Ұйымдағы тиімді басқару шешімін қабылдау процесінің мысалын келтіру



1.Кіріспе
1.1 Басқару шешімдерін қабылдау теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

2.Негізгі бөлім
2.1 Шешімдерді жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.2 Шешімдерді шығару және қабылдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.3 Ұйым мысалында тиімді шешім қабылдау процесі ... ... ... ... ... ... .9

3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

4.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау маңызды мәселе болып табылады. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі.
Адам тұлға ретінде шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру арқылы қалыптасады. Бұл ең алдымен тиімді басқару шешімін қабылдай білу кәсіби біліктілік есептелетін менеджмент саласына қатысты [1].
Басқару процесі бірізді орындалатын фазаларды білдіреді: шешім қабылдау (әрекеттің бағдарламасы мен мақсаттарын анықтау); орындауды жүзеге асыру (жүйенің элементтері мен байланыстарына бағытты түрде әсер ету); келесі бір шешім қабылдау үшін ақпарат жинақтау және өңдеу (бақылау, есепке алу). Шешім қабылдау басқару цикліндегі ең жауапты фаза. Қабылданған шешім сапасына оны орындаудың сәттілігі тәуелді [2].
«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылданғын іс әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т.б. екінші жағдайда – проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы нұсқаларын білдіреді [3].
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объектісі: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады. Шешім туындаған мәселе болған жағдайда қабылданады. Мәселе дегеніміз, жүйенің қажетті және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Мәселелер ұйым алдына қойған мақсаттарға жету, сол арқылы ұйым тұрақтылығын қамтамасыз ету кезінде пайда болады. Мәселені шешу шішімдердің баламалы нұсқаларын таңдау болып табылады.
Шешім ұйымдастырылғын акт, басқару процесінің негізгі кезеңі, интеллектуалды міндет, басқарушылық әсердің басқарылатын жүйеге әсер етуін легализациялау процесі ретінде қарастырылуы мүмкін
Белгілі бір мәселені шешу әрекеттерінің кешеніне мыналар алғышарт болады:
мақсатты анықтау;
жағдайды бағалау;
мәселені анықтау және сипаттау.
Басқаша айтсақ, әрекеттің алдында жағдайды анализдеу, оны бағалау және диагностикадан өткізу, ұйымның алдында тұрған мақсаттарға жетуге кедергі келтіретін негізігі мәселені анықтау орын алады. Мұндай анализ жүргізу арқылы менеджер тікелей басқару шешімін жасауға көшеді. Шешім қабылдау кезінде менеджер өзінде бар барлық кәсіби тәжерибесін, білімін, нақты жағдай анализінің нәтижелерін пайдаланады.
Шешім қабылдағанда басқарушы әр кезде алдағы нәтижені дәл болжай алмайды. Бұл ұйымның сыртқы және ішкі ортасының өзгерістеріне байланысты. Нарық конъюктурасы өзгеріп, жаңа технологиялар пайда болуы мүмкін, немесе осы шішімді жүзеге асыру кезінде ұйым қызметтін реттейтін заңнама өзгеруі де мүмкін. Болашақта әр кезде анықталмағандық болады.
1. Литвак Б.Г. Разработка управленческого решения, Учебник: 4-изд. Испр.-М.: Дело, 2003.-392 с.
2. Вершигора Е.Е. Менеджмент:уч.пособие. 2-изд. Москва, Инфра-М, 2000-283с.
3. Ахметов К.Ғ., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж., Сағындықов Е.Н.-Ақтөбе-Орал, «А-Полиграфия», 2005-519 б.
4. л
5. Рахимбаев А.Б., Сабатаева Б.О., Белгібаев А.Қ. Менеджмент, оқу құралы- «Заң әдебиеті», Алматы.: 2006-149 б.
6. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. М.: Дело, 1998.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ұйымдағы тиімді басқару шешімін қабылдау процесінің мысалын келтіру

Жоспары:
1.Кіріспе
1.1 Басқару шешімдерін қабылдау
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

2.Негізгі бөлім
2.1 Шешімдерді
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...6
2.2 Шешімдерді шығару және
қабылдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.3 Ұйым мысалында тиімді шешім қабылдау
процесі ... ... ... ... ... ... .9

3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

4.Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..13

1.1 Басқару шешімдерін қабылдау теориясы

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау маңызды мәселе болып
табылады. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі.
Адам тұлға ретінде шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру арқылы
қалыптасады. Бұл ең алдымен тиімді басқару шешімін қабылдай білу кәсіби
біліктілік есептелетін менеджмент саласына қатысты [1].
Басқару процесі бірізді орындалатын фазаларды білдіреді: шешім
қабылдау (әрекеттің бағдарламасы мен мақсаттарын анықтау); орындауды жүзеге
асыру (жүйенің элементтері мен байланыстарына бағытты түрде әсер ету);
келесі бір шешім қабылдау үшін ақпарат жинақтау және өңдеу (бақылау, есепке
алу). Шешім қабылдау басқару цикліндегі ең жауапты фаза. Қабылданған шешім
сапасына оны орындаудың сәттілігі тәуелді [2].
Басқару шешімі термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші
жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылданғын іс әрекет жоспарын,
қаулы-қарарларды т.б. екінші жағдайда – проблемалар мен міндеттер шешімін
қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы нұсқаларын білдіреді [3].
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объектісі: өндіріс немесе
басқару жүйесінің өзі болып саналады. Шешім туындаған мәселе болған
жағдайда қабылданады. Мәселе дегеніміз, жүйенің қажетті және қолданылып
жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Мәселелер ұйым алдына
қойған мақсаттарға жету, сол арқылы ұйым тұрақтылығын қамтамасыз ету
кезінде пайда болады. Мәселені шешу шішімдердің баламалы нұсқаларын таңдау
болып табылады.
Шешім ұйымдастырылғын акт, басқару процесінің негізгі кезеңі,
интеллектуалды міндет, басқарушылық әсердің басқарылатын жүйеге әсер етуін
легализациялау процесі ретінде қарастырылуы мүмкін
Белгілі бір мәселені шешу әрекеттерінің кешеніне мыналар алғышарт
болады:
мақсатты анықтау;
жағдайды бағалау;
мәселені анықтау және сипаттау.
Басқаша айтсақ, әрекеттің алдында жағдайды анализдеу, оны бағалау және
диагностикадан өткізу, ұйымның алдында тұрған мақсаттарға жетуге кедергі
келтіретін негізігі мәселені анықтау орын алады. Мұндай анализ жүргізу
арқылы менеджер тікелей басқару шешімін жасауға көшеді. Шешім қабылдау
кезінде менеджер өзінде бар барлық кәсіби тәжерибесін, білімін, нақты
жағдай анализінің нәтижелерін пайдаланады.
Шешім қабылдағанда басқарушы әр кезде алдағы нәтижені дәл болжай
алмайды. Бұл ұйымның сыртқы және ішкі ортасының өзгерістеріне байланысты.
Нарық конъюктурасы өзгеріп, жаңа технологиялар пайда болуы мүмкін, немесе
осы шішімді жүзеге асыру кезінде ұйым қызметтін реттейтін заңнама өзгеруі
де мүмкін. Болашақта әр кезде анықталмағандық болады. Сондықтан кәсіби
қызметі саласындағы оқиғаларды алдын ала болжау кәсіби менеджерді
айрықшалап тұрады [1].
Басқару шешімдерінің қасиеттері:
- Басқару шешімі іс-қимылдың мүмкін түрінің, жағдайының болуын білдіреді
және бір түрін қалыптасқан, қажетті жағдайға, тұтынушылармен, мүдделеріне
сәйкес таңдауды білдіреді;
- Іс-қызмет түрін, тәсілін, жолын таңдау және қабылдау адамның саналы ойлы-
психологиялық қызметінің нәтижесі болып саналады;
- Басқару шешімінің қажеттілігі және негізгі мазмұны оның мақсатымен
анықталады және оның мазмұнына бағытталынады;
- Басқару шешімдері ұйымдастырушы және жандандырғыш күке ие [4].

Ұйымдағы шешім қабылдау процесінің моделі – оның мәселелерді басқару
механизмін елестету. Модельдер талданып отырған мәселеге қатысты
бақылаулар, тәжерибе және тағы басқаларын іріктеп алу арқылы объектінің
қызмет етуінің аспектілерін дұрыс түсіну мақсатында қолданылады. Әр
автормен модель түсінігі әртүрлі талданады. Мысалы, Мескон, Альберт және
Хедоури модель деп қолданылып отырған нақты өмірлік жағдайды жеңілдету деп
түсіндірсе, Шеннон модель түсінігіне жүйені, идея мен объектіні белгілі бір
нұсқада көрсету деп анықтама береді.
Модельдердің түрлеріне келетін болсақ, біз басқару сипатталатын, яғни
ұйымдағы басқару шешімін қабылдау сипатталатын негізгі концептуалды
модельдер түрлерін келтірсек болады:
1. Ұйым-машина моделі. Қалыптандаралған құрылымдардан, байланыстардан,
мүшелері арасындағы жүйеден тұратын көпсалалы әкімшілік иерархия
түріндегі тұлғасыз механизм ретінде көрсетілетін ұйым.
2. Табиғи ұйым моделі. Табиғи түрде пайда болған, жеке өзіндік
заңдары арқылы дамитын ұйым.Олар сыртқы және ішкі өзгерістерді
реттей отыра бейімделе алатын қасиетке ие.
3. Ұйым-община. Ұйымдағы басты реттегіш құрал-топта қабылданғын мінез-
құлық нормалары. Бұл ұйымда ерекше мәнді тұлғаралық қатынасқа
береді.
4. Әлеуметтітехникалық модель Ұйым құрылымында ерекше мән ішкітоптық
байланыстарға технологиялық процестің әсер етуне беріледі.
5. Интеракциондық модель. Ұйым мүшелерінің құндылықтары жүйесі басты
назарда.
6. Институционалды модель. Ұйым қызмет ететін сыртқы және ішкі ортада
әрекет ететін институциялар – дәстүрлер мен нормалар әсерінен
құралатын ұйымның қызмет етуі мен құрылымы.
7. Қайшылық (конфликтная) моделі.Бұл модель бойынша ұйым ішінде бір
біріне қарама-қайшы мақсаттар мен интуициялар соқтығысады.

Басқару шешімін қабылдау процессінің модельдері классификациясы:
Дескриптивті және нормативті модельдер. Дескриптивті модельдер
болашақтағы жүру жолын болжау мақсатында шешім қабылдау процесінің
параметрлері мен қасиеттерін сипаттау үшін қолданылады. Нормативті
модельдер шешім қабылдау процесін басқару, оның элементтерінң оның дамуын
мен қалыптасуына қолданылады.
Индуктивті және дедуктивті модельдер. Индуктивті модельдер басқару
шешімін қабылдау үшін маңызды саналатын бірлік жеке фактілер бойынша
бақылауларды біріктіру жолымен құрылады. Дедуктивті модельдер жасағаннда
нақты фактілер анализіне емес, гипотижалық жағдайлардың жеңілдетілген
жүйесіне сүйенеді.
Мәселелі-бағытталған модельдер және шешім модельдері. Мәселелі-
бағытталған модельдер шешім қабылдаудың нықты мәселелі жағдайына
қолданылатын модельдеудің жаңа әдістерін қолдану негізінде құрылады. Шешім
модельдері олармен эксперименттер жасау мүмкіндіктерін ескере отырып
құрылады.
Бірбағытты және көпбағытты модельдер. Бірбағытты модель деп ұйым
жету үшін бағытталған нақты анықталағнан мақсатттың болуы аталады.
Көпбағытты модель деп бірнеше тәуелсіз мақсаттарға қол жеткізуге бағытталу
танылады.

*Сурет 1. Басқару шешімін қабылдау процесін жасаудың негізгі
кезеңдері
*Дерек көзі: Б.Г. Литвак. Разработка управленческого решения, Учебник:-4-е
изд., испр.-М.: Дело, 2003.-392с. 69 б.
Біркезеңді және көпкезеңді модельдер. Біркезңді модель шешім
қабылдаудың әр кезеңінде қабылданға бірлік шешімдер шешім қабылдаудық
барлық кезеңінде оптималды шешім береді деген ұсыныстан шыққан. Басқару
шешімін қабылдаудың барлық кезеңін ескере отырып, басқару мәселесінің
кешенді шешімін көпкезеңді модельдер береді.
Сонымен, шешім қабылдау процесін модельдеу қабылданатын шешімдердің
сандық бағалауы мен сандық анализі жағына айтарлықтай қадам жасауға
мүмкіндік береді.
Басқару шешімін қабылдау теориясының ерекше белгісі – онда сандық
және сапалық ақпаратты өңдеуге мүмкіндік беретін әдістерді болуы. Осымен
қатар, шешім қабылдау процесінде сандық және сапалық ақпаратпен жұмыс
жасауға арналған эксперттік бағалау әдістерін қолдануға көп назар
аударылады. Негізінде жүйелік, сандық, жағдайлық және т.б. басқарушылыққа
көзқарастар жататын шешім қабылдау процесін көрскту тәсілдері бар.
Осылардың ең негізгісі – жағдайлық көзқарас. Бұл бойынша басқару шешімін
жасаудың негізгі кезеңдері Сурет 1-де көрсетілген [1].

2.1 Шешімдерді жіктеу

Басқару шешімдері келесі белгілер бойынша топтастырылады:
Басқару субъектісі бойынша шешімдерді былайша бөлуге болады:
1. Әкімшілік шешімі.
2. Қоғамдық ұйымдар шұешімі т.б
Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және
қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім әдетте бүкіл шаруашылықтың мүддесін
қозғайды. Жекелеген шешімнің жедел сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың
төменгі буынына тән.
Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі.
Сыртқы шешім халық шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін айқындайды, әрі сол
шаруашылықтың жоғарғы ұйымдарымен және органдарымен, сондай-ақ ауыл
шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындармен қарым-қатынастарын
қарастырады.
Ішкі шешім кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.
Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті (ағымдағы)
және жедел деп бөледі.
Болашақ шешімнің орындалуына ұзақ уақыт (3-5 жыл және одан астам)
керек. Мұндай мәселелер күрделі қаржы бөлуді, еңбек, материалдық жіне
басқадай ресурстарды қамтиды. Перспективалық шешім бағдарламалық сипат
алатындықтан, перспективалық жоспарларды көрінеді. Жедел шешім әдетте қысқа
уақыт ішінде (бірнеше апта, күн,ай) жүзеге асырылады.
Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей, алқалы және ұжымдық
болып бөлінеді.
Жекелей шешім – бұл басшының ұжыммен, немесе жекелеген адамдармен
келісімінсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі. Көбінесе
ұсақ-түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешім немесе өндірісті дамутудың
принципті мәселелерін қозғамайтын шешім. Төтенше жағдайда мұның өзі ерекше
маңызды шешім болуы мүмкін. Жекелей шешімнің сипаты мен мазмұны басқарудың
орталықтану деңгейіне қарай анықталады.
Алқалы шешім – бұл мамандар тобымненжәне тиісті басшылармен (алқа,
кеңес, т.б) бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім. Мұндай шешімге
әдетте мұқият әзірленеді, әрі онда көптеген мәселелер қамтылады. Алқалы
шешімде әртүрлі басшылардың жекелей жауапкершілігіне нұқсан келтіретін
жайттар болмауы керек.
Ұжымдық шешім барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып,
сонда қарастырылады.
Қызметтік мақсатына қарай шешімдерді жоспарлау-экономикалық,
технологиялық қаржы және әкімшілік мипатта бөледі.
А.И.Пригожин Басқарудың әлеуметтік жағдайлары кітабында басқару
шешімдерін былайша жіктейді.
1. Мұқият айқындалған типтік шешім, оның мазмұнына басшының дербес
ерекшеліктері әсер етпейді , немесе шамалы әсер етеді. Бұған кадр
мәселелерін ұйымдастыру және т.б. жатады. Мұндай шешімдерді ойластырғанда
алдыңғы тәжірбиелер міндетті түрде ескеріледі.
2. Ынталы шешім, яғни онша айқындалмаған шешім, мұнда басшының
жекелей үлесі басым болуы мүмкін.
3. Шығармашылық шешім белгілі бір стратегиялық мақсатты және соған
жетуді көздейді. Әдетте мұндай шешім ұжымның алдында тұрған күрделі
мәселелерді қозғайды. Мұндай шешімшің мысалына кәсіпорындағы ғылыми-
техникалық прогресті, оның әлеуметтік жағдайын дамыту бағдарламалары жатуы
мүмкін. Мұндай мәселелер бойынша шешім әзірлеуге міндетті түрде сол
шаруашылықтың жұмыскерлері, оның қоғамдық ұйымдары кеңінен қатыстырылуы
тиіс.
Шет ел авторлары ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған
деп жіктейді.
Бағдарланған шешім дегеніміз жоспарлардың немесе іс-әрекеттердің
белгілі бір жүйемен жүзеге асу нәтижесі, былайша айтқанда , шешімнің
матиматикалық теңеуі. әдетте балама мүмкіндіктерінің саны шектеулі,
сондықтан да таңдау ісі ұйым белгілеген бағыт шебінде болуы тиіс.
Бағдарланбаған шешім біршама жаңа, ішкі құрылымы қатынаспаған
немесе белгісіз факторлар жағдайында қабылданады. Мұндай шешімдерге
мыналар жатады: ұйым мақсаты қандай болу кере, басқару бөлімшесінің
құрылымын қалай жақсарту керек. [3].
Жоғарыда атап көрсетілген, нақты басқару шешімдері өзінің мазмұндық
ерекшеліктері жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар. Алайда көптеген
шешімдерді өзара салыстарғында, олардың арасында елеулі ұқсастық, заңды
белгілер бар екендігін көруге болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дұрыс басқару шешімдерін қабылдау
Персоналды дамыту әдістері
Персоналдың дамуын басқару
Персоналды басқару жүйесі
Басқару қызметтерін ұйымдастыру
Басқару ғылымы жайлы
Менеджмент пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Бейресми коммуникациялар
Персоналды басқарудың тиімділігі
Персоналды басқару стильдері
Пәндер