Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контролллингтің маңызы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1. Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі контроллингтің мәні ... ... .
1.1Контроллинг ұғымы, мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Контроллингтің мақсаты мен қызметтері ... ... ... ... ... ... .

2. Инновациялық сферадағы контроллингтің қағидалары ... ... ...
2.1 Инновация, инновациялық қызмет түрлері ... ... ... ... ... .
2.2 Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі стратегиялық контроллинг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3. Инновациялық жобалардағы контроллинг тұжырымдамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Контроллинг – экономикалық талдау, жоспарлау, басқарушылық есеп және менеджментте пайда болатын қазіргі заманғы басқару теориясы мен тәжірибесіндегі жаңа құбылыс.
Контроллинг – бұл басқару жүйесі. «Контроллингті» алғаш естігенде, әдетте оны бақылау түсінігмен байланыстырады. Бірақ, бұл бір-бірінен ерекшеленетін және бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар.
Бақылау өткен кезеңдегі қателіктер, ауытқулар, кемшіліктер мен проблемаларға негізделіп, кінәлілерді анықтауға бағытталған.
П.Хорваттың пікірінше: «Контроллинг жетекшіліктің менеджменттің барлық жүйелерін үйлестіру (координация) бойынша қолдау көрсету қызметі нәтижеге бағытталған».
Шетелдік әдебиеттерге үңілсек контроллингтің қазіргі заманға дейінгі қалыптасуының 6 тұжырымдамасы бар:
 Контролинг – басқарушылық есеп ретінде (80 ж.)
 Контроллинг басқарушылық ақпараттық жүйе ретінде (80жылдың соңы).
 Контролинг – жоспарлау және бақылау (90 ж. басы)
 Контроллинг үйлестіру қызметі ретінде (90 ж.)
 Контроллинг – басқарудың метажүйесі (90 ж. аяғы)
 Контроллинг шешім қабылдау процесін үйлестіру ретінде (2000 ж.)
Атақты ғалым Х. Фольмут контроллингке былай тұжырымдама берген: «Контроллинг - стратегиялық басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін менеджменте қаржылық-экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты кәсіплорындағы экономикалық жұмыстың функционалды негізделген негізделген базасы болып табылады».
1. Менеджмент организации. // учеб. пособие под. ред. Румянцевой З.П., Саломатина А.Н., М.: 1999г.
2. Друри К. Введение в управленческий учет. - М.,1997.
3. Васин Ф.П. К вопросу о классификации затрат на производство. // Бухгалтерский учет.-1995,№4,с.52-53
4. Стратегия индустриально-инновационного развития Казахстана на 2003 – 2015 годы. – Астана, 2003 г.
5. Захаров М.Н. Контролинг на предприятии – М., 1996
6. Зеленский М.С. Внедрение системы контроллинга на предприятии / М.С.Зеленский; Под ред. Н.В.Войлонского. – СПб: СПбГУЭФ, 2000 г.
7. Попова Л.В., Исакова Р.Е., Головина Т.А. Контроллинг: Уч.пос.-М.: Изд-во «Дело и сервис», 2003 г
8. Контроллинг в бизнесе. Методологические и практические осногвы построения контроллинга в орнганизациях/ А.М.Карминский, Н.И.Оленев и др.-2-изд.-М.: ФиС, 2002 г.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Экономика факультеті

08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығындағы басқару мамандығы
бойынша кандидаттық минимум көлеміндегі
емтиханды тапсыруға арналған

баяндама

Тақырыбы: Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі
контролллингтің маңызы

Дайындаған: аспирант Жүнісбекова Г.Е.
Ғылыми жетекші: э.ғ.д., профессор Сейтқазиева А.М.

Алматы, 2006 ж.
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі контроллингтің мәні ... ... .
1.1Контроллинг ұғымы, мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Контроллингтің мақсаты мен қызметтері ... ... ... ... ... ... .

2. Инновациялық сферадағы контроллингтің қағидалары ... ... ...
2.1 Инновация, инновациялық қызмет түрлері ... ... ... ... ... .
2.2 Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі стратегиялық
контроллинг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3. Инновациялық жобалардағы контроллинг
тұжырымдамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Контроллинг – экономикалық талдау, жоспарлау, басқарушылық есеп және
менеджментте пайда болатын қазіргі заманғы басқару теориясы мен
тәжірибесіндегі жаңа құбылыс.
Контроллинг – бұл басқару жүйесі. Контроллингті алғаш естігенде,
әдетте оны бақылау түсінігмен байланыстырады. Бірақ, бұл бір-бірінен
ерекшеленетін және бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар.
Бақылау өткен кезеңдегі қателіктер, ауытқулар, кемшіліктер мен
проблемаларға негізделіп, кінәлілерді анықтауға бағытталған.
П.Хорваттың пікірінше: Контроллинг жетекшіліктің менеджменттің
барлық жүйелерін үйлестіру (координация) бойынша қолдау көрсету қызметі
нәтижеге бағытталған.
Шетелдік әдебиеттерге үңілсек контроллингтің қазіргі заманға дейінгі
қалыптасуының 6 тұжырымдамасы бар:
▪ Контролинг – басқарушылық есеп ретінде (80 ж.)
▪ Контроллинг басқарушылық ақпараттық жүйе ретінде (80жылдың
соңы).
▪ Контролинг – жоспарлау және бақылау (90 ж. басы)
▪ Контроллинг үйлестіру қызметі ретінде (90 ж.)
▪ Контроллинг – басқарудың метажүйесі (90 ж. аяғы)
▪ Контроллинг шешім қабылдау процесін үйлестіру ретінде (2000
ж.)
Атақты ғалым Х. Фольмут контроллингке былай тұжырымдама берген:
Контроллинг - стратегиялық басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін
менеджменте қаржылық-экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты
кәсіплорындағы экономикалық жұмыстың функционалды негізделген негізделген
базасы болып табылады.

1.Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі контроллингтің мәні
1. Контроллинг ұғымы, мәні мен маңызы

Кәсіпорынның нарықта ауқымды жетуі және орын алуына жетуі үшін
тәжірибеге алдыңғы қатарын прогрессивті әдістерін енгізу қажеттілігі
туындайды. Осындай жаңашылдықтың қатарына контроллингті енгізу тәжірибесін
жатқызуға болады.
Контроллинг фирманың қысқа мерзімді жоспарындағы пайданы
оптимизациялауға бағытталған өмір сүруін , ұзақмерзімді жоспардағы –
қоршаған орта мен үйлесімді қарым-қатынастарын қолдау қамтамасыз ететін
жүйе.
Контроллинг – экономикалық талдау, жоспарлау, басқарушылық есеп және
менеджментте пайда болатын қазіргі заманғы басқару теориясы мен
тәжірибесіндегі жаңа құбылыс.
Контроллинг түсінігі шетелдік әдебиеттерге сүйенсек, кең мағынада
қолданылады.
Контроллинг сөзі ағылшын сөзінен (to control) пайда болған, ең
алдымен реестр, тексерілетін тізім дегенді білдіретін француз сөзінен
шыққан бақылау, басқару деген мағынаны білдіреді.
Бірақ ағылшын тілдес елдерде контроллинг термині пайдаланылмайды.
Англия және АҚШ-та басқарушылық есеп термині түбірге еніп кеткен, бірақ
қызметтік міндеттеріне басқарушылық есепті жүргізу жұмыстары кіретін
жұмысшыларды бақылаушылар (контроллер) деп аталады. Негізінен контроллинг
термині Германияда қабылданып, содан барып Ресейге, біздің елімізге келіп
жеткен делінеді.
Контроллинг – бұл басқару жүйесі. Контроллингті алғаш естігенде,
әдетте оны бақылау түсінігмен байланыстырады. Бірақ, бұл бір-бірінен
ерекшеленетін және бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар.
Бақылау өткен кезеңдегі қателіктер, ауытқулар, кемшіліктер мен
проблемаларға негізделіп, кінәлілерді анықтауға бағытталған.
Контроллинг – кәсіпорын және оның құрылымдық бірліктерінің
ұзақмерзімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін болашақты басқару болып
табылады.
Контроллинг қызметі қазір және келешекте де қателіктерді
мүмкіндігінше жою үшін жоспарланады және реттеу процессін басқаруға
талпынады (Р.Манн).
Қазіргі кезде контроллинг фирманың соңғы мақсаты мен нәтижелеріне
жету процессін басқару жүйесі ретінде, яғни кәсіпорынның таза табысын
басқару жүйесі ретінде анықталады.
Контроллингтің басым (приоритетті) міндеттеріне жататындар:
- басқарушылық есеп жүйесін құру;
- стратегиялық және оперативті жоспарлаудың кешенді жүйесін құру.

Сурет 1. Контроллингтің американдық және неміс үлгілерінің айрықша
ерекшеліктері

1.2 Контроллингтің мақсаты мен қызметтері

Контроллингтің негізгі мақсаты – кәсіпорынның алдына қойған
мақсатына жетуге басқарушылық процессті негіздеу.
Бұл үшін контроллинг келесі қызметтің орындалуын қамтамасыз етеді:
1) сервистік (басқару үшін қажетті ақпарат беру)
2) шешім қабылдау қызметі (басқарушылық қызмет)
3) кәсіпорындағы ішкі бақылау
Сервистік – жоспарлау, нормалау, есепке алу және бақылау жүйесі
арқылы контроллингті ақпараттармен қамтамасыз етуі. Бұл кәсіпорынның
мақсаты мен оның қызметінің соңғы нәтижесіне жетуге негізделген.
Басқарушылық қызмет ауытқуларды кәсіпорын қызметінің жалпы
нәтижелері мен жабу шамасын талдау берілгендерін (мәліметтерін)
пайдаланумен жүзеге асырылады.
Ішкі басқару ұйымдағы бүкіл экономикалық қызметті бақылаумен
түсіндіріледі.
Әр түрлі ғалымдардың контроллинг ұғымына берген анықтамалары
(түсініктері)
Автор Анықтамалар Негізгі қызметі
П.Хорват Жетекшіліктің менеджменттің барлық Үйлестіру
жүйелерін үйлестіру (координация) бойынша
қолдау көрсету қызметі нәтижеге
бағытталған
Х.Ю.Кюппер Кәсіпорындағы бас қару жүйесінің Үйлестіру
үйлестірілуі
Й.Вебер Басқару жүйесін үйлестірудің жалпы Үйлестіру
міндеттерін шешу кезінде жетекшіліктің
басты қолдау қызметін атқаратын
әлеуметтік жүйені басқару элементі
(жоспарлау, бақылау, ақпарат беруге
негіздей отырып)
Д.Хан Кәсіпорын қызметінің интеграциялық Ақпараттық
ақпараттық қызмет ету, жоспарлау және қамтамасыз ету
бақылау жүйесі
М.Лукашевич, Таза табыс табуға байланысты барлық Ақпараттық
Тихоненкова мүмкіндіктер мен тәуекелдерді түсіндіругеқамтамасыз ету
бағытталған кәсіпорындарды экономикалық
басқарудың біртұтас концепциясы
С.Рубцов Басқарудың негізгі қызметтерін Басқарудың
(жоспарлау, бақылау, есепке алу, талдау) барлық
қолдау үшін әдістемелік және қызметтері үшін
инстурменталды базаны қамтамасыз ететін арналған база
жүйе
Р.Манн Басқару жүйесі, кәсіпорын және оның Басқару қызметі
құрылымының ұзақмерзімді қызмет етуін
қамтамасыз ету үшін келешекті басқару
Э.Майер Фирманы тиімді басқару және оның Басқару қызметі
ұзақмерзімді өмір сүруінің немесе жұмыс
істеуін қамтамасыз ететін жетекші
концепция
Х.И.Фольмут Оперативті және стратегиялық басқарушылықҚаржылық-эконом
шешімдерді қабьылдау үшін менеджменте икалық қызмет
қаржылық-экономикалық қызметті жүзеге үшін арналған
асыруға байланысты кәсіплорындағы база
экономикалық жұмыстың функционалды
негізделген негізделген базасы

Сурет 2. Кәсіпорынды басқару процесіндегі контроллингтің атқаратын
ролі.

2. Инновациялық сферадағы контроллингтің қағидалары
2.1 Инновация, инновациялық қызмет түрлері

2002 ж. 3-шілдесінде қабылданған ҚР Инновациялық қызмет туралы
заңына сәйкес инновация - өндірістік кәсіпорынның бәсекеге қабілетін көтеру
мақсатында жаңа және жутілдірілген тауар өндіруді ұйымдастыруға
бағытталған технологиялық ғылыми жаңалықтарды енгізу бағытында жүргізілген
шаралардың жиыниығын және соның нәтижесінде қол жеткізуге болатын
экономикалық және әлеуметтік салдарын айтады.
Инновациялық процестерді басқарудың тиімді жүйесінің жоқтығы
жаңашылдықтардың коммерциялық тұрғыдан нәтижесіздігінің негізгі
себептерінің бірі болып табылады. Нарықтың өспелі серпініндегі
жаңашылдықтарды басқару процесі айрықша маңызға ие. Сондай-ақ,
инновациялар, технология және өнімділік кәсіпорынның басқа қызметтеріне
қарағанда күрделі инвестициялармен және қатермен байланысты келеді. Ең
алдымен мынадай қатерлер орын алады:
-техникалық – инновациялық жобаларды жүзеге асыру процесінде өнімнің
берілген техникалық-эксплуатациялық сипаттамалары сәйкес келмеу
ықтималдылығын білдіреді;
- уақытша – инновациялық жобаларды өз уақытында жүзеге асырмау :
нарыққа кеш шығу өнімнің бәсекелік қабілеттілігін төмендетеді немесе
қазіргі талаптар мен шарттарға қажет болмауымен түсіндіріледі;
- экономикалық (қаржылық), ресурстардың нақты шығындарының жоспардан
артық болуымен түсіндіріледі, өнім өте қымбат болуы және сатылмай қалуы
мүмкін, нәтиіжесінде кәсіпорынның өтімділік дәрежесінің төмендеуіне әкеп с
оғады.
Кәсіпорындағы инновацияны жеке жоба деп қарастыруға болады, себебі
оған жобалардың барлық белгілері тән:
- инновациялар жаңашылдықпен және үздіксіздікпен, осыдан барып
белгісіздікпен байланысты;
- инновацияға кешенділік және әлсіз құрылымдану тән ;
- инновациялар тәуекелмен байланысты;
- инновациялардың нақты анықталған мақсаты бар,мазмұны бойынша
анықталған, жобаны жүзеге асыру уақыты шектеулі және өзгерістерге
бағытталған;
- кез келген жобалар тәрізді инноваиялық бюджет шектеулі;
- инновациялық процесс аралық мақсаттар мен міндеттері бар фазаларға
бөлінуі мүмкін.
ҚР 2002ж 3 шілдесінде қабылданған № 333 ІІ Инновациялық қызмет
туралы заңына сәйкес, инновациялық қызмет нәтижелері - экономикалық өсу
мен бәсекелестік қабілеттілігі үшін пайдаланатын, өндірісті және қоғамды
басқарудың әртүрлі салаларына жаңа идеяларды, ғылими білімдерді,
технологиялар мен өнім түрлерін енгізуге бағытталатын қызмет.
Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлері кіреді:
1) қоғамды басқару саласында жаңа идеялар мен ғылыми білімдерді
енгізу;
2) экономикалық айналымда іске асырылатын жаңа жетілдірілген
өнімді(жұмысты,көрсетілген қызметті), жаңа немесе жетілдірілген
технологиялық процесті жасауға бағытталған ғылыми зерттеу, жобалау,
ізденіс, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды
орындау мен оларға қызмет көрсету;
3) өндірісті технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жузеге
асыру;
4) инновациялық тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізу нарығын
ұйымдастыру);
5) жаңа технологиялық процестерді,тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген
қызметтерді) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар
өткізу;
6) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;
7) инновациялық қызмет нәтижелерін насихаттау мен инновацияларды
тарату;
8) игеру және іске асыру мақсатында интелектуалдық меншік
объектілеріне (0,4 ашылмаған ғылыми,ғылыми-техникплық,және
технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау беру және иемдену
9) ҚР заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет
түрлері жатады.
Жаңа өнімдер мен технологияларды құру жөніндегі жобалық жұмыстарды
басқару едәуір тәуекелмен және белгісіздіктермен ұштас болған сайын,оны
жүзеге асыру мерзімдеріне талаптар жоғары болған сайын,жобаларды басқару
жүйесіне үлкен талаптар қойылады. Мұнда қатаң бақылау тұр емес, қазіргі
заман менеджметінің барлық құраушы бөліктерін құратын және нарықтың
жоғарғы серпінді жағдайлардағы басқару жүйесінің талаптарына жауап беретін
басқару концепциясын құру қажет. Осындай концепция ретінде контроллинг
концепциясы ұсынады.
Контроллинг интеграциялық қызмет (институт) ретінде, әсіресе
инновациялық сферада қолданылады.
Инновациялық жүйедегі ең бір кілтті мәселелердің бірі, басқару
тұрғысынан алғанда, интегралдылықтың жоқтығы, инновациялық процестің
жеке құраушыларының бір мақсатына бағытталуы.
Контроллинг құралдарын ең алдымен инновациялық жобаларды басқару
кезінде қолдану ыңғайлы. Белгісіздік дәрежесі өте жоғары, сондықтан әсіресе
шешім қабылдау процесінде максималды мүмкін ақпараттарды жинау маңызды
болып табылады. Сондай-ақ ғылыми зерттеу және тәжірибелік консрукторлық
жұмыстар бөлімін басқару үшін контроллинг құралы зерттеу және құрастыру
сферасында ерекше орынға ие.
Қазіргі таңда көптеген зерттеу институттарында жобаларды жүзеге
асыруда мынадай нақты жағдай қалыптасқан : жоспарлау, бақылау, басқа
бөлімдермен келісе жұмыс істеу қызметтерін атқару ғылыми қызметкердің өзіне
немесе жоба жетекшісіне жүктеледі. Жоспарлау-экономикалық бөлімдер жоба
бойынша жұмыстарды жоспарлауда белсенділік танытпайды. Сондықтан, біздің
пікірімізше, нақты зертханда ғылыми қызметкердің жерттеу жұмыстармен
айналысуын бақылайтын маман қажет, ал қалған қызметтер әртүрлі
бөлімдерден мамандарды тарту арқылы ұйымдастырылғаны жөн. Бұл маман
жобаның жүзеге асырылуы боынша ақпараттар жинаумен айналысады және жоба
жетекшісін, сондай-ақ кәсіпорынның жоғары деңгей басшыларын осы
ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Сонымен, контроллингтің қазіргі нарықтық жағдайда пайдалану
мүмкіндіктерін келесі шарттардан көруге болады:
▪ Кәсіпорындағы ақпараттық жүйені, ең алдымен басқарушылық есеп
жүйесін құру;
▪ Фирма алдындағы мақсаттарға жету үшін оптималды тұрғыдан сәйкес
келетін кәсіпорында басқару жүйесін оптимизациялау;
▪ Стратегиялық және оперативті жоспарлау жүйесінде оптимизациялау.

2.2 Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі стратегиялық контроллинг
Әрекет ету табиғатына байланысты контроллинг инструментінің
типологиясы:
-стратегиялық (дұрыс іс жасау);
-оперативті (істі дұрыс жасау)
Инновациялық сферадағы стратегиялық контроллинг инновациялық
стратегияны құруда және оның жүзеге асырылуын бақылауда, инновациялық
жобаларға қатысты шешім қабылдау кезінде стратегиялық менеджментті
қолдануға бағытталған.
Инновациялық сферадағы оперативті контроллинг ғылыми зерттеу дәне
тәжірибелік конструкторлық жұмыстармен айналысатын бөлімнің қызметін
жоспарлау тиімділігі және инновациялық жобаларды жұзеге асыруды бақылау
мәселелерін шешеді.
Инновациялық фирмада стратегиялық аспекте контроллингтің негізгі
шешілетін мселелері стратегиялық жоспарлауды қолдау болып табылады. Ең
алдымен стратегилық ақпаратпен жұмыс істеуде, яғни релевантты стратегиялық
ақпараттарды анықтау, ақпарат көздері, ақпаратты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтің рөлі
Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
Инновациялық гранттардың қаражаттары
МҰНАЙ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДА
Нарық жағдайындағы фирма қызметіндегі тауар саясаты
Нарық жағдайындағы фирма қызметіндегі тауар саясатының теориялық аспектілері
Негізгі өндірісті ұйымдастыру
Сот медицина орталығы
Персоналды басқару қызметінің кадрлық потенциалы
Теміржол көлігіндегі инновациялық қызметті талдау
Пәндер