Өндіріске жұмсалатын шығындардың есебін ұйымдастыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
1. Өндіріске жұмсалатын шығындардың есебін ұйымдастыру ... ... ... ... 4
2. Еңбек ақы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Еңбек ақыдан аудырылатын аударымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
4. Шалафабрикатсыз нұсқасы көзінде өндіріске кеткен шығындар есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
5. Аяқталмаған өндірісті бағалау және есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
6. Өндіріс шығындарының аналитиқалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Басқару есебі жүйесін толық түсіну үшін мынадай ұғымдардың экономиқалық мәнін білу және шектеу маңызды.
Шығындар - шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.
Көбіне экономиқалық әдебиетте «шығыстар» мен «шығындар» түсінігі ұқсастырылып, теңдестіріліп жүр, алайда бұлардың үлкен айырмашылықтары бар. Қаржылық есеп берудің халық-аралық стандарттарына сәйкес шығысқа шеккен зиян да шыққан шығын да кіреді.
Қазақстан Республикасындағы 2002 жылдың 29 қазанындағы №542 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздерге» сәйкес шығыстарға ұйымның және т.б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлше-нетін міндеттемелердің ұлғаюына байланысты болашақ экономиқалық пайданың кемуі ұйымның шығыстары деп танылады.
Басқаша айтсақ, шығыстарды ұйымның кіріс алуына байла¬нысты көтерген шығындарының бөлігі деп түсіндіруге болады.
Есепті кезең қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді:
• Ағымдағы есепті кезең;
• Кейінге қалдырылған.
Ағымдағы есепті кезең шығыстары ағымдағы есепті кезеңнің шаруашылық іс-әрекетінің фактілеріне байланысты және осы кезеңнің кірістері мен шығыстары туралы есепте танылады.
Есепті кезеңнің кірістерімен өзара байланысының белгілері бойынша олар мыналарға бөлінеді:
• осы есепті кезеңде алынған кірістермен байланыстырылған шығыстар (негізгі және негізгі емес қызмет шығыстары);
• ағымдағы кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы (ағымдағы) шығыстары. Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы есепте және ағымдағы есепті кезеңде таны¬лады, мойындалады. Олар көбіне кірістің бары немесе жоғынан (мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.
Кейінге қалдырылған шығыстар болашақта ықтимал кірістер алу мақсатымен есепті кезенде жүзеге асатын ұйымның ресурстарын қолдану жөніндегі шаруашылық операцияларымен байланысты. Олар ұйым балансында капиталдандыруға жатады.
1. Безруких ПС. Бухгалтерский учет. - М.: Бухгалтерский учет, 2001.
2. Бахрушина М.А. Бухгалтерский управленческий учет: Учебник для вузов. -М.: Омега-Л. 2002.
3. Бахрушина М.А. Внутрипроизводственный учет и отчетность. - М.: АКДИ, Экономика и .жизнь, 2000.
4. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет. - М.: АУДИТ, 1998.
5. Қарпова Т.П. Управленческий учет: Учебник. - М.: ЮНИТИ, 2002.
6. Калькуляция себестоимости продукции в промышленности: Учебное пособие / Под ред. проф. В.А. Белобородовой. - М.: Финансы и стати¬стика, 1989.
7. Керимов В.З., Епифанов А.А., Селиванов П.В., Крятов М.С. Управленче¬ский учет производственной деятельности: Учебное пособие /Под ред. д.э.н. В.І. Керимова. - М.: Экзамен, 2002.
8. Кондратьева П.С. Основы управленческого учета: Учебное пособие. Л/.: Финансы и статистика, 2000.
9. Ниқолаева О. Шишкова Т. Управленческий учет: Учебник. Л/.: УРСС, 2001.
10. Николаева С.А. Принципы формирования и калькулирования себестоимо¬сти. Особенности учета затрат в условиях рынка: система "директ-костинг". - М.: Аналитика-пресс, 1997.
11. Николаева С.А. Управленческий учет: Пособие для подготовки к квали-фикационному экзамену на аттестат профессионального бухгалтера. -М.: ИПБ-БИНФА, 2002.
12. Нидзи Б., Андерсон X., Колдуэлл Д. Принципы бухгалтерского учета. -Л/.: Финансы и статистика, 1993.
13. Пашигорева ГЛ.. Савченко О.С. Системы управленческого учета и ана¬лиза. - СПб: Питер, 2002.
14. Палий В.Ф. Основы калькуляции. - М.: Финансы и статистика, 1989.
15. Рей В.В., Палий В. Управленческий учет. - М.: Инфра-М, 1997.
16. Слуцкий МЛ. Управленческий анализ: Учебное пособие. - СПб: Питер, 2001.
17. Ткач Б.И., Ткач М.В. У правленческий учет: международный опыт. - М.: Финансы и статистика, 1994.
18. Управленческий учет: Учебное пособие. 2-е изд. / Под.ред. А.Д. Шереме¬та. - М.: ФБК-пресс, 2001.
19. Хонгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект. - М.: Финансы и статистика, 2000.
20. Шим Дж. Сигел Дм: Г. Методы управления стоимости и анализа за¬трат. - М.: Филинъ, 1996.
21. Шевченко 11.Г. Управленческий учет. Управление персоналом. - М., 2001.
22. Янковский К.П., Мухарь И.Ф. Управленческий учет: Учебное пособие. -СПб, 2001.
23. Рыночная экономика: Словарь / Под ред. Г.Я. Кипермана. - М.: Республи¬ка, 1995.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
1. Өндіріске жұмсалатын шығындардың есебін ұйымдастыру ... ... ... ... 4
2. Еңбек
ақы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Еңбек ақыдан аудырылатын
аударымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..9
4. Шалафабрикатсыз нұсқасы көзінде өндіріске кеткен шығындар есебін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .16
5. Аяқталмаған өндірісті бағалау және
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
6. Өндіріс шығындарының аналитиқалық
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..21

Кіріспе

Басқару есебі жүйесін толық түсіну үшін мынадай ұғымдардың
экономиқалық мәнін білу және шектеу маңызды.
Шығындар - шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі
құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге
алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың
және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын
активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, шығындар ұғымы
өндіріске шыққан шығындар дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан
шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында
тұтынылған ресурстар бөлігі.
Көбіне экономиқалық әдебиетте шығыстар мен шығындар түсінігі
ұқсастырылып, теңдестіріліп жүр, алайда бұлардың үлкен айырмашылықтары бар.
Қаржылық есеп берудің халық-аралық стандарттарына сәйкес шығысқа шеккен
зиян да шыққан шығын да кіреді.
Қазақстан Республикасындағы 2002 жылдың 29 қазанындағы №542 Қаржылық
есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздерге сәйкес
шығыстарға ұйымның және т.б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар
кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлше-нетін міндеттемелердің
ұлғаюына байланысты болашақ экономиқалық пайданың кемуі ұйымның шығыстары
деп танылады.
Басқаша айтсақ, шығыстарды ұйымның кіріс алуына байланысты көтерген
шығындарының бөлігі деп түсіндіруге болады.
Есепті кезең қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді:
• Ағымдағы есепті кезең;
• Кейінге қалдырылған.
Ағымдағы есепті кезең шығыстары ағымдағы есепті кезеңнің шаруашылық іс-
әрекетінің фактілеріне байланысты және осы кезеңнің кірістері мен шығыстары
туралы есепте танылады.
Есепті кезеңнің кірістерімен өзара байланысының белгілері бойынша
олар мыналарға бөлінеді:
• осы есепті кезеңде алынған кірістермен байланыстырылған шығыстар
(негізгі және негізгі емес қызмет шығыстары);
• ағымдағы кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы
(ағымдағы) шығыстары. Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне
қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы есепте және ағымдағы есепті
кезеңде танылады, мойындалады. Олар көбіне кірістің бары немесе жоғынан
(мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі
шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.
Кейінге қалдырылған шығыстар болашақта ықтимал кірістер алу
мақсатымен есепті кезенде жүзеге асатын ұйымның ресурстарын қолдану
жөніндегі шаруашылық операцияларымен байланысты. Олар ұйым балансында
капиталдандыруға жатады.

1. Негізгі өпдіріс шығындарының есебі.

Өндіріс шығындарын есептеу үшін 90 - "Негізгі өндіріс" болімшесінің
шоттары қолданылады, олартүрлі мақсаттарға арналған.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау (шолу) үшін 900-"Негізгі
өндіріс" шоты арналған. Осы шоттың 901 - "Материалдар", 902 - "Өндіріс
жұмысшылары:іыңецбекақысы", 903 - "Еңбекақыдан аударылатын аударымдар" 904
"Үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл соңында 900 "Негізгі өндіріс"
шотында қорытындыланады.
Негізгі өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру 8 сызбада берілген.
900 "Негізгі өндіріс" шоты бойынша өндірістің шығындар есебі төмендегі
номенклатура баптары бойынша топтастырылып, әдетте, олар элементтерінің
кескіні бойынша есепке алынады.
Материалдар. Шикі заттар мен материалдар - өнімді әзірлеу негізінде
пайда болатық немесе осы әзірлеу (дайындау) көзінде қажетті компоненттер
болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар.
Осы жерде табиғи шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен
субъектінің жинайтын, су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын
іздестіруге, барлауға, қорғауға оларды пайдалану мен жағыртуды
ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа
да төлемдері, арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын
арттырудың шаралары көрсетіледі.
Лимиттік-алу карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен
негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте
есесінен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар
(өндірістер), қалькуляция немесе есеп объектілері бойынша "Материалдардың
шығыстарын тарату" деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және
"Цехтар бойынша шығындарының" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп
регистрларына (ведомостар, машинограммалар, карточқалар) жазылады.
Көмекші материалдар — тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету
үшін негізгі материалдарды шығару көзінде пайдаланған көмекші
материалдардың шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланған көмекші
материалдар). Бұндай көмекші матерналдардың құны белгіленген шығыс нормасы
бойынша өніммің өзіндік кұнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген
сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін
болса, аталған мөлшерлемесі қайта қаралуы мүмкін. Көмекші материалдардың
нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік кұнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған
өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорциональды түрде таратылады.

Қайтарылған қалдықтар — бұл негізгі, комекші және қосалқы
өндірістердің қалдығы.

8. Сызба. Өндіріске жұмсалған шығындардың есебін ұйымдастыру

211 Негізгі өндіріс шоты 900 Негізгі өндіріс шоты
221 Негізгі өндіріс шоты
дебет кредит дебет кредит дебет кредит
Есепті кезеңнің
басындағы Қоймаға
аяқталмаған тапсырылған дайын
өндіріс қалдығы өнім
901 шоты 950 Өндірістегі ақау
шоты
201-206,208 Өндіріске
Шоттарының өндірістік
кредиті сипатындағы Жөнделмейтін ақау
жұмсалған есептен шығарылады
материалдар
,жұмыстар және
қызметтер.

902 шоты 201-206 Матеериалдар
шоты
68 Негізгі өндіріс Пайдаланбайтын қалдықтар мен
шотының жұмысшыларының материалдар қайтарылды
кредиті жалақысы

903 шоты 910 Өндірістің өзіне өндірілген шала
фабрикаттар шоты.
634 шотының Негізгі өндіріс
кредит жұмысшыларының
әлеуметтік жалақысынан
салық аударылған
субшоты әлеуметтік
салықтар

904 шоты
930 Негізгі өндіріскеӨндірістің өзінде шығарылатын
шотының шалафабрикаттар
кредиті тиесілі, үстеме
шығстары
Транзиттік шоттары бойынша
шығыстардың жиыны
910 Өндірістің өзінде211 Негізгі өндіріс шоты
шотының шығарылатын
кредиті шалафабрикаттар,
өндіріс
қажеттілігіне
босатылады
Есептік кезеңнің аяғында аяқталмаған
өндіріс қалдығы
920 Көмекші
шотының өндірістің
кредиті көрсеткен қызметі
950 Ақаудан болған
шотының жоғалтулар
кредиті

Өндіріске жұмсалған шығындардың Есептен шығарылған шығындардың барлығы
барлығы

Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығындарына
қайтарылған өндіріс қалдықтарының (отходтарының) құны қосылмайды.
Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикаттар,
жылуды сақтайтын материалдар т.о. материалдық ресурстары-саналады, бірақ
олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз
арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін толық
қанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа жатпайды.
Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі шығындарды
есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде
белгіленген.
Қайтарылған қалдықтар (отходтар) келесі тәртіпте бағаланады:
- егерде қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждығы үшін, бірақ өнім азайтылып
шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен
тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен
материалдардың бастапқы құнының төмендетілген бағасы бойынша;
- қалдықтар қайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардың жиіту мен
өндеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгіленген бағасы
бойынша;
- егер де қалдықтар шартқа сәйкес шикізат немесе толыққанды материалдар
ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар немесе материалдар бастапқы
толық бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды.
Қалдықтарды пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше
бақылау жасауды жолға қою керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар
құжаттамалары (накладнойы) бойынша кіріске алады, олардың кұнына "Шикізат
пен материалдар" бабы бойынша шикізат пен материалдардың шығыстарын
азайтады. Қалдықтардын кіріске алынуын 206-шоттың дебеті және 900-шоттың
кредиті бойынша көрсетеді. 900-шоттың кредитіндегі талдамалық есеп
регистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға) жазылады.
Сатып алынатын бұйымдар, шалафабрикаттар және тараптық, кәсіпорындар
мен ұйымдардың өндірістік сипаттасы көрсетететін қызметтеріне өнімді
іріктеп жинақтауға (комплектация жасауға) пайдаланатын шалафабрикаттар мен
сатып алынған бұйымдарға немесе дайын өнім алу үшін кәсіпорынның өзінде
қосымша өңдеуге түсетіндерге кеткен шығындар; басқа жақтың кәсіпорындарының
көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтеріне ақы телеуге жұмсалатын шығындар
сол өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылуы мүмкін,
сондай-ақ материалдар мен шикізатты өндеуге, өнімді дайындау бойынша
жекелеген операцияларды орындауға және белгіленген технологиялық
процестерді сақтау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға дейін запастарды
жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметіне жұмсалатын
шығынлар жатады.
Субъектінің өз транспортымен және өз қызметкерлерінің күшімен
жеткізілген запастардың (шикізаттар, материалдар, сатып алынған бұйымдар
және шалафабрикаттар) шығындары да өндіріс шығындарының тиесілі
элементтеріне қосылады (еңбек ақы төлеу шығындарына, жалақыдан аударылатын
аударымдарға және т.б.).
Дайындау-көліктік шығыстарына (ДКІІІ) шығынның келесі түрлері жатады:
жабдықтау-сату ұйымдарына төленетін үстемелсрі (наценкасы); жүкті тасығаны
үшін қосымша кіре ақысы; субъектін, қоймасына материалдары жеткізіп беру
мен түсіру шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агенттікті және
қоймаларды, кеңселерді ұстау шығыстары; материалдарды тікелей дайындаумен
байланысты іс-сапар шығыстары т.б.
Технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар. Өндіріс
процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың
шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы
сияқты көрініс табады.
Технологиялық мақсатка отын шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген
отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да
енгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, металл-
прокаттық, ұсталық-штампылау, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін,
бұйымдарға технологиялық процесепен белгіленген байқау (сынау) жұмыстарын
жүргізу үшін т.б.
Сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да
өндірістік және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын сатып алынған энергияның
барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік және басқа
да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны тұтынатын жерге
дейін трансформациялау мен беруге жұмсалатын шығындар тиісті шығын
элементтеріне енгізіледі; табиғи кему нормалары шегінде материалдық
игіліктердің кем шығуы мен бұлінуінен болған шығындар. Кәсіпорын көлігімен
материалдық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты шығындар (тиеу-түсіру
жұмыстарын қоса алғанда) өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне (еңбек
ақы төлеуге, негізгі қорлар амортизациясына жұмсалатын шығындар,
материалдық шығындар және т.б.), сондай-ақ материал ресурстарынын құнына
жеткізіп берушіден (жабдықтаушылардан) материалдық ресурстармен бірге
алынған ыдыстың құны оның бағасына енгізілген жағдайда жеткізіп
берушілерден алынған материалдық ресурстардың ыдыстары мен бумаларын сатып
алуға жұмсаған кәсіпорындардың шығындары да енгізіледі.
Өнімнің өзіндік кұнына енгізілген материалдық шығындардан қайтымды
қалдықтардың құны алынып тасталынады. Өндірістің қайтымды қалдықтары деп
өнім өндіру процесінде пайда болған, бастапқы ресурстың тұтыну сапасын
(химиялық немесе физикалық қасиеттерін) толық немесе ішінара жоғалтқан және
соның салдарынан көтеріңкі шығындармен (аз өнім шығара отырып)
пайдаланылатын немесе негізгі мақсатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар,
материалдар, шалафабрикаттар, жылyтapaтқыштap және басқа да материалдық
ресурстар түрлерінің қалдықтарын айтамыз. Өнімнің басқа түрлерін өндіру
үшін толыққанды материал ретінде белгіленген технологияға сәйкес басқа
цехтарға, бөлімшелерге берілетін материалдық ресурстар қалдықтары
қайтарымлы қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ жолай алынатын (ілеспе) өнім не
қалдықтарға жатпайды, олардың тізбесі өнімнің өзіндік құнын жоспарлау,
есепке алу және қалькуляциялау мәселелері жөніндегі салалық әдістемелік
ұсыныстарында белгіленеді.

2. Еңбек ақы.

"Еңбек ақы" бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен
қызметшілердін сыйлық ақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі
өндірістік қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар,
ынталандырушы және өтемділік (компенсациялық) төлемдері, сондай-ақ
кәсіпорынның штатында тұратын, негізгі қызметке жататын қызметкерлердің
жалақысына жұмсалағын шығындардың күрамына мыналар енгізіледі:
- кәсіпорында қабылданған еңбек ақы телеу жүйесімен және нысанымен, сондай-
ак жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымды айлық ақысы және тарифтік
мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы (расиенкасы) арқылы нақты
орындалған жұмысқа есептелінген жалақысы;
- ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін
сыйлықақылар (заттай сыйлықақылардың құнын қоса алғанда), кәсіптік
шеберлігі, еңбектегі жоғары табыстары және т.б. көрсеткіштері үшін
төленетін тарифтік ставкалары мен айлықақыларға қосылатын үстемақылары;
- жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік сипаттағы
төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс, көп
ауысымды режимдегі жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін,
мамандықты (кәсіпті) қосып аткарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені
үшін, ауыр зиянды, ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және т.б. жұмыстары
үшін заңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставкалар мен
айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымша ақылар;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекелеген салалардағы қызметкерлеріне
тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтың, азық-түліктің құны,
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге берілетін тегін түрі үйге
ақы төлеу жөніндегі шығындар (тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және т.б.
тегін берілмегені үшін төленетін ақшалай өтемнің сомалары);
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін берілетін, тұрақты әрі жеке
пайдалануында қалатын заттардың (арнайы киім-кешекті қоса алғанла) құны
немесе олардың арзан бағаға сатылуына байланысты жеңілдіктер сома;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кезекті және қосымша демалыстарға ақы
төлеу (пайдаланылмаған демалысқа өтем ақы төлеу), сондай-ак мемлекеттік
міндеттерді орындаумен, медициналық тексерулерден өтумен байланысты
уақыттар;
- заңдарда белгіленген жағдайларда кәсіпорындар мен ұйымдардың қайта
құрылуына, қызметкерлер мен штаттағылардын, қысқаруына байланысты жұмыстан
босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін бір
мезгілдік сыйақылар (осы кәсіпорындагы мамандығы бойынша жұмыс стажы
бойынша үстемақылар) төлеу;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес аудандық, экологиялық, коэффициенттер
бойынша шелейтті, сусыз және биік таулы жерлердегі жұмысы үшін белгіленген
коэффициенттер бойынша төлем төлеу; экологиялық қолайсыз жағдайлары бар
аудандардағы үздіксіз жұмыс стажы үшін жалақыға заңдарда көзделген
үстемақыларды төлеу;
- кәсіптік-техниқалық училищені бітірген түлектерге және жоғары немесе
арнаулы орта оқу орындарын бітіріп шыққан жас мамандарға жұмыс басталар
алдында демалысқа ақы төлеу;
- кешкі және сырттай жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сырттай
аспирантура, кешкі (ауысымды) оқу орындарында, кешкі (ауысымды) кәсіптік-
техниқалық және сырттай жалпы білім беретін мектептерде ойдағыдай білім
алып жүрген, сондай-ақ аспирантураға түскен жұмысшылар мен қызметшілерге
берілетін оқу демалыстарына қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ақы телеу;
- заңдарда көзделген жағдайларға сәйкес еңбек ақысы төмен жұмыстарды
атқарғаны үшін ақы төлеу; уақытша еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда іс
жүзіндегі жалақы мөлшеріне дейін заңдарда белгіленген қосымша ақылар төлеу;
- бұрынғы жұмыс орнындағы қызметтік айлықақысының мөлшерін белгілі бір
мерзім ішінде сақтай отырып (заңдарға сәйкес) басқа кәсіпорындар мен
- ұйымдардан келіп жұмысқа орналасқан, сондай-ақ уақытша басқа жұмысын
атқарған қызметкерлерге төленетін айлықақылардағы айырмашылық;
- вахталық жұмыс кестесіне сәйкес кәсіпорыннын, орналасқан жерінен -
(жиналу пукнтінен) жұмыс орнына дейін және кері қарай жолда жүрген күндері
үшін, сондай-ақ ауа райының жағдайына қарай және көлік ұйымдарының
кінәсінен жолда кідіріп қалған күндері үшін айлықақының тарифтік ставка
мөлшерінде төленетін сомасы (вахталық әдіспен жұмыс істеген кезде);
- жұмысшы-донорға тексеруден өткен, қан тапсырған және әрбір қан тапсырған
күннен кейін демалыс алған күндері үшін ақы төлеу;
- егер атқарылған жұмыс үшін есеп айырысуды тікелей кәсіпорынның өзі
жүргізетін болса, кәсіпорыннын, штатында тұрмайтын қызметкерлерге олардың
азаматтық-құқықтық сипатта жасасқан шарттары бойынша атқарған жұмыстарына
ақы төлеу. Бұл орайда, мердігерлік шарт бойынша жұмысат ірғаны үшін
қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын қаржының мөлшері осы
жұмыстардың (көрсетілген қызметтердін) және төлем құжаттарының смг ғалары
негізге алына отырып белгіленеді.

3. Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар.

Қазақстан Республикасынын әрекет етіп тұрған заңына сәйкес жалақыдан
аударылатын аударым бабында есептелген әлеуметтік салығы (21% мөлшерлемесі
бойынша) көрініс табады. Әлеуметт салықтың салықсалу объекті болып жұмыс
берушілердің еңбеккерлерге ақшалай немесе заттай нысанында төлеген шығысы
жатады, оған салық салуға жатнайтын төлемдердеи басқасы түгел кіреді.
Үстеме шыгыстар. Үстеме шығыстар - бұл өндірісті басқарумен және
қызмет көрсетумен байланысты шығыстар олар кешендік сипатқа ие болады,
олардың құрамында экономиқалық элементтердің барлық шығындары көрініс
табады.
Бұл шығындар ай бойында белгіленген номенклатуралық шығыс баптары
бойынша 930 "Үстеме шығыстары" шотында көрініс табады. Әрбір цехтың өзінде
дайындалған өнімге үстеме шығыстар қосылады.
Үстеме шығыстар ай соңында белгіленген әдістеме бойынша (§ 2. Үстем
шығыстарының есебіне қараңыз). Негізгі өндіріс шығындарының құрамына
кіретін үстеме шығыстарын таратқан кезде 904 шоты дебеттеліп және 930 шоты
кредиттеледі.
Шаруашылық жүргізуші субъекттер өзінің есептік саясатында өндіріс
ерекшеліктерін ескере отырып шығын баптарының номенклатурасына өзгерістер
енгізуі мүмкін.
Мысалға, үстеме шығысының құрамында "Өндірісті дайындау және игеру
шығыстары" деген бабы жеке бөлінуі мүмкін. Өндірістің жұмыс істеу ұзақтығын
және басқа да жағдайларына байланысты тәртібін ескере отырып, оған қажетті
шығын деңгейін сметаны көмегімен анықтайды. Сметаны жасау көзінде сыннап
өткізілген өнімнің құнын ескеру керек, өйткені ол жұмысқа қосудын жалпы
сомасына қосылмайды. Жұмысқа қосу шығысының сметасын бекіткеп кезде
өндіріске енгізілетін объектінің өндірістік қуаттылығын және оның
нормативтік мерзімін ескере отырып, оларды өнімнің өзіндік құнына жатқызу
мерзімі мен нақты тәртібіне байланысты етіп анықтайды.
Өндірісті дайындау және игеру шығыстары алғашқыда шығыстың жалпы
сомасынан алынған өнім бірлігіне белгіленген норма бойынша өтеледі.
Егер де кәсіпорында бірнеше өнім түрі өндірілетін болса, онда жаңа
өндірісті игеру шығындары олардың арасына таратылады, ал тарату процесі,
әдетте, негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысынын, сомасына және құрал-
жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстарына парапар (пропорционалды)
етіп жасалады. Жекелеген тапсырыстарды орындаған кезде өндірісті
дайындаудың нақты шығындары сол бұйымдардың өзіндік құнына толығымен
жатқызылады. Өндірістегі барлық шығындар цехтардың ведомостары
бойынша топтастырылады, онда әрбір цех үшін жеке парақтар ашылады.
900 - "Негізгі өндіріс" шотының дебеті мен кредиті бойынша шоттар
корреспонденциясын қарастыру үшін жоғарыда келтірілген мысалға қайтып
ораламыз. Шағын аяқ киім тігетін кәсіпорында төрт негізгі өндіріс цехтары
бар болсын делік: кесу, пішу, дайындау және тігу. Ол кәсіпорын төрт түрлі
өнім ассортименте шығарады делік;
- ерлер ботинкасын;
- ерлертуфлиін;
- жеңіл әйелдертуфлиін;
үйге киетін әйелдер туфлиін.
Ағымдағы айда аталған өнімнің өндіріс көлемі мынадай болған:
10 мың жұп — ерлер ботинкасы;
7 мың жұп — ерлер туфлиі;
5 мың жұп — әйелдер туфлиі;
12 мың жұп — әйелдердің үйге киетін туфлиі.
Кәсіпорынның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін онда көмекші
өндірістер құрылған: жөндеу-механиқалық; бу қазаңдық; автотранспорттық;
олардың шығыныдайын өнімнің өзіндік құнына келесі тәртіпте енгізіледі:
жөңдеу-механикалық цехының шығыны - жөндеу жұмысының түрлері бойынша; бу
қазаны мен автотранспорт цехтарының шығындары — тұтынылған қызмет көлеміне
сәйкес пропорционалды жолмен таратылады.
Кәсіпорынның есептік саясатында үстеме шығыстар кұрал-жабдықты
пайдалану мен күтіп-үстау шығыстарына қатысты (осы шығындардың деңгейінен
алынған құрал-жабдықтың бір сағаттағы жұмысынан есептелген) бөлігіне және
тиесілі өнім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақта өндірісіндегі негізгі өндіріс шығындарының есебі
Өнімнің өзіндік құнының теориялық аспектілері
Негізгі өндіріс мәні және оны есептеу түрлері
Өндірістің жалпы сипаттамасы және классификациясы
Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
Негізгі өндірістегі шығындар есебі
Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебі
Өндісіс шығындар есебін ұйымдастыру
Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарды талдау
Пәндер