Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің, интеллигенцияның қалыптасуы



Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

І тарау. Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы мәдени өмірі. ХХ ғасыр басындағы білім мен ғылым.
1.1 Оқу ағарту ісінің дамуы.
1.2 Ғылыми мекемелер мен қоғамдардың қызметі.

ІІ тарау. Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің, интеллигенцияның қалыптасуы.
2.1 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің қалыптастыру және дамуы.
2.2. Қазақстанның мерзімді баспасөзі.

ІІІ Қорытынды.

ІV Сілтемелер тізімі.

V Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының мәдени өмірінің біршама алға жылжуы, оқу – ағарту мекемелерінің пайда болуы, алғашқы қазақ баспасөздері, ұлттық интеллегенцияның қалыптасу кезеңі болды. Болашақ қазақ мәдениетінің негізін салушы ұлт қайраткерлерінің ел бостандығы мен тәуелсіздік жолындағы күрескерліктері тарихтағы өзекті мәселе.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Ғасыр басындағы қазақ интеллегенциясының қалыптасуы мен дамуы, ұлттан шыққан қоғам мәдениет қайраткерлері және олардың халық үшін сіңірген еңбектері, тұңғыш қазақ газеттерінің шығуы, Айқап пен Қазақ газет-журналдарының қоғамдағы рөлін баяндау, курстық жұмыстың мақсаты ретінде қарастырылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы мәдени өмірімен танысу.
- Оқу ағарту ісі мектептердің құрылуын атап өту.
- Ғылыми мекемелер. Орыс географиялық қоғамының ғылымға қосқан үлесін баяндау.
- Қазақ интеллегенциясы Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов сынды ұлы дала ұлдарының елге сіңірген еңбегін бяндау.
- Қазақстан мерзімді баспасөзінің қалыптасуы мен дамуына сипаттама беру.
- Айқап және Қазақ газеттерінің қоғамдық қызметтеріне тоқталу.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер тізімі мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыста ҚазССР тарихы кітабы, Әбдіжалил Абдакімовтың «Қазақстан тарихы» кітабы, Ж.Таймағамбетовтың кітаптары, Қазақстан тарихы оқу әдістемелік журналы кеңінен пайдаланылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақ ССР тарихы. Редакциялар алқасы. Алматы, 1989 ж.
2. Мәшімбаев. Қазақстан тарихы. 1998 ж.
3. Қазақстан тарихы оқу - әдістемелік журнал 2006 № 20
4. Қазақстан тарихы оқу - әдістемелік журнал 2005 № 12
5. Абдижалил Абдракимов. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі дейін. Алматы 2000 ж.
6. Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы.
«Атамұра» 2003 ж.
7. Кляшторный. Казахстан в летопись трех тысяча летий.
Алматы. 1993 г.
8. Ж. Таймағамбетов. Қазақстан тарихы. Алматы 2001 ж.
9. М.Қозыбаев. Қазақстан тарихы. Дәуір. Алматы, 1997 ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім

І тарау. Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы мәдени өмірі. ХХ
ғасыр басындағы білім мен ғылым.
1.1 Оқу ағарту ісінің дамуы.
1.2 Ғылыми мекемелер мен қоғамдардың қызметі.

ІІ тарау. Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің,
интеллигенцияның қалыптасуы.
2.1 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің қалыптастыру және дамуы.
2.2. Қазақстанның мерзімді баспасөзі.

ІІІ Қорытынды.
ІV Сілтемелер тізімі.
V Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының мәдени өмірінің біршама алға
жылжуы, оқу – ағарту мекемелерінің пайда болуы, алғашқы қазақ баспасөздері,
ұлттық интеллегенцияның қалыптасу кезеңі болды. Болашақ қазақ мәдениетінің
негізін салушы ұлт қайраткерлерінің ел бостандығы мен тәуелсіздік жолындағы
күрескерліктері тарихтағы өзекті мәселе.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Ғасыр басындағы қазақ интеллегенциясының қалыптасуы мен дамуы, ұлттан
шыққан қоғам мәдениет қайраткерлері және олардың халық үшін сіңірген
еңбектері, тұңғыш қазақ газеттерінің шығуы, Айқап пен Қазақ газет-
журналдарының қоғамдағы рөлін баяндау, курстық жұмыстың мақсаты ретінде
қарастырылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы мәдени өмірімен танысу.
- Оқу ағарту ісі мектептердің құрылуын атап өту.
- Ғылыми мекемелер. Орыс географиялық қоғамының ғылымға қосқан үлесін
баяндау.
- Қазақ интеллегенциясы Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов сынды ұлы
дала ұлдарының елге сіңірген еңбегін бяндау.
- Қазақстан мерзімді баспасөзінің қалыптасуы мен дамуына сипаттама
беру.
- Айқап және Қазақ газеттерінің қоғамдық қызметтеріне тоқталу.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер
тізімі мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыста ҚазССР тарихы кітабы, Әбдіжалил Абдакімовтың
Қазақстан тарихы кітабы, Ж.Таймағамбетовтың кітаптары, Қазақстан тарихы
оқу әдістемелік журналы кеңінен пайдаланылды.

І тарау. Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы мәдени өмірі. ХХ
ғасыр басындағы білім мен ғылым
1.1 Оқу ағарту ісінің дамуы.

ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында Ресей империясының халыққа
білім беру ісі мен мектеп жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктері Қазақстандағы
халыққа білім беру ісі мен мектеп жүйесіндегі халыққа білім беру ісі мен
мектеп жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктері Қазақстандағы халыққа білім беру
ісі мен бүкіл ағарту жүйесінде көп дәрежеде өз ықпалын жасады. Оқу ағарту
ісі таптық сипатта болды, яғни ұлттық ерекшелікке орай жүргізілді. Ұлттық
мектептер туралы 1870 жылы қабылданған Ресейді мекендейтін бұратаналарға
білім беру жөніндегі шаралар туралы заң ұлтты мектептердегі және ұлттық
шет аймақтардағы жүйесін:
1) әлі аз орыстанғандар үшін;
2) орыстары көп жерде тұратындар үшін;
3) жеткілікті дәрежеде орынстанғандар үшін деп 3 санатқа бөлді.
Бұл орайда 1-санат үшін мектептер салынатын болып белгіленді, оларда
оқыту орыс әліпбиімен жазылған оқулықтар бойынша ана тілінде жүзеге
асырылуы тиіс еді. Екінші санат үшін орыс мектептері құрылуға тиіс болды,
оларда орыс балаларын да бұратана балаларды да бірге оқыту көзделді, ана
тілі ауызша түсіндірген кезде ғана қолдануға тиіс еді. Үшінші санат үшін
орыс мектептері құрылып, оларды оқыту тек орыс тілінде жүргізіледі1.
Заңды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанда әр түрлі облыстарда әр
алуан үлгідегі мектептер құрыла бастады. Мәселен, Ақмола және Семей
облыстарында – мектеп интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш
училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық мектептер, болыстық, екі сыныпты
мектептер, Жетісу мен Сырдарияда орыс – бұратаналы мектептер, ішкі Ордада
старшындық және учаскелік училищелер құрылды. Олардың бәрі Халық ағарту
министрлігіне бағынды. ХХ ғасырдың басына қарай Қазақстандағы халыққа білім
беру ісінің мақсаттары мен міндеттері білім беру ісінің жетекші білім беру
ісінің мақсаттары мен міндеттері білім беру ісінің жетекші қайраткерлерінің
бірі: А.Алекторов мақалаларының бірінде айтылған: Қазақ даласындағы мектеп
өзінің білім беру міндеттерімен қоса саяси рөлде атқарды: ол қазақ халқының
байырғы орыс халқымен байланыстырып, қазақтарға мемлекеттік тілді сіңіреді.
Ол орыс халқының ғұрыптарымен және көзқарастарымен таныстырады.
Қазақтарды баяу болса да жүйелі түрде орыстардың аясына енгізеді, бұл
орайда мұсылмандық ерекшелік негіздеріне қарама – қарсы тұрып, қазақтарға
Бұқарадан және Ислам діні гүлденген басқа да жерлерден келгендер сіңірген
мұсылмандық фанатизмді әлсіретеді.
1905 жылдың маусымында Шығыс бұратаналарына білім беру мәселесі
бойынша ерекше кеңес өткізіліп, онда өлкедегі халыққа білім берудің
негізіне И.Ильминскийдің жүйесі алынды. Кеңестің қорытындылары ұлттық
мектептер жүйесін ұйымдастыру болды, Ал ұлттық аудандарда, соның ішінде
Қазақстанда енгізілуге тиіс болды.
Онда 1) оқыту мерзімі 2 жылдық бастауыш училище, бұл орайда екінші
жылы орыс мектебінің бірінші сыныбына сәйкес келетін 2) оқыту курсы
ұжымдық бір сыныпты училище 3) оқыту курсы 6 жылдық екі сыныпты училище ашу
көзделді.
Сонымен ХХ ғасырдың басында халық арасына орыс тілінің енгізу
негізінде империяның ұлттық шет аймақтарын орыстандыру жөнінде кең көлемді
бағдарлама белгіленді. Білім беру жөніндегі актілерде халыққа білім беруді
одан әрі орыстандыру көзделді. Түркістан өлкесінде білім беру ісі
қайраткерлерінің бірі Н.Остроумовтың атап өткеніндей Түркістан өлкесінде
орыс мектебі арқылы орыстандыру саясатын ұстану ниеті болды. Бұл саясаттың
негізгі мақсаттары былайша белгіленді: Орыс – мемлекеттік міндеттер мен
отанымыздың бұратаналарға көзқарасы жөніндегі ой – ниеті орыстандыруда
болып табылады, тағы бір басқа міндет – қазақтардың орыстармен бірге тұтас
бір саяси – мемлекеттік организмге айналуына жәрдемдесу.
Қазақтарды орыстандыруға бағытталған империялық саясаттың орасан зор
қысымына қарамастан, өлкедегі халыққа білім беру ісінің жағымды жақтары да
болды – жүргізіліп отырған ресми саясатқа қарамастан, қазақтар еуропалық
өркениеттің жетістіктерімен танысты. Сондықтан да қалыптасып келе жатқан
қазақ зиялылары орыстар ортасынан көп нәрсені қабылдады, тіпті негізінен
орыс топырағында еуропалық негізде білім алды.
Бірсыпыра жылдар бойы мұсылман мектептері мен, әсіресе медреселерде
білім алудың мүлде жарамсыздығы туралы пікір қалыптасып келді.
Бұл оқу орындары нұрсатты оқу орындарында басқа да кейбіреулерінде
оқытумен қайсібір дәрежеде салыстыруға болмайтын, алайда олар қазақ халқы
сауаттылығының жалпы деңгейіне ықпал жасады, сонымен бірге қазақ қоғамының
дәстүрлі мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесті2
Ауыл шаруашылық мектептеріне біржола көбірек көңіл бөлінді, өлкенің
көптеген әкімшіліктері ауыл шаруашылығына бейімдеп оқыту қажет екенін
көрсетті, алайда ешкім тиісінше көңіл бөлмеді, өйткені ол арнайы
қаражатты қажет ететін еді. Сөйтіп қоныс аударулардың 1907 жылдан кейінгі
ағылуы туралы мәселе өте өткір қойылған кезде ғана ауыл шаруашылық
мектептерін ашуға әрекеттер жасалды, бірақ олардың дені ашылмаған күйінде
қалды. Ауыл шаруашылық мектептеріне көбінесе қазақ балалары алынды, оларда
ауыл шаруашылығының негіздерімен бірге жалпы білім беретін пәндер
өткізілді. Пәндерді оқыту кезінде негізінен оларды іс жүзінде қолдануға
көңіл бөлініп, шаруашылықты жүргізу мәселелеріне онша мән берілмеді.
ХХ ғасырдың басында зиялылар сауаттылық қоғамдары мен халықтық оқулар
ұйымдастырудағы комиссияның төрағасы Ресей географиялық қоғамының белгілі
қайраткері Б.Г.Герасимов халықтың сауаттылығы туралы қамқоршы комитеттің
төрағасы Е.П.Михаэлис болды. Лекторлар арасында да Ресей географиялық
қоғамының қайраткерлері көп еді. Нақ сол Семейде В.Н.Белослюдов, В.С.Усов,
Н.Я.Коншин және басқалар халықтық оқулар ұйымдастыру жөніндегі комитетке
лекторлар болды. Қазақстандағы халыққа білім беру ісі тарихының кейбір онша
мәлім емес жақтары мен оның негізгі бағыттары осындай.

1.2 Ғылыми мекемелер мен қоғамдардың қызметі.

1861 жылғы реформадан кейінгі Ресейдің әлеуметтік – экономикалық
дамуы тез қарқынмен алға басты және сондықтан күн тәртібіне отарлық шет
аймақтардың байлықтарын игеру, олардың ресурстарын зерделеу мен зерттеу
мәселелері тұрды. Мұнда орыс географиялық қоғамының едәуір мән берілді.
60-жылдардың өзінде-ақ оның Орынбор генерал – губернаторы бөлім
ашудың практикалық пайдасын көздей отырып, 1867 жылдың басында ішкі істер
министріне былай деп жазды: мысалы, көп жерлерден белгілері табылса да,
тас көмір кен орындарының болуы белгісіз, дала өңіріндегі егіншіліктің
демек отырықшылықтың жағдайлары мен көлемінің мүмкіндіктері белгісіз.
Оның бер жағында мәселелер және өте елеулі мәселелер туындап отыр,
оларды шешу кезінде өлкені егжей - тегжейлі ғылыми зерттеудің кемшіліктері
сөзсіз дерлік қателіктерге ұрындырады.
Елдің шығыс аудандарын, бірінші кезекте Сібір мен Қазақстанды
игеруден кейін Батыс Сібір бөлімі ашылды. Омбыда Батыс Сібір деп аталатын
бөлім ашу туралы өтінішті орталық қоғамға Дала өлкесінің генерал –
губернаторы Н.Т.Казнаков жазды. Ол 1877 жылғы 30 шілдеде сол кезге дейін-
ақ Омбыда болған императорлық орыс географиялық қоғамының кейбір толық
мүшелеріне өзінің арнайы батыс Сібір бөлімін құру туралы өтініш жасағанын
хабарлады. Бұл өтініш аса жоғары мархабатқа ілігіп, бөлімге жыл сайын 2 мың
сом алып отыруға рұқсат етілді. Кейіннен бөлім туралы ереже бекітіліп, ол
өзінің ғылыми жұмысын бастады.
ХІХ ғасырдың аяғында Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі
ашылды. 1895 жылдың аяғына Түркістан генерал – губернаторы А.Б.Вревский
императорлық орыс географиялық қоғамының алдында оның Түркістан бөлімін ашу
туралы өтініш жасады. Сөйтіп, 1896 жылғы 20 мамырда Аса мәртебелі жарлық
берілді.
ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында Жетісу облысы елеулі рол атқара
бастады, бұл бірінші кезекте, облысқа қоныс аударушылардың көптеп ағылып
келуіне, сонай-ақ оның әлеуметтік мүмкіндіктеріне байланысты болды. Осындай
жағдайларда кең – байтақ облыстың экономикалық тұрмысын, геологиясын,
географиясын және т.б. жүйелі түрде ғылыми қолданбалы тұрғыдан зерттеу Орыс
географиялық қоғамы қызметінің саласында алғашқы орындардың біріне шығып,
соған байланысты Жетісу бөлімін ашуға әрекеттер жасалды.
Семей бөлімшесінің жандана түсуі, бірінші кезекте, сол кезеңдегі
Қазақстанның шаруашылық және саяси өмірінде Дала өлкесінің де облыстың да
ролі артуымен байланысты. Семей облысындағы белсенділігі арта түскен
демократиялық элементтер де аз рөл атқарған жоқ. ХХ ғасырдың басында,
әсіресе 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін Жетісу облысында Орыс
географиялық қоғамының нақ сондай белсенділік көрсетуі байқалады.
Қоғам қызметінің аса маңызды бөлігі экспедициялық жұмыс болды.
Географиялық қоғам көп мөлшерде ұйымдастырып, өткізген экспедициялар
орыстың география ғылымын дүние жүзіне әйгілі етті4.
Тұтас алғанда, Қазақстанның табиғатын зерттеу жөніндегі экспедициялар
орталық қоғам тарапынан да, жергілікті бөлімдер тарапынан да өте көп
ұйымдастырылды.
Қарастырылып отырған тақырыпта Орыс қызметін жалпы түсіну үшін зор
ғылыми маңызы болған жекелеген экспедицияларға ғана тоқталып өту керек.
Қоғамның ірі экспедицияларының бірі – И.В.Игнатьев пен А.Н. Красновтың Тянь-
Шаньдағы Хантәңірі ауданына экспедициясы, 1884 жылы П.П.Семенов – Тянь-
Шанский, Г.А.Колпаковскийге, И.В.Мушкетовтың 1885 жылғы 22 мамырдағы
хатында да нақ сондай өтініші айтылды, бұл хатта ол Хантәңірінің тамаша
таулар тобын зерттеуді өзіңіздің назарыңыздан қағыс қалдырмауды аса құлдық
ете отырып өтінемін - деді.
Верный мен Ыстықкөлге мушкетов экспедиция ұйымдастырды. Экспедицияның
ғылыми жұмыстарының ең басты тұжырымы И.В.Мушкетовтың Түркістандағы жер
сілкінісі тектоникалық деп сипаттауы болды. Осы жер сілкінісінен кейін
И.В.Мушкетов сейсмологияға мықтап көңіл бөле бастады.
1899-1902 жылдарда Л.С.Бергтің басшылығымен атақты Арал экспедициясы
ұйымдастырылды. Арал экспедициясын Орыс географиялық қоғамының Түркістан
бөлімі ұйымдастырды, 1897 жылдың аяғында – ақ бөлімнің отырысында Арал
теңізінің рөлі және оны зерттеу қажеттігі: Өлке үшін экономикалық
маңыздылығы жағынан Арал теңізі Орта Азия ойпатының көлдері арасында
бірінші орын алады, - деп анықталған болатын.
Жалпы алғанда, ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы экспедициялық
қызмет азды – көпті жоспарды сипат алды, өз бағдарламасы болды,
экспедициялар көбінесе не зерттелмеген, не аз зерттелген аудандарға
жіберіліп отырды. Бұл экспедициялардың нәтижесінде кең көлемде нақты
материал жиналып, ол экспедициялардың фрагменттерінен, яғни нәтижелерінен
фактілердің жинақталуына және ғалымдардың зерттеушілік қызметіне қарай
біртұтас дүниеге айналдырыла бастады.
Қазақстанды зерттеу жөніндегі әр түрлі ғылыми мекемелердің сан қырлы
қызметі ғылым тарихын зерттеу нысанына айналды, яғни ғылыми зерттеудің аса
ірі объектілерінің біріне айналды, онда мейлінше әр алуан, көбінесе Ресей
империясының билеуші күштерінің саясатын идеологиялық жағынан нығайтқан
салалар мен бағыттар шоғырландырулар.

2.1 ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің
қалыптасуы және дамуы.
Ресейдегі ХХ ғасырдың басындағы революция қозғалыс ұлттық шет
аймақтардың, соның ішінде Қазақстанның да жағдайына әсерін тигізді.
Саны аз ұлттық зиялылар осы жағдайды пайдаланып, тәуелсіздік пен
бостандық үшін, халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін қос езгіден
патша үкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық – рулық
зорлық-зомбылықтан құтылу үшін күрес басталды. Зиялылар халықты тәуелсіздік
жолына шығарды.
Қазақ жазушылары мен ақындарының алдыңғы қатарлы бөлігі Абайдың
ағартушылық, демократиялық дәстүрін жалғастырып, оларды отаршылдыққа қарсы
күрес идеясымен байланыстыруға тырысты. Ұлттық қозғалыстың басында тұрған
Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың әдеби шығармашылығын, қоғамдық
саяси қызметінің революциялық – демократиялық бағытта болғаны айқын, олар
ұлт – азаттық идеясына шығармашылық қызметінде ғана емес, өздерінің
қоғамдық – саяси қызметінде де ерекше мән берді.
Бұған олардың 1905 жылғы бүкілхалықтық революцияға қатысуы,
конституциялық – демократиялық партияның съезінде қазақтардың тәуелсіздігін
талап етуі, бұл идеяны Қазақ газетінің (1913-1918) беттерінде нысаналы
бағытта дамытуы, сондай-ақ патша үкіметі құлағаннан кейін Алаш автономиясын
құруға әрекет жасасуы айғақ болып табылады5.
Ахмет Байтұрсынов – қазақ интеллегенциясының Абай мен Шәкәрімнен
кейінгі жарқын бейнесі, қазақ тарихында орны зор ұлт тұлғасы (1873-1938)
қазақ халқының күрескерлік идеясымен танымал. Оның Маса деген поэтикалық
жинағы (Орынбор 1911) халықтың ауыр, құқықсыз жағдайына, оны отаршылдықтан
азат етуге дамудағы мешеулік, қазақ халқын сауаттандыру, мәдениеттендіру
болды.
А.Байтұрсыновтың Қырық мысал деген кітабы (Петербург 1909ж) Крылов
мысалдарын қазақ тіліне аударды. Байтұрсынов тек әдеби шығармалармен ғана
шектеліп қалған жоқ, сонымен қатар ұлтты сауаттандыру жолында араб
графикасы негізінде әліпби жасады.
1912 жылы оның Оқу құралы және Тіл құралы оқулықтарын жазып олар үш
бөлімнен құралды: фонетика, морфология, синтаксис бөлімдерінен тұрды.
А.Байтұрсыновтың оқулықтары қазақтар үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл
түркі тілдес дүние үшін де жаңалық болды.
А.Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов, Ә.Бөкейхановтар қазақтың тұңғыш
партиясы Алаш бірлестігін ұйымдастырды.
Міржақып Дулатов (1885-1935) жалынды шешен халқымыздың біртуар
азаматы, халық қамын жеген күрескер. Ол Ахмет Байтұрсыновпен халық
бостандығы жолындағы күрес жылдарында да әдебиет саласында қатар жүрген
үзеңгілес серігі. Оның Оян қазақ! (Уфа) 1909 жинағы - халық тағдырының
проблемалары өткір көтерілетін алғашқы туындыларының бірі. Ол өз заманының
оқырмандарына ойы мен санасына ықпал жасай отырып, олардың назарын әрбір
жеке тұлғаның халық алдындағы жауапкершілігіне аударды. Өз заманындағы
қазақ қоғамы өмірінің келеңсіз жақтарын ашып көрсете келіп, М.Дулатов
отандастарын жаңа өмірге шақырады, басқа халықтардағы жақсылық жағын
үйренуге ұмтылады, ғылымды, білімді, әйелдердің тең құқықтылығын жақтайды.
Оян Қазақ! жарыққа шыққан кезінен бастап отаршылдыққа қарсы
бағытталған кітап ретінде қабылданды, оның таралымы жойып жіберілді, ал
авторы қуғынға ұшырап, талай рет түрмеге қамалды. Алайда бұл ақынды
мойытпады, ол өзінің әдеби көсемсөздік қызметін сол күйінде белсенді түрде
жалғастыра берді. Бұл кезеңде ол Бақытсыз Жамал, романын (Орынбор 1910)
Азамат (1913) Терме (1913) жинақтарын шығарды.
Бақытсыз Жамал – уақыты жағынан бірінші жазылған қазақ романы. Онда
патриархаттың рулық ғұрыптар мен соқыр сенімдердің құрбаны болған Қыз –
Жамалдың ауыр тағдыры суреттеледі.
Сонымен бірге романда туып келе жатқан жаңалықтың өшіп бара жатқан
ескілікпен тартысы, жас ұрпақ көзқарастарының ғасырлар бойындағы негіздерді
жақтаушылармен қақтығыстары көрсетілген. Роман жастардың бойында еркіндік
сүйгіш идеялардың туындау үрдісін ашып көрсетумен де тартымды.
М.Дулатов орыс және шетел классиктерінің Пушкин, Лермонтов, Шилпер,
Тоқай, бірқатар туындыларын аударды. Дулатовтың қазақ көсемсөзін дамытуға
да қосқан үлесі баға жеткісіз.
Хх ғасып басындағы көрнекті жазушылардың бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920) тәуелсіздік ісіне. Халықтың прогресс пен мәдениет жолымен
дамуына зор үлес қосқан ақын. Ол өткір сыни бағыттағы, әділетсіз өмір бет
пердесін ашатын надандық пен қараңғылықты түйрейтін туындылар қажет.
Торайғыровтың пікірінше, халық өз тағдырын өзі жасайды, бұл үшін оған
ұйқыдан оянып, ілгері жүру және басқа халықтар сияқты даму керек.
Отаршылдыққа қарсы күрескен бауырларына ынтымақтастық ниет көрсете отырып,
С.Торайғыров Таныстыру деген поэмасында (1918) Дулатовты, Байтұрсыновты,
Бөкейхановты Күн, Таң, Ай деп атайды6
Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетінің оның көркемдік – эстетикалық дамуы
тұрғыдан байытты. Бұлармен қатар ол қазақ әдебиеті үшін жаңа жанрларды
қалыптастыру мен дамыту ісінде біраз іс тындырды. Оның өлеңмен жазылған
Қамар Сұлу. Кім жазықты романдары. Адасқан өмір, Кедей поэмалары,
лирикалық өлеңдері, көсемсөздік, сан қырлы және жан – жақты болғанын ашып
көрсетеді. Ақын әлі де феодалдық патриархаттық пен надандық күн кешкен
қазақ қоғамы дамуының өткір әлеуметтік проблемаларын ашып көрсете білді.
Қазақ әдебиетінде Абай негізін қалаған реалистік өнердің жоғары үлгілерін
біз Сұлтанмахмұттың шығармашылығынан таба аламыз.
Қазақ әдебиетінің сыншыл бағытын дамытуда, көркемдік құралдар арқылы
ағартушылық идеяларын асқақтатуда Шәкәрім (1858-1931) Сәбит Дөнентаев (1894-
1933) Мұхамеджан Сералин (1872-1929) Спандияр Көбеев (1878-1956) Бекет
Өтетілеуов (1883-1949) Әріп Тәңірбергенов (1856-1924) Ғұмар (1882-1939)
Бернияз Күлеев (1899-1923)Нарманбет Орманбетов (1870-1918) және басқалар
шығармашылығының ерекше маңызы болды.
Поэтикалық шеберлікті дамытудың және байыта отырып, олар дәуірді
көркемдік ой елегінен өткізуге үлес қосқан. Егер С.Дөнентаев сюжетті шағын
өлеңдер мен мысалдар жанрын дамытса, С.Көбеев өмір шындығын лирикалық
туындыларда бейнелеуге ұмтылды. С.Көбеев пен Б.Өтетілеуовтің шығармашылығы
педагогикалық қызметпен астасып жатты, олардың екеуі де ауыл мектептерінде
мұғалім болды.
Әдебиетті балалар тәрбиелеуге кеңінен пайдалана отырып, жазушылар
идеялық мазмұнымен бірқатар туындылар жазған, С.Көбеевтің Қалың мал
романы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы және тарихтағы ролі
«Қазақ» газеті және оның қоғамдық саяси қызметі
Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық - саяси қызметі
Қазақстандағы кеңестік мәдениет ошақтарының қалыптасуы
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы өкілдерінің қызмет кезеңі (1917-1925 жж)
Сералин Мұхамеджан шығармашылығы
Ұлттық шығармашылық интеллигенция тарихының теориялық мәселелері
Мұхамеджан сералиннің өмірбаяны, бүтін шығармашылық мұрасы және ағартушылық қызметі
Қазақ, шығыс және еуропа әдеби байланыстары
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
Пәндер