Мемлекеттік қызмет белгілері


Жоспары:
1. Кіріспе
2. Мемлекеттік қызмет белгілері
3. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу және олардың жауаптылықтары
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұрынғы Кеңес өкіметінің кезінде мемлекеттік қызметке арнайы арналған заңнама болмады. Ол кезде мемлекеттік қызмет адамдардың еңбек ету қызметі нысандарының бірі ретінде түсінілді, оның ерекшелігі тікелей қол еңбегімен материалдық құндылықтар жасау немесе қандай да бір өндірістік - шаруашылық қызмет көрсету емес, әкімшілік (ұйымдастыру, басқару), әлеуметтік - мәдени және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыру болып саналды.
Мемлекеттік қызмет осындай кең мағыналы ұғымында кез келген мемлекеттік ұйымдағы, яғни тек қана мемлекеттік органдардағы емес, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардағы да (басшылар, инженер-техникалық қызметкерлер, т. б. ), сондай-ақ мемлекеттік мекемелердегі де (мектептер, мәдени-ағарту және медицина мекемелері, т. б. ) жұмыс түсінілді. Егер нақты бір адам мемлекет құрған лауазымға орналасқан болса, ол мемлекеттік қызметшілер қатарына жататын болды.
Сонымен бірге қандай да болмасын бір қызметкерді мемлекеттік қызметшілер қатарына жатқызудың ең маңызды белгісі оған еңбек ақы төлеудің көзі болды: мемлекеттік қызмет өзінің барлық көрінісінде мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік қызметті соншалықты кең ұғынумен қатар оны тар мағынада түсіну де болды. Соған сәйкес мемлекеттік қызмет болып қандай да бір мемлекеттік ұйымда кез келген өндірістік емес функцияларды орындау емес, тек мемлекеттік органдардың аппаратында, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер әкімшілігінің құрамына кіретін адамдардың қызметі танылатын. Мемлекеттік басқару аясына орай мемлеттік қызмет деп мемлекеттік ұйымдардың әкімшілік-етушілік (мемлекеттік-басқарушылық) сипаты бар функцияларды жүзеге асыру процесіне қандай да бір нысанда тікелей қатысушылары болатын адамдардың қызметі саналды.
Әкімшілік-басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтың , ал мемлекеттік қызметшілердің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығы нормаларының реттейтін обьектісі болды.
1995 ж. дейін жағдай осылай болды. 1995 ж. 26 желтоқсанда ҚР-сы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар жарлығы шықты-бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік-құқықтық акті еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999 ж. 23 шілдеде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды.
Аталған заң бойынша мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Бұл анықтамада мемлекеттік қызметтің шектелген ұғымы айқын көрініс тапқан: тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік - қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік-мәдени мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмыс, тіпті ол таза басқару немесе ұйымдастыру функцияларын орындаумен байланысты болса да мұндай қызмет болып танылмайды, өйткені мекемелер мен кәсіпорындар мемлекеттік органдар болып танылмайды.
Сондықтан, мемлекеттік қызмет қазіргі кезде шенеуніктердің (төрелердің) қызметіне тіреледі.
Мемлекеттік қызмет принциптері.
Мемлекеттік қызметтің принциптері ҚР-сы Конституциясының Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар деп бекіткен нормаларға негізделеді. Олар мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен нақты жүзеге асырудың аса маңызды заңдылықтарын белгілейді.
Мемлекеттік қызмет туралы заңның 3-б-да мемлекеттік қызмет негізделетін принциптер бекітілген.
1. Заңдылық принципі мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған және олардың құқықтарын қамтамасыз еткен кезде ҚР-сы Конституциясы мен заңдарының өзге нормативтік құқықтық актілерден жоғары күші болатындығын білдіреді. Бұл Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады деген ҚР-сы Конституциясының 4-б. 2-т-ның нормасына негізделеді.
2. Қазақстандық патриотизм принципі, мемлекеттік қызметшінің өз Отанын, халқын сүйетіндігін, оларға деген терең сезімін, берілгендігін, Республиканың тәуелсіздігін нығайтуға, онда өркениетті демократиялық қоғам құруға, елдің экономикасы мен мәдениетін, ең алдымен өз халқының тілі мен дінін дамытуға бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтындығын білдіреді.
3. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастық принципі. Бұл Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол аталған тармақтардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады деген Конституцияның 3-б-ның 4-т-на негізделген.
Сонымен бірге бұл биліктің әрбір тармағының атқаратын қызметінің ара-жігін ажыратуды, нақтылап белгілеуді көздейді. Олардың әрқайсысының белгілі бір шамада дербес болатынын, өз функцияларын орындағанда белгіленген шекте тәуелсіз екендігін білдіреді. Солай бола тұра бұл принциптің мәнінен мемлекеттік қызметшінің заң шығарушы органның депутаты болуға құқығы болмайтындығы туындайды. Немесе керісінше: депутаттар мемлекеттік қызметте бола алмайды.
4. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдық принципі. Бұл Қазақстанның заңнамаларындағы жаңа ереже мемлекеттік қызметшілердің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын білуге, сақтауға және қорғауға міндеттейді. Қазақстанда құрылып жатқан құқықтық мемлекет үшін адамның ең қымбат қазына екендгін тану және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеліп соқтыратын іс-әрекеттері үшін барлық мемлекеттік қызметшілердің «мемлекеттік қызмет туралы» заңда қаралған жауапкершіліктері болмай қалмайтындығы міндетті болуға тиіс.
5. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығын сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы принципі. Оның мәні мынада, мемлекеттік қызметке қабылдаған кезде нәсіліне, жынысына, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрақты тұратын жеріне, дініне, иланымына, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер қоюға болмайды. Мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігі Қазақстанның азаматы болуына, жасына және мемлекеттік қызметшілер үшін қойылатын басқа талаптармен ғана байланысты.
6. Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі принципі ҚР-сы Конституциясының 24-б-ның 1-т-да бекітілген әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы барлығына негізделеді.
7. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік және жоғарғы біліктілік принципі мемлекеттік лауазымның бос орнына кандидатты іріктеген кезде пайдаланылатын негізгі белгілер. Басымдық ең лайықтыға, жақсы дайындығы барға, мамандығы бойынша жұмысының көп өтілі барға, іс-жүзінде өзінің ұйымдастырушылық қабілеттілігін көрсеткенге беріледі.
8. Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу принципі ҚР-сы Конституциясының 24-б-ның 2-т-да бекітілген әркімнің өз еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар деген ережеге негізделеді.
9. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер үшін міндеттілік принципі Қазақстан мемлекеттілігінің негізгі бастауларының бірі болып табылады. Ол мемлекеттік биліктің біртұтастығына және заңның жоғары күші болатынына, төменгі органдардың жоғарғы органдарға бағыныстылығына негізделеді. Осының арқасында мемлекеттік механизмнің барлық буындарында атқарушылық тәртіп үшін шынайы жағдайлар жасалынады.
10. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу және есептік принципі мемлекеттік қызметтегі тәртіпті нығайтудың, мемлекеттік қызметшілердің өздерінің міндеттерін ойдағыдай орындауын қамтамасыз етудің, олардың сол үшін жауапкершіліктерін арттырудың аса қажетті және тәжірибеде сыналған пайдалы тәсілдері.
11. Қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру принципі мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың ашық болуын, мемлекеттік органдарға қол жетерлік болуын және олардың мемлекеттік қызметшінің тағдыры, құқықтық жағдайы туралы мәселелерді оның ырзашылығымен және келісуімен шешулерін болжайды. Жариялылықты кеңейітпейінше, қоғамдық пікірді ескермейінше, бақылау үшін ашық және қол жетушілік болмайынша мемлекеттік қызметшілердің шынайы бақылауда болуы мүмкін емес. Мемлекеттік органдардың бірде-бір қызметкері бақылаудан, сыннан тысқары қалуға тиіс емес.
12. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу принципі олардың қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайлар туғызуды, қызметтік міндеттерін орындауға тосқауыл болатын кедергілерді жоюға тиісті шаралар қолдануды көздейді. Қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуы: олардың еңбегінің беделін көтеруді, еңбек етуге, демалысына қалыпты жағдайлар туғызуды, мемлекеттік сақтандыруды, қызмет жөнінен өсуді болжайды.
13. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындаған үшін көтермелеу принципін жүзеге асыру шаралары «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнаң 23-б-да қаралған.
14. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкіметтігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылық принципі мемлекеттік тәртіпті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің тапсырылған жұмыс үшін жеке жауаптылық сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
15. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу принципі қызметшілердің тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануын, кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруларын, арнайы оқу орындарын ұйымдастыруды, т. б. болжайды.
Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.
Көтермелеу мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметті, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін қолданылады. Бұл - мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша мынадай көтермелеулер қолданылады: біржолғы ақшалай сыйақы беру; алғыс жариялау; бағалы сыйлықтармен марапаттау; сондай-ақ Республика заңдарында көзделген көтермелеудің өзге де нысандары арқылы көтермелеуі мүмкін. Мемлекеттік қызметшілер ерекше еңбек сіңіргені үшін мемлекеттік наградалармен марапатталады: ордендермен, медальдармен, құрметті атақтармен, құрмет грамотасымен, мамандығы бойынша таңдаулы қызметкер деген атақтармен.
«ҚР-ның мемлекеттік наградалары туралы» 1995 ж. 12-желтоқсандағы заңда барлық азаматтарға қатысты ережелер белгіленген: наградтаудың негіздері мен түрлері, наградтау туралы ұсыныстар енгізу тәртібі, наградтарды беру, оларды тағып жүрудің тәртібі, наградталғандардың жеңілдіктері, құқықтары мен міндеттері, наградаларынан айыру, жауаптылық.
Мемлекеттік қызметшілердің кейбір санаттарының құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін белгілейтін құқықтық актілермен көтермелеудің арнайы шаралары тағайындалған: уақытынан бұрын әскери, арнайы атақтар, сыныптық шендер беру, қызметін жоғарылату, т. б. Мысалы, «ҚР-ның қаржы полициясы органдары туралы» 2002 ж. 4-шілдедегі заңмен осы полиция органдарының қызметкерлеріне берілетін арнайы атақтардың түрлері және оларды берудің шарттары мен тәртібі белгіленген. Заңның мақсаты полиция органдары кадрларының әлеуетін сақтау мен дамыту, олардың қызмет парызын орындаудағы жеке жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдығы мен тәртібін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметшілерге көтермелеу шараларын тек оларды қолдануға құқық берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолдана алады. Бұл орайда олар тек тиісті нормативтік актілермен қаралған көтермелеуді ғана өздеріне берілген биліктің шегінде және белгіленген тәртіппен қолдануға міндетті.
Көтермелеумен қатар заңнамалар, қажет болған кезде, мемлекеттік қызметшілердің заңдық жауаптылығын қарайды, атап айтқанда: тәртіптік, әкімшілік, материалдық және қылмыстық. Жауаптылық мемлекеттік қызметшілерге олардың кінәлі түрде құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни заң жүзінде құқыққа қарсы ретінде танылған қылықтар мен іс-әрекеттер үшін заңдарда қаралған қандай да болмасын сазай мен жаза шараларынан көрініс табады. Жалпы мәлім, құқық бұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.
Тәртіптік жауаптылық - бұл қылмыстық тәртіппен қудаланбайтын мемлекеттік қызметтің ережелерін кінә түрінде бұзған үшін қызметтік бағыныштылық тәртібімен тәртіптік ықпал жасаудың шараларын қолдану. Ол өзге азаматтармен бірдей жалпы негіздемелер негізінде белгіленген. Алайда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің сипаты олардың жауаптылығын реттеудің кейбір ерекшеліктерін де болжайды. Мысалы, бір қатар жағдайларда олар үшін жоғарғы жауаптылық тағайындалған, атқарып отырған қызметіне жауаптылығының сәйкес болуы, тек қызметшілерге ғана қатысты қолдануға болатын санкциялар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz