Тұрар Рысқұлұлы (1894-1937)



Кіріспе
Т. Рысқұловұлы өмірі
Негізгі бөлім
1) Тұрар Рысқұлұлы коммунистердің жауапты қызметкері
2) Т. Рысқұловты халқының асқақтата ардақтауының екінші сыры
3) Қазақ халқының Тұрарды құдырет көруінің үшінші сыры
Қорытынды
Тұрар Рысқұлұлы 1894 жылдың желтоқсан айында Алматы облысының Талғар ауданында қазақ-түркі отбасында дүниеге келген. Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 1905 жылы Жетісу өңіріндегі ұлт-азаттық көтеріліске, яғни басқыншы орыстарға қарсы соғысқа қатысқаны үшін тұтқынға алынған. Кейін Сахалинге (Сібір) жер аударылған.
Тұрар Рысқұлұлы әкесі тұтқынға алынып жер аударылғаннан кейін де оқуын жалғастырған. 1907-1910 жылдарда ол Әулие ата аятына қарасты Мерке қалашығында оқиды. Одан кейін қазіргі Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында оқиды және 1915 жылы осында ауылшаруашылық техникумын бітіреді. Сонан соң Тәшкендегі педагогикалық институты тәмәмдайды. Тұрар Рысқұлұлы туралы сөз еткенде біз алдымен оның нағыз ұлтжанды тұлғалардың бірі болғанын айрықша атап көрсетуіміз керек. Ол «Алаш»партиясының бағдарламасына сай жұмыс істеді. Алайда, өзі ішінде жүрген жағдайлар оның ашықтан-ашық алашшы ретінде көрінуіне мүмкіндік берген жоқ. Бірақ біз Тұрар Рысқұлұлының шынайы алашы болғанын кесіп айтуға тиісті. Міне, сондықтан да Тұрар Рысқұлұлы ұзақ уақыт бойына бақылауға алынып, ақыры 1937 жылы шейіт етілді.
Тұрар Рысқұлұлына баға беру үшін оның өз Отаны - Түркістанға көрсеткен теңдесі жоқ қызметіне канық болу қажет. Тұрар Рысқұлұлының патшалық Ресей үкіметі 1916 жылдың өзінде-ақ тұтқындаған. Өйткені, ол 1916 жылғы көтерілістік, қолдаған болатын.
Түркістанда коммунистер орныққаннан кейін Тұрар Рысқұлұлы бірқатар жауапты қызметтер атқарды. 1919 жылы Түркістанның денсаулық сақтау комиссары (министрі) болып тағайындалды. 1920 жылы Түркістан орталық атқару комитеті төрағасының орынбасары, өлкелік партия комитеті президиумының мүшесі, Мұсылман бю¬росының және Түркістан атқару комитетінің төрағасы қызметтерін иеленді. 1921-1922жылдарда Мәскеуде, ұлттар. комиссариатында Сталиннің орын Сасары болды. 1923жылы Түркістан халықаралық комиссарлары кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. 1924-1926 жылдарда Коминтерннің шығыс бөлімшесі-бастығының орынбасары, 1926 жылы Қазақстан КП ОК-нің насихат бөлімінің меңгерушісі, 1926 жылдан 1937 жылға дейін РСФСР халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болыл істеді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тұрар Рысқұлұлы
(1894-1937)
Жоспар
Кіріспе
Т.Рысқұловұлы өмірі
Негізгі бөлім
1) Тұрар Рысқұлұлы коммунистердің жауапты қызметкері
2) Т. Рысқұловты халқының асқақтата ардақтауының екінші сыры
3) Қазақ халқының Тұрарды құдырет көруінің үшінші сыры
Қорытынды

Кіріспе
Тұрар Рысқұлұлы 1894 жылдың желтоқсан айында Алматы облысының Талғар
ауданында қазақ-түркі отбасында дүниеге келген. Тұрардың әкесі Рысқұл
Жылқыайдарұлы 1905 жылы Жетісу өңіріндегі ұлт-азаттық көтеріліске, яғни
басқыншы орыстарға қарсы соғысқа қатысқаны үшін тұтқынға алынған. Кейін
Сахалинге (Сібір) жер аударылған.
Тұрар Рысқұлұлы әкесі тұтқынға алынып жер аударылғаннан кейін де оқуын
жалғастырған. 1907-1910 жылдарда ол Әулие ата аятына қарасты Мерке
қалашығында оқиды. Одан кейін қазіргі Қырғызстанның астанасы Бішкек
қаласында оқиды және 1915 жылы осында ауылшаруашылық техникумын бітіреді.
Сонан соң Тәшкендегі педагогикалық институты тәмәмдайды. Тұрар Рысқұлұлы
туралы сөз еткенде біз алдымен оның нағыз ұлтжанды тұлғалардың бірі
болғанын айрықша атап көрсетуіміз керек. Ол Алашпартиясының
бағдарламасына сай жұмыс істеді. Алайда, өзі ішінде жүрген жағдайлар оның
ашықтан-ашық алашшы ретінде көрінуіне мүмкіндік берген жоқ. Бірақ біз Тұрар
Рысқұлұлының шынайы алашы болғанын кесіп айтуға тиісті. Міне, сондықтан да
Тұрар Рысқұлұлы ұзақ уақыт бойына бақылауға алынып, ақыры 1937 жылы шейіт
етілді.
Тұрар Рысқұлұлына баға беру үшін оның өз Отаны - Түркістанға көрсеткен
теңдесі жоқ қызметіне канық болу қажет. Тұрар Рысқұлұлының патшалық Ресей
үкіметі 1916 жылдың өзінде-ақ тұтқындаған. Өйткені, ол 1916 жылғы
көтерілістік, қолдаған болатын.
Түркістанда коммунистер орныққаннан кейін Тұрар Рысқұлұлы бірқатар
жауапты қызметтер атқарды. 1919 жылы Түркістанның денсаулық сақтау
комиссары (министрі) болып тағайындалды. 1920 жылы Түркістан орталық атқару
комитеті төрағасының орынбасары, өлкелік партия комитеті президиумының
мүшесі, Мұсылман бюросының және Түркістан атқару комитетінің төрағасы
қызметтерін иеленді. 1921-1922жылдарда Мәскеуде, ұлттар. комиссариатында
Сталиннің орын Сасары болды. 1923жылы Түркістан халықаралық комиссарлары
кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. 1924-1926 жылдарда Коминтерннің
шығыс бөлімшесі-бастығының орынбасары, 1926 жылы Қазақстан КП ОК-нің
насихат бөлімінің меңгерушісі, 1926 жылдан 1937 жылға дейін РСФСР халық
комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болыл істеді.
Коммунистер билігі кезеңінде бүкіл Түркістан көлемінде мұндай жауапты
кызметтер аткарған (қазіргі Дінмұхамет Ахметұлы Қонайды есептемесек) екінші
бір қазақ түрткісі болған жоқ. Міне, осындай қызметтерде жүріп те Тұрар
Рысқұлұлы Отанының биік мұраттарын әсте ұмытқан емес. Бұл бағытта қолынан
келген бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып еңбек етті. Өзі коммунистердің
жауапты қызметтерінде болуына қарамастан ол коммунистерге карсы күрес
жүргізген ұлтжанды азаматтармен үнемі байланыс жасады. Мысалы, З.У.Тоғанның
Естеліктерінде айтқандарына қарағанда Тұрар Рысқұлұлы З.У.Тоғанмен
астыртын кездесіп, оған кейбір жазба материалдар берген. Аталмыш
Естеліктерінде (385-бет) З.У.Тоған тағы да көбінесе бақылау астында
болғандықтан, біз Тұрар Рыскұлұлын кездестіре алмайтынбыз деп жазады,
З.У.Тоғанның және сол Естеліктерінде баяндауына қарағанда Әнуар патша дін
жолында өлтірілген күндерде Ташкент төңірегінде өткізілмекші жасырын жиынға
үнемі бакулауда жүргендіктен қазақтардан Әлихан Бөкейханұлы, Тұрар
Рысқұлұлы Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, өзбектерден
Мүнәууәр қары сияқты кісілер бара алмаған.
2) Тұрар Рысқұлұлы коммунистердің жауапты қызметтерін атқара жүріп,
коммунистерге, яғни орыстарға қарсы Баршаға теңдік берілген болса, еңді
әркім өзінің ұлттық өмірін өзі қалаған сипатта ұйымдастыра алады. Бұл
туралы өздерің де бірнеше рет мәлімдедіңдер. Олай болса, патшалық Ресей
қанап келген ұлттар бұдан былай азат, соңдықтан түркістандықтар өз
қалауынша әрекет жүргізуі керек дей отырып күресті. Осыған орай Тұрар
Рысқұлұлы Түркістанды бөлшектеуден құтқару үшін 1920 жылғы 12-18 қаңтарда
мәжілісі болып өткен Түркістан Мұсылман бюросының құрамындағы және
Түркістан коммунистік партиясы 5-конференциясындағы ең беделді тұлғалардың
бірі ретінде төмендегілерді талап етті:
1. Түркістан автономиялық республикасы Түркістан Республикасы деп
аталуға тиіс;
2. Түркістан коммунист партиясы Түркі коммунистік партиясы деп
аталып, Мәскеуге бағынышты емес, тәуелсіз партия болуы керек;
3. Түркістанда мұсылман-түркі армиясы құрылуға және мұсылман емес
әскерлер Түркістаннан әкетілуге тиіс;
4. Түркістан Республикасының өз алдына бөлек конституциясы болуы
керек;
5. Сыртқы істер, әскери қызмет, қаржы-қаражат және сауда түркі
республикаларының өз құзырында болуға тиіс.
Тұрар Рысқұлұлының бұл талаптары жоғарыда аталған конференцияда
мақұлданған болатын. Бірақ советтік Ресейдің Түркістан майданындағы
қолбасшысы Фрунзе бұған келіследі. Ал оны Ленин және Сталин сияқтылар
қолдады. Қысқасы, Тұрар Рысқұлұлының талаптары ақыры озбырлықпен
қабылданбай тасталды.
Тұрар Рысқұлұлы бұған тоқтаған жоқ күресін жалғастырды. Түркістан
коммунистік партиясы Мұсылман бюросының 1920 жылғы ақпан айындағы
мәжілісінде төмендегідей қаулының жобасын ұсынды:
...түркілерді татар, қырғыз-қазақ, өзбек т.б. атаулармен бөлшектеу иде-
ясы шағын республикалар күру жөніндегі көз қарастар насихат жолымен
тоқтатылуға және тіпті РСФСР-дың құрамына енбейтін түркі халыктары па
біріктірілуге тиіс, ал бұған қазіргі кезде мүмкіндік болмаса, онда түркі
халықтарының жер тұтастығы қамтамасыз етілуі қажет..
Тұрар Рысқұлұлының бұл талаптарын да, олардың мәжілісте мақұлданғанына
қарамастан, Ленин мен Сталин қабылдамады. Қорыта айтсақ. Тұрар Рысқұлұлы
ұлттық армия құру, ұлттық партия (коммунист партия болса да) ұйымдастыру,
орыс көшпенділерінің Түркістаннан әкетілуі, жалпы алғанда бүкіл Шығыстын
Батыс пей Еуропаның және Ресейдік билігі ықпалынан құтқарылуы үшін тұрақты
түрде күрес жүргізді.
Тұрар Рысқұлұлының жарияланған еңбектері көп. Онын жарық көрген
еңбектері мен мақалаларына өзі 1937 жылы шейіт етілген соң тыйым салынды.
Тұрар Рысқұлұлы тұтқындалып шейіт етілгеннен кейін Тұрар
Рысқұлұлшылдар деген айыптаулармен оған жақындығы белгілі болғандар да
тазартуға ілікті.
Әр өңірдің еліне елеулісі, халқына қалаулысы, есімін есіне ұзақ сақтар
еңбегін жыр қылып мақтар ерлері болады. Ондай суға түсіп, отқа күйген,
сол үшін халқы сүйген сабаздар әркез ел есінен шықпайды, тарих топырағының
астында жатпайды. Олар Хан қаһары, өкімет өктемдігіне ұшырап, жау деп
жарияланса да, халқына қарсы қойылып, құбыжық делінсе де жұртына жат
көрінбейді, елі олардан безінбейді, өндірім, өзегім деп өзіне тартып
тұрады, реті келгенде іш бұрады. Шындық жеңіп, заман түзеліп, өкілдік жетіп
арыстары ақталса, олармен халқы қуана-қуана қайта қауышады, құшақ айқастыра
арқа қағысады.
Мұны өз басымыздан өткеріп, бұл шындықтың дәлелдерін көп көріп
жатырмыз. Кешегі өзі де, сөзі де арам, ісі де, түсі де арам деп елді
безіндірген хан-сұлтан, би-бектерімізбен, молда-қажы, бай-батырларымызбен
қайта жүздесіп, байыппен бақұлдасып, жаламен жат болғанымызға көз жеткізіп
отырмыз. Сонау Әбілхайыр, Абылайдан бастап, Кенесары - Наурызбаймен қостап,
Алаштың ақ тулы азаматтарымен, кешегі қызыл қырғын құрбандарымен
арыстарымыз, ардақтыларымыз деп алақайлап амандасып, мәре-сәре
болудамыз.
Сөз жоқ, бұлардың әр қайсысының ел игілігіне еткен, елеп ескерер елеулі
еңбегі бар. Бірі халқымызды ұлт ретінде құрып бітуден қорғаса, бірі еңсесі
басылып, өмірбақи езгіде қалудан сақтады. Енді бірі оның қазақ атын
асқақтатып, әлем аренасына, шығарса, тағы бірі халқымыздың санасын оятып,
саяси, мәдени, қоғамдық жағынан дамуына зор жігер-қайрат көрсетті.
Осылардың ортасында Т. Рысқұловтың да өз орны бар. Бүгінде есімін еңселі
етіп, атағын арзандатпай, халқының аяулысы ретінде абыройын асқақтатып, бас
идіріп отырған Тұрар құдіретінің сыры неде? Тұрар тұғырының биіктігі, Тұрар
тұлғасының ірілігі неде жатыр.
Біздіңше, мұның сыры көп нәрседе жатыр. Ең алдымен, Тұрар бұрынғы Совет
еліне, оның ішінде өзін басқаларға бас ие, ұлы халық санаған орыс
ағайындарға. қала берді, әлем елдеріне дүниеде қазақ деген халық бар
екендігін, оның да үлкен жүректі, биік парасатты, жұрты үшін жанын қыйуға,
қанын төгуге дайын тұратын, көш бастап көсем болуға, сөз бастап шешен
болуға жарайтын өрелі ұл-қыз өсіргенін мойындатты. Ресейдің бірсыпыра
толымды тұлғаларының өзі Тұрар туралы мынадай мінездеме беруге, мақтау
айтуға мәжбүр болды.
М.В. Фрунзе: Мұсылман коммунистерінің ең ірі өкілдері қазақтан
Рысқұлов, өзбектен Өлкелік Комитеттің төрағасы Тұрсын-Ходжаев. Біріншісі
көзге ерекше түседі. Ол ақылдылығының үстіне, үлкен, қажыр-қайрат, аса
салиқалы мінез иесі.
В.В. Куйбышев: Рысқұлов – ерекше, біртуар адам. Москвада шыңдалса,
одан аса көрнекті коммунист шығады. Сондықтан да оны Москваға, Орталық
Комитеттің қарауына алдыруды аса қажет деп білеміз.
Шығыс халықтарының 1920 жылы қыркүйекте Бакуде өткен I - съезінде ұлт
мәселесі, отаршылдық саясат туралы жарыс сөзде Тұрар тереңнен тарта, ағыл-
тегіл ақтарыла сөйледі Оның орынды да өткір пікірлері отаршылдардың
сүйегінен өтіп, делегаттардың жүрегіне жетті. Шешен сөзі жалындап барып
аяқталғанда, жүрт дуылдата қол соғып, ұшып-ұшып орындарынан тұрды.
Құлағының құрышын қандырып, зердесіне өшпестей із қалдырған Тұрардың осы
сөзі туралы А.И.Микоян кейін батыл да сенімді шықты, делегаттарға қатты
өсеретті деп еске аладыТ. Рысқұловтың белсенділігін, жалындап жанып
тұратындығын, ерекше еңбеккерлігін, мақсаткерлігін В.Д.Стасова,
Г.К.Орджоникидзе, Н.Н.Наримановтарда арнайы атап, мадақ пікірлер айтқан.
Ерекше іскерлігімен, асқан ақыл-ой парасатымен жап-жас Т.Рысқұлов
Лениннің алдына жеткен, Түркістан өлкесінің тағдыр-талайы туралы өз
бағдарламасынжасап, батыл пікір айтқан. 26 жасында РСФСР-дің ұлт істері
жөніндегі халық комиссары И.В.Сталиннің екінші орынбасары болып
тағайындалып, онымен талай тай-таласқа түскен. 1926-1937 жылдары РСФСР
халық Комиссарлары Советі төрағасының орынбасары болып, Шығыс халықтарына
зор пайдасын тигізген, Қазақ өкілі, қазақ азаматы ретінде өзін биіктен
көрсете білген.
1967 жылы Нью-Йоркта жарық көрген Орталық Азия орыс билеген ғасырда
деген жинақта Америка ғалымы Елена Коррер Данкос Тұрардың еңбек жолына шолу
жасап, атқарған қызметтеріне биік баға берген. 1919 жылы мартта, - дейді
ол, - жергілікті партия орындарының ұйымдастыруымен Россия коммунист
большевиктер партиясының аймақтық конференциясы өтті. Оған Рысқұлов, Тұрсын-
Ходжаев сияқты либералдыққа бейім лидерлер шақырылды. Май айында бұлар Орта
Азия мұсылман коммунистерінің бірінші конференциясын өткізді. Онда
отаршылдыққа, ұлы орысшылдыққа ашық шабуыл жасалды. Олардың жергілікті
халыққа, оның үстем табына жаулық көзқарасы, қатал саясаты қатты сыналды,
бұл қаталдықтың жұмсартылуы талап етілді.
Ақыры Рысқұлов соңына ерген барлық ұлтшылдар партиядан қуылды.
Мұсылмандар бюросы таратылды. Жергілікті ұлт өкілдері қолында болған
өкімет пен партия жаңа үкіметтің қолына көшті. Түркістан ұлт
республикасы өз тәуелсіздігін жоғалтты.
Осылайша Тұрардың өз кезінде ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс
болған Ленин, Сталинмен иық тірестіруі, Ресейдің ірі-ірі саяси, әскери
қайраткерлерінің оны асқақ бағалауы, шетел ғалымдарының назарына ілінуі,
жергілікті ұлттан шыққан белгілі коммунист, ірі мемлекет қайраткері деп
тануы - қазақ халқын тануы, оның да ірі тұлғалар бергенін мойындауы. Осы
үшін де халқымыз Тұрарды тұлға деп біледі, оның құдіретін көкке көтереді.
3) Т. Рысқұловты халқының асқақтата ардақтауының екінші сыры - ол өз
ұлтының ар-ожданы, намысы болды. Қазақ халқының тағдыр-талайы, ұлттық іс-
қимылы, дәстүр-салты сынға түсер сәттерде оның қадір-қасиетін, ар-намысын
көп ретте Тұрар қорғаған. Бұған дәлелдер: 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісі
басталысымен Тұрар Ташкенттен Меркеге келеді. Орталықтағы жалшы,
батырақтар мен ауыл кедейлері не істейміз, күресті қалай жүргіземіз?
деп одан ақыл сұрайды. Тұрар орыс шаруаларымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрар Рысқұлұлы
Тұрар Рысқұлұлы туралы мәліметтер
Тұрар Рысқұлұлы-көрнекті партия және мемлекет қайраткері
Тұрар Рысқұлұлы туралы (1894-1937)
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері
Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси өмірі
Тұрар Рысқұлов
Тұрар Рысқұлов өмірінің алғашқы кезеңдері
Тұрар Рысқұловтың өмірі мен шығармашылығы
Алаш Орда (1917—1920)
Пәндер