Халықаралық экономикалық қатынастар туралы ақпарат


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАРЫ

1. 1 Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымы мен ерекшелігі . . . 5

1. 2 Халықаралық сауда және оның стандартты моделі . . . 7

ІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

2. 1 Халықаралық экономикалық қатынастардың даму бағыты мен негізгі факторлары . . . 11

2. 2 Халықаралық экономикалық қатынастар дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде . . . 13

2. 3 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты және оның негізгі бағыттары . . . 16

2. 4 Халықаралық экономикалық ұйымдар және оған Қазақстанның қатысуы . . . 20

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

«Аренадағы Қазақстан» . . . 27

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР . . . 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 35

КІРІСПЕ

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде - тарих өлшеммен алғанда қас қағым ғана уақыт аралығында елде де, әлемде де үлкен өзгерістер болды. Елде нарықтық шаруашылық жүйесінде өтуге бағытталған күрделі экономикалық реформа жүзеге асырылып жатыр. Жаңа бағытта қиындықтар мен қайшылықтар жеткілікті болатына қарамай, реформа жаңа экономикалық жүйенің негізін қалады. Бұл жетістік болашақта халықтың тұрмыс жағдайын, әл ауқатын көтеруге үміт сенімін ұялатумен қатар, еліміздің экономикалық жүйесін әлемдік экономикамен үйлестіруге алып келеді. Мұның өзі республика мүддесіне халықаралық еңбек бөлісудің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған саяси алғышарт толық жасалынды: Қазақстан БҰҰ - ға толық құқылы мүше болды, сондай - ақ көптеген халықаралық ұйымдарға да мүше бола отырып, халықаралық қатынастардың халықаралық бірлестік мойындаған субъектісіне айналды. Республикамыз жылдан жылға дербес экономикалық саясатты сенімді түрде жүргізіп, сыртқы экономикалық саясатты өзара тиімді халықаралық экономикалық байланыстарды дамыта жүргізіп келеді.

Осы аз ғана уақытта әлемнің экономикалық құрылымында да өзгерістер болды. Кеңестік мемлекеттер блогы ыдырап, оның орнына жаңа егеменді мемлекеттер ту көтеріп, қазіргі заманның өте күрделі әлемдік шаруашылық жүйесінен өз орындарын іздеуде. Бұл оқиғалар халықаралық экономикалық қатынастарға өз ықпалын тигізді.

Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы экономикалық теорияның ұлттық экономикалар арасындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктерін зерттейтін арнайы бөлімі болып табылады. Біз әлемдік экономика дегенімізде, оны ұлттық шегарадан тысқары, адам өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстар мемлекетаралық айырбасты қажет ететін экономикалық жүйе деп түсінеміз. Бұл өте күрделі процестің өзіндік тарихы, пайда болу мен даму этаптары, әрекет ету заңдылықтары бар. Осының бәрі де халықаралық экономикалық қатынастар түсінік аппаратына өз көрінісін табады.

БҰҰ - ға мүше болған елдің біреуі де сыртқы экономикалық байланыстарсыз өмір сүре алмайды. Олардың ішінде үлкен және кіші мемлекеттер, экономикасы қуатты державалар мен артта қалған елдер, әртүрлі саяси режимдері мен экономикалық жүйелері бар мемлекеттер, әлемдік экономикада әр түрлі орын алатын мемлекеттер бар. Біреулері дүниежүзілік шаруашылыққа толығымен интеграцияланса, кейбіреулері өз мүмкіндіктері мен мүдделеріне байланысты халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне тереңдей енуде. Кіші және жетілмеген елдер үшін халықаралық экономикалық қатынастардың барлық салаларына қатысу аса қиын болу мүмкін, сондықтан оларға халықаралық экономикалық қатынастардың өзіне ең пайдалы, тиімді түрлерін табу қажет.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.

Өткен жыл Қазақстан үшін жан - жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды.

Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктермен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүше болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты іс жүзіне асырылып отырды.

АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін қалыптастырудың негізгі болған, Қазақстанның бастамасымен немесе тікелей қатысуымен құрылған мемлекетаралық бірлестіктер өздерінің қажеттігін іс жүзінде дәлелдеді.

Біз Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия мемлекеттерімен өзіміздің экономикалық және саяси ынтымақтастығымызды одан әрі нығайта беруге тиіспіз. Өңірдегі тұрақтылық, ашық пікір алысу және өзара іс - қимыл таныту үшін берік негіз қалауымыз қажет. .

Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту мақсатында біз, сонымен қатар, АҚШ - пен, Еуропалық Одақпен және НАТО - мен сындарлы өзара іс - қимылды кеңейте береміз.

Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде таңылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету туралы шешім оның сенімді дәлелі болды. Біз осы ұйымның мүшелеріне, әсіресе, біздің кандидатурамызды ұжымдық негізде ұсынған ТМД мемлекеттерінің басшыларына алғыс сезімімізді білдіреміз».

Мен осы курстық жұмысымның тақырыбын «Халықаралық экономикалық қатынастар» деп алдым, оны үш бөліммен қарастырдым. Бірінші бөлімімді ХЭҚ құрылымы және оның ерекшелігі, халықаралық сауда және оның стандартты моделі; екінші бөлімімді ХЭҚ даму бағыты мен негізгі факторлары, ХЭҚ дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде, ҚР сыртқы экономикалық саясаты және оның негізгі бағыттары, Халықаралық экономикалық ұйымдар және оған Қазақстанның қатысуы; үшінші бөлімімді осы тақырыптар бойынша қосымша мәліметтерді жаздым. Жалпы курстық жұмысым . . . беттен тұрады.

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАРЫ

1. 1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ

Егер экономикалық құбылыстарды зерттейтін ғылымдардың жиынтығын алып қарастырсақ, олар бір зәулім дарақтың тамырынан тарап өскен желектері сияқты болып көрінер еді. Ол дарақ, бүкіл экономикалық ғылымдардың методологиялық негізгі, экономикалық теория.

Халықаралық экономикалық теориясы да өз бастауын экономикалық теориядан алады. Дегенмен әрбір экономикалық ғылым саласының өміршеңдігін, басқа экономикалық ғылым саларынан ерекшелігін, қалыптасып даму кезеңдерін тек соның өзіне тән, дербес пәні болуы ғана дәлелдейді.

Халықаралық экономикалық қатынастар жекелеген елдердің салалық, аймақтық щаруашылық субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік щаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым - қатынастарды зерттейді.

Халықаралық экономикалық қатынастар дүниежүзілік шаруашылықтағы кездейсоқ экономикалық катынастарды емес, сол қатынастарды тұрақты түрде қайталанып отыратын, бәріне ортақ, дәйекті процестерін талдайды.

Халықаралық экономикалық қатынастардың механизміне өзінің құқықтық, заңдық нормаларымен қоса, оларды жүзеге асыратын әдістер мен амалдар жиынтығы жатады. Бұл әдістер мен амалдар негізгі тобын халықаралық келісім - шарттар, хартиялар, кодекстер т. б. осы қарым - қатынастардың көздеген мақсаттарға жетуіне қажетті құжаттар құрайды.

Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымы мынадай:

  1. Халықаралық еңбек бөлінісі.
  2. Тауарлар және қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы.
  3. Капиталдар мен шетел инвестицияларының қозғалысы.
  4. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы.
  5. Халықаралық валюта - қаржы және несие қатынастары.
  6. Халықаралық экономикалық интеграция.
  7. Халықаралық ғылыми - техникалық және өндірістік қарым - қатынастар.

Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымына халықаралық меншік қатынастарын және халықаралық ұйымдарды да жатқызуға болады. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі нысаны халықаралық сауда. Дүниежүзілік шаруашылық кешенінде өзінің құндық көлемі бойынша сыртқы сауда қатынастары алдыңғы позицияларды берік сақтап отыр. Сонымен бірге соңғы онжылдықтарда ғылыми - техникалық, көлік, қамсыздандыру, туризм, ақпарат, жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға беру, консультациялық қызмет көрсету жүйелеріндегі мемлекетаралық қатынастарда қарқынды дамып келеді. Заңды тұлғалар болып есептелетін кәсіпорындар мен ұйымдардың еларалық байланыстары да халықаралық экономикалық қатынастардың нысанына жатады. Тікелей байланыстар халықаралық өндірістік кооперация, ғылыми тәжірибемен алмасу, құрылыс саласындағы қызметтер, объектілерді жаңарту түрлерінде жасалады.

Өндірістік интернационалдануы өндіргіш күштердің қызметін кеңейтумен қатар өндірістік қатынастарды да жетілдіреді. Экономикалық интернационалдануы халықаралық өндірістік қатынастарды ұлттық өндірістік қатынастармен мейлінше жақындастырады.

Қазіргі халықаралық экономикалық қатынастардың дамуының мәні, ерекшелігі және деңгейі мыналардан көрінеді:

  • дүниежүзілік шаруашылықтағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;
  • дайын өнімдердің саудасының көлемінің, құрылымының, сапасының өзгеруі, оның таза алыпсатарлықтан ұлттық өндіріске қызмет көрсетушіге айналуы;
  • капиталдар келуінің қарқыны;
  • ғылыми - техникалық білімдер айырбасының және қызмет көрсетулердің дамуы;
  • Жекелеген елдер мен аймақтардың экономикаларының үйлесу процестерінің жеделдеуі және кеңейуі;

Өнеркәсібі дамыған елдердің (мысалы, Еуропалық Одақ елдері) сауда, өндіріс, несие және қаржы мәселелерінде жеткен жоғары деңгейі дүниежүзілік шаруашылық кешенінің қалыптаса бастағанының белгісі. Еуропалық Одаққа қатысушылар мемлекеттік шегаралары бола тұра біртұтас шаруашылық жүйесінің құрамдас бөліктері тәрізді қызмет атқаруда. Сөйтіп, іс жүзінде шаруашылық өмірдің интернационалдануы процесі жүріп жатыр. Жалпы интернационалдану деген ұғымның астарында әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесінің көп деңгейлігі жатыр. Бұл деңгейлер жекелеген елдерді бүкіл дүниежүзілік кешенге біріктіру мақсатында пайдаланады.

Интернационалдану дегеніміз халықаралық еңбек бөлінісі негізінде жекелеген елдер арасындағы тұрақты өндірістік - экономиаклық байланыстарды қалыптастыру. ХХ ғасырда айырбастың интернационалдануы капитал мен өндірістік интернационалдануына жалғасты. Өндірістік халықаралық мамандануы мен кооперациясы жедел дами бастады. Ішкі ұлттық рыноктың шеңбері ірі көлемді маманданған өндіріске тарлық етті. Сондықтан, ол (өндіріс) ұлттық шегарадан объективті түрде шығады.

Ғылыми - техникалық прогресс (ҒТП) әсерімен өндірістің интернационалдануы қай елде болмасын тек қана өз өндірісімен шұғылдануын экономикалық жағынан тиімсіз етеді. Дербес, ұлттық экономикалар дүниежүзілік экономикадан өз орнын іздейді, соған «бір кірпіш болып қалануға» мүдделі болады.

Жұмысшы күшінің қозғалысы, кадрлар даярлау, мамандармен алмасу уақыт озған сайын интернационалдық мәнге толыға береді.

Аталған байланыстарды қалыптастыру заңдылықтарын зерттеп, болашағын болжау дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына бастайтын төте жол. Жекелеген елдердің экономикаларының жақындасып, үйлесуінің негізінде бүкіл дүниежүзілік капиталдар, тауарлар және қызмет көрсетулер рыногы қалыптасады, сөйтіп, біртұтас дүниежүзілік шаруашылық құрылу мерзімі жақындайды. Бұл халықаралық экономикалық қатынастардың ең жоғарғы деңгейі. Демек, дүниежүзілік экономиканы неғұрлым халықаралық экономикалық қатынастардың кешенді жүйесі ретінде қарастыру, соғұрлым дүниежүзілік рыногка жеткізер жолды жеңілдететі.

Халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік деңгейін екі тұрғыдан талдап көрсетуге болады. Макроэкономикалық деңгейде оны жекелеген елдер мен аймақтардың халықаралық экономикалық белсенділігі мен шетелге шығуға ұмтылыстары айғақтайды. Мұндай ұмтылыстардың көздеген мақсаты - экономикалық еркіндік, сауда мен инвестициялар жолындағы кедергілерді жою, еркін экономикалық аймақтарды құру т. б.

Біздің заманымыздың бірталай қайшылықтарына қарамастан, оның басты белгісі мемлекеттердің бір - бірімен қарсыласуы емес, қайта бірлескен іс қимылдар мен өзара түсініктерді ортақ мүдделерге пайдалану болып отыр.

Біртұтас, өзара байланысты және өзара тәуелді, мейлінше дамыған әлеуметтік әділетті қоғам құру - дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі тенденциясы. Әрине, мұны проблемасы жоқ, тек қана ілгерілеуші қозғалыс деп айту әрі ертерек болар еді.

Бұл қозғалыстың ілгерілеуіне мыналар әсер етеді:

  • индустриалды қоғамнан постиндустриалды, ақпаратты қоғамға өтуі;
  • технологиялық өндірістер:
  • энергия, шикізат және азық - түлік мәселелерін шешу;
  • экологияның әлемдік проблемаларының шешімін табу.

Бұл қозғалысқа теріс ықпалын тигізетін қауіпті де қатерлі күштерге ұлтшылдық, нәсілшілдік, діни фанатизм жатады.

  1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖӘНЕ ОНЫҢ СТАНДАРТТЫ МОДЕЛІ

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми - техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтың қарым - қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Халықаралық сауда дегеніміз - дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

Сыртқы саудада «фритредерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерді қолдау) таңдап алудағы ымырсыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

Фритредерство саясатын ең алғаш А. Смит өзінің «Салыстырмалы артықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады, » - деп жазған.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен дами бастады.

Халықаралық сауданың жедел өсуне мынандай факторлар әсер етеді:

  1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;
  2. экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми - техникалық революция;
  3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
  4. тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
  5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
  6. сауда - экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы,
  7. сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар «жаңа индустриялы елдердің» пайда болуы т. б.

Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда - экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.

Сөйтіп, 90 - жылдардағы Батыс Еуропалық халықаралық сауданың орталығына айналды. 80 - жылдарда алықаралық сауда - саттықта Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдарды машина мен жабдықтар экспорттауда Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг жіне Тайвань жақындады.

Бәсекеге қабілеттіліктің дүниезүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басындағы шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Класификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал - жабдықтар т. б. факторлар ескеріледі.

Мамандардың болжауы бойынша ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілітті санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болды. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемелекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде халықаралық экономиаклық қатынастар жүйесінде Азия - Тынық мұхит аймағының рөлі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.

Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «Үлкен үштік» АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония шеңберінде ағылып жатыр.

Неоклассикалық ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик экономистерінің қағамдық жалпылама сұранысына көңіл шоғырландырған зерттеулерінің қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын негізгі ұғымдарды әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды.

Стандартты модель төмендегідей белгілермен сипатталады:

  • әр түрлі тауарлардың шығарылу арақатынасын көрсететін өндірістік мүмкіндіктер қисығы әр түрлі елдерде өзгеше болып, оларды бір - бірімен сауда жасауға итермелейді.
  • Егер қисықтар сәйкес келіп, басқаша айтқанда тауар шығарылуы арақатынасы екі елде бірдей болса, онда сауда өте жақын елдерде сәйкес келмейтін тұтынушылардың талғауындағы ерекшеліктеріне негізделеді.
  • Ұсыныс трансформацияның шекті деңгей қисығымен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейінің қисығымен анықталады.
  • Халықаралық сауда пайдаланатын тепе - теңдік баға салыстырмалы әлемдік сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.

Орнын басу шекті деңгейі - қалыптасқан тұтыну деңгейін сақтауды қамтамасыз етіп, 1-і тауардың қосымша данасын алу үшін 2-і тауардың өндіруден бас тартатын даналарының мөлшері.

Сауда жоқ жағдайдағы баланс.

Елдер өзара сауда қатынастарға түскенге дейін, баланс трансформациясының шекті деңгейі (ұсыныс) мен орын басудың шекті деңгейі (сұраныс) өзара әсер жолымен анықталады.

Сауда жағдайындағы баланс.

Сауда басталысымен 1-і ел 1-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан соған маманданып, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 2-і тауар өндірісін қысқартады.

Саудадан алынатын ұтыс .

Саудадан қандай да бір пайда алғанда ғана әрбір ел үшін оның маңызы бар. Өзінің құрылымы бойынша ол айырбастан алынған ұтыс пен маманданудан алынған ұтыстан тұрады.

Айырбастан алынған ұтыс - елдің басқа елдермен сауда қатынастарына түскенінен алынған артықшылық.

Маманданудан алынған ұтыс - елдің сауда жағдайында ие болған салыстырмалы артықшылығы - бар тауар өндірісіне күш - жігерін жұмылдырып, алған артықшылығы.

Кіші және үлкен елдер арасындағы сауда.

Егер сауда үлкен және кіші елдер арасында дамыса, онда салыстырмалы артықшылық теориясына сәйкес орын басу шығындарының тұрақтылығы кезінде тек кіші ел салыстырмалы артықшылығы бар тауарға маманданады. Бірақ кіші ел осы тауарға толық маманданса да, үлкен елдің қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Сондықтан үлкен ел өзі иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға мамандануымен қатар, салыстырмалы артықшылығы кіші елдегі тауардың белгілі бір мөлшерін өндіре береді. Айырмашылығы - кіші елдің салыстырмалы бағалары әлемдік салыстырмалы бағасына әсер етпейтіндігі мен осы жағдайда кіші ел партнер - елмен саудадан алынған толық пайданы бөліспейтіндігінде.

Сонымен, халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясының шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір - бірімен сауда қатынастарына түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудың шекті деңгейінің өзара әрекеті жолымен қалыптасатын. Сауда жағдайындағы баланс, тауар ел ішіндегі салыстырмалы бағасы мен шет елдегі салыстырмалы бағасының арақатынастарының, қате мен сынау әдісі арқылы, тепе - теңдік бағаға қозғалысына негізделген. Әрбір ел өзі ие болған салыстырмалы артықшылығы бар тауар өндірісін ұлғайтып, оны осы елдің салыстырмалы артықшылығы бар тауарға сату арқылы айырбастайды. Нақты әлемде орын басу шығындары тұрақсыз болғандықтан, сауда нәтижесінде елдің иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға толық мамандануы болмайды. Сауда нәтижесінде әрбір ел мынандай артықшылыққа ие болады: айырбастан алынатын пайда және маманданудан түсетін пайда. Кіші және үлкен елдер арасындағы сауданың айырмашылығы кіші елдің салыстырмалы бағаларының, үлкен елдер сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасатын әлемдік салыстырмалы бағаға әсер етпеуі мен елдің саудадан алынған пайданы, сауда партнерімен бөліспеуінде болып отыр. Саудаласушы елдердің өндірістік мүмкіндіктер қисығы сәйкес келген жеке жағдайларда, сауда тұтынушылардың талғамдық өзгешеліктермен елдердің алатын пайдасына негізделеді.

ІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

2. 1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ МЕН НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ

Қазіргі кездегі көптеген қарама - қайшылықтарға қарамастан, елдер арасында өзара түсіну мен ынтымақтастық бағыты өсіп келеді. Дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі жолы бір бағытта даму және өзара байланысты, бағынышты әлемдік - әділетті әлемге ұмтылу. Осыған байланысты ұлттық экономиканың үлгісін жасау барысында экономикалық және әлеуметтік қатынастарды бағалау сөз болып отыр. Әр түрлі елдер арасында «көзге көрінбейтін» экономикалық даму деңгейі басталды. Әрине, бұл өзгеріс өздігінен ешқандай себеп салдарсыз шешіле салады деу қиын; ол қарама - қайшылығы мол, күрделі құбылыс.

Бұл қозғалысқа ықпал ететіндер:

1) индустриалды қоғамнан (ақпараттық) постиндустриалдыға ауысуы;

2) технологиялық революция;

3) энергиялық шикізаттарының және азық - түлік проблемасы;

4) экологиялық проблема;

Ең негізгі қауіп - экономиаклық ұлтшылдықтың даму және діни фанатизм. Бұл жерде экономикалық артықшылыққа ұмтылу еркін бәсеке күресіне негізделмей, бір нәсілдің екінші нәсілден, бір әлеуметтік - экономикалық жүйенің басқа әлеуметтік - экономикалық жүйеден артық саналуы және діни айырмашылықтардың ықпалының басым болуы меңзеліп отыр. Жалпы айтқанда, халықаралық экономикалық қатынастар даму барысы бұл ойлардың дұрыс емес екендігін айқындай түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
ҒАЛАМДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Бұқаралық ақпарат құралдарының халықаралық қатынастар және елдердің сыртқы саясаты аспектілеріндегі көріністері
Қазақстан халқы ассамблеясының стратегиясы
Дипломатиялық қызметтің қалыптасуы
Негізгі мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды дамыту
ЗАМАНАУИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары
Республикасының экологиялық жағдай
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz