Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру



Кіріспе
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз етудің жалпы мәселелері
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының криминалистік сипаттамасы
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезінде тергеушінің анықтама органдарымен өзара әрекетінің ұйымдастыру.тактикалық ережелері
Тергеудің алғашқы кезеңіндегі типтік тергеу жағдайлары және тергеу болжамдарын құру
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуге және болдырмаға бағытталған тактикалық операциялары
Тактикалық операция сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру құралдарының бірі ретінде
Сахналаудың белгілерін табуға бағытталған ақпаратты жинау тактикалық операциясы
Жәбірленушінің жеке басын анықтау, оның тұлғалық қасиеттерін сипаттайтын ақпаратты жинау тактикалық операциясы
Қылмыскерді анықтау мен әшкерелеу тактикалық операциясы
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын болдырмау тактикалық операциясы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік камтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру жайлы ғылыми ой-пікірлер көрініс тапқан.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өткен ғасырдың 90-жылдарында Қазақстанда басталған саяси-құқықтық, экономикалық өзгерістер еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін алуымен, азаматтық қоғамның қалыптасуымен, экономиканың нарықтық жолға бет алуымен, әлемнің барша өркениетті елдерімен дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатумен сипатталады.
1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Казақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің беріктігін нығайтып, мемлекет пен қоғамның даму жолын анықтады, адамның және азаматтың құқықтарының, бостандықтарының қорғалу кепілдіктерін бекітті. Негізгі заңның 1-бабында бекітілген демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекетті орнықтыру [1] әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси міндеттердің кешенін одан әрі жеделдетілген қарқынмен жүзеге асыруды талап етеді.
Тәуелсіздікті алғаннан соң елімізде орын алған көптеген жақсы өзгерістермен бірге, өкінішке орай, ТМД мемлекеттеріндегі қылмыстылықтың өсуі, жаңа қылмыстардың пайда болуы, ұйымдасқан қылмыстылықтың қалыптасуы, кейбір республикалардағы содырлардың ату және жарылғыш заттарын пайдаланып лаңкестік іс-қимылдарын жасауы, әлемдік трансұлттық қылмыстық қауымдастықтарының еліміздің кеңістігін қылмыстарды жасауға, есірткі, қару-жарақты тасымалдауға әрекеттенуі көрініс тапты. Қазірдің өзінде адам өлтіру, пайдакүнемдік-зорлық қылмыстарын тергеуді жетілдіру, қылмыскерлердің қылмыстың ізін жасыру мақсатында орындаған сахналауларды әшкерелеу, тергеуге қарсылық көрсетуіне және басқа да әрекеттеріне тосқауыл қою құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, ғалымдардың алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
Қылмыстылықтың өршіп тұрған қауырт жылдарында мемлекетіміздің басшылығымен қабылданған нормативтік-құқықтық актілері мен мемлекеттік бағдарламаларында көрініс тапқан қылмыстық-құқықтық іс-шаралары қылмыстылықпен күрес жүргізу бағытын айқындап, криминогендік жағдайдың едәуір төмендеуіне үлкен септігін тигізіп, адамның құқықтары мен бостандықтарының берік қорғалуын мүмкін етті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: "Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын", - деп атап өтті [2].
Осыған орай, құқық қорғау органдарының қызметі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мығым қорғауға, мемлекеттік институттардың қалыпты қызметін қамтамасыз етуге, қоғамдық өмірдегі құқықтық тәртіпті нығайтуға, қылмыстылықпен күресті күшейтуге арналған.
1 ҚР Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж. қабылданған (өзгерістер мен толықтырулармен бірге). - Астана, 2009 – 40 б.
2 Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы: проблемалар және оларды шешудің жолдары. - Алматы, 1997. - 94 б.
3 Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. – 187 б.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған
еңбектер тізімі
1 Оқиға болған жерді қарау кезінде айыпталушының тұлғасын зерттеу // Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның 10 жылдығына арналған // халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы ұлттық идеясының өмірден көрініс табуы. - Алматы, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының баспасы, 2002. - 270-271 бб.
2 Өзін-өзі өлтіру инсценировкасымен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезінде оқиға болған жерді қарау // Қазіргі кезеңде қылмыстылықпен күресудің өзекті мәселелері: халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция материалдары. - Алматы, ІІМ академиясы баспасы, 2002. - 183-189 бб.
3 Инсценировкалармен бүркеленген, адам өлтіру істері бойынша оқиға болған жерді қарау кезінде тергеушінің жедел қызметкерлерімен өзара әрекет етуі // Орта Азия аймағындағы мемлекеттерде егемендіктің орнау мәселелері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Алматы, ҚазГЗА баспасы, 2003. - 12-19 бб.
4 Инсценировкалармен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді жоспарлау // Орта Азия аймағындағы мемлекеттерде ұлттық құқықтың түзілу мәселелері: халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция материалдары. - Алматы, ҚазГЗА баспасы, 2003. - 179-184 бб.
5 Адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезінде арнаулы медициналық білімді қолдану // Саяси-құқықтық зерттеулердің өзекті мәселелері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Алматы, ҚазГЗА баспасы, 2003. - 245-251 бб.
6 Адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезінде қайшылықты жағдайда жауап алу // ҚазҰУ хабаршысы. - Алматы, ҚазҰУ баспасы, 2003. - №2 (27). - 133-135 бб.
7 Инсценировкалармен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезінде куәлардан жауап алу // ҚазҰУ хабаршысы. - Алматы, ҚазҰУ баспасы, 2004. - №1 (29). - 115-118 бб.
8 Адам өлтіру қылмыстарын тергеу барысында кездесетін негативті мән жайлардың маңызы // ҚазҰУ хабаршысы. - Алматы, ҚазҰУ баспасы, 2004. - №3 (31). - 86-89 бб.
9 Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына әсер ететін себептер мен шарттар // Тиімді мемлекеттік басқару: халықаралық тәжірибе және Қазақстан: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Астана, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы баспасы, 2007. - 362-367 бб.
10 Сахналаумен (инсценировкалармен) жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуге қатысушылардың қызметін криминалистік қамтамасыз етудің кейбір мәселелері // Қазақстантану-3: халықаралық ғылыми конференция материалдары. - Астана, Тұран-Астана университеті баспасы, 2008. - 104-110 бб.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 343.98 Қолжазба құқығында

Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік
қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру

12.00.09 – қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы;
жедел іздестіру қызметі

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның

Авторефераты

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң
факультетінің криминалистика және сот сараптамасы кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекшісі: заң
ғылымдарының докторы,

профессор Исаев А.А.

Ресми оппоненттер: заң ғылымдарының докторы,

профессор Нукенов М.О.

заң ғылымдарының
кандидаты,

доцент Амитов Ш.Е.

Жетекші ұйым: ҚР ІІМ Б.
Бейсенов атындағы

Қарағанды заң институты

Диссертация 2010 жылы __________ сағат 13.00-де әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде заң ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14А.50.15 диссертациялық кеңестің
мәжілісінде қорғалады.

Мекенжайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ, заң факультеті, бас оқу ғимараты, 410 дәрісхана.

Диссертациямен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми
кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылы _____ ақпанда таратылды.

Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы,
заң ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Н. Ағыбаев

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында сахналаумен жасырылған адам
өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік камтамасыз ету және тергеуге
қатысушылардың қызметін үйлестіру жайлы ғылыми ой-пікірлер көрініс тапқан.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өткен ғасырдың 90-жылдарында Қазақстанда
басталған саяси-құқықтық, экономикалық өзгерістер еліміздің егемендігін,
тәуелсіздігін алуымен, азаматтық қоғамның қалыптасуымен, экономиканың
нарықтық жолға бет алуымен, әлемнің барша өркениетті елдерімен
дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатумен сипатталады.
1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Казақстан
Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің беріктігін нығайтып, мемлекет
пен қоғамның даму жолын анықтады, адамның және азаматтың құқықтарының,
бостандықтарының қорғалу кепілдіктерін бекітті. Негізгі заңның 1-бабында
бекітілген демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекетті
орнықтыру [1] әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси міндеттердің
кешенін одан әрі жеделдетілген қарқынмен жүзеге асыруды талап етеді.
Тәуелсіздікті алғаннан соң елімізде орын алған көптеген жақсы
өзгерістермен бірге, өкінішке орай, ТМД мемлекеттеріндегі қылмыстылықтың
өсуі, жаңа қылмыстардың пайда болуы, ұйымдасқан қылмыстылықтың қалыптасуы,
кейбір республикалардағы содырлардың ату және жарылғыш заттарын пайдаланып
лаңкестік іс-қимылдарын жасауы, әлемдік трансұлттық қылмыстық
қауымдастықтарының еліміздің кеңістігін қылмыстарды жасауға, есірткі, қару-
жарақты тасымалдауға әрекеттенуі көрініс тапты. Қазірдің өзінде адам
өлтіру, пайдакүнемдік-зорлық қылмыстарын тергеуді жетілдіру,
қылмыскерлердің қылмыстың ізін жасыру мақсатында орындаған сахналауларды
әшкерелеу, тергеуге қарсылық көрсетуіне және басқа да әрекеттеріне тосқауыл
қою құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, ғалымдардың алдында тұрған
күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
Қылмыстылықтың өршіп тұрған қауырт жылдарында мемлекетіміздің
басшылығымен қабылданған нормативтік-құқықтық актілері мен мемлекеттік
бағдарламаларында көрініс тапқан қылмыстық-құқықтық іс-шаралары
қылмыстылықпен күрес жүргізу бағытын айқындап, криминогендік жағдайдың
едәуір төмендеуіне үлкен септігін тигізіп, адамның құқықтары мен
бостандықтарының берік қорғалуын мүмкін етті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: "Жоғарғы заңды
қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан
қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға
билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын", - деп атап өтті [2].
Осыған орай, құқық қорғау органдарының қызметі азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын мығым қорғауға, мемлекеттік институттардың қалыпты қызметін
қамтамасыз етуге, қоғамдық өмірдегі құқықтық тәртіпті нығайтуға,
қылмыстылықпен күресті күшейтуге арналған.
Қылмыстардың санын тіркеу жөніндегі статистикалық деректерге назар
аударсақ, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Кұқықтық статистика
және арнайы есептер жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша республикада
1998 жылы 142100 қылмыс тіркелсе, 1999 жылы - 139431; 2000 жылы – 150790;
2001 жылы – 152168; 2002 жылы – 135151; 2003 жылы - 118485; 2004 жылы –
143550; 2005 жылы - 146347; 2006 жылы -141271; 2007 жылы – 128064; 2009
жылы - 121667 қылмыс тіркелді. Соның ішінде адам өлтіру қылмыстары 1999
жылы - 2466; 2000 жылы – 2294; 2001 жылы – 2072; 2002 жылы – 1924; 2003
жылы - 3212; 2005 жылы – 1804; 2007 жылы – 1656; 2009 жылы - 1604.
Салыстырып талдау нәтижесінде жалпы қылмыстылықтың динамикасы 1999 жылдан
бастап 2005 жылға дейін ауытқып тұрғанын, одан кейінгі жылдары 2009 жылды
қоса алғанда азайғаны көрінеді. Адам өлтіру қылмыстарының істелуі де
біртіндеп азайып келгені байқалады.
Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік жағынан тез қарқынмен дамуы,
қылмыстықтың себептерін жоюға бағытталған оңтайлы кең ауқымды мемлекеттік
шаралардың орындалуы, қылмыстармен күресудің, оларды болдырмаудың нәтижелі
іс-шаралардың жүргізілуі өмірге қарсы зорлық қылмыстарының сандық көрсеткіш
динамикасының төмендегенін көрсетуде. Қылмыстылық санының статистикалық
көрсеткіштерінің ауытқып тұруы қылмыстылықпен күрес жүргізу іс-шараларының
тиімділігін арттыруды талап етеді.
Осыған орай, әзірленген диссертациялық зерттеудің ұсынымдары
қылмыстылықпен, нақты айтқанда, адам өлтіру қылмыстарымен күрес жұмысын
жетілдіруге арналған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі кезде қоғамымызға қауіп төндіріп
тұрған, әлеуметтік дерт болып саналатын қылмыстар жетерлік және де оларды
құқық қорғау органдарының анықтап, күрес жүргізуі кезінде елеулі
қиындықтардың болатыны сөзсіз. Сол себептен, қазақстандық заңгерлердің
мемлекет дамуының осы кезеңінде орын алған қылмыстылығымен күрес жүргізуіне
терең көңіл бөліп, ішкі істер органдарының қызметін криминалистік
қамтамасыз етуге мән беру қажет.
Осыған орай, сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеу
кезінде сахналандырудың белгілерін анықтау, тергеуге қарсы әрекет
етушілерді әшкерелеу, тактикалық операциялардың шеңберінде оқиға болған
жерді тексеру, жауап алу, тінту, тергеу эксперименті, көрсетулерді өз
орнында тексеру мен нақтылау, басқа да тергеу әрекеттерін, жедел іздестіру
шараларын криминалистік қамтамасыз ету, тергеуге қатысушылардың өзара
әрекетін сауатты үйлестіру қылмыстылықпен тиімді, әрі табысты күрестің
қажетті құралы есептеледі. Міне, осындай жағдайларға қарамастан, бұл
үлкен, мәнді мәселелер төңірегіндегі ғылыми зерттеулер жеткілікті
деңгейде әлі де болса жүргізілмей жүр.
Қылмыстарды тергеу әдістемесіне, жеке тергеу әрекеттерін жүргізу
тактикасына көрнекті ғалымдардың еңбектері арналған.
Бұл мәселелерге А.Ф. Аубакиров, В.П. Бахин, А.Н. Басалаев, В.С.
Бурданова, Р.С. Белкин, А.Н. Васильев, А.Г. Видонов, А.И. Винберг, А.И.
Возгрин, А.Ф. Волынский, В.К. Гавло, И.Ф. Герасимов, Ф.В. Глазырин, Г.Л.
Грановский, Е.Ғ. Жәкішев, Е.И. Зуев, Г.Г. Зуйков, А.А. Исаев, В.Н.
Карагодин, В.П. Колмаков, Т.А. Кулибаев, Е.И. Қайыржанов, М.Ч. Қоғамов,
В.С. Козлов, Ю.Г. Корухов, В.П. Лавров, А.А. Леви, И.М. Лузгин, В.Н.
Мудьюгин, С.И. Медведев, Б.М. Нурғалиев, Б.А. Салаев, А.Р. Шляхов ғылыми
еңбектерін жазған.
Қылмыстарды тергеуді криминалистік қамтамасыз ету мәселесі жеткілікті
зерттелген десек ешбір күмән туғызбас, дегенмен, сахналаумен жасырылған
адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезінде тергеу әрекеттерін криминалистік
тактикалық санаттар шеңберінде қамтамасыз ету, тергеуге қатысушылардың
өзара әрекетін үйлестіруге байланысты теориялық, тәжірибелік негіздеріне
байланысты түбегейлі зерттеу мәселесі әлі өз шешімін толық тапқан
жоқ. Сол себептен, сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді
криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін
үйлестіру ғылыми зерттеу саласындағы тың тақырыптардың бірі болып табылады.
Тергеу тәжірибесі айғақтағандай, адам өлтіру қылмыстармен күрестің табысты
жүргізілуі тергеуге қатысушылардың мүмкіндіктерін, бірлескен күштерін дұрыс
пайдаланып, өзара әрекет етуді тиімді үйлестіруге, әзірленген криминалистік
әдістер мен құралдарды тиімді қолдануға тікелей байланысты.
Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Зерттеудің мақсаты – сахналаумен
жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету
және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестірудің теориялық және
әдістемелік негіздерін әзірлеу.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі негізгі зерттеу міндеттері белгіленді:
- сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының криминалистік
сипаттамасын әзірлеу және адам өлтірудегі сахналаулардың түрлерін ажыратып
көрсету;
- қайшылықты мән-жайлардың мазмұнын әзірлеу және сахналауды әшкерелеудегі
маңызын анықтау;
- тергеудің алғашқы кезеңіндегі тергеу жағдайларын және болжамдарын
типтендіру;
- сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезінде
тергеушінің анықтама органдарымен өзара әрекетінің ұйымдастыру-тактикалық
негіздерін дайындау;
- сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының тергеу міндеттерін
шешу үшін тактикалық операциялардың кешенін әзірлеу және қолдануы бойынша
ұсынымдарды дайындау.
Диссертациялық зерттеудің объектісі – сахналаумен жасырылған адам өлтіру
қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге
қатысушылардың өзара әрекетінің құқықтық, тәжірибелік және теориялық
аспектілерін зерттеу.
Зерттеу пәнін – сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеудің
әдістемелік аспектілері құрайды.
Зерттеу жұмысының теориялық базасын – философия, заңгердің этикасы, заң
психологиясы, сондай-ақ қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, сот
медицинасы, сот сараптамасы, сот дәлелдемелер теориясы, криминалистикалық
ілім саласындағы ғалымдардың еңбектері құрайды.
Зерттеудің әдіснамалық негізі және әдістері нақты ақиқатқа жетуде таным
теориясының жалпы заңдары мен категорияларын сүйену, әлеуметтік-құқықтық
құбылыстарды материалистік-диалектикалық жағынан таным процесін жүргізу.
Зерттеудің нормативті-құқықтық негізі ҚР Конституциясы, ҚР Қылмыстық іс
жүргізу кодексі, ҚР Қылмыстық кодексі, өзге де заңнама актілері, құқық
қорғау органдарының нормативтік-құқықтық актілері болып табылады.
Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының,
Оңтүстік-Қазақстан облыстық сотының, Алматы және Астана қалаларының
қалалық соттарының 258 мұрағаттық қылмыстық істерді зерттеудің нәтижелері,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы
есептер жөніндегі комитетінің статистикалық деректері, сахналаумен
жасырылған адам өлтіру қылмыстарын криминалистік қамтамасыз ету және
тергеуге қатысушылардың өзара әрекеті мәселелері бойынша сұхбат алу
нәтижелері құрады.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасында
алғаш рет монографиялық зерттеу деңгейінде сахналаумен жасырылған адам
өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз етудің және тергеуге
қатысушылардың қызметін үйлестірудің теориялық және әдістемелік негіздері
әзірленді. Келесі тұжырымдар теориялық жағынан маңызды болып табылады:
- сахналаумен байланысты адам өлтіру қылмыстарының криминалистік
сипаттамасын дайындалып жатқан немесе жасалған қылмысты және бұл қызметтің
нәтижелерін жасыру жөніндегі қызметті қамтитын екі жақты бірыңғай процесс
ретінде анықтау;
- қайшылықты мән-жайлардың мазмұнын қылмысты істеу мән-жайларын
бейнелеуді және алғашқы бейнеленудің нәтижелерін өзгертуге бағытталған
әрекеттердің бейнеленуді қамтитын із түзілу процесі ретінде негіздеп
түсіндіру;
- тергеу процесін жағдаяттық талдау және тергеу жағдайлары мен
болжамдарын типтендіру;
- тактикалық операциялардың шеңберінде тергеушінің анықтама
органдарымен өзара әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-
тактикалық сипатындағы ережелерді анықтаудың негіздері;
- сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеудің міндеттерін
шешу үшін қажетті тактикалық операциялардың кешенін анықтаудың негіздері.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының криминалистік
сипаттамасының негізгі элементі ретінде қылмыстық сахналау қамтылып, оның
мазмұны адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезінде бастапқы ақпараттың
жалғандығымен түсіндірілетін факторлардың кешенімен ашылып көрсетіледі.
Із түзілу механизмі сахналауды әшкерелеуге көмектесетін криминалистік
сипаттаманың негізгі элементі болып табылады. Сахналау кезіндегі із түзілу
механизмінің өз ерекшелігі бар. Оқиға болған жерде мезгілдік реттілікпен
екі іздік жай-жапсар бейнеленіп, мұндағы қылмыстың іздік жай-жапсары үстіне
сахналаудың іздік жай-жапсары қабаттастырылатын өзіндік беткей болып
табылады.
Қылмыстық сахналау тергеуге қарсы әрекет етудің негізгі нысаны саналып,
қылмыскердің әшкереленуден және қылмыстық жауаптылыққа және жазаға
тартылудан сақтанудың қорғаныс механизмі ретінде қарастырылады.
2. Қайшылықты мән-жайлар сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының
негізгі белгісі есептеледі. Қайшылықты мән-жайлар дегенімізде оқиғаның
дамуын түсіндіруге бағытталған тергеушінің болжамына қайшы келетін фактілі
деректер түсініледі, яғни қылмысты жасау әдістерінде, белгілі жағдайларда
болуы тиіс іздердің, заттардың жоқтығы, немесе керісінше болмауы тиіс
іздердің, заттардың табылуы. Қайшылықты мән-жайлар бұл фактілі деректер,
олардың тергеушінің құбылыстар туралы болжамына сәйкессіз келуі, тергеуші
болжамының объективті ақиқатқа сәйкессіздігінен туындайды. Бұлар
қылмыстарды тергеу, ашу кезіндегі тергеушінің танымдық қызметі процесінде
табылады. Қайшылықты мән-жайлардың мазмұны із түзілудің екі процесімен
қамтылады: біріншісі – қылмысты істеудің шынайы процесінің дамуы, екіншісі
– қылмысты жасыру және қылмыстың анықталуына қарсы әрекет ету үшін алғашқы
ақпаратты өзгерту бойынша орындалатын әрекеттер.
3. Типология зерттеу объектісінің сапалық белгісінің маңызын анықтау
процесі. Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының әдістемесінде
тергеу жағдайларының типологиясы оның құрамдық элементі ретінде
қарастырылады. Типтік тергеу жағдайларын және болжамдарын жіктеуді әзірлеу
жасалған қылмыстың мән-жайларын көпфакторлы талдау нәтижесіне негізделуі
тиіс.
Тергеу жағдайлары және болжамдары типтендірілді: жәбірленушінің болуы
немесе жоқтығы бойынша:
1 жағдай – күш қолдану белгілерімен мәйіттің табылуы;
2 жағдай – жәбірленушінің жоғалу фактісі (хабар ошарсыз) орын алған;
сахналаудың түрлері бойынша:
1 жағдай - өзін-өзі өлтіру белгілерімен мәйіт табылды (асылу, суға бату,
өзін өртеу, суық, атылатын қаруды қолданып өзіне өлім келтіру және т.б.);
2 жағдай - өз өлімімен өлу белгілерімен мәйіт табылды;
3 жағдай – жазымдық жағдай белгілерімен мәйіт табылды (көліктегі,
тұрмыстағы, өндірістегі, үйдегі);
4 жағдай - күш қолдану белгілерімен мәйіт табылды;
бастапқы ақпараттың сипаты бойынша:
1 жағдай – сахналаудың жасалғанын куәландыратын анық материалды-
бекітілген іздер табылды;
2 жағдай – сахналауды жасаудың анық іздері табылмады, бірақ сахналаудың
материалдық жай-жапсарын жасаудағы кейбір артықшылықтар, сондай-ақ
сезіктінің жүріс-тұрысындағы артық іс-қимылдар (атиптілік) байқалады.
Қылмыстың оқиғасына, субъектісіне, кінәнің нысанына, ниетіне, қылмысты
жасаудың және оны жасырудың механизміне байланысты болжамдар шығарылады.
4. Тактикалық операция тергеу әрекеттерінің, жедел іздестіру және
ұйымдастыру шараларының жиынтығы ретінде сахналаумен жасырылған адам өлтіру
қылмыстарын ашудың және тергеуді ұйымдастырудың маңызды құралдарының бірі,
сонымен бірге тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестірудің ең ұтымды
нысаны болып табылады.
Қылмыстарды тергеу кезіндегі өзара әрекет ету бұл қылмыстарды
анықтау, тез және толық тергеу, кінәлілерді әшкерелеу мақсатындағы
тергеушінің, жедел іздестіру қызметкерлерінің және басқа да субъектілердің
нормативті-құқықтық актілерге негізделген және мүмкіндіктерін тиімді
қолдануға, процессуалды және бейпроцессуалды шараларды тиімді үйлестіруге
бағытталған уақыты, орны, мақсаттары, функциялары, өкілеттіктері бойынша
келісілген, бірлескен қызметі болып табылады. Тергеуші өзара әрекет етудің
ұйымдастырушысы есептеледі. Тергеуге қатысушылардың өзара әрекет ету
деңгейін жоғарылату үшін келесілер қажет: тергеуге қатысушылардың
біліктілігінің жоғары деңгейі; әр мүшенің қызметінің мақсатын топ
қатысушыларының дұрыс түсінуі; әр мүшенің пікіріне құрметпен қарау; топ
мүшелерінің міндеттерін нақты бөлу; келіспеушіліктерді болдырмау мақсатында
психологиялық ғылымның мүмкіндіктерін қолдану; барлық жағдайларда жасалған
қателіктердің себептерін түсіндіру; кәсіби этиканың ережелерін және
нормаларын бұлжытпай сақтау.
5. Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуге
қатысушылардың қызметін үйлестіру жөніндегі тактикалық операциялар
сахналаудың белгілерін анықтау үшін ақпаратты жинауға; жәбірленушіні
анықтау және оның тұлғасы туралы ақпаратты жинауға; қылмыскерді анықтау,
ұстау және әшкерелеуге; сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын
болдырмауға, сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді
криминалистік қамтамасыз етуге және тергеуге қатысушылардың қызметін
үйлестіруге бағытталуы тиіс.
Сонымен қатар келесі тактикалық операцияларды жүргізу бойынша
криминалистік ұсынымдар әзірленіп, берілді: Сахналаудың белгілерін
анықтауға бағытталған ақпаратты жинау, Жәбірленушінің жеке басын анықтау,
оның тұлғалық қасиеттерін сипаттайтын ақпаратты жинау; Қылмыскерді
анықтау мен әшкерелеу, Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын
болдырмау.
Диссертациялық зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы автордың
тұжырымдаған теориялық қорытындылары және тәжірибелік ұсынымдары
қылмыстарды тергеу әдістемесінің және криминалистік тактиканың ғылыми
негіздерін дамытып, тергеулік, прокурорлық және соттық тәжірибені
жетілдіруге бағытталғанымен түсіндіріледі. Автордың ұсынымдары кейінгі
ғылыми-зерттеу жұмысында, оқу процесінде криминалистика және ҚР
қылмыстық іс жүргізу құқығы пәндерін оқу барысында, қылмыстық сот өндірісі
тәжірибесінде және қылмыстарды тергеу әдістемесінің мәселелерін кейінгі
ғылыми-зерттеу жұмысында ескерілуі мүмкін.
Апробация және зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі
теориялық тұжырымдары мен қорытындылары халықаралық және республикалық
ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамаларды
жасау кезінде апробацияланды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы ұлттық идеясының өмірден көрініс табуы (Алматы, 2002
ж.); Қазіргі кезеңде қылмыстылықпен күресудің өзекті мәселелері (Алматы,
2002 ж.); Орта Азия аймағындағы мемлекеттерде егемендіктің орнау
мәселелері (Алматы, 2003 ж.); Орта Азия аймағындағы мемлекеттерде ұлттық
құқықтың түзілу мәселелері (Алматы, 2003 ж.); Саяси-құқықтық
зерттеулердің өзекті мәселелері (Алматы, 2003 ж.); Тиімді мемлекеттік
басқару: халықаралық тәжірибе және Қазақстан (Астана, 2007 ж.);
Қазақстантану-3 (Астана, 2008 ж.).
Жүргізілудің ғылыми нәтижелер теориялық тұжырымдар, соған негізделген
қорытындылар мен ұсынымдар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ криминалистика және
сот сараптамасы кафедрасында талқылау барысында апробациядан өтті.
Публикациялар. Зерттеудің маңызды нәтижелері баспасөз беттерінде, соның
ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми
басылымдардағы 10 ғылыми мақалада көрініс тапты.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден,
екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Зерттеу бағытының таңдалуы сахналаумен жасырылған адам өлтіру
қылмыстарын тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру мен криминалистік
қамтамасыз етудің құқықтық, тәжірибелік, теориялық мәселелерін қарастыру
қажеттілігімен шартталды.
Кіріспеде зерттеу бағытының таңдалуын және зерттеу тақырыбының
өзектілігін негіздеуді, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, нысанасы мен
тақырыбын белгілеуді, оның әдіснамалық және эмпирикалық негіздерін,
тақырыптың ғылыми жаңалығын, алынған нәтижелердің теориялық және
тәжірибелік маңызын шарттайтын нәтижелер мен қорғауға шығарылатын
тұжырымдар келтірілген.
Бірінші бөлім Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді
криминалистік қамтамасыз етудің жалпы мәселелері - деп аталып, үш
бөлімшеден тұрады. Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының
криминалистік сипаттамасы деп аталатын 1.1 бөлімшеде аталған қылмыстарды
тергеу мен ашу үшін маңызды, қылмыстардың тергеу әдістемесінің құрылымдық
элементі болып табылатын криминалистік сипаттаманың мазмұны ашылып
көрсетілген.
ҚР ҚК 96-бабында адам өлтірудің ұғымы басқа адамға құқыққа қарсы
қасақана қаза келтіру түрінде анықталған [3]. Адам өлтіру қылмысының
қоғамға қауіптілік деңгейінің жоғарылығы оның асыл қазыналы құндылыққа қол
сұғумен сипатталады.
Объективті жағдайларға байланысты криминалистік маңызы бар бүкіл
ақпараттың жиынтығын қылмыстық заңға енгізу мүмкін емес болғандықтан,
ғылыми ізденістер жолымен оны әзірлеудің маңыздылығы арта түседі.
Криминалистік сипаттама тергеушіге қандай объектімен кездескенін, әрі
жұмыс істейтіні жөнінде өзіндік бастапқы ақпараттық жүйе ретінде танылып,
түпкілікті мақсаты дәлелдеу пәніне қатысты дәлелдемелерді жинаудың,
зерттеудің және бағалаудың қажетті және жеткілікті шегін анықтауға
бағытталады.
Біздің пікірімізше, сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының
криминалистік сипаттамасы – қылмыстарды ашу, тергеу, алдын алу үшін
қажетті қылмысты істеудің және қылмысты жасырудың тәсілі мен құралдары,
қылмысты істеудің және сахналауды орындаудың орны, уақыты және қоршаған
ортаның ерекшеліктері; қылмыс іздерінің түзілу механизмі және шоғырлану
орны, жәбірленуші мен қылмыскер, олардың арасындағы байланыстарын
қамтитын, тергеу әдістемесінің құрылымдық элементі болып табылатын,
қылмыстың моделі туралы бастапқы жүйеқұрушылық ақпарат ретінде
қарастырылады.
Абайсызда жасалған адам өлтіру қылмыстары кезінде қылмыскердің қылмысты
сахналаумен жасыруға бағытталған әрекеттері қылмыс істегелгеннен кейін
ғана орындалады. Қасақаналықпен істелінген адам өлтіру қылмыстарында
қылмыскердің қылмысты жасыруға бағытталған сахналау әрекеттері қылмысты
жасауға дейін және қылмыс жасалғаннан кейін де жүзеге асырыла береді.
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын қылмыскер тікелей
қасақаналықпен істеген кезде негізінен қылмыстың механизмін ойластыру,
жоспарды құру, қылмыс құралдарын, қылмысты істеу уақытын, орнын анықтау,
қажет болса көлік құралдарын дайындау, қылмысты жасыру шараларын әзірлеу,
алибиді дайындау қамтамасыз етіледі. Қылмысты жасыру тәсілін таңдау
қоршаған ортаның ерекшеліктеріне, қылмысты істеу және жасыру тәсілдерінің
ыңғайлығына байланысты болады.
Сахналаудың барлық жағдайларында қылмыскер өзіне қажетті болжамды
тергеушіге жеткізуге ұмтылады. Осыған байланысты, қылмыскердің қылмыс
фактісін жасыруға бағытталған іс-әрекеттерін материалдық, яғни дене күшін
қолданып оқиға болған жердің қоршаған ортасына өзгерістер енгізу және
зияткерлік, өзіне мәлім болған фактілерді жасыру, өз ойынан шығарылған
жалған оқиғаларды суреттеп жеткізу түрінде жіктеуге болады.
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының криминалистік
сипаттамасының мазмұнындағы қылмыстық сахналау – ақиқатты жасыру және
тергеушіні жаңылыстыру мақсатындағы, қылмыстың уақыты, орны, субъектісі,
оқиға болған жердің жай-жапсарына қатысты ақпаратты өзгерту,
дәлелдемелерді қолдан жасаумен, сондай-ақ тергеушіге жалған көрсетулерді
берумен және тиісті жүріс-тұрыс бағдарын таңдаумен жалғасатын сахналау
субъектісінің қасақана қызметі болып табылады.
Қылмыскер сахналауды жасаған кезде оқиға болған жерде шынайы іздерді
жою, жалған іздерді қолдан жасау, өліктің орнын ауыстыру, жатқан тұрысын
өзгерту, заттарды тасымалдау түрінде өзгерістерді енгізеді. Тек,
қылмыскердің болжауына оқиға болған жердің қоршаған ортасы қайшы келмеген
жағдайларда ғана ешбір өзгерістерді енгізбейді.
Сот-тергеу тәжірибесін қорытындылау, криминалистік ғылыми еңбектерді
зерттеу адам өлтіру қылмыстары сахналаудың келесі түрлерімен жасырылатынын
көрсетеді: өз өлімімен өлуді сахналау; өзін-өзі өлтіруді сахналау, келесі
жолдармен: а) асылу; ә) биіктіктен құлау; б) суға бату; в) суық қаруды
қолданып; г) атылатын қаруды қолданып; д) өзін-өзі өртеу және т.б.;
жазымдық жағдайды сахналау: а) көліктегі; ә) тұрмыстағы; б) өндірістегі;
в) үйдегі; адам өлтіру қылмысын жасауды сахналау: а) басқа ниеттер
бойынша; ә) басқа тұлғамен; б) басқа уақытта; в) кінәнің басқа нысанында.
Қылмысты сахналау, сондай-ақ криминалдық емес оқиғаны сахналау кездеседі.
Қылмысты істеудің және сахналауды орындаудың орны, уақыты және жай-
жапсарының ерекшеліктері. Қылмысты істеудің объективті қоршаған ортасын,
іс-әрекетті істеу орнын, уақытын сипаттайтын факторлар; қылмысты жасыру
орнындағы материалдық объектілердің сапасы мен қасиеттері; қылмысты
жасырудың орны, уақыты, ауа-райы; қылмысты жасыру орнына қатысы бар
адамдардың өмір сүру салты, жағдайы қылмысты жасырудың тәсілін таңдауға
әсер ететін факторлар болып табылады.
Адам өлтіру қылмысын жасаудың құралдары, заттары ретінде суық және
атылатын қару, әртүрлі тұрмыстық заттар, көлік құралдары, өндірістік
механизмдер, улы заттар, буындыру заттары және т.б. болуы мүмкін. Қылмысты
істеудің орны көптеген жағдайларда, әсіресе өзін-өзі өлтіруді сахналаумен
жасыру кезінде сахналауды жүргізу орнымен сәйкес келеді. Кейбір
жағдайларда қылмыскерлер сахналауды басқа жерде жүргізеді.
Криминалистік сипаттамадағы қылмыстық сахналауды әшкерелеуге әсер
ететін негізгі элемент, қылмыс іздерінің түзілу механизмі болып табылады.
Қылмыс оқиғасын сахналау кезіндегі іздердің түзілу механизмінің өзіндік
ерекшеліктері бар. Бұл кезде оқиға болған жерде кезеңділігімен орындалатын
әрекеттерден екі іздік жай-жапсар бейнеленіп, мұнда қылмысты істеу іздік
жай-жапсарының үстіне сахналау жасыру іздік жай-жапсары салынады.
Дегенмен, оқиғаны имитациялау кезіндегі іздердің түзілу механизмі
қылмыстың іздік жай-жапсарын толығымен бейнелемейді. Аталған механизм
шынайы қылмыс жасалған кезде түзілетін іздік механизммен салыстырғанда
атиптік болып табылады. Қылмыс оқиғасын сахналау кезіндегі іздердің түзілу
механизмінің атиптілігі қайшылықты мән-жайларды табу кезінде белгілі
болады.
Қайшылықты мән-жайлар дегенімізде оқиғаның дамуын түсіндіруге бағытталған
тергеушінің болжамына қайшы келетін фактілі деректер түсініледі, яғни
қылмысты жасау әдістерінде, белгілі жағдайларда болуы тиіс іздердің,
заттардың жоқтығы, немесе керісінше болмауы тиіс іздердің, заттардың
табылуы. Қайшылықты мән-жайлар бұл фактілі деректер, олардың тергеушінің
құбылыстар туралы болжамына сәйкессіз келуі, тергеуші болжамының объективті
ақиқатқа сәйкессіздігінен туындайды. Бұлар қылмыстарды тергеу, ашу
кезіндегі тергеушінің танымдық қызметі процесінде табылады. Қайшылықты мән-
жайлардың мазмұны із түзілудің екі процесімен қамтылады: біріншісі –
қылмысты істеудің шынайы процесінің дамуы, екіншісі – қылмысты жасыру және
қылмыстың анықталуына қарсы әрекет ету үшін алғашқы ақпаратты өзгерту
бойынша орындалатын әрекеттер.
Қылмыскердің қылмыс оқиғасын сахналауды қателіксіз жүзеге асыруына
объективті және субъективті себептер кедергі болады. Объективті сипаттағы
себептерге келесі мән-жайлар жатады: жалпы және жеке белгілері бойынша
шынайы қылмыстың іздерімен сәйкес келетін іздерді қылмыскердің қолмен
жасанды түрде істей алмауы, қылмысты істеген кезде көптеген объектілерде
іздердің түзілуі. Субъективті себептерге келесілер жатады: қылмыскерде
сахналауды жасау тәжірибесінің және дағдыларының жоқтығы; сахналанатын
қылмыстың жай-жапсарының ерекшеліктері мен ұсақ мән-жайлары туралы
қылмыскерлерде шынайы мәліметтердің жоқтығы; қылмыскердің қорқу, үрейлену
жағдайына байланысты ұстамдылығының төмендеуі; кездейсоқ жағдайлардың
туындауы.
Негізінен, сахналауды қылмысты жасырудың тәсілі ретінде қаза болған
адамның жақын туыстары, жақын араласатын адамдар, кейде ұйымдасқан
қылмыстық топтың мүшелері орындайды. Әдетте жәбірленушімен туыстық,
таныстық байланысы жоқ адамдарға қылмысты жасырудың қажеттілігі жоқ. Мұнда
олардың іс-әрекеттері қылмыс оқиғасын жасыруға емес, қылмысқа қатыстылығын
дәлелдейтін дәлелдемелерді жоюға бағытталады.
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезінде
тергеушінің анықтама органдарымен өзара әрекетінің ұйымдастыру-тактикалық
ережелері деп аталатын 1.2 бөлімшеде өзара әрекет етудің түсінігі,
маңызы, нысандары, криминалистік қамтамасыз етудің мазмұны анықталған.
Соңғы кезде қылмыстарды жасау, жасыру әдістерінің күрделенуі,
қылмыскерлердің тергеуге қарсы әрекетінің күшеюі тергеу және жедел
іздестіру органдары қызметкерлерінің қылмыстарды тергеу мен ашу кезінде
өзінің мүмкіндіктерін, күштерін, білімін тиімді қолданып, дәлелдемелерді
жинау, зерттеу және бағалау қызметін ұтымды жүргізуді талап етеді.
Қылмыстарды тергеу кезіндегі өзара әрекет ету бұл қылмыстарды анықтау,
тез және толық тергеу, кінәлілерді әшкерелеу мақсатындағы тергеушінің,
жедел іздестіру қызметкерлерінің және басқа да субъектілердің нормативті-
құқықтық актілерге негізделген және мүмкіндіктерін тиімді қолдануға,
процессуалды және бейпроцессуалды шараларды тиімді үйлестіруге бағытталған
уақыты, орны, мақсаттары, функциялары, өкілеттіктері бойынша келісілген,
бірлескен қызметі болып табылады.
Тергеуші өзара әрекет етудің ұйымдастырушысы есептеледі. Қылмыстарды
тергеу кезінде өзара әрекет етуді ұйымдастырудың процессуалдық, этикалық,
психологиялық аспектілері бар. Тергеуге қатысушылардың өзара әрекет ету
деңгейін жоғарылату үшін келесілер қажет: тергеуге қатысушылардың
біліктілігінің жоғары деңгейі; әр мүшенің қызметінің мақсатын топ
қатысушыларының дұрыс түсінуі; әр мүшенің пікіріне құрметпен қарау; топ
мүшелерінің міндеттерін нақты бөлу; келіспеушіліктерді болдырмау
мақсатында психологиялық ғылымның мүмкіндіктерін қолдану; барлық
жағдайларда жасалған қателіктердің себептерін түсіндіру; кәсіби этиканың
ережелерін және нормаларын бұлжытпай сақтау.
Тактикалық операция сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын
ашудың және тергеуді ұйымдастырудың маңызды құралдарының бірі болып
табылады. Анықтама органының қызметкерлері жедел іздестіру қызметі
барысында алынған ақпаратты тергеушіге хабарландыруға міндетті, ал
тергеуші өз жағынан жасалған қылмыстардың мән-жайын толық, объективті, жан-
жақты зерттеу үшін маңызды фактілер туралы ақпаратты алу үшін анықтама
органының іздеу мүмкіндіктерін кешенді қолдану қажет.
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тактикалық операциялар
шеңберінде жедел-тергеу тобымен тергеген жағдайда, тергеудің сапасы,
жылдамдығы әлдеқайда жоғарылайды. Жедел-тергеу топ білікті тергеушілерден,
мол тәжірибесі бар қылмыстық іздестіру қызметкерлерінен, мамандардан
құрылу керек. Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын табысты
тергеу арнаулы білімі бар мамандарды тарту, сарапшылардың қорытындыларын
кеңінен пайдалануға байланысты болады. Қылмыстарды тергеудің табыстылығы
тергеуге қатысушылардың өз жұмысына шығармашылық ынтамен қарау,
әрекеттерді құлшыныспен орындау, ойлау қабілетіне байланысты.
Диссертацияның 1.3 бөлімшесі Тергеудің алғашқы кезеңіндегі типтік
тергеу жағдайлары және тергеу болжамдарын құру деп аталады. Сахналаумен
жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеу барысында қалыптасатын тергеу
жағдайларын зерттеуге аса көңіл бөлінеді, өйткені оларды зерттеу
нәтижесінде тергеу процесін бағдарлауға мүмкіндік туады. Қылмыстарды
тергеу әдістемесінде тергеу жағдайы келесі бағыттарда: болжамдарды құру,
құрылған болжамдар бойынша тергеу міндеттерінің шеңберін анықтау, тергеу
әрекеттерін және жедел іздестіру шараларын, тактикалық операциялардың
кешенін белгілеу және тергеу міндеттерін шешуге бағыттау жөніндегі
ақпаратты жүйелеу функцияларын орындайды.
Тергеу жағдайлары және болжамдары келесідей типтендірілді:
жәбірленушінің болуы немесе жоқтығы бойынша: 1 жағдай – күш қолдану
белгілерімен мәйіттің табылуы; 2 жағдай – жәбірленушінің жоғалу фактісі
(хабар ошарсыз) орын алған; сахналаудың түрлері бойынша: 1 жағдай - өзін-
өзі өлтіру белгілерімен мәйіт табылды (асылу, суға бату, өзін өртеу, суық,
атылатын қаруды қолданып өзіне өлім келтіру және т.б.); 2 жағдай - өз
өлімімен өлу белгілерімен мәйіт табылды; 3 жағдай – жазымдық жағдай
белгілерімен мәйіт табылды (көліктегі, тұрмыстағы, өндірістегі, үйдегі); 4
жағдай - күш қолдану белгілерімен мәйіт табылды; бастапқы ақпараттың
сипаты бойынша: 1 жағдай – сахналаудың жасалғанын куәландыратын анық
материалды-бекітілген іздер табылды; 2 жағдай – сахналауды жасаудың анық
іздері табылмады, бірақ сахналаудың материалдық жай-жапсарын жасаудағы
кейбір артықшылықтар, сондай-ақ сезіктінің жүріс-тұрысындағы артық іс-
қимылдар (атиптілік) байқалады.
Қылмыстың оқиғасына, субъектісіне, кінәнің нысанына, ниетіне, қылмысты
жасаудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру туралы
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының криминалистік сипаттамасы
Адам өлтіруді тергеу
Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу
Адам өлтіру қылмысын тергеуде арнайы білімдерді қолдану туралы ақпарат
Криминалистика пәнінен дәрістер
Парақорлық істері бойынша алғашқы тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері
Адам өміріне қарсы қылмыстардың криминалистік шаттамасы
Адам өлтіру қылмысын тергеуде арнайы білімдерді қолдану
Криминалистік әдістеме жүйесі
Пәндер