Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 ХVІІІғ. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары

1. 1 Отарлардың әлеуметтік - экономикалық жағдайы

1. 2 Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы

2 Саратога түбіндегі жеңіс

2. 1 АҚШ-тың құрылуы

2. 2 Соғыстан кейінгі жағдай

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курс жұмысының өзектілігі мен маңыздылығы . Солтүстік Американың 1775-1783 жж. тәуелсіздік үшін соғысы Англия тарапынан жасалынып отырған әділетсіздіктер мен зорлық-зомбылықты дәріптеп, Солтүстік Американың наразылығы мен бөлінуге деген ұмтылысын күшейтті.

ХVІІІғ. орта тұсында колонияда шаруашылық жағдайларымен, ішкі сауда анағұрылым өсті. Плантаторлар өз өнімдерін сыртқа шығара бастады, портты қалалары болғандықтын метрополияға тәуелді болмады. Тұрғылықты халықтың саны күнен-күнге өсе түсті.

Колониялардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, ішкі және сыртқы сауда порты қалалар - Бостон, Нью-Иорк, Филадельфия, Балтимор, Чарлстон т. б. көбеюімен ерекшеленсе, мәдениет пен білімнің дамуы ХҮІІІғ басында колонияларда өз газеттері мен қоғамдық және жеке меншік мектептер, колледждердің пайда болуы, осылардың негізінде дүниежүзіне әйгілі америкалық университеттер Гарвард, Принстон, Колумбиялық, Иельский университеттері ашылғын.

Колониялық дәуірдің соңғы кезінде америкалық ағарту саласының саңлақтары, ойшылдары Бенжамин Франклин, Томас Джефферсон, ДЖон Адамс, Джеймс Мэдисон және де т. б ұрпақтар өсіп шықты. Мұның бәрі тек ұлттық тек материалдық жағынан ғана емес, сонымен қатар рухани байлықтың өскендігін, тәуелсіз ел боламын деген арманының тууына әкеліп тіреді.

Солтүстік Американың тәуелсіздік алуы мен АҚШ-ның құрылу тарихы, оның жүріп өткен жолдары, жеткен жетістіктері, бүгінгі таңдағы даму жолдары мен бағытттары кімді болса да ойландырмай қоймайды. Сондықтанда студент біздер үшін Америка Құрама Штаттарының тарихын білу, оның тәуелсіздік жолындағы күресін оқып-үйрену, егеменді еліміз үшін АҚШ-мен дипломатиялық қарым-қатынастар орнату маңызды екендігін көреміз.

XX ғасырдың соңында КСРО құрамындағы 15 республика өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізді. Бір мемлекет басшылыған бағынған бұрынғы кеңестік республикалар енді алдағы уақытта тәуелсіздік алғаннан кейін олар қалай жүру керек, қандай бағыт ұстану керек деген мәселелері толғандырады.

Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап ұзақ мерзімді Ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы сыртқы саясатты белсенді жүргізіп келеді. Бұл арада Қазақстанның маңызды аспектілердің бірі АҚШ- мен де сыртқы байланысты үзбей қарым-қатынаста болуы, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі.

1775 жылы мамырда жиналған екінші континентік конгресс америка өкіметіне айналды. Болашақ америкалық мемлекет басшылығына виргиниялық ірі плантатор, кейін АҚШ-тың тұңғыш президенті болған Джордж Вашингтон сайланады. (1732-1799жж) тағайындалады.

Конгрестің аса маңызды шешімінің бірі - 1775ж 14 маусым күні қабылданған тұрақты әскер құру жөніндегі шешім болды. Дж. Вашингтон тұрақты армияның Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Ол ағылшын отарлық саясатын жек көретін, король үкіметінің кесірінен ондаған мың акр иелігінен айырылған адам еді.

1765ж күзде 13 Солтүстік американ отарларының өкілдерінің конгресі шақырылып, онда «Первая декларация прав колонистов и причин их неудовольствия» деген құжат қабылданып, отар тұрғындары өкілдерінің Ұлыбританияның қауымдар палатасында жоқ екенін, салықтардың сыртан салынатындығы туралы ашына айтып, отарлар мен метрополия арасындағы қатынасты екі жаққа да тиімді етіп ретттеп отыруға болатынын ұсынды.

Конгресс 1776ж көктемінен бастап шешуші қимылға көшті. Сол жылдың 10 мамырында барлық отарларға Ұлыбританияда тәуелсіз жергілікті үкіметтерін жасауға рұқсат берді. Бұл әрекет отарлардың тәуелсіздігін жариялауға қажетті алғышарт болып қалыптасты.

1776ж америкалық ағартушы демократиялық бағыт идологы басқарған құжат тарихта тұңғыш рет мемлекеттік құрылыстың негізі ретінде халық егемендігі принципі жариялады.

АҚШ-тың тарихындағы аса құнды, тарихи маңызы бар «Тәуесіздік декларациясын» дайындау үшін Томас Джефферсон, Бенджамин Франклин, Джон Адамс, Роджер Шерман, Роберт Ливингстон кірген комиссия құрылды.

Қазіргі таңда да АҚШ халқы үшін аса бағалы «Тәуелсіздік декларациясы»1776ж 4 шілде күні қабылданды. Бұл күн бүгінгі таңда Америка Құрама Штаттарының Ұлттық мейрам күні.

Декларация ағылшын королі мен парламентін озбырлық әрекеттері үшін және адам құқығын бұзғандығы үшін айыптап, бұдан былай отарлар «Еркіндікте және тәуелсіз штаттар» деп саналсын (соғыс жариялауға, бітім жасауға және кез-келген актілер мен әрекеттерді жүзеге асыруға толық құқықты екендігін мәлімдейді) .

Декларацияның мазмұны Англия отаршыларымен байланысты ескі тәртіпке қарсы күресіп отырған буржуазия мен оның кейбір плантаторлар одақтастарының мүддесіне сай келді.

Бұл құжаттың тарихи маңызы зор. Солай бола тұрса да кемшіліксіз де емес. Құлдықты сол күйінде қалдырды, әйелдерге теңдік әпермеді. Декларация нәтижесінде Америкада үкімет билігі ұлттық буржуазия мен плантаторлар блогының қолына өтті.

Америка Құрама Штаттары деп аталған тәуелсіз мемлекет құрылды.

Курс жұмысының мақсаттары мен міндеттері . Курс жұмысы Америка Құрама Штаттарының тарихын зерттей отырып өзінің алдына мынандай міндеттер мен мақсаттарды қояды.

-ағылшын үкіметінің Солтүстік Америкада жүргізген отарлық саясатын жан-жақты ашып көрсету;

-Солтүстік Америкада ашылған алғашқы он үш штаттың колониялардың құрылуын;

-жергілікті үндістердің тағдырын;

-отарлардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын;

-тәуелсіздік соғыстың барысы мен қорытындысын;

- Тәуелсіздк декларация құжатының маңызы мен мақсатын;

-Америкалық ағарту саласының өкілдері Т. Джефферсон., Дж. Вашингтон., Дж. Адамс. т. б. іс-әрекеттерімен танысу:

Осы міндеттерді аша отырып бүгінгі таңдағы АҚШ зерттеушілері өздерінің тұрақты мүдделерінің қатарына АҚШ-тың аумақты тұтастығын, халқының аман-саулығын және экономикалық- саяси институттыраның тұрақты әрі өнімді қызметінің сақталуын жатқызады. Сондықтан АҚШ демократиялык құндылықтардың қанат жаюы мен маңызды шикiзат корларының американ компанияларына ашық болуына мүдделi.

1 XVIII ғ. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары 1. 1 Отарлардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Атлант мұхитының жағалауларында Солтүстік Америкада 1607 жылы I Яков корольдің рұқсатымен тұңғыш рет отарларды негіздегендер Лондон және Плимут акционерлік компаниялары болды. Алғашқы Солтүстік Америка жағалауында орныққан тұрақты колония - Вирджиния. Ол бойдақ ханшайым Елизавета I-нің құрметіне аталды. Осыдан кейін тағы 12 ағылшын отарларының негізі қаланды. Олардың негiзгi қожайыны король болып есептелді, компаниялар ол жақта тапқан алтын мен күмістің бестен бip бөлігін беруге тиіс болды және адамдарды қоныстандыру мен берілетін жерді корольдің атынан жүргізуге міндеттенді. 1606 жылғы желтоқсанда жүзіп шыққан Лондон компаниясы кемелермен сол жаққа қоныстануға тілек білдіргендерді тиеп алып, 1607 ж. мамыр айында Джеймс өзенінде Джеймстаун фортын негіздеді. Ере келген адамдар ауасына, суына 6ipден көндікпеді, қыста жағдай ауыр болды, ашықты, әуелі Үндістер көмектесті, кейіннен келімсектердің зорлығын көрген соң көмек беруді тоқтатты. Жауласты. Көбі аштан өлді. Вирджинияға 1610 жылы 500 адам әкелінгенді, олардың тек 60-ы ғана аман қалды.

Отардың iciн жолға қою үшін король үкіметі губернатор тағайындады. Отарда бірінші күннен-ақ қоғамдық құрылым қалыптасты. Вирджинияның тұрғындарының ең жоғарғы тобы - губернатор бастаған отарлық әкімшіліктің мүшелерінен, орташа топ - саны аз ағылшын джентельмендерінен, компанияның акционерлерінен, Америкаға келердегі шығынды өзі төлеп келгендерден яғни фримен - еріктілерден, ал төменгі топ - Вирджинияға компания есебінен жөнетілген адамдардан яғни белгілі мерзімге жұмыс icтeyre келісім-шарт жасасқан - сервенттерден тұрды. . [1]

Вирджиния жері тың, ну күйде болатын. Содан да оны тазартуға көп күш керек болды. Англиядан әкелінетін сервенттер өте қымбатқа түсті. Үндістерді құлдыққа айналдыру әрекеті онша нәтиже бермеді. Отарға әкеліне бастаған қара еріксіздер негрлер еңбегі тіимді болды, ceбe6i оларға ешқандай келісім-шарт керек емес, өмірлік құлдар еді. Тұңғыш рет негр - құлдарды Вирджинияға 1619 ж. Голландия кемесінің капитаны әкеліп сатты. Егер 1630 жылы Вирджинияда бар болғаны 50 негр болса, 1660 жылы Солтүстік Америкада 950 негр болды, 1700 жылы негрлердің саны -23118, 1780 жылы 220582-ге жетті. Қaзipгi АҚШ-тағы негрлердің тарихы осылай басталған. XVII-XVIII ғасырлар барысында Атлант мұхиты жағалауында ағылшынның 13 отары құрылды. Жеке меншік отарларына Солтүстік және Оңтүстік Каролина, сондай-ақ Нью-Йорк провинциясы жатты. Жаңа Амстердам қаласының аты Нью-Йорк деп өзгертіледі де, бұл атау бүкіл отарға таралады. 1685 жылы оның иесі герцог Йоркский король Яков II болады, ал отар корольдікке айналады. Басқа иелерге берілген оның оңтүстік бөлігі Нью-Джерси деп аталынатын болды. Делавэр отары 1776 жылға дейін ресми түрде Пенсильвания құрамында болды. Орталық атлантикалық отарлар Пенсильвания, Нью-Йорк, Нью-Джерси - астық өңдеуге маманданды Солтүстік отарларда - Жаңа Англия (НьюГемпшир, Коннектикут, Массачусетс, Род-Айленд) қолөнер, мануфактура кең өpic алды. Фермерлік шаруашылық жасалды. Оңтүстікте Оңтүстік Каролина, Джорджия - құл еңбегіне негізделген плантациялык, шаруашылық негізделді. Онда темекі, индигофера, күріш, мақта өсірілді. Олар жерді өте дөрекі пайдаланды, 5-6 жылдан кейін жер тозды, жаңа жер алу керек болды. Бұлар өндірген аты аталған өнімдерін Англияның фабрикаларына өткізіп отырды. Сондықтан олар метрополиямен өте тығыз байланыста болды. Отарлардан балық, құнды терілер, ағаш, темір жөнелтілді.

Еуропада, әcipece, темекі өтімді болды. Егер 1666 жылы Америкадан 8 мың кг темекі сыртқа шығарылса, келеci жылы екі еселенді, он жылдан кейін 600 мың кг, 1690 жылы - 8 миллион кг, 1775 жылы - 40 миллион кг-ға жетті.

Солтүстік және Орталық отарларда қолөнер мен мануфактура дамыды. 1631 жылы сыйымдылығы 60 тонна кеме жасалса, 1650 жылы сыйымдылығы 300 тонналық, 1725 жылы 700 тонналық кеме суға түсірілді. Францияға, Испанияға, Португалияға балық өнімдерін апарып сатты.

Тоқыма өндірісі жасалды. Әуелі ол жергілікті сұранысты өтеді. Ал кейін рынок үшін өндіре бастады.

Король үкіметтері (Анна (1702-1714), I Георг 1714 ж. таққа келді) әбден күшейіп, енді өзінің колонияларын пайда табудың көзіне айналдыруға қажетті мүмкіндіктерге ие бола бастады. Отарлар тек Англиямен ғана сауда жасады, басқа елдермен, өзі қалаған тауарлармен сауда жасау еркi болмады. Бұл отарларда қалыптасып отырған жергілікті үстем тап өкілдері - буржуазияның мүддесіне қайшы келді. 1699-1750 жылдар арасында жүн, қалпақ, тepi, темір т. б. өнімдер түpi туралы қабылдаған король үкіметінің актілері жергілікті өнеркәсіпті одан әрі дамуын тежеді. Ақша шығаруға тыйым салды. Ағылшын кемелерін жасауға керек болады деп қоныс аударушыларға ағаштың тәуip түрлерін кесуге рұқсат бермеді. Батыстың бос жатқан жерлерінен жер алуға тыйым салды. Метрополия өзіне тиімді, қажет өндіріс салаларын дамытуға күш салды (кеме жасау, темекі, мақта өcipy) .

Англияның король үкіметі жүргізген бұл шектеулер отарларда буржуазиялық бағытта дамуға үлкен кедергіге айнала бастады, әрине, бұл жерде отарлардағы капиталистік даму тоқтап қалған екен деген ұғым тумасын, буржуазиялық бағыттағы даму одан әpi жалғаса берді. Қалалар өсті. 1713 және 1763 жылдар аралығында отарлардағы қала тұрғындары үш есе, жалпы отар тұрғындары - 5 есе өсті . .

Оңтүстіктің плантаторлары да сауда және қаржы операциялары арқасында тез байи түсті. Бұл бағыт олардың да метрополияның отарлардың буржуазиялық дамуына жасап отырған шектеулеріне деген наразылығын күшейтті. [2]

Американ ұлты қалыптаса бастады. Оның көрінісі Бенджамин Франклин 1727 жылы негіздеген Филадельфиялық хунта болды. Бұған жергілікті баспагерлер, қолөнершілер, саудагерлер, клерктер, тағы басқалар білім алуға жұмылдырылып, отанының тағдыры үшін жаны ашығандар мүше болып бірікті.

Американ халқының ұлттық санасын оятуда және дамытуда зор еңбек сіңіргендердің 6ipi жер аристократиясының ортасынан шыққан жан-жақты білімді адам Томас Джефферсон, ол ағарту ілімін уағыздады. Франклин де, Джефферсон да француз және ағылшын ағартушыларының ілімдерінің ықпалында тәрбиеленген адамдар еді. Бұлардың еңбектерінен осы ықпал сезіліп тұрады.

Территориялық жағынан тұтастығы, ортақ тiлiнiң қалыптасуы мен ортақ мәдениеттің жасалуы XVIII ғасырдың ортасында Англияның Солтүстік Америкадағы отарларда жаңа ұлттың қалыптасқандығының сөзсіз белгісі eді. Осылайша Англиядан бөлінуге қажетті - дербес республика құруға керек шарттардың 6әpi Солтүстік Америка отарларында толық қалыптасып болды. Бұл айтылғандардың бәрі болайын деп тұрған Солтүстік Американың буржуазиялық революцияның алғышарты - себептері.

Англия тарапынан жасалып отырған әділетсіздіктер мен зорлық-зомбылық Солтүстік Американ тұрғындарының жаппай наразылығы мен одан бөлінуге деген ұмтылысын күшейтті. Англияның тарапынан жасалған бұл сияқты зорлық-зомбылық сипатын «Практикум по новой истории» (1640-1870) деген кітаптың деректі мәліметтерін оқу арқылы жақсы түciнyre болады. Әcipece, Томас Пейннің «Здравый смысл» деген памфлетін оқу аса қажет. Бұнда автор корольді және оның үкіметін қатты сынады. Король тек соғысуды біледі, қызметтерді таратуды ғана біледі, ұлтты қайыршыландырып, оның арасында алауыздық туғызуды ғана біледі - деп жазды Т. Пейн. Сондай-ақ ол осы памфлетте Ұлыбританиямен байланысты әсірелеуші адамдарды әшкерелеп, Англиямен байланыста болғалы Американың тек күйзелістен басқа, дамуына келтірген кедергілерінен басқа ештеңе таппағанын айта келіп, ажырасатын уақыт келді- деп жар салды. Корольмен ымыраға келудің Америка үшін өліммен тең екенін айта келіп, «біздің күшіміз санда емес, бірлікте, енді біздің күшіміз жеткілікті»- деп сенім ұялатты. [3]

XVIII ғасырдың 70 жылдарында Англия үкіметі тарапынан жасалып отырған сауда және өнеркәсіптегі шектеулерден құтылуға деген ұмтылыс күшейді. Корольдің тарапынан салынатын еркін салықтар да ығырын шығарды.

Жеті жылдық (1756-1763 жылдар) соғыстан кейін қарыз көбейді, «пәтерлік акт»-деген құжат бойынша отарларға әскер әкеліп орналастырды. Оны отар тұрғындары асырауға тиісті болды. Екiншi жағынан, король әскерді әдейі әкелгені түсінікті болып отыр.

XVIII ғасырдың басында отарларда жаңа мануфактуралар ашуға, отарлардан жүн бұйымдар, басқа аспаптар алып шығуға тыйым салған жарлық шықты. Бұл жарлық ағылшын кеңестерінің экономикалық мүддесін көздеді.

1765 жылы ағылшын парламенті елтаңба салығын салды. Оның мәні - шаруашылық және заң құжаттарын жасау үшін, хабарландырулар мен анықтамалар үшін баж салығын салу болды. Елтаңба салығы Солтүстік Американ қоғамының барлық әлеуметтік топтарын қамтыды. Анықтамасыз, хабарландырусыз, шаруашылық құжаттарынсыз өмір сүру мүмкін емес. Бұл салық отар тұрғындарының арасында наразылықтың күшеюіне зор түрткі болды. Салық жинаушы - чиновниктерді сабап, өлтіріп жіберіп отырды. Отарларда демократиялық күштер 6ipiгiп топтаса түсті. Оның мысалы ретінде 1765 жылдың. аяғы мен 1766 жылдың басында құрылған «Сыны свободы» деп аталатын бірінші көпшілік-революциялық ұйымды атауға болады. Бұл - қозғалыстың радикалды көзқарастағы өкілдерінің ұйымы болды. Олар бірінші күннен-ақ көпшілікті өз жағына тарту үшін әрекет жасады. Ағылшын тауарларына бойкот жариялауға мұрындық болды. 1764 жылы тұңғыш әрекет болған бұл қозғалыс 1765 жылы жаппай сипат алды. 1765 жылы қазанда Нью-Йорк көпестері бастаған бұл бойкотқа кейін Филадельфия, Бостон көпестері қосылды. Ұйымның өкілдері бойкот шартының бұзылмауын қатаң қадағалады. Ұйымға қоныс аударушылардың қалың бұқарасының қатысуы оған үлкен түрткі болып, одан әpi күшеюге итермеледі. Елтаңба салығының 1766 жылы 22 ақпанда қысқартылуы үлкен жеңіс болды. Америка тұрғындарының енді Англия королінен жалынып сұрау арқылы емес, күрес арқылы табысқа жетуге болатыны туралы ceнімі күшейді.

Бойкот үлкен нәтиже берді. Ағылшын тауарларының солтүстік және орталық отарларға әкелінуінің көлемі - 6ip жылда 2, 5 есе азайды. Ал 1770 жылдан бастап (1770 жылғы 2 наурыздағы Бостон оқиғасы) тәуелсіздік жолындағы қозғалыстың жаңа кезеңі - белсенді қарсыласу кезеңі басталды. [4]

1765 жылы күзде 13 Солтүстік американ отарларының өкілдерінің конгpeci шақырылды. Онда «Первая декларация прав колонистов и причин их неудовольствия» деген құжат қабылданып, отар тұрғындары өкіл-дерінің Ұлыбританияның қауымдар палатасында жоқ екені туралы, салықтардың сырттан салынатындығының әділетсіз екендігі туралы ашына айтып, отарлар мен метрополия арасындағы қатынасты екі жаққа да тиімді eтiп реттеп отыруға болатынын ұсынды.

Ағылшын үкіметінің аграрлық саясаты да фермерлер мен жалгерлердің наразылығын күшейтті. «Қатаң рента» шартын енгізді. Астық шықса да, шықпай қалса да, су тасқыны, дауыл болып, 6ip сөзбен айтқанда табиғат құдіретінің кесірінен өнім болмай қалса да, жалгер жер иeciнe белгіленген мөлшердегі берешегiн «жерден қазса» да тауып беруге тиіс болды.

Бұның бәpi елде британ отаршыларына қарсы үлкен наразылықтың нeгiзi бар екенін көрсетті, ал екінші жағынан отар тұрғындарының өз арасында да әлеуметтік қайшылық шиеленісе бастады. Оған мысал тәуелсіздік жолындағы соғыстың қарсаңында Солтүстік Америка отарлары үстем таптарының король үкіметіне деген көзқарасында тәуелсіздік төңірегіндегі ұстанған бағытынан көруге болады.

Король сыйлаған жері бар Шығыстың жер иелері, плантаторлардың Лондонмен немесе Англиямен тиімді байланыс жасап отырған тобы, ағылшын рыногынан айрылып қалудан қауіптенген көпестер, король үкіметімен байланысты қызмет атқарып отырған чиновниктер, дін басылары Солтүстік Америка отарларындағы Англия үстемдігін қолдап, одан бөлінбеуді уағыздады. (Бұлар тори тобы - роялистер) . Сондай-ақ Виги тобы да қалыптасты. Бұлардың өзінің eкi ағымы - самарқау және радикалды яғни революцияшыл-демократиялық ағымы болды. Самарқаулар тобына кіргендер - плантаторлар мен буржуазияның патриоттық тобы. Бұлар батыстан жер алып, отарлардың экономикасын дамытуға қажетті жағдайлар жасау үшін ұмтылғандар. Фермерлер, қолөнершілер, жұмысшылар, ұсақ саудагерлер - революцияшыл-демократиялық ағым ретінде тәуелсіздік сатысында батыл да шешуші қимыл жасауға бейім топ болды. Сондай-ақ тәуелсіздік соғысы кезінде негрлер үлкен үлес қосты.

Революция басталған кезде негрлердің саны шамамен 600 мың яғни көтерілген отарлардың тұрғындарының 20 % болатын.

Жоғарыда айтқан роялистерден 1775- 1783 жылдардағы соғыс қимылы кезінде 30-дан 50 мыңға дейін адам Англия жағында соғысты. Мысалы 1780 жылы роялистердің әскери құрамаларында 8мың адам болса, Ва-шингтонның тұрақты әскерінде 9 мың ғана адам болды.

1770 жылы 5 наурызда Бостонда қала халқы мен британ жасағының арасында қақтығыс орын алды. Нәтижесінде бірнеше адам қайтыс болып, жараланады. Осы тұста «Бостандық ұлдары» Англиядан әкелінген тауарларға ұжымдық бойкот жариялайды да, көше саясатын қолайлы пайдаланып кетеді. Осы әрекеттерді ұйымдастырушылардың бірі, бостандық күрескері Сэмюэл Адамстың ұсынысымен отардағылардың бір тобы үндістердің киімін киіп, Англияға кетуге даяр тұрған Ост-Үнді компаниясының шай тиеген кемесіне басып кіре, тауарларды суға лақтыру әрекетін ұйымдастырады. Бұл оқиға тарихта «Бостондағы шәй ішу» деген атпен қалды. Бұл әрекет патриоттық немесе британдарға қарсы күштердің орталықтануының байланыс комитетінің негізін салды.

Ағылшын үкіметі бұл жәйттерге шара қолдану ретінде Бостондық порттарды жауып және американдық солтүстік-батыс бөліктерді өзінің Квебек (Канада) провинциясына қосу шараларын, Массачусетсте арнайы қатаң әкімшілік талаптарды ұйымдастыра бастайды. Отарлардағы патриоттық ұйымдар тағы да бұл төзгісіз актілерге қарсы тұрады. 1774 жылы қыркүйекте Филадельфияда тарихтағы отар өкілдерінің кеңесі - Бірінші құрлықтық конгресс шақырылады. Конгресте қабылданған «құқықтық декларацияда» отарлардың өзін-өзі басқару құқығы және отардағы азаматтардың өмір сүру, бостандық, жеке меншік құқықтары туралы айтылды. Бұл конгреске Джорджиядан бөлек барлық отардың өкілдері қатысты. Конгресс мүшелерінің көпшілігі туындаған мәселені бейбіт жолмен реттеуді және американ отарларының Британ империясы құрамында қала беруін ұсынды. Алайда С. Адамс, П. Генри, К. Гадсден және олардың ізбасарлары Британ әскерлеріне қарсы шабуылдың жақтаушылары болды. [5]

1. 2 Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Англияның отарлық империя болып қалыптасуы және ағылшын отарлауының бағыттары
Ағылшын революциясының тарихи маңызы
Жаңа заман тарихын оқытудың маңыздылығы
АЛҒАШҚЫ ОТАРЛАРДАН АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА ДЕЙІН
Америка төңкерісі
Колумбтың төртінші экспедициясы
Канаданы Францияның отарлауы тарихы
Жеті жылдық соғыс, 7 жылдық соғыстан кейінгі Еуропа дипломатиялық жағдайы
Канаданы Францияның отарлау тарихы
Америка
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz