Қазақ жеріндегі XV-XVI ғғ. саяси және тарихи -әлеуметтік өзгерістер мен Мұхаммед Хайдар Дулатидың тұлға ретінде қалыптасуы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5
1.Қазақ жеріндегі XV.XVI ғғ. саяси және тарихи .әлеуметтік өзгерістер мен Мұхаммед Хайдар Дулатидың тұлға ретінде қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.11
2. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих.и.Рашидиі».
2.1 М.Х. Дулати еңбегінің бірінші және екінші кітабы жайлы ... ... ... 12.19
2.2 М.Х. Дулатидің «Тарих.и.Рашидиі» және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19.27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27.28
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29.30

Тақырыптың өзектілігі: Тақырыптың өзектілігі бірнеше мәдени-әлеуметтік, тарихи, саяси бағдарлық факторлармен анықталады.Біріншіден, қазақ тарихы ұлттық сананы, мәдениетті, рухани дамуы мен болашағын қарастырады.Сол себептен қазақ тарихы өткен құндылықтарды заман талабы бойынша қайтадан зерделеуді мақсат етіп қояды. Екіншіден, қазақ тарихында екі тәуелсіз мемлекетті атап өтіп кетуге болады-Қазақ хандығы және Қазақстан Республикасы. Хандық дәуірінде М.Х. Дулатидың тарихи философиялық ойларын қарастыру тек тарихи-жадылық маңыздылығымен қоса қазіргі Қазақстан үшін тағылымдық өзекті мәселеге жатады.
Қазақтың даму тарихының әртүрлі кезеңдерінде «тарих» мәселесі әртүрлі қырынан көрініп отырған.XVI ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген М.Х. Дулатидың тарихи ойлары, қоғамдық ой-пікірлері, жазып қалдырған мұралары ең үздік ой -үлгісі болғанын байқаймыз. Ол адамның тұлға ретінде әлуметтік саяси тұрғыда жетілуіне ықпал ететін алғышарттардың қатарына адамгершілік, қанағат, зерделі ақыл, ерлік сияқты қасиеттерді жатқызған.
М.Х. Дулати қоғамда болып жатқан өзгерістерді бақылаушы ғана емес, сонымен қатар белсенді ізденуші.Ол қазақ тарихының қалыптасуына үлкен із тастап, өз заманының болмыс шындығын, қоғамдық ойын көркем бейнелеп, кейінгі ұрпаққа саналы да елеулі рухани мұра қалдыра алған.Сондықтанда бүгінгі таңда ұлттық тарихымыздың негіздерін ашып, М.Х. Дулати дүниетанымынан іздеу өте орынды дер едік. М.Х. Дулати шығармаларынан алар тәлім-тәрбиеміз мол.
Курс жұмысынының зерттелу деңгейі: Мұхаммед Хайдар Дулати жөніндегі еңбектерді топтасақ ең алдымен орыс шығыстанушыларының арасында Мұхаммед Хайдар Дулатидың шығармалары кеңінен танымал бола бастағаның байқауға болады.Белгілі шығыстың тарихшысы, Орта Азия мен Қазақстан тарихын зерттеушісі академик В.В. Бартольд: « М.Х. Дулатидың « Тарих-и Рашиди» еңбегін XVI ғасырдың тарихи -әдеби ескерткіші болып табылады және шығыс түркістан тарихы бойынша аса маңызды деректердің бірі»./2/

1.Тарих-и Рашиди.-Алматы: М.Х. Дулати қоғамдық қоры, 2003.-5 б.
2.Бартольд В.В. Тюрки: двенадцать лекции по истории турецских народов Средней Азии.-Алматы, 1993.-С.107
3. Омарбеков Т. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың « Тарих-и-Рашидиі» // Ақиқат.- 1999.-№ 2.-41 б.
4.Албани Б.Қ. Мұхаммед Хайдар Дулати.-Алматы:Ататек, 2000.-27 б.
5.Дербісалиев Ә. Мұхаммед Хайдар Дулати. Өмірбаяндық-библиографиялық анықтамалық.-Алматы: Санат, 1999.-159 б.
6. Дербісалиев Ә. Ислам және заман. Алматы: Дәуір, 2003.- 560 б.
7. Қасабек А.Қ. М.Х. Дулатидың қазақ философиясындағы орны туралы //
Мұхаммед Хайдар Дулати. Ойшыл.Тарихшы. Жазушы. Қолбасшы: Халықаралық ғылыми –теориялық конференциянын материалдары.- Алматы, 1999.- 188 б.
8. Захир-ад-дин Мұзаммед Бабыр.Бабырнама.Қазақша сөйлеткен Байұзақ Қожабекұлы. Алматы:Ататек-1993.-104 б.
9. Захир-ад-дин Мұзаммед Бабыр.Бабырнама. Қазақша сөйлеткен Байұзақ Қожабекұлы. Алматы:Ататек-1993.-25 б.
10. Дербісалиев Ә.Қазақ даласының жұлдыздары.-Алматы: Рауан,1995.-180 б
11. Дербісалиев Ә.Қазақ даласының жұлдыздары.-Алматы: Рауан,1995.-181 б
12.Ғарифолла Есім. Адам-зат.Астана: Фолиант, 2002.- 99 б.
13.Есім Ғ. Қазақ философиясының тарихы. Алматы: Қазақ университеті, 2003.- 48 б.
14. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди ( Хақ жолындағылар тарихы). Алматы,-2003.- 41б.
15. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди ( Хақ жолындағылар тарихы). Алматы,-2003.- 41б.
16. Есім Ғ. Қазақ философиясының тарихы. Алматы: Қазақ университеті, 2003.- 50 б.
17. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди ( Хақ жолындағылар тарихы). Алматы,-2003.- 41б.
18. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди ( Хақ жолындағылар тарихы). Алматы,-2003.- 41б.
19. Дербісалиев Ә. Мұхаммед Хайдар Дулати. Өмірбаяндық-библиографиялық анықтамалық.-Алматы: Санат, 1999.-185 б.
20. Албани Б.Қ.Тарихи таным. Алматы: Ататек, 1994.-164 б.
21. Қалыбекова Б.К.Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығындағы адам мәселесін философиялық тұрғыдан талдау. авторефераты.Алматы, 2006.-16 б.
22. Жанакулов М.Т., Құламанова З.А. «Тарих-и-Рашиди» және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы.// Көне және қазіргі Тараз: тарихы және әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.-Тараз, 2000.- 100 б.
23. Жанакулов М.Т., Құламанова З.А. «Тарих-и-Рашиди» және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы.// Көне және қазіргі Тараз: тарихы және әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.-Тараз, 2000.- 102 б.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
1.Қазақ жеріндегі XV-XVI ғғ. саяси және тарихи -әлеуметтік өзгерістер мен
Мұхаммед Хайдар Дулатидың тұлға ретінде
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-11
2. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих-и-Рашидиі.
2.1 М.Х. Дулати еңбегінің бірінші және екінші кітабы жайлы ... ... ... 12-
19
2.2 М.Х. Дулатидің Тарих-и-Рашидиі және қазақ мемлекеттілігінің

... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9-27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27 -28
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .29-30
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Тақырыптың өзектілігі бірнеше мәдени-әлеуметтік,
тарихи, саяси бағдарлық факторлармен анықталады.Біріншіден, қазақ тарихы
ұлттық сананы, мәдениетті, рухани дамуы мен болашағын қарастырады.Сол
себептен қазақ тарихы өткен құндылықтарды заман талабы бойынша қайтадан
зерделеуді мақсат етіп қояды. Екіншіден, қазақ тарихында екі тәуелсіз
мемлекетті атап өтіп кетуге болады-Қазақ хандығы және Қазақстан
Республикасы. Хандық дәуірінде М.Х. Дулатидың тарихи философиялық ойларын
қарастыру тек тарихи-жадылық маңыздылығымен қоса қазіргі Қазақстан үшін
тағылымдық өзекті мәселеге жатады.
Қазақтың даму тарихының әртүрлі кезеңдерінде тарих мәселесі әртүрлі
қырынан көрініп отырған.XVI ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген М.Х.
Дулатидың тарихи ойлары, қоғамдық ой-пікірлері, жазып қалдырған мұралары ең
үздік ой -үлгісі болғанын байқаймыз. Ол адамның тұлға ретінде әлуметтік
саяси тұрғыда жетілуіне ықпал ететін алғышарттардың қатарына адамгершілік,
қанағат, зерделі ақыл, ерлік сияқты қасиеттерді жатқызған.
М.Х. Дулати қоғамда болып жатқан өзгерістерді бақылаушы ғана емес,
сонымен қатар белсенді ізденуші.Ол қазақ тарихының қалыптасуына үлкен із
тастап, өз заманының болмыс шындығын, қоғамдық ойын көркем бейнелеп,
кейінгі ұрпаққа саналы да елеулі рухани мұра қалдыра алған.Сондықтанда
бүгінгі таңда ұлттық тарихымыздың негіздерін ашып, М.Х. Дулати
дүниетанымынан іздеу өте орынды дер едік. М.Х. Дулати шығармаларынан алар
тәлім-тәрбиеміз мол.
Курс жұмысынының зерттелу деңгейі: Мұхаммед Хайдар Дулати жөніндегі
еңбектерді топтасақ ең алдымен орыс шығыстанушыларының арасында Мұхаммед
Хайдар Дулатидың шығармалары кеңінен танымал бола бастағаның байқауға
болады.Белгілі шығыстың тарихшысы, Орта Азия мен Қазақстан тарихын
зерттеушісі академик В.В. Бартольд: М.Х. Дулатидың Тарих-и Рашиди
еңбегін XVI ғасырдың тарихи -әдеби ескерткіші болып табылады және шығыс
түркістан тарихы бойынша аса маңызды деректердің бірі.2
Белгілі шығыстанушы тарихшылар С.Г. Кляшторный мен Т.И. Султанов
Тарих-и-Рашидиді жинақтап айтқанда, орта ғасырлық мұсылман
тарихнамасындағы Қазақ хандығының ерте тарихын баяндайтын жалғыз шығарма
ретінде бағалады.Ал орта Азияны зерттеуші П.П. Ивановтың ойынша Тарих-и-
Рашиди -XV-XVI ғасырлардағы Моғолстан өмірі туралы мәліметтерге негіз
болатын жалғыз дерек деген қорытындығы келеді.3
Кеңес дәуірінде де Тарих-и-Рашиди жайлы әр жылдары Ә.Х. Марғұланнан
бастап, Б. Көмеков, Қ. Байпақов, Н.Мингулов, Т.И. Султанов, Б. Қожабеков,
өзбек оқымыстыларының Р.Г. Муминов, А. Урунбаева, С. Әзімжанова Х..
Хасанова Р.П.Джалилова Л.М. Епифанова және тағы басқалардың зерттеулері
жарияланды. Ә. Марғұлан М.Х. Дулати қазақ халқының тарихшысы ретінде
таныстырған академик. Ғұлама қайраткердің өмірінің тарихи кезеңдері мен
саяси-әлеуметтік көзқарастарының жүйелеуде тарихшылар М. Қозыбаевтың, М.
Қойгелдиевтың, Т.Омарбековтың, У.Бішімбаевтың, С.Жолдасбековтың, Б.
Албанидың үлестері ерекше. Байұзақ Қожабекұлы Албани өзінің ашқан Мұхаммед
Хайдар Дулати еңбегінде: М. Хайдар Дулатидың тарих-и-рашиди шығармасы-
тарихи энциклопедиялық шығарма болып табылатындығын айтады.4
Ә. Дербісалиев Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегін зерттеу барысында:
XVI ғасыр ортасында Тарих -Рашиди шығармасына бірінші болып, 1854 ж.
Эрскин өзінің Индияның тарихы еңбегін жарыққа шығарғанда көңіл
бөлген.Содан соң, 1895 ж. Е.Д. Росстың ағылшын тілінде аударған еңбегі
жарыққа шықты-деп ескертеді.5 Шығарманың құндылығы жөнінде: Қазақстан
мен Орта Азия халықтарының зерттеушілердің, тіпті түркі тілдес халықтардың
мәдениетін зерделеген Еуропа ғалымдарының сол себепті күні бүгінге дейін
Тарих-и-Рашидиге жүгінбей, оған соқпай кете алмайды-деген болатын.6
М.Х. Дулати өз дүниетанымы, философиялық ойшылдығы, тарихты терең
түсінуі, оның үлкен қайраткер екендінін, терең білімділігін, ойшылдығын
көрсетеді. Сонымен қатар М.Х. Дулати мұрасының қазақ рухани мәдениеті мен
тарихи философиясында алар орны мен тигізер әсері де мол. Бұл мәселе
жөнінде А. Қасабек: М.Х. Дулати өзінен бұрынғы замандағы тарихи оқиғаларды
объективті қарастырып, оларды эмпирикалық жүйелі түрде зерттеген.
Оқиғалардың ішкі байланыстарына, даму логикасына негізгі мән берілген және
қандайда бір тарихи фактіні баяндағанда міндетті түрде оған өз көзқарасын
білдіріп отырған.Мұндай әдіс шындықтан ауытқымауға тегеріш болады-
дейді.7
Курс жұмысының мақсаты мен міндеті:М.Х. Дулатидың тарихи көзқарасына талдау
жасап, ерекшеліктерін ашып көрсету.Осы мақсат тұрғысынан мына міндеттерді
шешуге ұмтылыс жасалды.
- XVI ғасырдың өзіндік келбеттену ерекшеліктерін аша отырып, М.Х. Дулатидың
тұлға, қолбасшы, мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуының рухани
дүниетанымдық бастауларына тарихи талдау жасау;
- М.Х. Дулати шығармаларындағы тағылымдық мүмкіндіктерін негіздеп, ұлттық
сананы қалыптастыруда, болашақ жас ұрпаққа берері мол екендігін таныту;
- М.Х. Дулати қазақ халқының ойшыл ғалымы, қоғамтанушысы, тұңғыш тарихшы
екенін дәлелдеу;
Курс жұмысының хронологиялық шеңбері:Мұхаммед Хайдар Дулати Тарих-и-
Рашиди атты еңбегімен бүкіл әлемге таныс. Тарих-и-Рашиди XIV ғасырдын XVI
ғасырждың орта кезеңіне дейін, яғни бірнеше ғасырды қамтитын
энциклопедиялық сипаттағы еңбек. Сол себептен курс жұмысының хронологиялық
шенбері де, осы уақыт болып табылмақ.
Курс жұмысының құрылымы:Курс жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім және
қорытындыдан тұрады.Негізгі бөлімнің өзі екі тарау, әр тарау
тармақшалардан тұрады және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
құрастырылған.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың тұлға ретінде қалыптасуы.
Мұхаммед Хайдар 1499 жылы қиын-қыстау күндердің бірінде ташкент қаласында
Мұхаммед Хусайын дулатидың отбасында дүниеге келді. Мұхаммед Хұсайын ұлына
жоғарыды аталғандай, өз әкесі Мұхаммед Хайдар Дулатидың атын берген.Хайдар
мырзаның әкесі Мұхаммед Хұсайын да жастайынан билікке араласқан. Оның
үстіне есейіп, оны мен солын ьаныған кезде Моғолстанның билеушісі шағатай
ханның ұрпағы Жүніс ханның кіші қызы Хуб Нигар ханымға үйленеді.
Жүніс ханның үлкен әйелі Исан Даулат бикеден екі ұл ( Сұлтан Махмұт
хан мен Сұлтан Ахмет хан), үш қызы ( Миһр Нигар, Құтлық Нигар, Хуб Нигар)
бар еді. Миһр Нигар ханым Әмір Темірдің Жалал-ад-дин Миран шаһ атты үшінші
ұлының шөбересі Сұлтан Ахмет мырзаға ұзатылған. Ал Құтлық Нигар ханымға
оның інісі Омар шейһ үйленіп, одан атақты ойшыл, ақын, қолбасшы Мұхаммед
Заһир-ад-дин Бабыр туған, яғни ол Мұхаммед Хайдар Дулатиға бөле болып
келетін.Бабыр да Әмір Темір ұрпақтарының бірі еді.
Хайдар мырза шыр етіп дүниеге келгеннен-ақ тағдыр тауқыметін
тартқан.1501 жылы ол екі жасқа толғанда анасы қайтыс болады.Ол Жайлы Бабыр
өзінің атақты Бабырнамасында: Менің шешемнің сіңлісі Хуб Нигар ханым
жарық дүниесімен қоштасыпты, оны анамыз екеуімізге Ұратөбеде естіртті-
дейді.8 Бабырдың әкесі Омар
шейх Фергана уалалайатының билеушісі болатын.Сырдарияның жағасында
орналасқан астанасы Яксикентте 39 жасында жардан құлап өлді, оның
иелігіндегі жерлерді Шейбани хан басып ала бастайды.Ташкентті 1482-1485
жылдары Жүніс хан басып алғанымен,
соңынан оны Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Хұсайын Дулати қайнағасы Махмұт
ханның атынан билеп тұрды.
Мұхаммед Хусайын Омар шейхпен қөңілі жарасқан достар екен. Сондықтан да ол
Ахсикентте онымен екі жыл бірге тұрыпты. Артында қалың елі дулаттар
тұрғандықтан да, ол өз иелігін мығым ұстаған. Айтқаны орындалып, дегені
жүрген, халқының қадірлі адамы болған.Мұхаммед Хусайын ұлына Маула Мұхаммед
атты білімді де білікті кісіні тәрбиеші етеді.Ол бала Хайдарға Құрани
Кәрім сүрелерін жатқызып қана қоймай әліппені де оқытып, сауатын ашқан,
жазу, сызуға үйреткен.
Хайдар Мырза бірақ Мұхаммед Шайбани зобалаңына байланысты оқуын
жалғастыра алмаған.Өйткені оның балалық шағы, жоғарыда айтылғандай,
Мұхаммед Шайбанидың Орта Азияның қалалары мен қоныстарын, елді мекендерін
басып алып, Әмір Темір ұрпақтарын қуа бастаған кезге тұс келді.Шынында
Мұхаммед Шайбани аз ғана уақыт ішінде, яғни 1500 жылы Бұхара, 1501 жылы
Самарқан, 1503 жылы Яхсикент пен Ташкент қалаларын, 1504 жылы Әндіжан,
Хорезм, Герат, Астрабад, Гурган басып алып үлгерген
Басқыншының тегеурініне шыдай алмаған Бабыр соғыса -соғыса Кабулге кетуге
мәжбүр болды.
1508 жылы осындай аласапыран кездері Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед
Шайбани кісілерінің қолдарынан қаза табады.Жетім қалған Хайдар мен әпкесін
туыстары әуелде Бұхараға паналатқызады.Соңынан тәрбиешісі екеуін Бадаһшанға
аттандырады.
Шайбандардың құрығы жете қоймаған жерлерінің бірі таулы Бадаһшан мен
оның астанасы Қала-и-зафар болатын.Әмір Темір ұрпақтарының асуы қиын таулар
ортасындағы иелігі болатын.Осы қала Жеңіс қаласы деп аталған.9 жасар
Хайдар аталған қалаға 1508 жылдың қарашасына дейін болған. Хайдар мырзаның
мұнда өткізген күндері туралы нақты тарихи деректер жоқ Ақыры ол
Кабулдағы бөлесі Бабырға кетеді. Ашып жол азабын көріп барған
Хайдар мырзаны Бабыр жақсы қарсы алған.Бауырына басып, жас мырзаның
басынан сипайды.Мұның өзі де үлкен адамгершілік,үлкен кісілік
еді.Әйтпесе Бабырдың өзіде де қиын жағдайды бастан кешіп жатқан-
ды.Қабулға келіп қонстанғанымен іштен дұшпандары мен ізіне түскен
жауларының оны жан-жақтан анталап тұрған кезі болатын.Соған
қарамай, Бабыр жас бөлесіне қолынан келген жақсылығын аямаған
.Кейінірек Бабыр ол жайлы Жүніс ханның үшінші қызы-Хуб нигар
ханым.Оны Мұхаммед Хұсайын Дулатқа аттастырған. Одан бір ол қыз, бір
ұл көтерді. Қызы Убайд хан Мұхаммед Шайбанидың немере
інісі алды. Мен Бұқара мен Самарқандты басып алғанымда, ол орнын ауыстырмай
сонда қалды. Оның немере ағасы Сейд Мұхаммед мырза маған Сайд ханнан елші
болып, Самарқанға келгенде, ол оған еріп кетті.Кейін оған Сұлтан хан
үйленді.
Хуб Нигар ханымның баласы Хайдар мырза еді. Әкесін өзбектер
өлтіргеннен кейін, ол үш-төрт жыл менің қасымда болды. Сондан
кейін рұқсат сұрап Қашғардағы ханға кетті.Енді ол орнықты,
байсалды азамат болып жақсы жолға түсіпті деп естідім.
Жазуға сурет салуға машық , жебе жасауға , зергерлікке , садақ
шыбығын июге қолының ебі бар. Онсаусағынан өнер тамған
жігіт.Ақындық барыны да бар еді-деп еске алады.9
Балалық шағынан айқас тақ үшін таластың талайын көрген Хайдарды ешқандай
да соғыс, майдан шошыта алмаған.Кабулға келген соң да ол Бабырмен бірге
талай жорықтарға қатысып, жас та болса талай күнднр мен түндер
өткізді.Сөйтіп жүргенде ол сарай адамдарының бірінен әкесі Мұхаммед Хұсайын
Дулати мен Б абыр арасында тап осы Кабулда болған жайсыз оқиға туралы
естіген сияқты.Оқиға былай болып еді.Ташкентті Шайбани Басып алған соң
Мұхаммед Хұсайын Қаратегіндегі Хұсрау
Шаһқа қашады. Одан әрі ол 1506-1507 жылдар шамасында Кабулға келіп,
Мұхаммед Хұсайын Дулати сарай төңкерісіне қатысады.Бірақ ол сәтсіх
аяқталып, қолға түскен бүлікшілерді Бабыр қатты жазалайды. Ол жайлы
Бабырдың өзі : Мұхаммед Хұсайын мырза қорыққанынан ханымның төсек орны
жиналған қоймасына қашып кетті.Мірім диуанмен тағы бірнеше бектерге
қамалдан жан шығармай , ханымның бөлмесін тінтіп, жерге кіріп кетсе де
Мұхаммед Хұсайынды алып келіндер!-деп бұйрық бердім.Олар ханымның есік
алдына барып онымкен дөрекі сөйлесіп, ақыры Хұсайын мырзаны ханымның
қоймасынан тауып алып келіп, арқаға жеткізді.Онымен орнымнан тұрып
сәлемдестім.Істі насырға шаптырмай сыпайлық жасап, брынғыдай
ілтипат көрсеттім. Мұхаммед Хұсайн мырза опасызхдық, сорақы
іс жасап, сойқанды бүлік шығармақ болды. Әттең, мұны
жексұрындық қылығы үшін сазайын тарттырып, қыл шылбырмен бұрау
салып, өлтіріп, кескілеп тастаса болар еді. Бірақ қол жіпсіз
байланды, мұнымен қарға тамырлы жекжаттығымыз бар-ды! Менің
туған нағашы апам Хуб Нигар ханым мырзаның жары еді одан қыз,
ұл көріп отырған-ды, сол задан құтқарып Хорасанға аттануға
рұқсат еттім... 10
Бірақ ол жақсылығымды, өлімнен құтқарғанымды ұмытып,
мені Шайбани ханға жамандап, арызданыпты, біраз уақыт өткеннен
соң, Шайбани хан оны өлтіріп сазайын тарттырды дейді. Осы
ретте ескерте кететін жайт-Бабыр Мұхаммед Хұсайн Дулатиге
жекжаттыққа байланысты ғана кешіріммен қарап кеңшілік
жасаған жоқ. Бабырдың оған аман-есен Хорасанға
аттануға рұқсат беруіне тағы бір жағдай себеп болып
еді. Мысалы Бабыр Мұхаммед Шайбани жортуылы басталып,
басына қара бұлт
Үйірілген алғашқы қысылтаяқ жылдардың бірінде Мұхаммед
Хұсайннан жақсылық та көрген болатын. Ол жайлы
Бабыр Біз Самарқан мен Әдімжанға бірнеше рет аттандық,
бірақ ештеңе тындыра алмасақ та, Ходжентке қайта оралдық...
Мұхаммед Хұсайн Гурган Дулат Ұратөбе болатын. Самарқанға жорыққа
аттанамын ба деген ниетпен оған адам салып, келіссөз жүргіздім.
Біз одан бір қыстап шығуға Пешағырды беруді өтіндік. Бұл
Жаржайлақ тұманына аудан деген мағынада қарайтын қыстақ болатын.
Биліксіз аласапыран кезеңде Мұхаммед Хұсайн Дулаттың қолына
көшкен. Біз сол жерге орналасып, шамамыз келгенше Самарқан
аймағына жылжысақ деген ойда болдық. Мұхаммед Хұсайн мырза
оған келісті деп-жазған.
Сонымен, Хайдар мырза Қабулға келген соң, оған
өсекшілердің Бабырды жамандап, бөлесі мен әкесі арасында
болған оқиғаны өзгеше жеткізуіне байланысты жас Хайдар
Бабырдың көңліне келер қылық көрсетті ме, кім білсін
Әйтеуір әке қазасы Хайдар мырзаға оңай тимегені күмәнсіз.
Әмір Темір әулиетінің қас жауы Мұхаммед Шайбани 1510 жылы Мары түбінде
Иран шаһы Исмаил І-ден (1487-1524) ойсырай жеңіліпмерт болды. Қас дұшпаны
қаза тапқан соң Бабыр Самарқанды қайта алмақ боп тағы да жорыққа
дайындалады. Сөйтіп жүргенде Хайдар мырзаның немере ағасы Сейт Мұхаммед
мырза өзінің Әндіжанды басып алғына жайында Бабырға хабарлайды. Бабыр Сайд
ханды моғол текті әмірлерімен қосып тез Әнжіжанға аттандырады.Иә, Жүніс
ханның немересі Сайд ханда Кабулға 1509 жылы Бабырды паналап келген.
Сөйткен Сайд ханды Сейт Мұхаммед Әндіжанда қарсы алып, басып алған уәлаятын
хан қолына тапсырады. Риза болған Сайд хан оған ұлысбегі іспетті
мемлекеттің үлкен лауазымын берген.
Осы кезде Қашғардың әміршісі Әбу Бәкір Дулат өз иелігін кеңейту ойымен
Сайд ханнан Әндіжанды тартып алмақ болып атқа мінеді. Бірақ Әндіжан түбінде
болған қанды айқаста жеңіліс табады.Сайд хан сөйтіп 1511 жылдың қазан
айынан бастап Әндіжанда біржола билік жүргізе бастады.Бабыр да
Ирандықтардың көмегімен Самарқандағы тағын қайтып алады.
Бірақ 1512 жылдың жазында Саид хан Ташкент түбінде болған шайқаста
шайбан текті Сүйініш қожа ханнан жеңіліп қалады да, Әндіжанға қайтып
оралады.Орта Азиядағы ата мекеніне оралу арманының көзден біржола іске
аспайтынын түсінген ол Үндістанды басып алуға бекем буады.
Тарихшылардың көпшілігі Хайдар мырзаның Кабулде тұрғанда Бабырдың
бірнеше жорықтарына қатысқанын айтады.Әрине Хайдардың мұндай аса қауіпті де
қатерлі шайқастарға қатысуы оның болашақта әскери қолбасшы болуына септігі
тимей қойған жоқ. Бірақ Бабыр Хайдардың жастығы, әрі бір ерден қалған
жалғыз тұяқ екенін ескерді ме, әлде әпкесінің қасында болсын деді ме, 1512
жылы оны өз өтініші бойынша Әндіжандағы Саид ханға жібереді. Саид хан,
жоғарыда Бабыр айтқандай, Хайдар мырзаның жездесі болатын.
Саид хан Сүйініш қожа ханнан жеңіліп қалған соң, Әндіжанға оралған,
Хайдар мырза да сонда жетіп еді. Бірақ мұнда тыныш өмір бола қойған жоқ.
Мұхаммед Шайбани қаза тапқанымен, оның ізбасарлары жауланған жерлерді ұстап
қалуға тырмысып жанталасса, шанырағы шайқалған Темір әулеті де өз
иеліктерін қайтарып алуға бағытталған іс-қаракеттерін жалғастыра берген.
Көп ұзамай Саид хан өздеріне қауіп төндіреді-ау деген оймен Ташкент
түбіндегі шайбан шашбауын көтерген Ахангаран жамағатын шабуға шығады.Ол
жайлы кейі Хайдар мырза: Бұл шапқынға менде қатыстым.Таң сәріде біз ол
жерге жеттік.Ахангарандықтар бір жағы өзен, екінші жағы биік жар қоршаған
тоғайлы қонысқа тығылыпты. Бұл жерде жаяу атқыштарды Әлі Баһадүр
басқарды.Бұл жорықтан біз аман есен оралдық-деп еске алады М.Х. Дулати.
Сөйтіп өзі болған шайқастарыд Бабыр мырза сияқты Дулати да баппен баяндап
жазып қалдырып отырған.11
1512 жылы Бұқара маңында шайбандықтардан тағы да жеңіліп Кабулге
қайтып келе жатқан Бабырдан Мырза Хайдарды Жүніс ханның немересі Әбу Саид
хан мен ғалымның немере ағасы Сейіт Мұхаммед сұрап алып қалады. Саид хан
бұрынғы ата-баба дәстүрімен Мырза Хайдардың әпкесі Хабибиа Сұлтан Ханишке
үйленіп, ал оған қарындасын беріп хан тұқымына оны күйеуі гурган етеді.
Осыдан былай болашақ ғалым енді Мырза Мұхаммед Хайдар гурган деп аталатын
болады.
2. М.Х. Дулатидің Тарих-и-Рашидиі
2.1 М.Х. Дулатидің Тарих-и-Рашиди еңбегінің бірінші және екінші кітабы
жайында.
Ол 1540 жылдың 22 қарашасында Кашмирге келіп, онда билеуші болады. Осы елде
ол ТАрих-и-Рашидиді жаза бастайды. Кітап екі бөлімнен , дәптерден тұрады.
Кітаптың екінші бөлімін 1541 жылы бастап 1543 жылдың мамыр айында бітіреді.
Араға бес-алты ай салып 1544-1546 жылдары кітаптың бірінші бөлімін
аяқтайды.Мырза Хайдар түркі тілінде шығармалар жазған Әлішер Науаи,
Ұлықбек, Хусейін Жалаиримен бірге парсы әдебиетінің классиктері –Фирдауси,
Хафиз Ширази, Жами шығармаларын жетік білген, өзі де өлең жазған.
Кітаптың Тарих-и-Рашиди деп аталуы туралы мырза Хайдардың өзі мынадай
түсініктеме береді: Ал, кітаптың Тарих-и-Рашиди аталуының да мынадай үш
түрлі себебі бар. Оның біріншісі, Тоғлық Темір хан ислам дінін Маулана
Аршададдиннің ықпалымен қабылдады. Екінші бір себебі Тоғлық Темірге дейін-
ақ исламды Барақ хан, одан кейін Кебек хан қабылдаған еді. Алайда, осы
хандар дәуірінде моғол ұлыстары ислам дінінен дұрыс жол таба білмеді. Ал
құдыретті де мәртебелі Тоғлық Темір хан мен бақытты моғол ұлысы исламнан
дұрыс жол тауып, ұлылыққа бет алды. Үшіншіден, қазіргі уақытта моғол ханы
Әбдірашид хан болғандықтан, бұл тарих соған арналып, оынң құрметіне
құрастырылып отыр. Осы үш себептен бұл тарих тарих-и-Рашиди деп
аталынды.12
Автор осы тарауды мынадай өлеңмен аяқтайды:
Қажеті не көп сөйлеп, уақыт алып бекерге ?!
Хайдар қанша айтса да, ол өзіңе жетер ме ?
Әбдірашид шоғының өніп-өскен ортасы,
Қап тауынан биікті, сенімді ойдың ордасы.
Биік сенің, ей патшам, абыройын, мәртебең,
Жеткізе алмай мен соны күйіп пісем, өртенем.
Кітаптың негізгі құндылығы неде деген мәселеге келсек, айтарымыз мынандай
мәселелер: Біріншіден, бұл кітапта қазақ халқының тарихы баяндалған. Мырза
Хайдар жоғарыда көрсетілгендей, кітабын 1543 жазып бітірген, ал қазақ
хандығы 1456 жылы құрылды. Бұл туралы кітапта былай баяндалған: Сол заманда
Әбілхайыр ханның Дешті Қыпшақ даласына түгелдей билік жүргізіп отырған
кезі еді. Жошы ұрпағының сұлтандары жорық жасап, Жәнібек хан пен Керей хан
одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған еді. Есенбұға хан оларды ұүрметтеп
қарсы алып, қоныстануға Моғолстанның батыс жағындағы Шу өзені алабындағы
Қозыбасыны берді. Олар бұл аймақта тыныш өмір сүрген. Әбілхайыр хан қайтыс
болған соң өзбек ұлысы бір-бірімен шайқасып, араларында үлкен келіспеушілік
туды. Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізген уақыты 1465-1466 жылдардан
басталды.1534 жылға дейін қазақтар өзбекстанның көп бөлігіне өз билігін
жүргізгендігі туралы айтылады.
Қорытып айтқанда, Есенбұға хан заманынан Рашид хан уақытына дейін
моғолдар мен қазақтар арасында достық пен татулық орнаған еді, алайда Рашид
сұлтан оны бұзды. Бұл жағдай Рашид ханның өмірбаяны баяндалған кезде еске
алынады.
Мерзім жағынан мырза Хайдар Қасым-ханмен замандас. Демек бұл кітап XIV-
XVI ғасырлардың нақтылы шежіресі. Автор өзі естіп-білген, көзімен көрген
оқиғаларды баяндаған.Бұл мәдени -тарихи түпнұсқа.Кітапты түсіну жеңіл
шаруа емес, себебі кісі аттары көп кездесетін оқиғалар көп.Адам бар жерде
драма, трагедия да болатыны ертеден белгілі шындық.Осы шындықты өзінше
Мырза Хайдар баяндап, өзі өмір сүрген заманының кескін келбетін бейнелеп
берген. Екіншіден, бұл кітап аңыздар мен мифтерден немесе ертегілерден
құралмаған. Кітап сол заманның мәдени-тарихи, саяси дүниетанымдық портретін
сиғызған жазба мәдениеттің үлгісі. Аталған еңбекте авторлық дәстүр
сақталған.Кітаптың нақтылы авторы бар. Және де ол жоғарыда аталғандай сегіз
қырлы бір сырлы азамат болған. Ол суретші, ақын, қолбасшы, ойшыл.Бұл
кітаптың басты құндылығы біздің ұлттық ойлау мәдениетіміздің бір арнасын
мырза Хайдардың осы еңбегінен басталатыны осында жатыр.Тек көргенді жаза
салу ол авторлық іс емес.Бар нәрседен идея шығару керек сонда ғана ол
авторлық пайда болады.еңбек жазу үшін өмірдің мәні не немесе мәнісіне ой
жүгірту керек, олай болмаса нәтиже болмас.
Осы мәселе жайында автордың мына пікірлеріне назар аударайық:
Қасиетті ғылым барлық елде ортақ, әлем халықтары осы ғылым негіздерін
бірдей қолдана отырып, өткен тарихтан қисса, хикаялар, аңыз-әңғімелер
айтады және оларды тарих дерегі ретінде пайдаланады.Әсіресе түрік
халықтарының тіршілігін жазуға аңыз-әңгімелер негіз болған.
Сондықтан мен Құдайдың құлдарының бірі, әрдайым бір алланың құзырына
ғана мұқтаж Мұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Хусейін Гурган, ел ішінде, мырха
Хайдар атымен танымал болған пақыр мүмкіндігімнің аздығы және білімімнің
кемдігіне қарамай, осызор жұмысқа ден қойдым. Тағдырдың салған жүгі
қаншама ауыр болғанына қарамай ұлы істі атқаруға лайықты болуды қаладым.
Дәл осы дәуірдің моғол хандары өздері жаулап алған елдерден мемлекет
басқарудан биліктен шеттеп, қол үзе бастады сол себептен де олардың ішінен
тарихын жаза қойған ешкім жоқ. Моғодар қазір де сахараны мекендеуде. Даңқты
гүлденген дәурен тек ауыздан-ауызға айтылып келе жатқан тарихи аңыз
әңгімелерде ғана сақталып қалған.
Ал, бүгін 951 жылы, ол хикаяларды, аңыз-әңгімелерді есінде сақтап қалған
адам кемде-кем.Егер де мен батыл түрде осы маңызды іске бел шешіп кірісіп,
бет бұрмасам моғол хандары шежіресі тарих бетінен мүлдем жойылып кетеді-ау
деген жүрек лүпілі еді бұл.
Қаншама ойланып, тоғансам да бұл кітаптың кіріспесін жазуға өзімнен
іштей сенімділік таппай қиналдым.
Алламызды барынша беремін деп сипаттап,
Шын пенделік жасадым, енді отырмын қипақтап.
Жалғыздығын Алланың есіме алсам күйемін,
Дірілдейді жүрегім, сырқырайды сүйегім.
Мен тақуалардың жетекшісі, әлем міскіндерінің қолдаушысы, шариғаттың
негізгі хикметін және басқа ережесінің білгірі, нақыл да ақыл сөздің
данасы Маулана Шарафаддин Әли Йаздидің Зафар-наме кітабының алғы сөзін
жол бастаушым әрі ақ тілекшім болсын деп сөзбе-сөз келтіріп отырмын.
Шыңғыс ханнан бастап, Тоғлық Темірге дейінгі моғолдар мен моғол
хандарының өмірі тарихи шығармаларда кеңінен жазылған. Бірақ Тоғлық
Темірден кейінгі хандар жайлы еш нәрсе жазылмапты. Дәлірек айтсақ, олар
туралы тарихшылар тек сөз арасында ғана атап өтіп, көңіл уадара
бермеген.13
Кітаптаға басты тұлғаның бірі- Тоғылық Темір, Моғолстанның ханы.Шыңғыс
ханның екінші ұлы Шағатайдан тарайды. Шығу тегі: Шыңғыс хан-Шағатай-Мамқан-
Қара үйсін-Барақ хан- Давадж-Есенбұға-Тоғылық темір. Мұрагер болып таққа
баласы Илияс Қожа отырады.
Кітапта Мұхаммед Хайдар өзі туралы мағлұмат берген.Ол өзінің
қатарластарынан оқуда, тұрмыста, және өнерде алда болғанын айтады. Мәнерлеп
жазудан ақындықтан, сауаттылықтан алдына жан салмаған. Мұхаммед Хайдар
садақ атудан, сүйектен өрнек салатын қолөнерлік шеберлігі болған.Ол сол
заманда жазуда алтындалып әшекейленіп жазылатын дәстүр болған, ал бұл істе
де табыстары болған көрінеді.Сонымен бірге ағаштан, темірден бұйымдар
жасап, сол кездегі қажетті құрал-қарулар: жебе, қанжар, қылыш оларды оюлап
көркем бұйымға айналдыру ісінен де тыс қалмаған. Бір сөзбен айтқанда он
саусағынан өнер тамған шеберлік жолында болған. Бұл трактат жанрында
жазылған кітап. Екіншіден Мұхаммед Хайдар ірі мемлекет қайраткері болған,
ол ел басқарған. Үшіншіден, Мұхаммед Хайдар –ойшыл. Ол өз заман санасына
елеулі әсер еткен-хакім. Естігені, көргені, оның ойларына өріс берген, оған
бірнеше мысалдар келтірейік.Ол мемлекетті басқару туралы мынандай он шарт
айтады.
Біріншісі – белгілі бір істі шешуде патша өзін көпшіліктің бірі ретінде,
ал басқаны өзіне әкім ретінде қою керек, өзі құптамаған үкімді ол басқаның
қабыл алуын лайық деп санамасын.14
Біз патшалық билікті, нақтылы айтсақ, хандық билікті әлі де жете
түсінгеніміз жоқ. Мырза Хайдар айтады, бірінші шартта билік басына келген
адам өзін көпшіліктің бірімін деп санауға тиіс.
Екінші шарт. Мұсылман қажетін орындауды патша ғибадат санасын.Пайғамбар
бұйырды: мүміннің көңілін шаттыққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz