, ендеше оларға өзіміз барып түрлі айла-
тәсілмен шетелдердегі ірі компаниялардың акцияларын ала білген жөн. Бүгін
Лакшми Миттал мырза мен Еуропа Қайта құру және даму банкі президенті Жан
Лемьер мырза Қарағанды шахталарында шахтерлердің қауіпсіз еңбек етуі үшін
100 миллион АҚШ долларын беру жөнінде келісімге қол қоймақ.
Сәлден кейін келісім-шартқа қол қойылды. Миттал мырза алдағы уақытта
шахтерлердің алаңсыз жұмыс істеп, демалулары үшін көңіл бөлетінін айтса,
Жан Лемьер мырза басқа буындарда да осындай әлеуметтік әділеттіліктің орнай
беруіне сәттілік тіледі.
Түстен кейін Елбасы Н.Назарбаев пен облыс әкімі Ж.Кәрібжанов, басқа да
лауазымды адамдар “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының Шығыс
Қазақстан облыстық ұйымының жаңа үйіне келді. Бұл жерде Елбасын мыңдаған
өскемендіктер, “Нұр Отан” партиясының белсенділері, “Жас қанат” тобының
серкелері қызу қарсы алды.
Облыс әкімі Ж.Кәрібжанов пен партия облыстық филиалының төрағасы Т.Ибраев
Елбасына жаңа мекемені аралатып көрсетті. Жақында ғана облыс әкімі Жәнібек
Сәлімұлы нұротандықтарға он миллион теңгенің баспахана жабдықтарын
сыйлапты. Бұл жерде газет, түрлі көрнекті құралдар шығаруға мүмкіндік
толық. Елбасының түрлі-түсті суретін әп-сәтте шығарып берді. Астыңғы
қабаттағы мәжіліс залы, баспасөз мәслихаттары өтетін залдар жиһазбен
жабдықталған. Жаңа мекеме Елбасына ұнады, бұдан кейін ол партия
белсенділерімен әңгімелесті.
Қазір облыста партияның 50 мыңнан астам мүшелері бар екен. Бастауыш партия
ұйымдарының саны – 819. Аудандық филиалдардың саны – 15, қалалық
филиалдардың саны – төртеу. Филиал төрағасы Елбасын “Нұр Отан” халықтық-
демократиялық партиясы мүшелерінің ел бірлігі мен ынтымағын арттыруға үлес
қосып, өздерінің қашанда алдыңғы қатарда бола беретіндеріне сендірді.
“Шығысмашзауыт” акционерлік қоғамында да үлкен мереке. Елбасы бүгін мұндағы
жаңа желінің іске қосылуына қатысты. Алманияның жаңа технологиясы 30
миллион евроны құрайды. Енді мұнда құйма бұйымдары, болат сымтемірлер,
вакуумдық жабдықтар, түсті металлургия кәсіпорындары үшін жабдықтардың
барлық түрлері, түсті металл кендерін өңдеуге арналған арнайы технологиялық
жабдықтар, бұрғылау құралы, тау-кен шахталарының қондырғылары жаңа жүйе
бойынша атқарылмақ. 300 жұмысшының қызметін небәрі 30 адам атқармақ.
Олардың барлығы жоғары білімді мамандар. Ал қалған адамдар қайда барады
дегенге, директорлар кеңесінің төрағасы А.Айғазиев, бізде басқа буындарда
жұмыс күші тапшы, олар жұмыспен қамтамасыз етіледі, деді.
“Азия-авто” көлік зауыты осыдан бес жыл бұрын дүниеге келген. Қазақстан
көлігінің тұңғышы бес жылда 10500 “Лада Нива”, екі мыңға тарта “Шкода”
көлігін шығарды. 2006 жылдан бері зауытқа 41 миллион доллардың инвестициясы
тартылыпты. Елбасының тікелей қамқорлығындағы зауыт соңғы жылдары “Шкода
Октавия”, “Шкода суперб” көліктерін құрастыра бастады. Енді, міне, бүгін
жалпы сомасы 750 миллион теңге болатын “GM Шевроле” автокөліктерін
құрастыру жобасы жүзеге асты. Елбасы Н.Назарбаев конвейерден жаңа шыққан
судай жаңа көліктің лентасын салтанатты жағдайда қиды. Бұдан кейін зауыт
жұмысшыларын жаңа жетістіктерімен құттықтады. 2010 жылға таман зауыт 100
миллион ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан үшін Шетелдік инвеститцияның маңызы, оның құқықтық негіздері
«Пайдалы қазба кенорындарынашу және даярлау». Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәртіптері
Несие, оның мәні мен қызметі
Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға қатысты саясатының қалыптасуы және кезеңдері
Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының қалыптасуы
Жапон Конституциясының қайта қаралу жағдайы
Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы
Қоршаған ортаны қорғау жайында
Несиенің мәні, функциялары және түрлері туралы
Пәндер