Журналист этикасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

1. Журналист этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

2. Қазақстанда журналист еңбегі қалай бағаланады ... ... ... ... ... ... ... ... 12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Этика «этикет» - француз сөзі. Оның ескі атаулары «салт-жоралар», «салтанат» және т.б. Қазақ тілінде этика-әдеп деген мағынаны білдіреді. Ол туралы жазған журналист зерттеушілер қаншама. Әрбір мамандықтын өзіндік сақтайтын этикасы болады. Мүмкін журналист мамандығын таңдағаннан кейін журналистерге қойылатын талаптар өте көп. Оның барлығы журналист қауым қоғаммен жұмыс істегеннен кейін өзіндік этикасын сақтау керек. Этикаға не жатады: сөйлеу мәнері, жүріс-тұрысы, киген киімі, сұрақ қою өнері тағы да сол сияқты.
Ең басты талап эфирде сөйлеп тұрған тележурналист пен дикторға кеп тіреледі. Әрине олар тікелей көрермендермен жұмыс істейді. Эфир қай кезде болмасын, онда жұмыс істеушілердің ұстамдылықпен сабырлықты талап етеді. Әсіресе адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, жетілдіруі ең алдымен тележүргізушіге қажет екені мәлім. Өзіңді тәрбиелеуді тек қызмет барысында қажетті түрлі көрермен ғана емес, сонымен қатар әлем, қоғам, табиғат, жануарлар мен өсімдіктерге деген сүйіспеншілік де толықтыруға болады.
Адам үшін басты қасиеттердің бірі: мінез-құлық тәртібін сақтау, басында айтып кеткендей сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстай білуі ерекшелігі болып табылыды. Әдептілік-адамдар мінез-құлқының тілі. Әдептілік- адамдардың бір-бірінің сыйластығы, сыпайлығы, бір сөзбен айтқанда, «адамгершілік» деген үлкен әріппен жазылатын жан дүниесі. Әдептіліктің төрт қырлы сыры бар. Олар: адамның бір-біріне деген жүрекжарды қарым-қатынасы, салиқалы ақыл-ой, рухани сұлулық және халықтық үлгі мен салт-дәстүрлерге деген адалдық.
Диктордың тұла бойына көрермен көңілін баурайтын көрік те, арнаның абыройын көрсететін ақыл да, салиқалы сауаттылық та, биязы мінез де орайласып жатқаны абзал. Сосын жанып тұру керек. Дауыстың да рөлі ерекше. Әр сөзің тыңдаған адамды “енді не айтады екен?” деп жіпсіз байлап алуы керек. Диктор болу үшін көріктің де келтіретін пайдасы зор. Бірақ мен өз басым жаңалықтар легін жүргізетін адамның жан дүниесі бай әрі мейлінше қарапайым болғаны жөн деп санаймын. Өйткені журналист ешқашан өзін көрерменнен жоғары қоймауы керек. Осы орайда бірқатар республикалық арналардағы әріптестеріміздің әдемілігін бұлдағандай, эфир этикасын аяқ асты етіп жататынына жаным ауырады. Сенің әрбір қимылың, тіпті езуіңді тартқаныңның өзі көп рөл ойнайды. Сосын диктор дегеніңіз – салиқалы да сауатты болуы шарт. Өйткені журналистің табанынан таусылып, уақытын сарп етіп дайындаған материалын көрермен жүрегіне жеткізе білу дегеніңіз – үлкен жауапкершілік. Жасыратыны жоқ, киіну стилі де жарасым тауып тұрғаны жөн. Түйінді сөзбен топшылап айтсақ, диктор – арнаның айнасы.
1. Құдайберген Тұрсын: «Көгілдір экран құпиясы»

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

1. Журналист
этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..4

2. Қазақстанда журналист еңбегі қалай
бағаланады ... ... ... ... ... ... . ... ...12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..18

Кісіспе
Этика этикет - француз сөзі. Оның ескі атаулары салт-жоралар,
салтанат және т.б. Қазақ тілінде этика-әдеп деген мағынаны білдіреді. Ол
туралы жазған журналист зерттеушілер қаншама. Әрбір мамандықтын өзіндік
сақтайтын этикасы болады. Мүмкін журналист мамандығын таңдағаннан кейін
журналистерге қойылатын талаптар өте көп. Оның барлығы журналист қауым
қоғаммен жұмыс істегеннен кейін өзіндік этикасын сақтау керек. Этикаға не
жатады: сөйлеу мәнері, жүріс-тұрысы, киген киімі, сұрақ қою өнері тағы да
сол сияқты.
Ең басты талап эфирде сөйлеп тұрған тележурналист пен дикторға кеп
тіреледі. Әрине олар тікелей көрермендермен жұмыс істейді. Эфир қай кезде
болмасын, онда жұмыс істеушілердің ұстамдылықпен сабырлықты талап етеді.
Әсіресе адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, жетілдіруі ең алдымен тележүргізушіге
қажет екені мәлім. Өзіңді тәрбиелеуді тек қызмет барысында қажетті түрлі
көрермен ғана емес, сонымен қатар әлем, қоғам, табиғат, жануарлар мен
өсімдіктерге деген сүйіспеншілік де толықтыруға болады.
Адам үшін басты қасиеттердің бірі: мінез-құлық тәртібін сақтау,
басында айтып кеткендей сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстай білуі ерекшелігі
болып табылыды. Әдептілік-адамдар мінез-құлқының тілі. Әдептілік-
адамдардың бір-бірінің сыйластығы, сыпайлығы, бір сөзбен айтқанда,
адамгершілік деген үлкен әріппен жазылатын жан дүниесі. Әдептіліктің төрт
қырлы сыры бар. Олар: адамның бір-біріне деген жүрекжарды қарым-қатынасы,
салиқалы ақыл-ой, рухани сұлулық және халықтық үлгі мен салт-дәстүрлерге
деген адалдық.
Диктордың тұла бойына көрермен көңілін баурайтын көрік те, арнаның
абыройын көрсететін ақыл да, салиқалы сауаттылық та, биязы мінез де
орайласып жатқаны абзал. Сосын жанып тұру керек. Дауыстың да рөлі ерекше.
Әр сөзің тыңдаған адамды “енді не айтады екен?” деп жіпсіз байлап алуы
керек. Диктор болу үшін көріктің де келтіретін пайдасы зор. Бірақ мен өз
басым жаңалықтар легін жүргізетін адамның жан дүниесі бай әрі мейлінше
қарапайым болғаны жөн деп санаймын. Өйткені журналист ешқашан өзін
көрерменнен жоғары қоймауы керек. Осы орайда бірқатар республикалық
арналардағы әріптестеріміздің әдемілігін бұлдағандай, эфир этикасын аяқ
асты етіп жататынына жаным ауырады. Сенің әрбір қимылың, тіпті езуіңді
тартқаныңның өзі көп рөл ойнайды. Сосын диктор дегеніңіз – салиқалы да
сауатты болуы шарт. Өйткені журналистің табанынан таусылып, уақытын сарп
етіп дайындаған материалын көрермен жүрегіне жеткізе білу дегеніңіз – үлкен
жауапкершілік. Жасыратыны жоқ, киіну стилі де жарасым тауып тұрғаны жөн.
Түйінді сөзбен топшылап айтсақ, диктор – арнаның айнасы.

1. Журналист этикасы
Дикторлар көбіне-көп жазбаша әрі ауызша ақпарат берудің ара жігін
ажырата алмай келеді. Мысалы, басылымдарда қанша тырыссаң да қабырғасы
сөгілмейтін қорғасыннан құйғандай сөйлемдер болады. Оқисың да өне-бойың
еріксіз елти жөнеледі. Ал соны эфирге дәл сол қалпында берсеңіз, әсерлі
болмай қалады. Теледидардағы ақпаратты халық көзімен көреді, құлағымен
тыңдайды. Бізде қазір дикторлардың біліктілігі мен шеберлігін сарапқа
салып, талқылап отыратын нақты жүйе жоқ. Әр арна өз қазанында өзінше қайнап
жатыр. Радиода жұмыс істейтін журналист қауым таңертең жетіде келіп жаңалық
оқиды. Сонда идеологияны, ақпаратты басқарып отырғандар әрбір үтір, нүкте,
үзіліс, сөздің дұрыс дауыс ырғағымен айтылуын қатаң қадағалап отыратын.
Сыйлы болғың келсе-өзгелерді де сыйлай білуді үйрен. Даналық сөз.
Теледидар төрінде көсіле сөйлеп, бас кеспек болсада, тіл кеспек жоқ деген
ұғымды өмірлік кредосы етіп алған журналистер сыйлықтың тек қана
сыпайлықпен келмейтіндігін жақсы түсінеді. Өткірлік пен әділдік, дәлдік пен
өнегелілік қатар қанат қақса, сыйластық ғұмырының да ұзақ болатындығы анық.

Адамның сыртқы мәдениеттілігі оның ішкі мәдениеттілігін ауыстыра алмайды.
Екеуі бір-бірін толықтырғанда ғана адамның шын мәдениеттілігі танылады.
А.П Чехов: адамда бәрі де киімі, жан дүниесі және ойлары да әсем болуы
тиіс -десе, Софи Лорен есебінше , ең басты – ол жекелік және сыртқы түрдің
бір-біріне сәйкестілігі.
Эфир кезінде көп сөйлеп, дәмі жоқ сөздер айтатындар да көп. Мәнді және
мәнерлі айту үшін де көп білім, тереңдік пен қуатты ой керек. шота
Руставелидің құмырадан тек қана ондағы бар нәрсе ғана ағады,-деген
сөзінің растығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Қарым-қатынас мәдениеттілігі
- әңгіме кезінде жағдайға орай сөзге, араласа біліп, сөйлейтін сөз
тіркестерін таба отырып, жауап беру керек.
Эфир этикасын сақтау әрбір журналисттің міндеті. Мәселен: асықпай, ұстамды
сөйлеу, дауысты көтермеу,айқын және анық сөйлеу.
Ұлы парсы ақыны Сағдидің: Ешкімде өзінің білімсіздігін мойындамайды. Егер
данышпанға тәрбиесіз адамдар арасында сөз айтуға мүмкіндік болмаса, оған
таңданбаныз!- деген ұлағатты сөзін тележүргізушілердің әрдайым есте
ұстағандары жөн. Теледидарда да көрікті ойдың ауылына ене алмай, ой
тізгініне ие бола амай қолдарына микрофон ұстап, көпшілік алдында
шығыпжүрген редактор-жүргізушілер де осыны әрдайым естерінде ұстау керек.
ХҮШ ғасырда өмір сүрген американдық ағартушы Бенджамин Франклин өзіне
күнделікті ұсақ ізгіліктердің 14 ережесін жасаған. Оларға: ұстамдылық,
үнсіздік, тәртіп, шешімділік, іскерлік, ашықтық, әділдік, үнемділік,
тазалық, сабырлық, салқындылық, табандылық, шаңжұқтырмаушылық, сыпайлық
секілді қасиеттер кіреді екен.
Эфир кезінде жүргізуші мәнерінде сәл босандық немесе ұстамсыздық байқалды
дегенше, көрермен көңілінде салқындылық орнады дей бер. Сондықтан да
жүргізуші бойынан тележурналистке тән әдептілік иірімдері кезең-кезеңмен
көрермендер көз алдынан көлбеңдей өтіп, хабарлардың өн бойында қосыла
өріліп отырған жөн.
Жан-ЖакРуссо Тәлімді тәрбиенің белгісі-өзіне тарта және сендіре білу, ол
өз орнықтылығымен жарқ етіп көрінуге асығу емес, ақылдылықпен өзгелерге
көмектесу, өзін қарапайым ұстау, олардың сезімін таптамау-деген.
Этикаға байланысты соңғы жаңалықтар:
1) Қазақстан журналистерінің Ү конгрессі Алматыда өткен. Форумға
қатысушылар журналистер мен қоғамдық ұйымдар ұсынған БАҚ туралы жаңа заңның
жобасына қатысты ахуал мен басқа да бірқатар маңызды мәселелерді
талқылайды. Сонымен бірге БАҚ-тар үшін мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру
проблемасы қаралады.
Конгресс жұмыс тобының ақпаратына сәйкес, "Қазақстандағы журналистика
саласының даму ағымдары" мәселесі форумдағы басты мәселелердің бірі болмақ.
"Қоғамда журналистика тығырыққа тірелді, журналистердің бастамалары мүлдем
жұмыс істемейді деген пікір белең ала бастады. Біз осы мәселені талқыға
салмақшымыз",- дейді ақпарат көзі.
Бұған қоса журналистік этика тақырыбы төңірегінде де ой өрбіту межеленген.
"Журналистік этика да жұмыс істемейді деген пікір бар. Сол себепті форумда
бұл мәселені басқа елдердің тәжірибесіне сай шешу жолдары ұсынылатын
шығар",- дейді хабарлаушы.
Конгресте өңірлік баспасөз проблемалаларын талқылау да межеленіп отыр.
Қазақстан журналистерінің Ү конгрессіне мәдениет және ақпарат, әділет
министрліктері мен парламент депутаттары, президент әкімшілігі мен
үкіметтің мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

2) Қазақстан журналистерінің конгрессі БАҚ саласындағы дауларды сотқа
дейін шешу жөніндегі қоғамдық комиссия құруды ұсынады. Осындай бастама
Қазақстан журналистерінің Ү конгрессінің қорытындысы бойынша қабылданған
қарарда айтылған.
"Қазақстан журналистерінің конгрессі журналистер қауымының проблемаларын
шешу, ортақ этикалық нормалар мен принциптерді сақтаудың мейлінше тиімді
әдістерін пайдалануды қолдайды. Осы мақсатпен Қазақстан журналистерінің
конгрессі БАҚ саласында пайда болған дауларды сотқа дейін шешу жөніндегі
қоғамдық комиссия құруды ұсынады",- делінген құжатта.
Елордасындағы Конгресс-холл сарайында күн тәртібіне "Ұлтаралық келісімнің
Қазақстандық үлгісі : тәжірибе, практика және болашақ" деген тақырып
шығарылған Қазақстан халықтары ассамблеясының 10 сессиясы басталды.
Сессияны Ассамблея төрағасы, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашады. Онда
БҰҰ Даму бағдарламасының өкілі Фикрет Акчура, Еурокомиссияның Қазақстандағы
өкілдігінің төрағасы Алан Ваддамс, ассамблея мүшелері, мәжіліс депутаты
Қуаныш Сұлтанов, ҚР орыс общинасының төрағасы Юрий Бунаков, ҚР корейлері
қауымдастығының төрағасы Юрий Цхай, еврейлердің "Мицва" мәдени орталықтары
қауымдастығының президенті Александр Барон сынды адамдар баяндама жасайды.
Сессияның жұмыс қорытындысы бойынша Ассамблея мүшелері арнайы мәлімдеме
қабылдап, онда Қазақстан қоғамын, бейресми ұйымдарды, БАҚ-тар мен саяси
партияларды өзара келісім рухы мен этиканы сақтауға, ұлтаралық және
конфессияаралық қарым-қатынас саласында жоғары моральдық принциптерді
ұстануға шақырмақшы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан халықтары ассамблеясы Қазақстан
Елбасының жарлығымен 1995-жылдың 1-наурызында құрылған. Қазір оның
құрамында 320 ұлттық-мәдени бірлестіктер мен еліміз аймақтарын түгелдей
қамтыған Кіші ассамблея құрылымдары бар.

3) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Атырауда басталған Қазақстан
журналистерінің III конгрессіне қатысушыларға өз жолдауын жіберді.
Жолдауда мемлекет басшысы "азаматтық қоғамның барлық институттарын төрт
аяғынан тік тұрғызбайынша елді гүлдендіру мүмкін емес" дей келіп, олардың
арасынан бұқаралық ақпарат құралдары айрықша орын иемденетінін атап
көрсетті.
"Қазіргі БАҚ-тардың басым бөлігі жеке меншікте, дейтұрғанмен, журналистің
азаматтық сезімін, отаншылдығын, намысы мен ар-ұжданын ешкім де
жекешелендіре алмайды" ,- дейді Н.Назарбаев.
Өз жолдауында мемлекет басшысы журналистердің конгресс отырысындағы
бірлескен жұмыстары "кәсіби журналистік этика қағидаларын, қазақстандық
журналистердің өзіндік ар-ұждан кодексін жасап шығаруға септігін
тигізетініне" сенім білдірді. Бізде сөз еркіндігіне, ақпарат алуға және оны
еркін таратуға заңдылық негізде кепілдік берілген. Еліміздің әрбір азаматы
үшін Конституцияда мұндай мүмкіндіктер түбегейлі қарастырылған және
цензураға тыйым салынған. Сондықтан билік тарапынан бұқаралық ақпарат
құралдарының жұмысына шек қоятын қандайда бір құрылымдарды құру заңға қайшы
әрекет болып табылады.
Дегенмен Сіз көтеріп отырған мәселе төңірегінде бірлесіп ойласатын
жағдайлар баршылық. Қалай болғанда да жалпыадамзаттық құндылықтарды
басшылыққа ала отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында өзіміздің ұлттық
нақыштарымызды мейлінше бедерлеуді, халықтың қоғамдық санасына ұлттық
мақтаныш пен патриотизмді орнықтыруды, дінімізді және мәдени
құндылықтарымызды құрметтеуді барынша насихаттауымыз керек.
Менің ойымша бұл мәселелерді реттеуді журналистік қауым өздері қолдарына
алғаны жөн тәрізді. Осы тұрғыда Қазақстан журналистерінің І конгресінде сөз
болған Қазақстан журналистерінің кәсіби этикасының Кодексі көптеген
мәселелерді шешуге мұрындық болар еді. Өйткені Кодексті негізге ала отырып,
Қазақстан журналистері өзінің кәсіби іс-қимылында моральдік шектеулер мен
тыйым салу шарттарын саналы түрде өз еркімен қабылдар еді. Ал мұның өзі,
түптеп келгенде, сөз еркіндігіне қысым жасауға ешқандай қатысы жоқ және бұл
түсінік толығынан оның өркениетті мәнінде қабылданары сөзсіз.
Министрлік өз тарапынан Журналистер кәсіби этикасы Кодексінің толыққанды
жұмыс жасауына
Сұхбат:
Бибігүл Жексенбай, Хабар арнасы Ақпараттар дирекциясы директорының
орынбасары: Тележурналистикада эфирден өзін-өзі көрсеткісі келетіндер
көбейіп келеді...

Қарқындай дамып келе жатқан тележурналистикада талантты тілшілер де
екшеліп, көрермен көңіліне жол тартуда. Сондай көп көзайымына айналып
жүрген журналистердің бірі – Бибігүл Жексенбай. Қазіргі ақпараттың қайнаған
ортасында жүрген журналист осы мамандық төңірегіндегі ой-пікірлерін бізбен
бөлісті.

– Бибігүл, тележурналист болу бала арманың болды ма?
– Тележурналист болуды бала шағымнан армандадым десем, жалғандық болар еді.
Өйткені кезінде көгілдір экранға шығу ауыл баласы үшін қол жетпейтін аса
биік ар¬ман болғаны белгілі. Бесінші сыныпқа дейін орыс мектебінде оқып,
әке-шешем басқа ауылға көшкеннен кейін, қазақ мектебіне ауыстым. Ең ауыр
тиген пән – қазақ тілі болғаны есімде. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
ұстазы – Қарлығаш Жағанова у мен ұ-ны айыра алмай, ң әрпін айта алмай
тұрған шәкіртін тек үйретіп ғана қоймай, пәнге, тілге, әдебиетке зор
махаббатын оята білді. Сөйтіп, алғашқы балаң мақалаларым бесінші сыныпта
оқып жүргенімнен бастап аудандық газетке шыға бастады. Оның өзі мен үшін
үлкен мәртебе болып, жазуға, шығармашылыққа қызығушылығымды арттырды.
Алтыншы сыныпта Қазақстан пионері газетіне алғашқы ақпараттық мақалам
шығып, одан мектеп оқушысына көп-көрім көрінетін қаламақы алып, мәз
болғаным есімде. Тіпті бірнеше құрбымды үндінің фильміне апарып, алғашқы
табысыммен мақтанғанмын. Сосын шағын әңгіме, өлең жазуға да ұмтылдым.
Алайда кейін ҚазМУ-ге түскенде мен ақын емес, жақсы репортер екенімді
түсіндім. Екінші курстан бастап, Спорт басылымына жұмысқа тұрып,
журналистиканың соқтықпалы, соқпақты жолын бастадым. Төртінші курста Жас
Алаш басылымына орналасып, кәсіби, тәжірибелі, қазақтың мықты
журналистерінің ұжымында жұмыс істеу мүмкін¬дігіне ие болып, үлкен
мектептен өттім. Сондықтан университетті бітіргенде, менің қолымда жай
диплом ғана емес, азды-көпті тәжірибем де болып, журналистикаға араласу
қиын болмады.
– Демек, еңбек жолыңыз телевизиядан басталмаған екен ғой...
– Жас Алаштан кейін Қазақстандағы алғашқы үш тілді басылым Атамұра
газетіне шақырылдым. Бұл газет ол жылдары, жасыратыны жоқ, өте танымал,
таралымы да жо¬ғары басылым еді. Бір қуанатыным – үнемі жақсы ұжымға түсіп,
мықты журналистермен қатар жұмыс істеуге мүмкіндік алғаным. Және ол кезде
кеңестік кезеңнің іргесі сөгіліп, қоғам үлкен өзге¬рістерге ұшыраған кез
еді ғой.
– Хабардағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Журналист этикасы туралы
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
Журналист этикасы туралы
Баспасөз бостандығының келелі мәселелері
Журналистің кәсіби этикалық қағидалары мен міндеттері
Журналист және оның жүріс-тұрыс әдебі
Жетім балалар құқығы және журналистика
Тіл халықтың жаны
Интернет - журналистиканың этикасы
Кәсіби этика стандарттарын енгізу
Пәндер