Қылмыстың объективтік жағы
Кіріспе
І Қылмыстың объективтік жағы
1.1 Қылмыстың объективтік жағының ұғымы және оның қылмыстық.құқықтық мағынасы
1.2 Қоғамға қауіпті іс.әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік)
ІІ Қылмыстың объективті жақтары және оның факультативтік белгілері
2.1 Қоғамдық қауіпті зардап
2.2 Әрекет немесе әрекетсіздік және қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы арасындағы себепті байланыс
2.3. Себепті байланыс түсінігі және қылмыстың объективтік жағының факультативті белгілері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексі қылмыстылықпен күрес бойынша жаңа нормативтік базаның қалыптасуында маңызды бір белес болды. Ол бұрынғы кеңестік кезеңдегі кодекстерден барынша ерекшеленді, ең бастысы идеологиялық қасаңдықтардан және қылмыстылық пен жаза проблемаларын шешу барысында таптық көзқарас, бір жақты ұстанымдардан арылды.
Таяуда онүшжылдығы зор жетістіктермен аталып өткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, біздің мемлекет демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды [1].
Жаза институты бұрында қолданыста болып келген Казақстан Республикасының 1959 жылғы Қылмыстық Кодексімен салыстырғанда мейлінше көп өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, жаза институтының барлық проблемаларына арналған баптардың редакциясының көпшілігі дерлік мүлде жаңаша түзілді.
Қоғам өмірінің үрдіс дамуы, замана көшінің адымдап алға озуы соған сәйкес әлеуметтік, саяси ахуалдың жаңаша жағдайға жылдам бейімделіп, осы салаларға қатысты заңнамалардың, нормативтік құқықтық актілердің де дер кезінде өзгертіліп отыруы міндет. Азаматтық-кұқықтық қатынастарды реттейтін заңдарды жетілдіру талап етіледі.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949 Жарлығымен мақұлданған. "Казақстан Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасында" атап көрсетілгендей:
"Қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастылығын тану негізге алынуы тиіс.

1. “ Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері.”Авторы : Ғ. Сапарғалиев Алматы, 1998 бет 124- 128
2. “ Құқық негіздері Авторы : С. Баққұлов Алматы, 2004 бет 156 -162
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2005. – 174 б.
4. Қазақстан Республикасы Президенті. 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 жарлығы: Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. – 2002. – 25 қыркүйек.
5. Уалиханов Ш. Билер соты туралы. Толық шығармалар жинағы. –Алматы, 1960. - 191б.
6. Гейнс А.К. Собрание литературных трудов. – СПб., 1898. -Т.2. - 642 с.
7. Изразцов Н. Обычное право /адат/ Семиречинской области // Этнографическое обозрение. – СПб., 1897. - №4. – С.14.
8. Белогриц-Котлеровский А.С. Сергиевский Н.Д., Фойницкий И.Е. Краткий курс уголовного права.-Киев: 1908.- С.240
9. Есипов В.В. Очерк русского уголовного права.-СПб.: 1898.-С.288
10. Таганцев Н.С. Русское уголовное право. Часть общая. Т.2= Тула: 2001.- С.189
11. Владимиров Л.Е. Русское уголовное право. Ч.1 –М.: 1908- С.167
12. Памятник русского права. Т.4. Вып.1.- М.: 1952.- С.260
13. Дриль Д.А. Уголовное право. –СПб.:1908 .- С.178

Жоспар
Кіріспе
І Қылмыстың объективтік жағы
1.1 Қылмыстың объективтік жағының ұғымы және оның қылмыстық-құқықтық
мағынасы
1.2 Қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік)
ІІ Қылмыстың объективті жақтары және оның факультативтік белгілері
2.1 Қоғамдық қауіпті зардап
2.2 Әрекет немесе әрекетсіздік және қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы
арасындағы себепті байланыс
2.3. Себепті байланыс түсінігі және қылмыстың объективтік жағының
факультативті белгілері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
Қылмыстық кодексі қылмыстылықпен күрес бойынша жаңа нормативтік базаның
қалыптасуында маңызды бір белес болды. Ол бұрынғы кеңестік кезеңдегі
кодекстерден барынша ерекшеленді, ең бастысы идеологиялық қасаңдықтардан
және қылмыстылық пен жаза проблемаларын шешу барысында таптық көзқарас, бір
жақты ұстанымдардан арылды.
Таяуда онүшжылдығы зор жетістіктермен аталып өткен 1995 жылғы Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес, біздің мемлекет демократиялық және
құқықтық мемлекет деп жарияланды [1].
Жаза институты бұрында қолданыста болып келген Казақстан
Республикасының 1959 жылғы Қылмыстық Кодексімен салыстырғанда мейлінше көп
өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, жаза институтының барлық
проблемаларына арналған баптардың редакциясының көпшілігі дерлік мүлде
жаңаша түзілді.
Қоғам өмірінің үрдіс дамуы, замана көшінің адымдап алға озуы соған
сәйкес әлеуметтік, саяси ахуалдың жаңаша жағдайға жылдам бейімделіп, осы
салаларға қатысты заңнамалардың, нормативтік құқықтық актілердің де дер
кезінде өзгертіліп отыруы міндет. Азаматтық-кұқықтық қатынастарды реттейтін
заңдарды жетілдіру талап етіледі.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20
қыркүйектегі №949 Жарлығымен мақұлданған. "Казақстан Республикасының
Құқықтық саясат Тұжырымдамасында" атап көрсетілгендей:
"Қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар
ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастылығын
тану негізге алынуы тиіс.
Қылмыстық заңнаманы жетілдіру қылмыстық құқықтың мынадай принциптері
бұлжымай сақтала отырып жүргізілуі тиіс:
- мәні қылмыстық құқық тұрғысында іс қимылдың қылмыстылығы мен
жазалылығы тек қылмыстық заңмен айқындалуы тиіс екендігіне саятын заңдылық;
- қылмыс жасаған барлық азаматтардың шыққан тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына немесе кез
келген басқа жағдайларға қарамастан заң мен сот алдында бірдей екендігін
білдіретін заң мен сот алдындағы азаматтар теңдігі;
- адам тек өзінің кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеттері мен
одан туындаған қоғамдық қауіпті салдарлар үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа
тартылатынын айқындайтын кінәлі жауапкершілігі;
- қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, қылмыстының
жеке басының, жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын
жағдайларды ескере отырып, соттардың әділ жаза белгілеуі тиіс екендігін
білдіретін әділеттілік;
- заңды қолдану кезінде қылмыс жасаған адамдарға азаптауды, қорлауды
болдырмайтын ізгілікгі қарауды және оларға қатысты қылмыстық жауаптылық пен
жазадан босату үшін заңды негіз болмаған жағдайда ғана қолданылатын, ал
қарастырылғандар арасынан жасаған қылмысы үшін жазаның барынша қатаң түрі
егер қатаңдығы біршама төмен түрі жаза мақсатына қол жеткізе алмаған
жағдайда ғана тағайындалатынын білдіретін қылмыстық жазалаудың ізгілігі мен
үнемділігі;
- қылмыстың жасалуына кінәлі әрбір адамның, заңмен тікелей көзделген
(дипломатиялық және басқа иммунитеттер, көтермелеу қылмыстық - құқықтық
нормалар және т.б.) жағдайлар болмаса, қылмыстық жауаптылыққа және
жазалауға немесе қылмыстық заңда көзделген ықпал етудің басқа шараларына
тартылатынын білдіретін қылмыстық жауаптылық пен жазаның бұлтартпастығы;
- жәбірленушілердің, соның ішінде мемлекеттің де құқықтарын бірдей
қорғау " [2].
Жаңа қылмыстық кодекс бұрынғы заңдармен салыстырғанда санкцияда айыппұл
түріндегі қылмыстық- құқықтық нормалардың санын едәуір арттыруды көздеді.
Бірақ та, 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде айыппұл
жазаның басқа да түрлерімен бірге балама түрде кеңінен қарастырылғанмен,
сот тәжірибесі көрсеткеніндей жалпылай алғанда жазаның осы түрін қолдану
жағдайлары көп емес. Соттар сотталушыға қосымша жаза түрі ретінде айыппұлды
мүлдем тағайындамайды десе де болады. Яғни, 1997 жылғы Қылмыстық кодекс
жаза шарасының бас бостандығынан айыру түріндегі аса кең баламалық түрін
көздегенмен, сот тәжірибесі бұрынғыдай бас бостандығынан айыруға басымдық
бере отырып, бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаларды кеңірек
қолдануға байланысты қалыптасып жатқан тарихи тенденцияны ескермеуде.
Мұндай жағдай қылмыстылықпен күресудің қазіргі қажеттілігіне сәйкес
келеді деп айта алмаймыз. Тәжірибе керсеткеніндей түзеу мекемелеріне
орналастыру қоғамға қаупі зор, қылмыстылықты тежейтін даусыз фактор бола
тұрса да, қазіргі кезде мұндай тежеудің тиімділігі онша әсер етпеуде.
Жазаны колонияда немесе түрмеде өтеу - қылмыс жасаған адамдарға да,
сондай–ақ толықтай алғанда бүкіл қоғамға да әсер етеді. Аталған мекеме
қалыптасқан қылмыстық әдеттерді одан әрі жетілдіре түсетін өзіндік “мектеп”
болып танылады, осы мекемеден босап шыққаннан кейін оңалту және бейімдеу
жүйесінің болмауы олардың қоғамға қайта оралуына өкінішке орай
жәрдемдеспейді.
Шет елдік мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ- тың , Финляндияның және
Германияның тәжірибесі көрсеткеніндей, бас бостандығынан айыру түріндегі
жазаның нәтижелілігі ең жақсы деген жағдайдың өзінде болмашы болса да, оған
өз кезегінде барынша көп мөлшердегі материалды және материалды емес
шығындар жұмсалады.
Криминологтардың зерттеулері көрсеткеніндей, қамауға алынғандардың
санының артуы, өлім жазасын қолдану тәжірибесі, санкцияны қолдану саясатын
елеулі қатайту қылмыстылықтың деңгейін төмендетпек тұрмақ, оны белгілі бір
шектерде ұстап та тұра алмауда [3, с.2].
Қазақстанның криминалдық жағдайы әлі күнге дейін қиын жағдайда,
жасалынып жатқан қылмыстардың саны жылдан жылға кемігенмен де,
қылмыстылықтың қауіптілігі және кәсібилігі артып, елде сыбайлас жемқорлық
және ұйымдасқан қылмыстылық өрістеуде. Бірақ бұл фактілерден бас
бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау белгілі бір деңгейде елдегі
жағдайды жақсартады деп түсінбеу керек. Статистикалық мәліметтер
көрсеткеніндей, анықталған қылмыскерлердің көпшілігі (49,4%) бұрын сотты
болмаған, яғни қылмыстының жаңа қылмыстарды туындата отырып, жаңадан
адамдарды оларды жасауға тартуда [4, с.21].
Осы жағымсыз нәрселерді болдырмау үшін еліміздің қылмыстық саясаты
өзгеруі тиіс. Колонияларда және түрмелерде ауыр және аса ауыр қылмыстар
жасап сотталған адамдар және соттылығы алынбаған немесе соттылығы
жойылмаған адамдар ғана қоғамнан оқшауланып отыруы керек. Қалған санаттағы
қылмыстарды жасаған адамдарға бас бостандығынан айырумен байланысты емес
басқа да жаза түрі тағайындалуы қажет, соның ішінде айыппұлды қолдануды
кеңейту есебінен жүргізілуі тиіс. Айыппұл түріндегі жазаны кеңінен қолдану
жазаның неғұрлым қатал түрлерін қолдануды азайту барысында сазайын тарттыру
құралдарын үнемдеуді қамтамасыз етеді. Сотталғандардарды түзеу мекемесінде
ұстау қымбатқа түседі, ал айыппұлды тағайындау барысында мемлекет аталған
қаржыны үнемдейді және бюджетке қосымша миллиардтаған теңгелерді түсіреді.
Қазіргі жағдайларда қылмыстық саясаттың маңызды бағыттарының бірі-
қылмыстық репресияны үнемдеу болып табылатындықтан, айыппұл жазаның
неғұрлым тиімді түрлерінің бірі болып табылады. Сотталушыға мүліктік әсер
ету арқылы, жаза мақсаттарына жетуді қамтамасыз етеді - яғни әлеуметтік
әділеттілікті қалпына келтіріп, сотталған адамды түзеп және жаңа
қылмыстарды жасаудан сақтандырады.
Бүгінгі таңда заң шығарушы тарапынан айыппұлды неғұрлым кеңінен
тағайындау үшін жағдайлар жасалынған және қазіргі қажеттіліктер ескерілген.
Заңында айыппұл түріндегі жазаны қарастыратын санкциялардың мөлшері
едәуір арттырылған, нақтырақ айтқанда, меншікке қарсы қылмыстар - 489% ден
88,2% экономика қызметі саласындағы қылмыстар үшін –58,9% ден 93,3% дейін,
экологиялық қылмыстар үшін- 61,1% ден 75% дейін және т.б. өсірілген,
сондықтан да қазіргі кезде қылмыстық репресияны үнемдеу идеясын жүзеге
асырудың негізгі субъектісі болып құқық қолданушы танылуы тиіс, оның
қызметі айыппұлды негізгі де қосымша жаза ретінде тағайындауды кеңейту
бағытында бағытталуы қажет.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы бас бостандығынан айырылып
сотталынғандардың саны бойынша жетекші елдердің қатарынан көрінуге алпынып
келе жатқан қазіргі Қазақстанның құқық қолдану тәжірибесі үшін осы жұмыстың
ерекше өзекті екендігін көрсетуде.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстың объективтілігі жағын зерттеу.

Қылмыстың объективтік жағын қылмысқа сырт жағынан мінездеме беретін
нышандар құрастырады. Ол нышандарға алдында аталып өткендей, мыналар
жатады: қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), қоғамға
қауіпті зардап (қылмыстық нәтиже) , қоғамдық қауіпті әрекет пен қоғамдық
қауіпті зардаптардың арасындағы себепті байланыс, жасалған қылмыстың
тәсілі, қаруы мен құралы, жері, уақыты мен жағдайы.
Қылмыстың объективтік жағы — қылмыстық жауап-тылықтың маңызды алғы-шарты.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқығы оларды жүзеге асыру жеке адамға,
қоғамға және мемлекетке қауіп төндіретін адамның идеялары немесе ойларын
емес, тек қылмыстық-құқықтық шама-ларды бұзатын қоғамға қауіпті іс-әрекетті
ғана қылмыс депмойындаиды. Қылмыстың объективтік жағы — қылмыстық
жауаптылықтың онсыз ол мүлде бой көрсете алмайтын өзіндік тастабаны
(фундаменті) іспеттес. Әрекеттің объективтік жағының оны жасаған адамның
жауаптылығы үшін түбегейлі маңызын өткен ғасырдың 40-шы жылдары жас К.Маркс
былайша қисындастырған болатын: "Әрекет жасаушы адамның ой өрісін басты
мұрат етіп, оның әрекеттерін одан төмен ұстанатын заңдар — заңсыздықтың
позитивтік санк-циялары болыптабылады. Өзімді қаншалықты көрсете алсам, мен
соншалықты нақтылылық аумағына, яғни заң шығарушының билігіндегі ортаға
кіре бастаймын. Өзімнің әрекеттерімсіз мен заң үшін мүлде жоқпын, мүлде
оның объектісі болып табылмаймын[1].
Қылмыстың объективтікжағы, сондықтан қылмыскердің ойы мен мақсаттарына
баға беруде, оны субъективтік жағынан бағалағанда басты мұрат (критерий)
болып табылады. Осыған орай қылмыстық істі тергегенде немесе сот қарағанда
ең алдымен қылмыстың объективтік жағы орнықтырылады және тек қана соның
негізінде қылмыстық субъективтікжағы белгіленеді, қылмыстық заңтыйым салған
қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған адамның ойлары, ниеттері мен мақсаттары
жайлы қорытынды жасалады. Объективтік жақтың нышандарысыз субъективтік жақ
туралы мәселе туындамайды да, өйткені, субъективтік жақ объективтікжақпен
байланыстың арқасында ғана "өмір сүре алады". Осылайша сот және прокурорлық-
тергеу орын-дарының қызметінде зорлық-зомбылық және субъективизмнің етек
жаюына қорған қойылады. Бұл қылмыстық істер бойынша сот терелігін жүзеге
асыруда зандылықты сақтаудың маңызды кепілі болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағының қылмыстық жауаптылық үшін маңыздылығы, әрі
қылмыс құрамының тап осы элементінің қылмыс құрамы және қылмыстық
жауаптылықтың барша құрылымның тастабаны болып табылатындығына ҚР Ерекше
бөлімінің баптары дислозицияларында заң шығарушының бәрінен бұрын қылмыстың
объективтік жағының нышандарын көр-сеткендік фактісі куә бола алады.
Мысалы, қылмыстық заңда әрдайым қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің нышандары
көрсетіледі, оларсыз ерекше бөлімдегі қандай да болмасын бапты
диспозициялау мүмкің емес, сондай-ақ, қылмыстық заңда объективтікжақтьщ
басқа да нышандары жиі көрсетіліп жатады. Бұл жерде айта кетерлігі, олардың
барлығының қылмыстық-құқықтық мағынасы бірдей емес. Қыл-мыстардың барлық
құрамдарына қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) міндетті
болып табылады. Объективтік жақтың қалған нышандары факультативтік сипатта,
яғни, олар қылмыстардың қайсыбір құрамдарына олардың объективтік жағының
нышандары болып саналады да, басқаларына өйтпейді. Мысалы, денсаулыққа
зардап келтірудің құрамдары үшін қылмыс қайжерде жасалса да бәрібір және
қылмыстар үшін қылмысты жауаптылық олардың қайда жасалғанына
қарамастантуындайбереді. Бірақ, бұлнышан (жер)г мәселен, судағы жәндіктер
мен өсімдіктерді заңсыз аулағанда не өндіргенде оның құрамын белгілеуде
міндетті болып табылады.
Объективтік жақтың факультативтік нышандары, тіпті, олар қылмыстың тиісті
құрамының нышандары бол-мағанымен, әйтсе де едәуір материалдық-құқықтық
маңызы болғандықтан жаза тағайындауға айтарлықтай әсерін тагізеді. Кейбір
кезде, олар жазатағайындауда кінәлі адамның жауаптылығын жеңілдететін
немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде бойкөрсетеді. Мысалы, ҚР 63-бабына
еәйкес жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып объективтік жақтың мынадай
нышандары — қоғамғақауіпті зардап ("қылмыс жасаудың нәтижесінде ауыр
зардаптардың туындауы"), қылмыстың тәсілі ("аса қатыгездікпен, қор-лаумен,
сондай-ақ, жәбірленушіні қинап қылмыс жасау"), қылмыс жасаудың жағдайы
("төтенше жағдай кезінде қылмыс жасау") және т.б. табылады:
Объективтік жақтың факультативтік нышандарының қылмыстық іс бойьшша
әрдайым айтарлықтай дәлелдеушілік маңызы болатындығын да есепке алу керек.
Олардың барлығы да кез-келген қылмыстың қажетті мінездемелері қатарынан
орын алады. Айталық, егер қылмыстың орны мен уақыты анықталмаса (дегенмен,
жеке құрамға келгенде олардың дәрежелеу үшін маңызы да болмауы мүмкін),
қылмыстық іс ашылды деп есептеле алмайды. Сондықтан, қылмыстың объективті
жағының барлық нышандары өздерінің "міндеттілігі" немесе
"факультативтігіне" қара-мастан кез-келген қылмыстық іс бойынша дәрежелеу
затына кіреді.
ҚР ҚК-нің Ерекше бөліміндегі бір тараудың ауқымында топтық (арнайы)
объект бойынша біріктірілген қылмыстар, бәрінен бұрын объективтік жақтың
нышандары бойынша ажыратылады, өйткені, тиісті қылмыстың қоғамдық
қауіптілігінің өзіне тән белгілері әдетте, тап осы нышандардың
айырмашылығынан бой көрсетеді. Мәселен, азаматтардың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың көпшілігі бір-бірлерінен
қылмыстың объективтік жағының нышандары, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекеттің
мінездемесі бойынша ажыратылады.
Қылмыстың объективтік жағының нышандары, тек қана қылмыстық әрекеттерді
бір-бірінен шекараларын айыруға ғана емес, сондай-ақ, кейбір жағдайларда
қылмыстар мен әкімшілік, тәртіпке байланысты және өзге де құқық
бұзушылықтар шекараларын айыруға негіз болуға қызмет етеді. Мысалы, ағаштар
мен бұталарды заңсыз шабу (ҚР-ҚК 26-бабының 1-бөлім)
қьілмыстұрғьісындаосығанұқсасәкім-ш іліктік құқық бұзушылықтан объективтік
жақтың құқық бұзушылықтан келген зиянның мөлшері сияқты ныша-нымен
бөлектенеді. Қызмет өкілеттігін қылмысты түрде теріс пайдалану осыған ұқсас
тәртіпке қарсы теріс қылықтан келтірілген зиянның ау-қымымен оқшауланады.
Егер қызмет өкілеттігін теріс пай-далану барысында азаматгар мен ұйымдардың
құқықтары мен занды мүдделеріне, әйтпесе, қоғам немесе мемлекетгің заңмен
қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірілғен болса, мұндай теріс
пайдалану қылмысты деп саналады. Ал мұдайда шамалы ғана зиян келтірілсе,
онда әрекет тәртіпке салатын жауаптылықпен шектеледі.

Қылмыстық іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) объективтік жақтың аса
маңызды нышаны болып табылады, өйткені, тек сол ғана объективтік жақтың
жалпы алғандағы және оның жекелеген нышандарының өзегі ретінде бой
көрсетеді, іс-әрекеттің әрекет немесе әрекетсіздік түрінде болуы мүмкін (ҚР
ҚК-нің 14-бабы).
Әрекет сырт жағынан адамның белсенді мінез-құлқымен айғақталады. Бұл
жағдай әрдайым дене қозғалысынан көрініс береді, ал мұндай қозғалыс әдетте
бірнеше дене қозғалысын біріктіреді (мысалы, кісі өліірушінің пистолетген
оқ атуы көздеумен, одан пистолетгің шүріппесін басып қалумен байланысты
дене қозғалыстарынан тұрады). Бірақ, қылмыстық әрекеттің басты мінездемесі
оның қоғамдық қауіптілігін айғақтайтын әлеуметтік мінездеме болып табылады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет болып қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге
зиянын тигізетін, болмаса залал келтіруге тікелей қауіп төндіреіін әрекет
саналады. Егер іс-әрекетгер қоғамға қауіпсіз болса, онда олар қылмысты
әрекет деп танылмайды және қылмыстық жауаптылық арқаланбайды. ҚР ҚК-нің
сәйкес "осы Кодексте қарастырылған қандай да бір іс-әрекетті нышандармен
формальді түрде болса да айғақ-талғанымен, маңызының шамалылығына және
қоғамға қауіп төндірмейтіндігіне байланысты, яғни жеке адамға, қоғамға
немесе мемлекетке зардап әкелмеген және зардап әкелу қау-пін туындатпаған
әрекет (әрекетсіздік) қылмыс деп санал-майды".
Әрекет қылмыстық-құқықтық сипат алуы үшін міндетгі түрде ерік-жігерлі
(тегеуірінді) болуы қажет. Адамның өзге адамның немесе басқа тұлғалар
жағынан күштеуінен туындаған белсенді іс-қылығының қылмыстық-құқықтық
сипаты жоқ. Оның астарында адамға оны қоғамға қауіпті әрекет жасауға
итермелейтін күштеп мәжбүрлеу (зәбір көрсету) (мәселен, оны ұрып-соғу)
жатады. Күштеп мәж-бүрлеу қылмыстық жауаптылықтан тысқары болуы үшін іс-
әрекет мәжбүрлеу нәтижесінде әрекет жасап отырған адамның еркіне қарсы
жасалуы керек. Мысалы, адам егер әлдебір затты зақымдауға мәжбүрленген
болса, онда ол бөгде заттың зақымдалғанына жауап бере алмайды.
Ал күшпен мәжбүрлеу жеке тұлғаның өз еркімен әрекет жасауын есептен
шығармаса, онда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды, бірақ, оған бұл
жағдайда қолда-нылған зорлық қылмыс тағайындарда жауаптылықты же-ңілдететін
мән-жай ретінде қарастырылады.
Сондай-ақ, психикалық мәжбүрлеудің де белгілі қыл-мыстық-құқықтық
мағынасы бар. Оның астарында әдетте адамға оны қоғамға қауіпті әрекетжасау
(оның ішінде күштеп мәжбүрлеу де бар) мақсатында қандай да болмасын зиян
келтіру қаупі (қорқыту) жатады.
Бірақ, психикалық мәжбүрлеуді тек қана қорқыту амалдарымен шектеген жөн
емес. Мәселен, баспасөзде, мы-надай жағдай суреттелді: Т. дейтін
психотерапияның әдістері және құралдарын меңгерген дәрігер-психиатр өз па-
циенттеріне (негізінен жас адамдарға) әсерін тигізетінәрекеттер жасаған,
солардың нәтижесінде әлгілер құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасап (көбіне өз
ата-аналарынатиіскен), өзін-өзі өлтіруге дейін барған, кей жағдайларда
олардың денсаулығына айтарлықтай зардап келтірілген[2].
Әдетте, психикалық мәжбүрлеу (зорлау) әрекеттің еріктілік жағдайын
тысқары қалдырмайды, сондықтан жалпы ереже бойынша, оның әсерімен қылмыстық
заңда қарастырылған қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамның қылмыстық
жауаптылығын ескермей болмайды. Мұнымен қоса күштеп немесе психикалық
мәжбүрлеу де қылмысты жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде мойынға
алынады. Психикалық мәжбүрлеу оның әсерінен іс-әрекет жасаған адам тек ол
аса қажеттілік жағдайыйда қимыл жасағанда ғана оның қылмыстық жауаптылығын
болмадыға санауы мүмкін. Мәселен, өзін табан астында өлтіреміз деп
қорқытқан қылмыскерлерге ақша беретін болса, онда ол қылмыстық
жауаптылықтан босатылады, өйткені, адамның өмірі кез-келген материалдық
құндылықтардан қымбат (аса қажеттілік ұғымының мағынасы XIV тарауда
баяндалатын болады).
Сонымен, қылмыстық-құқықтық әрекет адамның қоғамға қауіпті, ерікті және
белсенді тәртібін бейнелейді.
Алдында аталып өткендей, қылмыс объективтік жағынан алып қарағанда әрекет
қана емес, әрекетсіздік жолымен де жасалуы мүмкін. Қылмыстық-құқықтық
әрекетсіздік деп қоғамға қауіпті, ерікті және енжар тәртібі танылады. Мұның
төркіні жеке адамныңарқалаған міндетгеріне орай жасалуға тиісті жағдайларды
жасамауында жатыр. Адамның енжар тәртібі — оның тәртібінің сыртқы жағы
емес, әлеуметтік мінездемесі. Адам сырт жағынан алғанда өзін өте
белсенділікте ұстауы мүмкін, бірақ та олосы кезде қылмыстық-құқықтық
тыйымды бұза отырып, белгілі бір міндетті атқармаса, онда мұнысы қылмыстық-
құқықтық әрекетсіздік болып шығады. Мысалы, тұлға сотқа келуден жалтарып,
куә ретінде көрсетпелер беруден бас тартып, әрі оның үстіне өзінің
бақшасында жұмыс істеп жүр екен делік.
Сырт қарағанда, ол адам әрекет жасаған (көкөніс жинаған) ал, қылмыстық-
құқықтық тұрғыда әрекетсіздік жасаған (куә ретінде көрсетпелер беруден
жалтарған) болып табы-лады.
Жеке тұлғаның әрекет жасау міндеті әртүрлі негіздер бойынша туындауы
мүмкін. Біріншіден, заңның нұсқауына байланысты. Мәселен, заң кәмелетке
толған балаларды еңбекке жарамай қалған ата-аналарына материалдық көмек
көрсетуте,алата-аналарды — кәмелеткетолмағанбалаларын бағып-қағуға
міндеттейді. Бұл міндетті кәнігі түрде бұзу қылмыстық тұрғыда жазаланады.
Екіншіден, міндет тандап алынған кәсіпке орай туындауы мүмкін. Айталық,
дәрігер өз кәсібіне орай ауруларға көмек көрсетуге міндетті және оның бұл
міндетті орынды себептерсіз орындамауы қылмыстық жауаптылыққа іліндіреді.
Үшіншіден, мұндай міндет өзіне алған міндеттемелерге сәйкес туындауы мүмін.
Мысалы, жас баланы бағуға міндеттенген адамның немқұрайдылығынан,
енжарлығынан әлгі бала қаза тапса, ол адам қылмыстық тәртіп бойынша жауап
береді. Еңақырында, төртіншіден, міндетқылмыстық заң қорғайтын объектілерді
нақты қауіптілік жағдайына киліктіретін адамнын тәртібінен туындауы ғажап
емес. Мәселен, адамды басып кеткен автокөліктің жүргізушісі зардап шеккен
адамды жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізуге немесе өзге де көмек
көрсетуте міндетті. Бұл тұлғаның әлгі міндетті орындамауы қылмыстық жа-
уаптылыққа апарып соғады.
Қылмыстық-құқықтық әрекет сияқты, әрекетсіздік те ерікті болғанда ғана
қылмыстық-құқықтық сипатқа ие болады. Ерікті сипаттан айрылған енжар тәртіп
қылмыстық жауаптьільіққаілінбейді. Мысалы, күзетшіөзініңқорғауына сеніп
берілген мүлікті егер қылмыскерлер оның қол-аяғын байлап тастап, оны
қарсыласу немесе көмекке шақыру мүмкіндігінен айырғандықтан қорғай
алмағандығына жауап бере алмайды. Әрекетсіздік кезіндегі психикалық күштеу
жаза тағайындарда кінәні жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылады.
Адамның табиғаттың алапат күші әсерінен туындаған енжар қылығының да
қылмыстық-қүқықтық сипаты жоқ. Ондай жеңуге мүмкін емес күш қатарына
объективтік факторлардың (табиғаттың, жануарлардың апатты күштері,
аурушандық процестердің) тигізетін әсерлері жатқызылады. Жеңуте мүмкін емес
күштің қылмыстық жауаптылыққа апармау себебі мынада: жеке тұлға әрекет ету
үшін жүктелген міндетті орындау жолындағы кедергілерден асып түсуге шамасы
келмейді. Мысалы, дәрігердің өзі ауыр науқас болғандықтан немесе ол
пациентіне баратын жолда тасыған өзен кедергі болып, дәрігер өте алмаса,
онда оның бұл жағдайдағы тәртібі қылмысты деп танылмайды.
Бірақ, жеңуге мүмкін емес күш ұғымы қатып қалған қағида болып танылмайды.
Бұл мәселенің нақты шешілуі жеке тұлғаның міндеттер ауқымын белғілеуде
белғілі бір жағдайда оған қойылған талаптарға бағынышты. Мәселен, өрт
қатардағы азамат үшін жеңуге мүмкін емес күш болып есептеледі, осыған орай
оны өзге бір адамды жанып жатқан үйдің ішінде қалдыруға мәжбүр болғандықтан
қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Өйткенмен, өрт сөндірушіге бұл
жағдай оның кәсібіне орай жауаптылық жүктейді. Алдында атап өтілгендей,
тасыған өзен дәрігер үшін оның кәсіби міндеттерін орындау жолындағы жеңуге
мүмкін емес күш болып табылса да, өзіне берілген әскери бұйрықты орындау
үшін қандай да болмасын кедергілерді жеңіп шығуға міндетгі (тіпті, өз
өміріне қауіп төндірсе де) жауынгер үшін бұлжағдай ондай мағына бермейді.

Әрбір қылмыстық-құқықтық іс-әрекет қылмыстық заң қорғайтын объектілерде
(оларға зиян келтірілсе немесе зиян келтіруге тікелей қауіп тендірілсе)
едәуір өзгерістер туындатады. Қылмыстық зардап (нәтиже) қылмыстық-құқықтық
қорғаудағы объектілерге жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттің (әрекетнемесе
әрекетсіздік) нәтижесінде белгілі бір зиян келтірілуі деген сөз. Қылмыстық
зардагггар негізінен екі:
1. материалдық және
2. биматериалдық топқа бөлініп, дәрежеленуі мүмкін. Алғашқылары мүліктік
тұрғыдағы (мүлікті ұрлау, оны
жою оған зақым келтіру және т.б) және азаматтардың өмірі мен денсаулығына
зиян келтіру (мәселен, кісі өлтіру, денеге жарақат салу) зардаптары болып
бөлінеді. Екіншілері (биматериалдық зардаптар) мекемелер мен
кәсіпорындардың қалыпты қызметін немесе қоғамдық тәртіпті бұзумен (қызмет
бабындағы қылмыстар, басқарутәртібіне қарсы қылмыстар, бұзақылық және т.б.)
және азаматтардың ар-ұжданына тиісу және олардың мүліктік емес құқықтарын
бұзумен (жалажапқандағы, қорлағандағы, авторлық және өнертапқыштық
құқықтарын қылмысты түрде бұзғандағы және басқа қылмыстардағы) имандылық
зиян айғақталады. ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының дис-позициялары қылмыстық
заңмен қорғалатын объек-тілеріндегі зиянды өзгерістердің сипатына
байланысты қылмыс құрамының барлығын заңда көрсетілген, белгілі бір
зардаптардыңтуындауымен ғана байланыстырады. Мұндай қылмыстар материалдық
құрамы бар қылмыстар деп аталады.
Олардың қатарына кісі өлтіру, дене зақымы, ұрлық және басқа толып жатқан
қылмыстар жатады.
Өзге жағдайларда қылмыстық заң қылмысты қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет
немесе әрекетсіздік) жасалған соң (белгілі бір қоғамға қауіпті зардап
туындағанына қарамастан) аяқталды деп есептейді. Мәселен, өміріне, не
болмаса денсаулығына қауіпті жағдайға душар болған адамды біле тұра
көмексіз қалдыру жәбірленушінің әлгіден кейін ауыр науқасқа киліксе немесе
өлсе, болмаса құтқарылса, олардың барлығына қарамастан аяқталған
қылмысболыпесептеледі, өйткені — бұлжағдайдазардаптар қылмыс құрамынан
сыртқары жатыр. Бұл қылмыстық-құқықтық шама қылмыс жасауды жәбірленушінің
өміріне қауіп төнген жағдайда қалдыру фактісімен ғана бай-ланыстырады.
Мұндай қылмыстар қылмыстық құқық теориясында формальдық құрамы бар
қылмыстар деп аталады.
Есте ұстар бір жайт, нақты болмыста қандай да болмасын қылмыстар (олардың
ішінде формальды қылмыстар да бар) әрдайым соңынан қоршаған болмысқа,
қылмыстық заңның қорғауындағы объектілеріне тигізетін зиянды өзгерістерін
"сүйрелей" жүреді — сайып келгенде, зардапсыз қылмыс жоқ, болуы да мүмкін
емес. Бірақ, заң шығарушы бұл өзгерістерді, бұл зардаптарды формальды
қылмыстардың құрамына енгізбеген және іс-әрекетте қылмыс құрамының бар-
жоғын шешер тұста олар назарға алынбайды. Әрине, бұл зардаптардың қылмыстық-
құқықтық мағынасы болуы мүмкін, бірақ, тиісті қылмыстың құрамын анықтау
үшін емес, жаза тағайындарда жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын
мән-жайлар ретінде бой көрсетеді. Мәселен, жұмысқа жарамайтын ата-аналарын
асырауға қаржы төлеуден жымысқы түрде жалтарудан осының нәтижесінде
жәбірленушілерге қандай болмасын айтарлықтай зиян келтірілуі талап
етілмейді. Әйткенмен, айталық, ата-аналар осының нәтижесінде ауыр науқасқа
тап болса, бұл ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес жаза тағайындарда кінәні
ауырлататын мән-жай ретінде ескерілетін болады.
Заң шығарушы қылмыстың объективтік жағын (материалдық немесе формальды
құрамдарын) құрас-тырудың анадай не мынадай тәсілін тандар кезде өз еркінше
емес, тиісті қылмыстың қоғамға қауіптілігінің өзіне тән ерекшеліктері мен
мәнісін және онымен күресудің қылмыстық-құқықтық өзгешеліктерін (әсіресе,
олардың мүмкіндіктерін) ескере және оларға бағына отырып тандайды. Қайсыбір
жағдайларда заң шығарушы формальды қылмыстарды құрастыруға қылмыстық іс-
әрекеттің қоғамға қауіпті зардаптарының мән-жайын нақты анықтауға мүмкіндік
болмағандықтан немесе мұндай анықтаудың айтарлықтай қиын болуына байланысты
барады. Бұлжерде сондай-ақ, белгілі бір зардаптардың барлығын процессуалды
түрде дәлелдеудің қылмыстық әділет органдарының қызметі барысындағы
қиындығы да ескеріледі. Мәселен, жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы
мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу
жалған мәліметгёр тарату жеке тұлғаның ар-намысына қастық жасайды. Бұл
қылмыстың зардабы ар-намысқа нұқсан келтіру болып табылады. Егер заң
шығарушы бұл зардапты жала жабудың құрамына енгізген болса, онда тергеуші
мен сот әрдайым жәбірленушінің өзі жайлы таратылған көрінеу жалған жаладан
өзін қаншалықты ауыр қорландым деп сезілгендігіне қарамастан жала жабу
құрамының бар-жоқтығы жөніндегі мәселені шешіп отыруға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz