Отандық телеарналардағы анимациялық туындылар: мазмұндық сапасы мен пішіндік ерекшеліктері


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Отандық телеарналардағы анимациялық туындылар: мазмұндық сапасы мен пішіндік ерекшеліктері»

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

Негізгі бөлім:

І ТАРАУ. ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МУЛЬТФИЛЬМІ

1. 1. Бүгінгі қазақ анимациясының өзекті проблемалары . . .

1. 2. Қазақ тілді телеарналардағы отандық және шетелдік аннимациялық туындылар: мазмұны мен берілу пішіндері . . .

ІІ ТАРАУ. АНИМАЦИЯ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ

2. 1. Отандық анимация: даму бағыттары мен жетілдіру жолдары . . .

2. 2. "Ер Төстік пен АйдаҺар" толықметражды муьтфильміндегі жаңашылдық пен дәстүр сабақтастығы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

СІЛТЕМЕ

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Мультфильм - бүгінде әлемде балалар тәрбиесін дамытудағы басты құндылыққа айналды. Алайда, Қазақстандағы анимация саласы тұралап тұр. Отандық арналар шетелдік анимациялық туындыларды көптеп беріп жатыр. Бірақ, шетелдік өнім - қазақ баласына ұлттық тәрбие бере алмайды. Тіптен, кері әсерін де тигізе бастады. Сол үшін бүгінгі қазақ қоғамында Ұлттық анимацияның тағдыры көпшілікті алаңдатып отыр. Сондықтан, ұлттық мультфильмді дамыту мәселесін зерттеуді жөн көріп, осы тақырыпты таңдап алдық.

Тақырыптың өзектілігі. Соңғы кездері қазақ телеэкранын шетелдік мультфильмдер басып алды. Отандық өнімнің саны аз, сапасы төмен. Алайда, Әмен Қайдаров бастаған ұлт ағалары негізін қалаған ұлттық анимацияның бұлай бәсең алуы мүмкін емес. Бұған тек жекелеген әлеуметтік және қоғамдық себептер жоқ емес. Осы түйткілдер шешімін табатын болса, ұлттық анимация әлемдік даму ісіне ілесе алады. Елімізде мультфильмге арналған бай халықтық әдебиеттің негізі бар. Аниматорлар соны материалдық жағдайдың жоқтығынан қажетіне пайдалана алмай отыр. Біз бітіру жұмысымыздың барысында осы мәселелерге кеңінен тоқталып, жан-жақты зерттейміз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыпты тереңдей зерттеп, анимациялық мән-маңызын, қыр-сырын ашу үшін төмендегі авторлардың еңбектерін пайдаланамыз. Тұрсын. Қ. («Тележурналистика негіздерінің типтік оқу бағдарламасы». Алматы. Қазақ университеті. 300 бет) ; Омашев Н. («Қазақ журналистикасы». ІІІ том. Алматы, Таймас. 2008 ж. 351бет; ) Байтұрсынов А. («Тіл қисыны». Алматы, Таймас. 267 бет) ; Аймауытов Ж. («Психология». Алматы, Қазығұрт. 275 бет), («Ұжымдық кітап». Алматы, Таймас. 2008 ж. 376 бет) ; Барманқұлов М. («Телевидение: деньги или власть». Алматы. Қазақ университеті. 2008 ж. 216 бет) ; Кузнецов Г. Юровский А. («Телевизионная журналистика». Мәскеу. Мәскеу университеті. 1994 ж. 416 бет) ; Әбдіжәділқызы Ж. ( «Тікелей эфир табиғаты». Қазақ университеті. 2003 ж. 321 бет) ; Тұрсын Қ. («Көгілдір экран құпиясы». Алматы. Қазақ университеті. 2007 ж. 325 бет) ; Садық М. («Телевизия және талаптары» Жұлдыз 2009ж. №4) .

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты - Қазақстандық телеарналардағы мультифильмдердің даму үдерісі мен қалыптасу ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатта біз төмендегі мәселелерді қарастырамыз.

  • Анимациялық фильм деген не?;
  • Қазақ мультфильмдерінің даму басқышы;
  • Мультфильмдердің мазмұндық ерекшеліктері мен тәрбиелік мақсаты;
  • Отандық арналардағы шетелдік мультфильмдердің мазмұндық сапасы;
  • Қазақ анимациясын дамытудың жолдары;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ мультфильмдерінің өзіндік кеңістігі; ерекшеліктер мен жасалу бағыттары анықталды. Осы негізде ұсыныс пікірлер мен жаңа бастамалар ортаға салынады.

Зерттеу тәсілдері. Отандық және шетелдік анимациялық туындыларды салыстыру, теориялық тұрғыда талдап және қазақтың ұлттық тарихи еңбектеріндегі ертегі кейіпкерлерінің образымен салыстыра отырып зеттеу жасалды.

Зерттеу жұмысының нысаны. Бүгінгі қазақ анимациясының проблемалары; ұлттық тәрбие мен заманауи бағыт, жаңа технологияның өзара байланысының мультфильмдердегі көрінісі.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Бітіру жұмысының тақырыбына қатысты бірқатар еңбектер пайдаланылды. Сонымен бірге Т. Амандосов, Қ. Бекхожин, Б. Кенжебаев, Н. Омашев, Б. Жақып сынды журналистика теориясын зерттеген ғалымдардың ғылыми теориялық еңбектері қолданылды.

Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Біз бітіру жұмысымыздың «Отандық телеарналардағы аннимациялық туындылар: мазмұндық сапасы мен пішіндік ерекшеліктері» тақырыбы аясында жоғарыда көрсетілген, көздеген мақсаттарымызға жету үшін жұмыстың кіріспе бөлімін жалпы әлемдік мультифильмдер тарихына тоқталудан бастаймыз. Себебі, ғылыми тұжырымдамамызбен, ғылыми дәйектемелеріміз нақты әрі жүйелі жасау үшін мультипликация тарихы жайлы мағлұматтар аса қажет.

Мультипликациялық кино - латын тілінде " multіplіcatіo" сөзі, яғни, көбею, молаю мағынасын, ал, ағылшын тілінде "жандандыру" cуреттердің (жазық нысандар), қуыршақтардың (көлемді нысандар) қозғалыс фазаларын жеке кадрларға түсіріп, ретімен көрсетуден тұратын кино өнерінің бір түрі саналады. Жалпы мультипликациялық кино жасаудың қарапайым әрі ілемге танымал (белгілі) үш тәсілі бар. Олар: бірінші суреттер арқылы жасау. Яғни, бұл графикалық мультипликация деп те аталады. Ал, екінші тәсіл, қуыршақтар (көлемді мультипликация) болса, үшіншісі: жалпақ жұқа қуыршақтарды (жазық пішінге салып қию) пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.

Мультфильмдердің тарихы мен дамуы өте қызықты жайттан бастау алады. Алғашқы "аниматор" фотосуретке жан бітіріп, яғни, қимыл-қозғалысқа келтіріп жасады. Ол бельгиялық физик ғалым Жозеф Плато (1832 ж. ) . Плато бірнеше алғашқы жұмысын сурет жапсырылған дискіні жылдам айналдыру арқылы, қолын сілтеп жүгіріп бара жатқан адам бейнесін жасады. Ал 1877 ж. француз суретшісі әрі инженері Эмиль Рейно траксиноскоп арқылы суреттің қимыл-қозғалысын ұзартып, бейненің шынайы қозғалысын қалыптастырды. Сонымен қатар, жансыз бейнелердің қимылын музыка және әнмен сүйемелдеп, қызықты, әрі комедиялық таспа тізбегін жасады. Оның ұзақтығы 15-20 минутқа созылды.

1906-1908 жылдар аралығында тапқыр ғалым Стюарт Блэктон мен Уинзор Маккей (америкалық), Эмиль Коль (француз) т. б. суреттерді кадрлеп түсірудің жаңа жолдарын пайдаланып, мәнерлі жандандырудың құпияларын ашып, мультипликациялық киноның көшбасшысы атанды.

Әлемде алғашқы анимациялық кейіпкердің авторы - Уолт Дисней. Ол мультикті дамыту мақсатында өз қарамағына бірнеше елдің талантты суретшілерін қызметке алып, ширек ғасыр бойы шығармашылық және техникалық жетістіктердің иесі болып, анимация "корольна" айналды. Оның әйгілі Освольд (қоян), Микки Маус (тышқан), Дональд (үйрек), т. б. кейіпкерлері миллиондаған көрермендердің көңілінен шықты. Бірнеше серияны құрайтын қойылымдардағы қимыл мен сөздің дәлдігі, музыка, шудың қозғалыспен қатар естілуі үйлесім тапты.

Ал, қазақстандық мультипликацияның дамуына 1936 жылы құрылған ХХ “Союзмультфильм” студиясы зор ықпал етті. Әрі дамытты. Осы студиядан шыққан Вячеслав Котеночкиннің “Тұра тұр, бәлем!” (Ну погоди!) көп сериялы фильмі, режиссер Владимир Поповтың “Простоквашинадан шыққан үшеу” (Трое из Простоквашина), т. б. фильмдері миллиондаған жас көрермендердің ыстық ықыласына бөленді [1] . Мультипликациялық кино әрдайым жаңалықтар мен ізденістерді қажет ететін өнер. Онда суретшілердің, қолөнершілердің қолтаңбасы мен компьютерлік графика ісі басты қажеттілік болып саналады.

Міне, “Союзмультфильм” құрылуымен Қазақстандағы мультипликация өнері даму жолына түсті. Қазақ мультипликация өнерінің тұсау кесері 1967 жылы, “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” атты қазақ ертегісінің негізінде түсірілген туынды. Оның сценарийін, суретін өзі салған режиссері Әмен Қайдаров болды. Тұңғыш қазақ мультфильмі 1968 ж. Ленинградта (Санкт-Петербург) өткен Бүкілодақтық фестивальде екінші жүлдеге ие болып, әлем елдерінің экрандарында көрсетілуге жолдама алды. Одаққа танымал болған анимациялық туынды 1975 ж. Нью-Йоркте өткен мультипликациялық фильмдердің І кезекті халықаралық фестивалінде “Қола Праксиноскоп” жүлдесін иеленді.

Бұдан бөлек Ә. Қайдаров, Жошы хан - Ақсақ құлан күйі негізінде “Ақсақ құлан”, халық ертегісі “Құйыршық”, түркі халықтарына ортақ әзілкеш “Қожа Насыр - құрылысшы” атты фильмдерді түсіріп, қазақ мультипликациясын өз дәуірінің жетістіктер биігіне көтерді. Сөйтіп, қазақ анимациясының туындылары небәрі өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан-ақ Орта Азиядағы теңдесі жоқ жетекші өнерге айналды [2] .

Қазақ мультипликаторлары өз өнерін дамытумен ғана шектелеген жоқ, қырғыз, түркімен және тәжік елдеріндегі тұңғыш мультфильмдерді жасауға атсалысып, шығармашылық қолдау көрсетті. Бұл кез, қазақ анимация өнерінің "алтын дәуірі" атанған. Яғни, қазақ мультипликаторлары түсірген графикалық және қуыршақ фильмдердің саны жүзге жеткен ғажайып жетісіктің мезгілі еді. Олардың арасынан режиссер-суретшілер: Жакен Даненов пен Қыстауовтың “Алпамыс батыр”, “Айдаһар аралы”, Ерсайын Әбдірахмановтың “Тапқыштар”, “Бозторғай”, Бәйтен Омаровтың “Үш шебер”, “Қаңбақшал”, Тамара Мұқанованың “Жібек шашақ”, “Қайшы”, Қалдыбай Сейденовтың “Тігінші мен ай”, “Қадырдың бақыты” атты мультфильмдері - қазақ мультипликациясы тарихында жоғары бағаланған шығармаларға айналды. Сондай-ақ, қазақ анимациясының дамуына Аманжол Әбілқасымов, Абай Тоқшабаев, Ұ. Бекішев және басқа да шеберлер зор үлес қосты.

Қазақ анимация өнерінің сардарлары шәкірт тәрибелеу, болашақ маман даярлау ісіне де бейжай қараған жоқ. Соның негізінде, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы суретші-мультипликаторларды дайындау орталығына айналды. Бүгінде аталған оқу орнын бітіруші түлектер ұлттық анимация өнерінің дамытушы күшіне айналды.

Ұлттық анимация десек жалпы жұрт Әмен Қайдаровтың есімін ауызға алады. Оның түсірген ең алғашқы тырнақ алды, тұңғыш мультфильміне де 50 жылға жуықтап қалды. Жарты ғасыр уақытты басып озса да, аталған мультфильмді бүлдіршіндер әлі күнге жарысып көреді.

Әмен Әбжанұлы Қайдаров. Анимациялық фильмді 1967 жылы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты халық ертегісінің желісімен түсірді. Автордың салған суреті бойынша «Қазақфильм» киностудиясы шығарды. Ұзақтығы 10 минутты қамтитын мультфильмді түсіруге бір жарым жыл уақыт кетіпті. Аталған анимация 1967 жылдың қыркүйегінде Мәскеуде көрсетіліп, әлемдік биікке көтерілді. Сол жылдары Әмен Әбжанұлының анимациясы дүние жүзінің 48 елінде көрсетіліп, қазақтың есімін даңққа бөледі. Мультфильм 1968 жылы Ленинград қаласында өткен ІІІ Бүкілодақтық кинофестивальде ІІІ-жүлдені, 1975 жылы Халықаралық Нью-Йорк мультфильмдер фестивалінде «Қола Праксиноскоп» жүлдесін жеңіп алғанын жоғарыда айттық.

І тарау. Жаһандану үдерісі және қазақ анимациясы

1. 1. Бүгінгі қазақ анимациясының өзекті проблемалары

Өнердің атқаратын функциясы - тәрбиелік, эстетикалық, коммуникативтік, эверистикалық және ақпараттық болып бес бағытты қамтиды. Аталмыш функциялар әдебиет, театр, музыка секілді шығармашылық салалардың қай-қайсысынан да, ең бастысы кино өнерінің, оның ішінде балаларға арналған анимациялық туындылардың да өн бойынан табылуы шарт. Қазақ мультфилімі - Қазақстандағы қоғамдық-әлеуметтік ғылымдардың назарынан тыс қалып, қоғамдық маңызы төмендеп кетті. Ойшыл-философ Гегельдің «Ақиқат атаулының барлығы өнерден табылады, - деген парасатты пайымдауын еске алсақ, адам мен қоғамның рухани келбетінің қалыптасуына киноматографтың, аниматорлардың қосатын рөлі ерекше [3] . Кәсіби туынды ретінде, мазмұн тереңдігі мен форма, түр, стильдік болмысы өзгеше, идеялық-тақырыптық тегеуріні мықты, таным мен тағылым көкжиегі шексіз, өскелең ұрпақтың бүкіл тыныс-тіршілігі мен өмірге деген асқақ та өршіл көзқарастарын арқау еткен көркем дүниелер - қазақ мультфилімінің басты темірқазығы болуға тиісті.

Отандық арналарымызда бала тәрбиесінде идеологиялық маңызы зор, мазмұнды, балдырғандар санасы тез қабылдайтын тәрбиелік төл дүниелер жоқтың қасы. Әсіресе, бала тәрибесіне қажетті жасөспірімдерге арналған әдеби шығармалар, музыкалар, кино-мультфильмдердің саны аз, сапасы төмен. Ал, бұлардың ішінде идеология құралдарының алдыңғы көшінде тұрған телеарналардағы балаларға арналған өнімдер даярлау мәселесі әлі күнге өз шешімін тапқан жоқ. Еліміздегі ұлттық анимация - өте баяу даму үрдісін бастан кешіріп отыр. Мамандар қарқынды дамытуға қомақты қаржы, мемлекеттік қолдау керек дейді. Үкімет тарабынан осы мәселеге қатысты ауқымды шаралар, түбегейлі қолдау көрсету, қаржыландыру мәселелері қаралмады. Мәдениет минстрлігіне 20 министр келіп кетсе де, қазақ анимацисына қолдау көрсетіп, мамандар мәселесін шешуге ешкім мойын бұрмады. Өскіндер руханияты өшкіндеп, қазақ танымының көкжиегіне - адами құндылықтан айыратын түсініктер келіп ілікті. Міне, соның салдарынан мектеп жасындағы балалар арасында өз-өзіне қол жұмсайтындар саны жиілеп кетті. Мәселен, америкалық ғалымдар әрбір балдырған өмірінің 30 пайызын экранға телмірумен өткізетіндігін анықтаған. Бұл мектепке дейін 5 мың, алтын ұяны бітіргенше 19 мың сағатын сарып ету деген сөз. Яғни, бір күнде әрбір бала орта есеппен 17 өлім оқиғасын, 37 мейірімсіздік, қатігездікке толы көріністерді көреді деген сөз [4] . Бұл әрине, бала тәрбиесіне қажетті жағдайларын толық жасаған, жасөспірімдерге арналған ұлттық телеарналары бар мемлекеттердің статистикасы. Қазақ баласының жағдайы бұдан да төмен.

Бізде балалар телміре қарайтын қазақы, сапалы телеарна да жоқ. 2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған "Балапан" кабельдік арнасының жайы белгілі. Кадрлік, техникалық, шығармашылық деңгейі әлі күнге ақсап келеді. Ресейдің «Карусель» арнасынан көшірмесі басым. Міне, осы келеңсіздіктердің, жасөспірімдер тәрбиесіне деген немқұрайлылықтың нәтижесі - қазақ баласын қылмысқа итермелеп, темір торға тоғытылуының себепшісіне айналып отыр. Айталық, 2011 жылы кәмелетке толмаған балаларға қатысты істелген қылмыс 125 пайызға өскен. Тіптен, осы жылы 340 оқушы өз-өзіне қол жұмсаған. Бұның басты себебін мамандар да, қоғамда - ғылыми жүйеге түспеген балалар қылығынан, теледидар мен компьютерлік ойындардың берген "тәрбиесінен" көріп отыр. Бұл - бұлтартпас шындық.

Батыс еуропалық, америкалық әлеуметтанушылар, философтар, педагогтар мен психологтар электронды ақпарат құралдарының ұрпақ тәрбиесіне тигізетін әсерін 90-жылдардың басында-ақ көтере бастаған. Алайда, біздің елдегі әлеуметтік жағдай мен экономикалық мәселелер бұл тақырыптарды кейінге сырып тастады. Тек, тәуелсіздіктің 10-жылдығына жуықтаған тұста ғана балалар анимациясы жекелеген студиялар мен тұлғалардың қолға алуы арқасында қайта жандана бастады. Бірақ, қоғамдық маңызы бар, ұлттық деңгейде қаралуға тиісті шаруа - жаһандық көштен кешігіп, проблемалары тарқамас түйткілге айналды. Еліміздің жетекші арналары «Қазақстан», «Хабар», «Ел арна», «Астана» сынды ұлттық деңгейдегі мемлекет қаржыландыратын телеарналар балаларға арналған қандай да бір көлемді анимациялық фильм немесе кинотуындыны дүниеге әкеле алмады. Барлығы дерлік шетелден арзан бағаға сатып алған мультфильмдерді қазақша дыбыстап көрерменге ұсынды. Бірақ, оның аударма тілі, идеологиялық мазмұны - мемлекеттік қадағалаудан тыс қалды. Бұл туралы ғылыми жұмысымыздың осы тарауындағы келесі бөлімінде қарастырамыз.

Өз болашағына бей-жай қарамайтын көптеген елдер бала тәрбиесіне, соның ішінде анимациялық туындылар арқылы тәрбие беруге ерекше назар аударады. Мәселен, жапондықтар балаларына ұлттық салт-дәстүрін, өзара қарым-қатынас этикасын, адамның ортада өзін ұстау мәдениетін мультфильм арқылы үйретсе, АҚШ бұл әдіспен математика, география, физика пәндерін оқытуды қолға алған. Шығыс көршіміз Қытай анимация өндірісі бойынша әлемде көш бастап тұр. Олар мемлекеттің қолдауымен ұлттық мүддеге ғана бағытталған өнімдер шығарып көрсетуде. Сонымен қатар, АҚШ, Германия, Франция, Жапония, Қытай, т. б. мемлекеттердің анимациялық фильмдерге стратегиялық мән беріп, мемлекеттік дәрежеде көңіл бөліп отырғанын айтпағанда, Ресейде балаларға арналған анимациялық фильмдерді, видеоөнімдерді идеологиялық құрал ретінде пайдалану үрдіске айналған. Оған үкімет қырауар қаржысын бөліп жатыр. Әсіресе, ресейліктердің бір жылдың ішінде анимация саласына 300 миллион доллар қаржы бөлу арқылы ТМД аумағын таңқалдырды.

Әрине, бұл қаржы көрші халықтың болашағына салынған өмірілік инвестициясы. Мәдениет министрлігі бүкіл ел көлемінде ұлттық анимацияны қолдау шараларын қолға алып, өнімдерді республикалық телеарналарда көрсетуге шешім шығарды. Мұндағы басты мақсат - өз ұрпағын мемлекет мүддесіне сай тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарды балалардың санасына сіңіру. Олар батыстық мультфильмдерді арзанға алып, эфир толтырудың жолын білмей отырған жоқ. Аталмыш мемлекеттер алдағы уақытта осы қарқынмен енді бірер жыл жұмыс атқарса, бүкіл теледидарын өзінің төл өнімдерімен толтыратын деңгейге жететіні даусыз.

Ал, біздің Қазақстандағы жағдай керісінше болып отыр. Ұлттық өнім өндіруді ойға алғандар бар. Бірақ, отандық медиа кеңістікті, телеарналарды тізгіндеп отырған министрлік - шетелдік мультфильмдерді экранға шығаруға рұқсат беріп, жалпақ шешейлік танытуда. Ондағы өнімдер ұлттық дәстүрді айтпағанда, болмысымызға да жат дүниелерді тықпалап жатыр. Тіптен Президент Нұрсұлтан Әбішұлы бұл келеңсіздіктерге тоқталып, қазақ баласына қазақша тәрбие беруді биік мінбеден де айтып ескертті. Дегенмен, ескертуді елеген шенділер жоқ сияқты. Сондай-ақ, телеарна басшылары шетел мультфильмдеріне талғамсыз қарайды. Ол дүниелердің қазақ баласының санасына қандай салмақтар салып, балдырғандар психологиясын қалай бүлдіріп жатқанына төменде тоқталамыз. Арзанқол өнімдер қазақстандық эфирді еркін жайлап, ұлттық анимацияның өркендеуіне тұсау салуы - проблеманың үлкені.

Қазақ мультфиліміне тұсау салған кім? Шенді ме, әлде шарана шақта шарқ ұрып - әлемдік деңгейдегі сапа мен сан басекесіне іліге алмаған мультөндіруші студиялардың кемдігі ме? Аниматор мамандар түйткілді - жалпы қазақ қоғамына кері әсерін тигізіп, кемдік кейіпке түсіріп отыр деп есептейді. Осы өзекті тақырыптар отандық БАҚ-та биік көтерілді. Аниматорлар қауымдастығы мемлекеттен қолдаудың керек екенін білгенімен, қазақ анимация саласын дамытуға бағытталған қандай да бір жұмыс жоспарларын жасамаған. «Өзек жарған мәселелерін де әлі күнге бірде-бір депутатқа айтып көрмеген». Бұл міндетті баспасөз-мәслихатына келген БАҚ өкілдеріне ысыра салуды жеңіл көріп келеді. «Біздіңше, анимация саласын дамыту мәселесі «Ақпаратты Қазақстан-2020» бағдарламасын талқылауға ұсынылуы керек. Өйткені, аталған бағдарламаны талқылау кезінде қазконтент мәселесі де өткір көтерілген болатын. Сол мәселені шешуге аниматорлар да тартылса, қос тараптың да қалағаны жүзеге асар ма еді?» - деп жазады журналистер [5 ] . Иа, дұрыс-ақ. Бірақ, журналистердің айтқанын тыңдамаған депуттар аниматорларды аяды деу әбестік болар. Айқын газетіне шыққан осы мақалада, « Анимациялық фильм, яғни мультфильм - мықты идеологиялық қару. Бұл қаруды тиімді пайдаланған ел әлемді билейтін түрі бар. Себебі, анимация бала санасын жаулаумен айналысады. Біздің балаларымыз жат елдің идеологиясының құрбанына айналып бара жатыр », жас ұрпақтың санасы өзіне жат, болмысына сай келмейтін тәрбиемен "сусындап" жатқандығын ашына жазып жария етті.

Шындығында да қазақ анмациясының дамуына - үкімет, аниматор мамандар мен қоғамның бірігіп бас біріктіре алмауы түрткі болып отыр. Мәселенің шеттен жеткен шиеленісін шешу үшін Аниматорлар қауымдастығы жаңа бастама көтерді. «Қазақстан аниматорлар қауымдастығы осы мәселеге қоғам назарын аударуды мақсат етіп отыр. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» дегенді түсінген болса керек, еліміздегі он шақты анимациялық жекеменшік студиялар бір ұйымның астына бірігіп, ресми сайттарын ашып, қоғам пікірін де ескеріп әрекет етуге» [5. 1] белді бекем байлады. Бірінші кезекте, мемлекет отандық мультфильмдерге қаржы бөлсе, жаңа дайын жобаларды іске қосуға әзір екендіктерін жеткізді. Әйтсе де, осы бастама айтылғалы біршама уақыт өтті. Үкімет тиісті жауап қатып, анимация мәселесімен айналыспай, тізгінін тартып отыр. Салдарынан сапалы мультфильмдер жасайтын мамандар, аниматорлардың көпшілігі қолдау болмағандықтан, мүмкіндіктерін іске асыра алмай, басқа салаларға барып жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бұл - анимация саласына деген жас мамандардың қызығушылығын азайтып, маман тапшылығын тудыруға басты себеп болды. Нарықтық сұраныстан қалған мамандықпен айналысуға кім барады?!

Қазақ анимациясы - біліктілер білімін көрсете алмай тұншыққан сала. Мәселен, отандық мультфильмдердің саны аз, сапасы сын көтермейтін, дубляжы тартымсыз болса да, қолда бар техниканы қолданудан аянып жатқан жоқ. Тіптен, мамандар соңғы жылдары анимация саласы аяғынан тұра бастады деп жатыр. Әрине, бұл кәсіби тұрғыдан емес, "қанат қақты" өнімдерге деген қолдау, шабыт беруге бағытталған баға да болар. Алайда, сол дамуға қадам тастаған мультфильмдерді отандық телеарналар көрсетуге құлықсыз екен. Олар «Том мен Джерри», «Спандж Бобты» көрсетеді. Осынау бір түсініксіз жұмсақ ысқыш, дұрысы құбыжық барлық ұлт ұрпағының үлгі тұтар бейнесіне айналды. Бұл мультфильмді балаларға көрсетуге шектеу қою қажет» - дейді аниматор Адай Әбілдинов. Маманның айтуынша, ұлттық құндылықтарға бай қазақ фольклоры «Disney», «Dreamworks Аnimation», «Marvel» киностудияларының таспаларында жоқ, бірегей әрі барынша қызықты бейнелерге бай. Ол кейіпкерлерді батыстық стереотипті басып тастайтындай қызықты етіп беруге болады» [5. 2] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анимациялық өнер
Балалар психологиясына теледидардың әсері
Қашықтықтан оқыту жағдайында Балапан телеарнасының қызметі
Бітіру жұмысымның өзектілігі
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Ұлт және құндылық
7 -арна: кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігі
Белгілі әдебиет зерттеушілері
Заманауи мультфильмдердің мектеп жасына дейінгі балалардың психикасына тигізетін әсері
Телехабар - теледидар бағдарламаларын құру және оларды эфирге тарату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz