Туберкулез – проблемалы инфекция. Аспектілері


Туберкулез - проблемалы инфекция. Аспектілері
Ж о с п а р ы :
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:Туберкулез қоздырғышы және
оның қасиеттері
- Потогенез
- Туберкулез диагностикасы
- ПрофилактикаБЦЖ вакцинациясы және қарсы БЦЖ екпесінің әсері
- Қорытынды
Туберкулез - созылмалы инфекциялық сырқат, туберкулез микобактериялары адамдардың мынандай мүшелері : өкпе, бронхы, жұтқыншақ, ішек, сүйек, буын, бүйрек, жыныс мүшелері т. б. зақымдайды .
Туберкулез латынша «tubercula» төмпешік, бұдыр деген мағынаны білдіреді . Осы аурумен сырқаттанған адамдардың өкпесінде әр түрлі төмпешіктер табылған . Науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде туберкулез микобактериясы түкірік, не қақырықыпен бірге қоршаған ортаға 0, 5-1, 5 м таралады да, 30-60 мин сақталады .
Туберкулез микобактериялары ағзаға тамақ арқылы жұғуы да мүмкін . Адамға туберкулезге қарсы вакцина егілсе, не бұрын туберкулездің жеңіл түрімен ауырса, ағзада иммунитет болғандықтан ол адам ауырмайды .
Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет француз дәрігері Вильмент (1865 ж) анықтаған болатын. Ол теңіз шошқалары мен үй қояндарына туберкулезден өлген адамдардың ағзаларынан алынған материалды егіп, осы жануарларда туберкулезге тән өзгерістер дамитындығын көрген .
1882 жылы неміс ғалымы Роберт Кох науқастың қақырығынан туберкулез қоздырушыларын тапты .
Қазір туберкулез микобактериясын өтте қауіпті үш түрі бар : тікелей науқас адам арқылы жұғатын, тұрмыстық және құстар арқылы таралатын . Соңғысы біздің елімізде ең аз зерттелген .
- Mycobacterium tuberculosis- адамға сезгіштігі жоғары;
- Mycobacterium bovis- ірі қара малдарда кездеседі, маститпен ауыратын жануарлардың сүт тағамдарын қолданылатын адамдарда кездеседі.
- Mycobacterium avium- туберкулездің микобактериоз тудыратын сирек түрі. Құстарға, адамдарға жұғады.
Туберкулез таяқшасы және оның қасиеттері
Туберкулез қоздырғышы микобактериялары жіңішке, сәл иілген, гомогенді немесе 3-5 мкм дейін және ені 0, 3-тен 0, 5 мкм дейін болады. Боялған препараттарда микобактериялардың пішіні мен дәнділігі жақсы көрінеді. Туберкулез микобактерия жасушасының структуралық ерекшелігін цитологиялық зерттеулердің көмегімен жақсы анықтауға болады, оларға электронография, люминицентралық, фазалы-контрастық микроскопия және т. б. жатады .
Фиксация әдістерінің жаңалануы, ультражұқа етіп кесу техникасы және электронды микроскоптық үлкейткіш қасиеті микобактерияның ультраструктурасын және локализациясын анықтауға мүмкіншілік тұғызды. Бактериялық клеткада клеткалық мембрана, цитоплазма жеке органоидтармен және ядролық субстанциясымен дифференциялданады.
Туберкулез микобактериясының химиялық құрамы .
Жасуша құрамына кіреді : су (85, 9 %) , ақуыз, көмірсу, липид және минералды тұздар. Липидтер құрғақ заттың 10-нан 40%-ын құрайды. Олар спиртте, эфирде, хлороформда ериді . Ақуыздың компонент - түрлі туберкулопротеидтер - жасуша құрғақ затының 56 %-н құрайды .
Туберкулез микобактериясында 15, 3% дейін көмірсу кездеседі, ол көбінесе полисахаридтер, жекеленген және фосфатид және ақуызбен қосылған түрде кездеседі .
Туберкулез микобактерия жасушасы салмағының 6%-н минералды заттар құрайды . Оларға Са, Р, Мg, К, Fe, Zn, марганец және т. б. жатады .
Қоректік орталар .
Микобактерияның дұрыс өсуіне арнайы қоректік орталар қажет, олардың құрамында көмірсу, азот, сутегі, оттегі, фосфор, магний, калий, және темір, хлор, натрий, күкірт керек. Сонымен қатар туберкулез микобактериясының толық жетілуіне басқа да микроорганизмдер, өсу факторлар және негізгі қоректік ортаны құраушылар керек. Өсу факторы жасушаның ферменттік жүйесінің құрамына кірмейді, бірақ олардың құрыман пайданылады. Белгілі өсу факторлар табиғи жағынан В витамин тобына, бірнеше амин қышқылдарына, органикалық қышқылға және липидтерге жақын болып келеді. Барлық бұл өсу факторлары толықтырылған орталарда бар. Олар - жұмыртқалық, қан, картофельді.
Патологиялық материалдан алынған микобактерияның біріншілік культурасы өсу факторының жоқ болуына ерекше сезімтал. Себебі олар организм тінінде вегетирлену кезеңде бұндай заттарды өзіндік синтездеу қабілетін жоғалтады . Сондықтан бұл культуралар үшін толықтырылған қоректік орталар керек.
Туберкулез микобактериясын дифференциялдау және культивтеу үшін құрамы және консистенциясы жағынан әр түрлі қоректік орталар қолданылады . Құрамы мағынан оларды 3 топқа бөлуге болады : глицерині бар орта, ақуызды орта (сары су, жұмыртқалық, сары уызды) , синтетикалық (белогі жоқ) орта. Толығырақ ортаға аралас орта жатады, патологиялық материалдан культураны бөліп алу үшін қолданылады. Консистенциясы бойынша орталар қатты, жартылай сұйық және сұйық болып бөлінеді.
Микобактерияны қоректік ортада культивтегенде сутегі иондық (рН) ортасында концентрациясының маңызы зор. Түрлердің өсуі рН 6, 8-7, 02 болғанда жақсы анықталады .
Патогенезі
Туберкулез патогенезі макро және микроорганизмнің өзара қарым-қатынасына байланысты. Микобактерияның вируленттілігінің, оның организмде көп мөлшерде түсуінің маңызы зор болғанымен де организмнің иммунды жағдайда шешуші рольді атқарады. Организмнің қорғаушы күштерімен микроорганизмнің патогендігі арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда ғана туберкулез дамиды. Кейбір жағдайларда туберкулез микобактериялары бүтіндей жойылып, ауру әрі қарай дамымайды. Қорыта айтқанда туберкулезде кездесетін морфологиялық өзгерістердің бәрі де иммундық жүйенің тікелей қатысуы арқылы өтеді. Оның ішінде тимустың, тимусқа тәуелді лимфоциттердің маңызы зор. Осы тимусқа тәуелді иммунді реакция организмнің туберкулезге қарсы күресінің орталығы болып есептеледі.
Туберкулез микобактериясының сыртқы әсерлерге тұрақтылығы
Туберкулез- микобактериясы әр түрлі физикалық және химиялық агенттерге, суыққа, жылуға, ылғалға және жарыққа өте тұрақты болып келеді.
Қалыпты жағдайда күн сәулесінің болмауынан олар өз өмірлерін бірнеше айға дейін сақтай алады. Кептірілген микобактериялар теңіз шошқасы үшін 1-1, 6 жылға дейін патогенді болады. Сыртқы ортада шаң-тозаңда микобактериялар 10 күнге дейін сақталады. Кітап парақтарында олар 3 айға дейін тірі қалады, шашыранды жарықта 1-1, 5 айда өледі . Суда микобактериялар өте ұзақ сақталады (150 күндей) . Туберкулез микобактериялар шіру үрдістеріне тұрақты және жерленген мәйітте бірнеше айға дейін сақталады.
Микобактериялардың тұрақтылығы патологиялық материалдарды, тұрмыста қолданылатын заттарды дезинфекциялаумен тығыз байланысты. Күн сәулесінің әсеріне түскен микобактерия культурасы 1, 5 сағат ішінде өледі. Ультракүлгін сәулелер микобактерияларды 2-3 минут ішінде өлтіреді. Ылғалды қақырықтағы микобактерияларды 5 мин қайнатқанда өледі, ал кептірілген қақырықта тек 45 мин кейін өледі.
Ионды реакция әсерінен туберкулез микобактериялар тұрақты болады. Солай рентген сәулесінің әсерінен 36 сағ ішінде Н37RV оның өмір суруіне әлсіз әсер етеді. Бірақ та ультрадыбыстық толқын электромагнитті толқындар 2000 кГц жиілікпен әсер еткенде, туберкулез микобактериясы көбею қасиетін жоғалтады . Қалыпты жағдайда дезинфекциялық агенттер туберкулез микобактериясы әлсіз, эффективті болып келеді. Туберкулезді науқастардың қықырығындағы бірлікті дезинфекцияны препараттармен бос активті хлорды қолдану арқылы жетуге болады (5 сағ. арасында 3-5 % хлорамин ерітіндісі, 1-2% хлорамин ерітіндісінің аммоний сульфатымен активтенген 3 сағ ішінде 10-20% хлорлы әк 2, 5 сағ ішінде) .
Дамыған туберкулез клиникалық полиморфизмімен ерекшеленеді, ол әр түрлі аурулардың формаларында көрінеді - ол кішігірім симптомсыз ағымдардан жайылған диструктивті үрдіске дейін болады. Бірінші жағдайда дамитын ошақты туберкулез, ал екінші жағдайда инфильтративті . Кейбір науқастарда туберкулез жедел түрде өтеді, ал басқаларда созылмалы түрде айналады.
Туберкулез диагностикасы
Туберкулезді бактериоскопиялық, бактериологиялық және биологиялық әдістерді қолданады. Мазокта туберкулездің микобактериясы бар екенін микроскоп арқылы анықтайды. Циль-Нельсон әдісімен бояған. Левенштейн -Иенсен ортасында өсіреді және термостатта 3 ай 37° С сақталады.
Тез анықтау үшін Пранс методын қолданады.
Туберкулезді анықтау үшін аллергиясын Манту реакциясы жүргізіледі.
Туберкулез диагностикасының клиникалық амалдарын шешу үшін иммунологиялық әдістерді қолдану .
Туберкулезбен сырқат науқастарды иммунологиялық зерттеулердің интерпретациялық нәтижелері көптеген пайда жақтарын әкелуі мүмкін, егер ол клиникалық сипаттамаларымен бірге арақатынаста жасалса. Міне, осы жағдайларда ғана зерттеулер өзінің ерекше маңыздылығын меңгере отырып, дифференциалды диагностикасын өткізуге, аурудың белсенділік дәрежесін анықтауға, оның ағымын болжауға, диагностикалық байқау кезеңінде жүргізілген емдеу тәсілдерін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл - қажетті клиникалық амалдар, олар иммунитет жағдайын анықтауды шешеді, әсіресе спецификалық иммунитетті, маңызды пайдалар әкелуіне мүмкіндік береді.
Көбінесе белсенді туберкулез кезінде спецификалық иммунологиялық тест көрсеткіштері оң болады. Активті туберкулез кезінде иммунологиялық көрсеткіштері түрлі фазаларда қатты варьировать етеді.
Туберкулездің активті фазасында құрамының деңгейі жоғарланған В-лимфоциттер (15-20%) және бірнеше иммуноглобулин кластарының саны. Көбінесе қиыншылықтар туберкулездің минимальді белсенділігін анықтауда болады.
Жасырын белсенділігін анықтау .
Туберкулездің минимальді белсенділігі кезінде иммунитет көрсеткіштері негізінде қалыпты жағдайға келеді, және өзінің мағынасына қарай белсенді емес өзгерістері бар адамдарға немесе сау адамдарға жақын болып келеді. Туберкулездің бұл периоды кезінде жалпы жасушалық механизмдердің сандық және функционалдық сипаттамасы бойынша гуморальді және иммунитетті өзгерістер байқалмайды, спецификалық тестердің көрсеткіштері белсенді емес немесе теріс туберкулезбен салыстырғанда оншама айқын емес болуы мүмкін.
Бірақ та туберкулинді - провакациялық иммунологиялық тестер минимальды белсенділікті аз уақыт ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Көбінесе бұл мақсаттарда спецификалық жасушалық иммунологиялық реакциялар қолданылады, тері астына туберкулин енгізумен бірге.
Өкпе туберкулезінің диагностикасы үшін иммуноглобулинді туберкулино- провакциналық тестер қолданылады. Онда иммуноглобулин деңгейінің өзгерісі есепке алынады, провакациядан кейін 2 күн және 1 аптадан кейін . Олардың біртіндеп санының көбеюі аурудың белсенділігінің жоқтығын айтады, ал бірден жоғарлауы (48 сағ кейін) одан кейін төмендеуі ( 7 күннен кейін) белсенді үрдістердің болуымен сипатталады.
Туберкулез профилактикасы
БЦЖ-ң ревакцинациясы және вакцинациясы
Туберкулезге қарсы вакцинациясы егілген иммунитеттінің пайда болу мақсатында туберкулезді инфекция кезінде адамның филогенез үрдісінде пайда болатын қалыпты резистентілігіне негізделген .
Қазіргі уақытта туберкулезге қарсы вакцинаны дүние жүзіндегі үлкен қалаларда қолданады. 60 жыл бойы жүргізілген БЦЖ вакцинациясы адамдар арасында жақсы жетістіктерге ие болды . Туберкулезге қарсы спецификалық профилактиканың жақсы әсері негізінен екпе препараттардың сапасына, мөлшеріне және жасалатын екпенің сапасына байланысты болады.
Туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасының әсері көптеген авторлармен дәлелденген, олар туберкулез ауруын салыстырмалы зерттеумен және одан болатын өлімге негізделіп, сонымен қатар егілген және егілмеген адамдарда өтетін тубекулездің клиникалық ағымының нәтижелерін зерттеуін қолданылды.
ХДҰ мәліметі бойынша БЦЖ вакцинациясы дүниежүзіндегі 118 мемлекетте кеңінен жүргізіледі, соның ішінде 64 елде туберкулезге қарсы БЦЖ иммунизациясы міндетті түрде қабылданған заң бойынша қолданылады.
Біздің мемлекетте БЦЖ вакцинасын міндетті түрде егу жаңа туған балаларға, мектеп жасты балалардың ревакцинациясы, жасөспірімдер және 30 жасқа дейінгі адамдарға жасалады.
Көптеген клиникалық зерттеулерде егілгендер арасында БЦЖ вакцинаның және ревакцинаның туберкулездің біріншілік инфекциялық ағымына әсер етуі жақсы болады, себебі экпериментальді зерттеулер бойынша биологиялық тест-жүйесінде жүргізілген, өте төменгі дозадағы микобактериның вирулентті штаммы (2-4 жасушалар) БЦЖ вакцинасы туберкулез микобактериясының гемогенді диссеминациясын тежейді, және олардың өкпедегі санын біршама азайтады, ал ол болса инфекция уақытын азайтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz