Нарық оның механизмі мен қызметі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1. Нарықтық механизмнің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Нарық механизмінің мәні және
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3.Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Қолданған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Нарық - өте күрделі, көптеген құрылымы бар ұғым. Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады.
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгінеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір - біріне оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар туады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектілерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді - барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар - ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмұны неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұраққа жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бір - біріне тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно (1801 - 1877 жж.) мен экономист А.Маршалл (1842 - 1924 жж.) береді. «Нарық заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бір - бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда-бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі». Бұл анықтама айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У. Джевонс (1835 - 1882 жж.) нарықтың критериі деп сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың тығыздығына назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауралар туралы келісім жасасқан кез келген адамдардың тобы, нарық болады.
1. Ә.Н. Нысанбаев.«Нарық және адамның орнықты дамуы». Алматы -
1996 жыл.
2. Б.Жүнісов, Ұ.Мэмбетов, Ү.Байжомаров.«Нарықтық экономика негіздері».Алматы - 1997 жыл.
3. Ә. Әділханов.«Нарықтық экономикаға көшу». Алматы-1995 жыл.
4. С.С Мәуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенова. «Экономикалық теория». Алматы - 2003 жыл.
5. М.Кәрібаев. «Нарықтық қатынастарды қалыптастыру сәтті қадамы». Заң газеті, 26 - Мамыр - 2001 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Нарық оның механизмі мен қызметі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 3
1.1. Нарықтық механизмнің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Нарық механизмінің мәні және
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3.Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .14
Қолданған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 15

Кіріспе
Нарық - өте күрделі, көптеген құрылымы бар ұғым. Жалпылама тұрғыдан
алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады.
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға
қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар
арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгінеді. Бұл
бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір -
біріне оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық
қатынастар туады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде
экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық
қатынастарының субъектілерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды.
Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп
отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің
нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты
материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім
өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және
жетілдіруді - барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар - ақша қатынасы
жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмұны неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұраққа
жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып
алушы болып бір - біріне тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық
әдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно
(1801 - 1877 жж.) мен экономист А.Маршалл (1842 - 1924 жж.) береді. Нарық
заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол
сатып алушылар мен сатушылардың бір - бірімен өте еркін жағдайда келісімге
келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда-бірдей тауарлардың бағасы
көп ұзамай тез арада теңеледі. Бұл анықтама айырбастың еркіндігі мен
бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У. Джевонс (1835 - 1882 жж.) нарықтың критериі деп
сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың тығыздығына
назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және
қандай болмасын сондай тауралар туралы келісім жасасқан кез келген
адамдардың тобы, нарық болады.

Нарық оның механизмі мен қызметі.

1.1. Нарықтық механизмнің қалыптасуы.

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің
болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер
мен тұлынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады -
біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұлынады. Тұтыну жеке тұтыну
және өндірістік тұлыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуды тауарлар өндіріс
сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік
тұлыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда
тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда
өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының
әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық
шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және
көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының
корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас
формаларымен болжанған экономикалық оңашалануды құрайды.
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі - баға. Бағаны жеке
талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескереміз. Бірінші, баға
сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі
конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші осы
географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің
сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар
болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, оратлық буыны - екі құрылымнан,
сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік
болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай
табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудың ең тиімді әдісін қолданудың және
ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс
материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты
байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды
элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі - бәсеке. Бұл пайданың жоғары
болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу
механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың көрінбейтін
қолы деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні адамдар өз мүдделеріне
сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы
әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын
жандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің - бағаның,
пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып
табылады.Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық
тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет
етуін талап етеді.
Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге
негізделеді:
• маржиналдық (шекті) талдауға;
• балама таңдау шығындарына;
• экономикалық рационалдыққа.
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-
қимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті
шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту,
нарықтық бағаның өзгеру, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға
ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъектінің пайда болуы нарық
экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген
нарық жағдайында, яғни, үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық
жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес
салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей
қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне
жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұлынушылар тепе-теңдік болмысын
қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына,
тікелей шығындар және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік
әрекеттердің, осыдан басқа өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан
түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық
экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің
варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа
жеткізетін варианты таңдап алынады. Балама таңдау шығындарының принципі
өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып
отыруға негізделеді. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан
жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде
болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады.
Рационалдықтың критериі - табыс төтеңше құдықтың болуымен байланысты. Фирма
неғүрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұлынушылар - капиталды
шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің жағдайын жақсартуды көздейді.
Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-теңдік
болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық
проблемасы. Бұл жағдай екі қарама-қарсы күштерді қолдануға негізделеді. Бір
жақтан сұраныс пен ұсынысты; екінші жақтан, нарықтағы бағаны.
Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады
сиректік деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал,
әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылады. Демек, шекті
пайдалылық теориясында сиректік деген түсінік негізгі және ешқандай
түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік
мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын
дәлелдеуге мүмкіндік береді. Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо,
А.Смит сиректік түсінігін құнмен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша,
сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды
факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында
сиректіктің түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын
сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір
сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол
жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете
алмайды. Бұл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі
мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт
керек.

1.2. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері.

Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді
механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп
есептеледі, оны математикамен, электроникамен және адамзаттың басқа да
ұжымдық даналығының щыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі
кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайыша өмір сүре алмайды. Ал Бұл
меншіктің алуан түрлі формалары және әртүрлі тауар өндірушілер болғанда
ғана мүмкін. Бұлда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті
жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын
болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтық
қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі
және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары
бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе,
банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады.
Экономиканы бірыңғай Сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат
ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан
мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экономикалық жағдайда өмір сүру
құқын реттеп отыратын шараларды жүзеге асырауы қажет.
Реттелмеген таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу,
табыс табу сияқты әлеуметтік құқықтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар
мемлекеттің белсеңді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны
реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының
есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және
халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын
жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-
әлеуметтік ахуалды ұстап тұру мүмкін емес.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын,
еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ
көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық
мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды
қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық, ғылыми
техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен
бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Еңді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бұрын-
соңды біздің терең зерттелмегең сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі
әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген
басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні
бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әміршіл-әкімшіл жүйенің идеологиялық
түтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны
туралы даурықпалы көзқарас басым болды.Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта
құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға
кіретін мемлекеттердің және Қазақстанның ғалым-экономистерінің арасында
нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше
анықтамасын келтірейік.
Нарық – Бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлегі
немесе жүйесі.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы эконмикалық
қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық - сатушылар мен сатып алушылар арасында тауаржәне қызмет көрсету
процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу, сатумен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар жиынтығы.
Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді,
бірақ проблеманың бір жағын қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол
нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың
субъектісі өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар
деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып
алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбаспен айналыс саласындағы
қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек,
себебі тек осы жерде ғана өнім жасалды және оның тауарға айналуын
сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын
көрсететін эконмикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу - оны бәсеке, ең аз
шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды
қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар айырбасы емес,
тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән қайтарымдылық,
эквиваленттік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі
ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әртүрлі тауар
өндірушілер мен тұлынушылардың арасында болатын экономикалық байланыстар
мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Берілген анықтамада әңгіме, біріншіден, тек өндірушілер мен
тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас ғана емес, сонымен
қатар өндірушілер мен сатып алушы-тұлынушылардың өздері арасындағы
байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, Бұл қатынастар мен
байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті обьективті түрде алдын-ала
анықтайды, яғни шаруашылық серіктестіктерінің қатынас субъектісі ретіндегі
тең құқылығын бейнелейді. Бұдан серіктестердің шаруашылық қызметтердің
варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңтаудағы, табыстарды иемденудегі
дербестігі мен тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың
шұбасіз салдары - бәсеке-өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де
болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі
нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды. Ал Бұл, сан алуан меншік формалары мен
әртүрлі тауар өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нәтижесінде,
өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық
бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан тиімділігі жоғары және болашағы
зоршаруашылық субъектілеріне жол ашады. Біздің ойымызша, нарықты Бұлай
түсіну, оның мүмкіндік сипатын толық қамтиды.

1.3. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері.

Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері
арқылы ашылады. Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлектеңген
материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды
байланыстыратын буын ретінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық
өндірістің екі нақты қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын
технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін
емес.
Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі - оның ұдайы өндіріс процесінің
үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші рөлі. Нарықтың
реттеуші рөлінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің
тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына,
адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі рөлінің жоғалуына
әкеліп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі - ақпараттық. Нарық тауарлар
бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің (салымына)
процентік нарқының (ставка) т.б.үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске
қатысушыларға сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге
жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық қажетті сапа және
ассортименттуралы обьективті ақпар беріп отырады.
Сонымен бірге нарық механизмі мынадай қызмет атқарады - бәсеке
күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен
тазартады және керісінше олардың дамуына жағдай жасайды.
Бізді нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны
қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру
міндеті тұр. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық механизм және жетілген бәсеке
Нарық механизмі
Нарық және иерархия
Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастырудың өзiндiк ерекшелiктерi
Нарық: түсінігі, қатынастары, құрылымы
Бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен объектілері
Аймақтардың қаржы саясаты саласындағы әлемдік тәжірибе
Құнды қағаздар нарығының түсінігі
Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымдарының қалыптасу мәселесі
Пәндер