Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Шағын және орта бизнес
Шағын бизнесті дамыту
Шағын және орта бизнесті несиелеу
Шетелдік нарықтық экономика
ҚОРЫТЫНДЫ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Шағын және орта бизнес
Шағын бизнесті дамыту
Шағын және орта бизнесті несиелеу
Шетелдік нарықтық экономика
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін анықтауда қолдануы қажет.
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бiрi болып табылады. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) және қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай.

ӘОЖ 336.77:334.012.64.63(574) Қолжазба
құқығында
Абдуллаева бижамал аманкелдіқызы
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу:
дамуы мен жетілдіру жолдары
08.00.10 – Қаржы, ақша айналысы және несие
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде орындалды
Ғылыми жетекші : экономика ғылымдарының докторы
Искаков У.М.
Арнайы оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы
Әуелбаев С.Ш.
экономика ғылымдарының кандидаты
Мақыш С.Б.
Жетекші ұйым: Халықаралық бизнес университеті
Қорғау 2009 жылдың 20 ақпан күні 14.00 сағатта Т. Рысқұлов
атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі экономика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесіне іздену бойынша Д 14.02.01 диссертациялық
кеңесінің отырысында өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы,
Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.
Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат ___ қаңтар 2009 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы, э.ғ.д. А.Б.
Темирбекова
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шағын және орта кәсіпкерлік немесе
бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі
болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор
және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына,
өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу
дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді.
Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек
көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік
несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын
коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың
қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің
қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың
дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы,
әрі тиімді.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады.
Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады,
несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы
байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп
отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру
мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін
тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік
талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес
несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін
анықтауда қолдануы қажет.
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы,
несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен
қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске
несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан
экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің
талабы.
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бiрi
болып табылады. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн мемлекет
тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары
деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi
басқару (менеджмент) және қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыруына
қажетті қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде
мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтан, ақшалай
қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге
бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың
тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда
жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн
жұмыссыздық мәселесі шешіледі немесе жобаның әлеуметтiк мәнiн арттырудың
мүмкіндігі туындайды.
Сондықтан, халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Шағын және орта бизнес
субъектілерін несиелеудің ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс
елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері
кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, Д. Кейнс, Р. Кэмпбелл, К. Кондратьев,
А.В. Чаянов, Й. Шумпетер, П.С. Роуз, М.А. Гольцберг, Дж. Р. Брик, Э.Дж.
Долан. Сонымен қатар, жұмыста Ресей мен Қазақстанның іргелі
зерттеушілерінің еңбектері, оның ішінде Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина, О.И.
Лаврушин, О.Б. Баймұратов, Г.Т. Қалиева, Қ.Қ. Ілиясов, Н.Қ. Мамыров,
Ғ.С. Сейітқасымов, М.С. Саниев, Н.Н. Хамитов сияқты ғалымдардың және
көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Дегенмен, аталған еңбектерде несиелеудің әдістері мен тәсілдері
бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес.
Жалпы несиелеу үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты
шағын және орта бизнесті несиелеу мәселелері әлі де болса ғылыми тұрғыда
терең негіздеуді талап етеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы
орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау, несиелеу
үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар несиелеу
үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды
қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:
– шағын және орта бизнестің экономиканың дамуындағы алатын рөлін
көрсету және оның мазмұнын ашу;
– бизнесті дамытудағы мемлекет тарапынан жүргізілетін қаржы-
несиелік және инвестициялық қолдау саясатына жан-жақты тоқталу;
– кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін несиелеудің тәжірибелік
мәселелерін қарастыру және оған баға беру;
– шет елдік және отандық несиелеу үдерісінің тәжірибелік
мәліметтеріне сүйене отырып шағын және орта бизнес субъектілерін
несиелеуге зерттеулер жүргізу;
– бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен
тұжырымдар жасау.
Зерттеу пәні ретінде қазіргі кезде коммерциялық банктердің шағын және
орта бизнес субъектілерін несиелеуді іске асыру барысындағы экономикалық
қатынастардың жиынтығы қарастырылады.
Зерттеу объектісі – Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелеу.
Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі – шағын
және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен
шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары,
ғылыми еңбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары
және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен
нұсқаулары болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
– шағын және орта бизнес және шағын және бизнесті несиелеу сияқты
экономикалық терминдердің ұғымдары зерттеліп және олар бойынша
авторлық көзқарастар ұсынылды;
– Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту факторлары
құрастырылып, бір жүйеге келтірілді;
– шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қаржы-несиелік және
инвестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары ұсынылды;
– республикадағы шағын және орта бизнесті дамытуды тежейтін және
несиелеуге кедергі болып отырған негізгі факторлар және олармен
күресудің іс-шаралары анықталды;
– коммерциялық банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу үдерісін
жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірілді.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар. Тақырыпты зерттеу барысында
жаңа көзқарастар, ұсыныстар мен тұжырымдар жасалған, оның ішінде маңызды
дегендері төмендегілер:
– шағын және орта бизнесті несиелеу анықтамасы оның даму
ерекшеліктері;
– Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту мен оны несиелеудегі кедергі
болып отырған негізгі факторлар;
– мемлекеттің шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік және
ивестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары;
– екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу
тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жүргізу барысындағы
алынған жұмыстың нәтижелерін Қазақстан Республикасындағы коммерциялық
банктер, сонымен бірге қаржы-несие саласында қызмет атқаратын қаржылық
институттардың қызмет етуінде және экономикалық оқу орындарының, қайта
даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының оқу
үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.
Жұмыстың негізгі нәтижелерінің қолданылуы. Зерттеу жұмысының негізгі
қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық және аймақтық ғылыми- тәжірибелік
конференцияларда баяндалып талқыланды. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға
болады: Ұлттық экономика жаhандану жағдайында. Халықаралық ғылыми
симпозиум (Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. Алматы.
2005ж.), Қазақстанда экономикалық ой-сананың дамуы. Халықаралық ғылыми-
практикалық конференция (Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университеті. Алматы, 2006 ж.), Экономикалық, саяси және әлеуметтік жаңару
жағдайында Қазақстан қоғамының дамуын жеделдету: инновациялық серпіліс
стратегиясы. Халықаралық ғылыми практикалық конференция. (Қазтұтыну одағы
Қарағанды экономикалық университеті. Қарағанды, 2006 ж.)
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары. Зерттеу тақырыбы бойынша 2,5
баспа беттен тұратын 6 ғылыми мақала жарық көрді. Оның ішінде үш мақала
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің
нұсқауындағы экономикалық басылымдарда жарияланған.
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста
20 кесте, 12 сурет келтірілген.
Негізгі бөлім
Шағын және орта бизнес – жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін
танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді
тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады.
Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау – оның жалпы экономикалық ой-пiкiр сияқты
ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн көрсетедi. Көне тарих пен
орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн
қалай аталғанына қарамастан, ерекше пiкiрлер қалыптасқан. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға
құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң
қолынан келе бермейдi. Сондықтан, кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi –
бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы бар
субъектілер жатады.
кәсiпкерлiктiң соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет
және ең бастысы – әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн, пайдалысын ғана
жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң басты мақсаты – өз кәсiпорынының
пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып
табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына
тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке
жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа
жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi.
Бірқатар авторлар шағын және орта бизнес монополияланған экономика
жағдайында маңызы ерекше бәсекелестік ортаны құрайды деп пайымдайды. Кейбір
зерттеушілердің пікірі бойынша, шағын және орта бизнес өзінің табиғаты
жағынан монополияға қарсы, ол оның қызметінің әртүрлі жақтарында көрінеді.
Бір жағынан ол, монополияны қалыптастырушы элементтердің сирек және
қозғалыс жылдамдығының жоғары деңгейде болатындығынан монополиялауға аз
ұшырайды. Екінші жағынан, тар мамандану және жаңа техниканы пайдалану
барысында шағын және орта бизнес ірі корпорациялардың монополистік
позицияларын бұзатын, қауіпті бәсекелес ретінде болады.
Шағын кәсіпкерліктің басқа артықшылықтарынан, автолар айналымдылықтың
жоғары жылдамдығымен, құрылыс мерзімдерінің қысқартылуымен, негізгі
қорлардың жалпы құнындағы белсенді бөлігінің жоғарлауымен, басқару
персоналдарын ұстау шығындарының төмендігімен, ірі капиталды тарту
қажеттігінің жоқтығымен қамтылған күрделі және ағымдағы шығындардың тиімді
қолданылуынан көреді.
Сонымен, кәсіпкерліктің ұсынылған тұжырымының және шағын және орта
бизнестің қолдағы бар тұжырымдарын талдау негізінде, шағын және орта
бизнестің келесі анықтамасын көрсетуге болады: Шағын және орта бизнес – бұл
шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне,
ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген
жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен
жанасатын, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа
келтіретін және меншік иесінің өндіріспен басқару үдерісіне жеке қатысуын
талап ететін, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту жүйесі болып
табылады.
Құрамдас бөлігінің бірі – бизнес инкубаторлары болып табылатын
кәсіпкерлік ортаның дамуына ықпал ететін нарықтық инфрақұрлымның қалыптасуы
орын алды. Қазіргі уақытта бизнес инкубаторлар 10 облыста құрылған. Жалпы
елде 31 бизнес инкубаторлар қызмет атқаруда. Бизнес инкубаторлар
территориясында өндірістің түрлі саласында 200-ден астам кәсіпорындар
әрекет етуде.
Соңғы кездерде ШОБ-ті қолдауды және дамытуды реттейтін заңнамалық және
нормативтік база құрылды. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы
мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1994 жж., 1994-1996 жж., 1999-2000 жж.,
2001-2002 жж., 2003-2005 жж.) талдау оларды іске асыру республикада
кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті.
Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі нарығы құрылды және шағын
кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың институтционалдық шаралары
айқындалды.
Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға
ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі
республика азаматтарының конститутциялық құқықтарының шынайы және ажырамас
бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды
жасады.
Ресми статистика деректері бойынша республикада осы сектор дамуының оң
серпіні, шағын және орта бизнес субъектілерінің тұрақты өсуі 2006 жылы
521,5 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері есепке алынған, оларда шамамен 1,2
миллион адам жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің үлес
салмағы жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17,6%-ын құрайды.
Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшiн орта және шағын бизнестi
жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн
дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол болып отыр. Оның аясында жалпы
iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды
тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды, дамыған
экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер
экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Ол бәсекелестiкке сай келе алатын
динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз
етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты
экономикаға жол ашады.
2006 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілері тауарлар сату мен қызметтер
көрсетуден 625,5 млрд теңгеге жуық сомада кіріс алды. Елдің жалпы ішкі
өнімінің құрылымындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі осы жылдың алдын ала
жасалған қорытындылары бойынша 2005 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсуге және
19,5%-ды құрауға тиіс. Шағын кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік құқықтық
негізі құрылды. 2004-2006 жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының Салық
кодексіне шағын бизнес субъектілері үшін салық ауыртпалығын одан әрі
төмендетуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Банк секторын
тұрақты дамуы қаржылай қызметтер көрсету нарығын дамытуға және шағын
кәсіпкерлік кәсіпорындары активтерінің ұлғаюын ынталандыратын қаржы-
кредиттік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін әзірлеуге мүмкіндік
береді.
Дегенмен, зерттеу барысында шағын және орта бизнес алдында тұрған
проблемалардың жеткілікті екендігі анықталды және олар терең ғылыми
ізденісті талап етеді. шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер ететін
бірқатар факторларды былайша топтауға болады:
Кесте 1 – Шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер етуші факторлар
Кедергілер 2004 ж. 2005-2006 жж.
Салық саясаты 2 1
Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы 1 2
Несие саясаты 4 3
Өнімді өткізу мәселесі – 4
Шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі 5 5
Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл 3 6
Ескерту – ҚР Статистика жөніндегі агенттiгiнiң мәлiметтерi негізінде
автормен құрастырылған
Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай Қазақстан нарығында
шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған
мәселелердің бірі – салық саясатының жетілмегендігі. Қазақстандағы шағын
және орта бизнесті дамыту факторларын атайтын болсақ онда мына төмендегі
жағдайды көруге болады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін
мыналар қажетті болып келеді:
- жаңа өндірістік – инновациялық кәсіпорындарға салық салудың
жеңілдетілген режимін енгізу;
- өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде
салық салу процедурасын қайта қарау;
- ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске
жанама қаржылық талдау көрсету;
- салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін
ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен
көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.
Шағын бизнес субъектілерінің жұмысына кедергі болатын мәселелердің
екінші түрі – жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Яғни, АҚШ
доллары бағамының тез өзгеретіндігі, макроэкономикалық жағымсыз
өзгерістерге байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер, әлемдік қаржы
дағдарысының орын алуы және т.б.
Сурет 1 – Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
Ескерту – автормен құрастырылған
Үшінші орында кәсіпкерлер несиені алу кезінде туындайтын қиыншылықтар
мәселесі. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған бұл мәселе
субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз
ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Республика
бойынша шағын және орта бизнес субъектілермен жүргізілген анонимді
сауалнаманың мәліметтері бойынша, шағын бизнестің алдында тұрған ең негізгі
мәселе-несиелік ресурстарға шығу жолының қиындығы.
Төртінші мәселе – шикізатпен қамтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі.
Өнімді өткізу кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірден-бір себебі –
бәсекелестік ортаның жоғарылылығы. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсер
ететін басқа да факторлар шағын кәсіпкерліктің қызметін реттейтін
қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда
нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді
ұлғайтуға әкеледі.
Шағын бизнесті дамытудағы және жұмысбастылық мәселесін шешудегі
мемлекеттік саясатты жасап, жүргізу үшін жоғарыдағы факторларды бөліп
көрсетуге болады. Аталған факторлар өз кезегінде шағын бизнестің дамуын
тежейтіндіктен бірінші кезектегі міндеттерді анықтауға мүмкіншілік береді.
Кесте 2 – Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымының өзгеру деңгейі
Көрсеткіштердің Жылдар 2007
аталуы 2002
жылға,
%
2002 2003 2004 2005 2006 2007
1. Тіркеуге алынған ШКС 514,4 331,5 372,5 388,2 408,5 449,9 87,4
саны, соның ішінде:
шағын кәсіпорындар, мың 318,4 109,0 110,1 111,7 103,2 114,8 36,0
бірлік
жеке кәсіпкерлер, мың 196,0 225,5 262,5 276,6 305,2 335,1 171,0
бірлік
2. Қызмет ететін ШКС, 248,2 280,9 329 353,7 382,2 376,4 151,6
саны мың бірлік, соның
ішінде:
- шағын кәсіпорындар, 52,2 58,4 66,5 77,0 77,0 97,1 186,0
мың бірлік
3. Тіркеуге алынған 48,3 84,7 99,2 91,1 93,7 83,7 173,3
субъектілердің жалпы
санындағы қызмет ететін
ШКС үлесі, %соның
ішінде:
- шағын кәсіпорындар 10,1 17,6 17,9 19,9 18,8 21,6 213,9
үлесі, %
4.Тіркелген шағын
кәсіпорындардың жалпы 16,4 53,6 60,5 69,0 74,5 84,6 515,8
санындағы қызмет ететін
шағын кәсіпорындардың
үлесі, %
Ескерту – ҚР шағын кәсіпорындары қызметінің негізгі көрсеткіштері, 1
бөлім, 2007 ж. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде
автормен құрастырылған
Шағын және орта бизнес қызметін арттырудың негізгі нәтижелері кестеде
көрсетілген. 2002 жылды базалық жыл деп алып 2007 жылмен салыстыратын
болсақ, соңғы жылдары тіркелген кәсіпорындар мен қызмет ететін бизнес
субъектілерінің әлдеқайда азайғанын байқауға болады. Мысалы, тіркелген
шағын кәсіпкерлік субъектілері 22,6%-ға төмендеген.
2002 жылы тіркеуге алынған ШКС жалпы саны 514,4 мың бірлікке тең
болса, оның ішінде шағын кәсіпорындар үлесі 61,9 %, жеке кәсіпкерлер, соның
ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтары 38,1%-ды құрайды. Бұл жылы 318,4 мың
шағын кәсіпорындар тіркеуге алынды, олардан тек 16,4% ғана қызмет
ететіндер. Көріп отырғандай, жыл ішінде Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау туралы және Жеке кәсіпкерлік туралы негізгі заңдарды қабылдау
нәтижесінде ШКС санының күрт өсуі байқалады.
2002-2007 жылдар аралығында шағын кәсіпкерлік сферасындағы жұмыс
істейтіндер саны 930,7 мың адамнан 1407,6 мың адамға дейін немесе 51,2%
көбейді. Жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер санының өсу қарқыны шағын
кәсіпорындарға қарағанда жоғары.
Егер, 2002 жылда, яғни базалық жылда қарастырылып отырған
субъектілердің жұмыскерлер саны өзара тең болса, онда 2007 жылы жеке
кәсіпкерліктегі жұмыскерлер саны 715,4 мың адамға тең, ал шағын
кәсіпорындарда 692,2 мың адам, ол жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер санынан
23,2 мың адамға жоғары.
Көп өңірлерде кәсіпкерлердің біліктілігі мен оларды оқыту проблемасы
шешілмеген күйде қалуда. Жүргізілген талдау шағын кәсіпкерлікті қолдау
жұмыстары өткен жылдардың тәжірибесі негізінде жүйелеу жолымен
экономикалық, құқықтық және институтционалдық – құрылымдық реформаларды
тереңдету қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын
бизнеске несие беретiн субъект – екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер
болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және қысқа
мерзімді несиелеуді жақтайтыны – тарихи қалыптасқан жағдай. Қазақстандық
шағын және орта бизнес субъектілерінің екiншi деңгейдегi банктерден
коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды
толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылады. Алғашқы
құрылу кезінде шағын бизнес несиесіз өз жұмысын атқара алмайды.
Қазіргі кездегі республикадағы шағын және орта бизнесті несиелеуді
дамытуға кедергі болып отырған негізгі факторлар мыналар:
– несие алу барысындағы шарттардың қатал болуы;
– несиенің мерзімі мен пайыздық ставкаларының бизнеске қолайсыздығы;
– несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сақтандыру
қажеттігі;
– коммерциялық банктердің кепілге қоятын талаптарының жоғарылығы;
– әлемдік несие нарықтарындағы дағдарыстар әсерінен несиелік
ресурстарға қол жеткізу қиындықтары және коммерциялық банктердің жеке
ресурстарының аз болуы;
– мемлекеттік инвестициялық-несиелік институттардың ресурстарының
тиімсіздігі;
– мемлекеттің казына қоры арқылы шағын және орта бизнесті несиелеуге
бөліп отырған қаражатының аз болуы және оның шарттарының
қолайсыздығы.
Банктер кез келген уақытта, қарыз алуға ниет бiлдiрген субъектiлердi
несиелеген кезде пайда болатын несиелiк тәуекелге ұшырайды. Жалпы отандық
несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру
кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді (3-кесте).
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң
сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі
жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.
Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік
ресурстарды алудың қиындығы. Өйткені, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік,
бизнес-жоспар дайындауда қиыншылықтар жеткілікті.
Кесте 3 – Банктердің кәсіпорындарды несиелеуге әсер ететін
факторлардың топтамасы
Банк тұрғысынан Кәсіпорын тұрғысынан
1. Кепілзатпен қамтамасыз етудің 1. Несиеге деген жоғары пайыздық
болмауы мөлшерлеме
2. Несиені қамтамасыз етудің 2. Несиелердің қысқа мерзімділігі
өтімсіздігі
3. Қарыз алушы-кәсіпорынның 3. Несиені өтеу кезінде жеңілдік
қанағаттанғысыз қаржылық жағдайы кезеңінің жоқтығы
4. Қарыз алушы-кәсіпорынның ақпарат4. Құжаттарды дайындау
тық жабықтығы процедурасының ұзақтығы
5. Қарыз алушы-кәсіпорынның нақты 5. Кепілдің бағалау құнын оның
несие тарихы туралы ақпараттарға нарықтық құнынан кемітіп көрсетуі
қол жетпеушілік
6. Банк менеджерлерінің ұзақ 6. Кәсіпорын менеджерлерінің ұзақ
мерзімді несиелермен жұмыс істеу мерзімді несиелерді рәсімдеу бойынша
тәжірибесінің жоқ болуы жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ болуы
Ескерту – автормен құрастырылған
ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, қарастырылған алты жыл
аралығында, ШКС берілген несиелердің ағымдағы портфелі 145,4 млрд теңге
құрады. Қысқа мерзімді несиелер үлесі 55,9%, орта және ұсақ мерзімді
несиелер – 44,1%-ға тең. Қысқа мерзімді несиелер үлес салмағының жоғарылығы
екінші деңгейдегі банктердің тез айналатын сауда-делдалдық операцияларды
несиелеудегі қызығушылығын көрсетеді.
Орта және ұзақ мерзімді несиелердің төменгі үлесі өндіріс және ауыл
шаруашылық секторын қаржыландыру қызығушылығының жоқтығын көрсетеді, ол
кепілдікке қойылатын мүліктің жоқтығына, несиелерді алудағы құжаттарды
реттеу қиыншылықтарына және банктердің басқада талаптарына байланысты.
Жалпы алғанда 2002-2007жж. аралығында ШКС несиелеу өсу үрдісіне ие болып
келді
Кесте 4 – ШКС несиелеудің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейі
Көрсеткіштердің аталуы Жылдар
2002 2003 2004 2005 2006 2007
Экономика салалары бойынша барлық71,6 93,4 148,8 276,2 489,8 672,4
несиелер, млрд теңге
с.і. – ШКС 22,9 24,3 39,9 74,2 122,0 145,4
Несиелеу мерзімдері бойынша ШКС
несиелері, млрд теңге
- қысқа мерзімді 20,1 17,7 20,4 40,1 60,2 67,6
- ұзақ мерзімді 2,8 6,7 19,5 34,1 61,8 77,8
ШКС барлық несиелері,млрд теңге
- ұлттық валютада 13,0 17,1 2,3 40,7 75,4 53,2
- шетелдік валютада 9,9 7,2 17,6 33,5 46,6 92,2
Ескерту – Қазақстанның ұлттық банкінің 2002-2007 жылдардағы жылдық
есептері мәліметтері негізінде автормен құрастырылған
Қарастырылған аралықта елдің экономикасына бағытталатын несиелердің
жалпы сомасының базалық кезеңмен салыстырғанда 2007 жылы 71,6 млрд теңге-
ден 672,4 млрд теңгеге дейін немесе 9,4 есеге, соның ішінде шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері 22,9 млрд теңгеге немесе 6,3 есе
өскенін көреміз. Несиелеу аумағының күрт кеңейуі біріншіден 1997-1998
жылдары субъектілердің нормативті-құқықтық базасын дайындаумен; екіншіден,
ШКС тез қарқында өсуімен түсіндіріледі. Елде қысқа мерзімді несиелеу
көлемдерінің 20,1 – 67,6 млрд тг немесе 47,5 млрд теңге сомасына
жоғарыласа, өз кезегінде орташа және ұзақ мерзімді несиелеу 2,8-ден 77,8
млрд теңге немесе 75,0 млрд теңге ұлғайды.
%
Сурет 2 – Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу динамикасы, %
Ескерту – ҚР ҰБ-ның Статистикалық бюллетені мәліметтері бойынша
автормен құрастырылған
Сонымен қоса, ұлттық валютада несиелеу көлемдері 13,0-ден 53,2 млрд
теңге дейін немесе 309,2%, ал шет елдік валютада несиелеу көлемдері 9,9-дан
92,2 млрд теңге дейін немесе 9,3 есе өседі. ШКС белгілі бөлігі несиелерді
шетелдік валютада алуды ұнатады. Сөйтіп, 2004 жылы ұлттық валютадағы
несиелердің үлесі 36,6% тең болды, ал шетелдік валютада 63,4%. Осыған
қарамастан, ШКС бөлінетін несиелердің үлес салмағы 31,9-тен 21,6% дейін
төмендеді.
Соңғы екі жылда Республиканың бюджеттік қаржыларынан шағын кәсіпкерлік
мұқтаждарына 50 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, әрбір облыс пен аудандар
экономиканың осы секторын жергілікті бюджеттерден қаржыландыруды жүзеге
асыруда.
Азия даму банкінің (АДБ) қаржылық бағыты аймағында 67 жоба 37,7 млн
АҚШ долларына қаржыландырылады. ЕБРР займын игеру басында 20285 жоба 139,98
млн АҚШ долларына қаржыландырылды, оның 58,3% – микро несиелер (1915 жоба
81,57 млн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz