Радиожурналистика


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жиырмасыншы ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан телерадионың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде әлемнің ұлы математиктерінің бірі Вильям Гамельтонның «есептен қорытқан жорамал шамасы» «квартернион» деген атпен тарихқа енді. Алайда, жаңалықтың жолы қашанда ауыр болатыны белгілі. Сондықтан В. Гамельтонның «екі символы» 1867 жылы ғана, Кэмбридж университетінің профессоры Д. Макйвейлдің осыған негізделген «екі теңдеуінен» кейін «электр тоғы мен магнит күші арасындағы қатынас», бүгінгі «электр және магнитизм» теориясының негізін қалады. Содан басталған 150 жылдық тарих қойнауында «телерадио» деген атпен өмірге енген радио әлем халқының күнделікті көзі мен құлағына айналды. Телерадиолық жұқпалы дерт бүкіл әлемді тегіс жаулап алды. Оның қарқынды шабуылын қай ел болсын құттықтап қарсы алып жатыр. Бұл - бұлтартпас шындық. Ресей топырағында 74, Еуропада 70, АҚШ-та 67, Қазақстанда 48 жылдық қалың қатпарлы тарихы бар телерадио бүгінде шартарапты түгелдей жайлап, әлемдегі тыңдарманды ең көп ақпарат құралына айналды. Оның себебі, әлемнің кез келген қиыр шетіндегі оқиға сол сәтте, сол сағатта, сол күні жалпақ дүниеге тарап, Жер тұрғындарын құлағдар етеді. Қазіргі таңдағы ақпарат беру әдісі бұрынғы әдістен тым алшақ, мүлдем жаңаша сипатқа ие болып отыр. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық уақыт кеңістігінің еркін әрі батыл, әрі көз ілеспес шапшаңдықпен билеп алуына байланысты. Сол тұрғыдан алғанда, барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда, телерадионың бірінші кезекке шығатыны ақиқат.

Тақырыптың өзектілігі . Әр кезеңнің өз талабы болатынын ескерсек, телерадио саласындағы тікелей эфир өзінің тура мағынасындағы уақыт үні іспетті. Ел өмірінің елеулі кезеңіндегі толып жатқан өзгерістер аумағында көрермен талабы мен талғамы да айтарлықтай өзгерді. Соның нәтижесінде эфирдегі жұмыс процесі, оны жүзеге асырудың кәсіби принциптері де жаңаша сипат алып, өзгеше мән-мазмұнға ие болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «БАҚ халықтың үні ретінде сөйлейтін болсын, халыққа жақ, санаға сақ болсын» деген тұжырымы журналистиканың жаңаша жұмыс тәсіліндегі негізгі қағидаға ұласты. Жылдар бойы қатып-семіп қалған енжар ережелерді бүгінгі күннің тыныс-тіршілігіндегі батыл шешімдер алмастырды. Жалпы радиожурналистикадағы тікелей эфирдің табиғаты - кәсіби- шығармашылық процесс, құрылымы күрделі психологиялық құбылыс, уақытқа және техникаға тәуелді тәсіл, ешнәрсені түзетуге болмайтын, сол күйінде, қаз-қалпында айналымға түсетін қайталанбайтын әрекет, алып-қосары жоқ шынайы дүние. Музыкалық хабарлар тыңдарман психологиясына нәзіктік сыйлайтын, өмірге деген құштарлықты арттыратын құрал іспеттес.

Жұмыстың мақсаты. Радионың рухани алмастырмас ақпарат құралы екенін далелдеу. Қазақ радиосынан берілетін музыкалық және ойын-сауық бағдарламалардың тыңдарманға берер пайдасын жіті зерттеу.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы «Радиожурналистиканың дамуы», «Қазақ радиосындағы музыкалық және ойын сауық бағдарламалардың қалыптасуы мен даму жолы» және «Радионың басқа ақпарат құралдарынан ерекшелігі» деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Ол тараулардың өзі мазмұнына қарай шағын бөлімдерге бөлінеді. Зерттеу жұмысында пайдаланған әдебиеттер тізімі беріледі.


І тарау Радиожурналистиканың дамуы

Қазақ халқының мәдениетін, тілін, дінін, тарихын т. б. ұлттық нышандарын дәстүрлі түрде ғасырдан - ғасырға жетелеп отырған радиожурналистика бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы ретінде қалыптасты. Журналистиканың басқа да түрлері сияқты радионың қалыптасу кезеңдері тарихта өз ізін қалдырды. Тәуелсіздік алған тұсқа дейінгі қоғамдық дамуымыз ұлы империялардың бірі Ресеймен байланысты болғандықтан, әрі радионың отаны да сол мемлекет екендігі де ескеріліп, казақ даму кезеңдері сәйкестендіріле зерттелуде. Ресейлік ғалымдардың тұжырымдарын сараптай отырып, радиотарихын төмендегідей кезеңдерге бөліп қарастырамыз:

1. Радиобағдарламалардың қалыптасу кезеңі . . . 1921 - 1927 жж.

2. Тоталитарлық мемлекет радиосы . . . 1927 - 1943 жж.

3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік радио . . . 1941 - 1945 жж.

4. Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы радио . . . 1946 - 1950 жж.

5. Тоталитарлық мемлекет және әлеуметтік тоқырау дәуірі. . 1950 - 1985 жж.

6. Қайта кұру және жариялылық радиосы . . . 1985 - 1991 жж.

7. Нарық кезеңіндегі радио . . . 1991 - 2005 жж.

Қазақ пайда болуы, дамуы, нақты қызмет көрсетуі, хабарлар таратуы тікелей РОСТА-ның жұмысымен байланысты өрбіді. Патшалық Ресей саясатының ықпалымен қазақ даласында Түрік РОСТА-ның құрылуы үлкен жаңалық болды. Түрік РОСТА-ның міндеттері мен атқарған қызметі жөнінде зерттеу деректері төмендегідей: "Түркістан телеграф агенттігі алғашында ақпараттық хабарларды түр - түрге бөлген жоқ. Олар негізінен орталықтан түскен және жергілікті ақпарат болып шартты түрде екіге бөлінді. Орталықтан алынған ақпарат елімізде болып жатқан саяси жаналықтар, совет үкіметінің директивалары жөнінде түсінік берді. . Түрік РОСТА репортерлері жұмысындағы басты міндет тыңдаушыға ақиқат факті жеткізу болды. Бұқара халықты совет үкіметін орнатуға қатыстыру жолында жүргізіліп жатқан табанды күрес кезінде шыншыл хабар беруге аса үлкен көңіл бөлінді. Жұртты жаңылдыратын материалдар бергеннен гөрі тексеруден өткізіп барып. тарату негізгі принципке айналды. Осылайша. Түрік РОСТА өз жұмысына тілшілер мен жергілікті репортерлерден және басқа ақпарат көздерінен телеграф арқылы алынған мағлұматтарды жергілікті баспасөзге жеткізу; ә) радиожаршы мен плакатты. хабаршыны өлкеге тарату: б) Түркістан республикасының тыныс - тіршілігінен жазылған корреспонденцияларды кейде телеграф арқылы, кейде хат арқылы хабарлау бағыттарында жүргізді", - деп осы кітаптың авторы '"Қазақ радиожурналистикасы" атты монографиясында анықтама берген болатын. Осы келтірілген деректер Түрік РОСТА-ның міндет - мақсатын, қызметін анықтап берді. Яғни. Зерттеуші - ғалымның еңбектерінде аталған дәйектердің нақты мысалдармен дәлелденуі бұл пікірлерді нақтылай түседі. Сол тұста үстемдік еткен қоғам көсемі В. И. Ленин шығыс халықтары арасындағы үгіт - насихаттың рөлін күшейту жөнінде нұсқаулар беріп, радионың дамуына жол ашты. Сол себептен де Түрік РОСТА-ның міндеттері арта түсіп, радиохабарлары кең қанат жайды.

Ресейдегі радиоқозғалыс ұлғайған сайын Түрік РОСТА-ның қызметі де жандана түсті. "Алғашкы РОСТА радиогазеті 1924 жылдың 24 қарашасында эфирге шықты, 1928 жылдын ортасына қарай 80 радиогазет, 1930 жылы - 300-дей, бұдан басқа фабрика - заводтан - 179, колхоздардан - 100 - деген радиогазеттер 29 халық тілінде шығып тұрды". - деген деректер келтірілген еді «Әуе толқынында - Қазақ радиосы» атты енбекте.

Осы жылдар хабарларын әлеуметтік саяси бағыттарына қарап төмендегідей бөлуге болады:

- қоғамдық саяси;

- ағартушылык;

- сауықтыру.

Пішіндік жағынан:

- радиожиналыс;

- радиоүндесу;

- радиолекция;

- радиоконцерт;

- радиотеатр». "Қазақ радиожурналистикасы" атты еңбекте қарастырылғанын ескерсек, анықтаманың Қазақ радиосының соңғы жылдардағы хабарларына да қатысты екенін, тіпті көп тұста қайталанып келгендігін байқауға болады. Радионың қалыптасу жылдарынан кейінгі кезеңінде Орталық радиода да, Қазақ радиосында да тоталитарлық мемлекеттің идеологиясын насихаттаумен келгені анық.

1928-1941 жылдардағы тоталитарлық мемлекет радиосының қызметі. Осы жылдын бастапқы кезінде үкімет тарапынан "О реорганизации радио" деген қаулы қабылданды. Күрт өзгерістерге толы кезең басталды. Сталиннің басшылық етуімен бұқаралық ақпарат құралдарына, сонымен бірге радиоға да цензура басталды. Бұл цеизура Кеңес үкіметі құлағанға дейін созылды. Әйтседе, қоғамдық өзгерістер қаншалықты болып жатқанымен радиожурналистика дамуын тоқтатқан жоқ. Бұл жылдары алғашқы радиорепортаждар беріле бастады. Хабарларда деректілік факторлармен қоса көркемдік әлементтер дамыды. Көбінесе жеке басқа табынушылыққа бағытталған. Сталинді мадақтаған хабарларға жол берілді.

1941 - 1945 ж. ж. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кеңестік радио.

Ұлы Отан соғысының басталуымен көптеген хабар таратушы радиостанцияларды батыстан шығысқа қарай эвакуациялау міндеті жүктелді. Бұл шараның әсерінен радиостанциялар жұмысы қысқа толқынға және үш арнадан бір арналық хабарға көшті.

"Соңғы хабардың" ең алғашқы әскери саны неміс фашистерінің Ресейге шабуылы жөнінде үкімет хабарламасынан кейін 45 минуттан соң эфирге шықты. Осындай жедел ақпарат тарата білген ресейлік радиостанциялар 1943 жылы соғысқа дейінгі дәрежесінен асып түскен. Осы алғашқы ақпараттан бастап соғыс аяқталғанға дейін "Совинформбюроның" 7 мың корреспонденциясы берілген. 1941 жылдың 7 қарашасында жау Мәскеудің түбінде тұрғанда Ұлы Қазан мерекесіне арналған парадтың өткізілуі жайында репортаждың радиодан берілгені ел қорғаушыларының қайратын қамшылап, рухын көтеріп, жаңа ерліктерге бастағаны тарихтан мәлім. Яғни, радиоэфирдің қуатты күші, мықты әсері, жүргізер тәрбиесінің ықпалдылығын баян етеді. Тіпті, радиохабардың маңыздылығына, әсерлілігіне көңіл бөлінгендігі соншалықты Бүкіл одақтық радио ақпараттарынан басқа арналарды тыңдауға рұқсат берілмеген. Сымдық хабар таратушы репродукторлардан басқа радиоқабылдағыштардың бәрін үкіметке өткізу жөнінде шаралар қолданған, өткізбегендерді жазалауға дейін барған. Мұнын өзі бір ғана идеологияның үстемдік құруын, басқа насихаттың жүрмеуін қадағалау негізінде. Қызыл армияның даңқына нұқсан келтірмеу жолындағы әрекеттер екені аян. Бүкілодақтық радионың шығысқа эвакуацияланған себебінен және күшті радиостанциялардың көшірілуінің әсерінен Қазақ жеріндегі радио қызметі де жандана түсті. Қазақстандағы халық майдандағы хабарларды жиі әрі сапалы тыңдап отырды. Жамбыл ақынның «Ленинградтық өрендерім» өлеңінің сонау Ресей қаласының аспанында қалықтауы да осы таратушы станцнялар жұмысының әсерінен деуге болады. Мәскеуде Левитанның дауысы қалай саңқылдап, жауды түршіктірген болса, қазақ жерінде Әнуарбек Байжанбаев дауысының құдіретті әсері елді ерлікке, еңсесін түзеуге шақырды. 1943 жылдың 1 тамызынан бастап Бас қолбасшының кеңес жауынгерлерінің жеңісін жариялаған бұйрықтары беріліп тұрды. Бұйрық оқылған соң артилериядан салют берілді. Соғысқа дейінгі музыка және әдебиет бөлімі кейін бірігіп, әдеби драмалық хабарлар бөлімі деп аталды. Олардың негізгі жанры публицистика мен деректі проза болды. Осы кезде радиофельетон, памфлет дамыды. Жауынгерлік радиопублицистика өріс алды. "Әдеби күнделік" деп аталатын, айына бір рет шығатын жаңа радио хабар пішіні пайда болды. Оған қатысқан журналистер әдебиет өкілдері қоғамның елеулі мәселелерін сөз етіп, сахна саңлақтары да радиодан жиі өнер көрсетті. "Мәскеу театры - фронтта" деген айдармен радиоспектакльдер беріліп тұрды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы хабарлар әсері отандас әскерлерге қуат косып, ерліктерге жігерлендіріп отырған. Сол қаһарлы соғыстың бағыт - бағдарын халқымыз бақылап, жеңістерге қуанып, жеңілістерге күйініп отырғандықтары жайлы бүгінгі күнге дейін айтылып, жазылуда. Гитлерлік Германияның жеңілуіне жүргізіліп отырған идеологияның белсенді құралы бола алған Қазақ радиосының да қосқан үлесі сол. Сол жылдардағы Қазақ радиосынан берілген хабарлардың мазмұндық, жанрлық, пішіндік ерешеліктері молыға түскен. Көбінесе елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты көбінесе қысқа ақпараттар берілген. Ұлы Отан соғысы кездерінде 1941 жылдың 12 - 14 маусым күндерінде Қазақстанның астанасы Алматыда 336 атқыштар дивизиясы құрылды. Дивизия атақты Чапаевтың үзенгілесі генерал - майор Панфиловка тапсырылды. Генерал дивизияға жауынгерлік тәрбие беріп, 18 тамызда майданға аттанды. Бауыржан Момышұлы сияқты командирлер тәрбиелеп өсірді, политрук Мәлік Ғабдуллин мен қызыл әскер Төлеген Тоқтаровка Совет Одағынын Батыры атағы берілді", - (ҚазТАГ) делінген. Сонымен қатар майданға материалдық көмек көрсетіп жатқан тылдағы еңбеккерлер ерліктері жайлы да көптеген хабарлар берілген. Семей облысы. Абай ауданы «Қызыл адыр» колхозының тұрғыны, 110 жастағы Тоқтай есімді қарияның сөзі берілген: "Германияның жендеттері елімізге бас салғанда мен өзімнің 11 баламнан тараған 40 немеремді елін қорғау үшін аянбай күрес деп нұскау бердім. Немерелерім менің бұл өсиетімді орындады. Олардың бәрі де ордендер мен алғыстар алып қайтты . . . ". Міне, бұл хабарда сол тұстағы идеологияның қуатты күші байқалады. Мұндағы бір ғана отбасының ерлікке пара - пар өмірі үлкен бір очеркке немесе әдеби туындыға өзек болары сөзсіз.

Соғыс кезіндегі радиохабарлары көбінесе митингтік, насихаттық түрде берілетін. Соның бірі - ақын Виктор Гусевтің "Тыңда, фронт!" атты күн сайын бір сағаттан берілетін бағдарламасы. Майдандағы бауырласқан, бір мақсат үшін күресіп жатқан жауынгерлер ерліктері тақырып болған не бір тамаша өлеңдер, әндер, пафоска толы туындылар соғыс кезіндегі радиопублицистиканың көрнекті мысалдары бола алады. Тіпті, "Евгений Онегин" операсынан үзінділер берілуі. "'Василий Теркин" поэмасынан, "Соғыс және бейбітшілік" романынан бөлімдердің оқылуы, әрине, үлкен рухани күш бергені анык. Музыкалық хабарлардын көптеп берілуі де жауынгерлерді женіске бастады. Мысалы, Ресей әскерлері "Священная война' әнін салса. қазақ жауынгерлері «Жас қазақ» әнін шырқады. Әр тілде, әр жүректе айтылғанымен жеңіске жетуге деген арман ортақ болатын.

1942 жылдың 1 маусымында партизандарға арналған бағдарламаның алғашқы саны шықты. Жер - жерде партизандық күресті дамыту арқылы да кеңес әскерлері көп жеңіске жеткен. Сондықтан мұндай хабардың ашылуы қажеттіктен туған. Майдан шептерінен жеткен жеңістерді хабарлап, партизаңдардың еңсесін көтеретін радиотуындылар берумен бірге "Партизандарға кеңес", "Қалай жаудың қатынас құралдарын жою керек?", «Маскировка жасау шеберлігі» т. б. айдарлардың өз тыңдармандарына көп көмегін тигізгені ақиқат. Сонымен бірге радиодан туған - тусқандардың, жолдастардың бір - біріне амандық білдіріскен хаттары да берілді, мұның өзі пошта қызметінің мүмкіндігі жоқ кезде адамдарды моральдық тұрғыдан демеуге көмек берді. Осы кезде тылдағы адамдар да майдандағы жауынгерлерден кем қалмай еңбек майданында күресті. Сондықтан, көптеген хабарлар беріліп, айдарлар ашылып. еңбек жеңістерінен хабардар етіп отырған.

1945 жылдың 2 мамырында атақты Ресей репортері Лазарь Маграчевтің дауысы 14 сағат 45 минутта Берлиннен естілді: "Қымбатты жолдастар. отандастар! Сіздердің шрреспонденттеріңіз Берлиннің орталығындағы Унтерден Линден көшесінен сөйлеп тұр. Рейхстагтың үстінде біздің алқызыл ту желбіреп тұр, ал көшелерінде біздің әскерлер алшаң басып жүр" деген сөздері тарихи жеңісті бүкіл әлемге жариялады. Ал, 1945 жылдын 2 мамырында 23 сағат 30 минутта Маграчев Берлиннен: «дәл осы сәтте Германияның тізе бүгіп, Кеңес Одағының жеңгені жөніндегі құжатқа қол қойылып жатыр!» деп хабарлады. Радиорепортаждың нағыз үлгісін, шапшандықтың өнегесін осылайша танытты радио-журналистер. Ал, 9 мамыр күні И. В. Сталин халыққа арнап сөз сөйлеп, фашистердің толық жеңілгенін хабарлады. Осы күні 22 сағатта салют беріліп. Жеңіс мерекесі қазақ жерінде де тойланып жатты. 1945 жылдын 24 маусымында гитлерлік Германияны жеңуге арналған әскери парадтан репортаж берілді. "Отанымыз - Москва" деген идеологиямен нәрленіп өскен біздердің ата - аналар бойында патриоттық рух керемет болатын. Олар Мәскеу үшін бастарын өлімге тікті, Мәскеу үшін отқа түсті. Тылдағы халқымыз Мәскеу үшін аянбай еңбек етті. Әрине, идеологияның қуатты күшінін әсері өз алдына, тәуелді мемлекет болғандығымыз да сол майданда қаза болған қандастарымыздың өміріне қатысты.

1946-1950 жж. Ұлы Отан соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіндегі радио.

Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту жылдарындағы радиохабарлардың даму бағыттарына әсер еткен мынадай жағдайлар болды: осы мәселені дәйекті зерттеп, тиісті құжатты қабылдаған тарихи Ақпан пленумының шешімдері, ленинградтықтардың өнеркәсіп өнімдерін арзан, тез әрі сапалы өндіруді ұйымдастыру саласындағы үндеуі және қазақстандық колхозшылардың Сталинге хаты. Міне, осы үш құжаттан туындайтын міндеттерді негізгі межеге алып, бағыт ұстаған жергілікті, облыстық, республикалық радиокомитеттер соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамыту ісіне өз үлесін қосып отырды. 1946 жылдың басында ҚК(б) Орталық Комитетінің XIV Пленумы Қазақстан ауыл шаруашылығының міндеттерін белгілеп берді. Осы жылдың 24 шілдесінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің IX сессиясы "Қазақ ССР-ның халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамытудың 1946 - 50 жылдарға арналған бесжылдық жоспары туралы заңды" қабылдады. Осыған орай шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар т. б. қоғамдық орындар құжат шешімдерін орындауға жұмылдырылды. Алдымен ауыл шаруашылығын жолға қойып, халықтың әл - ауқатын жақсартуға күш салынды. Соғыстан кейінгі колхоздарды қалпына келтіру мерзімінде тәжірибелі, беделді колхоз басшылары, колхоз өндірісінің озаттары өсіп шықты. Ауыл. селоларда жергілікті партия органдары күш алды.

1950 жылдың екінші жартысынан бастап 1960 жылдың алгашқы жартысына дейін колхоздардың біразын совхозға айналдыру процесі жүзеге асырылды. Осы тарихи окиғалар тарихшылар арасынан әлі күнге дейін өз бағасын ала алмай келе жатқан мәселе. Біраз тарихшылар бұл жайды жақтады, біразы қарсы болды. Одан колхоз өзінін өмірін сүріп бітті деген ұғым қалыптаспауы тиіс, қайта колхоз құрылысы әрі қарай нығая түсті деген орынды сияқты.

Әуе толқынында сол кезде шыққан бүкіл хабарларға тән бір қасиет - қара дүрсіндіктен бой тарту басым. Техникалық құрал - жабдытардың (диктофон, репортерлердін т. б. ) жоқтығына қарамастан эфирге жанды дауыс шығаруға талпынушылық болды. Бұл орайда негізгі мәселеге байланысты тындарман хат-тары. , хабар барысында қойылатын жетекші сұрақтар, қысқасы, материалды эфирге шығару әрекеттерінің бәрінен өткенді қайталамауға тырысу болғандығы көрініп тұрды.

Елдің өнеркәсібі дамыған сайын, ауыл шаруашылығын механикаландыру етек алды. Осылайша. Қазақстанның халық шаруашылығын дамыту процесінде негізгі рөл атқарған аталмыш мәселелердің көпшілігі қазақ радиохабарларының зерттеліп отырған кезеңдегі негізгі тақырыптары болып келген. Өйткені. идеология өмірмен әрдайым өзектес. Мемлекеттік билік, халық, әлеуметтік жағдай. саясат бір - бірімен тығыз байланыста өмір сүреді. Экономика - саясаттың нәтижелі жиынтығы дегенпікірді сол қазақ радиожурналистері жақсы түсінгендіг; әр хабардан көрініп, атойлап тұрғандай. Осы мәселелер жөніндегі үндеулер. үндеуте үн қосушылар, пікірлер, жылт еткен жаңалықтар радиожурналистердің назарынан тыс қалмаған. Қазақ радиосының эфирінен бір жарты жылдықта 40 колхоз төрағасының сөзі. 20-дан астам директор. үздік механизаторлар. 29 Соиалистік Еңбек Ерлерінің, 16 облыс, аудан партия басшыларының сөздерінің ұйымдастырылуы (деректер "'Дәуір үні" атты оқу құралынан) осы айтылған пікірлерге дәлел бола алады. Осы реттегі радионың ықпалын ерекше атап өту керек сияқты. Қолына газет - журнал ұстауға мүмкіндігі жоқ, күні бойы еңбек майданында - немесе стайоккасындатұрған енбеккерлердің құлағы радио дегенде әрдайым түрік тұруға дайын еді. Оның үстіне біраз ғана бұрын өткен Ұлы Отан соғысының барысын жұрт радиодан Левитан мен Байжанбаевтың үні арқылы тыңдап үйренген болатын. Сол соғыстың бар жаңалықты радиодан күтуге машықтандырғаны айқын.

Ол кездегі идеологияның қуатты болғаны соншалықты көптеген хабарларда асыра сілтеу, әсірелеу басым. Мысалы, «Оңтустік Қазақстан облысының социалистік егіс даласына арналған хабар» «Ауыл, деревняда социалистік үгіт - насихат жұмысының маңызды міндеттері», . «Халық Ленин мен Сталин үйреткендей қызмет етейік» т. б. хабарлар. Жоғарыдағы даланың өзін «социалистік»' деу сарыны үнемі сезіліп тұрады.

Соғыстан күйреген шаруашылықты қалпына келтіруге арналған бесжылдық жоспарды орындау жолына елді жұмылдыруда радионың қызметі орасан зор болды. Қазақстанда соғыс болмағанымен де Ресейдің қираған елді мекендеріне материалдық, техникалық көмектер жіберілді. Осындай шараларды адамдардың санасына сіңірудегі радионың рөлі ерекше. Есту арқылы сана-сезімге әсер жасау - радионың басқа ақпарат құралдарымен салыстырғанда басты артықшылығы. Сондықтан да халық алдына жауапты бүкілхалықтық міндеттер қойылды, әрі БАҚ-қа міндет етіп жүктелді. Радиодан күніне сан рет қайталап беру арқылы идеология мақсаты орындалды. Ол міндеттер төмендегідей болатын:

- Социалистік жарысты өрістету;

- Өндіріс технологиясын жетілдіру:

- кәсіпорындардың мүмкіншілігін толық ұйымдастыру;

- стахановтық жұмыс әдісін ұйымдастыру;

-технологтар, конструкторлар арасындағы мамандық жөнінен жарысты ұлғайту;

- жұмыстағы озат тәжірибелер, тапқырлар жаңалықтарын көпшілікке жеткізе білу:

- жұмысшылардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жағдай туғызу үшін ұйымдастыру техникалық шараларың ұштастыра жүргізу, ауыр жұмыстарды механикалық жолға салу:

- шикізатты, отын, материалдар, электр қуатын үнемді пайдаланып, өнімнің түсер бағасын арзандату, ол үшін нормалы жолға салу;

- өндірісте мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту:

- еңбекшілерге мәдени қызмет көрсетуді жақсарту, оларды коммунизм рухына тәрбиелеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндері
“радиохабардың тілі мен стилін оқыту әдістемесі”
Қазақтың радиосы
Дыбысталған сөз - басты бейнелеуші құрал
Радиоочерк
Қазақ радиосы мен Эхо Москвы радиостанцияларында таратылатын ақпарат көзінің форматын зерттеу
Қазақ жеріндегі радионың пайда болуы мен даму кезеңдері
Қазақ радиохабары құрылымы
Мамандықты таңдаудағы мотив
Радиохабар таратудың міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz